Корпоративтік табыс салығы. 2
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Корпоративтік табыс салығын есептеуде жылдық жиынтық табыc
1.1 Корпоративтік табыс салығы, оның субъектілері және объектілері
1.2 Жылдық жиынтық табысты есептеудегі
шегерімдер және корпоративтік табыс
салығының ставкасы
1.3 Жылдық жиынтық табыс негізінде корпоративтік
табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі
2 ХҚЕС және ҰҚЕС бойынша корпоративтік табыс салығы
2.1 ХҚЕС 12 «Пайдаға салынатын
салықтар»
2.2 ҰҚЕС №2 бойынша табыс салығын есептеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Салық - өркениет үшін төленетін төлем. Қазақстан Республикасының Салық Кодексі 2010 жылғы қабылданған Заң күші бар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер» туралы Жарлығы барлық салық түрлері туралы түсінік береді.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы негізгі салықтардың бір түрі болып саналатын корпоративтік табыс салығы.Осы жұмысты орындау барысында ең бірінші корпоративтік табыс салығына тоқталмай тұрып жалпы салық түсінігіне, оның экономикалық мәніне, қазақ жеріндегі салықтың даму процесстеріне, оның даму жолдарына, Қазақстан Республика болып құрылғаннан кейінгі салықтың ел экономикасындағы алған орнына, салық салуда болған өзгерістерге тоқтала кеткенді жөн көрдім.
Жалпы салық дегеніміз- халықтан жиналып алынатын алым. Салықты төлеу нысандары мен әдістерінің дамуына үш ірі кезеңді айтуға болады:
Бірінші кезең - Дамудың бастапқы кезеңінде ерте заманнан орта ғасыр басына дейін мемлекеттің салықты анықтау және жинауға арналған қаржылық ақпараты болмады. Қаражаттың тек жалпы сомасы анықталып, салық жинау қалаға немесе қауымға жүктелген.
Еінші кезең- екінші кезеңде елде мемлекеттік мекемелер желісі, оның ішінде қаржылық желі құрылып, мемлекет қызметінің бір бөлігін өз мойнына алады: Салық салу үлесін орнатады, салық салу процесін қадағалайды, бұл процесті кең мәселе төңірегінде анықтайды.
Үшінші кезең - жаңа кезең. Мемлекет салық белгілеу және төлеуге байланысты қызмет өз қолына алады, салық салу ережелері белгіленеді. Үкіметтің аймақтық органдары өзіндік деңгейі бола тұрып, мемлекет көмекшісінің ролін атқарады.
Салықтар кез-келген өркениетті мемлекеттердің негізгі кіріс көзі. Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген заңды тұлғалардан алынатын барлық салықтар мен алымдардың ішінде табыс салығының алатын орны ерекше. Жалпы алғанда, пайда дегеніміз шығыстарды шегергеннен кейінгі табыс, ал табыс-шаруашылық субъектілерінің өз тауарын,қызметін, жұмысын сатқаннан түскен түсім. «Табыс» категориясы қашанда «пайда» ұғымынан кең екендігі белгілі.Ал салық дегеніміз табыстан белгілі бір белгіленген ставка бойынша мемлекетке қаржы төлеу.Салықтың ставкасы белгілі заңдар мен экономикалық актілерде көрсетіледі.
Салықтардың ішіндегі ең негізгілерінің қатарына табыс салығы жатады.Табыс салығы - дегеніміз табыс табу мақсатында қызмет ететін ұйымдардың жалпы табыстарынан өздерінің шығындарын алып тастағаннан кейінгі қалған табыстарына салынатын салық. Оның қазіргі ставкасы 20%.
Корпоративтік табыс салығының қатысушыларының әрқайсысының өзінің ерекшеліктері болады. Оның объектілері мен субъектілері қызмет ету сферасы бойынша салық төлеуінде де ерекшілітері болады.Оларды жалпы айтып кететін болсақ:
Табыс салығының салық салу объектілері: ҚР аумағында резидент емес заңды тұлға, заңды тұлғалар,жеке кәсіпкерлер, резидент заңды тұлға.
Табыс салығының салық салу объектілері болып:
1)салық салынатын табыс;
2)төлем көзінен салық салынатын табыс;
3)ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табыс корпорациялық табыс салығы салынатын объектілер болып табылады.
Сонымен қатар табыс салығының табыс салынатын субъектінің қызмет етіп жатқан саласына қарай салықтық ставкаларда әр түрлі болып келеді. Мысалға алатын болсақ Қазақстан Республикасының өндірістік жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды немесе жеке тұлғаларға салық ставкасы 20%, ал ауылшаруашылығымен айналысатын заңды немесе жеке тұлғаларға табыс салығы 10 %.
Бухгалтерлік есеп жүргізу барысында ХҚЕС және ҰҚЕС қолдану басты шарттардың бірі болып табылады. Әр стандартты қолдану барысында оларда белгіленген заңдардың қатаң сақталуы тиіс.
Жоғарыда айтылған мәліметтер
туралы Қазақстан
1 Корпоративтік табыс салығын есептеуде жылдық жиынтық табыс
1.1 Жылдық жиынтық табыс және оның субъектілері және объектілері
Салықтар кез-келген өркениетті мемлекеттердің негізгі кіріс көзі. Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген заңды тұлғалардан алынатын барлық салықтар мен алымдардың ішінде табыс салығының алатын орны ерекше. Жалпы алғанда, пайда дегеніміз шығыстарды шегергеннен кейінгі табыс, ал табыс-шаруашылық субъектілерінің өз тауарын,қызметін, жұмысын сатқаннан түскен түсім. «Табыс» категориясы қашанда «пайда» ұғымынан кең екендігі белгілі.Ал салық дегеніміз табыстан белгілі бір белгіленген ставка бойынша мемлекетке қаржы төлеу.Салықтың ставкасы белгілі заңдар мен экономикалық актілерде көрсетіледі.
Қазақстанда қабылданған салықтық есеп ережесіне сәйкес, табыс – бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі немесе міндеттемелердің азаюы. Табыс алынған немесе алынуға тиіс өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны салық төлеуші мен сатып алушы немесе активтерді қолданушы арасындағы келісіммен анықталады.
Корпорациялық табыс салығының құрылу негізі. Корпорациялық табыс салығы корпорациялардың табысына салынатын тікелей салық. Сондай-ақ бюджеттің реттеуші кірісі болып табылады. Корпоративтік табыс салығы бюджет түсімдерінде едәуір орын алады (27,7%).
Бюджеттің кірісін реттелетін және бекітілетін салықтар құрайды.
Реттелетін салықтар –қалыпты мөлшер бойынша бюджеттің әр деңгейі арасындағы бөлінетін салықтар.
Бекітілетін салықтар –тек бір бюджетке түсетін салықтар.
Табыс салығының салық салу субъектілері болып:
ҚР ҰБ мен
мемлекеттік мекемелерді қоспағ
Заңды тұлға дегеніміз ҚР-ның не шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған дербес мүлкі бар, сол мүлікпен құқықтар мен міндеттерге мүліктік және мүліктік емес қатынастарды жүзеге асыратын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Резидент заңды тұлға –ҚР-ң заңдарына сәйкес құрылған немесе оның нақты басқару органдары Қазақстанда болатын заңды тұлға.
Резидент емес заңды тұлға –ҚР аумағында кәсіпкерлік қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын, сондай-ақ тұрақты мекеме құрмай ҚР-нан табыстар алатын шетел заңды тұлғалары.
Табыс салығының салық салу объектілері болып:
1)салық салынатын табыс;
2)төлем көзінен салық салынатын табыс;
3)ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табыс корпорациялық табыс салығы салынатын объектілер болып табылады. (Салық кодексі 14-тарау. 78-бап.)
Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен көзделген шегерімдер арасындағы айырма ретінде анықталады.
Резидент-заңи тұлғаның жиынтық жылдық табысы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиіс(алынған) табыстардан тұрады. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңи тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық заңнамасына сәйкес анықталады, оған тұрақты мекеменің қызметіне байланысты табыстардың барлық түрлері жатады.(Салық кодексі 14-тарау. 80-бап.)
Салық кодексіне сәйкес жылдық жиынтық табысқа мына төмендегілерді қоса, салық төлеушінің табыстарының барлық түрлері кіріктіріледі:
- тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін табыс;
- үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерді өткізу кезіндегі құн өсімімен түсетін табыс;
- міндеттемелерді есептеп шығарудан түсетін табыстар;
- күмәнді міндеттемелер бойынша түсетін табыстар;
- мүлікті жалға беруден түсетін табыстар;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен провизиялар жасауға рұқсат етілген банктер мен операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың мөлшерін азайтудан түсетін табыстар;
- борышты талап етуді басқаға беруден түсетін табыстар:
- кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім үшін алынған табыстар;
- шығып қалған тіркелген активтер құнының ішкі топтың құн балансынан асып түсуінен алынатын табыстар;
- кен орындарын игеру зардаптарын жою жөніндегі қорына аударылған соманың асып түсуінен алынатын табыстар ;
- ортақ үлестік меншіктен түсетін табысты бөлу кезінде алынатын табыстар;
- бұрын негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, борышкерге салынған немесе ол мойындаған айыппұлдар, өсімпұлдар және санкциялардың басқа да түрлері, егер сомалар бұрын шегеріп тасталмаған болса;
- бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;
- өтеусіз алынған мүлік, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер;
- дивидендтер;
- сыйақылар;
- оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі;
- ұтыстар;
- роялти;
- әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыстардың шығыстардан артығы.
Алынған
жиынтық жылдық табыс түзетілуі
- Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен бұрын салық салынған, Қазақстан Республикасының резидент-заңи тұлғасынан алынған дивидендтер;
- Эмитент өз акцияларын орналастыру кезінде алған олардың құнының номиналдық құнынан асып кетуі және эмитенттің өз акцияларын өткізу кезіндегі құн өсімі;
- Қор биржасының “А” және “В” ресми тізімдерін тұрған акциялар мен облигацияларды өткізу кезіндегі құн өсімімен алынған табыс;
- Мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен табыстар;
- Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған ретте ізгілік көмек түрінде алынған және мақсатты түрде пайдаланылған мүліктің құны;
- Мемлекеттік кәсіпорынның Үкімет шешімі негізінде мемлекеттік органнан немесе мемлекеттік кәсіпорыннан өтеусіз негізде алған негізгі негізгі құрал-жабдықтардың құны;
- Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес алынған және жеке зейнетақы шоттарына жіберілген инвестициялық табыстар.
1-кесте. Корпоративтік табыс салығын(КТС) есептеу (шоттар)
№ |
Операция |
ХҚЕС бойынша шоттар корреспонденциясы | |
дебет |
кредит | ||
1 |
Есептік кезеңге КТС есептелді |
7110 |
3110 |
Уақытша айырмашылықтар нәтижесінде пайда болған немемсе жойылған КТС-на жатады: |
|||
-бюджетке төлеу |
7710, «Кейінге қалдырылған КТС бойынша шығындар»шоты |
4310 | |
- шығындардың пайда болуының нәтижесіндегі есептемелер |
2810 |
3310 | |
2 |
КТС бойынша аванстық және соңғы төлемдер сомасы төленді |
7710 |
1010,1030 |
3 |
Есептік кезең соңында 7710 шотын жабу |
5510 |
7710 |
Басқада салықтар мен төлемдер | |||
1 |
Жеке табыс салығы есептелді |
3350 |
3120 |
*жалақыдан ЖТС ұсталынды |
3350 |
3120 | |
2 |
Әлеуметтік салық(ӘС) есептелді |
2920,7110,7210,8110,8210,8310, |
3150 |
*ӘС бюджетке төленді |
3150 |
1010,1030 | |
1-кестенің жалғасы
3 |
Транспорттық құралдарға салық есептелді |
7210 |
3170 |
4 |
Мүлікке салық есептелді |
7210 |
3180 |
5 |
Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер есептелді |
7210 |
3230 |
6 |
Басқада міндетті төлемдер мен бюджеттік жиындар төленді |
7210 |
3230 |
7 |
Ұлттық зейнетақы қорына міндетті жарналар есептелді |
3350 |
3220 |
8 |
Ұлттық зейнетақы қорына міндетті жарналар төленбесе немесе уақытында төленбегені үшін айыппұлдар есептелді |
7210 |
3221 |
9 |
Әлеуметтік аударымдар есептелді |
7210 |
3210 |
10 |
Есептелген салықтар, төлемдер, жиындар төленді |
3110-3190 |
1010,1030 |
11 |
Басқа бір салықтың орнын жабу үшін белглі бір салықты асыра төлеу |
3110 |
3130 |
Жылдық жиынтық табысты есептеу
дегі шегерімдер және корпоративтік табыс салығының ставкасы
Шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда салық төлеушінің жылдық жиынтық табыс алумен байланысты шығыстары салық салынатын табысты анықтау кезінде шегерілуі тиіс.
Салық шегерімдері - деп салық төлеушінің заңнамамен реттелмеген шекте жиынтық жылдық табыс алумен байланысты шығындарын айтады. Оларға өткізілген тауарлар, қызметтер көрсету бойынша шығындар мен басқа шығыстар, соның ішінде мына шегерімдер жатады:
Қызмет бабындағы іс-сапарлар кезіндегі және өкілдік шығыстар бойынша өтем сомалары;
Сыйақы бойынша;
Төленген
күмәнді міндеттемелер мен
Резервтік қорларға аударымдар бойынша;
Ғылыми-зерттеу,
жобалау, іздестіру және
Сақтық сыйақылары жөніндегі шығыстар бойынша;
Әлеуметтік төлемдерге жұмсалған шығыстар;
Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және оларды өндіруге әзірлік жұмыстарына жұмсалған шығыстар бойынша және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа шегерімдері;
Теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуінен шегерім.
2-кесте. 12.01.2010ж. Астана қаласының Салық департаменті бекіткен салық ставкалары:
Салық түрі |
Салық Ставкасы |
Салық ставкасына ескертпе |
Корпоративтік табыс салығы, төлеу көздеріне салынбайтын |
20% |
ҚР 2008жылғы 10желтоқсандағы №100-IV«Салық кодекісін жүзеге асыру туралы » заңына сәйкес КТС ның келісідей мөлшерлері қолданылады:
1.2009жылдың 1қаңтарнан 2013жылдың 1қаңтарына дейін 20% 2.2013 жылдың 1 қаңтарнан 2014 жылдың 1 қаңтарына 17.5% |
Ауыл шаруашылығымен өндірісімен айналысатын заңды тұлғалар үшін КТС |
10% |
ҚР ның 16.11.2009ж. №200-IV заңына сәйкес 2010жылдың 1қаңтарынан бастап жүзеге асырылады |
Резиденттерге салынатын КТС |
15% |
|
Бейрезиденттерге салынатын КТС |
5%-20% |
|
ҚР заңды тұлға болып саналатын бейрезидент ұйымдарға |
15% |
Салық кодекісінің 5тарау 147бабына сәйкес |
Қазақстан Республикасындағы қызметтерін тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысына 15 процент ставка мөлшерінде салық салынады. Бұл ретте айта кететін басты жәйт, резидент емес заңды тұлға өзінің тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асырған қызметтеріне орай тапқан табыстары бойынша бірінші кезекте салық салынатын табысынан 15 проценттік ставка көлемінде салық төлеуге мәжбүр болады.
Салық төлеушілері корпоративтік табыс сағын төлеуді өзінің тұрып жатқан орын бойынша жүзеге асырады және бұл салық бойынша аванстық төлемдерді бюджетке салық кезеңі ішінде белгілі мөлшерде ағымдағы айдың 20-сынан кешіктірмей ай сайын төлеп тұруға міндетті.
Салық кезеңі ішінде енгізілген аванстық төлемдердің сомасы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі мағлұмдама бойынша есептеп шығарылған оны төлеу есебіне жатқызылады.
1.3 Жылдық жиынтық табыс негізінде корпоративтік табыс салығының есептеу және төлеу тәртібі
1-сызба Корпоративтік табыс салығы есептеу және өндіріп алу
Салық сомасын азайту Салық кодексінің 126-бабына сәйкес айқындалатын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде де қолданады.
Арнаулы салық режімін қолданушы заңи тұлғалар – шағын бизнестің субъектілері, шаруа (фермерлік) қожалықтары, заңи тұлға – ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері корпоративтік табыс салығын төлейді.
Шегерімдерден кейінгі салық салынатын табыс түзетіледі. Салық төлеушінің салық салынатын табысынан оның екі пайызы шегінде әлеуметтік сала объектілерін ұстауға салық төлеушінің нақты жұмсаған шығыстары, коммерциялық емес ұйымдарға өтеусіз берілген мүлік, жеке тұлғаларға берілген атаулы әлеуметтік көмек шығарылып тастаулы тиіс. Мүгедектердің еңбегін пайдаланатын салық төлеушілері салық салынатын табысты мүгедектер еңбегіне ақы төлеуге шығарған шығыстар сомасынан екі еселенген және мүгедектерге төленетін жалақы мен басқа төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасының 50% мөлшеріндегі соманы азайтуға құқығы бар.
Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залалдарды, сондай-ақ салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылған үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды өткізуден шеккен залалдарды кейінгі салық кезеңдерінің салық салынатын табыс есебінен өтеу үшін үш жылға дейнгі мерзімге (үшінші жылы қоса есептеліп) ауыстыруға рұқсат етілген. Жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша жүзеге асыралатын қызметке байланысты туындайтын залалдар жеті жылға дейінгі мерзімге (жетінші жылы қоса есептеліп), ауыстырылады. Бұл жағдайда табыс залалдардың сомасына азайтылады және тиісінше, төленетін салық азайады.
Корпоративтік табыс салғының төлеу тәсілдері мен мерзімі Салық кодесінің тиісті қағидаларына сәйкес қатаң сақталынады. Корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау мына келесідей жолдарды пайдалану, яғни: 1) Мемлекеттің қаржылық мүддесін қамтамасыз етуді көздейтін салық агенттерінің көмегімен тиісті салық сомасын табысты төлеу көзінде ұстап қалу; 2) Салық төлеушінің өзіне тиесілі салық сомасын біржақты – ерікті түрде өзі табыстаған декларациясы негізінде төлеу арқылы жүзеге асырылады.(ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік » туралы заңы №234-ІІІ. 28.02.2007)
Жылдық жиынтық табыс алуға жатпайтын шығыстар
1) Жылдық жиынтық табыс алуға байланысты емес шығыстар:
1-1) сот жалған кәсiпорын
деп таныған салық төлеушiмен
қылмыстық қызметтiң сот
1-2) Қазақстан Республикасы
салық төлеушiлерiнiң
2) құрылысқа және негiзгi қаражаттарды,
материалдық емес активтердi сатып алуға
арналған шығыстар мен салық төлеушiнiң
жылдық жиынтық табыс алуына қатысты емес
күрделi сипаттағы басқа да шығыстары;
3) мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар
бойынша мемлекеттiк бюджетке енгiзуге
жататын (енгiзiлген) айыппұлдар мен өсiмпұлдарды
қоспағанда, мемлекеттiк бюджетке енгiзуге
жататын (енгiзiлген) айыппұлдар мен өсiмпұлдар;
4) шегерiмдерге жатқызудың
осы Кодекспен белгiленген
5)Қазақстан Республикасының нормативтiк
құқықтық актiлерiнде белгiленген нормадан
артық төленуге тиiс (төленген) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдер сомасы;
5-1)кәсіпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын объектiлердi салу, пайдалану мен күтiп-ұстау жөнiндегi шығыстар;
5-2)салық төлеушiнің өтеусiз негiзде берген мүлкiнің, орындаған
жұмыстарының, көрсеткен қызметтерiнің құны.
2 ХҚЕС және ҰҚЕС бойынша корпоративтік табыс салығы
2.1 ХҚЕС 12 «Пайдаға салынатын салықтар»
Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты 1973жылы қабылданып содан бері қолданылып келеді. Қазақстан Республикасында 1998 жылы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
ХҚЕС(International Financial Reporting Standards)
(стандарттар және интерпретациялар) құжатты
теру, экономикалық шешiмдердiң кәсiпорынның
қатынасындағы оған қабылдану үшiн сыртқы
қолданушыларға қажеттi қаржы есеп беруiн
құрастырудың регламент белгiлейтiн қажеттi
ережелерi.Қолдану аясы:мемлекеттік арнайы
қаржы ұйымдарында және секюритизм негізінде
жұмыс істейтін ұйымдарда қолданылмайды;өндірістік,
Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарының 12 мақсаты пайдаға салынатын салықтарды есепке алу тәртібін анықтаудан тұрады.Пайдаға салынатын салықтарды есептеудегі басты мәселе қазіргі және келешектегі салық салдарын есепке алуда:
1) ұйым балансында танитын активтердің (міндеттемелердің) баланстық құнының орнын болашақта толтыру (өтеу); және
2) ұйымның қаржы есептілігінде танитын операциялар және ағымдағы кезеңнің басқа да жағдайлары.
Активтерді немесе міндеттемелерді танудың өзінен есеп беретін ұйым осы активтердің немесе міндеттемелердің баланстық құнының орнын толтыруды немесе өтеуді көздейтінін көрсетеді. Егер де баланстық құнының орнын толтыру немесе өтеу бұрынғымен салыстырғанда көбірек (азырақ) салық төлеуге соқтыруы ықтимал болса, егер де мұндай орнын толтыру немесе өтеу салық салдарын тудырмайтын болса, онда бұл Стандарт жекелеген жағдайларды қоспағанда, ұйым кейінге қалдырылған салық міндеттемелерін (кейінге қалдырылған салық активін) тануын талап етеді.
Осы Стандарт ұйымның салық операцияларының салдары мен басқа да жағдайларды бұл операциялар мен жағдайлардың өзін ескеретін сияқты есепке алуды талап етеді. Сонымен пайда мен залал есептерінде көрсетілген салық операциялары мен басқа да жағдайлардың салдары пайда мен залал есептерінде де көрініс береді. Капиталда тікелей көрсетілген барлық операциялар мен басқа да жағдайлардың салық салдары да капиталда тікелей көрініс табады.
Осы Стандарт пайдаға салынатын салықтың есебі үшін қолданылуы тиіс. ХҚЕС 12 көзқарасы бойынша пайдаға салынатын салықтың құрамына салық салынатын пайдаға негізделетін барлық ұлттық және шетелдік салықтар кіреді. Сондай-ақ пайдаға салынатын салыққа пайданың көзінен ұсталатын, еншілес ұйым, қауымдастырылған ұйым төлейтін немесе есеп беретін ұйымға бөлінген пайдадан бірлескен қызмет шеңберінде төленетін салық сияқты салықтар кіреді.
АҒЫМДАҒЫ САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ МЕН АҒЫМДАҒЫ САЛЫҚ АКТИВТЕРІН ТАНУ
Ағымдағы және алдыңғы
Өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін өткен кезеңге көшірілуі мүмкін салық шығынымен байланысты пайда актив ретінде мойындалуы керек.
Салық шығыны өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін пайдаланылатын болса, ұйым салық шығыны пайда болған кезеңде пайданы актив ретінде мойындайды, өйткені пайда ұйымға түсуі және осы пайдалар дұрыс бағалануы тиіс.
КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛҒАН САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІН ЖӘНЕ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРЫЛҒАН САЛЫҚ АКТИВТЕРІН ТАНУ
Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері
барлық салық салудағы уақытша
айырмашылықты танулары тиіс, егер тек
ол мыналардан пайда болмаса:

- Корпоративтік табыс салығы
- Корпоративті қаржы
- Корпорации:виды, сущность
- Корпорации и власть в регионах
- Корпорации и союзы менеджеров
- Корпорации как эффективная форма интеграции в рыночной экономике
- Корпорации: понятие, сущность, виды
- Корпоративтi мадениет
- Корпоративті бағалы қағаздар нарығының дамуы
- Корпоративтік басқарудың принциптері
- Корпоративтік инвестициялық саясатты жасаудағы опциондық әдістердің қолданылуын талдау
- Корпоративтік қаржы
- Корпоративтік қаржы
- Корпоративтік салықтық жоспарлау