Кәсіпорынның табысын арттыру жолдары және оны бөлу туралы

 

 



                                                     ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ .................................................................................................................3

1. КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ.......................................................................................5

1.1 Табыс ұғымыны экономикалық мәні мен мазмұны, түрлері......................................................................................................................5

1.2 Кәсіпорында табысты тарату мен оны пайдаланудың әдістемелік ерекшелігі...............................................................................................................16

 

2. «МЕРКУР НАН» ЖШС-ң ТАБЫСЫНЫҢ БӨЛІНУІН ТАЛДАУ........21

2.1 Кәсіпорынның табыстылық деңгейін жоғарлатудың жолдары..................21

2.2 «Меркур нан» кәсіпорнының табысының бөлінуі………………………...25

 

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................28

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстанды үздiксiз жоғары сапалы өнiмдермен қамтамасыз ету, бiздің егемендi мемлекетiмiздің даму бағдарламасында жүзеге асыратын маңызды бiр бөлiмi болып табылады.

Сондықтан да нарықтық экономиканың алға басуының нәтижесiнде Қазақстанда тамақ өнеркәсiбiндегi нан өндiрiсiне аса зор көңіл бөлiнедi. Нан өнеркәсiбi кәсiпорын сандары, өнiм көлемi мен маңыздылықы бойынша және механизациялау деңгейi жағынан тамақ өнеркәсiбiнің жетекшi салаларының бiрi болып табылады.

Қазiргi кезде республикадағы iрi тамақ өндiрiс орындарының бiрi –  «Меркур нан» ЖШС. Ол тек Қазақстанды ғана емес дұние жүзiне мәлiм, дәлiрек айтқанда 100 елге танымал. Оның өнiмi өте сапалы халықаралық стандартқа сай болып табылады.

Сонымен қатар «Меркур нан» ЖШС-гi нан өнiмдерiнің бiрнеше түрiн өндiредi және күнделiктi түтынады. Кәсiпорынның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін сыртқы факторлар ғана емес, iшкi факторлар да әсер етедi. Iшкi факторлардың ең бiр маңызды көрсеткiштерi – табыс және өткiзу көлемi мен бiрге пайда болып табылады.

Нарық жағдайында меншiктер мен менеджерлер, табыс көлемiне сүйене отырып, кәсiпорынның дивиденттерi мен инвестициялары, саясат туралы мәселелердi қарастырып, оныі әрi қарай дамуын шешiп отырады.

Нарық жағдайындағы табыс дегенiмiз, жылжымалы күш әрi өндiрiс қоры мен шығарылатын өнiмдердi жаңартып отыратын бастау.

Табыс – жұмыс ұжымы  мүшелерiнің әлеуметтiк жағдайының бұлағы. Табыс арқылы кәсiпорын алдымен салық пен дивиденттер, сонымен қатар резерв қорларын құруды шешкеннен кейiн, қызыметкерлердi ақшалай ынталандырып, оларға әлеуметтiк жағдайлар жасау мен басқа да шараларды iске асырады.

Қазіргі таңда нан  өндіретін кәсіпорындардың ішінде ЖШС «Меркур-Нан» жоғарғы сұранысқа ие болып табылады. Нан зауытының негізгі мақсаты - сапалы өнім шығару, шикізат пен дайын өнімнің сапасының ГОСТ талабына сай екенін анықтау үшін, нан зауытында қазіргі заманғы технологиялық зертханалар бар. Жұмыс тәжірибесі және соған сай білімі бар кәсіби мамандардың аркасында, зауытта тұрақты түрде жоғары сапалы өнім шығарылады. Жарты жыл ішінде «Меркур-Нан» өнімі тұрақты тұтынушылардың сенімінен шыга алды, бұл туралы өндіріс көлемі, сондай-ақ жоғары сапалы өнім үшін алған жүлделері куә бола алады.2005 жылы Алматы қаласының әкімі И. Тасмағамбетов ЖШС «Меркур-Нан» өнімін «Жоғары сапалы өнім үшін» дипломмен марапаттады, сондай-ақ                2004-2005 ж.ж. сәуір айында «Қазақстанның азық-түлік нарығы» атты халықаралық көрмесінде алтын медальдармен марапатталды.

Курстык жұмыстың мақсаты – iрi кәсiпорындардың  бiрi  «Меркур нан» ЖШС-нің табыстылықына толық талдау жүргізу, кәсiпорынның басқару құрылымын зерттеу, кәсiпорындағы табыстылықты тиiмдi пайдалану бойынша iс-шаралар жобасын жасау.

Бiрiншi бөлiмде «Кәсiпорында табыстылықты пайдаланудың экономикалық мәнi мен маңызы» - табыстылықтың мәнi мен маңызы, табыстылықты есептеу тәсiлдерi және оған әсер ететiн факторлар және оны жақсарту жолдары сипатталады.

Екiншi бөлiмде  «Меркур нан» ЖШС-нің қызметiне талдау, кәсiпорынның шаруашылық - өндiрiстiк қызметiне сипаттама берiледi және табыстылықты пайдалану мөлшерiне әсер ететiн факторлар мен көрсеткiштерге талдау жүргізiледi.

 

 

 

 

 

1. КӘСІПОРЫННЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ

 

1 1. Кәсiпорын табысының экономикалық мәнi мен мазмұны, түрлері

 

Нарықта  негiзгi шаруашылық субъектiлерi болып, жеке кәсiпкерлер (жеке түлғалар), мен кәсiпорын (заңды түлға) саналады. Осы айырмашылықтар шаруашылық түрiнде, табыстың негiзгi ерекшiлiктерiнің құрылуын және орналасу жүйесiн қамтамасыз етедi. Берiлiп отырған жұмыс кәсiпорын табысының мәселелерiне арналады. Негiзгi сүраққа тоқталсақ, ол шаруашылық субъектiсiнің табысын сипаттау. Экономикалық нарық жағдайындағы, осы кәсiпорын табысының рөлiн қарастырайық:

Кәсiпорын табысы, кәсiпкер iс-әрекетiнің негiзгi мақсаты болып табылады. Негiзгi бизнестің ерекше құрылуынан бастап, оның басты мақсаты, кәсiпорын меншiгiнің жоғарғы сатыға өсу қарқындылығы. Бұл өсiмдiлiктің сипаттамасы ағымдағы және кейiнге қалдырылған табыстың күрделi қаржы түрiндегi мөлшерi болып табылады. Егер кәсiпорын меншiгiне жоғарғы көлемдегi табыс қажет болса, кәсiпкерлiк iс-әрекетiне толықтай қарқындылық ағымы қажет болады. Сол жағдайда мынандай сұрақ туындауы мүмкiн. Жоғары табысқа жету үшін осындай қарқынмен кәсiпорынның менеджерлерi және басқа да қызметкерлердің iс-әрекетi қажет болып табыла ма?

Кәсiпорын меншiгi болып табылмайтын менеджерлер үшін олардың басқаруындағы, табыс түрi iс-әрекетiнің негiзгi өлшем табысы болып есептелмейдi. Кәсiпорын табысының өсу қарқыны осы менеджерлердің нарықтық бағасына өсiредi, яғни олардың жалақысын өсiру жайлы сөз қозғалып отыр, немесе керiсiнше, егер олардың басқаруындағы кәсiпорын табысының жүйелi түрде күрт төмендеуi, олардың жеке қызметiнің өсуi мен келесi жұмысқа тұру мүмкiншiлiгiне  керi әсерiн тигiзiп, керi жағдайдағы нәтижеге әкелiп соқтырады.

Ал, қалған қызметкерлер үшін кәсiпорын табысының мөлшерi дәл осы сияқты iс-әрекеттің нәтижесi болып табылады, әсiресе кәсiпорын бағдарламасындағы жалдамалы жұмысшылардың қатысуымен болған табыс түрi. Кәсiпорын табысы тек ғана олардың iс-әрекетi нәтижесiнің кепiлдемесi ғана емес, сонымен қатар, белгiленген мөлшерде, еңбектерiне қарай қосымша марапаттау және әлеуметтiк қажеттiлiктер қатарын қамтамасыз етедi.

  1. Кәсiпорын табысы мемлекеттің экономикасын толықтай дамытудың базасын құрайды. Орналасу механизмi, кәсiпорын табысының алдын-ала салық жүйесi арқылы мемлекеттiк бюджеттің табыс бөлiгiн  толықтыруға мүмкiндiк бередi. Табыс, барлық сатыда (жалпымемлекеттің жергiлiктi) мемлекетке сәттi түрдегi күрделi салымдағы функцияларды мен құрастырылған бағдарламаларды экономикалық дамуда iске асыруға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар, әйгiлi принциптi жүзеге асыру мемлекет байлығы, оның азаматтарының байлық деңгейiмен сипатталады және де кәсiпорын табысының өсiмдiлiгiмен тығыз байланысты, яғни оның тұтынушылары мен қызметкерлерiнің табыс өсiмiн қамтамасыз етедi.
  2. Кәсiпорын табысы, нақты өндiрiс iс-әрекетiнің жүйелi белесi болып саналады. Кәсiпорын табысының жеке деңгейi өндiрiстің жеке саласымен салыстырғанда, бейiмдiлiк әрекетiмен сипатталады. Ол нарықтың экономикадағы басқарушыларын сәттi түрде шаруашылық әрекеттерiн қалыптастырады. Орташа өндiрiс саласының табыс деңгейi нарықпен және басқа да сыртқы факторлармен сипатталады, Ол өндiрiстің тиiмдiлiгiн анықтайды және негiзгi бастамасы болады. Сондықтан табысты тиiмдi салада пайдалану қажет болып табылады. Құн, нарық ережесi бойынша сәйкестендiрiлiп,қанағаттандырылмаған сұраныстарды белгiлi көлемiмен толықтырып, ортақ және жекеше қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшін пайдаланылады.
  3. Табыс, кәсiпорын қорының құрылуының негiзгi iшкi көзi болып табылады. Жүйедегi iшкi қорлардың құрылымы табыстың басты рөлiне жатады. Кәсiпорын табысының шаруашылық әрекетiнің деңгейi жоғары болған сайын, сыртқы өнiм көздерiнің қаржылай табысы төмендейдi немесе басқалай шарттармен салыстырғанда, оның дамуындағы өзiндiк қаржыландыру деңгейi жоғары болған сайын, дамудың стратегиялық мақсаты қамтамасыздандырылады. Нарық кезiнде кәсiпорынның бәсекелестiгi артады. Сондықтан, кейбiр iшкi кәсiпорынның қаржы қорларының құрылуындағы табыс, тұрақты өнiм көзi болғандықтан, ол өте кең ауқымдағы шаруашылық өндiрiсi болып табылады.
  4. Табыс – кәсiпорынның нарықтық құн өсiмiнің басты көзi болып табылады. Капитал құнының өзiндiк өсу құнының ерекшелiгi, активтердің өсу бағытына қарай, кәсiпорынның күрделi құны бөлiгiнің табысы арқылы қамтамасыз етiледi. Капитализация деңгейiнің құны жоғарылаған сайын, оның таза актив құндары жоғары қарқынмен өсiп отырады (өзiндiк капитал құрылымдарының есебiндегi актив).  Кәсiпорынның нарықтағы құны, оның сатылу, пайда түсу, өнiмнің өтелуi және басқа жағдайлар арқылы анықталады.
  5. Кәсiпорын табысы, қоғамның әлеуметтiк қажеттiлiктерiн қанағаттандыру көзi болып табылады. Табыстың әлеуметтiк рөлi – алдымен әртүрлi процесстерге бюджет арқылы бөлiнген салық салымына байланысты әртүрлi ортақ мемлекеттiк және жергiлiктi бағдарламалар. Ол тұрғылықты әлеуметтiк қорғауға алынбаған қоғамдағы мүшелердi қанағаттандырып, оларға қызмет көрсетедi. Одан басқа, мұндағы басты рөл кәсiпорын табысының пайдасын қанағаттандыруға арналады да оның қызметкерлерiнің әлеуметтiк мәселелерiнің бiр бөлiгiн қамтиды (әлеуметтiк бағдарламалар, қызметтiк келiсiм-шарттар мен колективтiк құрам бөлiгi). Табыстың белгiлi әлеуметтiк рөлi былай анықталады: ол кәсiпорынның қайырымдылық iс-шараларына қызмет көрсетедi, яғни жекешелендiрiлген мекемелердi қаржыландыруға, әлеуметтiк орталықтарды, азаматтарға материалды көмек көрсетуге бағытталады.
  6. Табыс – кәсiпорынды қауiп-қатерден, банкротқа ұшыраудан сақтайтын негiзгi қорғаушы механизм болып табылады. Бiрақ мұндай қауiп-қатерлер кәсiпорынның шаруашылық әрекеттерiнің шарттарынан туындауы мүмкiн. Капиталдың үлкен көлемдегi үлес қарызы әсiресе қысқа мерзiмдi, активтердің ликвидтi басқару нәтижелерi және де басқа жағдайлар. Басқа тең дәрежедегi шарттар нәтижесiнде, кәсiпорын табыстың ауқымды потенциалы арқылы дағдарысқа ұшырау жағдайынан сәттi түрде алып шыға алады. Табыстың капитализациясы есебiнен бөлiнген активтердің үлесi тез көтерiледi (төлемдердің қайта құрылуы), капиталдың жеке үлесi жоғарылайды, пайдаланылған қарыз көлемiнің төмендеуi салдарынан, (қаржы тұрақтылығы жоғарылайды), резервтiк қаржы қорлары құрылады.

Нарық экономикасындағы табыстың ролiн сипаттай келе көптеген экономистердің ойына сүйенсек, бұл рөл әрқашан позитивтi емес, яғни табыстың жекелеген түрлерi жеке азаматтардың тұрақтануына қызмет көрсетедi, қоғамға толықтай пайда келтiрмейдi. Бұндай табыстың бiрнеше түрлерi бар: 

          • арбитраждар арқылы жасалынған табыс
          • монополиялық әрекеттерден тыс табыс
          • кәсiпорынның тендр арқылы табысы

    Осы көсетiлген  функциялардан, маңызды экономикалық  категорияларды түжырымдауға болады. Олар 3-ке бөлiнедi: 

1) Табыс кәсiпорынның бегiлi критериясы және тиiмдi әрекетiнің көрсеткiшi болып табылады. Басқаша айтсақ табыстың өзiндiк фактiлерi кәсiпорынның тиiмдi әрекеттiнің өзiндiк куәсi болып есептеледi. Бiрақ ол өзiндiк тұлғалар  және несие берушi жеке адамдар үшін, кәсiпорын жұмысының тиiмдiлiгiне куәгер бола  алмайды, өйткенi кәсiпорынға анау-мынау табыс емес, тұрақты болуы керек. Оның өсiмi барлық қызығушы тұлғаларды қанағаттандыра алатын, яғни кәсiпорынның меншiктерiн, олардың жұмысшыларының және несие берушiлерiнің көңілiнен шыға алатын табыс болуы қажет.

2) Табыс стимуляциялық  функцияларды басқарады. Ол кәсiпорынның тұрақты қаржы нәтижелерiн көрсете отырып, нарық шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Осының нәтижесiнде алға қойылған мақсат шаруашылықтағы субъектiнің экономикалық ерекшелiгiн айғақтайды, табыс өсiмiнен туындайтын пайда өнiмi, яғни ұлттық экономикалық алгоритмнен қабылданғандықтан, оған салық салымы да қосылады.

Табыс – бұл капитал меншiгiнің негiзгi өсу көзi болып табылады. Нарықтық қатынас шарттарында жекеменшiктер және менеджерлер назары табыс көлемiне бағытталған, яғни кәсiпорынның орналасу тәртiбiне қалдырылып, дивидентi және инвестициялық саясат жайлы шешiмi қабылданып, кәсiпорынның даму жолын тiркеуге алады.

Табыс нарықтық экономикада  қорғаушы күш, әрi өндiрiстiк қор және шығарылатын өнiм көзi болып табылады. Табыс әлеуметтiк жұмысшы ұжым мүшелерiнің негiзгi көзi. Табыс есебiнен кәсiпорын ережесiндегi салық және дивиденттiк өтемдер төленгеннен кейiн басқа да есептен тыс (мысалы, резевтi қорларды құрайтын) жұмысшылардың материалды мұқтаждықтарын қанағаттандырады, оларға әлеуметтiк жеңілдiктер жасалады.

3. Табыс – әртүрлi саладағы бюджет қорларын құру көзi. Ол бюджетке салық түрiнде енедi де, экономикалық санкцияларды әртүрлi мақсаттарда қолданады, яғни заңды түрде қаралатын бюджеттiк шығынды анықтайды. Сондықтан, кейбiр iшкi кәсiпорынның қаржы қорларының қалыптасуындағы табыс, тұрақты өнiм көздерi және өте кең, ауқымды көлемдегi шаруашылық өндiрiсi болып табылады.

Осылайша кәсiпорынның табысы, оның негiзгi экономикалық және әлеуметтiк дамуының негiзгi факторы болып табылып, кәсiпкер әрекетiнің мақсатынан туындалады. Қазiргi заманда батыс экономистерi кәсiпорын мақсатын былайша орналастырады:

  1. кәсiпорын меншiгiнің максимизациясы;
  2. табыс максимизациясы;
  3. басқару марапаттамасының максимизациясы;
  4. бижевиористi мақсат;
  5. әлеуметтiк жауапкершiлiк;

Қазiргi заманғы батыстың басқару теориясы мынандай түжырымдамалар бойынша iс жүргізедi, яғни бизнестің басты мақсаты, меншiктердің өзiндiк өсiмiнің материалды қызығушылығын арттыру. Жоғарыда көрсетiлген басқа мақсаттар компанияның саясатына әсер етедi, бiрақ олар бастапқы мәселелермен салыстырғанда өте маңызды емес.

Осындай мақсатпен iстелiнген жұмыс, батыс экономикасының даму деңгейiн толық қанағаттандыруға өте қолайлы. Табыс максимизациясы қысқа мерзiмдi сауалдардың шешiмiн қабылдайды, ал сол уақытта меншiк максимизациясы   ұзақ мерзiмдi сауалдардың шешiмiн қабылдайды. Өйткенi, меншiк иелерiн көбiне дәл сол уақыттағы және болашақтағы табыс мөлшерi көп қызықтырады.

 Бiздің Қазақстандағы қазiргi жағдайда, кәсiпорындардағы экономикалық дағдарысқа, табыс мөлшерiнің төмендiгiне байланысты қысқа мерзiмдi сауалдарды шешуге тура келедi. Сондықтан, Қазақстандық кәсiпорындардың шетел компанияларынан өзгешелiгi бiзде меншiк мәселесiнен бұрын табыс максимизациясымен айналысады.

Кәсiпорын табысы - өте қарапайым, әрi  нарық экономикасында күрделi категория. Оның қарапайымдылығы былай анықталады. Табыс – нарық экономикасында басты қорғаушы күш пен оны туындататын саладағы кәсiпкерлер. Ал оның күрделiлiгi әртүрлi жағдайлармен анықталады. Мысалы, негiзiнен табыс түрлерi оның абсолюттi және қарама-қарсы көрсеткiштерi арқылы анықталады.

Қазiргi экономикалық теорияда табыстың мәнi өте маңызды әрi толғандыратын мәселе.

Экономикалық көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, табыс – бұл ақшалай төлемдер мен қаржы түсiмдерi арасындағы ерекшелiк. Шаруашылық тұрғысынан алып қарасақ, табыс – бұл кәсiпорын мүлкiнің бастапқы және соңғы кезеңiндегi айырмашылығы.

Табыс мәнiн қарастыра отырып мынандай сипаттамаларға тоқталамыз.

1) Табыс – бұл кәсiпкердің табыс формасы және де оның әрекет түрiнің нақты iске асуы. Бұл табыстың сыртқы өте қарапайым түрi болғандықтан оның толық сипаттамасы болып табылады. Сондықтан қалайда бiр кеңiстiкте белсендi әрекеттер  табыс алымына байланысты болмайды. Мысалы, саяси, қайырымдылық және т.б. әрекеттер.

2) Табыс – кәсiпорын пайдасының формасы ретiнде өзiндiк капиталдың салым мақсаты мен нақты коммерциялық табыстың жетiстiгi. Табыс категориясы – капитал категориясымен тықыз байланысты болады. өндiрiстің ерекше факторы капитал функцияларының құндары арқылы сипатталады.

              3) Кәсiпкердің  бизнеске жұмсаған капиталдық салымынан толықтай пайда табатынына кепiлдiк жоқ. Табыс сол бизнес түрiнің сәттi де дұрыс жолмен iске асуының нәтижесi. Бiрақ сол бизнестi жүргізу кезiнде кәсiпкер өзiнің сәтсiз әрекетiнің нәтижесiнде немесе объективтi сырт сипаттау есебiнен жоспарлап отырған табысынан тек айырылып ғана қоймай, сонымен қатар бiртiндеп немесе толық салымдағы қаржысын түгелдей жоғалтып алуы мүмкiн. Сол себептi табыс белгiлi бiр мөлшердегi және кәсiпкерлiк әрекеттің өтiмi болып табылады.

4) Табыс – бұл ақшалай түрде көрсетiлген құн көрсеткiшi. Табыстың осы түрдегi бағасы құн есебiнің тәжiрбиесiмен тiкелей байланысты. Барлық салым капиталының негiзгi көрсеткiштерi  шығынға әкелiп, сонымен бiрге әрекеттесушi салымдық құрылымда негiзгi мәселе табыстың кең көлемдегi тұжырымдамасын анықтайды: Табыс, күрделi қаржыда кәсiпкердің табысын ақшалай түрде көрсете алады және кәсiпкерлiк әрекеттің iске асуын сипаттайды.

Кәсiпорын табысы тек ғана оның көп аспектiлi рөлiн ғана сипаттап қоймай сонымен бiрге оның көпжақты түрлерiн көрсетiп, өзi сол көрсеткiштерге ие болады. өзгеше айтғанда, табысы әртүрлi түсiнiктермен айтылады. Ос мәселенi бiр жүйеге келтiру қажеттiлiк етiп отыр.

Кәсiпорын табысының кейбiр ерекше белгiлерi арқылы жүйеленген түрлерiн қарастырамыз.

1) Табыстың құрылымдық көздерi, оның есептеулерiнде қолдану арқылы табыс былай бөлiнедi: шығын, залал,өнiмдi жалдандыру, жұмыс, қызмет табысы, мүліктi жалға алу және жалға алмайтын операциялар.

Өнiмдi жалға алғандағы табыс – кәсiпорынның бастапқы түрi, оның әрекеттесушi саласымен тығыз байланысты. Осы терминнің негiзгi саласы, табыс негiзгi әрекет етушiден. Екi жағдайда да осы табыстың түсiнiгi кәсiпорынның өнiмiн өткiзу үшін әрекет етуi оның қаржылық шаруашылықтың нәтижесi.

Мүліктi жалға алудағы табыс – бұл өсуден түскен, қолданылған немесе қолданылмаған негiзгi қорлардың түрлерi мен материалды емес активтер, және де артық алдын ала сатылып алынған шикiзат өнiмi, материалдық құндылықтар, азайтылған шығын, яғни жалға алу кезiндегi қамтылуға алынған процесстер.

 Табыс шығыны ойланбаған операциялар нәтиежесiндегi есеп түрiндегi табыс алымы. Шығынға үшыраған табыстарға мыналар жатады:

       1) Тауарды  алдын-ала бағалауға дейiнгi табыс;

       2) өткен  жылғы шығынға әкелген қарыз мөлшерi, жарамсыз бағыттағы түсiм;

       3) нақты  курстық айырмашылықтар, валюталық  есептеулер және шет ел валютасы арқылы жасалған операциялар;

       4) пайыздар, ақшалай жолмен алынған, яғни кәсiпорын есебiнен бөлiнген ақшалар;

       5) берiлген  кәсiпорынның басқа жекелеген отандық кәсiпорындармен әрекет жасаған жарнаның үлесiнен түскен табыс және шет елдiк серiктестер;

       6) кәсiпорынға тиесiлi акциялардан түскен табыс, баға да құнды қағаздар арқылы, яғни басқа элементтер арқылы шығарылған сомма түрiндегi пайыздар мен дивидендтер кiрiс соммасы, яғни акция иесiнің табысы;

      7) кәсiпорынның банкке депозиттi салым арқылы салынған табысы;

     8) айып-құн өсiмдерi, айыптар түрақсыздығы және басқа жаза шаралары.

Табыстың құрылымдық көздерiне кәсiпорыннан негiзгi табыс түрлерi бөлiнедi, операциялық жолмен инвестиция арқылы және қаржылай әрекеттер. Бiрiншi көрер көзге, Бұл ерекшелiк ерте сәйкестелiп қарастырылған, бiрақ бұл олай емес.

Тек бiрiншi табыстың жүйелерi осы белгiлерiмен сәйкес келедi яғни табыс операциялық әрекеттердің нәтижесi болып табылады (өнiмдi немесе басқа да негiзгi яғни берiлген кәсiпорындар). Ал инвестикалық әрекетке келер болсақ, онда оның нәтижесi жоспарланбаған табыс бөлiктерiне керi әсерiн тигiзедi, ал жекелеген табыста мүліктi жалға алу активтердi бұл түрде жалға алу дезинвестикалық жолмен сипатталады және кәсiпорынның инвестикалық iс-әрекетi болып табылады.

Ерекше қарастыруды  талап ететiн түсiнiк қаржы арқылы әрекеттерден түскен табыс, негiзгi ақша ағымы, яғни кәсiпорынның сыртқы көздерiнің қамтамасыздандырылуына байланысты, атап айтқанда:

1) Акцияларды қосымша  тарту немесе капиталдың жарналық үлесi;

2) Облигациялық эмиссия құнды қағаз ақшаларын шығару немесе басқада жалға берiлген құнды қағаздар;

3)  Кредиттi әр түрлi жолдармен тарату;

4) Капиталдық төлемдер (дивидендттi немесе %- дар) арқылы қызмет көрсету.

Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрлiше маңызды қолданылатын көп мағыналы үғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуы кез келген ақша қаражатының түсiмi немесе материалдық құндылықты алуды көрсетедi.

 

 

 

 

 

 

Кәсiпорынның табыстарын қалыптастыру

 

 

Кәсiпорынның

табысы

 

=

өнiмдi сатудан түскен табыс

 

+

басқадай өткiзуден алынған табыс

 

     -

өткiзуден тыс операциялардан алынған табыс (шықыстарды алып тастағандағы)

               

 

өнiмдi сатудан түскен табыс

 

 

=

өнiмдi сатудан түскен ақшалай түсiм

 

 

+

 

қосылған құн салығы

 

 

+

 

 

Акциз-дер

 

 

+

 

өнiм-нің өзiндiк құны

               

Басқадай өткiзуден  түскен табыс

 

=

Негiзгi қорларды және басқа да мүліктердi, қалдықтарды, т.б. сатудан түскен табыс

               

өткiзуден тыс операциялар-дан  алынған табыс

 

=

Құнды қағаздар диви-дендтерi

 

жалға алғаны Үшін төлем

 

өсiмақы, түрақсыздық

ақы, айыппүл т.б.


 

Табыс – төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрлiше маңызды қолданатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсiмi немесе материалдық құндылықты алуды көрсетедi.

Кәсiпорынның табысы олардың активтерiнің артуы немесе капитал меншiгiнің көбеюiне әкелетiн мiндеттемелердің кемуi. “Табыс” ұғымы жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), кәсiпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке түлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып қолданылады.

Кәсiпорынның жалпы табысына ақшалай түсiм тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетiн ақшалай түсiм, атқарылған қызметтен, мүліктiк бағалылықты сатудан, несие берiлгендегi алынатын тиiстi проценттер және басқа да ақшалай және материалдық түсiмдер жатады.

Жиi қолданылатын таза табыс ұғымы  жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып табылады.

Экономикалық теорияда табыс деп  тұрақты және нарықтық субьектiлердің қарамағына заңды түрде тiкелей түсетiн ақша сомаларын айтады. Табыс алудың шарты – Бұл қоғамның пайдалы қызметi. Бұл сұраныстың қажетiне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегi табыстардың түрлерiн айыруға болады:

    • Жалпы табыс (ЖТ) – Бұл тауарлардың белгiлi мөлшерiн сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар мөлшерiне көбейтуге тең.
    • Орта табыс (ОТ) – жалпы табысты (ЖТ) өнiм өлшемiнің мөлшерiне бөлу (К)

ОТ = ЖТ/К

    • Шектi табыс (ШТ) – Бұл өнiм өлшемiн сатуды көбейту арғасында жалпы табыстың үстелуi

ШТ = ЖТ/К

Шектi табыс шығарған әрбiр қосымша өнiм өлшемiнің өтемдiлiгiн бағалауға мүмкiндiк бередi. Және де өзiндiк құнмен үштаса отырып, кәсiпорынды үлғайту мүмкiндiгiнде құндық бағдарлар қызмет етедi.

 

 

1.2 Кәсiпорында табысты тарату мен оны пайдалану жолдары

 

Осындай ақшалай ағымның мазмұны кәсiпорынның табысын нақты құрастыра алмайды, яғни соңғы тоқтам нәтиежесiнде алынған ақшадан әлдеқайда көп ақшаны қайтаруға тура келедi. Сондықтан қаржылық әрекет табысынан мынаны түсiнуге болады, толымды әсер - капиталдың сыртқы көздерiнен тартылған шарттар мейлiнше ыңғайлы болып келедi.

Табысты құрайтын элементтер қатарына материалды жалпы және таза өнiм кiредi. Осы терминнен түсiнгенiмiз, жәй деңгейде тазартулар кәсiпорын табысынан алынған шаруашылық әрекеттердің шығыны.

       Материалдық  табыс операциялық табыстың әрекетiнен, ауыспалы шығын есебiнен болған әрекет шығынын сипаттайды.

Таза табыс – кәсiпорынның барлық шығындарынан қалған, яғни жалпы салықтық өтемдер, өнiмнің бағасын сипатттайды.

Табыстың салықтық сипаттамасы  салыққа жатпайтын оның бөлiктерiн  анықтайды. Яғни табыстың Бұлай бөлiнуi кәсiпорынның салық саясатында маңызды роль атқарады. Табыс құрамы салық салуға жатпайтын заңға сәйкес реттелiп отырады.

Табыстың инфляциялық тазартуына  сипаттамасында оның номиналды және нақты түрлерiн жеке көрсетедi.

Нақтылы табыс, табыстың ешқандай бүкпесiз құлдырау кезеңiне сәйкестендiрiлген номиналды сомынан алынады.

Қарастырылып отырған  кезеңнің табысын құру кезiнде өткен кезеңнің табысын назарға ала отырып, алдағы жоспарлы кезеңнің табысын  анықтайды. Осындай талдаулар арқылы табыстың динамикасына, базисiне есептеулер жүргізiледi.

Экономикасы өркендеген елдерде  төтенше табыс  қоры болады. Бұл табыс қорына кәсiпорынның бiр филиалын сатқанынан түскен пайда жатады.

Табыс құрамын қолдану  барысында, сол кәсiпорынның салық пен басқа да мiндеттi төлемдерiн өтегеннен қалған таза табыс оның қолдану және капиталдау бөлiгiне өтедi.

Капиталдандырылған табыс  сол кәсiпорынның өркендеу активтерiн қаржыландыруға жүмсалған бөлiгiн сипаттайды.

Қолданбалы табыс меншiк  иелерiнің шығындарына, қызметкерлерге немесе кәсiпорынның әлеуметтiк бағдарламаларына арналған бөлiктерiне жүмсалады.

Нарықтық экономикасы  дамыған мемлекеттерде табыстың осындай түрлерiн сипаттау үшін арнайы үлестiрiлген табыс немесе үлестiрiлмеген табыс деген терминдер қолданылады.

Шаруашылық нәтижесiнде мағынасына қарай табыс оңды немесе солды табыс болып бөлiнедi. ТМД мемлекеттерiнде бұл терминдер шектеулi түрде таратылған, бiрақ соңғы жылдары бухгалтерлiк есептеулерде кездеседi.

Осы қарастырылған маңызды  ерекшiлiктерге қарамастан барлық табыстың сан-алуан түрлi терминдерi ғылыми, кәсiпкерлiк iстерде қолданылып келедi. Табыстың кейбiр жеке түрлерi жекелеген азаматтардың тiкелей пайдасына ғана қолданылып, ортаға ешғандай пайда әкелмей жүр. Мұндай табыстар алып-сатумен, нарықтағы бәсекеде терiс  жолдармен келiп отыр. Мұндай табыстар қоғамға тек керi әсерiн тигiзедi деген түжырым бар.

Коммерциялық алып-сату операциясынан түскен табыс -  арбитражды келiсiм арқылы кәсiпкерлердің мықты ақпаратталған қолайлы шарттар мен өте жоғары дәрежелi бәсекелестерiнің нәтижесi. Қорытындылай келе, алыпсатарлық табыс нарықтың салыстырмалы механизмiне қызмет етедi. Нарықтың мекеме саласында – тауарлық, қорлық және валюталық алыпсатарлық келiсiмдерi бағаны сақтандыру механизмiнің бiркелкi қалыпсыздануына әкелiп соғып, бақталас ортада бағаның құлдырауына бағыттайды.

Кәсiпорынның бұлыңғыр жолмен тапқан табысы нақты түрде, кәсiпкердің мемлекет тарапынан бекiтiлген кәсiпкер табысына   салынатын қомақты салығынан қорғаныш ретiнде пайдаланады. Осындай әрекеттердің өрiс алуы, мемлекет үшін қабылданған шешiмдердің индекаторы ретiнде қабылданылады.

Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез келген коммерциялық мекемелерi қызметiнің негiзгi мақсаты болып табылады. Нарықтық қатынастарда пайда экономикалық санаты ретiнде құрылған материалдық өндiрiс саласының таза пайдасын қамтиды.

Әрбiр кәсiпорынның жиынтық көрсеткiшi пайда түсiмi болып табылады.                            Пайда дегенiмiз – тауар өткiзуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кiрiс пен оны өндiруге және сатуға жүмсалған шығындардың айырмасы. Былайша айтқанда, пайда - бұл өндiрiстің айналымының қаржылық қорытындысын бiлдiретiн кәсiпорын қызметiнің нәтижелi экономикалық көрсеткiшi. Кез келген кәсiпорында жалақы ұжымға оның жүмсаған еңбегінің тек бiр бөлiгiнің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлiгi – қосымша еңбек – қосымша өнiм немесе құн жағынан алғанда, пайда құрайтыны осыдан келiп шықады. Мұнсыз жалпы тауар өндiрiсiнің болуы мүмкiн емес. Шынында да, сатқанда бұйым тек жүмсалған шығынды ғана өтеп, ешқандай пайда келтiрмесе, кәсiпорынға бұйым шығарудың қажетi не?

Шынында да, кәсiпорынның қорлануының мөлшерi неге байланысты? Егер белгiлi бiр кезеңде ұжым қажет болып отырған өнiм өндiрудi арттырып, оның сапасын жақсартып, ассортиментiн кеңейтсе, егер еңбек өнiмдiлiгi артып, өндiрiс шығыны азайтылса, пайда мөлшерi де өседi. Демек, Бұл кәсiпорын өндiрiс тиiмдiлiгiн  арттырды деген сөз.

Пайда баланстық және есептеулiк болып бөлiнедi. Жалпы баланстық пайда мынадан құралады:

  • тауарлы өнiмдердi сатудан түскен пайда;
  • тауарлы өнiмнің құрамына жатпайтын басқа өнiмдерден және қызмет көрсетуден түскен пайда немесе зиян;
  • сатылатыннан тыс операцияларды жоспарлаудан түскен пайда немесе зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.

Есептеулiк пайда –  Бұл негiзгi өндiрiстiк және айналмалы (ЖТ) нормативтiк қорларды және банктерден алған несиелердi шегергендегi бюджетке түсетiк жалпы баланстық пайда.

Пайда жоспары бағалар  мен келiсiм-шарттар, салыстырмалы және қазiргi қолданылып жүрген бағалар негiзiнде жасалады. Пайда көлемiн анықтау тiкелей есептеу немесе талдау әдiстерiмен жүргізiледi. Пайданы тiкелей есептеу әдiсiмен анықтау - өнiмнің әрбiр жеке түрлерiн көтерме бағамен есептегендегi сатудан түсетiн ақшалай түсiм және оның өзiндiк құнының арасындағы айырмасы болып табылады.

Пайда белгiлi бiр нысандарды орындайды.

Бiрiншiден, кәсiпорын қызметiнің нәтижесiне жетуде экономикалық тиiмдiлiктi сипаттайды.

Екiншiден, пайда ынталандыру  нысанына ие болады. Оның мазмұны, ол бiр жолғы қаржы нәтижесi және кәсiпорынның қаржы ресурстарының негiзгi элементтерi болып табылады.

Үшіншiден, пайда бюджеттің түрлi деңгейiн қалыптастырудың бiрден-бiр көзi. Ол бюджетке салық түрiнде түседi және басқа да табыс түсiмдерiмен қатар қоғамдық қажеттiлiктi ғанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайдаланады.

Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны алуға ұмтылу тауар өндiрушiлердi өнiм өткiзудің көлемiн арттыруға, оған кететiн шығындарды азайтуға бағыт көрсетедi.

Кәсіпорынның табысын арттыру жолдары және оны бөлу туралы