Кәсіпорынның тиімділігін жоғарлату жолдары
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«КӨЛІК ЭНЕРГЕТИКА» ФАКУЛЬТЕТІ
"КӨЛІК, КӨЛІК ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ"
кафедрасы
«Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті» пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Кәсіпорынның тиімділігін
жоғарлату жолдары»
Қабылдаған: Тлеухан А.Т.
АСТАНА – 2012
Мазмұны:
Кіріспе.......................
I. Өндірістің экономикалық
және әлеуметтік тиімділігі....
1.1 Экономикалық тиімділік
және оның көрсеткіштері.......
1.2 Салыстырмалы тиімділік........
1.3 Өндірістің тиімділігін
арттырудың негізгі жолдары....
II. Кәсіпорынның
жұмысын жоспарлау.............
2.1 Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен
көрсеткіштері. ..............................
2.2 Өндірістік бағдарлама
және оның негізгі
2.3 Пайда – кәсіпорынның
басты мақсаты.................
III. Жеке ұжымдық және унитарлы кәсіпорындардың жұмыс
жасау механизмі..............
3.1 Заңды тұлғалар, кәсіпорын
түрлері.......................
3.2 Шаруашылық серіктесер
және қоғамдар.................
3.3 Мемлекеттік және муниципалдық
унитарлы кәсіпорындар.........
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе.
Осы курстық жұмыстың тақырыбы: “Кәсіпорынның тиімділігін жоғарылату жолдары”. Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімнің тақырыбы: “Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі”. Мұнда кәсіпорын ішінде орын алатын макроэкономикалық процестерге және оның сыртқы экономикалық ортамен өзара байланысына ерекше назар аударылған.
Ресурстардың барлық түрлерінің қалыптасуы, оларды қолдану, өндіріс және дайын өнімді өткізу сияқты кәсіпорынның толық ұдайы өндірістік циклін қамтиды. Жалпы теориялық жақтарымен қатар кәсіпорынның күрделі және жан – жақты қызметін тереңірек көрсетуде нақты мысалдармен берілген бірқатар тақыраптар бар.
Курстық
жұмыстың екінші бөлімінде
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде жеке ұжымдық және унитарлы кәсіпорынның жұмыс жасау механизмі, шаруашылық серіктестіктер және қоғамдар, мемлекеттік және мунуципалдық унитарлы кәсіпорындар, заңды тұғалар бірлестігі және осы бірлестіктердің тиімділігін арттыру жолдары көрсетілген. Сонымен қатар,экономикадағы әртүрлі заңды тұлғалардың қызмет істеуі және олардың мамандану дәрежесін, ұйымдастыру тәсілі, механизация және автоматизация ерекшеліктерін, ұйымдастыру парволық формаларын қарастырады.
Бөлім I. Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.
1.1 Экономикалық тиімділік және оның көрсеткіштері.
Нарық жағдайында,
экономикалық дамуды әрі қарай
жалғастыруда, өндірістің тиімділігін
арттырудың бағыттарын, олардың
өсу факторлар мен тиімілікті
анықтаудың әдістерін анықтау
маңызды міндет болып табылады.
Кәсіпорындардың өндірістік
Экономикалық
тиімділіктің жалпылама
Сонымен
қатар, экономикалық
- Өнімнің еңбексыйымдылығы материалдық өндіріс саласында жұмсалған еңбек санын, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:
Есый=Т/Q
Мұндағы: Есый- еңбексыйымдылығы;
Т- еңбек саны;
Q – Шығарылған өнімнің жалпы көлемі.
Қоғамдық
еңбектің материалсыйымдылығы
Мсый=Ш/Q,
Мұндағы: Мсый – материалсыйымдылығы деңгейі;
Ш – шикізат, материал, отын энергия және т.б.
Капиталсыйымдылығы
халық шаруашылығындағы
Ксый - өнімнің капиталсыйымдылығы;
К – капиталдық салымдардың жалпы көлемі;
Q – шығарылған өнім көлемінің өсімі.
Өнімнің
қорсыйымдылығы халық
Қсый =F/Q,
Мұндағы: Қсый - өнімнің қорсыйымдылығы;
F – халық шаруашылығындағы
орташа құны;
Q – шығарылған өнімнің жалпы көлемі.
Тиімділік – жалпы және салыстырмалы болып бөлінеді.
Жалпы тиімділік – шығындарды атқару арқылы пайда болған әсердің жалпы көлемін көрсетеді және оны инвестициялардың әрбір объектілері бойынша есептеуге болады.
Салыстырмалы тиімділік белгілі бір өндірістік және шаруашылық есептерді шешуде, екі немесе бірнеше шешім варианттарының ішінен біреуін таңдап алуда есептелінеді. Ол бір варианттың басқа вариантпен салыстырғандағы экономикалық қолайлылығын көрсетеді.
Жалпы тиімділіктің
көрсеткіштері мынадай
- өндірістік іс - әрекеттің тиімділігін көрсететін көрсеткіштер, кәсіпорынның пайдалылығын және оның активтерді қолдану мүмкіншіліктерін өлшейді;
- өтімділік көрсеткіштері, кәсіпорындардың қысқа мерзімді міндеттемелерді орындау мүмкіншіліктерін, айналым қорларын басқаруын сипаттайтын көрсеткіштер;
- қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, кәсіпорынның активтерін қаржыландыруда қолданылатын капиталдың құрылымын құру әдістеріне байланысты болған тәуелшілдік деңгейін анықтайтын көрсеткіштер.
Өндірістік іс - әрекеттің тиімділігінің көрсеткіштері. Бұл топ көрсеткіштері ағымды негізгі өндірісік іс - әрекеттің нәтижелері мен тиімділігін сипаттайды. Бұлардың көмегімен кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалауға болады. Ол үшін қаралып отырған кәсіпорынның қызметтік іс - әрекетін басқа да кәсіпорындармен салыстыру қажет. Мұндағы сапалық критерийге кіретіндер: өнімді сату нарығының кеңдігі; Экспортқа шығарылатын өнімнің көлемі; кәсіпорын репутациясы және т.б.
Сандық бағалау екі бағытта жүргізіледі:
- негізгі көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалу деңгейі;
- кәсіпорын ресурстарын қолданудың тиімділік деңгейі.
Шаруашылық
іс - әрекеттің тиімділігін
Сату рентабельдігі (есеп беру кезеңіндегі пайда / өнім өткізуден алынған ақша түсімі х 100%). Бұл көрсеткіш өнімді шығаруға кеткен шығындармен осы өнімді сату бағасының арасындағы қарым – қатынастың тиімділігін сипаттайды.
Активтер рентабельдігі (есеп беру кезеңіндегі таза пайда / есеп беру кезеңінің соңындағы активтер х 100%). Бұл көрсеткіш кәсіпорынның барлық мүлігінің (айналым және негізгі капиталының) қолданылуы тиімділігін көрсетеді.
Негізгі
капиталдың рентабельдігі (
Меншік
капиталының рентабельдігі (
Тиімділіктің салыстырмалы көрсеткіштері:
- активтердің айналымдылығы (сату көлемі / активтердің орташа жылдық құны х 100%) кәсіпорынның тауары бар активтердің негізінде шығарылып, сатылу мүмкіншіліктерін сипаттайды.
- Негізгі капиталдың айналымдылығы (сату көлемі / негізгі капитал), негізгі капиталға кіргізілген қаражаттардың қолданылу тиімділігін көрсетеді;
- Айналым қаражаттарының айналым коэффициенті (сату көлемі / айналым капиталы), айналым саны неғұрлым көбірек болса, соғұрлым фирманың коммерциялық іс - әрекеті жылдамырақ және ағымды операцияларды жүргізуге қаражат мөлшері де аз кетеді;
- Материалдық - өндірістік запастардың айналым коэффициенті (сату көлемі / материалдық - өндірістік запастар), материалдық - өндірістік запастардың жылдық, айналым санын көрсетеді.
Өтімділік көрсеткіштері
- Меншіктік айналым қаражаттарының көлемі немесе таза айналым капиталы (ағымды активтер / ағымды міндеттемелер). Кәсіпорынның меншік капиталының, ағымды активтерді жабу көздері болып табылатын бөлшегін сипаттайды.Бұл көрсеткіш коммерциялық іс - әрекеттермен, шұғылданатын кәсіпорындар үшін аса маңызды болып келеді. Меншіктік айналым қаражаттарын көбейтудің ең негізгі және тұрақты көзі – пайда.
- Қолданылып жүрген немесе таза айналым капиталының оңтайлануы (ақша қаражаттары / таза айналым капиталы). Меншіктік айналым қаражаттарының ақша түріндегі формасын, яғни абсолюттік өтімділігі бар қаражаттарды сипаттайды. Бұл көрсеткіш 0 мен 1 аралығында өзгеріп отырады.
- Жабу коэффициенті (ағымды активтер / ағымды міндеттемелер). Активтердің өтімділік жалпы бағасын береді. Кәсіпорынның ағымды активтерінің қанша теңгесі, ағымды міндеттемелерінің 1 теңгесіне келетінін көрсетеді.
- Тез өтімділік коэффициенті. Бұл коэффициент жабу коэффициенті сияты есептеледі, бірақ ағымды активтердің аз – маз бөлшектерімен есептелінеді, есептеуден - өндіріс запастары алынып тасталады.
- Абсолюттік өтімділік коэффициенті (ақша қаражаттары / ағымды міндеттемелер). Кәсіпорын өтімділігінің ең тұрақты критерийі, қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қай бөлігі, қажет болған жағдайда, тез арада өтеле алатынын көрсетеді.
- Запастарды жабудағы меншіктік айналым қаражаттарының үлесі (меншіктік айналым қаражаттары / запастар мен шығындар), запастардың меншіктік айналым қаражаттарымен жабылатын бөлігін көрсетеді.
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының негізгі бір сипаттамасы – ұзақ мерзімді жоспардағы оның іс - әрекетінің тұрақтылығы. Ол кәсіпорынның жалпы қаржылық құрылымымен және оның кредиторлар мен инвесторлардан тәуелділік дәрежесіне байланысты. Қаржылық тұрақтылық ұзақ мерзімді жоспарларда, меншіктік және қарызға алынған қаражаттардың арақатынасымен сипатталады.
Көрсеткіштері:
- Меншік капиталын шоғырландыру коэффициенті (меншік капиталы / активтер).Кәсіпорын жұмысына қажетті қаражаттардың жалпы көлеміндегі, кәсіпорын иелерінің үлесін көрсетеді. Бұл коэффициент неғұрлым жоғары болса, кәсіпорын сыртқы кредиторлардан неғұрлым қаржылы тұрақты және тәуелсіз.
- Қаржылық тәуелділік коэффициенті (активтер / меншік капиталы) – меншік капиталын шоғырландыруға кері коэффициент. Бұл көрсеткіш динамикада өсуі, кәсіпорынды қаржыландырудағы қарыз қаражаттары үлесінің көбейгенін көрсетеді. Егер оның маңызы бірге дейін төмендесе (немесе 100%), онда ол, кәсіпорын иелерінің өз кәсіпорынын толық қаржыландырып отырғанын көрсетеді.
- Меншік капиталының оңтайлылық коэффициенті (меншіктік айналым қаражаттары / меншіктік капитал). Меншіктік капиталдың қай бөлігі, ағымдық іс - әректтерді қаржыландыруға жұмсалатынын көрсетеді.
- Ұзақ мерзімді салымдардың құрылымдық коэффициенті (ұзақ мерзімді міндеттемелер / негізгі қаражаттар және басқа да айналымнан тыс активтер). Бұл коэффициент, негізгі қаражаттар мен басқа да айналымнан тыс активтердің қай бөлігі сыртқы инвесторлар арқылы қаржыландырылғандығын көрсетеді, яғни кәсіпорын иелеріне емес, сыртқы инвесторларға тиесілі.
- Меншіктік және тартылған қаражаттардың арақатынас коэффициенттері (тартылған капитал / меншіктік капитал). Бұл коэффициент кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының жалпы бағдарламасын көрсетеді. Оның 0,155 – ке тең белгісі, кәсіпорынның активтеріне кіргізілген, меншік қаражаттарының 1 теңгесіне 15,5 тиын қарыздық қаражаттар келетіндігін көрсетеді.
1.2 Салыстырмалы тиімділік.
Кәсіпорынның іс - әрекетінің неғұрлым үнемді бағытын таңдап алу үшін, салыстырмалы тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі қолданылады. Салыстырмалы тиімділік көрсеткіштеріне – үлестік күрделі қаржы, өнімнің өзіндік құны, күрделі қаржы қайтарымдылығы, табыс пен шығындардың арақатынасы жатады.
Үлестік күлделі қаржылар іске қосылатын өндірістік қуаттың бірлігіне есептелінген немесе дайын өнімнің өсіміне есептелінген күрделі қаржылардың көлемін сипаттайды. Инвестицияландыру варианттары бойынша алынған үлестік күрделі қаржылар азайту критерийлары арқылы өзара салыстырылады. Бұл арада, жаңа техника мен технологияны қолдану мүмкіншіліктері, өндірістік объектілерді жобалау және конструкциялау кезінде, аса үнемді шешімдерді қолдану жолдары қарастырылады.
Өнімнің өзіндік
құны – кәсіпорынның өнім
Инвестициялық жобаларды салыстырып, олардың ішінен тиімділерін таңдап алуға мынадай көрсеткіштерді пайдалану арқылы шешкен жөн:
- таза табыс (интегралдық әсер);
- табыстылық индексі (ТИ);
- табыстылықтың ішкі нормасы (ТІН);
- инвестициялардың қайтарым мерзімі (ИҚМ);
- басқа да көрсеткіштер.
Инвестициялар варианттарының тиімділігін бағалағанда, берілген көрсеткіштерді салыстыру уақытының құнына келтіру қажет, себебі, ақша түсімдері мен шығындарының көлемі әртүрлі уақыт аумақтарында әртүрлі болып келеді, мысалы ертерек алынған табыстың құны, кейінірек алынған табыстың құнынан жоғарырақ болады.
Шығындар
мен нәтижелердің көлемін
Мұндағы: t – нәтижені алынған мерзім мен салыстыру мерзімінің аралығындағы уақыт, жыл.
Дисконт нормасы Е – капиталдың табыстылық коэффициенті (табыс көлемін күрделі қаржыға бөлу). Бұл жағдайда, басқа инвесторлар өз қаражаттарын басқа да осы тектес жобаларға салуға әзір.
Таза дисконтталған табыс – барлық есеп айырысу кезеңіндегі ағымды әсерлердің жиынтығы ретінде анықталады, интегралдық нәтижелердің интегралдық шығындардан асып түсуімен мына формула:
Мұндағы: Ht – есеп айырысудың t – уақытындағы нәтижелер;
Шt – сол уақыттағы шығындар;
Е – есеп айырысудың уақыт кезеңі.
Инвестициялардың табыстық индексі (ТИ) келтірілген әсер жиынтығын инвестициялардың көлеміне бөлу арқылы анықталады:
мндағы: К – инвестициялар көлемі;
Егер ТИ= 1 немесе ТИ › 1, онда таңдап алынған вариант тиімді, ал егер ТИ ‹ 1 – тиімсіз деп есептелінеді.
Таза дисконтталған табысқа қарағанда (ТДТ), табыстылық индексі (ТИ) салыстырмалы көрсеткіш болып табылады.
Сондықтан
да ТДТ – лары шамамен бірдей
жобалардың ішінен біреуін
Инвестициялар табыстылығының ішкі нормасы (ИТІН) – Е дисконтының, келтірілген әсердің көлемі мен келтірілген күрделі қаржылардың көлемінің тепе – теңдігін көрсететін нормасы.
Есептелінген табыстылық нормасының көлемі, инвестор талап ететін капиталға берілетін табыс көлемімен салыстырылады. Егер ИТІН қажетті табыс нормасымен тепе – тең болса, не болмаса одан көп болса, онда таңдап алынған вариант тиімді деп есептелінеді.
Инвестициялардың
қайтарым мерзімі (Т қай) –
инвестициялық жобаны атқаруды
бастаған уақыттан ең аз
Салыстырмалы
варианттарды сапа жағынан
Әлеуметтік
тиімділік бойынша, инвестиция
варианттарын таңдауда және
Өндіріс тиімділігін әлеуметтік талдау жасаудың мақсаты – қолданушылар үшін жоспар варианттарының жарамдылығын анықтау.
Әлеуметтік
тиімділікті талдау
- жоба бойынша, тұрғындардың мәдени - әлеуметтік және демографиялық сипаттамасын беру;
- жобаны іске асыру ауданында халықты ұйымдастыру, жұмыс күшінің саны, ресурстарды бақылауды қадағалау;
- жобаның жергілікті мәдениетке сай қолданылуы;
- жобаның нәтижелерін қолданатын тұрғындар тобы мен ұйымдарды қажетті міндеттемелермен қамтамасыз ету стратегиясы.
Тиімділікті есептеудегі, өндірістің әлеуметтік нәтижелерінің негізгі түрлері:
- аймақтағы жұмыс орындары санының өзгеруі;
- жұмысшылардың үй – мәдени – тұрмыстық жағдайларының өзгеруі;
- жұмысшылардың жұмыс жағдайының өзгеруі;
- өндірістік персоналдың құрылымының өзгеруі;
- халықты тауарлардың жеке түрлерімен қамтамасыз етудің сенімділігінің өзгеруі;
- жұмысшылар мен жалпы халықтардың денсаулық деңгейінің өзгеруі;
- халықтың бос уақытын үнемдеу.
1.3 Өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі жолдары.
Еліміз нарық экономикасының орнауы әртүрлі тауарлар мен қызметтерді өндіру, сату және тұтыну процестерін реттейтін механизмдердің пайда болып, дамуына жағдай жасайды. Экономикалық іс - әрекеттің төлем қабілетті сұранысы мен талаптарына сай келетін, өндірістің оңтайлы инфрақұрылымын құру, ұлттық нарық пен өзгеріп отыратын нарық жағдайларына байланысты тауар өндіріп, қызмет атқаратын кәсіпорындар мен экономика секторларының жағдайлары нарықтың тұтыну құрылымына, оның бағытына, оны бағдарлау мүмкіншіліктеріне байланысты.
Республиканың «Мемлекеттік өнеркәсіп саясатының 1999 – 2003 жылдар аралығындағы негізгі бағыттарына » сәйкес, өнеркәсіптік саясат өндірістің тиімділігін арттыру жолында мақсатқа жетуде, жаңа жұмыс орындарын ашуға, тауар нарықтарында ұлттық өнеркәсіптің үлесін арттыруға бағытталған.
Қазіргі Қазақстан экономикасының бір қалыпсыз дамуы, өндіру, сату көлемдерінің ауытқуы, өндіріс қарқынының төмендеуі жағдайында, кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін арттыру жолындағы мынадай тактикаларды кездестіруге болады:
Қорғаныс
тактикасы – оперативтік
Ал басып алу тактикасы тиімдірек саналады. Мұнда стратегиялық шаралар жүргізіледі – маркетингтік зерттеулер, сатудың жаңа нарықтарын табу, жоғарырақ баға қою, модернизациялау арқылы өндірістің дамыту шығындарын көбейту, негізгі қорларды жаңарту, жаңа технологияларды енгізу.
Қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың негізгі факорлары болып ғылыми – техникалық прогресс саналады. ҒТП – ның негізгі бағыттары:
- жаңа прогрессивті – мембрандық, плазмалық, лазерлік, жоғарғы қысымды технологияларды кеңінен игеру;
- өндірісті автоматтандыру – робот техникасын, роторлық, роторлы – конвейерлі линияларды, автоматтандырылған жүйелерді қолдану;
- метал өнімдерінің, пластымассаның, метал ұнтақтарының, керамиканың және де басқа прогрессивті конструкциялық материалдардың жаңа түрлерін шығарып, қолдану.
Өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың келесі бір факторы – үнемдеу режимі, яғни материал, шикізат, отын, энергия ресурстарын, еңбек, қаржы ресурстарын үнемді қолдану, жоғары тиімді аз қалдықсыз технологиялық процестерді қолдану.
Сонымен қатар қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыратын факторларға-
- өндіріс процесінде негізгі қорларды қолдануды жақсарту;
- экономиканың құрылымын дамыту, оңтайлы инвестициялық саясат;
- ұйымдық – экономикалық факторлар;
- басқару;
- өндірістік әлеуметтік инфрақұрылымды әрі қарай дамыту;
- өнімнің сапасын арттыру және т.б. жатады.
II Кәсіпорынның жұмысын жоспарлау.
2.1 Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері.
Кәсіпорынның даму жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:
• Өнеркәсіп өнімін шығару жоспары (өндірістік бағдарлама) – негізгі бөлім болып саналады. Бұл бөлімде әртүрлі өнімдерді құндық және табиғи өлшемдерде шығару жоспарланады және өнім сапасын арттыру қарастырылады. Сонымен бірге кәсіпорындарды мамандандыру, шоғырландыру, жинақтау, құрамдастыру жоспарланады.
• Ғылым мен техниканы дамыту жоспары. Бұл бөлімнің негізгі маңызы – ғылыми – техникалық прогресті жылдамдату, ғылыми – зерттеу жұмыстарын жоспарлау, таза өнімдерді шығаруды жоспарлау, прогрессивті технологияларды қолдану, өндіріс процесін автоматтандыру, автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануды жоспарлау, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру. Бұл бөлімге стандарттандыру мен метрологиялық өлшемдерді жоспарлау да жатады. Ғылым мен техниканы дамыту жоспарының көрсеткіштері: өндірісте жаңадан шығарылған өнім, еңбекті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі, жұмысшылардың санын салыстырмалы түрде азайту, өндірістің техникалық жағдайын жақсарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру және тауар өнімінің өзіндік құнын азайту, өнімнің сапасын арттыру, құрал – жабдықтарды, материал сыйымдылығын, табиғи өлшемдегі еңбек өнімділігін қолдану және т.б. жатады.

- Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысандары
- Кәсіпорынның шығыны мен кірісін жоспарлау
- Кәсіпорынның экономикалық жағдайы
- Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
- Кәсіпорын өнімінің сапасы және бәсекеге қабілеттілігі. Баға белгілеу
- Кәсіпорын өнім сапасын көтеру
- Кәсіпорын өнім сапасын көтеру
- Кәсіпорынның пайдасы, оның түсінігі және мәні
- Кәсіпорынның пайдасы, рентабельділігін және олардың өзгеру факторларын талдау
- Кәсіпорынның сипаттамасы
- Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметі
- Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі, оның есебі
- Кәсіпорынның табыстылығын талдау
- Кәсіпорынның табысын арттыру жолдары және оны бөлу туралы