Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық нысандары
АҚША, НЕСИЕ, БАНКТЕР ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
1 тақырып. Ақшаның мәні және қызметтері
Сабақ формасы: тәжірибелік сабақ
Сабақ мақсаты: Ақшаның мәні және қызметтері туралы алған ілімдік тәжірибе жүзінден білімдерін бекіту.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1.Ақшаның қажеттілігі
2. Ақшаның пайда болуы және мәні
3. Ақшаның формалары мен түрлері
4. Ақшаның қызметтері
Келесі тақырыптарға студенттердің баяндамасы және оларды талқылау:
1) Қазақстан Республикасының қазіргі ақша саясаты
2) Қоғамдағы жинақтау мен сақтаудың негізгі формалары және олардың болашағы
3) Батыс экономистері жұмысындағы ақша ілімі
«Ақшаның уақытша құны» тақырыбына есептер шығару
Жай пайыздар жүйесі бойынша операцияларды
дамыту моделдері
Коммерциялық, несиелік және басқада қаржылық келісімдерде пайыздық есептеулер кеңінен қолданылады. Бұл кезде келісуші жақтар қаржылық немесе несиелік келісімдер бекіте отырып, сол немесе басқа уақытша кезең (есептеу кезеңі) : күн, ай, тоқсан, жыл үшін пайыздық ставканың мөлшерін -табыстың салыстырмалы көлемін ескереді.
Келісім жағдайына байланысты пайыздар тұрақты база (жай пайыздар) немесе кезекті өзгермелі (пайыздар пайыздарға есептеледі-күрделі пайыздар) негізінде есептелуі мүмкін.
Жай пайыздарды арттырудың негізгі формуласы келесі түрде болады:
S=p*(1+i%/100%)
мұндағы S-пайызды есептегеннен кейінгі өскен сома;
P-қарыздың алғашқы сомасы;
I%-жай пайыз ставкасы;
n –келісім мерзімі(ссуда немесе депозит мерзімі),
жылдардағы.
Мысал 1
ААҚ «Лика» 3 ай мерзімге 100 000 тг мөлшерінде пайыз есептеумен келісім қызметінің соңына 16% жылдық есеппен депозит ашады. Келісім мерзімінің соңы бойынша банктен тапсырыс беруші алатын ақша сомасын анықтау талап етіледі.
Шешімі: Берілгендерді (1.1) формуласына қойып келесі өрнекті аламыз:
S=100 000*(1+16%/100%*3/12)=104 000 тг
Есептелген жай пайыздар сомасы келесі формула бойынша анықталады (2).
I=P*(I%*n/100%)=P*i*n
мұндағы I-жай пайыз сомасы;
P-пайыз есептелетін сома;
I%-жылдық пайыз ставкасы;
n-пайыз есептеу мерзімі.
I=i%/100%
мұндағы I-жылдық пайыз ставкасының қатысты шамасы;
i%-жылдық пайыз ставкасы, %.
n-параметрі бүтін сонымен бірге бөлшек сан болуы
мүмкін.
n=t/K
мұндағы t - пайыз есептеу кезеңінің ұзақтығы,
K-жылдағы күндер саны (360,365,366).
(4) формуласына сәйкес (1). формуласын мына түрде жазуға
болады:
S=P*(1+i*t/K)
Өсім коэффициенті келесі түрде есептеледі:
Kө=S/P=(1+i*n)
мұндағы S-өсім сомасы;
P-алғашқы сома;
i-қатысты жылдық пайыздық ставка;
n-жылдағы есептеу кезеңі.
Егер пайыздар есептеу кезеңі аралығында (nj) есептеудің әр түрлі интервалында (ij) әр түрлі пайыздық ставка бекітіледі. Онда өсім коэффициенті мынаған тең:
Kh=1+wnj*ij
мұндағы nj-j интервалының ұзақтылығы;
Ij-j интервалындағы пайыздық ставка;
m-интервалдар саны.
Әр елдің банктік тәжрибесінде пайыздар есептеу кезінде жылдар- дағы есептелген күндер саны және күндер бойынша мерзімді анықтау әр түрлі.
Герман тәжрибесінде күнде санын есептеу жыл ұзақтығы 360 күн, ай ұзақтығы 30 күнге негізделген. Француз тәжрибесінде жыл ұзақтығы 360 күн, ал айдағы күндер саны нақты күнтізбелік ұзақтықа тең етіп алынады(28,29,30,31 күнге сәйкес). Ағылшын тәжрибесінде жыл ұзақтығы 365 күн (толық жылда 366 күн), ал ай ұзақтығы күнтізбе бойынша нақты ұзақтыққа сәйкес келеді.
Мысал 2
Есептеу тәжрибесінің әр түрлілігі кезінде пайыздар есептеу үшін күндер санын анықтау керек, талап етуге дейінгі салым 12.010.99 жылдан 15.03.99 жылға дейінгі аралықта болса.
Шешімі:
1) Герман тәжрибесінде пайыздар есептеу үшін күндер саны мынаған тең: 20(қаңтардағы салымды сақтау күндер саны)+30(ақпандағы)+15(
2) Француз тәжрибесінде, ағылшын тәжрибесіндегі күндер санын есептеу
кезіндегі пайыздар есептеу үшін күндер санына тең: 20+28+15-1=62 күн.
Өз бетімен шығару үшін есептер.
1) 700 шартты бірлікті жинақтау үшін банкке 500 шартты бірлікті
қанша мерзімге салу қажет, егер банк 20% жылдық жай пайыздық ставка бойынша салымды қабылдаса. K=360
2) Банк 1 млн. теңге сомасын 15% жылдық ставка бойынша,1сәуірден 15 маусыға дейінгі аралыққа несие берді. 18 сәуірде
пайыздық ставка 14%-ке дейін төмендеді; ал 1-ші мамырда10% жылдыққа дейін. Банкке 15-ші маусымда қарыз алушыменқайтарылған жалпы қарыздың сомасын анықтау керек. Есептеу мерзімін анықтау әдісі-француздық.
3) 70 000 тг салым банкке 5-ші ыркүйекте 70% жылдық ставка кезінде салынды.
23-ші қыркүйектен бастап банк салымдар бойынша пайыздық ставканы 65% жылдыққа дейін төмендетті. Қазанда салым иесі есеп шоттан
15 000 тг алды. 12 - ші қарашада салым жабылды. Пайыз есептеудің ағылшындық тәжрибесін қолдана отырып, салымның кезеңі үшін есептелген
пайыздар сомасын анықта.
4) 200 000 тг мөлшеріндегі депозит 12.03.99 жылы банкке салынды және
25.12.99 жылы талап етілді. Пайыздар ставкасы 80% жылдықты құрады. Есептеу мерзімін анықтауда француз тәжрибесі кезінде пайыз сомасын анықта.
5) Тапсырыс беруші 1 000 тг сомасындағы депозитті 12% жылдық пайыздық ставка бойынша 10 жыл мерзімге салды. 10 жылдан кейін тапсырыс беруші алатын ақша сомасын анықтау талап етілді.
6) Салым иесі 10 000 тг шамасында 4 айға 6% жылдық пайыздық ставкамен салым жасады. Салымның өсім сомасын анықта.
7) 20 000 тг мөлшеріндегі алғашқы капитал 90 күннен кейін теңгеге өсетіндей жай пайыздық ставканы анықта.
8) 20 000 тг мөлшеріндегі алғашқы капитал 60 000 теңгеге дейін өскендегі, егер банк есепті 150% жылдық пайыздық ставка бойынша жүргізсе, К=360 болғандағы есептеу кзеңін анықта.
Күрделі пайыздар жүйесі бойынша операцияларды
дамыту моделдері.
Қаржылық операцияларда күрделі пайыздар жүйесі қолданылады. Егер есептелетін пайыз I (капиталдан кіріс) P бастапқы капиталмен қосылса және келесі этапта пайыз барлық құрылған сомадан (P+I) есептелінеді. Кей кезде бұл вариант капитализация немесе реинвестірлеу, немесе пайызға пайыз деп аталады. Бұл жағдайда жинақталған капитал сомасы мынаны құрады:
S=P(1+i)^n
мұндағы i-күрделі пайыздардың жылдық ставкасы
n-жылдар саны
(4) формуласына сәйкес (8) теңдігі келесі түрде болады:
S=P+(1+i)^t/K
мұндағы t-күрделі пайыздар есептеу күндерінің саны
K-жылдардағы күндер саны
S=P*Kө
мұндағы Кө-өсім коэффициенті.
Мысал 4
Күрделі пайыздар формуласы бойынша жедел салым сомасына пайыздар есептеу. 5.09.98 жылы банк салым иесімен 21 күнге жедел банктік салымға келісім бекітті (салымды қайтару мерзімі 26.09.98). Салым сомасы 15 000 тг.
Шешімі:
Пайыздарды есептеу кезеңі 21 күн. 26.08.98 жылы банк салым иесіне салым сомасын (салым бойынша күн сайынғы капитализация есебімен) қайтарады:
S=15 000(1+15%/100%*1/360)^21=15 129.99 тг.
Күрделі пайыздарды есептеу жылына бірнеше рет жүргізілуі мүмкін. Бұл кезде әрбір кезеңдегі есептелген пайыздар ставкасвнвң мөлшері бойынша анықталатын жылдық пайыздар ставкасын номиналды жылдық пайыздық ставка деп атайды.
Мына жағдайда күрделі пайыздарды есептеу тең уақыт аралығы арқылы жүзеге асырылса j номиналды пайыздық ставкасы көрсетіледі және келесі формула қолданылады:
S=P*(1+j/m)^m*n
мұндағы j-номиналдық пайыздық ставка;
m-жыл үшін есептеу интервалдарының саны;
n-жылдағы есептеу мерзімі.
Келісімнің барлық мерзімі үшін интервалдар саны (N) мынаған тең:
N=m*n
Есептелген пайыздар сомасы келесі формула бойынша есептеледі:
I=P*[(1+j%/m*100%)^n-1]
Мысал 5
Банк салымға 100% жылдық номинал ставкасы бойынша тоқсан сайын пайыздар есептейді. 200 000 тг соммаға 2 жыл үшін есептелген күрделі пайыздар сомасын анықта.
Шешімі:
Есептеу кезеңдерінің санын келесі формула бойынша анықтаймыз (12). N=4*2=8
I=200 000[(1+100/4*100)^8-1]=992 092.9 тг. (13)
Өз бетінше шығару үшін есептер.
1) 500 000 тг мөлшеріндегі депозит банкке 3 жылға салынған. 8% жылдыққа тең жай және күрделі пайыдық ставка кезінде есептелген пайыздар сомасын анықтаңдар.
2) Банк 12 % жылдық номинал ставкасы кезінде салымға ай сайын пайыз есептейді. 250 000 тг сомаға 3 жыл үшін септелген күрделі пайыздар сомасын анықтаңдар.
3) Банк 21% жылды күрделі пайыздардың жылды ставкасы бойынша, 5 жылға 5 000 000 тг мөлшерінде ұзақ мерзімді несие берді. Несие мерзімінің соңында бір уақыттағы төлеммен өтелуі керек. Өтелген соманы және алынған пайыздар сомасын анықтаңдар.
Бақылау сұрақтары:
1. Ақшаның пайда болу себептері және сипаты;
2. Ақша тауардың қасиеті және ерекшелігі;
3. Ақша ұғымына анықтама беріңдер;
4. Ақша қызметтерін атаңдар және оның ерекшеліктерін әр түлі экономикалық
формацияларда қарастырыңыздар;
5. Қазіргі жағдайдағы ақша тағайындалуы және ролі;
6. Ақша қоғамдық қатынастарды таратушы дегенді қалай түсінесіңдер;
7. Неліктен барлық тарихи эквивалент ролі алтынға бекітілген;
8. Баға масштабы нені білдіреді;
9. Ақшаның айналым құралы және төлем құралы ретіндегі қызметтері
арасындағы айырмашылықты ата.
Әдебиеттер: 7, 8, 9, 10, 13.
2 тақырып. Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі
Сабақ формасы: тәжірибелік сабақ
Сабақ мақсаты: Ақша айналымы, ақша айналысы және ақша жүйесі туралы алған ілімдік тәжірибе жүзінден білімдерін бекіту.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Ақша айналымы, ақша айналысы және төлемайналысы туралы түсініктері.
2.Ақша айналысының эволюциясы.
3.Қазақстанның қазіргі кездегі ақша массасының құрамы..
4.Ақша жүйесі туралы түсінік және оның элементтері мен негізгі типтері.
Ары қарай студенттерге келесі тест сұрақтарына жауап беру ұсынылады:
1) Билондық ақшалар – бұл :
А. толық құнды емес ақша Б. Нақты ақшалар
В. Қағаз ақшалар
Д. Дұрыс жауап жоқ
2) Вексельге төлем келісімі:
А. аваль Б. авизо В. акцепт Г. аллонж Д. Аверс
3) Вексель бойынша төлем алу бойынша вексель ұстаушының
тапсырмасын банкпен орындау:
А. Вексельдер есебі Б. Вексельдерді инкосациялау
В. Вексельдерді домиляциялау Г. Вексель протесі
Д. Вексель кепілдігімен несиелеу
4) Жергілікті қағаз ақшаларды тарату басталды:
А. 15 ғасыр Б. 18 ғасыр В. 17 ғасыр Г. 19 ғасыр
5) Классикалық банкнот атқарды:
А. Вексельді қамтамасыз ету Б. Алтынды қамтамасыз ету
В. 2-і жақты қамсыздыққа (вексельді және алтын) Г. Ешқандай
Д. Ақшалыққа қамтамасыздыққа
6)
жөніндегі ағымдағы есеп шоты бар тұлғаның жазбаша жарлығы:
А. Вексель Б. Чек В. Төлем тапсырмасы
Г. Төлем тапсырмасы – талабы Д. Банкнот
7) Монетаның артқы беті:
А. Гурт Б. Аверс В. Ремедиум Г. Дұрыс жауап жоқ
Д. Аллонж
8) Несие ақшаларға жатпайды:
А. Вексель Б. Чек В. Облигация Г. Акция Д. В және Г
9) Вексельді “белгі” – бұл:
А. Төлемге қабылданған вексель Б. Төленген вексель
В. Төленбеген вексель
Г. Міндетті вексельді реквизит Д. Вексельдегі табыстау
жазбасы
10) Табыстау құқығынсыз, белгілі бір тұлғаға жазылған чек:
А. Ұсынылатын Б. Атаулы В. Есепті Г. Ордерлі
Д. Лимиттелген
11) Заңмен жіберілген факт жүзіндегі монета массасының нақтыдан
ауытқуы:
А. Проба Б. Аверс В. Ремедиум Г. Реверс Д. Аваль
12) Өздерінің шығындарын жабу үшін мәжбүрленген номиналмен
жасалынған және мемлекетпен шығарылған ақша белгілері:
А. Декретті ақшалар Б. Металл ақшалар В. Толық құнды
ақшалар Г. Нақты ақшалар Д. Дұрыс жауап жоқ
13) 31 қаңтар 2000 жылы төлеу мерзімімен 1 айға жазылып берілген
вексель төленуі керек:
А. 1 наурыз Б. 1 ақпан В. 28 ақпан Г. 29 ақпан
Д. Дұрыс жауап жоқ
14) Аудармалы вексель бойынша төлеуші:
А. Трассант Б. Тратта В. Ремитент Г. Трассат
Д. Индоссант
“Вексельдер есебі” тақырыбына есептер шығару
Тәжірибелік сабақты табысты жүргізу үшін студенттер “Ақша түрлері” тақырыбы бойынша лекциялық материалдарды оқуы қажет.
Банкпен мерзім соңында, вексель бойынша төленуге тиіс, ол бағадан аз бағаға сатылып алынуы мүмкін немесе оны дисконтпен банк есепке алған деп атау қабылданған. Вексельдің иесі дисконт түрінде банктің кірісін шегерумен, онда көрсетілген мерзімнен ерте ақша алады.
Дисконт келесі формула бойынша анықталады:
Д= ВН*T*Y% / 100*К
мұндағы Д – дисконт, теңге
ВН – вексельдің номинал құны
Т – вексель бойынша төлемнің басталуына дейінгі күндегі
мерзім
Y% - банктің жылдық есептік ставкасы, %-пен
К – жылдағы күндер саны
С=ВН – Д
мұндағы С – ремитентке немесе вексель ұстаушыға төленетін сома
Д – дисконт, теңге
ВН – вексельдің номинал құны
Мысал 1
Ремитент банкке номинал құны бойынша 4000 мың теңге траттаны ұсынды. Өтеу мерзімнің соңына дейін 20 күн қалды, банктің жылдық есептік ставкасы –90% жылдық, мерзімді анықтау әдістемесі және ремитентпен алынған соманы анықтау керек.
Д=4000*20*90/100*360=200 мың теңге
С=4000-200=3800 мың теңге
Сонымен банкке төленген дисконт сомасы 200 мың теңгеге тең, ремитентке төленген сома – 3800 мың теңге.
Мысал 2
Дисконтты вексельді өтеу датасы – ағымдағы жылдың 22 шілдесі. 100 млн теңге Номинал құнымен вексельді 2 – ші шілдеге дисконт және сатып алу сомасын анықтау керек. Егер вексельді ставка 40% жылдықты құрса, жылдағы күндер саны 360 болғанда
Шешімі
Д=100000000*20*40 / 360*100=222222,21 теңге
С= 100000000-222222,21=97777777,
Арықарай студенттерге өз бетімен шешуге есептер ұсынылады. Шешу жолдары оқытушының бақылауымен міндетті түрде талқылануы керек.
Өз бетімен шығару үшін есептер
1) 100000 теңге сомасына вексель банкке 20 қазанда 25% жылдық жай
есептік ставка бойынша көрсетілген. Герман тәжірибесі есебі кезінде, вексель иесінің алған және дискон сомасын анықтаңдар.
2) 500000 теңге сомаға вексель есебі кезінде, төлеу мерзіміне 60 күн
қалғанда банк вексель ұсынушыға 460000 теңге төледі. Банктің жай есептік ставкасының шамасын анықтаңдар.
3) 100 күн мерзімге вексель бойынша жылдағы 365 күн саны кезінде, 20% жылдық жай ставкамен анықталып есептелетін, процентпен 250000 мың теңге төленуі керек. Банк 20 күн үшін вексельді есепке алды. Төлеу мерзімі басталғанға дейін 9% жылдық жай есептік % бойынша. Бұл кездегі жылдағы есепті күндер саны – 360. Дисконт сомасын анықтаңдар.
4) Банк 6% жылдық есептік ставка бойынша 2 жыл үшін вексельді
есепке алады. Банктің кірісі бұрынғы қалпында қалуы үшін, банк қандай
күрделі есептік ставканы бекітеді.
5) Банк 8% жылдық номиналды есептік ставка бойынша жылына 3 рет процент есептеумен вексельді есепке алады және күрделі есептік ставкаға көшкісі келеді. Банктегі кіріс өзгермейтіндей, қандай шамада күрделі ставка болуы керек.
6) Жылдағы есепті күндер саны 360 тең 10% жылдық есептік ставка
бойынша, төлеу мерзіміне дейін 100 күн қалған вексель банкте есепке алынған.
Жылдағы есептелетін күндер саны 365-ке тең болатындай жай проценттердің
тиімді ставкасы бойынша операциялардың кірістілігін анықтау керек.
7) Вексельді өтеу мерзіміне дейін 50 күн қалды. Банк несие беру кезінде 120% жылдық проценттік ставканы қолданады. Егер жылдағы есепті күндер саны несие бойынша проценттер есептеу кезінде 360 күнге тең болғанда тең кірістілікті қамтамасыз ететін есепті ставканың эквивалентті мәнін анықтаңдар.
8) Клиенттің 10000 теңге мөлшерінде вексельді сомасы бар, ол оны
7% -ке тең күрделі есептік ставка бойынша 01.03.99 жылы банкке есепке алғысы келеді. Егер вексельді өтеу мерзімі 01.08.99 жылы болса, ол қандай сома алады. Әдіс – ағылшындық.
Студенттердің баяндамалары және оларды талқылау.
Баяндамалар тақырыптары:
1) Пластикалық карточкалардың дамуы және пайда болу тарихы.
2) Қазақстан Республикасындағы пластикалық карточкалар рыногы.
3) Вексельдің даму тарихы.
4) Вексельді айналым және оның Қазақстан Республикасындағы
даму келешектері.
Бақылау сұрақтары:
1 Ақша айналымының формаларын атаңдар және сипаттаңдар
2 Толық құнды және толық емес құнды ақшалар айналымы кезінде
3 ақша айналымдылығы заңының іс-әрекетінің өзгешелігі қандай ?
4 Ақша массасы үшін қандай көрсеткіштер қолданылады ?
5 Ақша айналымының жылдамдығы нені білдіреді және оған қандай
6 факторлар әсер етеді ?
7 Ақша базасы, ақша айналымына анықтама бер
8 Ақша агрегаттары дегеніміз не ?
9 Қазақстан Республикасында қандай ақша агрегаттары бар ?
Әдебиеттер: 7, 8, 9, 10, 13.
3 тақырып. Ақша реформалары
Сабақ формасы: тәжірибелік сабақ
Сабақ мақсаты: Ақша реформалары туралы алған ілімдік тәжірибе жүзінден білімдерін бекіту.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1.Ақша дағдарыстары
2.КСРО-дағы 1922-1924 жылдардағы ақша реформасы.
3. КСРО-дағы 1947 жылғы ақша реформасы.
4. КСРО-дағы 1961 жылғы ақша реформасы
5. 1993 жылғы ҚР ақша реформасы
Студенттердің дайындайтын баяндама тақырыптары:
1) Жаңашылдық үшін ақша реформасының тарихи мәні
2) Дағдарыс жағдайындағы ақша-несие саясаты
3) Кеңес ақшаларының тарихы
4) Қазақстан егемендігінің белгісі – ұлттық валюта
Бақылау сұрақтары:
1) 1922 – 1924 ж.ж. ақша реформаларының экономикалық шарты
2) Ақша реформасын жүргізу этаптары
3) 1922, 1923 ж.ж. деноминация және олардың мақсаты
4) 1947 ж. Ақша реформасының 1922 – 1924 ж.ж. ақша реформасының
айырмашылығы
5) 1947 ж. қандай шаралар жүргізілді
6) Баға масштабының өзгеруі неліктен болады
7) 1993 ж. Ақша реформасы, оның себептері және жүргізу этаптары
Әдебиеттер: 7, 8, 9, 10, 13.
4 тақырып. Несие, оның мәні және қажеттілігі
Сабақ формасы: тәжірибелік сабақ
Сабақ мақсаты: Несие, оның мәні және қажеттілігі туралы алған ілімдік тәжірибе жүзінден білімдерін бекіту.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1.Қазақстанның әлемдік несие капиталы нарықтарына шығуы.
2.Несие капиталы нарығы мен несие қорының құрылымы.
3.Несие анықтамасы, оның экономикалық мәні.
4.Несие формалары.
Студенттердің баяндама тақырыптары:
1) Несиенің пайда болуы мен функционалдық теориялық аспектілері
2) Қазіргі кездегі ссудалық капитал нарығын қалыптастыру мәселелері
Бақылау тесттері:
1) қамтамасыз етілмеген ссуда мынандай атқа ие
А. Синдицирленген
Б. Бланктік
В. Стандартсыз
Г. Авальдық
Д. Онкольдық
2) Субстандартты несие белгісін тап
А. Сапалы және өтімді қамсыздандыру
Б. 90 күнге дейінгі сыйлық беруді қайтару бойынша төлемнің
кешеуілдеуі
В. Бір реттен артық пролонгация
Г. 30 күннен 60 күнге дейінгі негізгі қарыз бойынша төлемнің
кешеуілдеуі
Д. 1 жылдан артық емес уақытқа санация жариялау
1)
қызметінің тоқтауына әкелмеген форс – мажорлы жағдай – бұл … белгісі:
А. Стандартты несие
Б. Субстандартты несие
В. Қанағаттандырылмаған несие
Г. Күмәнді
Д. Сенімсіз
4) Ломбардтық ссуда – бұл …
А. Ломбардтың кепілді – ссудалық операциясында берілген несие
Б. Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге бағалы қағаздар негізінде
беретін несиесі
В. Коммерциялық кәсіпорындарға екінші деңгейдегі банктердің бағалы
қағаздар кепілі негізінде (ұсынатын) берілетін несиесі
Д. Қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы қажет болған жағдайда
қарыз алушыға белгілі уақыт кезеңіне несие берілетіндігі туралы келісім
5) Нәтижесінде дебеттік сальдо пайда болатын клиент счетындағы артық
ақшаны жою құралындағы қысқа мерзімді несиелеу формасы … аталады?
А. Онкольды несие
Б. Ролловерді несие
В. Стэнд-бай
Г. Бланктік несие
Д. Овердрафт
6) Онкольды несие бойынша пайыздар
А. Лездік ссуда бойынша пайызға тең
Б. Лездік ссуда пайызына қарағанда үнемі жоғары
В. Лездік ссуда пайызына қарағанда үнемі төмен
Г. Онкольдік несиеге банк пайыз есептемейді
7) Несие формалары
А. Банктік және коммерциялық
Б. Лездік және талап етуге дейін
В. Параллельді және синдицирленген
Г. Қысқа, орта және ұзақ мерзімді
Д. Барлық жауаптар дұрыс
1)
қанағаттандырылмаған көрсеткіштері бар (дебиторлық берешіктің өсуі, меншік капиталының мөлшерінің төмендеуі) клиенттерге берілетін несие ….. сапасы бойынша жіктеледі
А. Стандартты
Б. Субстандартты
В. Қанағаттандарылмаған
Г. Сенімсіз
Д. Күмәнді
9) Ролловерлі – бұл ….
А. Беретін шегінде тағайындалған көлемде берілетін және өтеу уақыты
кез - келген, автоматты болып келетін несие
Б. Банктің үшінші тұлғаның міндеттемесін өтеуі
В. Құнды қағаз кепіл негізіндегі несие
Г. Орташа немесе ұзақ мерзімді несие
Бақылау сұрақтары:
1) Несиенің өмір сүруінің объективті қажеттілігі неліктен
2) Ұдайы өндірісте несие қандай орын алады
3) Нарықтық экономикадағы несиенің мәні
4) Несиеге анықтама бер
5) Несие қызметтеріне сипаттама бер
6) Несиенің басқа экономикалық категорияларының айырмашылығы
Әдебиеттер: 2, 5, 7, 8, 9, 10
5 тақырып. Несие пайызы, оның экономикалық ролі
Сабақ формасы: тәжірибелік сабақ
Сабақ мақсаты: Несие пайызы, оның экономикалық ролі туралы алған ілімдік тәжірибе жүзінден білімдерін бекіту.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1.Қарыз пайызының экономикалық мәні.
2.Пайыз нормасын анықтайтын факторлар.
3.Пайыздық ставкалар, олардың батыс елдердегі және Қазақстандағы дамуы мен дифференцияциясының ерекшеліктері.
Бақылау тесттері:
1)
мен айналым қорларының бөлігі
А. Айналыс бойынша несиелендіру әдісі
Б. Банктік несиелендіру объектісі
В. Банктік несиелендіру субъектісі
Г. Дұрыс жауабы жоқ
Д. Қалдық бойынша несиелендіру әдісі
2) Қазақстан Республикасының 11.02.94. жылдағы №1 қысқа мерзімді несиелендіру ережесіне сай ссуда бойынша кепілдікке алынбайды:
А. Тұтынушылардың сұранысына ие емес ТМЦ аяқталмаған өндіріс
Б. Азық-түлік тағамдары, тез бұзылатын шикізат
В. Вексельдер, клиент депозиттері (қарыз беруші банктердегі)
Г. А + Б дұрыс
Д. А + В дұрыс
3) Несиенің мәнін көрсететін несиелендіру принциптері
А. Қайтымдылық
Б. Мақсаттылық және сараланғандық
В. А + Б
Г. А + Г
4) Ұзақ мерзімді несиелендірудің қажеттілігін туғызатын фактор
А. Кәсіпорын айналым активтерінің айналым шеңбері
Б. Инвестициялық процесс
В. А + Б
Г. Шикізат және материал сатып алуға арналған есеп айырысу счетында
ақша қаражатының болмауы
Д. Кәсіпорынның еркін ақша қаражатының болуы
5) Дұрыс емес жауапты таңда
А. Несиелендіру объектісі өндірістегі материалды қажеттілікті көрсетеді
Б. Объект кез-келген емес, қарыз алушының негізгі қорыны
айналысымен айналыс шеңберінен шығатын объективті қажеттілікті білдіреді
В. Несиелендіру объектісі – кәсіпорынның өз қорымен жаба алмайтын
уақытша толқымалы қажеттілік болып табылады

- Кәсіпорынның шығыны мен кірісін жоспарлау
- Кәсіпорынның экономикалық жағдайы
- Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
- Кәсіпорын өнімінің сапасы және бәсекеге қабілеттілігі. Баға белгілеу
- Кәсіпорын өнім сапасын көтеру
- Кәсіпорын өнім сапасын көтеру
- Кәсіпорын персоналын басқару
- Кәсіпорынның пайдасы, рентабельділігін және олардың өзгеру факторларын талдау
- Кәсіпорынның сипаттамасы
- Кәсіпорынның сыртқы сауда қызметі
- Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі, оның есебі
- Кәсіпорынның табыстылығын талдау
- Кәсіпорынның табысын арттыру жолдары және оны бөлу туралы
- Кәсіпорынның тиімділігін жоғарлату жолдары