Лизингті дамыту-кәсіпорынның негізгі құралдары жаңарту формасы ретінде

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ИНЖЕНЕРЛІК, ҚАРЖЫ-БАНК АКАДЕМИЯСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

«Кәсіпорын  экономика» пәні бойынша

Мамандығы «Қаржы» 

Тақырыбы: Лизингті дамыту-кәсіпорынның негізгі құралдары жаңарту формасы ретінде

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: 2кСПОф студенті: Қабылбаева Н.О

Жетекшісі: Э.ғ.к., доц.Е.Д.Макашева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы  2012 .

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ..........................................................................................................................3

 

1. ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. ЛИЗИНГТІҢ МӘНІ, ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ…………………....…5

1.2. ЛИЗИНГТІҢ ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ,ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ………………………………………………………….8

1.3. ЛИЗИНГТІК ТӨЛЕМДЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛИЗИНГТІК ҰЙЫМДАР ……………………………………….……….…….……12

 

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГ БИЗНЕСІ

2.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ ҚҰРЫЛУ ЖӘНЕ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ……………………………………………………..……16

2.2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ……….....………22

2.3. ОТАНДЫҚ ЛИЗИНГ БИЗНЕСІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ………………………………...……24

 

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

3.1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ТЕЗДЕТУДІ МЕМЛЕКЕТТІК ЫНТАЛАНДЫРУ ……………...…………………26

3.2. «АЛЬЯНС ЛИЗИНГ» АҚ-НЫҢ МЫСАЛЫНДА ЛИЗИНГТІК ТӨЛЕМДЕРДІ

ЕСЕПТЕУ………………..……………..……………………………………………..33

 

ҚОРЫТЫНДЫ ………………..…..…………………………………………………42

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………….…………...44

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмысы тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасының дамуы экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және оның барлық салаларында терең нарықтық қайта құру бойынша шараларды жүргізуге бағытталған. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму программасы халық шаруашылығын басқаруда мәнді позитивті өзгерістерді қарастырады. Экономиканы басқару стратегиясында лизинг механизмінің маңызы зор, өйткені лизингте ұлттық кәсіпкерлік нарықтың дамуы үшін үлкен потенциал қорланған.

Өзіндік қаржылық ресурстардың, бюджеттік  қаражаттардың және шетел инвестицияларының  шектеулілігі шарттарында қазақстандық кәсіпорындардың жаңа техника алғандығы  үшін бірден төлеуге мүмкіндігі жоқ, құрал-жабдықтарды өндірушілердің өздері үлкен қаржылық ресурстарды  қажет етеді, ал банктер шаруашылық субъектілерді несиелеу үшін дереу  кепілдік қамтамасыз етуді талап  етеді.

Кәсіпорындардың техникалық жабдықталуын талдау негізгі қорлардың  физикалық және моральды тозуының шекті  дәрежесін көрсетеді, ал бұл өз кезегінде  ұлттық өндірушілер жұмысының төмен  тиімділігінің себептерінің бірі болып  табылады. Аталған факторлардың барлығы  ұлттық экономиканың жағдайына теріс  әсер етеді және несиемен немесе сатып  алумен салыстырғанда негізгі қорларды жаңартудың балама жолдарын іздеуді  талап етеді.

Лизингтік қатынастардың  құрылуы және дамуы қазақстандық кәсіпорындардың техникалық потенциалын  реконструкциялау бойынша мүмкіндіктерді және шарттарды қамтамасыз етуге  мүмкіндік береді. Алайда, қазіргі  кезде республикадағы лизингтің  дамуының деңгейі, оған қойылатын талаптарға толық жауап бере алмайды. Оның негізгі  себептері: лизингтің қолданатын ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерінің әлсіз тиімділігі, лизингті басқарудың сұрақтары бойынша  заңды және құқықтық актілердің жетілмегендігі, лизингтік қызметтер жайлы, олардың  құрамы жайлы мәліметтік базаның  жетімсіздігі, көптеген потенциалды  лизинг алушылардың лизингтік қатынастарға қатысуға психологиялық дайын еместігі, көптеген лизингтік компаниялардың инвестициялық потенциалының әлсіз  болуы. Осы жағдайларға байланысты, бүгінгі күні көп лизингтік компаниялар  ірілендіру саясатын жүргізуде -ол банктік  және сақтандыру секторының қаржылық ресурстарын тарту арқылы жүзеге асады. Бұған қоса, лизингтік компаниялардың өздерінің ассоциациялар мен  союздерге бірігу тенденциясы байқалады, бірақ лизингтік қатынастардың  бұл жағы туылу және даму кезеңінде  және Қазақстан шарттарындағы лизингті пайдалану тиімділігінің ұйымдастырушылық-экономикалық факторларын зерттеуді талап  етеді.

Осы шарттарда негізгі  қорларды модернизациялаудың және құрылымдық дағдарысты жеңудің тиімді құралдарының бірі-лизинг, инвестицияларды, капитал  салымдарын қаржыландырудың ерекше формасы ретінде болады. Лизингтік  бизнестің кең масштабта дамуы  Қазақстан үшін инвестициялық процесті белсендірудің ең перспективті бағыттарының бірі бола алады және болуға міндетті.

Осы себептен, лизингтің  қызмет етуінің сұрақтарын зерттеу  мәселесі және осы негізде оны  жетілдіру бойынша негізделген  ұсыныстарды дамыту өзекті болып  келеді.

Лизингтің құрылуының және дамуының сұрақтары және оны жетілдірудің жолдары түрлі зерттеушілердің  жұмыстарында бейнеленген. Мұнда, маңызды  теоретикалық және әдістемелік мәнге  батыс ғалымдарының еңбектері ие: Бука Х, Шарла У, Бейли Дж, Брейли Р, Майерс С және т.б.

Лизинг мәселелерін зерттеу  келесі ресейлік және қазақстандық ғалымдарының еңбектерінде бейнеленген: Газман В.Д, Қабатова Е.В, Комарова В.В, Прилуцкий  Л.Л, Лещенко М.И, Сағадиев Қ.А, Смагулов А.С, Сейтқазиева А.М, Сейтқасымов  Т.А, Исабеков Б, Қантарбаева Ш, Есиркепов  Т.А, Чекмарева Е.Н және т.б.

Оған қоса, лизингтік қатынастардың  ұйымдық механизмін жетілдірумен байланысты сұрақтардың көбі қазақстандық авторлардың  еңбектерінде бейнеленбеген. Сондықтан  да, лизингтің дамуының қазіргі кездегі  тенденцияларын тереңірек зерттеудің және оның Қазақстан Республикасындағы  қызмет етуінің тиімділігін жоғарылату қажеттілігі туындап отыр.

Курстықжұмысының мақсаты. Бұл жұмыстың мақсаты, Қазақстан экономикасындағы лизингтің теориялық-әдістемелік негіздерін, ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін кешенді зерттеу және оның дамуының мәселелерін, перспективаларын, жолдарын зерттеу. Бітіру жұмысының тағы бір мақсаты, Қазақстан Республикасындағы лизингті қолдану тәжірибесінің кешенді талдауының және теориялық зерттеудің негізінде инновациялық процестерді инвестициялаудың жүйесінде лизингтік қатынастардың дамуы және құрылуы бойынша ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттағы ұсыныстарды қайта дамыту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.  ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ

 

1.1. ЛИЗИНГТІҢ МӘНІ, ПАЙДА  БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

 

 

Ерте кездерден бастап, байлықтың пайда болуы және қоғамның бөлінуінен бері адамдар алдымен  жерлерді және ауыл шаруашылық құралдарды, жан-жануарларды жалға алуды және беруді бастады. Кейінірек мұндай мәмілелердің объектілері қайықтар, кемелер, қару-жарақтар болып келді, ал 20 ғасырға жақын  вагондар, кейбір құралдар жалға берілді. Өткен ғасырдың 50-шы жылдары лизинг пайда болды.

Экономиканың дамуындағы инновациялық факторды күшейту мақсатында, біздің ойымызша, республиканың материалдық-техникалық базасының түбегейлі модернизациясын  болжайтын лизингтің қайта өндірістік механизмін қолдану керек. Тек лизинг беруші мен лизинг алушының ғана емес, жалпы мемелекеттің алатын артықшылықтарына байланысты лизингтің дамуының нақты  перспективалары бар.

Негізгі капиталды жаңартудың және инвестициялаудың инновациялық формасы  ретінде лизингтің артықшылықтары жалпы мемлекеттік деңгейде келесі бағыттар бойынша мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

  • экономиканың шикізаттық бағыттылығын жеңу
  • сыртқы нарықтар үшін күресте ұлттық экономиканың бәсекелік қабілеттілігін көтеру
  • өндірісті техникалық және технологиялық жаңарту үшін мемлекеттің экспорттық-импорттық потенциалын ынталандыру
  • өндірістің техникалық жағдайын жаңарту
  • жаңа техниканы меңгеру мен құру мерзімін қысқарту
  • мемлекеттің сыртқы қарызын тұрақтандыру, өйткені лизинг бойынша міндеттемелер, халықаралық тәжірибеге сәйкес, мемлекеттің сыртқы қарызына кірмейді

Мемлекеттің позициясынан қарағанда, лизингтің тиімділігі-ол қысқа мерзімді несиелеудің механизмі сияқты ағымдағы шығындарды қаржыландырмайды, капитал  құраушы инвестицияларды көбейтуге  мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның лизингтік  механизмін жүргізу кезінде-лизинг алушылар өз қаражаттарын бөлмей немесе қарыз алмай бағасы қымбат құрал-жабдықтарды  толық инвестициялаудың мүмкіндігін  алады және мұнда лизинг мүлігі кепіл (залог) ретінде болады, ал бұл өз кезегінде лизинг алушы жағынан  қосымша гарантияларды қажет  етпейді, яғни оның жалпы шығындарын төмендетеді.

Лизинг жүйесіндегі бастысы- лизинг алушының лизингтік төлемдерді іске асыру үшін, өзінің шаруашылық процесінде қаражаттарды табу мүмкіндігі, өйткені лизингтік келісім-шарттың  жұмыс жасау мерзімінде лизинг беруші-финансист  осы мүлікке деген меншік құқығын  сақтайды. Тиімді шарттарда қарыз  алу мүмкіндігі болмай және өзіндік  қаражаттары болмай, шаруашылық субъектілері лизинг болмаса дами алмас еді. Лизинг жаңа құрал-жабдықты меңгеру кезіндегі шығындардың пайда болу тәуекелділіктерін азайтады, табу, ұстау, эксплуатация, ремонт, сату бойынша лизинг алушының жағынан қаржылық ресурстардың экономиясын көбейтеді, өйткені осы тәуекелділіктердің бір бөлігін өзіне лизинг беруші алады. Түрлі авторлар мен экономикалық қайнар көздері беретін «лизинг» терминінің түсінігімен тар және кең мағынада танысып көрейік.

Лизинг сөзі “to lease” ағылшын  етістігінен аударғанда “жалға беру”  дегенді білдіреді. Лизингтің жалға  беруден айырмашылығы-жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал, лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы  болады. Лизинг-бұл лизинг берушінің  өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға  арналған құрылғыларды лизинг алушыға  лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға  беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.

Неміс тіліндегі «leasingvertrag»  термині «кісі пайдаланатын жалдың түрі, мұндағы кісі тұратын ғимараттың ремонты және бұзылғандығы үшін жауапкершілік  жалға алушыда жатады» деген  мағына береді, ағылшын қаржылық-инвестициялық  сөздігінде келесідей аударма берілген: «Белгілі-бір уақыт аралығында жылжымайтын  мүлікті, құрал-жабдықтарды немесе басқа қаражаттарды пайдалануға  құқық беретін жал немесе жал  келісім-шарты». Тек француз тілі ғана «credit-bail» түсінігінің мазмұнын ашуға мүмкіндік береді: «жалға алушы  кәсіпорын үшін арнайы алынған құрал-жабдықтардың жалы» (4, б.185)

Көптеген авторлар лизингтің  негізін жалға беру құрайды деген  нәтиже шығарады, «лизинг-түрлі машиналарды  жалға берудің түрі, кейін олар лизинг берушінің меншігіне көшеді». Мұндай пайымдауларды шет ел авторлары  Брейли Р, Майерс С жасады және олармен  ресей авторлары Ольхова Р.Г, Лукасевич  И.Я, Волынский В.С, Киселев И.Б, Горфинкель В.Я келісті. (5,б.92; 6,б.26)

Біздің ойымызша, лизингтің  кез-келген анықтамасы шектеулі болады және бұл инновациялық құралдың көрінуінің барлық формаларын аша алмайды. Екінші жағынан, «лизинг» термині көп авторларда «несие-жалға беру» терминімен үйлеседі. Осылай мысалы Ольхова Р.Г қаржылық лизинг үшін бұл үйлесімділікті былай  түсіндіреді: «лизинг, құрал-жабдықты сатып алу үшін берілген несиеге  ұқсас келеді деп айтады. Несиеде  жалға алушы негізгі қорларға белгіленген мерзімде қарызын өтеу үшін төлемдер жасайды, және мұнда банк несиені қайтаруды қамтамасыз ету  үшін несиеленетін объектіге ссуданы  толық өтегенше дейін меншік құқығын  сақтайды»./14,б.243/ Онымен лизингті несие  деп анықтаған Лещенко М.И келіседі.

Біз өткізген анализ көрсеткендей, лизингті өндірісті жаңартудың құралы ретінде пайдалану келесідей  артықшылықтарды береді:

  • мүлік түріндегі инвестициялау, ол қаржылық несиеден ерекшелігі- қаражаттарды қайтармаудың тәуекелділігін төмендетеді, өйткені лизинг берушінің берілген мүлікке құқығы сақталады.
  • лизинг жүз пайыздық несиелеуді ұйғарады және төлемдерді бірден жасауды талап етпейді, ал бұл өз кезегінде кенет күштенусіз өндірістік қорларды жаңартуға, өндірісте қымбат бағалы құрал-жабдықтарды пайдалануға мүмкіндік береді.
  • жиі жағдайларда кәсіпорынға ссуда немесе несиеден гөрі, мүлікті лизинг бойынша алу жеңіл болады, себебі лизингтік мүлік кепіл түрінде болады.
  • өндірістік қорларды жаңарту, өндірісте қымбат бағалы құрал-жабдықтарды пайдалану.
  • лизингтік келісім ссудаға қарағанда икемді, мұнда екі жақ та төлемдердің икемді схемасын жасай алады. Мұнда төлемдерді тек ақшалай формада ғана емес, дайын өнім түрінде жүргізуге болады.
  • лизинг алушы үшін мүліктің моральды және физикалық тозуының тәуекелділігі төмендейді.
  • өндіруші тұтынушылар санын және өткізу нарықтарын кеңейту үшін қосымша мүмкіндіктер алады.

Лизингтік қатынастардың  мәнін түсіну үшін лизингтің қызметтерін  қарастырайық: «лизинг, күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде көп қырлы  экономиканы және өндірістік қызметті белсендіруді құру бойынша маңызды  функцияларды атқарады».

Лизингтің көп қызметтерінің  ішінен тек төртеуін қарастырамыз:

  • Лизингтің қаржылық қызметі өндірушіні өндірістің қажетті қаражаттарының құнын бірден төлеуден босатады, яғни лизинг ұзақ мерзімді несие түрінде болады.
  • Өндірістік қызмет өндірістік есептерді уақытша пайдалану жолымен тез шешуде көрініс табады. Бұл өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің және жаңа технологияларға, ғылыми-техникалық прогресстің нәтижелеріне қол жеткізілімділігінің тиімді әдісі.
  • Лизингтің өткізушілік қызметінің мәні-тұтынушылар санын көбейту және өткізудің жаңа нарықтарын игеру, лизинг саласына кейбір мүлікті бірден ала алмайтындарды  тарту.
  • Лизингтің салықтық жеңілдіктерді пайдалану қызметі. Лизинг берушіге төлейтін лизингтік сыйақыны шегерімге шығару, ол лизинг алушының салық салынатын пайдасын азайтады.

Біздің мемлекетте лизинг бизнесінің рөлі қазіргі кезде лизингтің  қаржылық және өндірістік қызметтерімен  шарттандырылған.

 

 

 

 

1.2. ЛИЗИНГТІҢ ЖІКТЕЛУІ  ЖӘНЕ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ  ТҮРЛЕРІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

 

Лизинг түрлерінің жіктелуінің  жақтаушылары оперативтік лизинг құрамына рейтинг және хайрингті кіргізеді, ал қаржылық лизингтің құрамына қызмет көрсетуімен қоса жүретін лизингті кіргізеді. Рейтинг-машиналардың, құрал-жабдықтың, транспортты құралдардың, тұрмыс техникасының және инвентарлық заттардың қысқа  мерзімді жалға берілуі, бірақ мұнда  жалға алушының мүлікті өзінде қалдыруға  құқығы жоқ. Ал егер машиналар, құрал- жабдықтар  және транспорттық құралдар орташа мерзімге жалға берілсе, онда хайринг орын алады /25,б.104/.

Біз өткізген талдау көрсеткендей, лизингтің көптүрлілігіне келесі факторлар  әсер етті:

  • Шет ел терминологиясын түсінудегі және сөзбе-сөз аудармасындағы айырмашылық
  • әртүрлі мемлекеттердегі лизингтің құқықтық статусының және зандылық базасының айырмашылығы
  • әртүрлі мемлекеттердегі лизинг бизнесін мемлекеттік қолдау деңгейлеріндегі айырмашылық
  • әртүрлі мемлекеттердегі лизинг түрлері үшін салықтық және амортизациялыз қалқанның әртүлілігі
  • лизингтік мәміленің барлық қатысушылары үшін лизингтің несиемен салыстырғандағы артықшылығының әртүрлілігі
  • нақты лизингтік операцияның ұлттық ерекшелігі

Лизингтің мазмұны және анықтамалары бойынша нәтижелерді зерттеп, лизинг түрлерінің жіктелуін келесі 16 сипаттама  бойынша нақтылауын ұсынамыз, ал лизинг түрлерінің сыныптамасы және мәні А  қосымшасында көрсетілген. Осы жерде, біз лизинг түрлерінің бөлінуі мына критерийлер бойынша болатындығын көреміз:

  • қатысушылардың құрамы және ұйымдастыру формасы
  • мәміленің көлемі
  • өзін-өзі өтеу деңгейі және амортизация шарттары
  • қызмет көрсетуінің көлемі және деңгейі
  • қаржыландыру түрлері
  • нарықты қамтуы
  • мақсаттық бағыты
  • келісімнің сипаты
  • төлемдердің сипаты
  • мүлікті сатып алуға қатынас
  • мәміленің ұзақтығы
  • меншіктің формасы және аясы
  • лизингтік келісім сомасына тәуелділік
  • лизинг беруші үшін болатын тәуекелділік деңгейіне тәуелділік
  • ұлттық нарықтың дамуына тәуелділік
  • әртүрлі елдердегі бухгалтерлік есепті жүргізу стандарттары
  • Лизингтің барлық түрлерінің ішінен, қаржылық лизингті сипаттайтын белгілерді атап көрсетейік:
  • мүлікті сатушы-өндірушінің пайда болуы
  • лизингке беру үшін лизинг берушінің мүлікті арнайы алуы және мұнда мүлікті және сатушыны таңдау еркі лизинг алушыда болады
  • мүліктің сапасы бойынша барлық талаптар; дефектілері, тозғандығы жайлы барлық талаптар лизингтік мүлікті өндірушіге, яғни сатушыға қойылады, ал лизинг берушіге ешқандай жауапкершілік артылмайды
  • мүліктің кенет бұзылуының, жойылуының тәуекелділіктері, лизингтік мүлікті қолдану туралы алу-беру актісіне қол қойғаннан кейін лизинг алушыға өтеді

Соңғы екі пункт қаржылық лизингтің оперативтік лизингтен  айырмашылығын көрсетеді. Тек оперативтік  лизингті сипаттайтын белгілерді қарастырайық (Кесте 1).

Бірақ бұл ерекшеліктермен  қоса, біз оперативтік лизингтің  келесі сипаттамаларын көрсетеміз:

  • лизингтік келісім нормативтік мерзімнен аз уақытқа жасалады
  • лизингке лизинг алушы жасаған арнайы мәлімдеме бойынша алынған емес, лизинг берушінің өзінде болған мүлік беріледі
  • лизингтік мәлімдеменің екі жақты сипаты болады
  • мүлік лизингке көп мәрте беріледі
  • лизингтік келісімнің мерзімі біткеннен кейін мүлік лизинг берушіге қайтарылады және жаңа келісім жасауға мүмкіндік беріледі

 

Өндірістік потенциалдың және халықаралық лизингтің механизмдерін  пайдаланылуын дамыту үшін нақты  шетел инвестицияларын тартуда  сублизинг механизмін пайдалануға  болады, ол қаржылық лизингтің бір  түрі болып табылады. Сублизинг-бұл  сублизинг келісім-шартымен рәсімделетін, лизинг объектісін пайдалану құқығын  үшінші тұлғаға берумен сипатталатын ерекше қатынастар түрі. Сублизинг  кезінде сублизингті іске асырушы  тұлға лизинг объектісін лизинг берушіден  лизинг келісім-шарты негізінде  үшінші тұлғаға уақытша пайдалануға  береді. Объектіні сублизингке беру кезінде лизинг берушінің жазбаша  рұқсаты міндетті түрде болу керек. Халықаралық сублизинг халықаралық  лизингтің бір түрі болғандықтан, ол халықаралық лизингтік заңдарға сай жүзеге асырылу керек. Халықаралық  сублизингтің бір ерекшелігі ретінде  лизинг объектісінің Қазақстан Республикасының  кедендік шекарасы арқылы тек сублизинг  келісім-шартының мерзімі аралығында ғана өтуін көрсетуге болады. Сублизинг  сызбасы негізгі лизинг беруші және лизинг алушы әртүрлі елдерде  болса қолданылады. Бұл жағдайда, құрал-жабдықтың дұрыс пайдаланылуын, төлемдердің төленуін, пайда болатын мәселелерді шешуді жергілікті лизингтік компания жүргізгені дұрыс. Сублизингтік жобалардың дамуын тежейтін себеп- лизингтік операциялардың дұрыс қамтамасыз етілмегендігі.

Кесте-1.  Оперативтік лизингтің ерекшеліктері*

 

Қатынастардың мазмұны

Сипаттамасы

Меншік құқығы

Мүлік лизинг берушінің меншігі  болып саналады

Лизинг алушының құқығы

Келісімді уақытынан бұрын  тоқтату және мүлікті лизинг берушіге қайтару

Мүлікті қайтарар кездегі  қатынас

Лизинг алушы келісімде  айтылған белгіліленген мерзімдегі мүлік құнының айырмашылығының  орнын толтырады

Лизингтік төлемдердің қойылымы

Жоғары, өйткені лизинг беруші жүргізетін сервистік қызмет көрсету  бойынша барлық шығындар кіргізіледі

Лизингтік мәміленің мерзімі

Мүліктің физикалық тозу уақытысынан  әлдеқайда қысқа

Артықшылықтары

Қаражаттары болмаған жағдайда лизинг алушы мүлікті төлемін  созып  пайдаланады

Лизинг берушінің тәуекелділіктері

Мүлік бұзылған немесе құрыған  жағдайда оның құнының орнын толтыру

Лизинг алушының гарантиялары

Келісімнің мерзімі біткен уақытқа қарай құрылған қалдық құнды  қамтамасыз ету


*Қайнар көзі: кесте автормен  құрылған

 

 

Қаржылық және оперативтік  лизингті салыстырғаннан кейін, олардың  келесі ерекшеліктері табылды (Кесте 2).

 

 

Кесте-2. Қаржылық және оперативтік лизингтің ұйымдастырушылық   ерекшеліктері*

 

Қаржылық лизинг

Оперативтік лизинг

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Артықшылықтары

Кемшіліктері

Амортизациялық шығындар және мүлікке салық клиетке аударылады

Тәуекелділігі жоғары операция

Мүлікке құқық лизингтік  компанияда болады

Мүлікті ұстауға қосымша  шығындарды талап етеді

Тәуекелділік бойынша  жауапкершілік клиентте болады

Клиенттердің қаржылық жағдайын білу бойынша қосымша жұмысты  қажет етеді

Мүлікті бақылау мүмкіндігі

 

Лизингтік төлемдер өнімнің  өзіндік құнына кіреді

Үлкен бастапқы төлемнің болуы

Үлкен бастапқы төлем жоқ

Өзіндік құнда лизингтік  төлемдер саналмайды

Табысқа салынатын салық  бойынша жеңілдіктер

 

Лизингті қызмет көрсетуімен  және персоналымен қоса ұсыну

Табысқа салынатын салық  бойынша жеңілдіктердің болмауы


*Қайнар көзі: кесте автормен  құрылған

 

Негізгі қорларды жаңартудың тағы бір инновациялық құралы-қайтарылатын лизингтің механизмі, көбісі тұрақсыз қаржылық жағдайда, қатаң қаржылық шектеулерде жұмыс жасайтын қазақстандық кәсіпорындарда әсіресе көп пайдаланылады. Қайтарылатын лизингті екі келісімнен тұратын жүйе ретінде қарастыруға  болады. Бұл келісім кезінде құралдың иесі оны үшінші тұлғаға  сатады да, сол сәтте үшінші тұлға жалға  алушымен ұзақ мерзімді жал келісім-шартына  отырады. Бұл кезде сатып алушы  ретінде әдетте коммерциялық банктер, инвестициялық, сақтандыру немесе лизингтік  компаниялар көрініс табады. Яғни келісімнің нәтижесінде мүлік иесі ғана ауысады, ал пайдаланушы өзгермейді. Өз алдына инвестор сатушының мүлкіне  меншік құқын кепілдікке ала отырып, мүлік иесін несиелендіреді деп  айтуға болады. Мұндай келісімдер негізінен  іскерлік белсенділіктің төмендеуі  кезінде, кәсіпорындардың қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету  мақсатында жүргізіледі.

1.3. ЛИЗИНГТІК ТӨЛЕМДЕРДІҢ  ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЛИЗИНГТІК  ҰЙЫМДАР

 

Лизингтік мүлікті қолданғаны үшін төлемді лизинг алушы лизинг берушіге лизингтік төлемдер түрінде  жүргізеді. Лизингтік төлемді анықтаудың объективті негізін лизингтік объектінің құны, жағдайы және амортизация нормасы, уақыты құрайды. Төлемдердің мөлшері, әдістері, формалары лизингтік келісімде  екі жақтың келісімімен құрылады.

Лизингтік төлемдердің жалпы  сомасы келесілерден құрылады:

  • Лизингтік мүліктің толық құнының орнын толтыратын сома
  • Лизинг келісіміндегі мүлікті алу үшін пайдаланылатын несиелік ресурстар үшін лизинг берушіге төленетін сома
  • Лизинг берушіге берілетін коммисиондық сома
  • Лизинг мүлкін сақтандырған үшін төленетін сома
  • Лизинг келісімінде қарастырылған лизинг берушінің басқа да шығындары
  • Лизингтік төлемдер өнімнің өзіндік құнына кіргізіледі. Лизингтік төлемдер  әр түрлі болады, ол жақтардың келісіміне байланысты болады.
  • Лизингтік төлемдерді жасаудың формасына байланысты келесідей бөлінеді:
  • Ақшалай төлемдер, мұнда төлем ақшалай қаражаттардың негізінде жүргізіледі
  • Компенсациялық төлемдер, мұнда есеп айырысу тауарлармен немесе лизинг берушіге қарсы қызмет көрсетумен жүргізіледі
  • Аралас төлемдер, ақшалай төлемдермен қатар, төлемдер тауарлар немесе қызметтер түрінде болған жағдайда пайда болады.
  • Лизингтік төлемдерді есептеудегі қолданылатын әдіс түріне байланысты былай бөлінеді:
  • Тұрақты сомасы бар төлемдер- бұл лизинг келісім-шартында тұрақтанған шарттарда төленетін, сәйкес жақтармен келісілген төлемнің түрі болып табылады. Әдетте, төлемдердің графигі жасалады және онда алғашқы лизингтік төлем қабылдаған күні жасалатындығы көрсетіледі, ал одан кейін ай сайын, квартал сайын, жылына екі рет және жыл сайын. Тұрақты сомасы бар төлемдерге амортизациялық төлемдер, қарыз қаражаттарын пайдаланғаны үшін төлемдер, лизинг берушіге комиссиондық сыйақы және қосымша қызметтер үшін төлемдер кіреді.
  • Авансы бар төлем, бұл жерде лизинг алушы лизингтік фирмаға лизинг объектісінің құнының 15-20%-ы мөлшерін келісімге қол қойған кезде  аванс немесе салым түрінде төлейді де, ал қалған 80-85%-ын келісімге қол қойғаннан кейін 3-5 жыл аралығында квартал сайын төлеп отырады.
  • Минималды лизингтік төлемдер- лизинг келісім-шартының жұмыс жасау уақытысындағы барлық төлемдердің сомасы және лизинг келісім-шартының уақыты аяқталғаннан кейін мүлікті өзіне алу мақсатындағы мүлік құнының сомасы.
  • Анықталмаған арендалық төлем тұрақты сомамен емес, өткізу көлеміне байланысты белгілі-бір негізде, пайыздарда анықталады.
  • Лизингтік төлемдер периодтылығына байланысты:
  • Периодты төлемдер (жыл сайын, квартал сайын, ай сайын) лизингтік келісімде келісілген график бойынша төленеді
  • Бір уақыттағы төлемдер, егер келісімде лизинг берушіге аванс төлеу қарастырылса, периодты салымдармен бірге қолданылады.
  • Төлеу әдісіне байланысты лизингтік төлемдер былай бөлінеді:
  • Тең бөліктермен төленетін төлемдер
  • Прогрессивті төлемдер, алдымен кіші сомалармен төленеді, одан кейін олар өсе береді. Мұндай төлемдерді негізінен қаржылық жағдайы тұрақсыз лизинг алушылар қолданады
  • Регрессивті төлемдер, қаржылық жағдайы тұрақты лизинг алушылар қолданады және мұнда төлемдердің мөлшері біртіндеп азайа береді. Мұндай төлемдер мүлік иесінің тәуекелділігін азайтады және лизинг алушыға іс-қимыл мүмкіндігінің бостандығын азайтады.
  • Лизингтік төлемдерді жасау келесі тізбектілікте болады:
  • Лизинг төлемдерін жыл сайын есептеу
  • Лизинг келісімі жұмыс жасауының бүкіл уақытысында лизингтік төлемдердің жалпы сомасын анықтау
  • Лизингтік салымдарды төлемдердің периодтылығына байланысты есептеу
Лизингті дамыту-кәсіпорынның негізгі құралдары жаңарту формасы ретінде