Лизингтік қаржыландыру

      Қаржы түсінігі оның пайда  болу алғы шарттары  

      Қаржы ақша-қаржы ресурстары мен қорларын құру және пайдалану үрдісіндегі экономикалық қатынастарды айқындайтын экономикалық категориялардың маңызды бір бөлігі болып табылады. Қаржының пайда болуы натуралды шаруашылықтан тауар-ақша айырбасына өтумен және мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарды кажететуімен тығыз байланыста қалыптасты.

      Қаржының  маңызды нышаны болып ақша қаражаттарының нақты қозғалысындағы қаржы қатынастарының ақшалай мағынада берілуі табылады.

      Ұдайы   өндіріс   үрдерісі   бір-бірімен   байланысты   және өзара тәуелді өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну тәрізді кезеңдері аркылы  жүзеге  асады.   Қаржы  ғылымының  теориядарының бірінде қаржының пайда болуын ұдайы өндіріс процесінің екінші  кезеңімен   байланыстырады,   осы  кезеңде   қоғамдық өнімнің   құнын   мақсатты   және   субъектілерге   өндірілілген өнімнен өз үлесін бөлу арқылы жузеге асады. Сондықтан, экономикалық категория ретінде қаржының маңызды нышаны болып қаржылық қатынастардың бөлгіштік сипаты танылады.

      Ақша  қаражаттарының нақты қозғалысы  ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші кезендерінде, яғни бөлу және айырбас процесінде басталады.

      Екінші  кезеңде құнның ақшалай түрдегі  қозғалысы тауар қозғалысынан жекеленген түрде болады және бір иеленушіден екіншіге ауысуымен сипатталады. Үшінші кезеңде бөлінген құн ақшалай нысанда тауар түріне айырбасталады.

      Сонымен, ұдайы өндіріс процесінің екінші кезеңіңде құнның ақшалай түрдегі қозғалысы - бір жақты, ал үшінші кезеңінде екі жақты қозғалыста болады, олардың біреуі ақшалай түрінде, ал екіншісі тауар түрінде болады.

      Ұдайы өндіріс үдерісінің үшінші кезеңінде  негізінен айырбас операциялары болғандықтан, олар тек бағалы құралдарды кажетсінеді және мұнда баға тәрізді экономикалық категорияның  механизмі қызмет жасайды.

      Қаржы қатынастары қатынасатын бастапқы сала болып жиынтық  қоғамдық   өнім  құнының  алғашқы   бөлу   үдерісі саналады, ол келесідей элементтерден түрады:

      С - өндіріс құрал-жабдықтарының шығындалған  құны;

      V - еңбек ақы; М - қосымша өнім.

      Мүнда ақшалай табыстар мен жинақтардың  әр түрлі нысандарының құрылуы байқалады. Құн одан әрі қаржы негізі түрінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлініп  оны мақсатты пайдалану жүзеге асырылады.

      Осы жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе мынадай анықтама беруте болады: қаржы - бұл мемлекет пен шаруашылык, жүргізуші субъектілерде ақшалай табыстар мен жинақтарды қалыптастыруға, оларды қогамның әлеуметтік және басқа да қажеттіктерін қанағаттандыру үшін ұлғаймалы ұдайы    өндіріс    үдерісіне    пайдалануеа    байланысты    жалпы қоғамдық өнім құны мен  ұлттық, байлықтың бөлігін  бөлу және қайта    бөлу    үдерісінде    туындайтын    ақша    катынастары. Қаржының кызмет етуінің шарты болып акшаның болуы, ал қаржының   пайда   болуының   себебі   болып   мемлекет   пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін   қамтамасыз ететін ресурстарға деген  қажеттік болып танылады.

  1. Қаржы түсінігі мен белгілері.
  2. Мемлекеттік және жеке қаржылардың ара қатынасы.
  3. ҚР қаржы жүйесі, оның құрылымы.

      Тірек сөздер: қаржы, қаржы функциялары

      Заңгерлерге «қаржы» терминінің нақты мәнін  білген жөн, біріншіден, қаржы құқығының  қолдану саласын анықтау үшін, екіншіден құқық саласынан іпгелес  ақшалық қатынастарын құрайтын заттар саласын бөлу үшін қажет. Себебі ақшалық  қатынастарды қаржылай-құқықтық реттеу заңдық тұрғыдан бұйрықты, ал әлеуметтік тұрғыдан – қаталдықпен сипатталады.

      Мемлекет  бұл реттеу жолымен мысалы салық  төлеушілердің ақшаларын өздерінің  пайдасына түсіреді, жарлық шығарады, қалай ақша жұмсауға және тағы басқалар.

      «Қаржы» категориясының үш мәнің көрсетіп айтады.

      Кең мағынада «қаржы» түсінігі «ақша» түсінігіне синоним ретінде көрінеді. Мысалы, біреу, «менде қаржы жағы нашарлау»  десе, бәрінің түсінуі бойынша  ол адам ақшалық қиыншылыққа ұшыраған. Кейбір экономистер де бұл түсінікті қолдайды. Сондықтан, мынандай айтылымдарды кездестіруге болады. Олардың түсінігінше қаржылар азаматтар қаржылары, заңды тұлға қаржылары, мемлекеттік-аймақтық құрылымдардың қаржылары және мемлекеттің қаржылары тұтасымен, яғни еліміздегі айналымдағы барлық ақшалай көпшілік.

      Бірақ «қаржылық құқық» деген категорияның болуы. «Қаржылар» деген түсініктен шыққандықтан оны ақшамен бірдейлеу  күмәншілікке әкеліп соғады.

      Осының  күшімен бір жақты мағнада  «қаржылар» түсінігі барлық мемлекеттің  және заңды тұлғалардың ақшалай құралдарын қамтиды. Ақшалық қатынастарды қаржылар тобына жатқызу екі критерийді пайдалануға негізделген:

  1. ақшалық операциялардың субъектілері мемлекет және

    заңдылы тұлғалар;

  1. көріну саласы – үлестіру сатысы заңдылы тұлғалар мемлекеттік те, мемлекеттік емес те болғандықтан, ақшалық қорлар – бұларға сәйкес жеке меншік және мемлекеттік, қаржыларды да жеке меншік және мемлекеттік қылып бөлу қалыптасты.

      «Жеке меншік қаржысы» категориясы жеке меншік нысаны бар ақшалармен, ал «мемлекеттік қаржылар» мемлекеттің меншігіндегі ақшалармен қабысады. Ақырында, арнайы мағнада қаржылар деп

( материалдық  мағнада) тұтас қоғамдық өнімді  бөлуде ақша құралдарының қорында  жинақталған мемлекеттік ақшаларды  түсінеміз.

      Поль  Мари Годме (Франция) торамалдауы бойынша, қаржы құқығының саласына тек мемлекеттік қаржыларды жатқызады. Ал жеке меншік қаржыларға келсек «бұл мүлік, оған билік жүргізу тек жеке меншік құқығы нормаларын сәйкес жүргізіледі». Ол санымен қатар мынаған көңіл аударады: «ешқашан мемлекеттік және жеке меншіктік қаржылардың арасындағы түбегейлі айырмашылық бар екен ұмытпау керек. Бұл айырмашылық мына фактілерге себепші болған: жеке меншік қаржы жағдайы және жеке меншік қорлардың қозғалысы нарықтық экономика заңдарына байланысты, ал мемлекеттік қаржының жағдайы мен қозғалысы мемлекеттің шешімдерімен және ашық билік іс-әрекеттерімен анықталады».

    Оның  пікірі бойынша, мемлекеттік және жеке меншік қаржыларының айырмашылығы келесідей:

  1. мемлекет мәжбүрлі тәртіппен салық салу жүйесінің арқасында өзінің табысын қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар мемлекеттің өзіне қатысты мәжбүрлеп орындау жөң. Ал жеке меншік тұлғаларға келсек, онда жағдай басқаша, ол мәжбүрлеп өздерінің табыстарын қамтамасыз ете алмайды, олар өздерінің міндеттемелерін орындауға жағдайы жетпей қалуы мүмкін;
  2. мемлекеттік қаржылар өздерінің қаржыларын иелік ететін жеке меншік еркінен тәуелсіз ақшалай жүйесі мемлекет пен не көп, не аз дәрежеде басқарылады;
  3. жеке меншік қаржылар пайда алуға бағытталған. Мемлекеттік қаржылар, керісінше – жалпы мүдде деп аталатын құралдарды жүргізуге;
  4. мемлекеттік қаржылардың мөлшері жеке тұлғалар иелік ететін жекеменшік қаржылардан гөрі әжәптәуір көп.

      Жеке  меншік қаржылар  өздеріне келесі басты  институттарды енгізеді:

    1. Ұйым қаржылары (сауда және сауда емес);
    2. Сақтандыру ұйымдарының қаржылары;
    3. Банкілер қаржылары;
    4. Мемлекеттік емес арнайы қорлар қаржылары (мысалы: мемлекеттік емес зейнетқорлар қорлары).
 

      Мемлекеттік қаржылар өздеріне келесі басты институттарды  енгізеді:

    1. Бюджеттік жүйе;
    2. Бюджеттен тыс мақсатты қорлар;
    3. Мемлекеттік сақтандыру қаржылары. (егер мұндай бұл елде болса);
    4. Мемлекеттік бенкі қаржылары (егер бұндай банкілер болса);
    5. Мемлекеттік кәсіпорын және мекеме, сол сияқты шаруашылық жүйелерінің орталықтарының (мемлекеттік басқару органдарының) қаржылары.

      Қаржыларға  келесі функциялар тән: бөлгіш және бақылау.

      Бөлгіш  функцияның қаражаты болып қаржы  көмегімен қоғамдық жалпы (валды) өнімнің  құнын бөлу және қайта бөлу жүргізу  саналады. Нәтижесінде ақшалай құралдар бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысады, бұл процесс ақшалық қордың қалыптасқанын, немесе тұтынуын білдіреді.

      Бақылау функциясының мәні мынада: ақшалық  құралдардың сақталуын және дұрыс  жұмсалуын мемлекет жағынан қадағалауға  алуы.

      Бірақ нарықтың экономика жағдайында мемлекеттік  қаржы қадағалауы қысқаруды және мемлекеттік қаржылар шеңберінде жүргізілуі керек. Сонымен, мемлекеттік қаржылардың басты мақсаты мемлекеттің жұмыс істеуіне ақшалай қамтамасыз ету. Ақшалай жүйены ұйымдастыру мемлекеттің қызметін қаржылау тобына жатады. Жоғарыда айтылғаннан шығатыны, мемлекеттің қаржылық қызметі мемлекеттің ақшалық инфра құрылым жасау бойынша және оның тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша, сол сияқты мемлекеттік ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастырудағы мемлекеттің, тұтасымен шығу немесе өкілетті органдардың қызметі деп айтамыз 
 

      Мемлекеттің қаржы қызметінің мәселелері мынада:

    1. Қоғамның ақшалай инфрақұрылым құру және олардың біркелкі жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
    2. Өзінді-өзің қамтамасыз етуге және өз қызметімді жұмыс істету үшін ақшалай құралдарды табу;
    3. Қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік экономикалық процестерге ақшалық рычак жолымен ықпал жасау.

      Бұдан, мемлекеттің басты мақсаты қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымдарының бірқалыпты жұмыс істеуіне қолайлы  жағдайлар жасау.

      Қаржы жүйесі  - белгілі қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығы.

      Қаржы жүйесі мына институттарды енгізеді:

    1. Бюджеттік система;
    2. Бюджеттен тыс орталықтандырылған және орталық емес, мақсатты қорлар;
    3. Кәсіпорын, ұйымдар, халық шаруашылық салаларын;
    4. Мүлікті және жеке сақтандыру;
    5. Несие (мемлекеттік және банктік).

      Қахақстанда мемлекеттік қаржы жүйесі тұтасымен  алғанда бірлік принципіне негізделген  және қаржылық орталықтандыру қиынға түсуде, бірақта белгілі жекеленген қаржылық – экономикалық институттардың эелементтері (мысалы, жергілікті бюджеттердің) іс жүзінде бар екенін айтқан жөн.

      Орталықтандырылған  мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік  сипаттағы қажеттілікті қамтамасыз етуге шақырылған және мемлекеттік  биліктің орталық органдарының қарамағындағы  ақшалай құралдарының қорлары болып  табылады.

      Орталықтандырылмаған  қаржылар жеке шаруашылық субъектілердің (мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің ақшалай қорлары) қарамағында болады.

      Жалпы мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік  маңызы бар шараларды қаржыландыру үшін тағайындалған (мемлекеттік билік органдарының қызметін республикалық деңгейде, қорғанысты, қауіпсіздікті, құқық қорғау қызметін, төтенше жағдайларды республикалық деңгейде ұйымдастыру жұмыстарын қаржыландыру).

      Жергілікті  қаржылар жергілікті маңызды бар  шараларды қаржыландыру және мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қарамағында болып, әкімшілік-аймақтың бірлікиердің ақшалай қорларымен көрінеді.

      Қаржы қызметінің тәсілдері:

  1. Мәжбүрлеп және қайтарымсыз ақша құралдарын олардың иелерінен алу (салықтар);
  2. Мәжбүрлеп және қайтарымды ақша құралдарын өндіріп алу (мәжбүрлі қарыз);
  3. Еркін-қайтарымсыз ақшалық құралдарды жұмылдыру (игілік істеу қызметі);
  4. Еркін-қайтарымды ақшалық құралдарды жұмылдыру (еркін қарыз);
  5. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді іске асыру негізінде ақшалық құралдарды жұмылдыру (мемлекеттік алымдар);
  6. Мемлекеттік мүліктерді пайдаланған және өткізгеннен алынған ақшалық құралдарды мемлекет табысына айналдыру;
  7. Эмиссия (ақшалық құралдарды шығару).

      Ақшалық қорларды бөлу тәсілдері:

    1. Қаржыландыру (қайтарымсыз ақшалық құралдарды беру).

    Қаржыландыру түрлері:

      Демеу қаржы – меншікті құралдары жетіспейтіндерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық көмек.

      Субвенция – жергілікті өкімет орындарына немесе шараушылықтың жекелеген салаларына белгілі бір мақсатта берілетін  мемлекеттін жәрдем қаржының түрі.

      Сибсидия  – мақсатты сипатта мемлекеттік  ақша қорынан (бюджеттен) заңды және жеке тұлғаларға ақша құралдарын бөлу.

    1. Несиелеу (ақшаны қарыз және қарызға ретінде беру, қайтарымды жағдайда несиелеу);
    2. Мемлекеттің өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау (мемлекетпен өздерінің ішкі және сыртқы қарыздарын өтеу).
 
 

      Ақшалық қорларды пайдалануды ұйымдастыру  тәсілдері: 

    1. Ақшалық қорлардың  міндетін белгілеу (белгілі бір қордың мақсаты мен мәселелерін белгілеу);
    2. Мемлекеттік ақшалық қордан алынған құралдардың пайдаланудың тәртібін белгілеу;
    3. Мемлекеттік кәсіпорынның кірісін бөлудің нормативтерін және тәртібін белгілеу;
    4. Қаржылық нормативтер мен ақшалық құралдардың бөлу шегін белгілеу;
    5. Ақшалық қорларды пайдалануды жоспарлау;
    6. Ақшалық қорларды пайдалануға бақылау (қадағалау) жүргізу.
 

      Қаржылық  қызметтің жүргізілуінің құқықтық түрлері.

      І. Нормативтік сипаттағы заңдық актілерді  шығару;

      ІІ. Мемлекет нақтылы қаржылық қатынастарының субъектілерінің тәртібін реттеуге өзіне тән қаржылық-құқықтық актілерді  басып шығару. Бұл акт нақтылы тұлғаларға арналған, бір жолғы қолданысы бар.

      ІІІ. Екі жақты қаржылы-құқықты актілерді  істеу, оның ішінде қаржылық шарт жасау.

      ІҮ. Мемлекеттің өзінің құқықтық өкілдігімен  нақтылы құқық қатынастарының субъектісі ретінде (мысалы: салық органымен  салық берешек сомасын өндіріп алу) қаржылық-құқықтық акті арқылы өзінің құқықтығымен және міндеттемелерімен, іске асырады. Сонымен қаржылық-құқықтың актілері-мемлекеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттің қаржы қызметінің мемлекеттін органдар қабылданған заңдылық актілері.

      Мемлекеттің қаржылық қызметін жүргізу процессінде  заңдылықты қамтамасыз ету әдістері:

    • Конституциялық қадағалау;
    • Прокурорлық қадағалау;
    • Қаржылық құқық қатынастарынан пайда болған істерді, соттық қарау;
    • Қаржылық бақылау жүргізу;
    • Кінәлілерді жауапкершілікке тарту;
    • Қаржылық құқық қатынастарының бір жақты мемлекеттік орган билігінің қатысу жолымен заңдылықты бұзуды түзету;
    • Заңсыз іс-әрекеттерге шағым беру.
 

ҚАРЖЫ ФУНКЦИЯЛАРЫ 

Қаржы (“қолма –  қол ақша”, “табыс” ұғымын бiлдiретiн  орта ғасырдағы латын тiлiнiң “financia” сөзiнен пайда болған француздың finance сөзiнен шыққан) қоғамда нақты өмiр сүретiн, объективтi сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т.б.) қаржы белгiлi орын алады және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi өзгешiлiк рөлiмен айшықталады. 
“Қаржы” ұғымы мемлекетпен бiрге бiр уақытта қоғамның таптарға жiктелуi кезiнде, мемлекеттiң дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға байланысты жүйелi тауар - ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнiмдi бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар – ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздiксiз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетедi. 
Қаржы ғылыми ұғым ретiнде, әдетте, қоғамдық өмiрде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және мiндеттi түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүредi. 
Бүгiнде қаржы терминiн күнделiктi қолданысқа енгiзген авторды атау қиын. Бұл терминiң авторлығын 1577 жылы “Республика туралы алты кiтап” деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж.Боденге қалдыруға болады. 
Қаржы туралы жұмыстың (“Афин республикасының кiрiстерi туралы”) алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430 – 365 жж.) болды.  
Аристотельдiң (б.э.д. 384 – 322 жж.) қаржы сласындағы көзқарасы оның “ Афиннiң мемлекеттiк құрылысы ” атты жұмысында баяндалған. 
Қаржының мәнi, оның даму заңдылықтары, тауар – ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндiрiс процесiндегi рөлi қоғамның экономикалық құрылсымен, мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады. 
Түрлi қоғамдық – экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы мына себептерге байланысты: 
• әр түрлi қоғамдық формацияға қоғамның өзiне меншiктi таптық құрылымы сай келедi. Сонымен бiрге қаржы ұлттық табысты мемлекеттiң пайдасына қайта бөлудi ұйымдастыра отырып, оны бөлудiң қатынастарын есепке алады; 
• кезкелген қоғамдық – экономикалық формацияларда қаржы билеушi таптың мүдделерiн қорғайтын мелекеттiң мақсаттары мен мiндеттерiне бағынады; 
• өндiрiстiң жаңа әдiсi шаршуашылық қатынастардың жаңа жүйесiн тудырады. Мәселен, құл иеленушi және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбiнесе натуралдық сипатта болды. Капиталистiк шаруашылық тауар – ақша шаруашылығы болып табылады. Тиiсiнше мемлекеттiң табысы да ақша нысанында қалыптасады; 
• егер мемлекет басқару органы ретiнде қалыптасқан өндiрiстiк қатынастардың ұдайы өндiрiсi мен таптық құрылыстың мiндеттерiне қызмет ететiн болса, онда бұл мiндеттерге қаржы да қызмет етедi. 
Экономикалық өмiрде қаржының сыртқы көрiнiсi қоғамдық өндiрiстегi әр түрлi қатысушылар қозғалысы түрiнде болып жатады. Құбылыстар бетiнде бұл қозғалыс ақшалай соманы қолма – қолсыз немесе қолма – қол ақшамен есеп айырысу түрiнде бiр иеленушiден басқа иеленушiге беруi болып табылады. Алайда, кез келген ақша операциясы, мәмiле қаржы операциясына жата бермейдi, өйткенi ақша түрлi құндық экономикалық категориялардың – бағаның, еңбекке ақы төлеудiң, қаржының кредиттiң көмегiмен болатын қоғамдық өнiмнiң барлық құнының қозғалысын ортақтастырып, жүзеге асырады. Тiкелей қаржы операцияларына мыналарды жатқызуға болады: шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бiр – бiрiен қолма – қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негiзгi капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және кәсiпорындарда, фирмаларда iшкi шаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерiне салық төлемдерiн аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшiн кеден баждарын төлеу және басқа операциялар. 
Қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлiгi, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң түрлi субъектiлерi арасындағы бүкiл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын бiлдiредi, сондықтан оның рөлi мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты. 
Жалпықоғамдық өнiм мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесiнде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкiлiктi пайдалануға жiберiлетiн материалдық ресурстар бөлiгiнiң ақшалай көрiнiсi болып табылады. 
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкiл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас едi. Ақша қатынастары iшiнен тек олар арқылы мемлекеттiң, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң, сондай – ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жасалынатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберiнен шығып кетедi. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерiн ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндiрiлген өнiмдi ақша нысанында өлшеу, өзiндiк құнды калькуляциялау және өнiмнiң бағасын анықтау, ақшалай түсiмдi есепке алу сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кiрмейдi. Сауда жүйесi арқылы тауарларды сатып алу және сату (тiптi мемлекет бөлше сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезiнде пайда болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебi мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық – құқықтық әдiспен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен бiрiгiп кеткен субъектiлердiң теңдiгi (олардың құқықтары мен мiндеттерiндегi тепе – теңдiк) бұл әдiске тән өзгеше нышан болып табылады Сонымен бiрге қалыптасатын ақша қатынастарының өзiндiк қаржылық емес өзгешелiгi болады. 
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. 
Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндiрушiлердiң еңбек шығындары өлшенетiн жалпыға ортақ балама, ал қаржы – жалпы iшкi өнiм мен ұлттық табысты бөлудiң және қайта бөлудiң экономикалық тетiгi, ақша қроларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндiруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективтi сипатта болады. Қаржы өндiрiстiк қатынастардың белгiлi бiр сферасын бiлдiредi және базистiк категорияға жатажы. 
Қаржыны экономикалық категорилардың қатарынан бөлiп алу үшiн қаржы құбылысын қарастырудан оның мәнiн – зат болмысының барлық әр алуан нысандарының бiрлiгiн бiлдiретiн оның iшкi мазмұнын зерттеуге көшу қажет.
 

Қаржының  мәні болу қатынастарының ерекше саласы ретінде бөлу функциясымен айқындалады. Осы функция арқылы қаржының қоғамдық мақсаты жүзеге асырылып және әрбір  шаруашылық жүргізуші субъектілер қажетті к.аржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі.  
Қаржының бөлу функциясының қызмет ету объектісі болып жалпы қоғамдық өнім құны, сонымен қатар ақшалай нысанда сипатталатын ұлттық байлықтың бөлігі.  
Қаржылық бөлудің субъектілері болып ұдайы өндіріс үдерісінің қатынасушылары және иелігінде нысаналы мақсаттағы қорлары бар заңды және жеке түлғалар (мемлекет, кәсіпорын, бірлестік, ұйым, мекеме, азаматтар) табылады. Қаржы арқылы бөлу үдерісі материальдық өндіріс, айналыс және тұтыну салалары тәрізді қоғам өмірінің барлык саласында жүреді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы басқарудың, жалпы ұлттық, аумақтық, жергілікті деңгейін қамтиды. Қаржылық бөлуге шаруашылық ішілік, салаішілік, салааралық, аумақаралық бөлудің әр түрін тудыратын көпсатылық.  
Қоғамдық өнім құнының қозғалысымен байланысты. Каржылар ұдайы өндіріс үдерісінің, жалпы және жекеленген фазаларын сандық түрде көрсету қасиетіне ие. Қаржы олардың қоғамдық ұдайы өндірісте алатын орны туралы мәселемен алмастырылады, себебі бұлар әр турлі мәселелер болса да, бір-бірімен өзара өте тығыз байланысты. Әрине, қаржылар коғамдык ұдайы өндірісте елеулі рөлге ие, олардың көмегімен өндіріс факторларын тиімді пайдалану арқылы құндылык пропорциялар реттелуі мүмкін және т.б. Бірақ қаржының бөлгіштік қасиетін жақтаушылар қаржыны ұдайы өндіріс үдерісінің екінші кезеңіне қызмет ету барысында пайда болады дәл есептемейді, керісінше оларды қаржының арнайы қоғамдық белгіленуімен байланыстырады. Және қаржыға үш функция тән деп есептейді: ақша қорларын қалыптастыру, ақша қорларын пайдалану және бақылау. Бірақ алғашқы екеуі бөлгіштік функциясының жүзеге асырылу механизмі ретінде айқындалады. Даулы мәселелердің туындауы қаржының функциясының мәні туралы теориялық мәселелерді шешуді міндеттейді. Қаржының экономикалық табиғаты мен оларға тән қасиеттерін тереңірек игеру оны практикада ең тиімді жолдармен колдануға, экономиканы қаржылық сауықтыруға және қаржылық байланыс жуйесін жетілдіруге бағытталған шараларды ғылыми түрде негіздеуге мүмкіндік береді.