Лизингтің мәні мен оның түрлері
КІРІСПЕ
Бүгінде елімізде құқықтық реформалар барысында көптеген өзгерістер болып жатыр. Әр түрлі заңдар қабылданып, құқықтық мемлекетімізді нығайта түсер түбегейлі шаралар жүргізілуде. Сондай өзгерістердің бірі, еліміздің нарықтық экономикаға көшуімен ілесіп келген күрделі құбылыстардың бірі – «лизинг» терминінің кең орын алуы.
Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған бұл ұғымның маңызы зор.
Өз қызметін қалыпты жүзеге асырғысы келетін кәсіпорындар өздерін қандай да болсын мүлікпен қамтамасыз ету үшін оларға екі мүмкіндік беріледі:
- Сатып алу ( өз қаражаттары есебінен )
- Жалға алу.
Қазіргі кезде кәсіпорындардың көпшілігі сатып алу қаражаты жетіспеушілігінен жалға алуға келіп жүгінері сөзсіз. Мұндай жағдайда туындайтын бір мәселе, осы қажетті мүлкі бар және оны ұзақ мерзімге жалға беруге дайын кәсіпорынды табу. Әрине, бұл мәселені шешу қиынға түседі, себебі мүлікпен иемденетін кәсіпорындар оны жалға беруге емес, көбінесе сатуға тырысады. Мұндай қиындықтан шығу жолдарының бірі – осы мүлікті үшінші тұлғаның мүддесі үшін сатып алатын және оны жалға беретін адамды табу. Осыған сәйкес, лизингтік қатынастардың міндеті өзінің клиентіне қажетті мүлікті сатып алып, келісілген мерзімге тиісті ақыға жалға беру болып табылады.
Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты. Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және жалға алу мен займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.
Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды:
1.Лизинг маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады:
а) машина – техникалық
өндіріс ретінде
б) материалдық – техникалық өндірісті қамтамасыз етеді;
2. Лизинг – ішкі нарыққа капитал салу және инвестициялық форманы ұйымдастырады:
а) банктік қызметтің жаңа формасы ретінде көрінеді;
б) лизинг – лизингтік компанияларды несиесіз қаржыландыру көздері.
3. Лизинг – экономикалық жоспардың ұйымдастыру формасы:
а) ұлттық экономикада сыртқы нарықтық бәсекелестікті көтеру;
б) мемлекеттің сыртқы қарыздарының көбеюіне жол бермеу.
Курстық жұмыстың мақсаттар: лизингтің мәні мен оның түрлері, даму тарихы мен Қазақстан Республикасының лизингілік қызметін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- лизингтің қалай пайда болғаны, тарихын және оның түрлері, яғни шұғыл лизинг, ақша лизингі және тікелей – қаржылық лизингі және олардың атқаратын қызметтері туралы түсініктеме;
- лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері және лизингтік келісімшарт туралы мәселелер;
- Қазақстан Республикасының лизингтік даму динамикасын зерттеу.
І ЛИЗИНГ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ. ЛИЗИНГТІК ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯЛАР
- Лизинг түсінігі және даму тарихы
Берілген деректер бойынша адамзатқа лизингтің ертеден болуы белгілі. Көптеген тарихшылар мен экономистердің пікірінше, лизинтік келісім-шарттар б.э.д. Шумер мемлекетінде де жасалды. Аристотельдің (б.э.д. 384 / 383 - 322 ж.ж.) “Богатство состоит в пользовании, а не в праве собственности” атты еңбегінде лизинг идеясы туралы пікірлер жазылған. Басқа сөзбен айтқанда, пайда алу мақсатында мүліктің иесі болуы міндетті емес, осы мүлікті пайдалану құқығы болу керек, соның нәтижесінде пайда алу мүмкін болады дейді. Лизинг ертеде тек белгілі бір меншік түрлерін жалға алумен шектелген жоқ. Тарихи мәліметтер бойынша, ауылшаруашылық техниканың түрлері және шеберлік құрылғылар, сонымен қатар әскери техника да жалға алынды. [7]
Лизинг ағылшын тілінен аударғанда «жалға беру» деген мағынаға ие. Экономикалық категория ретінде лизинг машиналарды , құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын , өндірістік сипаттағы құрылғылардың ұзақ мерзімге жалға берілу негізіндегі қатынастарды білдіреді. Лизинг қажетті құрал-жабдықты көп ақшалай қаражат шығындарынсыз-ақ белгілі бір мерзімге жалға алуға мүмкіндік береді. Машиналарды, құрал-жабдықтарды, ЭЕМ-ді жалға алу өндіріс құралдарының моральдық тозуымен байланысты жоғалтуларды болдырмайды.
Лизингтік компания құрал-жабдықты сатып алып, жалға алушы фирмаға 5-8 жыл мерзімге жалға береді. Ал ол өз кезегінде мүлікті қолдана отырып біртіндеп қарызын өтейді.
Венецияда 11 ғасырда лизингтік операцияларға ұқсас мәмілелер жасалынды: венециандықтар сол уақытта өте қымбат болған якорьларды саудагерлер мен сауда қайықтарын жалға берді. Уақыты аяқталғаннан соң якорьлар өз иелеріне қайтарылған және қайтадан жалға берілді. Ұлыбританияда лизингтік қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін алғашқы нормативтік акт болған 1284 жылы Уэльс заңы болды (Statute of Wales).
1572 жылы Ұлыбританияда тек қана нақты лизингті қолдануға рұқсат беретін заң актісі шығарылды. Осы заңның мәні: осы уақытта келісім-шарт жасасқан жақтардың мүліктің нақты иесі кім екені жасырылды, ол несие берушілерді адастыру мақсатында жүргізілді, сондықтан оны реттеу үшін қолданылды.
1930 жылдары Генри Форд өз автокөліктерін өткізу мақсатында жалға беруді кеңінен қолданды. Бірақ автокөліктік лизингтік бизнестің бастамашысы ретінде Золли Фрэнкті есептейді. Ол 1940 жылдары алғаш рет автокөліктерді ұзақ мерзімді жалға беруді ұсынушы сауда агенті болды.
Жалға беру қатынастарында болатын құбылысты Америкада 1950 жылы революция деп атауға болады. Осы уақытта өндірістің көптеген құралдары жалға берілді: технологиялық құрылғылар, машиналар мен механизмдер, кемелер, ұшақтар жіне тағы басқалары. АҚШ Үкіметі осы құбылысты бағалап, оны ынталандыратын мемлекеттік бағдарламаны жедел түрде әзірледі және жүзеге асырды. Экономикалық лексикалық терминологияға жаңа “лизинг” терминінің енгізілуін (ағылшынша lease – жалға беру) “Белл” телефон компаниясының операцияларымен байланыстырады. Осы компанияның басқармасы 1877 жылы өз телефон аппараттарын сатпайтыны туралы, оны жалға беру туралы шешім қабылдады.
Сан-Францискода белгілі болған “United States Leasing Corporation” американ компаниясы 1952 жылы лизингтік операциялар іскерліктің негізгі болған алғашқы акционерлік қоғам болып саналады. Сонымен, АҚШ жаңа бизнестің отаны болды. 60 жылдардың ортасында лизингтік операциялар 1 млрд.доллар, ал 80 жылдары олар 110 млрд.доллардан асып түсті. Осындай жоғары қарқынды темптің болу себебі лизингтік мәміле бойынша серіктестіктер ала алатын артықшылықтарға байланысты болды. Лизингтік операциялар өте тез АҚШ шекарасынан өтіп, халықаралық лизингке айналды.
АҚШ-та лизинг экономикалық бизнестің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Өз қызметтерінің кең спектрін ұсынған жаңа лизингтік компания- лар санының өсуі, және лизингтік келісім-шарттарының үлкен модифи- кациясы экономиканың әртүрлі сфераларында кәсіпкерлердің инвестициялық қаражаттарын алудың әртүрлі нұсқаларын анықтады. Кейіннен лизингтік компаниялар “қаржы-лизингтік қоғамдар” деген атқа ие болды.
Батыс Еуропада алғашқы қаржы-лизингтік қоғамдар 50-60 ж.ж. пайда болды. Бірақ та лизингтік операциялардың дамуына көптеген факторлар әсер етті, салықтық заңнамада лизингтік келісім-шарттардың заңды түрде қабылдауы көптеген қиыншылықтардан шығуға мүмкіндік берді.
Мысалы, алғашқы француз лизингтік компания “Локафранс” 1982 жылы құрылды. Ал төрт жылдан кейін лизингтік компаниялардың жалпы саны 30 тең болды. 1987 жылы елде жылжыйтын мүлікпен айналысатын 56 лизингтік компания жұмыс істеді, олардың жылдық келісім-шарттар саны 57 тең болды. Ал жылжымайтын мүлікпен айналысатын компаниялар саны 94-ке тең болды. Франция мемлекетінің ірі компаниялары “Локафранс”, “Слибай”, “Локабай”, “Софимобай”, “Слиминико” [7]
Италияда алғашқы лизингтік компания 1963 жылы құрылды, бірақ та лизингтік бизнестің кең өріс кезеңі 70-80 ж.ж. болды. Олардың ішінен 50 ең ірі компаниялар “Ассима” ұлттық ассоциациясының мүшелері болып табылады. осы уақытта он ірі лизингтік компаниялардың лизингтік операциялар санының жалпы үлесі 80%-ға тең болды. 60 жылдары лизингтік бизнес Азия континентінде дами бастады.
Қазіргі уақытта лизингтік қызметтерің негізгі бөлігі “АҚШ – Батыс Еуропа - Жапония” мемлекеттерінде шоғырланды. Батыс Еуропада лизинг берушілер ретінде, көбінесе, арнайы лизингтік компаниялар бола алады. Осы лизингтік компанияларды 75-80%-ға жуық банктер немесе оларды еншілес қоғамдар бақылайды. Жапония үшін сипатты белгі ретінде лизингтік операциялардың қаржыландырудан “қызметтер пакетіне” дейін ұлғайтты.
КСРО-да лизингтік бизнестің дамуы 1989 жылы басталды. Лизингті қолданудың бастапқы ережелерінің белгілі құбылысы ретінде жалға беру туралы 23 қарашаның 1989 жылы № 810-1 КСРО заңнаманың және 16 ақпанның 1990 жылы қабылданған, лизингті бухгалтерлік есепте көрініс табу тәртібі көрсетілген № 270 “бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары” КСРО Мемлекеттік Банктің хаты негізі болды.
1991 жылдың маусым айында халықаралық кеңес-неміс лизингтік компания “Евролизинг”құрылып, ал желтоқсан айынан бастап өз қызметін жүзеге асырды. Оның құрылтайшылары болып, кеңес жағынан КСРО-ның Сыртқы экономикалық банк, КеңесМорфлот және КСРО-ның Госснаб болды, ал француз жағынан – Еуропаның бір ірі лизингтік компаниясы “Насиональ де Пари Банкісі”, ал неміс жағынан – Батыс Германияның ірі лизингтік компания - “Митфинанц ГмбХ” болды.
Лизингтік қызметтер стратегиялық маңызды салалардың тез дамуына жағдай жасай отырып, экономиканың өндірістік секторын нығайтады. Сонымен қатар, лизинг несиелендірудің баламалы формасы ретінде банктер мен лизингтік компаниялар арасындағы бәсекені күшейтеді, несие процентінің төмендеуіне әсер етеді, ал бұлардың өзі өндірістік салаға капитал ағымын ынталандырады.
Дәстүрлі жалға алумен
салыстырғанда лизингтік
Жалдық төлемдер ай сайын, әр тоқсан немесе жарты жыл сайын жүзеге асырылады. Жал төлемінің ставкасы әдеттегі коммерциялық қызметтер жағдайындағы сатып алу бағасынан жоғары және құрал-жабдықтың сипаты мен келісім-шарт мерзіміне байланысты белгіленеді.
Қазақстанда лизингтің дамуының өзектілігі сол, еліміз әзірше шикізат ресурстарының әлемдік бағаларына тәуелді және бұл тәуелділік көмірсутекті шикізат экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты алдағы орта мерзімді болашақта сақталып әрі өсе түсуде. Ұзақ мерзімде ел экономикасын мұнай бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай экспортынан түскен табыстың ауқымды мөлшерінен көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асатын Ұлттық қор қалыптастырылды, сақталып әрі өсе түсуде. Ұзақ мерзімде ел экономикасын мұнай бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай экспортынан түскен табыстың ауқымды мөлшерінен көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асатын Ұлттық қор қалыптастырылды.
Қазақстан экономикасын шикізат ресурстарының бағалары тұрақсыздығынан қорғаудың тағы да бір тетігі отандық өндірістің дамуы болып табылады. Бұл жағдайда елдегі құрал-жабдықтардың 80 пайызы тозғанын, алдағы бірнеше жылда оларды алмастыру қажеттігін ескерген жөн. Осы мәселені шешудің бір жолы жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар сыртқы - экономикалық, несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ.
- Лизингтік негізгі түрлері
Жалпы, лизингтік саланың дамуы экономикалық дамуға бірнеше бағыттар бойынша әсер етеді. Ол шағын және орта кәсіпорындарға өз өндірісін құру мен жетілдіруге мүмкіндік бере отырып, шағын және орта бизнестің әрі қарай дамуына көмектеседі. Лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың қосымша формасы болып табылатындықтан күрделі салымдар көлемін ұлғайтады, сол сияқты қосымша қаржы ресурстарын тарта отырып, негізгі құралдардың жаңартылуын тездетеді. Лизинг қаржылық қызметтер нарығында қосымша бәсекелестік туғызады. Лизинг пайда болысымен қаржыландыру құны төмендеп, қаржылық қызметтер нарығы кеңейеді. Ол кәсіпорындардың банкке қарыздарының жоғарылауына жол бермей, негізгі құралдарды иемденуде банктік несиеге балама болып табылады.
Сонымен қоса, макродеңгейде
кең көлемді шетел
Лизинг сөзі « to lease » ағылшын тілінен аударғанда « жалға беру » дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы - жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады. [12; 365]
Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал – жабдықтарды , машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда – саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу тартымын, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Банктердің лизингтік
Лизингтік қызметтердің қазіргі нарығы лизинг нысандармен, лизингтік келісім шарт үлгілермен және лизингтік операцияларды реттейтін заңды нормалардың алуан түрлілігімен сипатталады.
1 сурет
1 - банк лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып, несие беріледі; 2 – лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді; 3 – жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады; 4 – лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады; 5 – жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды; 6 – лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді; 7 – лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.
Лизингтің сыныптамасы:
Қатысушылар құрамына байланысты:
- тура лизинг - келісім шарт екі жақ арасында жасалынады, яғни жалға беруші және жалға алушы арасында;
- жанама лизинг - келісім шарт үш немесе одан да көп жақтар арасында жасалынады, яғни жалға беруші, жалға алушы және делдал арасында.
Мүлік нысанына байланысты:
- жылжитын мүлік лизингі - ( жабдықтар, техника, автомобильдер, кемелер,ұшақтар, т.б.), соның ішінде жаңа және қолданыста болғандар.
- жылжымайтын мүлік лизингі - ( жалға беруші ғимараттарды, құрылғыларды жалға алушы тапсырысы бойынша салады немесе сатып алады).
- қолданыста болған лизинг мүлігі.
Мүліктің өтелімділігі бойынша:
- толығымен өтелінетін лизинг - келісім шарт мерзімі ішінде жалданатын мүліктің құны толығымен өтелінеді;
- жартылай өтелінетін лизинг - бір келісім шарт мерзімі ішінде мүліктің жартылай амортизация өтеді және оның жартысы ғана өтелінеді.
Амортизация деңгейіне байланысты:
- толық амортизация деңгейі;
- толық емес амортизация деңгейі.
Қызмет көрсету мөлшері бойынша:
- Таза - мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады;
- Толық - мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады.
- Жартылай - мүлікке қызмет көрсетуге байланысты функциялардың жартысын лизинг берушіге жүктелінеді.
Нарық секторына байланысты:
- Ішкі - келісім шарттың барлық тұлғалары бір елді ұсынады;
- Халықаралық - келісім шарттың бір ғана тұлғасы немесе барлық тұлғалар әртүрлі елдерде орналасса, сонымен қатар жақтардың бірі өзара кәсіпорын болған жағдайда. Халықаралық лизинг:
- импорттық – егер лизинг беруші мен лизинг алушы бір мемлекетте, ал жабдықтаушы басқа елде болса.
- экспорттық – егер жабдықтың өндірушісі және лизинг беруші бір мемлекетте орналасса, ал лизинг алушы басқа елде болса.
- транзиттік – егер барлық қатысушылар әртүрлі мемлекеттерде орналасса.
Лизингтік төлемдер сипатына байланысты:
- ақшалай төлемді лизинг (барлық төлемдер ақшалай нысанда);
- өтемақы төлемді лизинг (жалға алынған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу);
- аралас төлемді лизинг.
Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты:
- нақты – жалға беруші инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация секілді, ал жалға алушы арендалық төлемдерді салықты төлеу үшін алынатын табыстардан шегере алу сияқты салықтық жеңілдіктерге ие болады.
- жалған – мәміле спекулятивті сипатта болады және ең жоғарғы пайда алу мақсатында негіссіз салықтық және амортизациялық мәміле жасасу негізінде жүргізіледі.
Қаржыландыру әдісіне байланысты:
- мерзімдік лизинг - бір жолғы аренда жүзеге асырылатын лизинг;
- жаңғыртымалы лизинг - лизинг келісім-шарты бірінші келісім-шарт аяқталған соң қайта жалғастырылады.
Жалға алынатын мүлікке қатысты:
- таза лизинг - бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға алушы өзіне алады;
- толық лизинг - бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады.
Лизингтік мәмілелердің
бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік
операциялар екі түрге бөлінеді
- Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда , оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
- Қаржы лизинг – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Қаржылық лизинг келесі
негізгі белгілермен
- Үшінші тұлғаның қатысуымен;
- Келісім-шарттың мерзімі аяқталуына дейін келісім-шартты бұзу мүмкіндігінің болмауы;
- Лизингтік келісім периодын одан әрі жалғастыру мүмкіндігінің жоқтығымен;
- Қаржылық лизингте негізінен объектілер жоғары құнға ие болады.
Осындай келісімдер аренданың
уақытына дейін аяқталуын
Қаржылық лизингтің
объектілеріне жылжымайтын
Жедел лизинг кезінде объктіге қатысты залал шегу мен жоғалтуға байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады. Лизингтік төлемдер ставкасы, көбінесе, қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады, себебі шығындардың толық өтелетіндігіне ешкім кепілдік бермейді.
Жедел лизингтің негізгі объектілеріне жабдықтардың жедел тозатын түрлерін жатқызамыз: компьютерлер, көшірме және көбейткіш техника, оргтехниканың әр түрлі нысандары, т.б. және тұрақты сервистік қызметті талап ететін күрделі техникалық жабдықтар: (жүк және жеңіл автомобильдер, әуе лайнерлер, темір және теңіз транспорт).
Жедел лизингтің шарттары жалға алушы үшін тиімдірек кенін байқауға болады. Мысалы, егер жалға алушы моральды тозған жабдықтан келісім-шартты уақытының аяқталуына дейін күшін жойса, жалға алушының жаңа жоғары технологиялы және бәсекелесті құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалға алушы әртүрлі қолайсыз жағдай туындаған жағдайда, осы іскерлік түрінен бас тартуы мүмкін. Ол мүлік иесіне уақытына дейін жалға алынған мүлікті қайтарып, өндірістің жойылуына және қайта құруына байланысты шығындарды азайтуға мүмкіндігі болады. Егер бір жолғы жобаларды немесе тапсырыстарды жүзеге асыру кезінде, жедел лизинг одан әрі қажетсіз болатын жабдықтар мен құралдарды сатып алудан босатады.
- Лизингтік операциялар есебі
Лизингтік операциялардың негізгі элементтері. Әлемдік тәжірибеде “лизинг” термині ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды жалға беру негізінде, әртүрлі мәмілелерді белгілеу үшін қолданылады.
Аренда келісім-шарты жасалу мерзіміне байланысты арендалық операциялардың үш түрі бар:
- Қысқа мерзімді аренда (рентинг) – бір күннен бір жылға дейін;
- Орта мерзімді аренда (хайринг) – бір жылдан үш жылға дейін;
- Ұзақ мерзімді аренда (лизинг) – үш жылдан жиырма жылға дейін. [1;366]
Әрбір күрделі экономикалық ұғымдар секілді лизингте де бірнеше анықтамалар бар. Ең біріншіден, лизинг - бұл ағылшын сөзі to lease – уақытша жалға беру немесе жалға алу деген мағынаны білдіреді.
Лизинг – бұл жалға берушінің уақытша бос немесе тартылған қаржы қаражаттарын инвестициялау. Бұл кезде жалға беруші белгілі бір сатушыдан өз меншігіне келісім-шартта көрсетілген мүлікті сатып алуға міндетті болады және осы мүлікті жалданушыға уақытша пайдалануға, ақылы негізде, беруге міндетті болады және оны кейін сатып алу құқығының бар болуын көрсетеді.
Лизинг дегеніміз аренда келісім-шарты. Ол жалға беруші өз иелігіндегі жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, оргтехниканы, транспорттық құраларды, өндірістік, сауда және қойма мәні бар құрылғыларды жалданушыға белгілі бір мерзімге, өзіне проценттік ставканы қосатын, жалданушының ақша нарығындағы тартылған қаражаттардың құнын жабатын, банктің пайдасын есепке алатын және мүліктің амортизациясын ескеретін, анықталған арендалық төлем негізінде беруді білдіреді.
Сонымен қатар, лизингті үшінші тұлға үшін мүлікті сатып алатын және оған ұзақ мерзім периодына беретін, мамандырылған (лизингтік) компанияның делдалдық қызметі арқылы негізгі қорларға салымдарды қаржыландырудың арнайы нысаны ретінде де қарастыруға болады. Яғни, лизингтік компания нақты түрде жалданушыны несиелендіреді. Сондықтан лизингті кейде “несие - аренда” деп атайды.
Сатып алу-сату келісім-шартында тауарға иелік ету құқығы сатушыдан сатып алушыға өтеді, ал лизингте аренда келісім шартын жасасқан кезінде, мүлікке ие болу құқығы жалға берушіде қалады. Лизингтік келісім шартының мерзімі аяқтаған соң, жалданушы лизингтік жабдықты келісілген бағада сатып алу, келісім шарт мерзімін ұзарту немесе жалға берушіге жабдықты қайтару мүмкіндігі болады.
Лизингтік қаржыландырудың несиеден айырмашылығы:
Қазақстан Республикасында лизингтік операцияларды реттеу 2000 жылдың шілде айында қабылданған “Қаржы заңынан” кейін ғана қолға алынған болатын. Бүгінде бұндай қаржылық қызмет көрсету түрі өзге елдердегідей қарқынды даму үстінде. Еліміз дамушы мемлекет болғандықтан, көптеген өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы техникалық жағынан жаңартуды, жаңа технологиялармен жабдықталуды қажет етеді. Алайда, барлық өндіріс көздерінің мұндай игі шараларға қорларындағы қаржылары жете бермейді және де барлығының да банктерге кепілдік қойып, несие алуға мүмкіндіктері жоқ. Осындай сәттерді ескере отырып, лизингтік компаниялар ашылып, жұмысы да сол бағыт бойынша жүргізіледі.
Қаржылық лизингте лизинг алушыдан ешқандай мүлікті кепілдікке қою талап етілмейді, тек қана алынған соманың жарты ақшасын құйса болды. Яғни, аздаған соманы кұю арқылы алушы өзінің қажеттіліктерін игере алады және лизингтік қаржы операциялары кезінде екінші рет қосымша қаржы алу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, лизинг алушыларға мемлекет тарапынан да бірқатар жеңілдіктер жасалған. Мәселен, лизинг алушылар кейбір салық төлемдерінен босатылған. Лизингтік операцияларда несиеге қарағанда пайыздық көрсеткіштері жоғары. Оны лизингтік компаниялардың керекті қаржыны банктерден қарызға алатындығымен түсіндіруге болады.
Лизингтік келісімшарт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция.Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады:
1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында;
2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында;
3) лизинг алушы мен банк арасында. [14;136]
Әдетте мәмілеге келу алдында клиентті толық талдаудан өткізеді.Лизингте ең маңыздысы,бұл келісімшарт соңында құрал-жабдыұтың белгілі бір қалдық құнының қалуы.Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен,ұрлықтан және т.б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.
Іс жүзінде кез келген лизингтік келісімшарт мынадай элементтерді қамтуға тиіс:

- Лизингтің негізгі түрлері
- Лизингтің пайда болуы
- Лизингтің пайда болуы
- Лизингтің пайда болуы мен дамуының теориялық негіздері
- Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны
- Лизинг, условия заключения лизингового соглашения
- Лизинг. Учет лизинговых операций
- Лизингтік қаржыландыру
- Лизингтік операциялар есебі
- Лизингтік операциялар есебі
- Лизингтік операциялар есебі
- Лизингтік операциялар есебі
- Лизингтік операциялар есебінің ерекшелігі
- Лизингтің Қазақстандағы даму жолдары мен болашағы