Лизингтің пайда болуы мен дамуының теориялық негіздері
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Кәсіпорындағы лизингтің қалыптасуы мен даму мәселелері тақырыбын зерттеудің маңыздылығы банктердің ел экономикадағы шаруашылықты қаржыландыру мен өздеріне пайда алу мақсатындағы қызметі анықталады.
Қазақстан Республикадағы лизингтік қызмет көрсетулердің нарығы өте жас және игерілмеген. Сондықтан Қазақстандық экономиканың ең мұқтаж буындарына лизинг арқылы қажетті инвестициялардың бағытталу мүмкіндігі айқын көрініп тұр.
Халық шаруашылығының құрылымын тұтастай қайта құру, Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының негізгі шарты болып табылады, бірақ бұл инвестициялардың және оларды қолдану тиімділігінің жоғарлау шегінің өсіуінсіз мүмкін емес, яғни кез келген өндірісте экономикалық қатынастардың нақты негізі қаржылық қатынастар болып табылады.
Өндіріс және айналым сферасына толықтыру енгізулер, шаруашылықтың экономикалық шарттарындағы терең өзгертулер, материалдық базаны жаңартудың, біздің экономикамыз үшін дәстүрлі емес әдістерді енгізу қажеттілігін тудырады. Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуы несие - қаржылық жүйенің және мемлекеттік инвестициялардың қысқару жағдайларын жақсартуды болжайды, осыларға қарағанда экономикалық қатынастардың әртүрлі субъектілерімен қойылған мақсаттарға жетудің алуан түрлі нұсқалары пайда болады. Бұл өзекті мәселелерді шешу жолдарының бірі лизинг арқылы өнеркәсіптік төмендеуден шығу.
Тәуелсіздіктің алғашқы
Тап осы жұмыста лизингтің
Осылайша, әлемдік тәжірибені сайып келгенде лизингтік бизнестің дамуы, Қазақстан үшін инвестициялық процесті іске қосу бағыттарының ішіндегі ең перспективті бола алады және болуға тиіс, сонымен қатар өндірістің техникалық қайта қарулануының және құрылымды қайта құрудың қуатты күші бола алады, ақырғы жиынысында жалпы ұлттық өнімнің өсуіне әкеледі.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның лизингтік операцияларын талдау арқылы қазіргі кездегі даму қарқыны мен проблемаларын қарастыру.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін курстық жұмыста мынандай міндеттер жүзеге асырылады;
-Лизингтің түсінігін ашып, түрлерін сипаттау
-Лизингтің қалыптасуына шолу жасап, белгілері мен функцияларын анықтау;
-ҚР лизингтің қалыптастыру қажеттігін көрсету
-ҚР лизингтің қызмет ету жағдайын бағалау;
-ҚР лизингтің кемшіліктері
-Қазақстан Республикасындағы
-Қазақстан Республикасындағы
-Қазакстан Республикасындағы
лизингтің дамытудың, жетілдіру
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен құралған.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен пәні және зерттеу әдістері қарастырылған.
Бірінші тарауында лизингтің қалыптасуы мен дамуының теориялық аспектілері, лизинг операцияларының мәні мен функциялары, лизингтің түрлері мен Қазақстандағы лизингтік нарықтың қалыптасу және даму ерекшеліктері қарастырылған.
Екінші тарауда тарауда Қазақстан Республикасында лизнгтік операцияларды дамытудың жолдары, кәсіпорында лизингтік операцияларды дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары, Қазақстан Республикасындағы лизингтік қатынастарды нормативтік –құқықтық реттеу жолдары қарастырылған.
1 Лизингтің қалыптасуы
мен дамуының теориялық
1.1 Лизингтің пайда болуы мен дамуының теориялық негіздері
Лизингтік операциялар ежелден белгілі. Тарих көрсеткендей, олардың дамуы б.д.д. 2 мың жыл бұрын Вавилонда бастау алған. Біздің заманымызда лизинг ХХ ғасырдың 60-жылдары АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Швейцария және т.б. дамыған индустриалды елдерде пайда болып, кейін Шығыс Еуропаның көптеген елдерінде өз дамуын жалғастырды.
Лизинг сөзі « to lease » ағылшын тілінен аударғанда « жалға беру » дегенді білдіреді. Экономикалық категория ретінде лизинг машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, өндірістік сипаттағы құрылғылардың ұзақ мерзімге жалға берілу негізіндегі қатынастарды білдіреді. Лизинг қажетті құрал-жабдықты көп ақшалай қаражат шығындарынсыз-ақ белгілі бір мерзімге жалға алуға мүмкіндік береді. Машиналарды, құрал-жабдықтарды, ЭЕМ-ді жалға алу өндіріс құралдарының моральдық тозуымен байланысты жоғалтуларды болдырмайды [1,82б].
Аристотельдің өзі «Риторикада», байлық меншік құқығы негізінде мүлікті иелену емес, ал оны (мүлік) пайдалану деп атап өткен екен. Ағылшын авторы Т.Кларк лизинг Аристотель өмір сүргенге дейін болды дейді: ол лизинг туралы бірнеше ережені шамамен б.д.д.1760 жылы қабылданған Хаммурапи заңынан тапты. Рим империясы да лизинг мәселесінен сырт қалған жоқ – ол өзінің көрінісін Юстианның Иституцияларынан тапты. Иелену құқығы мен меншік құқығын бөлу мен иеленуден пайда табу ерте кезде-ақ белгілі болған, ал қазіргі заманғы лизингтің тууы мен таратылуы, жаңа – бұл жақсы ұмытылған ескі екенін тағы да еске салады.
Дәстүрлі лизинг америкалық тапқыштық болып саналады, лизингтік операциялардың есептеу нүктесін шетелдік зерттеушілер 1877 жыл деп қабылдайды. Онда американ «Белл Телефон Компани» компаниясы телефондарды сатудың орынына жалға бере бастады. Лизингтің дамуы, лизинг олар үшін тек сауда саясатының құралы ған емес, бірақ қызмет заты болып табылатын, арнайы лизингтік компаниялардың құрылуына күшті жігер берді. Алғашқы лизингтік компания «Юнайтед Стейс лизинг корп». 1952 жылы Сан Франсцискода құрылды. 60 жылдардың басында америкалық кәсіпкерлер лизингті мұхит арқылы Еуропаға «өткізді», онда алғашқы лизингтік компания - «Дойче лизинг ГМбХ» 1962 жылы Дюссельдорфте пайда болды. 1972 жылдан мұнда лизингтің еуропалық нарығы бар.
Басында АҚШ-та лизингтің кең тараған объектісі қоршаған ортаны қорғауға арналған мамандандырылған құрал-жабдық болды. Лизингтік қатынастардың ерекшелігі құрал-жабдықты жалға алу және мерзімі ұзартылып сатып арасында нақты шектеудің жоқтығы, оны пайдаланудағы төмен проценттік төлемдер, сонымен қоса оны алдын ала белгіленген бағамен сатып алу мүмкіндігі болып табылады. Қазіргі уақытта АҚШ-та лизинг жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың техникалық қайта жарақтануының және құрылып жатқандардың жабдықталуының нақты құралдарының біріне айналды. Құрал-жабдыққа жұмсалатын қаражаттардың 20 пайызы лизинг есебінен өтеледі.
ХХ ғасырдың 60-жылдары лизингтік мәмілелері әлемнің көптеген елдерінде дамыған, ең алдымен Батыс Еуропа елдерінде кеңінен дами бастады. Алғашында бұл елдерде өнеркәсіптік кәсіпорындардың лизинг көмегімен құрал-жабдықты сатып алудағы қаржыландыру үлесі АҚШ – пен салыстырғанда төмен болды. Бірақ қазірге кезде Ұлыбританияда өндірістік құрал-жабдықтарды жалға беру салынып жатқан және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қамтамасыз етудің негізгі формасы болып табылады. Өнеркәсіпте қолданылатын құрал-жабдықтың жалпы көлеміндегі жалға алынатын құрал-жабдықтың үлесі 60 %-ға жетті. Францияда соңғы жылдары лизингтің экспансиясы байқалуда. Батыс Еуропа елдеріндегі лизингтік операциялардың өсуі оның өндіріс пен өнімнің бәсеке қабілеттігін арттыру, салықтарды төлеудегі жеңілдік мүмкіндіктерімен байланысты. Сонымен қатар лизинг құрал-жабдықты жалға беруші фирмалар үшін де, жалға алушы фирмалар үшін де, әсіресе ол өндірістің техникалық дамуының жалғыз мүмкіндігі болып табылатын орташа және шағын кәсіпорындар үшін аса тиімді болып табылады. Лизинг уақыты қолданылатын құралдарының қызмет атқару мерзімінің 40-90 пайызын құрайды және иемдену сипатында болмайды. Жапонияда жыл сайынғы лизингтік операциялардың өсу көлемі 30 пайызды құрайды. [2,25 б]
Лизинг туралы заңдардың алғашқыларының бірі – 1284 жылғы Уэльс Заңы.
Кейде лизингті адал емес мақсаттарда да пайдаланылады, мәселен, несие берушілерді адастыру үшін бір нәрсенің нақты жағдайын – меншік иесі кім, иесі кім, жасыру үшін. 1571 жылы мұндай мәмілелерді жасауға тиым салынды, нақты лизингті ғана пайдалануға рұқсат етілді. Лизингті пайдалану ХХ ғасырдан бастап қайталанады. Қазіргі заманғы лизингтік шу тек «лизинг» деп аталатын, бірақ мәні жағынан көп пайда табу мен салық төлеуден жалтару мүмкіндігін жасыратын, мәмілелердің пайда болуына әкелді. Осы сала бойынша алғашқы заңдылық актілері әртүрлі өлшем мен көрсеткіштерді пайдалану жолымен «нағыз» және «жалған» лизингтің шектеуін өзіне мақсат етіп қойды.
«Жалған» лизинг біздің елмен, оның көршілерінің де тәжірибесінде кездеседі. Мәселен, Белоруссия банктері, лизингтің, несиелеудің, күрделі жүйесін, жасанды лизингтік компанияларды пайдалана отырып, бір-бірінен «лизингке» банктік офистерді, байланыстың қазіргі заманғы құралдарын, қымбат автокөліктер мен инкассация үшін броневиктерді алды. Бұдан жеңілген, орасан зор сома (салықтар, резервтік қаржы) ала алмаған, тек ғана Белоруссия Республикасының Ұлттық банкі (Нацыянальны Банк Рэспублікі Белорусь).
Бүгінгі таңда қазақстандық өндірушілердің өнімдерін бәсекелестік қабілеттігінің төмендігіне байланысты нарықтан сапасы жоғары шетелдік тауарлар ығыстыруда. Отандық өнеркәсіп техникалық параметрлері бойынша өте артта қалуда, өндірісте 70—90% тозған құрылғылар пайдаланылуда.
Елбасының «Қазақстан – 2030» стратегиясының тұжырымы бойынша шағын және орта бизнесті дамытудың жаңа технологиялық өндірістерге бағдарланған және орта бизнесті дамыту үшін әлеуметтік экономикалық жағдай жасай отырып қоғам тұрақтылығының негізі б.т. орташа тапты қалыптастыру[13,29бет] көптеген Қазақстандық кәсіпкерлері үшін, Дүниежүзілік сауда ұйымының әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіру үшін үлкен сұранысқа ие болатын сапалы өнімді шығаруға жалпы лизингтің беретін көмегі өте үлкен
Мұндай жағдайлардың қалыптасуының негізгі ceбeбi өндіріске инвестицияның мүлдем жоқтығы болып табылады. Өндіріс бip қалыпты жұмыс істеп отыру үшін стандартты жағдайларда негізгi құралдар моральдық тозуы және табиғи ескірулеріне байланысты үздіксіз жаңартылып отырылуы қажет. Инвестициялық процесс, және ғылыми-техникалық прогресс, өндірістi жоғары техникалық деңгейде қолдап отырады.
Жалпы Қазақстан үшін лизингтік саланың дамуы экономикалық дамуға бірнеше бағыттар бойынша әсер етеді. Ол шағын және орта кәсіпорындарға өз өндірісін құру мен жетілдіруге мүмкіндік бере отырып , шағын және орта бизнестің әрі қарай дамуына көмектеседі. Лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың қосымша формасы болып табылатындықтан күрделі салымдар көлемін ұлғайтады, сол сияқты қосымша қаржы ресурстарын тарта отырып , негізгі құралдардың жаңартылуын тездетеді. Лизинг қаржылық қызметтер нарығында қосымша бәсекелестік туғызады. Лизинг пайда болысымен қаржыландыру құны төмендеп , қаржылық қызметтер нарығы кеңейеді. Ол кәсіпорындардың банкке қарыздарының жоғарылауына жол бермей, негізгі құралдарды иемденуде банктік несиеге балама болып табылады.
Сонымен қоса, макродеңгейде кең көлемді шетел инвестициялары лизинг арқылы елдің төлем балансы пассивіне әсер етеді және әлемдік нарықта қарыз беруші рейтингін төмендетпейді, өйткені Халықаралық валюта қоры тәртібі бойынша лизингтен туындайтын міндеттемелер мемлекеттің сыртқы қарыз көлеміне енгізілмейді. Сондықтан халықаралық лизинг көптеген дамыған және дамып келе жатқан елдерде мемлекеттік қолдау табады.
Қaзipгi кезде біздің еліміздің өндірушілері қиын жағдайларды бастан кешіруде. Өндірген өнімдердің бәсекелестік қабілеттігінің төмен болуына байланысты олардың қолында өзіндік қаржылық ресурстары өте аз. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында мемлекет отандық тауар өндірушілерге тікелей қолдау көрсете алмайды. Коммерциялық банктердің де қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына байланысты ұзақ мерзімді инвестициялауды жүргізу үшін мүмкіндіктepi жоқ. Miнe, осындай жағдайларда лизинг Қазақстандағы қаржылық нарықты күшейтудің сенімді құралдарының бipi болып табылады.
«Лизинг» терминінің қазақ тілінде нақты баламасы жоқ. Соған байланысты оның кез-келген анықтамасы қате деп саналмайды және осы икемді несиелік құралдың барлық формаларын ескеру мүмкін емес. Кең түрде алып қарағанда, лизинг деп сатып алу негізінде уақытша пайдалануға берумен байланысты мүліктік қатынастардың барлық кешенін түсінуге болады. [3,52б]
Лизинг – бұл лизинг берушінің
өзіне құрал – жабдықтарды, машиналарды,
ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске,
сауда – саттыққа және қоймаға
арналған құрылғыларды лизинг алушыға
лизингтік төлем төлеу тартымын
Лизингте келісім шарт объектісі
лизинг алушы елге импортталатын
құрал-жабдықтар болып
Сонымен, жалпы лизинг банктік несиелеудің
альтернативі
болып табылатын күрделі қаржыны қаржыландырудың
ерекше формасы.
Ол өндірістi компанияларға көп шығын
жұмсамай-ақ қажетті тауарларды
алуға және өндірістік құрал-жабдықтардың
ескіруімен байланысты
теуекелдіктерден сақтауға мүмкіндіктер
береді. Яғни, лизинг — уақытша пайдалануға
негізделген мүліктік қатынастар кешенi.
Бұл кешеннің құрамына жалға беру туралы
келісім-шартпен қоса, мүлікті сатып алу-caтy
туралы келісім-шарттардың лизинг үшін
осы келісім-шарттардың күрделілігі тән.
Лизинг операцияларының
2
4
1
1 – құрал-жабдыққа тапсырыс беру;
2 – құрал-жабдық үшін төлем;
3 – құрал-жабдықты жеткізу;
4 – лизингтік төлемдер;
Сурет 1 Лизинг операцияларының техникасы [4,124 бет]
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол несие алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизинг беруші лизингке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі несиені қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Сурет 2 Банкпен есепайырысудағы лизинг операцияларының техникасы
1 – банк лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып, несие беріледі; 2 – лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді; 3 – жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады; 4 – лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады; 5 – жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды; 6 – лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді; 7 – лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді [5,23 бет].
Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі мынадай формуламен есептелінеді:
ЛТ = АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС ,
Мұндағы:
ЛТ – лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;
АА – ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;
НТ – лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлемі;
КТ – лизингтік келісімшарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;
ҚТ – көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;
ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушы төлейтін қосылған құнға салынатын салық.
Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:
- Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг оъектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да , лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды;
- Лизинг 100% - ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай – ақ , жаңа құрал-жабдықты пайдала отырып, өнеркәсіп өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
- Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады;
- Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.
- Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.
Лизинг операцияларына тән кемшіліктер де бар. Олар төмендегідей көрсетілген:
- жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан (әсіресе инфляциядан ) ештеңе ұтпайды;
- ұйымдастырудың күрделілігі;
- лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.
Лизингтік келісімшарт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады:
1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында;
2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында ;
3) лизинг алушы мен банк
Әдетте , мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингтте , ең маңыздысы, бұл келісімшарт соңында құрал-жабдықтың белгілі бір қалдық құнының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан ( өрттен , ұрлықтан және т.б. ) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырған көшірмесін береді.
Іс жүзінде кез келген лизингтік
келісімшарт мынадай
Лизингтік компаниялардың және банктік мекемелердің жүргізетін лизинтік операцияларының жетістіктері оларды ұсынатын қызметтерінің санына және лизингке берілетін мүліктердің бәсекелестік қабілетілігіне белгілі-бір деңгейде тәуелді болады. Сондықтан да лизингтік қызмет ұсынатын компаниялар мен банктер жақсы байланыста болулары қажет. Лизингтік компаниялар өндірістi және клиенттерді оқып үйрене отырып, клиенттердің қажеттіліктеріне неғұрлым толық жауап беретіндей нeгізгi құралдарды лизингке беруге тырысады. Кейбір фирмалар лизингке берілген құрылғыларды сақтандыру және техникаларды өндіріске енгізу мәселелері бойынша кеңестер беру қызметтерін де ұсынады. Мұндай компаниялардың қызметтеріндегі тәуелділіктер өте жоғары болады. Сондықтан да, құрылғылардың моральдық тозу тәуелділіктері де жоғары болған сайын, алынатын төлемдер сомасы да жоғарылайды. Осындай жағдайларға байланысты лизингті келісімге қатысушы тұлғалар лизингтік төлемдерді есептеу әдістеріне және оның графиктеріне өте көп көңіл бөледі [7,102 бет].
Лизингтік төлемдер деп лизингтік келісім-шарт бойынша лизингтік мүлікті пайдалану құқығы берілген лизингке алушының лизингке беруші төлейтін жалпы сомасы.
Лизинг келісім-шартың бекіту кезінде oғaн қатысушы тұлғалар лизингтік төлемдердің жалпы сомасын, кейбір төлемдерді есептеу формалары мен әдістерін, оларды төлеу кезеңділігін және тәсілдерін анықтайды. Лизингтік төлемдер – лизингке берушінің мүліктердi сатып алуға кеткен қаржылық шығындарын қайтаратын және белгілі бip сомада пайда алуға мүмкіндік беретін механизм болып табылады. Осыған байланысты лизингтік төлемдердің жалпы сомасына төмендегілер кipeдi:
- келісім-шарттың барлық мерзімінде лизингтік мүліктің толық немесе соған жақын құнын қайтаратын сома;
- лизингке берушіге комиосиондық сый-ақы,
- лизингке бepyшінің көрсеткен қосымша қызметтері үшін төленетін сома (мысалы, лизингтік мүлікті сақтандыру және т.б.);
- лизинтік келісім-шартта көрсетілген т.б. шығындар, мысалы,
мамандарды оқыту, лизингтік мүлікке техникалық қызмет көрсету, оған күрделi жөндеу жұмыстарын жүргізу және т.б.
Сонымен бipгe, лизингтік төлемдерді есептеу кезінде мүліктергe салынатын салықты ескеру қажет. Ceбебi, мүлік лизинтік келісім-шарттың барлық мepзімi ішіндe лизингке бepушінің балансында болады. Лизингтік төлемдерді анықтау негізінде төлеу мерзіміне тәуелді лизингтік төлемдердің жалпы сомасы және амортизациялық аударымдарды есептеу әдістepi жатыр.
Сөйтіп, лизингтік төлемдердің жалпы сомасы тұрақты өлшем болып саналмайды, ол лизингтік мүліктің құнын қайтару жылдамдығына тәуелді. Яғни, лизингтік мүліктің құны аванс төлеу немесе алғашқы төлемдерді көбейту жолдарымен неғұрлым тез өтелсе, онда лизингтік мүліктің қалдық құнына есептелінетін өciм ақы сомалары соғұрлым аз болады.
Сонымен бipгe, қазіргi кезде көптеген өнеркәсіптік, транспорттық және әcipece ауыл шаруашылық кәсіпорындарында негізгi құралдарын жаңартудың, құрылғылар мен машиналар пapкін дамытудың қажеттілігі кезек күттірмec мәселелердің бipi болып табылады.
Еліміздегi коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі орта және ұзақ мерзімдi қаржыландырудың инвестициялық жобаларының болуы, экономиканың нақты секторларын несиелеуге ақша қаражаттарының жеткілікті деңгейде бөлінбей отырғандығын көрсетеді. Сонымен бipгe, коммерциялық банктер несиелердің қайтарылмай қалу тәуекелдіктерін төмендету мақсатында несие беру шарттары күннен-күнге күшейтуде. Көптеген өндipic орындарының қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына байланысты олардың қаражаттарды талап ететін инвестициялық жобаларды жартылай қаржыландыру үшін де өзіндік қаражаттарды жинақтауды мүмкіндіктepi жоқ [8,203 бет].
Miнe, осындай мәселелерге байланысты бүгінгi таңда Қазақстанда қаржылық лизингтік қызметті жедел дамыту үшін қажеттіліктер тууда. Яғни, жоғарыда көрсетілген мәселелерді, оның iшінде экономиканың нақты секторларын несиелеу мәселелерін аз уақыт аралығында тек қана лизинг арқылы шешуге болады. Ceбeбi, қaзipгi кезде елімізде жұмыс icтеп тұрған қаржылық институттардың бірде бipeyi жоғарыда көрстеліген мәселелерді шешуге дайын емес.
1.2 Қазақстан
Республикасындағы лизингтің
Қандай да болмасын күрделі экономикалық түсінік сияқты лизингтің де бірнеше түрлері бар. Ең алдымен лизингтің негізгі екі түрі: ішкі және халықаралық лизинг.
Ішкі лизингті жүзеге асырғанда лизинг беруші, лизинг алушы мен сатушы (жабдықтаушы) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Ішкі лизинг Қазақстан Республикасының заңдылығымен реттеледі.
Халықаралық лизингіні жүзеге асырғанда
лизинг беруші немесе лизинг алушы
Қазақстан Республикасының
Егерде лизинг беруші Қазақстан
Республикасының резиденті
Егерде лизинг беруші Қазақстан
Республикасының резиденті
Қазіргі уақытта лизинггік операциялардың негізгі түрлері ретінде оперативті және қаржылық лизингті қарастырады. Лизингтің батыс елдерінде пайдаланылатын формаларының аумақты әр түрлілігі операциялардың үш кең таралған типтеріне негізделген:
- Қаржылық, күрделі немесе тікелей лизинг
- Оперативті немесе сервисті лизинг
- Қайтарымды лизинг [9, 57 бет]
Лизингтің негізгі түрлерін отандық және шетелдік мамандар қаржылық және оперативті лизинг деп мойындап отыр. Осы жағдайда айыру үшін критерийлер көп. Бұлар лизингтің объектісін өтімділік дәрежесі, оның амортизацисының шарттары, жалға беретін мүліктің типі, лизинг беруші міндеттемелерінің көлемі, құрал-жабдықты пайдалану мерзімі және басқа да көптеген белгілері.
Оперативті және қаржылық лизинзті айыру қаржылық лизингтің парамертлері мен белгілерін белгілеумен басталады. Көптеген елдердің заңдарында, сонымен бірге біздің елімізде салықтық жеңілдіктер беру үшін қаржылық лизингтің шарттары мен критерийлерін белгілейді
Оперативті лизинг-бұл жалға беру төлемдері арқылы құрал-жабдықтар құнының бір бөлігі ғана амортизацияланатын қысқа және орта мерзімді сипаттағы мәміле. Оперативті лизинг бойынша берілетін құрал-жабдықтар жалға берушінің балансында қойылмайды. Осындай мәміле бойынша лизинг беруші техникалық қызмет көрсету, сақтандыру, меншікке салық төлеу және тағы басқа мәселелерін өзіне алады. Қаржылық есеп және есеп беру көзқарасынан оперативті лизингтің категориясына қаржылық лизингтің критерийлеріне сәйкес келмейтін мәмілелерді жатқызады:
Лизинг алушы оперативті көмегімен мүлікті иеленумен байланысты тәуекелдерден қашуға ұмтылады, мысалы, өндірілетін өнімге сұраныстың өзгеруімен, құрал-жабдықтардың сынып қалуымен, тікелей және жанама өндірілмейтін шыгындардың өсуімен, қүрал-жабдықтарды жөндеумен байланысты, пайдалылықтың төмендеуімен, моральдық ескіруімен байланысты болады, сондықтан лизинг алушы оперативті лизинггі мынадай жағдай жоғары бағалайды:
1. жалға берілген құрал-жабдықтың пайдалануынан
табыстар оның
бастапқы бағасының орнын толтырмайды;
2.құрал-жабдықтар аз мерзімге беріледі(маусымдық
жұмыстар немесе
бір рет пайдалану үшін);
- құрал-жабдықтар үшін арнайы техникалық қызмет көрсету қажет;
- мәміле объектісі жаңа және тексерілмеген қүрал-жабдықтар ретінде болады.
Оперативті лизингтің жоғарыда көрсетілген ерекшеліктері ауыл шаруашылығы, көлік, таукен өнеркәсібі, құрьлыс, акпаратты электронды өңдеу сияқты осындай салаларда оның кең таралуы алдың-ала анықталған.
Қаржылық лизинг- экономикалық мәні бойынша жалға алушы құрал-жабдықты толық мерзім ішінде алатын немесе мүліктің өмірлік цикылының үлкен бөлігін алатын; жалға беру төлемдері толығымен лизинг берушіге аударылатьн мәміле болып табылады. Жалға алушының техникалық қызмет көрсетуге, құрал-жабдықтарды сақтандыру және салықтарды төлеуге, жиынтық жалға беруге төлемдерге жауапкершілігі жатады, лизинг берушінің құрал-жабдықтың барлық өмірлік циклы үшін алынған табыстар оның баспатқы құнын толығымен жабады және табысты инвестициялық капиталға қамтамасыз етеді.
Қаржылық лизинг келесідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:
1 - үшінші жақтың қатысуы (мәміле объектісінің
өндірушісі немесе
жабдықтаушысы);
2-жалға берудің негізгі мерзімі деп аталатын,
яғни жалға берушінің
шығындарын өтеу ушін қажет мерзім ішінде
келісімшарттың бұзылуы
мүмкін емсстігі. Бірақ тәжірибеде бұл
лизинг туралы келісімде ескертіледі,
бірақ бұндай жағдайда операция құны анағұрлым
жоғарылайды;

- Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны
- Лизинг, условия заключения лизингового соглашения
- Лизинг. Учет лизинговых операций
- Лизинг физического капитала: специфика, виды, достоинства, источники формирования
- Лизинг - финансовый инструмент развития рыночной экономики
- Лизинг шарты
- Лизинг (эффективная форма сбыта готовой продукции
- Лизингтік операциялар есебі
- Лизингтік операциялар есебінің ерекшелігі
- Лизингтің Қазақстандағы даму жолдары мен болашағы
- Лизингтің мәні мен оның түрлері
- Лизингтің негізгі түрлері
- Лизингтің пайда болуы
- Лизингтің пайда болуы