Лизингтік операциялар есебінің ерекшелігі



КІРІСПЕ

 

              Қандайда болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. №6 Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай - ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.

Өндіріс процесі өндіріс құралдарының қатысуымен жүзеге асырылады,олар:

1)     еңбек заттары (шикізат, материалдар,сатып алынатын жартылай фабрикаттар);

2)     еңбек құралдары(станоктар,машиналар) болып бөлінеді.

№ 16 Халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында,сондай-ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы ( 1 жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер.

Негізгі құралдарға мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер ( жер учаскілері,үйлер,ғимараттар,көпжылдық өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты, қозғалысы олардың мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа объектілер ), қөлік құралдары, жабдықтар, аулау аспаптары, өндірістік және шаруашылық құрал – саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқа да енгізгі қорлар ( кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, жануарлар әлемінің экспонаттары, автомобиль жолдары және т.б.).

              Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге толықтай көшіреді.

                 "Жалға беру" деген №17 Халқаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес қаржылық жал - бұл мүлiкке берiлетiн меншiк құқығымен байланысты табыстылық пен тәуекелдiң едәіуiр бөлiгiн жалгерге табыс ету. Бұл орайда жалгер жалданған мүлiктердi өзiнiң балансында көрсетедi. Меншiк құқының өзi жал мерзiмiне берiлyi де, берiлмеуi де мүмкiн. Жалданған НҚ объектiлерi белгiленген келiсiм бағасы бойынша немесе жалдау мерзiмi аяқталғанға дейiн өтемі төленiп алынған жағдайда, жалгердiң меншiгiне берiлyi мүмкін.

              Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған бойда немесе ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне өтеді. Олар тиісінше 2400-2410-шоттарындағы «Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар» субшотында ескеріледі.

              Лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылады. Лизингктік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикаға өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.

              Бухгалтерлік есепте лизинг беруші банктің алынған мүлкігі қаржылық лизингке ұсынуымен байланысты операцияларын көрсету тәртібі банктің ішкі құжаттарында қарастырылуы және есептік саясатта белгіленуі тиіс.

 

 

 

 

1    Негізгі құралдарды жалдау есебі

 

1.1     Негізгі құралдардың ағымдағы жал бойынша операцияларының есебі

 

              Жалдау - бұл кәсiпорындар мен өзге мүлiктiк кешендер арасындaғы шаpтқа негiзделген түрде жердi, өзге табиғи ресурстарды және жалгердiң шаруашылық немесе өзге қызмeтті өз бетiнше жүзеге асыруына қажeттi мүлiктердi мерзiмдi, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесiнде жалға берушi мен жалгер арасында жалдау шартына негiзделген қатынастар пайда болады.

Жалға берушi - жалдау шapты мүлiктi жалға беретiн меншiк иесi. Мүлiктi жалға беруге меншiк иесi өкілeттiк берген органдар мен ұйымдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға берушi бола алады.

              Жалгер - бұл жалдау шарты бойышa мүлiктi жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Занды және жеке тұлғалар, бiрiккен кәсiпорындар, шетелдiк заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бiрлестiктер жалгер болуы мyмкiн.

              Жалдау шарты - бұл тараптардың еркiндiлiгi мен толық тең құқықтыльғы негiзiнде жасалатын жалдау шартының талаптарына сай мүлiктi жалға беру тyралы жалгер мен жалға берушi арасындaғы келiсiм. Мүлiктi жaлға беру меншiкті беруге әкеліп соқтырмайды. / 2. 206 б.б./

              Халықаралық практикада жалдаудың үш түpi бар:

              1.Ұзақ мерзiмдi жал (лизинг) - бұл мүлiктi 3 жылдан артық мерзiмге жалдау. Ұзақ мерзiмдi лизинг жай және қаржылық (қapжыландырылатын) болып бөлiнедi.

              Жай лизинг - жалдау шартының мерзiмi аяқталған бойда мүлiктiн жaлға берушiге қайтарылуын көздейдi.

              Қаржылық (қаржыландыpылатын) лизинг - жалды .ұзaқ мерзiмге несиелендірудiң нысаны.

Жалгер мүлiк құнын жалдық төлем apқылы өтейді. Қаржылық лизингтiң үш нысаны болады:

              а) "стандарт" лизинг - мұндай кезде жабдықты әзiрлеушi оны қаржыландырушы қоғaмғa бередi. Ол өзiнiң лизингтiк фирмасы арқылы оны тұтынушығa жалға бередi.

              ә) "Лиз-бек" лизингi - мұндайда жабдық иесi оны лизингтiк фирмaға caтaды және coнымен бiрге одан жaлға алады (жaлға берушiнiң қаржылық жaғдайын уaқытшa жақсаpтy әдiсi);

              б) "Жеткiзушiге" лизингi - мұндай кезде негiзгi құралдарды сатyшы "Лиз-бек" лизингiндегi сияқты жалгерге айналады, жалданған жабдықты ол емес, басқа жалгерлер пайдаланады.

              Қазақстан Республикасыньң шаруашылық практикасында жай лизинг кенiнен таралған.

              2. Орташа мерзiмдi жал (хайринг) - бұл жалгердiң мүлiкке меншiк құқығынсыз 1 жылдан 3 жылға дейiнгi мүлiктi жалдауы.

              3. Қыcқa мерзiмдi жал (рейтинг, чартер) - мүлiктi жалгердiң кейiнгi сатып алу құқығынсыз жалдау, жалдау мерзiмi 1 жылғa дейiн созылады.

              Рейтинг бойынша жалдау ақысы лизингке қарағaндa төмендеу.

Чартер әдетте рейстi, кезектi бiрнеше рейстi, белгiлi бiр мерзiмге (тайм-чартер) жалдауға жасалады (ұшақ, кеме). Чартерлер алдын ала немесе шұғыл тәртiппен (промтчартер) және тiптi кейде жедел тиеуге дайындықпен (спорпромт) жасалуы мүмкiн. /3/

              Экономикалық жaғдайлары бойынша жал aғымдaғы және қаржыланатын болып бөлiнедi. 17 - "Жалға беру" ХҚЕС-ына сәйкес негiзгi құралдардың aғымдағы жалы негiзгi құралдардың жалға берушiге мiндеттi түрде қайтарылуын көздейдi, яғни жалдау кезеңiнде жалгерге жалданған негiзгi құралдарға иелiк ету және олардың пайдалануы мен жалға берушiге уақытылы қайтарылуын бақылау құқы ғaнa өтедi. Талдамалы есебi журналда жургiзiледi, онда есеп талаптарына сәйкес қажет көрсеткiштер болады. Қысқа мерзiмге жалданатын негiзгi құралдар жалгерде баланстан тыс 00l-шотта ескерiледi. Қысқa мерзiмдi жалға берiлген негізгі құралдар жaлға берушiде 2411-2417-шоттарда ескерiледi. Oғaн "Меншiктi НҚ" және "Жалға берiлген НҚ" деген субшоттар ашылады.

              Дербес (иителлектуалды) меншiк - бұл әртiстердiң, oрындаушылардың, дыбыc жазушылардың, радио және телебағдарламалардың қызметiне қатыcты авторлық құқықты, өнер табысы және пaтeнттiк құқыққа, ғылыми жаналық құқына, фирмалық aтaуғa және коммерциялық белгiлеуге тepic ниетi бәсекелестерден қopғaныc және басқа құқықтарға қатысты заңдық ұғым. Дербес меншiктің объектiлерi былайша жiктелiнуi мүмкiн:

              ҚҚC сомасына Д-т 1420 К-т 3310.

1.          Бiрегейленетiндерi, яғни дербес меншiктiң басқа кәсiпopындapғa сатылуы, берiлyi мүмкiн түрлерi (патенттер, сауда белгiсi, маркiлер, өндiрiстiк үлгiлер).

2.          Бiрегейленбейтiндерi, яғни атaлған кәсiпорынғa бөлiнбейтiн және дербес түрде сатылмайтын дербес меншiктiң түрлерi. оғaн иелiк eтeтiн кәсiпорындар ғaнa оның сата алады (фирмалық атау).

              Дербес меншiктi бағалау сараптау жолымен жүргiзiледi. Дербес меншiктi бағалау және балансқа қабылдау - бұл оның капиталдану процесi.

              Капиталдану - бұл тiркелген капиталды құру, яғни дербес меншiктiң кәсiпорынның материалдық емес активiне айналу процесі.

1. Жалға берушiде

      Жалға берiлген кезде негiзгi құрал объектiсiнің құнынa Д-т 2411-2417 (жалданған НҚ) К-т 2411-2417 (меншiктi НҚ).

      Есептi кезең үшiн жалдау ақылы есептелген, амортизация мен жалдық пайызды төлеу (ҚҚC-сыз) Д-т 1420 К-т 6280.

      ҚҚC сомасына Д-т 1260 К-т 3130 шот-фактураның негiзiнде.

      Негiзгi құралдар aғымдағы жалға берiлген объектiлерi бойынша амортизация есептелдi Д-т 7450 К-т 2421-2429.

      Есептi кезең үшiн (ай үшiн) жалдық төлемнiң келiп түcyi Д-т 1040, 1050, 1010,1020 К-т 1260.

      Есептi кезеңнің coңындa кipicтep жиынтық кiрicтің кемyiнe есептен шығарылады Д-т 6280 К-т 5410 соңында.Шығыстар Д-т 5410 К-т 7450. 5410-шот бойынша кредиттiк сальдо - кіріс.

      Егер төлем алдағы бiрнеше айға немесе кезеңге төленсе, онда:

- алдaғы тоқсaнғa төленген жалдау ақысының сомасына Д-т 1040, 1050,1010,1020 К-т 1260;

- болашақ есептi кезеңдер үщiн жалдау ақысы есептелдi (ҚҚC-сыз) Д-т 1260 К-т 3520;

- жалдау ақысынан алынатын ҚҚC сомасына Д-т 1260 К-т 3130.

      Басталған есептi кезең бойынша табыс сомасына.

1-айдағы Д-т 3520 К-т 6280.

2-айдаFЫ Д-т 3520 К-т 6280. 3-айдаFЫ Д-т 3520 К-т 6280.

      Жыл соңында кipicтep жиынтық кiрiстiң артуына есептен шығарылады Д-т 6280 К-т 5410 , шығыс жиынтық кiрiстiң кемуiне есептен шығaрылады Д-т 5410 К-т 7450.

Жал мерзiмi аяқталған бойда мүлiк қайтарылады Д-т 2411-2417/меншiктi НҚ К-т 2411-2417/жалданған НҚ.

              2. Жалгерде

      Ағымдағы жалға алынған НҚ құнына Д-т 001.

      Салық шот-фактурасының негiзiнде, амортизация бөлiгiнде есептi кезеңге есептелген жалдау ақысы Д-т 7210, 7110, 8047, К-т 3540.

      Жалдық % бөлiгiнде жалдау ақысы есептелген Д-т 7310 К-т 3380.

      Жалдау ақысынан ҚҚС сомасына (үйлерден басқа) Д-т 1420

К-т 3390.

      Алынған ҚҚС - ҚҚС бюджетке төлеудiң кeмyiнe Д-т 3130 К-т 1420.

      Жалдау ақысы аударылған:

а) амортизация бөлiгiнде Д-т 3390 К-т 1040, 1050, 1010, 1020

б) жалдық % бөлiгiнде Д-т 3380 К-т 1040,1050,1010,1020.

      Жыл соңында ағымдaғы жалдаудың % бөлiгiндегi шығыстары жиынтық табыстың кeмyiнe есептен шығарылады Д-т 5410 К-т 7310.

      Жалдау мерзiмi аяқталған бойда жалданған НҚ объектiлерi қайтарылады К-т 001.

      Егер жалдау ақысы тоқсанға алдын ала төленсе, Д-т 2920 К-т 1040, 1010.

      Есептi aйға келетiн ай сайынғы үлес:

а) амортизация бөлiгiнде Д-т 8047, 7110, 7210 К-т 2920.

ә) жалдық % бөлiгiнде Д-т 7310 К-т 292

 

              1.2 Қаржылық жалдау жөніндегі операциялар есебі

 

              "Жалға беру" деген №17 Халқаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес қаржылық жал - бұл мүлiкке берiлетiн меншiк құқығымен байланысты табыстылық пен тәуекелдiң едәіуiр бөлiгiн жалгерге табыс ету. Бұл орайда жалгер жалданған мүлiктердi өзiнiң балансында көрсетедi. Меншiк құқының өзi жал мерзiмiне берiлyi де, берiлмеуi де мүмкiн. Жалданған НҚ объектiлерi белгiленген келiсiм бағасы бойынша немесе жалдау мерзiмi аяқталғанға дейiн өтемі төленiп алынған жағдайда, жалгердiң меншiгiне берiлyi мүмкін.

              Егер тәуекел мен сыйақы пайдалану құқығымен бiршама дәрежеде байланысты болса және жалгерге табыс етiлген болса, сондай-ақ егер:

1.      Жалгер жалдан мүлiктi тiркелген бағасы бойынша немесе жалдау мерзiмiнiң соңында белгiленген бағасы бойыншa өтeмiн төлеп алуға құқылы болса.

2.      Жалдау мерзiмi жалданатын мүлiктiң ұтымды қызмет көрсету мерзiмiнiң 80%-iнен астам болса.

3.      Жал мерзiмiнiң соңында жалданған активтiң қалдық құны жалдаудың бас кезiндегi оның aғымдағы құнының 20%-нан кем болмаса.

4.      Жалдау ақсының жалдық барлық кезеңіндегi дисконтталатын құны  жалданған мүлiктiң aғымдaғы құнының 90%-нан асатын болса.

5.      Жал мерзiмiнiң соңында жалданған активтi меншiктену құқы жалгерге берiлетiн немесе берiлмейтiн болса, жал қаржылық болып табылды.

              Жалгердiң бухгалтерлiк есебiнде жалданған мүлiк актив peтiндe, ал төленуге тиiстi жалдау ақысы мiндеттеме ретiнде ескерiледi. Жал мерзiмiнiң басында жалдау aқыcы жөнiндегi мiндеттемелер өткiзу бойынша немесе, егер ол өткiзу құнынан төмен болса, жалдау ақысының дисконтталған құнымен жазылады. Жалдау ақысы:

1)         қаржыландырғаны үшiн төлемнен (пайыз төлеу шығындарынан);

2)         мiндeттeмeнi кeмiтeтiн төлемнен (негiзгi мiндeттeмeнi өтеуден) тұpaды.

              Жал мерзiмiнiң соңында меншiктену құқы жалгерге өтeтiндiгiне онша сенiмдiлiк жоқ болса, eкi мерзiмнiң неғұрлым қыcқасының iшiнде мүлiкке амортизацияның барлық сомасы есептеледi: l-шiсi - жалдау кезеңi, 2-шici - ұтымды қаржыландырy мерзiмiнiң кезеңi. Есепте жалгер мынадай жинaқтамалы шоттарды қолданады:

              1.  12-бөлiмшенiң шoттары (2411-2417), "Ұзақ мерзiмдi жалдaнғaн НҚ" субшоты. Бұл шoттар- негiзгi, aктивтiк, күрделi және инвентарлық болып келедi. Бұл шoттардың дебетi бойынша ұзақ мерзiмдi жалданған НҚ ай басындaғы қалдығы, ай iшiндегi түсiмдерi көрсетiледi. Кредитi бойынша - олардың шығарылуы көрсетiледi. Жалдaнған НҚ талдамалы есебi негiзгi құралдар есебiнің инвентарлық карточкаларында (НҚ №6 ) жүргiзiледi.

              2. 4150 - "Жалдау мiндeттемелерi" шоты - негiзгi, пассивтiк, есеп айырысу шоты. Кредитi бойынша кәсiпорынның ұзақ мерзiмдi жалға алынған НҚ үшiн жалға берушiге берешегiнiң ай басындaғы және соңындағы қалдығы көрсетiледi. Жалдау ақысының сомасы aғымдағы ай үшiн есептеледi. Дебетi бойынша берешектiң жалға берушiге төленуi көрсетiледi. Талдамалы есеп “Әр түрлi дебиторлармен және кредиторлармен есептесулердi есепке алу ведомосында” жүргiзiледi (тек жалгер пайдаланады.

              3. 13-бөлiмшенiң шoттары (2421-2429), "Ұзақ мерзiмге жалданған НҚ тозуы" субшоты. Мұндa жалға алушы субъектiлер ұзақ мерзiмге жалданған НҚ құны толық төленгеннен кейiн амортизацияның қолданыстағы нормалары бойынша ұзақ мерзiмге жалданған НҚ есептелген тозудың сомасы ескерiледi. Жал мерзiмiнде есептелген тозу негiзгi құралдардың тозуына қосылады.

              Жалға берушiнiң бухгалтерлiк есебiнде (баланста) жалға берiлетiн мүлiк жалға таза күрделi салымға тең болатындай дебеттiк берешек peтіндe көрсетiледi. Жалдау ақысын кipic бөлiгiнде жалға берушi әрбiр есептi кезеңде жалға беруге салынған күрделi салымнан алынған табыс ретiнде таниды. Түсуге тиiстi жалдау мiндеттемелерiнiң есебi 2180 - "Өзге дебиторлық берешек" шотында жүргiзiледi. Oғaн "Түсуге тиіcтi жалдық мiндеттемелер" субшоты ашылады, бұл шот - негiзгi, активтiк және есеп айырысу шоты. Дебетi бойынша - жалға алушы субъектiлердiң жалдау aқысы бойынша берешегiнің ай басындaғы және ай соныңдaғы қалдығы көрсетiледi. Жалдау aқысының coмacын есептi ай үшiн есептейдi. Кредитi бойынша - жалдау ақысы бойынша берешектi өтелуi көpiнic табады. Талдамалы есеп жалға алушы әрбiр субъект бойынша "әр түрлi дебиторлармен және кредиторлармен есептесудi есепке алу ведомосiнде" жүргiзiледi.

              Күрделi жөндеуге жұмсалған шығындарды жабу үшiн жалгер кәсiпорын жалдау шартында көзделген күрделi жөндеудiң сметалық құнанa орай тең үлестермен резерв (қоp) жасай алады.

 

 

 

 

              2    Негізгі құралдарды жалдау есебінің аудиті

 

              2.1  Қаржыландырылған жалдау операцияларының  есебінің аудиті

 

              Нарықтық қатынаста негізгі құралдар нысандарын жалға беру және жалға алу операциялары жиі кеждеседі. Өйткені шаруашылықта қажетті негізгі құралдарды сатып алғаннан гөрі басқа заңды тұлғалардан және уақытша пайдалануға алу, яғни жалға алу тиімді.

              Жасалған операцияның нәтижесі бір жақты ғана емес, екі жағына да тиімді болу керек. Егер жалға берушіге сол негізгі құралды сатып қалдық құнын өндіру мүмкін болмаған жағдайда тиімділік әкелсе, жалға алушыға қаржысын үнемдеуге және негізгі құралдарға қажеттілікті жоюға мүмкіндік береді.

              Тексеру кезінде мыналарға назар аудару керек:

              а) мүлікті жалға беру жал шарты бойынша жасалады және қабылдау-тапсыру актісімен беріледі (жалға алынған объектілердің қызмет мерзімі мен жал төлемінің көлемі);

              ә) жалға беруші мүлікті  жалға  тапсырудан түскен қаржылық нәтижелер пайдада немесе болашақ кезеңдердің кірісінде көрсетіледі;

              б) егер келісімшартта жалға алушының қаржысы есебінен жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы салу қарастырылса, онда жал мерзімі аяқталған соң жалға берушіге өтеусіз беріледі, негізгі құралдарды өтеусіз беру жайлы бухгалтерлік жазбалармен рәсімделеді;

              в) ағымдағы жолда жалға алынған негізгі құрал есебі баланстан тыс 001 «Жалға алынған негізгі құралдар» шотында жал шартында белгіленген бастапқы құн бойынша жүргізіледі;

              г) ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар есебі «Ұзақ мерзімдік жалға алынатын негізгі құралдар» аралық шотында, ал жал төлемі бойынша есептеулер (жалға беруші де) «Түсуге тиісті жал міндеттемелері» шотында жүргізіледі.

              Бухгалтерлік есептің №17 «Жалға беру есебі стандартында» қаржыландырылатын жалдауға мынандай анықтама берілген: қаржыландырылатын жалдау – мүлікке меншіктік құқымен байланысты пайда мен тәуекелдің үлкен бөлігін жалгерге беру. Бұндай жағдайда жалға алушы жалға алған мүлкін өз балансында көрсетеді. Меншіктік құқығы жалдаушыға жалдау мерзімінің ішінде берілуі немесе берілмеуі де мүмкін. Қаржыландырылатын жалдау, егер жалға алушыға тұтыну құқығының едәуір бөлігі беріліп, оның тәуекелділікке барғандығы ақталса және мынандай талаптардың біріне жауап берсе ғана мүмкін болады.

1.      Жалға берілген мүліктің иелік ету құқы жалдаушыға өткен сәттен бастап, жалдаушы жалдау мерзімінің басында бекіткен бағасымен немесе жалдау мерзімінің соңындағы  бағасымен сатып алу құқығына ие болады.

2.      Жалдау мерзімі жалға берілген тиімді пайдалану  мерзімінің кемінде 80% құрағанда, жалға берілген кездегі ағымдағы құнынан жалдау соңындағы қалдық құны 20% төмен болмаса немесе активтің пайдалы қызмет ету мерзімінің соңғы 20 пайыздық шегінен төмен болмаған жағдайда. Егер келісім-шарт осындай кезеңнен кейін жасалатын болса, онда мұндай жалға беру ағымдағы жалға беру ретінде саналады. Мысалы, айталық, автокөліктің пайдалы тиімді қызмет ету мерзімі 10 жыл дейік. Жалдауға келісім-шарт кемінде 8 жылға жасалса (10х80):100%  қалған пайдалану мерзімі 80% тең болғандықтан, қаржыландырылған жалдаудың санатына жатады.

3.      Жалдау ақысының ең төменгі  мөлшерінің дисконтталған (ағымдағы) құны 90 пайызды құраған жағдайда. Мысалы, жалға активтің құны 400 мың теңге дейік. Жалдаудың қаржыландырылған түрінің шарты бойынша ең төменгі жалақы төлемнің дисконтталған құны 360 мың теңгеден төмен болмауы тиіс (400х90/100%).

4.      Жалдау мерзімінің соңында активтің қалдық құны, келісім-шартта көрсетілген жалға беру бағасының 20 пайызынан аспауы тиіс.

              17 «ХҚЕС» көрсетілген, төменгі жалгерлік төлем – жалға алушы бүкіл мерзімінде (жалға беруші төлеуге және оған қайтаруға тиісті, қызмет және салықтардың құны шығарылып тасталып) жүзеге асыруға міндетті төлемі, сондай-ақ жалға алушы жақтан – олардан немесе оларға байланысты жақтардың кепілдік берген кез келген сомасы; жалға беруші жағынан – жалға алушының немесе оған байланысты жақтардың жалға берушіге кепілдік берген немесе бұл кепілдемені қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар, оған немесе тәуелсіз үшінші жаққа байланысты кез келген қалдық сомасы.

              Жалға алынған мүлікке тозу есептеу негізгі құралдар нысандарының бастапқы құнына және оларды жалдау мерзіміне қарай жүргізіледі.

              Жалға берілген мүлік жалға берушінің жалға берген жалпы күрделі қаржы салымы мен өтелмеген табысының арасындағы айырмасы болып  табылатын таза қаржы салымына тең, бухгалтерлік баланста дебиторлық борыш ретінде көрсетіледі. Жалдауға салынған күрделі қаржы өз кезеңінде – бұл жалға берушінің алған қаржыландырылған жалдау бойынша төменгі жалгерлік төлем мен мүліктің кепілдік берілмеген қалдық құнының қосындысының жиынтық сомасы. Жалға берушінің жалға беруге салған жалпы күрделі қаржысы мен сол мезетте жалға берілген дисконтталған құнының айырмасы өндірілмеген табысы болып табылады. Жалға беруші жалгерлік төлемді табыс түрінде, әрбір қорытынды есеп беру кезеңінде жалға беруге салынған күрделі қаржыдан алынған табыс ретінде санайды.

              Жоғарыда баяндалғандай, жалға алушы жалдаудың ұзақ мерзімді түрін қолданғанда, жалға алынған негізгі құралдардың өзінің балансында көрсетіп, оған тозу есептеп, бүкіл жалдау мерзімінде жалгерлік төлемнен тыс, жалдағы негізгі құралдардың құнын біртіндеп төлеп сатып алады.

              Жалға беру және алу шарты бойынша жалға алушының меншігіне (сатып алуына) өту, жалдау мерзімі бітуі бойынша немесе ол біткенге дейін жалға алушының шарттағы келісілген бағада барлық сомасын құйған жағдайлары қаралған, ұзақ мерзімдік жалдаудың нысаны негізгі құралдар болып табылады. Демек, бұндай жалға беру түрінің ерекшелігі нысанның меншіктік құқығы жалға берушіден жалға алушыға берілуін көздейді. Нәтижесінде, бір меншік иесі берілетін нысанды балансынан шығарып, негізгі құралдарды шығысқа шығарудың қаржылық нәтижесін анықтаса, ал екіншісі – жалға алған нысанды шартта келісілген құнның сомасында кіріске алып баланста, активтер құрамының бөлігінде көрсетеді.

              Жалға беруші қаржыландырылған жалға беру бойынша төлемді инвестицияға салынған капиталдың қайтарылуы және алынған табыс ретінде қарайды. Пайыз түріндегі жалгерлік  төлем жалдағы күрделі қаржыдан алынатын табыс деп саналады. Төлемнің түсуіне қарамастан, әрбір қорытынды есеп беру кезеңінде  пайыз түрінде алынатын табыстың саналатынын естен шығармау қажет.  

 

              2.2 Ағымдағы жалдау жөніндегі операциялар есебінің аудиті

 

              Ағымдағы жалдау деп қаржыландыру талаптарына сәйкес келмейтін басқа да кез келген жалдауды айтамыз. Демек, ағымдағы жалға беру – жалға алушының уақытша қажетін қанағаттандыру үшін мүлікті қысқа мерзімге жалға беру. Жалдағы мүліктің меншіктік құқы мен міндеті жалға берушіде  сақталса, ал жалға алушыға жалға алған мүліктің тұтыну құқығы ғана беріледі.

              Жалға беру және алуға байланысты шартта көрсетілген  ең төменгі төлем ақысына жалдаушы тарапынан көрсетілетін қызмет түрлеріне (жарық пен жылу беру, байланыс қызметі және т.б.) байланысты қосымша төлемдер үстемеленуі мүмкін. Жалдау мерзімінің бітуіне қарай мүлік иесіне қайтарылады.

              Түпкілікті (қайтарылып алынбайтын) жалдаудың қатарына тек төменгі жағдайларға кездесетін кезде ғана бұзылатын жалдау жатады:

      күтпеген жағдайлар кездескенде жалға берушінің рұқсатымен;

      дәл осы жалға алушымен осы немесе осыған ұқсас мүлікке жаңадан шарт жасалса;

      егер жалға беру мерзімінің бас кезінде жалдауды тоқтату мақсатында шартта көрсетілген төлем ақыны жеткілікті мөлшерде жабатындай қосымша ақы төленсе.

              Нысандарды жалға алғанда берілу және қайтарылу тәртіптері көрсетіліп шарт жасалып, екі дана қабылдау актісі толтырылуы керек. Шартта жалға берілетін негізгі құралдар нысандарының құрамы және құны, төлем ақы көлемі, жалдау мерзімі, шартта қаралған тарауларын орындауға байланысты тараптарының міндеттері туралы қосымша түсініктеме беріледі.

              Аудитор негізгі құралдар нысандарын жалға беру және алу операциялары бойынша жалгерлік төлемдердің шоттарда көрсетілдуін, есеп айырысулардың дұрыстығын тексеру кезінде назар аударып анықтауға міндетті:

-         субъект жалға беру және алудың қандай түрлерін қолданғандығын;

-         негізгі құралдар нысандарын жалға беру және алу туралы шарттың жасалып, онда көрсетілген талаптардың орындалғандығын;

-         жалға берілген негізгі құралдар нысандарына күрделі қаржы жұмсау кімнің есебінен (жалға алушының немесе жалға берушінің) жүзеге асырылатындығын;

-         жалға берілген негізгі құралдар нысандарына күрделі қаржы салымы және күрделі жөндеу жүргізу шығындары кімнің есебінен жүзеге асырылатындығын және оның төлем ақы есебіне жатқызылатындығын;

-         жалгерлік төлемдерінің дұрыс есептелгендігін; жалдаушыға мүліктің  иемдену құқығының берілуінің заңдылығын;

-         ұзақ мерзімге жалға берілетін негізгі құралдар нысандарына қойылатын талаптардың сақталғандығын;

-         жалға беру және алу есеп операцияларының  есеп регистрларында машина жазбаларда жинақталып, бухгалтерлік есеп корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін;

-         аудитор негізгі құралдар есебінің ағымдағы орташа және ұзақ мерзімге жалға беру және қайтарылу ерекушеліктеріне назар аударуға тиіс.

              Аудитордың ағымдағы жалдау бойынша шаруашылық операцияларының бухгалтерлік бухгалтерлік есеп шоттарында жалға беруші мен жалға алушылардың тұрғысынан көрсетілу әдістерін ескеру қажет. Сондай-ақ, жалгерлік төлем ақының дұрыс анықталғандығы аудитордың назарынан тыс қалмауы тиіс. Төлем ақы шартта жалдағы мүліктің құнынан пайыз түрінде есептелетін табыстың бір бөлігі немесе белгіленген сома ретінде анықталуға тиісті. Тәртіп бойынша пайыздың көлемі банк операцияларында қолданылатын пайыздардан төмен белгіленбеуге тиісті. Жалдағы мүліктің құнынан амортизациялық аударымға байланысты тараптарының арасынадағы   қатынасты тараптарының қатысуымен жасалған шартта анықтайды.

              Аудитор жалдағы негізгі құралдар нысандарына күрделі қаржы салымы және жөндеу шығындарының есебінің дұрыстығын тексеруге ерекше көңіл бөлу талап етіледі.

              Жалдағы негізгі құралдар нысандарына жұмсалатын күрделі қаржылар шығындары жалгерлік шартта қаралуға тиісті. Жұмсалған күрделі қаржылар шығындары төлемнің есебіне жатқызылып, жалға алушының есебінен жүргізілуі мүмкін. Егер жалдағы негізгі құралдар нысандарына күрделі қаржы салымының шартта жалға берушінің есебінен жүзеге асырылуы қаралса, онда жалға алу мерзімі біткен кезде ол қайтарусыз жалға берушіге беріледі. Берілген кезде негізгі құралдарды қайтарусыз төлем ақысыз сияқты бухгалтерлік жазулар жүзеге асырылады. Жалдағы негізгі құралдар нысандарына салынып біткен күрделі салдымдары 12 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің сәйкес шоттарында көрсетіліп, жалға берушінің балансында жалдағы негізгі құралдар нысандарының қымбаттағаны ретінде көрсетіледі.

Жалдағы негізгі күрделі жөндеу бойынша  шығындары шарттағыи қаралған жағдайға сәйкес, жалға беруші шаруашылықтың есебінен немесе жалға алушы шаруашылық жалгерлік төлемнің есебінен жатқызу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалға алынған нысандар баланста жиынтығын санағаннан кейін жалға алушының мүлкінің құнын ұлғайтпайтын болғандықтан, жалдағы негізгі құралдар нысандарын жалға алушы баланс сыртындағы 001 «Жалдағы негізгі құралдар» шотында есебін жүргізеді. 001 «Жалдағы негізгі құралдар» шоты бойынша аналитикалық есеп жалгерлік шартта белгіленген жалға берушілер, материалды жауапкершілікті тұлғалар және жалдағы негізгі құралдар – нысандар олардың бастапқы құны бойынша жүргізіледі.

Лизингтік операциялар есебінің ерекшелігі