Лизингтің негізгі түрлері

                    КІРІСПЕ 
   Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.

 Лизинг  түсінігі үш негізгі аспектілерді  қамтиды:

1. Лизинг  маркетингтің белсенді бөлігі  ретінде қызмет атқарады:

а) машина –техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады;

б) материалдық – техникалық өндірісті қамтамасыз етеді;

2. Лизинг  – ішкі нарыққа капитал салу  және инвестициялық форманы ұйымдастырады:

а) банктік қызметтің жаңа формасы ретінде көрінеді;

б) лизинг – лизингтік компанияларды несиесіз қаржыландыру көздері.

3. Лизинг  – экономикалық жоспардың ұйымдастыру  формасы:

а) ұлттық экономикада сыртқы нарықтық бәсекелестікті көтеру;

б) мемлекеттің сыртқы қарыздарының көбеюіне жол бермеу.

 Бірінші  бөлімде, лизингтің қалай пайда  болғаны және оның түрлері, яғни  шұғыл лизинг, ақша лизингі және  тікелей – қаржылық лизингі  және олардың атқаратын қызметтері  туралы жеке – жеке тоқталамыз.

 Екінші  бөлімде, лизингтің артықшылықтары  мен кемшіліктері және лизингтік  келісімшарт туралы мәселелер  қарастырылады. Яғни лизинг беруші  мен алушы, жабдықтаушы мен жалға  беруші және банк пен кәсіпорындар  арасындағы келісімшартты білдіреді.

  Үшінші  бөлімде, Қазақстан Республикасындағы  лизинг бизнесі, оны дамыту жолдары  және сыртқы елдермен байланысты  мәселелері қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               1.2.Лизингтің негізгі түрлері

 

 Лизингтік  мәмілелердің бірнеше түрлері  бар. Барлық лизингтік операциялар  екі түрге бөлінеді: шұғыл және  қаржылық лизингтер.

1. Шұғыл  лизинг – бұл мүліктің қызмет  ету мерзіміне қарағанда, оның  пайдалану мерзімінің қысқалығын  және мүліктің құнын толық  өтемеуін сипаттайды.

 2. Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

 Осы  лизингтердің отандық және халықаралық  тәжірибеде қолданылатын мынадай  түрлері бар:

 Ішкі  лизинг – бұл өзінің қатынасушыларының  бір елден болып келуімен байланысты  сипатталады.

 Халықаралық  лизинг – бір тарап немесе  барлық тараптардың әр елден  болып келуін сипаттайды.

 Банктердің  лизингтік операциясы несиелік  операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда лизингтің несиеден бір  айырмашылығын келісімшартта көрсетілген  төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан  кейін де лизинг объектісінің  лизинг берушінің меншігінде  қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік  объектісі ретінде қарыз алушының  берген кепілдігі қалады.

 Қаржылық  лизинг – бұл мүліктің толық  құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:

- лизинг  беруші(жалға беруші);

- лизинг  алушылар(жалға алушылар) болып табылады.

 Басқаша  сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг  – бұл инвестициялық қызметтің  бір түрі; онда:

- лизинг  беруші сатып алушыдан лизинг  бұйымын лизинг келісім шарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс;

- лизинг  алушы келісімшартқа сәйкес төленуге  жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісімшарттың мерзімі өткен соң, лизинг бұйымылизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса.

 Лизинг  бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт  құралдары, жер телімі т.б. мүліктер  жатады. Лизинг бұйымына бағалы  қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.

 Лизинг  лизингтік мәмілеге қатысушылардың  қарастырған жағдайына  байланысты және олар әрқилы болып бөлінеді:

- қайтарылатын  лизинг – лизингтің бұл түрі, онда сатушы осы бұйымды кері қайтарыпала алатын болса ғана лизинг алушыға лизинг ретінде сатады;

- банк  лизингі – лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші ролін  банк атқарады;

- толық  лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг беруші ағымдағы  жөндеу және оның лизинг бұйымына  техникалық қызмет көрсету жұмысын  атқарады;

- таза  лизинг – лизингтің бір түрі, онда лизинг алушы ағымдағы  жөндеу және оның лизинг бұйымына  техникалық қызмет көрсету жұмысын  атқарады.

 Лизинг  өз нысаны бойынша ішкі және  халықаралық болып бөлінуі мүмкін. Ішкі лизингте лизинг беруші  де, лизинг алушы да және сатушы  да Қазақстан Республикасының  резиденті болып табылады. Халықаралық  лизингті, негізінен Қазақстан Республикасының  резидентті емес тұлғалары жүзеге  асырады. Лизинг берушінің де, лизинг  алушының да және сатушының  да жауапкершілігі лизинг келісімшартымен, сатып алу-сату келісімшартымен  және Қазақстан Республикасының  заң актілерімен белгіленеді. Лизинг  келісімшарты мынадай міндетті  мәнді жағдайлардан тұруы тиіс, онсыз ол келісілген деп саналмайды, келісімшарт жасалатын нәрсесі; лизинг нәрсесін сатушының аты-жөні  және сатушыны таңдауды кім  жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг  нәрсесін лизингті алушыға берудің  мерзімі мен жағдайы;лизинг төлемінің  мерзімділігі мен мөлшері;лизинг  нәрсесінің құны; келісімшарттың  әрекет мерзімі; лизинг нәрсесінің  лизинг алушының меншігіне өту  жағдайы; лизинг ету нәрсесін  суреттеу; лизинг нәрсесін ұстау  және жөндеу тәртібі; сақтандыру; лизинг берушінің атына лизинго  нәрсесін мемлекеттік тіркеуден  өткізуін екі жақтың біріне  жүктеу; лизинг келісімшарты бойынша  лизинг алушының міндеттемесін  орындауын бақылау үшін лизинг  берушінің жүзеге асыратын шаралары; тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын  мүліктер бойынша жасалатын келісім-шарттар  міндетті түрде, заң актілерімен  анықталған тәртіпте мемлекеттік  тіркеуден өтеді. Қозғалыстағы мүліктер қойылған кепілдік ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады. Лизинг нәрсесін сатушы тікелей лизинг алушының алдында сатып алу-сату келісімшарты бойынша жауапты болады. Егер де сатушы лизинг алушының қойған талабымен келіссе, онда лизинг алушыға берілетін лизинг нәрсесінің шартын өзгерту үшін, міндетті түрде лизинг берушімен келісуі тиіс. Лизинг алушының да лизинг берушінің де сатушымен қарым-қатынасы ынтымақтасқан кредиторлар ретінде жүреді.

 Лизинг  бойынша марапаттау өз кезегінде  екі әдісте пайдаланады: не өсіп отыратын пайыздық мөлшерлемесін, немесе алдын-ала қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін.

 Бухгалтерлік  есепте қаржылық лизинг бойынша  жасалатын операциялар онда қарастырылған келісім-шарттың жағдайына байланысты көрініс табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері

Лизингтік қызметтердің қазіргі нарығы лизинг нысандармен, лизингтік келісім шарт үлгілермен және лизингтік операцияларды реттейтін заңды нормалардың алуан түрлілігімен сипатталады. 

Лизингтің нысандары:

  1. қатысушылар құрамына байланысты:
    • тура лизинг, келісім шарт екі жақ арасында жасалынады, яғни жалға беруші және жалға алушы арасында;
    • жанама лизинг, келісім шарт үш немесе одан да көп жақтар арасында жасалынады, яғни жалға беруші, жалға алушы және делдал арасында.
  2. мүлік нысанына  байланысты:
  • жылжитын мүлік лизингі ( жабдықтар, техника, автомобильдер, кемелер,ұшақтар, т.б.), соның ішінде жаңа және қолданыста болғандар.
  • жылжымайтын мүлік лизингі ( жалға беруші ғимараттарды, құрылғыларды жалға алушы тапсырысы бойынша салады немесе сатып алады).
  • қолданыста болған лизинг мүлігі.

3. мүліктің өтелімділігі бойынша:

  • толығымен өтелінетін лизинг, келісім шарт мерзімі ішінде жалданатын мүліктің құны толығымен өтелінеді;
  • жартылай өтелінетін лизинг, бір келісім шарт мерзімі ішінде мүліктің жартылай амортизация өтеді және оның жартысы ғана өтелінеді.

4. амортизация деңгейіне байланысты:

  • толық амортизация деңгейі;
  • толық емес амортизация деңгейі.

5. қызмет көрсету мөлшері бойынша:

  • таза, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады;
  • толық, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады.
  • жартылай, мүлікке қызмет көрсетуге байланысты функциялардың жартысын лизинг берушіге жүктелінеді.

6. Нарық секторына байланысты:

  • ішкі, келісім шарттың барлық тұлғалары бір елді ұсынады;
  • халықаралық, келісім шарттың бір ғана тұлғасы немесе барлық тұлғалар әртүрлі елдерде орналасса, сонымен қатар жақтардың бірі өзара кәсіпорын болған жағдайда. Халықаралық лизинг:
  • импорттық – егер лизинг беруші мен лизинг алушы бір мемлекетте, ал жабдықтаушы басқа елде болса.
  • экспорттық – егер жабдықтың өндірушісі және лизинг беруші бір мемлекетте орналасса, ал лизинг алушы басқа елде болса.   
  • транзиттік – егер барлық қатысушылар әртүрлі мемлекеттерде орналасса.  

7. лизингтік төлемдер  сипатына байланысты:

  • ақшалай төлемді лизинг (барлық төлемдер ақшалай нысанда);
  • өтемақы төлемді лизинг (жалға алынған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу);
  • аралас төлемді лизинг.

8. Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты:

  • нақты – жалға беруші инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация секілді, ал жалға алушы арендалық төлемдерді салықты төлеу үшін алынатын табыстардан шегере алу сияқты салықтық жеңілдіктерге ие болады.
      • жалған – мәміле спекулятивті сипатта болады және ең жоғарғы пайда алу мақсатында негіссіз салықтық және амортизациялық мәміле жасасу негізінде жүргізіледі.
  1. қаржыландыру әдісіне байланысты:
  • мерзімдік лизинг, бір жолғы аренда жүзеге асырылатын лизинг;
  • жаңғыртымалы лизинг, лизинг келісім-шарты бірінші келісім-шарт аяқталған соң қайта жалғастырылады. 
  1. жалға алынатын мүлікке қатысты:
    • таза лизинг, бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға алушы өзіне алады;
    • толық лизинг, бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады.

Лизингтің түрлері:

        1. Қаржылық лизинг. Жалға беруші төлейтін төлем есебінен, жалға алынатын жабдықтың толық амортизациясын білдіретін ұзақ мерзімді келісім-шарт.

Қаржылық лизинг келесі негізгі белгілермен сипатталады:

          • Үшінші тұлғаның қатысуымен;
          • Келісім-шарттың мерзімі аяқталуына дейін келісім-шартты бұзу мүмкіндігінің болмауы;
          • Лизингтік келісім периодын одан әрі жалғастыру мүмкіндігінің жоқтығымен;
          • Қаржылық лизингте негізінен объектілер жоғары құнға ие болады.

Осындай келісімдер аренданың уақытына дейін аяқталуын көздемегендіктен, арендалық төлем сомасын дұрыс есептеу өте маңызды болып келеді, себебі осы мүліктің иесіне жабдықты сатып алуға және қолдануға байланысты барлық жоғалтуларды, сонымен қатар табыстылықтың қажетті нормасын өтеуге мүмкіндік береді. Лизингтің осындай нысанында мүлікті орнату мен сақтауға, ағымды қызмет көрсетуге байланысты шығындарды, көбінесе, жалға алушы өзіне алады. Көп жағдайда осындай келісімдер жалға алушының келісім-шарт аяқталған соң, мүлікті қалдықты құн немесе жеңілдікпен сатып алуға құқық береді. Жедел лизингкке қарағанда, қаржы лизингі мүлік иелерінің тәуекелін төмендетеді.

Қаржылық лизингтің объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен құрылғылар), сонымен қатар, өндірістің ұзақ мерзімді құралдары жатады. Қаржылық лизинг ұзақ мерзімді аренданың басқа екі түріне, қайтарымды және үлестік негіз болады. 

        1. Жедел лизинг. Ағымды аренда туралы келісім-шарт болып табылады. Жабдықты сатып алу мен қолдануға байланысты шығындар арендалық төлемдер есебінен бір лизингтік келісім-шартта өтелмейтіндіктен, осы жабдықты жалға бірнеше рет беруді талап етеді. Ол, көбінесе, 2 – 5 жылға келіседі. Жедел лизинг кезінде объктіге қатысты залал шегу мен жоғалтуға байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады. Лизингтік төлемдер ставкасы, көбінесе, қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады, себебі шығындардың толық өтелетіндігіне ешкім кепілдік бермейді.

 Жедел  лизингтің негізгі объектілеріне жабдықтардың жедел тозатын түрлерін жатқызамыз: компьютерлер, көшірме және көбейткіш техника, оргтехниканың әр түрлі нысандары, т.б. және тұрақты сервистік қызметті талап ететін күрделі техникалық жабдықтар: (жүк және жеңіл автомобильдер, әуе лайнерлер, темір және теңіз транспорт).

Жедел лизингтің шарттары жалға алушы үшін тиімдірек кенін байқауға болады.  Мысалы, егер жалға алушы моральды тозған жабдықтан келісім-шартты уақытының аяқталуына дейін күшін жойса, жалға алушының жаңа жоғары технологиялы және бәсекелесті құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалға алушы әртүрлі қолайсыз жағдай туындаған жағдайда, осы іскерлік түрінен бас тартуы мүмкін. Ол мүлік иесіне уақытына дейін жалға алынған мүлікті қайтарып, өндірістің жойылуына және қайта құруына байланысты шығындарды азайтуға  мүмкіндігі болады. Егер бір жолғы жобаларды немесе тапсырыстарды жүзеге асыру кезінде, жедел лизинг одан әрі қажетсіз болатын жабдықтар мен құралдарды сатып алудан босатады.

 

 

 

 

Лизингтік операциялар есебі және негізгі кезеңдері

    

       Бухгалтерлік есепте лизинг беруші банктің алынған мүлікті қаржылық лизингке ұсынумен байланысты операцияларын көрсету тәртібі банктің ішкі құжаттарында қарастырылуы және есептік саясатта белгіленуі тиіс.

Лизинг келісім жасалып, мүлік мемлекеттік тіркеуден өткен соң, сатушыдан лизинг беруші меншігіне алынып, кәсіпкерлік мақсатына уақытша пайдалануға және ұстауға лизинг алушыға жалданатын мүліктік есепте келесі түрде көрсетіледі.

     Лизинг берушінің лизинг затын  сатушыдан алу және лизинг  келісімінің шартына сәйкес жолдау:

  • Негізгі құралды алу:

Дт 1656 «Жалға беруге арналған негізгі құрал – жабдықтар»

Кт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар».

  • Алынған негізгі құралдар үшін төлем:

Дт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»

Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

  Лизинг  затын лизинг келісімшарттарына  сәйкес, лизинг алушыға уақытша

ұстауға және кәсіпкерлік мақсатта қолдануға беру:

   Дт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

         1420 «Клиенттерге берілген қаржы  лизингі»

   Кт 1656 «Жалға беруге арналған негізгі  құрал – жабдықтар».

     Ай сайын айдың соңғы жұмыс  күнінен кешіктірмей лизинг беруші  лизинг бойынша сыйақыларды есептейді. Бұл кезде келесі бухгалтерлік  жазба жасалады:

   Дт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  есептелген кірістер»

        1740 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  есептелген кірістер»

   Кт 4305 «Басқа банктерге берілген қаржы  лизингі бойынша сыйақы алуға  байланысты кірістер»

         4420 «Клиенттерге берілген қаржы  лизингі бойынша сыйақы алуға  байланысты кірістер».

     Егер лизинг алушы өз қаржысы  есебінен және лизинг берушінің  жазбаша келісімімен лизинг затына  зиян келтірмейтін жақсарту жүргізсе, лизинг беруші лизинг алушы  алдындағы бұл жақсартудың құнын  өтеу бойынша лизинг келісімінің  әрекет ету мерзімі аяқталғанда  өз міндеттемелерін мойындайды.

   Бұл  кезде келесі бухглтерлік жазба  жасалады:

   Дт 5922 «Банктік емес қызметтен өзге  шығыстар»

   Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге  кредиторлар».

     Лизинг келісімімен қаралған  төлемдерді мерзімінде алғанда  лизинг беруші келесі бухгалтерлік  өткізбелерді жүзеге асырады:

     а) Лизинг бойынша қосылған сыйақыны  өтеу бойынша:

   Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

   Кт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  есептелген кірістер»

         1740 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  есептелген кірістер».

     ә) Лизинг затын алу, жеткізу және  оны лизинг келісімін жасау  кезіндегі баға бойынша лизинг  лизинг келісіміне сәйкес мақсатында  қолдану үшін жұмыс жағдайында  келген шығындар мен басқа  да кез келген шығындарды қапына  келтіру бойынша:

   Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

   Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

         1420 «Клиенттерге берілген қаржы  лизингі».

     Лизинг алушы сыйақы бойынша  төлемдерді, сондай – ақ қаржылық  лизинг бойынша негізгі борыш  сомасы кешіктірілгенде, келесі  бухгалтерлік өткізбе құрылады:

     а) Есептен сыйақы сомасына:

     Дт 1731 «Басқа банктерге берілген  қарыздар және қаржы лизингі  бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

           1741 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  мерзімі өткен сыйақылар»

     Кт 1730 «Басқа банктерге берілген  қарыздар және қаржы лизингі  бойынша есептелген кірістер»

          1740 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  есептелген кірістер».

     ә) Негізгі борыш сомасына:

     Дт 1306 «Банктің қарыздары бойынша  басқа банктердің мерзімі өткен  берешегі»

            1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің  мерзімі өткен берешегі»

     Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы  лизингі»

           1420 «Клиенттерге берілген қаржы  лизингі».

     б) Негізгі борыш сомасы бойынша  Ұлттық банктің нрмативтік –  құқықтық актілеріне сәйкес құрылатын  мжбүрлі шығын сомасына:

     Дт 5452 «Басқа банктерге берілген  қарыздар және қаржы лизингі  бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі  шығындарға) ақша бөлу»

        5455 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

     Кт 1339 «Басқа банктерге банктерге  берілген қарыздар және қаржы  лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»

           1439 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)».

     Есептелген сыйақы мен негізгі  борыш уақтылы бір кезде төленбесе (егер бұл лизинг келісімінде  көрсетілмесе) лизинг беруші айып  өсімақы және тұрақсыздық сомасын  есептейді. Бұл кезде келесі бухгалтерлік  жазба жасалады:

     Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге  дебиторлар»

     Кт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)».

     Лизинг алушыдан мерзімі ұзартылған  төлемдер қайтарылғанда, келесі  бухгалтерлік жазба жасалады:

     а) Айып, өсімақы және тұрақсыздық  сомасына:

     Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік  есепшоттары»

     Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге  дебиторлар».

     ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы  сомасына:

     Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік  есепшоттары»

     Кт 1731 «Басқа банктерге берілген  қарыздар және қаржы лизингі  бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

           1741 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  мерзімі өткен сыйақылар».

     б) Негізгі борыш сомасына:

     Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік  есепшоттары»

     Кт 1306 «Банктің қарыздары бойынша  басқа банктердің мерзімі өткен  берешегі»

            1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің  мерзімі өткен берешегі».

     в) Алдын ала құрылған мәжбүрлі  шығындар сомасына:

     Дт 1339 «Басқа банктерге банктерге  берілген қарыздар және қаржы  лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»

           1439 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»

     Кт 5452 «Басқа банктерге берілген  қарыздар және қаржы лизингі  бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі  шығындарға) ақша бөлу»

          5455 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу».

     Лизинг келісімінің әрекет ету  мерзімі аяқталған соң лизинг  заты лизинг шартының келісіміне  сәйкес лизинг алушыдан лизинг  берушіге қайтарылады:

     а) Егер лизинг заты толық амортизацияланса, онда лизинг беруші аталған  лизинг затын қабылдау - өткізу  акті бойынша қабылдайды және  қажет болса оны одан әрі  қолдану бойынша жүйеден тыс  есепке кірістейді;

     ә) Егер лизинг заты толық амортизацияланбаса, қалдық құн сомасына лизинг  берушіде келесі бухгалтерлік  жазба жасалады:

     Дт 1652 «Жер, үйлер мен ғимараттар»

           1653 «Компьютерлік қондырғылар»

           1654 «Басқа да негізгі құралдар»

           1655 «Қаржылық лизингке алынған  негізгі құрал – жабдықтар»

           1658 «Көліктік құралдар»

     Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы  лизингі»

           1420 «Клиенттерге берілген қаржы  лизингі».

     Егер лизинг келісімінің шарты  бойынша лизинг заты қайтарылмаса  және аталған лизинг заты тоық  амортизацияланбаса, онда лизинг  алушымен лизинг берушіге қалдық  құнды қалпына келтіруі лизинг  келісімшартымен реттеледі.

     Лизинг алушының меншікті қаржысы  есебінен жүргізген жақсарту  құнын қалпына келтіру кезінде,изинг  берушімен келесі бухгалтерлік  жазба жасалады:

     Дт 2860 «Банктік қызмет бойынша  өзге кредиторлар»

     Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік  есепшоттары».

     Жаңадан құрылған мәжбүрлі шығындар  есебінен қаржылық лизинг бойынша  негізгі борыш сомасын лизинг  алушы өтеу кезінде келесі  бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

     а) Негізгі борыш сомасына:

     Дт 1339 «Басқа банктерге банктерге  берілген қарыздар және қаржы  лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»

            1439 «Клиенттерге берілген қарыздар  және қаржы лизингі бойынша  арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындар)»

     Кт 1306 «Банктің қарыздары бойынша  басқа банктердің мерзімі өткен  берешегі»

            1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің  мерзімі өткен берешегі»;

     Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы  лизингі»

          1420 «Клиенттерге берілген қаржы  лизингі».

     Сол кезекте кіріс 7130 «Шығынға  шығарылған борыштар».

     ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы  сомасына:

     Дт 4305 «Басқа банктерге банктерге  берілген қаржы лизингі бойынша  сыйақы алуға байланысты кірістер»

            4420 «Клиенттерге берілген қаржы  лизингі сыйақы алуға байланысты  кірістер»

     Кт 1731 «Басқа банктердің ұсынған  қарыздары мен қаржылық лизингтері  бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

           1741 «Клиенттердің ұсынған қарыздары  мен қаржылық лизингтері бойынша  мерзімі өткен сыйақылар».

     б) Айып, өсімақы және тұрақсыздық  сомасына:

     Дт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл)» бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға  шығарылған борыштар».

     ә) Сыйақы сомасына:

     Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік  есепшоттары»

Лизингтің негізгі түрлері