М.Дулатовтың публицистикасы
Мазмұны
Кіріспе
..............................
Негізгі бөлім
I тарау. Міржақып Дулатұлы тұлғасы
- Міржақып Дулатұлы өмірбаяны..................4-8 - бет
-
Басты туындылары....................
......................9-1- бет
II тарау. Міржақып Дулатұлының публицистикасы
2.1.
Публицистикалық туындыларына
талдау................19-25 - бет
2
2. Қазіргі таңдағы маңызы........................
Қорытынды ..............................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:.......................
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болар» көзі ашық көкірегі ояу қазақтың сауатты жастарының бірі өз заманының озық туған тұлғасы Міржақып Дулатұлы бүгінде ел есінде ерекше сақталған. Дарынды ақын ретінде танылып, келер ұрпақ өнеге тұтар дарын иесінің публицистика жағынан да жазған елеулі еңбектерін зерттеу-басты мақсат.
Тақырыптың өзектілігі. Міржақып Дулатұлының жан жақты тұлға екендігін таныта білу, өз заманының әлеуметтік саяси мәселелерінен хабардар, қазақ елінің ішкі және сыртқы саясатына шама шарқы жеткенше ат салысып ұлт қамын ойлап,ел қамқоры болған жан екендігін деректермен дәлелдей түсу. Сөз патшасы өлеңмен шектелмей қазақтың қара сөзіне де дес бермес көсем сөз шебері екендігін де оқырмандарға ұғындыра білу маңыздылы жағынан өзекті тақырыптардың бірі деп ойлаймын.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының мақсаты – Міржақып Дулатұлының публицистикалық еңбектерін жан жақты талдау, маңызын және мәнін зерттеу. Осы мақсатта біз төмендегі мәселелерді зерттеуді нысанамызға алдық.
- Міржақып Дулатұлының өмірбаяны және еңбек жолы;
- Негізігі еңбектері ;
- Публицистикалық еңбектерінің ерекшелігі,оларға талдау жүргізу;
- Бүгінігі таңдағы еңбектерінің маңыздылығы;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Жұмыста Міржақып Дулатұлының толық тұлғасы сомдалады. Публицистикалық еңбектерінің тарихи маңызы, қоғамдық рөлі айқындалады. Бүгіні таңдағы маңызы баяндалады.
Зерттеу тәсілдері. Газет,журналдар бетінде жарияланған публицистикалық еңбектеріне кешенді талдау әдісі жүргізіледі.
Бітіру
жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден,
екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тұрады.
«Міржақып Дулатұлының публицистикасы» тақырыбының жан-жақты зерттелуі үшін алдымен Міржақып Дулатұлының өмірбаяны мен қазақ әдебиетіндегі алатын орнына тоқталып кетуді жөн көрдім. Себебі тұлғаны жан жақты танып білу үшін өмір жолын зерделеп, өмірге деген көзқарасы мен ақынға тән өзіндік ұстанымын ұғыну шарт. Ал оның публицистикалық еңбектерінің ерекшелігі мен ондағы көтерілетін мәселелер кімді болмасын қызықтырары анық. Сауатты жанның қоғамның ішкі және сыртқы өміріне араласып, замана жаңалықтарынан құр қалмай газет, журнал беттеріне өз ойын еркін жариялауы біз танитын ақын Міржақып Дулатұлын өзге қырдан танытады. XX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi талантты қаламгер, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлы аумалы-төкпелі заманда елдің болашағы үшін атқарған күреске толы кызметімен де, шығармашылық мұрасымен де ол халқына аяулы, еліне құрметті. Міржақып қоғамда да, әдебиетте де халқының тәуелсіздігін бірінші кезекке қойды. Өз шығармаларында туған елін оятуға ұмтылды. Алаш қозғалысының белсенді қайраткері болды. XX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi — талантты қаламгер, қоғам қайраткері Міржақып Дулатов еді. Сол себепті де М. Дулатовтың есімі мен әдеби мұрасы туралы кеңес өкіметі тұсында айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек Қазақстан өз тәуелсіздігін алған тұста ғана Міржақып халқына қайтьш оралды. Eciмі де, шығармашылық мұрасы да толық ақталды. 1991 жылы шығармалары жеке кітап болып оқырманға жетті. Қараңғылықтың шырмауы мен орыс халқының тас бұғауынан босана алмай жаны қиналған бодан халықтың рухына демеу берер жастардың бірі ретінде танылған Міржақыптың қандай еңбегі болмасын мәні жағынан аса құнды. Өзге ұлттармен салыстырғанда мәдениет, әдебиет, жазу жағынан ақсап жатқан қазақ халқының баспасөз саласында да артта қалғанын, жер- су мәселесін басты тақырыптардың бірі ретінде көтерген Міржақып Дулатұлының мақалалары бүгінде де құнды дерек көздері ретінде бағаланады. Халыққа білім беру ісіне аса көңіл бөліп, медреселер салу және берілетін білім сапасы мен мұғалімдер санатына да мұқият талдау жүргізген , ағартушылық бағытта еңбек еткен ұлтжанды азаматтың атқарған қызметі ауыз толтырып айтарлық. «Оян, қазақ!» деп жұртына жар салған тарлан тұлғаның қайраткерлігі мен туған халқына сіңірген ерен еңбегін тілге тиек етер болсақ жазылатын да айтылатын да нәрселердің көптігіне күмәнім жоқ. Сондықтан бұл жұмыстың оқырман жандарға қызықты да мол мағлұмат беруші материал екендігіне сенімдімін.
I тарау. Міржақып Дулатұлы тұлғасы
1.1 Міржақып Дулатұлы өмірбаяны
Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылында дүниеге келеді. Әкесі Дулат өзіне жетерлік дәулеті, ескіше сауаты бар адам болады. Балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақьштың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.
Екі
жасында анасынан, он екі жасында
әкесінен айырылып, жетім қалған Міржақып
бұдан кейін Асқар деген ағасының тәрбиесінде
болады. 1902 жылы уездік мектепті бітірген
соң, еңбекке араласады. Біраз жыл ауыл
мектептерінде бала оқытады.
Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты
қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың
елге тізесін қатты батырып тұрған шағы
болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың
көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына
қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің
жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі
жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс
күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа
айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы
ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық
Ресей де бірінші буржуазиялық-демократиялық
дүмпудің қарсаңында болатын.
Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы
Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында
ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен
кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi
— ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын
жазбайды.
1905 жылы Міржақып
А. Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы
саяси-бұқаралық жұмыстарға
1909 жылы қазақ
даласын дүр сілкіндірген үш
кітап шықты. Оның бірі –
Абайдың өлеңдер жинағы, екіншісі
–Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық
мысалы», Үшіншісі – «Оян, қазақ!»
атты Міржақып Дулатұлының
1911 жылы соттап,
үкімет «Оян, қазақ!» халық арасында
тарамасын деп үкім шығарып, Міржақып
жыл жарым абақтыда жатып шығады. Міржақыптың
Семей түрмесінде отырғаны туралы хабар
жариялағаны үшін «Айқап» журналына 300
сом, «Уақыт» газетіне 100 сом айып салынады.
Міржақып абақтыдан шығысымен, Ахаңның
соңынан Орынборға бет алады. Осы қалада
Ахаң мен Жақаң қыр өлкесінің ағартушылық
– демократиялық бағыттағы тұңғыш бейресми
басылымы «Қазақ» газетін шығаруды қолға
алады. 1913 жылғы 2 ақ-панда Каримов – Хусайновтар
баспаханасынан «Қазақ» газетінің бірінші
саны жарық көріп, алғашқыда 3 мың дана
болып, кейін 8 мың дана болып елге тарайды.
Газет 1913 жылдан 1918 жылғы наурызға дейін
шығып тұрады. Оны Кеңес өкіметі күш алысымен
жауып тастайды. Міржақып негізінен, 1913-18
жылдары «Қазақ» газетінде оның Бас редакторы
А.Байтұрсыновтың орынбасары болып жұмыс
істейді.
1917 жылдың 25 ақпанында Торғай губернаторы
М.Эверс- ман Ә.Бөкейхановтың ұсынысымен
Міржақыпты және дәрігер Ә.Алдияровты
арнайы куәлік беріп, Минск маңы мен Баранович
қаласындағы тыл жұмыстарындағы қазақтарға
жетекшілік жасауға жібереді. Ол Минскіде
Ә.Бөкейханов ұйымдастырған «Еркін Дала»
атты саяси үйірмені жандандырып (1917 ж),
Семей қаласында «Жанар» жәрдем қорын
ұйымдастырады, сол жылдары Алаш қозғалысы
мен Алашорда үкіметінің жұмысына белсене
араласады, 1917 жылы Орынборда өткен 1 және
2-жалпы қазақ съезіне қатысып, «Алаш»
партиясының бағдарламасын жазады. Алашорда
таратылғаннан кейін 1920 жылы Ташкентке
барып, сондағы Түркістан республикасының
органы – «Ақ жол» газетінде жұмыс істейді
де, көп тұрақтамай, Семейге қайтып келіп,
1921 жылы сол жердегі облыстық сотқа қызметке
орналасады. Амал не, ол 1922 жылы қайтадан
қамауға алынып, мұнан 11 жыл бұрын бір
жарым жыл тұтқында болған Семей түрмесіне
қайтадан түседі. Тек мұнда көп ұстамай,
өзімен бірге отырған Әлихан Бөкейхановпен
бірге екеуін Орынборға жөнелтеді. Мұнда
келген соң екеуі де қамаудан босатылады.
Сонан соң Міржақып Орынбордағы қазақтың
халыққа білім беру институтына (КИНО)
оқытушы болып жұмысқа тұрып, 1922 жылдан
1926 жылға дейін сонда еңбек етеді. Ол 1922
жылы екі бөлімнен тұратын «Есеп құралын»
жазып, оны Ташкент қаласында бастырып
шығарады, сол жылы өзінің сүйген қызы
Жанима мен екеуінің арасындағы оқиға
негізінде «Балқия» атты төрт перделі
пьесаны жазып бітіріп, 1924 жылы Орынборда
«Қирағат кітабы», Қызылордада «Есеп құралының»
жаңа басылымын жарыққа шығарады. 1922 жылы
9 наурызда Семей қаласында қазақ зиялыларының
бас қосып, ашыққан елді аман сақтап қалу
үшін сенімді азаматтарды елге шығарып,
жылуға мал жи-науға келіскендері мәлім.
М.Дулатұлы
мен Ж.Аймауытов осы іске
1.2 Басты туындылары
Міржақып Дулатов — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген.. Одан кейін 1913 жылы Орьнборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басыльш шығады. Ақын өлеңдерінің басты такырыбы—ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeriзгi мазмұнын халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.
Өзінің шығармашылық
жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған
Міржақып проза жанрына да қалам
сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы
туындысы "Бақытсыз Жамал" романы
Қазан қаласында басылып шықты.
Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза көркем
проза үлгісінде туған тұңғыш
роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды.
Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар
мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте
екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы"
оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын
жазады.
М. Дулатовтың шығармалары қазақ елінің
тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен
жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының
бip томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық
жинақтары жарық көрді. М. Дулатов шығармашылығы
жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп,
бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.
Өлеңдері. Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақьш "Оян, қазақ!" атты тұңғыш өлеңдер жинағын мынандай өлең жолдарымен бастайды:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас- ты.
Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Онын үстіне бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету—әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды. Атап айтқанда, "Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі", "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат", "Сайлаулар хақында", "Жастарға", “Қазақтың ру басшыларына", "Атқамінер сұмдарға", тәрізді өлеңдерінде қазақ қоғамының сипаты, ондағы адамдар психологиясы, соларды көрген ақынның өкінішті күйі анық бейнеленген. Ақынның сол тақырыптағы шығармаларының бipi — "Шағым" өлеңі.
…Бір қарағанда "Шағым" өлеңі ақынның аз ғана сәттік көңіл күйінен туған тәрізді. Әйтсе де мұнда жеке бастың мұңынан гөpi әлеуметтік ой басым жатыр. Ел ішіндегі білімсіздік, бойкүйездік, жалқаулық, енжарлық, алауыздық тәрізді тольш жатқан кеселдерді көре тұрып, ақын мұңаяды. Тығырыққа тірелгендей болады.
Жүректен қашан шығар қадалған оқ,
Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?
Қажыған қам көңілді бip көтерер
Жанымда жан ашитын адам да жоқ, —
деп Міржақыптың өзі айтқандай, халқының тұрмысындағы әлгіндей керітартпа кемшіліктер оның жүрегіне оқ болып қадалады. Сондай сәттерде айналасынан өзіне серік болатын, тірек болатын адам іздейді. Таппай көңілі құлазиды. Дегенмен ақынның мұңы терең қайғыға ұласьш кетпейді. Өлеңінің соңында: "Әділдік аста қалған еш күні жоқ", — деп, түптің түбінде әділдіктің жеңетініне сенеді. Сол жолда өзінің бар күшін, өмірін аямайтынын былайша жеткізеді:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі —
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!
Аталған өлең азамат ақынның алдына қойған мақсатын қаншалықты айқын түсінетінін байқатады. Ақынның мақсаты—халқының тағдырына ара түсу, елі үшін еңбек етуге, бел буу. Сол себепті де ақынның өлеңдері ел ішіндегі надандықты, әділетсіздікті әшкерелейді, олардан арылудың жолын іздейді. Мәселен, "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат" өлеңінде қазақ ауылының көpiнісі суреттеліп, ондағы ішкен-жегенге мәз, жайбарақат тіршіліктің беті ашылады. Ел ішіндегі бірліктің, ынтымақ пен бірауыздылықтың жоқтығын айта отырып, ақын ел билеу жүйесіндегі жүгенсіздік пен әділетсіздікті сынға алады.
Міржақыптың осы тәрізді азаматтық, әлеуметтік сарындағы өлеңдерінің тақырыбы да, айтар ойы да, кұрылысы да, айтылу ерекшеліктері де әр алуан. Ақын бірде халықтың тағдырын, бүгінгісі мен келешегін толғаса, бірде жастарды оқу-білімге шақырған насихат айтады немесе күнделікті өмірдегі құбылыстарға қатысты адамгершілік мәселесін қозғайды, ал енді бірде патша өкіметінің озбыр саясатын, ел билеушілердің әділетсіздігін сынайды.
Міржақьш қаламынан туған көркем де күрделі туынды — "Алашқа" өлеңі. Ақын халқына қарата сөйлеп, оның өткендегі өмірін есіне түсіріп, жақсы мен жаманды, кешегі мен бүгінгіні салыстыра отырып, бірқатар әлеуметтік шындықтың бетін ашады.
Ақын алдымен күні кеше төскейі төрт түлік малға толған бетегелі қырлардың, онда көшіп-қонған берекелі ауылдардың сәнін әсем суреттейді, ел баскарған ақылды хандар мен билерді еске алады.
Салтанат Сарыарқада кұрған қазақ,
Толықсып жүрген кеше күнің қайда? —
деп келіп, ел ішінен халқының сөзін сөйлейтін шешендер мен елін, жерін қорғайтын ерлер, ақылдың кені іспетті дана қарияларын іздейді. Солар бар жерде елдің берекесі де артык болмақ
Бірақ өмір Міржақьш ойлағандай емес. Би — парашыл, қарттары — қарау. Бірлік жоқ, алауыздық үстем. Ақын осыған өкінеді.
Алашым, айтқанды алсаң, без бұлардан
Еш нәрсе тәуіп бермес, білгенге ермес.
Қой бағып қасқыр қашан опа қылған,
Көре бер өз бетіңмен күніңді өлмес, — деп, туған халқын ойлануға шақырады. Қойды қасқырға бақтырғандай әділетсіз заманның жайын түсіндіреді. Ел басқарушы залымдарға сенбей, өз күшімен күн көру қажеттігін айтады.
Мiржақып ел ішіндегі кемшіліктерді әшкерелей отырып, халқына одан арылудың жолын көрсетеді. Өзінің "Шәкірт", “Насихат ғумумия" тәрізді бірқатар өлеңдерінде өнер мен білім жинаудың пайдасын бipiншi кезекке қояды. Tіпті адамгершіліктің өзі білімнен, оқудан басталады деген ой айтады. Міржақып Дулатұлының әдеби-ғылыми шығармашылық еңбегі мейлінше кемел, байтақ, телегей. Сан алуан лағыл сырларымен, түйінді тұжырымдарымен, оюлы-ойлы оралымдарымен, рух, тіл, сезім, көңіл байлығымен өзгешеленеді. Ол “Оян, қазақ!” (Уфа, “Шарқ” баспасы, 1909; Орынбор “Уақыт” баспасы, 1911), “Бақытсыз Жамал” (Қазан, Каримовтар баспасы, 1910), “Азамат” (Орынбор, 1913), “Есеп құралы” (Орынбор, 1914, 1922), “Терме” (Орынбор, 1915), “Қирағат кітабы” (Орынбор, 1916, 1923), “Қазақ тілінде басылған кітаптардың көрсеткіштері” (Қызылорда, 1926-1927), “Қылмыстық істерді жүргізу заңы” (Орынбор, 1924) дейтін сүбелі, сүйекті шығармалар тудырды. Алаш ардақтысының буырқанған ойынан, ғұламалық зердесінен, даналық кеудесінен толқындап туған көсемсөздері, әдеби-көркем сындары, зерттемелері “Серке”, “Қазақ”, “Бірлік туы”, “Кедей сөзі”, “Ақжол”, “Ауыл тілі”, “Еңбекші қазақ”, “Ауыл” газеттері мен “Айқап”, “Қызыл Қазақстан” журналдарында жарық көрді.
Кемел ойлы кемеңгердің
ұлттық рух, мемлекетшілдік-елдік сана,
ұлттық тіл, мәдениет, өркениет, ғылым,
оқу-ағарту, өнер-білім, ұлт баспасөзі,
журналистика, саясат, тұлғатану мәселелеріне
қатысты шалқыған сымбатты сара ой-пікірлері
тәуелсіздік тұсында да өзектілігімен,
көкейкестілігімен
Ұлтының өркендеуіне тілеуқор, мақсаткер Міржақып Дулатұлының даңқты “Оян, қазақ!” кітабында ел мен жер тағдыры, замана, қоғам қайшылықтары, рухани сұлулық, оқу-ағарту мәселелері турасындағы шамшырақтай ой-толғаныстар шоғырланып жинақталған. “Оян, қазақтың!” аңдатпасында: “Қой бүйтпелік, һәр халықтың күші һүнер болса, һүнерге Аллатағала қасында һүммәтіміз1 саясында біз қазақтар да ортақ болсақ керек, соның үшін мұсылманша ғылым оқып, дінімізді танып, надандардың көзін қойып, көңілін ашып, мұнымен ахиреттік пайдамызды табалық. Екінші, дүниемізде қажетті хақыларымызды алып, жерімізді, малымызды сақтау үшін, басқалардан хорлық көрмес үшін, орысша оқып һүнерлі болалық” деп негізгі ізгі ойын байқатады.
Ол “Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі” дейтін толғауында жалындай маздап:
Бой тежеп жүрексіну дұрыс емес,
Шашылған ризықты жүріп татпай, –
деп армандайды. “Жиырмасыншы ғасырдың жастарына” алға аршынды қадам басалық, халыққа қамқорлық жасалық, қазақтың бұрынғы билеріндей “өрнек шашалық”, “артықтан тағылым алып”, ғибрат берелік, сөйтіп “қазақты ояталық” деп берекелі кеңес береді.
Бас қосып киргизский интеллигент,
Біздерге халықтың қамын ойлау міндет.
Культура деген сөзді на практике,
Етпейміз не себепті осуществлять? –
деп, тастүйін тиянақты құбылнамалық ойын мәлімдейді.
“Һүнерін халық
файдасына жұмсап жүрген оқығандарымызға…”
атты жырында өткір зейінді ой-
Қазақты төрге сүйреп бір жеткізші,
Дін, дүние жеміс боп табыстарың, –
деп, ұлы дүбір сайыста “азуы алты қарыс айдаһармен” жекпе-жекте “қыран көзді арыстанының”, “қамалға қарсы шапқан қаһарманының” есесін жібермей олжалы, “шабысының қайырлы” болатынына үміттенеді.
Намыстың отына күйіп-жанып, күйініштің улы заһарын жұтынып, заман запыранына жиіркене тұншығып, торға шырмалған тотықұстай шырылдап, қазақтың қасіреті, маңдайының соры, жер-суынан, атақонысынан айрылуы “Қазақтың жерлері” атты өлеңінде айшықты сипатталады.
Кір жуып, кіндік кескен қайран жерлер,
Мұжыққа, қош аман бол, барасың ба?
Қасиетті бабамыздың зираты,
Қалды ғой көшесінің арасында.
Моншаға зираттың тасын алып,
Ағашын отқа, мұжық, жағасың да.
Таба алмай бір барғанда еш белгісін,
Көзден жас көлдей болып ағасың да.
“Қазақ қазақ болғалы мекен еткен” салтанатты атақонысыңнан, ну орман-тоғайыңнан, айдын шалқар көліңнен, шүйгінді өрісіңнен қапияда айрылдың, қанатыңнан қайрылдың дейді.. Ақынның қазақ жері туралы ой-толғаныстары барша шығармашылық мұрасында тереңдей түседі. Көл-көсір көсемсөздерінің басты сарыны, құлақ күйі осы.
Қазақ халқының күрделі тағдыры, рухани күйзелісі, өзекті өртерлік ыза-наласы, нақақтан төгілген көз жасы “Таршылық халіміз хақында аз мінәжат”, “Үйренген халықпыз ғой кемшілікке”, “Сайлау хақында”, “Жесір дағуалары1 хақында” деген жырларында бедерленеді.
Міржақып Дулатұлының кең құлашты ақындық серпінін, азаматтық тұлғасын, ойшылдық, сыршылдық болмысын есілтіп-төгілтіп, жұтынтып жеткізетінін, кесек сөйлейтінін, ішкі қуатын, ішкі сарайын, ерекше мінезін танытатын туындысы – “Насихат ғумумия”. Міржақыптанушы Жұмағали Ысмағұловтың көрсетуінше, “негізгі ақындық кредосы, азаматтық платформасы баяндалған поэзиялық монологтар”, “нақыл-насихат, ақыл-парасат пайымдары”, “бір ырғақта, бір екпінмен, бір леппен шұбыртпалы бір ұйқаста бәйіт үлгісімен жазылған деуі”, сөйтіп, көркемдік шарттылықтарын нақ-нағымен, тақта-тақтасымен терең түсіндіруі ойландырады, қызықтырады.
Негізінде, мәнді ойлар, ғибратты сөйлемдер, өнегелі толғамдар жеткілікті.
Мысалы:
1. Һүнерпаз қара жерге салар қайық,
Жиһаннан алар тағылым қанат жайып.
2. Білгеннің жүрген жері бәрі жарық
3. Майда бол жігіт болсаң, тал жібектей,
Жақсы емес қатты болу тікенектей.
Естілердің талай-талай мәслихатында ақылды кеңестерін, аталы сөздерін көкірегіне тоқыған, ұлт тәрбиесі мен көркемдік тәжірибесі келіскен, көмейінен сыр саулаған майталман сөз зергерінің нақылдары заттылығымен, мағыналығымен, сымбаттылығымен өзгешеленеді.
а) Қыздырмалы қызыл тіл,
Түбіңе жетер – соны біл!
Файдасы жоқ тиындай,
Сөз байлығы дария Ніл.
ә) Тәңірі жаққан шам-шырақ,
Су құйсаң қайтіп сөнеді?
Намыстанып орынсыз,
Абыройын пенде төгеді.

- Меcтo и poль Пpезидентa PФ в cиcтеме иcпoлнительнoй влacти
- Мебель
- Мебель, мебельные ткани и поверхности в гостинице
- Мебельное производство
- Мебельное производство
- Мебельное производство
- Мебельное производство
- МВФ и его место в современной мировой валютной системе
- МВФ и регулирование международных валютных отношений
- МВФ: история, сущность и структура
- МВФ: история, цели создания и структура
- МВФ и финансовая политика
- МВФ как институт современной международной валютной системы
- МВФ: направления его деятельности