Меншікке қарсы қылмыстардың түсінігі

                            Меншікке қарсы қылмыстардың түсінігі

 

Кіріспе

 

I тарау. Меншікке қарсы қылмыстардың криминалистік түсінігі

1.1.Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы түсінігі

 

II тарау. Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері

    1. .Ұрлық жасау
    2. .Тонау мен қарақшылық
    3. .Алаяқтық
    4. .Қорқытып алу
    5. .Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                     Кіріспе.

Қазақстан Республикасының  конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.

Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар  қоғам игілігіне де қызмет етуге  тиіс. Меншік субьектілері мен объектілері  меншік иелерінің өз құқықтарын түзеге отыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.

Кез-келген заң бұзушылық  мінез-құлық қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал, қылмыс дегеніміз - қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс. Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны зардап шегеді.

Қылмыс - қоғам үшін қауіпті  заң бұзылушылықтың өрескел көрінісі, ол заң тиым салған, заңмен жазаланатын  әрекет немесе әрекетсіз өрескел  қылықтар. Қылмыс алуан түрлі болып  келеді.

Сондықтан саналы азаматтар құқық қорғау органдарына көмек көрсетіп отыруы тиіс. Егер  ойлап қарасақ, мұның өзі - адал ниетті, заңды мүлтіксіз орындап жүрген адамдардың өздерін қорғауға қажетті іс.

Меншік иелерінің заңды  құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.

Меншікке қарсы қылмыстың  аса қауіпті өсу тенденциясы  құқық қорғау органдарының олармен  терең және нақты күресуін қажет  етеді. Қылмысты болдырмау, ашу және тергеу құқық қорғау органдарының маңызды мақсаттарының бірі болып табылады.

Қылмыстық заңда бөтенің  меншігіне қылмысты түрде қол  сұғу үшін жауаптылық меншік қатынастарын қол сұғу тәсілдеріне байланысты дараланып, жікке- нысанға бөлінеді. Бөтен мүлікті  алу ашық немесе жасырын күш қолданып немесе күш қолданбай, алдау немесе сенімге қиянат жасау  тәсілдарі  арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

           I.тарау. Меншікке қарсы қылмыстардың криминалистік түсінігі

         Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік табылады және бірдей қорғалады. Меншік субьектілері мен обьектілері, меншік (6 баптың I-тарауы) иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді (6 бап II-тарау).

Адамның құқықтары мен  бостандық жүйесінде меншікке құқықтың алатын орны ерекше, себебі ол адамның  жеке бастық сәттілігін сипаттайтын  көрсеткіш. Бұл құқықтар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан да олардың атқаратын міндеті көп.

Әлеуметтік құндылықтар  жүйесінде меншікке құқық адамның  әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан  да, бұл игілікке қол сұғушылық  адамның өз басына қол бұзушылықпен пара-пар. Меншікті  қылмыстық қол  сұғушылық қорғау Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Меншікке қарсы қылмыс-мүліктің меншік немесе өзге иеленушісіне залал  келтіре отырып немесе залал келтіру  қауіпін тудырумен байланысты қылмыстық  кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз.

Меншікке қарсы қылмыстың  болып азаматтық құқық бойынша  меншік обьектілері деп танылған кез-келген бұйымдар мен мүліктер танылады.

Меншікке керек қылмыстық  затына адам еңбегі арқылы жасалған кез келген материалдық дүниелер заттар жатады. Сондай-ақ ақша, бағалы қағаздар, айналымнан алынбаған басқс да қозғалатын немесе қозғалмайтын мүліктер жатады. Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктер қатынасы, яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік қызметті жүзеге асыруға арналған материалдық игіліктер бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып табыламы.

Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісін меншік деп қарастыруға  болады. Қазақстан Республикасының  азаматтық кодексінде сәйкес меншік құқығы дегеніміз – субъектінің өзіне тиесілі мүлікті  иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады. Меншікке қарсы қылмыстар туралы тараудағы заң нормалары мен қорғалатын тікелей объект ретінде меншіктер қатанасының мәнін осы құқықтар құрайды.

Иелену құқығы дегеніміз  – мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің  заң мен қамтамасыз етілуі. Бұл  құқық адамның мүлікке өз қалауынша ықпал ету мүмкіндігін құрайтын мүлікке нақтылы ие болуды білдіреді. Мысалы, мемлекет жерге, оның қойнауына, су ресурстарына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жәнә т.б ие болды, азамат жеке автомобильге, жиһазға және т.б ие бола алады.

Иелену құқығы заңмен қорғалады. Мүлікті иелену құқығыбасқа адамға берілуі мүлкін. Мысалы, коммисия, сақтау және т.б шарттар бойынша коммиссионер берілген мүліктің сақтаушысы, заң нгізінде иелену құқығын және т.б құқықтарды жүзеге асырады.

Пайдалану құқығы дегеніміз-мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайдалану кезінде меншік иесінің өзіне тиесілі мүлікті кәдеге жаратуы өзінің тұтынушылық сезімін қанағаттандыру үшін одан пайда табуы қажет. Мысалы, адам кіржуғыш мақсатына өзінің шаруашылық мақсаттарына пайдаланса, ал азық-түлік өнімдерін қоректену үшін пайдаланады және т.б

Мүлікті, техниканы шаруашылық мқсатта пайдалануды, сондай-ақ ұйымдар  да жүзеге асырады.

Олар мүлікті алдарындағы  мақсатты орындау үшін пайдаланады пайдалану құқығы да заңмен қорғалады.

Билік ету құқығы дегеніміз- мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеу мүмкіндігінің заңмен қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің мүліктің заңдық жағдайын анықтап  өзгерте отырып, мүлікке байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу немесе тоқтату құқығы (мысалы, сату, айырбастау, сыйлау,жойып жіберу, жедел басқаруға беру және т.б). Билік ету құқығы тек меншік иесіне тиесілі.

Меншік иесі өзіне  тиесілі  мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттілігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.

(Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексінің -188 бабының  3 тармағы). Меншікке қарсы жасалған  әрбір ұрлық және басқа да  қылмыс қоғамға қауіпті, себебі  ол көрсетілген қатынастарды бұзады. Қылмыстық кодекстың ерекше бөлімінің «меншікке қарсы қылмыстар» тарауында бекітілген баптардың диспозицияларының мазмұны бұл қарастырылып отырған қылмыстардың тікелей объектісі бөтенінің меншігі екендігін көрсетеді. Кейбір қылмыстарда (ұрлық, тонау, алааяқтық, т.б). Тікелей объектілер тектік объектілерге сәйкес келеді. Заң әдебиеттерінде тікелей объектілер ретінде меншіктің нақты нысанын, оның мемлекеттік, кооперативтік, жеке мншік,муниципалдық не жекенген ұйымдардың меншігі болып табылуына байланысты қарастыру керек деген пікір айтылған,мұндай ұсыныспен келісуге болмайды, себебі Қазақстан Республикасының конститутциясы мнешіктің кез келген нысанын бірдей қорғауды жарйялап отыр. Сондықтан да ұрлықты бөтен мүлікті иеленуді, тағы басқандай әрекетерді саралау үшін ұрлаған мүліктің қандай нысандағы меншік екендігінін маңызы жоқ.

Объктивтік жағынан  алғанда меншікке қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстың материалдық  құрамы бойынша қарастырған.

Сондықтан да, олардың, объективті жағы үш міндетті белігіден тұрады іс- әрекет, зардап және іс-әрекет пен зардап арасындағы себептің- зардаптық байланысы. Тек қарақшылық пен қорқытып алушылық қана формальды қылмыс болып табылады, себебі бұлардың міндетті белгісі- тек қылмыстық іс-әрекет. Яғни, бұл қылмыстардай зардап қылмыс құрамын ың тегінен жатыр. Қылмыстық зардапты әрқашанда материалдық сиппат болады, мүліктік залал туындайды.

          1.1.Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы түсінігі

Меншікке қарсы жасалған кейбір қылмыстарда құрамының объективтік  жағының міндетті түрдегі элементті қылмыс жасаудың тәсілі (күш қолданып немесе қолданбай, жасырын немесе ашық) болып табылады.

Меншікке қарсы қылмыстың  субъектісі заңда белгіленген жасқа  жеткен, есі дұрыс адам бола алады, яғни қылмыс субъектісі жалпы бір қылмыста мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етсе, қылмыс құрамының міндетті элементі арнаулы субъект болуға тиіс.

Меншікке қарсы қылмыстар  пайда табу мақсатында және пайда  табу мақсатынсыз  болып бөлінеді.

Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті белгісі- пайда табуды көздеу немесе сондай себептер.

Сонымен қатар, пайда  табу мақсатындағы қылмыстарды, олардың  объективтік жақтарына қарай, мүлікті  алу мін байланасты ұрлау деп  аталатын қылмыстрға және ұрлау мен  байланысты емес қылмыстарға бөлуге болады. Ұрлауға мына қылмыстар жатады ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық ерекше құнды заттарды ұрлау. Пайда табу мақсатындағы, бірақ ұрлаумен байланысты емес қылмыстарға мыналар жатады алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру, көрнеу, қымыстық жолымен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, интелекттуалдық меншік құқықтарын бұзу, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену, жерге заттай құқықтарды бұзу. Ал бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, бөтен мүлікті абайсызда жою немесе бүлдіру пайда табу мақсатынсыз жасалған қылмыстарға жатады.

Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп тарағаны және қоғамға  едәуір қауіптілігі-ұрлау.

Қылмыстың заң, ұрлағандық үшін, оның жасалу тәсілдеріне қарай нақты жауаптылық қарастырған. Қылмыстық Кодекстің тиісті бабтарына бөліп, нормативтік тұрғыдан бекіткен. Оларға ұрлаудың мына нысандары жатады. Ұрлауға мына қылмыстар жатады ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық.

Бөтен мүлікті ұрлау  дегеніміз-меншік иесінің мүлкін пайда күнемдік мақсатта заңсыз, қайтарымсыз алу және оны өз пайдасына немесе басқа адамның пайдасына айналдыру.

Заңмен берілген анықтамадан  ұрлықтың объективтік жағын сипаттайтын  мына белгілерімен бөліп алуға болады

    1. мүлікті алу;
    2. алудың заңға қайшылығы;
    3. алудың қайтарымсыз болуы;
    4. пайдакүнемдік мақсат.

Ұрлау арқылы мүлікті  алғанда айыпты оны өз пайдасына  немесе басқа адамдардың пайдасына  айналдырады. Ұрлаған адам мүлікке  өз меншігіндей билік жасайды, бірақ заң жүзінде ол меншік иесі бола алмайды, себебі меншік құқығын қымыстық жолмен алу мүмкін емес. Сондықтан да жәбірлеушінің ұрланған затқа меншіктік құқығын ұрлық жоғалта алмайды. Ұрлағандағы материалдық залал тікелей нақты залал түрінде көрініс табуға тиіс. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 25 шілдедегі қаулысында былай делінген «Қылмыс объектісі болған мүліктің құнын анықтағанда, оны меншік иесінің қалай иемденгеніне байланысты, қылмыс жасалған кездегі жеке сауда нарықтық немесе коммисиандық бағаларға сүйену қажет.

Бағасы болмаған жағдайда муліктін құнын сараптаманың қортындысы негізінде анықталады.

Ұрлаудың салдарынан келген зауалдың орның толтырғанда оның мөлшері сот шешім қабылдаған негізгі бағаларға сүиеніп анықталады. Меншік иесіне немесе заңды иеленушіге материалдық залал келтірмейтін мүлікті алу, ұрлау ретінде саралануға тиіс емес.

Ұрлауды сипаттайтың  келесі белігі- оның заңға қайшылығы. Заңға қайшы белгі дегеніміз  шындығында да, болжам мен де оған өзінің құқығы жоқ бөтен мүлікті айыптының алуы.

Қылмысы аяқталғаннан кейін  мүліктік залалдардың орның толтыру  немесе ұрланған мүлікті қайтару  айыптыны жауаптылықтан босатпайды, бірақ ол жазаны женілдетуге негіздеме бола алады.

Айыпты мүлікті алып, оған өз қалау бойынша билік жасай алатын кезден батап ұрлау аяқталған болып саналады.

Сондықтан ұрлауды аяқталған  деп тану үшін айыптының затты іс жүзінде пайдалаланғаны, одан пайда көргені қажет емес. Оның сондай мүмкіндікті алғаны жеткілікті. Егер  айыпты бөтен мүлікті алуға бағыттылған белгелі бір әрекеттер жасаса, бірақ ол мүлікке билік жасау мүмкіндігіне қолын жеткізе алмаса, онда ол әрекет ұрлық жасауға оқталу ретінде сараланады.

Күзеттегі аймақта, жасалған ұрлықтың аяқталу кезеңін анықтауда қиындық туындыйды. Мүлікті күзеттегі аймақтан қанша қашықтыққа алып барғандықтың маңызы жоқ, дегенмен, ұрланған затты аймақтың қоршауынан асыра лақтыруды және қылмысқа қатысуы  басқа адамның сол мезетте ұрлауың қылмыстың аяқталмағандығы деп санаған жағдайлар болған.

Күзеттегі аймақта жасалған ұрлаудың аяқталу кезеңі мүліктің аумағына және оның не мақсатқа арналғанына байланысты. Мысылы, егер ұрланатын мүлік тұтынылмайтын болса және оны күзеттегі аймақта пайдалануға мүмкіндік болмаса,оны сол аймақтан сыртқа алып шықпайынша, ал тұтынылатын мүлікті (мысалы, спирттік ішімдікті) ұрлағанда қылмыстың аяқталу кезеңі айыптының ұрлаған мүлікке деген пиғылына бойланысты болады. Егер ол ұрланған мүлікке күзеттегі аймақтан шыққан соң билік жасауды ойластырса, онда мүлікті сол аймақтан тауып алу- ұрлық жасауға оқталу ретінде сараланады. Егер ол ұрланған мүлікке сол аймақтан шықпай-ақ билік жасайтын болса – қылмыс аяқталған деп саналады .

Егер айыпты мүлікті алып, кейін  оңтайлы кезде шығаруды ойластырып оны сол күзеттегі аймаққа  жасырып қойса, сонан соң оны өз еркімен қайтарса, онда ол қылмысты жасаудан бас тарту негізінде (ҚК-тің 26 бабы) қылмыстық жауаптылықан босайды.

          Ұрлау тек тікелеи ниетпен жасалады. Айыпты  мүлікті заңсыз алғандығын ұғады, өз әрекетімен меншік иесіне залал келтіргендігін алдын ала біледі, соны тілейді.

Ұрлаудың міндетті нышаны – пайдакүнемдік мақсат. Ұрлауға  заң тұрғысынан анықтама берілгенде пайдакүнемдік мақсат ұрлаудың нышаны деп тіке көрсетілген. Ол мақсат айыптының  өз пайдасына, сондай-ақ материалдық  жағдайына айыпты мүдделі басқа адамның пайдасына материалдық, мүліктік табыс келтіруді көздейді.

Заң әдебиетінде ұрлау заты түсінігі онша да мағыналы баяндалмаған. Ұрлау  заттары ақша және бағалы қағаздар болуы мүмкін екендігі туралы пікірге  ешкімнің қарсылығы жоқ. Сонымен қатар, әдебиеттерге де, сот практикасында да осы уақытқа дейін дау туғызып келген бір мәселе мүмкіндікті алуға құқық беретін құжаттар, сондай-ақ көлік кәсіпорындары, ойын-сауық орындары, спорттық және басқа ұйымдар көрсеткен қызмет үшін есеп айыруға қажетті билеттер, талондар, абонементтер жеке басқа белгілер ұрлау заты бола ала ма, жоқ па? 

Г.А.Кригердің пікірінше ақшалай, заттай және басқадай лоторея билеттері. Почта төлемдерінің белгілері,көлікте  жүру билеттері, бензинге талондар немесе сол сияқты ұрлау заты бола алады. Ленинградтық «Курс советского уголовного правоның» авторлары онымен толықтай келіспейді, олар көлікте жүру билеті мүлікті алуға емес, тек көлікте жүруге ғана құқық беретіндіктен ұрлау заты бола алмайды деп санайды.

Л.А.Андреева мен Б.В.Волжински ұрлау заты ретінде қарастырылуы мүмкін басқа да бағалы қағаздарға жанар-жағармай талондарын жатқызды. Лоторея билеттерін, почта маркаларын өзге бағалы қағаздар қатарына жатқызбаса да, бұл авторлар оның ұрлау заты бола алатындығымен келіседі.

Сонымен қатар, сот практикасы көлікте жүру билеттерін, почта маркаларын көлік қызметін төлегендігін растайтын, өзін ұсынған адамға тиесілі қағаздар екенін ескеріп ұрлау затына жатқызады, сондықтан оларды алуды ұрлау деп қарастырылады. Мәтінін толтырып, мөрмен бекіткеннен кейін, оларды компостирленгеннен кейін ғана, пайдалануға болатын билеттерді немесе басқа белгілерді ұрлау сол әрекетке дайындық болып саналады, егер бұл жерде ұрланған заттарды кейін сатып ақша табу мақсаты болса.

Сонымен, «өздерінде көрсетілген құнын немесе қызметтің төлегендігін растайтын, ұйымның, оның қызметкерлерінің, азаматтардың қолында болғанда сол тауарлармен қызметтерді олардың пайдалануына мүмкіндік беретін талондар, көлікте жүру билеттері немесе өзге белгілер ғана ұрлау заты бола алады» деген пікірмен келісу қажет.

Сондықтан легитимациялық құжаттар мен  белгілер (аккредитивтер, чектер, жинақ  кітапшалары, жетондар, сенім қағаздары, квитанциялар және сол сияқтылар) өздерін  иеленушілердің белгілі-бір мүліктерге ғана құқұғын растайтын болғандықтан ұрлау заты табылмайды. Бұл құжаттарды немесе белгілерді иелену меншік кейпің материалдық залал шеккендігінің айғағы емес. Бұл ретте ұрлықтың  алдағы уақытта жасалуына мүмкіндік туады, сондықтан да, мысалы: жинақ кітапшасын иеленіп ол бойынша ақша алуды ниет қылған айыпкердің әрекетін алаяқтыққа дайындық деп саралау қажет.

Мүліктік емес сипаттағы фактілерді растайтын құжаттар мен өзге заттар ұрлау заты бола алмайды. Оларды ұрлаушы  заң шығарушы басқару тәртібіне қарсы жасалған қылмыс ретінде қарастырады, себебі бұл жағдайда құжат айналымның заңда белгіленген тәртібі бұзылады.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы  Соты Пленумы өзінің 1996 жылғы 25 шілдедегі  «Бөтен мүлікті ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысында ұрлау заты дегеніміз – бөтен, яғни айыптының меншігіне жатпайтын мүлік деп анықтама берді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық  Кодексінің 115 бабына сәйкес мүліктік игіліктер мен құқұқтарға: заттар, ақша, соның ішінде шет ел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектулдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды даряландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады. Ұрлаудың мәніне жүгінсек, оның заты деп ақшаларын, құнды қағаздарын, заттарын, мүліктік құқықтарын тану қажет.

Зат дегеніміз – кез келген нәрсе, ол газ күйінде, сұйық, қатты жағдайда, жанды және жансыз бүтіннің бөлігі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексінің 127 бабына сәйкес ақша дегеніміз - Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында  өз құнын бойынша қабылдауға міндетті заңды төлем құралы болып табылады.

Егер өсімдік немесе жануарлар әлеміндегі объектілерді өсіруге адам еңбегі жұмсалған болса, онда оларды заңсыз иелену ұрлық құрамын  береді, мысалы, қандай да бір шаруашылықтың меншігі болып табылатын волердегі түлікті, жасанды су қоймасындағы балықты ұрлау, паркке отырылғызылған шыршаны, сәнді бұталарды иелену.  Ұрлау затының енді бір сипаты олардың заңдық қасиеті. Ол дегеніміз – ұрланған зат айыпты үшін әрқашан да бөтен болуға тиіс. Айыптың ол алынған затқа тікелей де, жанама да құқығы болуға тиіс емес. Адамның өз мүлкі ұрлау заты бола алмайды, сондықтан өз мүлкін заңсыз алу ұрлауға жатпайды. Қазақстан Республикасының күшіндегі қылмыстық заңына сәйкес ұрлық дегеніміз – бөтен мүлікті жасырын ұрлау болып табылады.

Ұрлыққа тән белгі  – оның жасырын тәсілімен жасалуы. Ұрлықтың жасырындық сипатын анықтағанда айыптың ниетіне, яғни оның ұрлықты субъективтік қабылдауына баса назар аудару қажет.  Ұрлық болады деп санау үшін айыпты жасырын ұрлық жасауға ұмтылуы, бөтен мүлікті жасырын түрде иеленуге оның ниеті болуы тиіс. Егер айыпты, өзінің мүлікті заңсыз иеленуін ұғынған бөгде адамның араласуына мүмкіндік бермей, қалыптасқан жағдайға байланысты әрекет жасаса да ұрлауда жасырындық сипат болады.

Ұрлық объектісі -  меншік. Бұл қылмыстың заты -  материалдық  әлемнің заты түріндегі, нақты құндылығы бар (заттар, тауарлар, бұйымдар, ақша, т.б) өндіру үшін адам еңбегі жұмсалған, сондықтан да ақшамен бағалана алатын бөтен мүлік.

Материалдық құндылығы  жоқ зат немесе бұйым ұрлық  заты бола алмайды, себебі оны алу  меншік иесіне материалдық залал  келтірмейді.                   Жасырын ұрлауды саралау үшін мүліктің алынуы тек меншік иесіне ғана емес, оны күзетушіге де, үшінші адамға да білінбеуі тиіс. Олар ұрлық жасалған кезде, не сол жерда болмайды, не болған кезде де ұрлықтын жасалғандығын сезбейді.

Бөгде адамның көзінше  жасалған ұрлықты жасырып жасалған деп тану үшін, сол адамның айыптың  әрекетінде қылмыстық сипат бар  екендігін ұғынбағандығы анықталуға тиіс.

Мысалы, айыпты өзін мүлік  иесі атынан билік жасай алатын адаммын  деп өтірік айтады; иесіз тұрған автомашинаға жайбарақат отырып жүріп кеткен адамның әрекетіне қарап онда тұрғандар ұрлық жасалды деп ойламайды.

Ұрлықты аяқталған деп  айыптының затты іс жүзінде иеленген кезінен емес, ол затқа оның өз қалауыен билік ете алатын мүмкіндігі туған  кезден бастап санау керек.

Егер ұрлық күзеттегі  аймаққа жасалса, онда қылмыстың  аяқталғандығы туралы мәселе ұрланған  мүліктің сипатына және айыптының пиғылына байланысты. Мысалы, егер айыпты күзеттегі  аумақтан шығармай –ақ  пайдаланылуға  болатын мүлікті ұрлауды ойластырса, онда  мүлікті оқшаулап, оған заңсыз иелік орнатқан кезден бастап ұрлық аяқталған болып саналады.

Ұрлаған мүлкін сол тұрған жерінде өз пайдасына жарату мүмкін болмағандықтан, оны күзеттегі аймақтан  алып шығу кезінде айыпты ұсталса, оның әрекеті ұрлыққа оқталғандық ретінде сараланады.

Субъективтік жағынан  ұрлық – тікелей ниетпен жасалатын  әрекет.  Ол дегеніміз – айыпты өз  әрекетінің қоғамға қауіпті  екендігін ұғынады, қоғамға қауіпті  зардаптың болатынын алдын ала  біледі және соны тілейді; ешқандай құқығы болмаса да бөтен мүлікті жасырып алады, өзіне заңсыз пайда түсіру үшін мүлікиесіне материалдық залал келтіретіндігін түсінеді.

Ұйымдасқан топ жасаған  қылмыс түсінігіне Қылмыстық кодекстің 31 бабының 3 бөлігінде бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамның тұрақты тобы жасаған қылмыс деп анықтама берілген.

Осы тараудың баптарындағы ірі мөлшер немесе ірі залал деп қылмыс жасалу ісінде ұрының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктең құны мен залалдың мөлшері танылады.

Ұрлық зорлықсыз қылмыстар  қатарына жатады,сондықтан күш көрсетіп қылмыскер әрекетін бақылау мүмкіндігінен  айырылған адамның (бір жерге  жауып қойған)мүлкін жасырып алу,көрсетілген  зорлықтың сипатына қарай тонау  немесе қарақшылық ретінде Қылмыстық кодекстің 178, 179 баптары бойынша саралануға тиіс.

Жәбірленуші дәрменсіз  жағдайға келтіру үшін оның ағзасына күшті әрекет етіп,денсаулығы мен  өміріне қауіпті заттарды енгізу және бөтен мүлікті иелену қарақшылық ретінде (Қылмыстық кодекстің 179 бабы) сараланады.

Әшкерелеген ұры,бастаған жасырын ұрлақтың беті ашылғанын  ұғынып, ұрлағанын тастай салып ұсталып қалмау үшін жасырынуға ұмтылса,мұндай әрекеттер бәрі бір ұрлыққа (немесе оған оқталғандыққа) жатады. Егер ұсталып қалмау үшін ұры өзін ұстаушы адамға қарсы күш қолданса, оның әрекеті өзінше жеке адамға қарсы қылмысты құрайды.

Егер айыпты ұрлықты  жасырып бастап,бірақ өзінің әшкереленгендігін  біліп мүлік алуды,ашық жалғастырса,оның әрекеті тонау болып табылады (Қылмыстық кодекстің 178бабы).

Ұрлықтың бөтен мүлікті  иеленіп алудан және ысырап етуден айырмашылығы сол ұрлық кезінде  айыпты бөтен мүлікті алуы,не оған баруға мүмкіндік алуы,не оны күзетуі  мүмкін,бірақ онда ол мүлікке билік  етуге,оны басқаруға,сақтауға ешқандай өкілеттік болмайды.

Ұрлықты алаяқтықтан ажырату қажет.1) ұрлық жасағанда қылмыс заты тек мүлік қана болады, ал алаяқтықта қылмыс заты мүліктен қатар мүлікке құқық та болады. 2) ұрлық жасалғанда жәбірленушінің мүлкі онын еріксіз, жасырып алынады. Ал алаяқтық кезінде меншік иесі немесе заңды иегері алғандықтан немесе сенімге қиянат жасағандықтан мүлікті қылмыскерге өзі береді. 3) алаяқтық кезінде мүлікті қылмыскерге әрекет жасауға қабілеті бар, мүлікке билігін заң танитын адам беруге тиіс. Егер алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы жасына немесе психикасының бұзылуына баиланысты әрекет жасау қабілеті жоқ немесе қабілеті шектелген адамның мүлкін иеленсе,онда қылмыстың әрекеті алаяқтық емес, ұрлық болып саналады, себебі ондай адамның еркі заң жүзінде ескерілмейді.

4) алдаушылық тек алаяқтықта ғана емес, ұрлық кезінде де болады. Алаяқтық жасалғанда алдау арқылы мүлік иеленеді, ал ұрлық кезінде сол жасырып ұрланатын мүлікке беру үшін алдау тәсілі қолданылады.

Ұрлықты тонаудан ажырату  керек, оның басты айырмашылығы-мүлікті  алу тәсілінде. Ұрлық кезінде мүлік жасырын алынса, тонауда ашықтан-ашық алынады.

Ысырап ету-сеніп тапсырылған  мүлікті тұтынушыдан айыру арқылы айыптының өз пайдасына немесе басқа  адамның  пайдасына заңсыз және қайтарымсыз  айналдыруы.

Бұл жағдайда, қандай да бір өкілеттік жасауы үшін өзіне сеніп тапсырылған мүлікті айыпкер заңсыз жұмсайды, сатады, үшінші адамға береді не өзі пайданылады.

Иеленіп алу және ысырап ету аяқталған қылмыс деп саналады, егер субъект мүлікті тек алып қана қоймай, оны еркін айналымға жіберуге нақты мүмкіндік алған болса.

Қылмыс субъектісі арнаулы  – жасы он алтыға толған, есі дұрыс, заңды түрде мүлік сеніп тапсырылған  адам.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          II тарау. Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері          

          2.1. Ұрлық жасау (175-бап)

          Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі – 175 бабына сай, ұрлық бөтен мүлікті жасырып ұрлау болып ұғындырылады.

Бұл жеке меншікке қарсы  кең тараған қылмыс.

Ұрлық заты – ақша, бағалы бұйымдар,  тауарлар және тағы басқа  болып табылады.

Бұл қылмыс әр түрлі жерлерде жасалады. Ұрлық күндізгі уақытында, түнгі уақытта да жасалады. Жиі кездесетіні дүкен, қойма, пәтер, үйдегі заттар және де жеке заттарды вокзалдарда, поезда, базарларда, сондай-ақ адамдар көп жүретін жерлерде қалтадан ұрлау.

Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға ұрылар төбені, қабырғаны, еденді, есікті, терезелерді бұзып кіреді немесе жерді қазып кіреді. Құлыпты бұзып немесе арнайы дайындалған кілтпен ашып кіреді. Сындыру, бұзу үшін белгілі бір құралдарды қолданады.

Ұрлықты істеу тәсілдерін келесі көрініспен топтауға болады:

а) мемлекеттік немесе қоғамдық, не азаматтардың жеке мүлкін тұрғын алаңнан ұрлау; олар бұзу және бұзбау жолдарымен жүзеге асырылады;

б) тұрғын үй алаңға енусіз азаматтардың жеке мүлкін ұрлау (сумкадан, қалтадан ұрлау, маскүнемдікті пайдалану);

в) сенімділікті пайдалану  арқылы істелетін ұрлық (тұрғын үйге немесе алаңға ену және енбеу арқылы);

г) автоматтандырылған сақтау камераларынан ұрлау;

Меншікке қарсы қылмыстардың түсінігі