Меншік капитал

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

 

1.КАПИТАЛ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ............................................................5

2. КАПИТАЛ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ....................................................8

2.1 Жарғылық капиталдың есебі ............................................................8

2.2 Капитал қозғалысы бойынша  болатын операциялар есебі..................12

3. РЕЗЕРВТІК КАПИТАЛ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ............................16

3.1. Резервтік капитал  түсінігі......................................................................16

3.2 Негізгі құралдарды қайта  бағалау есебі.................................................17

3.3 Арнаулы тағайындалу қорлары және резервтік қорларды

қалыптастыру мен пайдалану.......................................................................19

3.4 Шығарылған капиталды қалыптастыру.................................................20

4. БӨЛІНБЕГЕН ЖӘНЕ  ЖИЫНТЫҚ ТАБЫСТЫҢ 

(ЖАБЫЛМАҒАН ЗИЯН) ЕСЕБІ..................................................................22

      5. КАПИТАЛ  ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОРЛАНУЫ........................26

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Ақша - нарықтық қатынастарға көше бастаған қоғамда капитал ретінде, яғни өсім алу мақсатында қолданған. Олардың ежелгі саудагерлік және өсімқорлық түрлері болған. Екі жағдайда да ақша қосымша ақша әкеліп, өзін-өзі өсіреді.

Саудагерлік пен өсімқорлық капитал Қазан төңкерісінен бұрынғы  кезеңде Қазақстанда да өзіндік  ерекшеліктерімен біршама кең тараған. Сауда мен өсімқорлық капитал тауар-ақша айналымында ғана өріс алып, өндірістік саласына бармаған. Кейін, өндіріс өзінің капиталистік ұстанымдарының  негізін қайта құрып, қоғамның шаруашылық, терең әлеуметтік-экономикалық өзгерісіне ұшырады.

Мұндай жағадайда, яғни қазіргі заманға дейін, капитал ретінде енді алыпсатарлық пен өсімқорлық салаларынан гөрі Карл Маркстың тұжырымдамасына сәйкес, негізінен, өндіріс саласында еңбекшілердің қызметі арқылы пайда түсіру болып түсінілді.

Берілген уақытта бизнесте және экономикалық әдебиеттерде капитал сөзінің мағынасы кеңейіп, ауқымды бір экономикалық категорияны білдіреді. Негізгі түп тамыры ақшаны білдіре отырып, үйлер мен ғимараттарға, құрылысқа, машинаға, механизмге, құрал-жабдықтарға, жерге (негізінен), шикізатқа, материалға, отынға, жұмысшылар еңбегін өтеу қаржысына салынған немесе айналдырылған ресурстар соммасы, яғни экономиканың алға қадам басуының негізгі тірегі екені мәлім. 

Елімізде көзделіп отырған  басты мақсат - дамыған елдер қатарына кіру. Ол үшін көптеген өзгерістер мен  толықтырулар енгізілуде. Соның ішінде, шағын және орта бизнесті дамыту қолға алынып жатыр. Ал әрбір бизнес құрылуы үшін де, ары қарай дамуы үшін белгіленген мөлшерде капитал қажет.

Бухгалтерлік есепте жалпы алғанда, капиталдың қозғалысы  бойынша орындалып жатқан операциялардың дұрыс әрі нақты көрсетілуінің маңызы әрбір кәсіпорынға аса қажет. Осы капиталдың қозғалысы бойынша тиісті қажетті операциялар үнемі айқын көрсетіліп отырады.

Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы  барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып табылатыны бәрімізге мәлім.. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.Бұл жағдайлардың барлығы да осы жұмыста кеңінен қарастырылады.

Курстық жұмыстың басты  мақсаты болып кәсіпорындар мен  ұйымдардағы меншікті капиталдың олардың  құрылуындағы ролі мен әрекеті барысындағы  қызметінің маңызын анықтап, есебін жүргізудің ерекшелігін ашып көрсету табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Капитал туралы түсініктерді;
  • Жарғылық капиталдың есебін;
  • Резервтік капиталдың есебін;
  • Капитал қозғалысы бойынша болатын операцияларды қарастыру.

Енді, осы сұрақтарға кеңірек тоқталайық.

 

  1. КАПИТАЛ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

 

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс, Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады , бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.

Ұйымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай "негізгі (айналымнан тыс) автивтер" және "айналымдағы активтер" деп екіге бөледі.

Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа да активтер жатады. Кәсіпорын мүліктерінің (капиталының) құралу көздері кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Ұйымның меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:

-жарғылық капитал;

-резервтік капитал;

-бөлінбеген пайда.

Кәсіпорындар өздерінің  қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарына қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.

Жарғылық қор меншік иесінің (кәсіпорынның) жарғысында қаралған қызметтерін қамтамасыз ету үшін инвестициялық қаржылардың сомасы болып табылады.

Мешік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай  ұйымның жарғылық қоры мынадай түрлерге бөлінеді:

Кәсіпорындардың (толық  серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.

Өндірістік коператив  мүшелерінің мүлік жарналары(үлестері).

Жарғылық қор мөлшері  ұйымның жарғысында және басқа да құрылтайшьшық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.

Қосымша төленген капитал - қоғамның өзінің акцияларын олардың атаулы (номиналдық) құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.

Қосымша төленбеген капитал  – кәсіпорынның өзінің меншігіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын  қайта бағалаған уақыттағы олардың  құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.

Резервтік (сақтық, сақтаулы) капитал - келешекте (алдағы уақыттарда) болуы мүмкін зияндар мен шығындардың  орнын толтыруга арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан (табысынан) бөлінген меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік  капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі қоғамның заңдары мен ұйымның (қоғамның) жарғысында қаралады.

Бөлінбеген пайда (табыс) - кәсіпорынның жалпы кірісінен барлық жұмсалған шығындарды (бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен басқадай бағыттарға пайдаланған сомаларың  шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып табылады1.

 

2. КАПИТАЛ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

2.1 Жарғылық капиталдың  есебі

 

Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып  табылады.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттік қаражаттарының, материалдық  емес активтердің және басқа да мүліктердің  немесе мүліктік құқықтардың есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал  жаңадан құрылған  заңды тұлғалар өз қызметін басқару үшін  бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

Шаруашылық серіктестердің жарғылық капиталына салынатын  салымдары  ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесінде берілген құқығын да қоса алғанда)  болуы мүмкін.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталына натуралды нысанда  салынатын  салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілер қайта тіркелген  кезде қатысушылардың ақшалай салымдары  бухгалтерлік құжаттармен немесе аудиторлық есеп берулерімен қуатталынып бағалануы  мүмкін.

Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қатысушылары өздері қосқан сомаларының  шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында жауап береді.

Егер де салым ретінде  субъектіге мүлікті пайдалану құқығы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.

Мүліктік құқығы жоқ  және басқа да материалдық емес игіліктерді  жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.

Қосымша және жауапкершілігі  шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.

Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының минималды сомасынан  кем болмауы керек. Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.

Ол  мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан аспауы керек. Егер де серіктестіктердің қатысушылары белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша  өз міндеттемелерін орындамаса, онда қатысушылар өзінің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жарғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.

Акционерлік қоғамның жарияланған  жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) құнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған  акцияларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы  және орналастырылуы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлі қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25% тіркемес бұрын төлеуі тиіс.

Жарияланған жарғылық капиталының  минималды көлемі ашық акционерлік  қоғам үшін – бес мың минималды  есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам  үшін – жүз минималды есептік  көрсеткішін құрайды.

Акционерлік  жалпы  жиналысына анықталған әрі жарияланған  санының шегінде акцияны шығарудың  жағдайы, мерзімі, саны директорлар  Кеңесінің шешімімен белгіленеді.

Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі  шығарылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған  (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынаған  және жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды деңгейден төмен  болмауы керек.

Қоғамның жарияланған  жарғылық капиталы түгелдей төленіп  және орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған  капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.

Жарияланған жарғылық капиталын  ұлғайту және азайту туралы шешім  акционерлердің жалпы жиналысында  қабылданады, бірақ оларды минималды  деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.

Барлық кредиторларға  кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң,  жарияланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағадайда кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.

Қоғам акциялары жай  және  айырықша болып келеді.

Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқықтарын қанағаттандырады:

- дивиденттер алуын;

- қоғамды басқаруына  қатысуын;

- қоғам жойылғаннан  кейін одан қалған мүлікті  бөлісуге қатыса алатындығын.

Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазулы акцияның қозғалысы, яғни  акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта – акционерлік қоғамның акционерлерінің тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы акцияның құқын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.

Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5210 «Сатып алынған меншікті үлес құралдары»,  5010 «Жарияланған капитал» шоттары енетін 5000-ші «Жарғылық капиталы» деген шоттар бөлімшесінде жүргізіледі.

5000-ші «Жарғылық капитал»  бөлімшесінің шоттары бойынша  қалдығы оның құрылтай құжаттарында  көрсетілген жарғылық капиталының  мөлшеріне сәйкес келуі керек. 5000-ші бөлімшенің шотары бойынша  жазу жарғылық капиталдың белгіленген тәртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.

5000-ші «Жарғылық капитал»  бөлімшесінің шоттары бойынша операцияларны қарастырайық.

5210 «Сатып алынған  меншікті үлес құралдары» шоттарының  кредиті бойынша акционерлік  қоғамның жарғылық капиталына  салынатын салымдары бойынша  қатысушылардың қарыз сомасы  көрініс табады, ал ол 5020 «Төленбеген капитал» шотымен корреспонденцияланады.

Шығарылған акциялардың (салымдардың) немесе жарналардың номиналдық құны төленсе, онда ол: №1050, 1040, 1010, 1020 дебеті бойынша және №5110 шоттың кредиті  бойынша көрініс табады.

Егерде шығарылған акциялардың  номиналдық құны негізгі құралдармен, материалдық құндылықтармен, және басқа да активтермен төленсе, онда мына шоттар  дебеттеліп : 2730, 1060, 2410, 1320, 1330, 1350 және 5110 шоты кредиттеледі.

Жоғарыда атап өткендей, жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарлық капиталын қалыптастыру процессі бір жылдан аспауы керек, егер де бұл мерзім сақталмаса, онда ол бойынша есептелген пайыз сомасының бөлігі немесе оның бір бөлімі, яғни жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомасы 2170 «Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар» шотының дебеті бойынша және 6110 «Сыйқылар бойынша кірістер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Егерде аталған жағдай орындалмаса, онда жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомаға тиісті түзетулер  жасалынады, ол кезде 5110 шоты дебеттелген  және 5010 шоты кредиттелген – қызыл жазылады.

Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы өзгермейді, тек қатысушылардың құрамында  ғана өзгерістер болады.

Егер де қатысушылар шығып кетсе, онда оған байланысты жарғылық капитал да азаяды, демек: 5010 шоты дебеттеліп, 1040, 1010, 2730, 2410 , 1310 , 1320, 1330, 1350 шоттары кредиттеледі.

Егер де акционерлік  қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 5210, 5010 шоттары дебеттеліп, 5210 «Қайтып алынған капитал» шоты кредиттеледі.

 

    1. Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі

 

Капиталдың қозғалысы  бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің  маңыздылығы әрбір кәсіпорын  үшін зор болып саналады. 

Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген капиталдың есебін   жүргізу үшін 5020 «Төленбеген капитал» шоты пайдаланылады. Бұл шотта жаңды және жеке тұлғалардың  шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

5020 «Төленбеген капитал» шоты шоттардың Бас жоспарында, «Меншік капиталы» ретінде саналса да яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, ол өзінің табиғаты бойынша акивтік шот болып табылады.

Сондай-ақ, 5020 «Төленбеген  капитал» шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болған табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді (акцияларды, облигацияларды, кепілдік парақтарды т.б. ) демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.

Жарияланған (белгіленген  тәртіппен тіркелген) жарғылық қор сомасына 5020 «Төленбеген капитал» шоты дебеттеледі де, 50-ші Жарғылық капитал бөлімше шоттары  5210 «Сатып алынған меншікті үлес құралдары»,  5010 «Жарияланған капитал» шоттары кредиттеледі.

Жарғылық қорға салымдардың  салынуының жүзеге асырылуына қарай 5020 «Төленбеген капитал» шоты кредиттеліп отырады , ал салым шоттары дебеттеледі:

- материалдық емес  активтерді жарғылық қорға жарна  ретінде төлеу кезінде -  2730 шоттары;

- жерді, негізгі құралды,  малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін  жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде – 2410 шоттары;

- материалдар мен тауарларды  жарғылық қорға жарна ретінде  төлеу кезінде – 1340, 1320, 1330, 1350 шоттары;

- ақшалай қаражаттарды  жарғылық қорға жарна ретінде  төлеу кезінде – 1010, 1020, 1040, 1050 шоттары;

Егер де 5020 «Төленбеген  капитал» шотының дебеттік қалдығы  болмаса,  онда кәсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын біледі.

5020 шоты бойынша аналтитикалық  есеп акционерлер (қатысушылар,  құрылтайшылар) бойынша жүргізіледі.

Қайтарылып алынған капитал есебі.

Акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысында  акциялардың  номиналдық құнын (бірақ ең төменгі  деңгейден кем болмауы керек) , не жалпы акцияның шығарылуы көлемін  қысқарту жөнінде шешім қабылдауына  құқылы. АҚ заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша, алдын-ала өзінің барлық кредиторларын хабардар етіп отыруға міндетті.

Сонымен қатар, АҚ-ның  кредиторлары қоғамның  тиесілі  міндеттерін орындаудан бас тартуына және олардың шеккен зияндарының  орнын толтыруды талап етуге  құқылы. Егерде мұндай процедура оның жарғысында алдын-ала қарастырылмаған болса, онда олар өз меншік капиталын азайту үшін, мүдделі адамдардың берген өтінішінің негізінде жасалған сот шешімдері керек.

Бұл жағдайда АҚ өзінің акциясын өз қызметкерлері мен жұмысшыларына  олардың мүдделілігі мен ынталылығын арттыру үшін қайта сатады. Сондықтан өз акцияларын нарықтық айналымға шығарады.

Негізгі құралдарды, ұзақ мерзімге жалға алатын негізгі құралдарды , бітпеген (аяқталмаған) күрделі қаржы  жұмсалымдары мен жабдықтарды қоса алғанда қайта бағалау заңға сәйкес негізгі қорларға индексация жасау тәртібі мен ережесін шаруашылық субьектісі өзі шешуге құқылы. Қайта бағаланған негізгі құралға төмендей корреспонденция жасалады.

Негізгі құралдарды (жерден басқа) қайта бағалау кезінде 2410, 2930 шоттары дебеттеліп, 5320 шоттары кредиттеледі, негізгі құралдардың қайта бағалауына байланысты олардың тозу сомасы ұлғайғанда  5320 шоты дебеттеліп, 2420,  2620 кредиттеледі.

Негізгі құралдардың  құнының  өзгеруіне байланысты тозу сомасына да түзетулер жүргізеді.

Қайта бағаланған (дооценка) сомасы бөлінбеген табыстар шотына ай сайын көшірілуі қажет және осы  есептің дұрыстығын тексеру үшін олардың бастапқы құндары мен  қайта бағаланған сомасына, қалыптасқан  тозу сомасына салыстырмалы кестелер жасалынып, есептеулер жүргізіледі.

Қайта бағалаудың сомасы тек негізгі құралдардың обьектісі  есептен шыққан кезде ғана себебіне байланыссыз бөлінбеген табыстың сомасына көшіріледі.

Инвестицияны қайта  бағалау операциялары.

Инвестицияларды қайта  бағалау белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Инвестицияларды қосымша есептеу сомалары 5320 «Инвестицияларды қайта бағалау бойынша қосымша төленген капитал» шотының кредиті бойынша көрініс табады.

5320 шотының дебеті  ұзақ мерзімді инвестициялық  құнының төмендегенін және олардың  баланстық құнының азайғанын көрсетеді, ол кезде қайта бағаланған сомасының шегінде мына шоттар корреспонденцияланады:

- ұзақ мерзімді инвестицияның  төмендеген құнына 2030, 1130, 2020, 1140, 1150, 1110, 2010, 2040 шоттары кредиттеліп, 5320 шоты  дебеттеледі;

- инвестицияның баланстық құнының азайған сомасына 2210, 2310 шоттары кредиттеліп, 5320 шоты дебеттеледі.

Басқа да активтердің  қайта бағалануымен байланысты операциялары. Активтердің басқа түрлерін (шикізаттарды, материалдарды, сатып алынатын жартылай фабрикаттарды, отынды, дайын өнімді, тауарларды және басқаларын) қайта бағалау операциялары үшін 5320 «Басқа да активтерді қайта бағалау бойынша төленген қосымша капитал» шоты пайдаланылады. Шын мәнінде бұл шот инвестиция-неттосы бойынша бағамның есептен шығарылатын кезеңіне дейінгі айырмасын есепке алу үшін пайдаланылады. Егерде инвестиция-неттосы шет елдегі бөлімшелерге берілсе, бағамдық айырманың жиынтық сомасы табыс ретінде 6250 шотың кредиті бойынша көрініс табады, ал егер де ол шығыс ретінде танылса, онда ол 7430 шоттың дебеті бойынша көрініс табады.

 Егер де доллар  бағамы теңгеге шаққанда азайса,онда  ол оның бағамдық айырмасы  қаржылық инвестицияның қысқарғаны  ретінде бағаланады және ол 5320 шоттың дебеті  бойынша көрініс  табады, ал егерде керісінше болса,  онда 5320 шотының кредиті көрсетіледі.

 

 

 

3. РЕЗЕРВТІК КАПИТАЛ  ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

3.1 Резервтік капитал  түсінігі

 

Резервтік капитал акционерлік  қоғамның және басқа да тараптардың  таза табысының есебінен меншік капиталының  бір бөлігі. Резервтік капитал  субьектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңмен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және  басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.

Резервтік капитал есебі 5310-шы «Резервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5310 «Заңмен бекітілген резервтік капитал», 5320 «Басқа да резервтік капитал», 5330 «Басқа да резервтік капитал», 5340 «Басқа да резервтік капитал».

Заңмен бекітілген резервтік  капитал есебі.

Шаруашылық жүргізуші  серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталының 15%-нан кем болмауы керек.

Резервтік капиталдарды қалыптастырған (құрған)  кезде 5410-шы шот дебеттеледі, 5310 шот кредиттеледі.

Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5310-шы шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:

3390 артықшылығы бар  акциялар бойынша төлем жасауға  қажет қаржысы болмаған жағдайда  серіктестіктердің резервтік капиталының  ішіндегі дивидендтердің есебінен  төлеген кезде: 5410 «Есепті жылдың  пайдасы (жабылмаған залалы)» ; 5430 «Өткен жылдардың пайдасы (жабылмаған залалы)» - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.

Басқа да резервтік каиталдың  есебі.

5340-шы «Басқа да  резервтік капитал» шотында жүргізіледі.  Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.

5340-шы шоттың дебеті  мен кредиті бойынша шоттар  корреспонденциясы ұқсас. Бұндай  резервтер кәсіпорынның өз қалауы  бойынша қалыптастырылады.

 

3.2. Негізгі құралдарды  қайта бағалау есебі

 

Негізгі құралдарды, ұзақ мерзімге жалға алатын негізгі құралдарды , бітпеген (аяқталмаған) күрделі қаржы  жұмсалымдары мен жабдықтарды қоса алғанда қайта бағалау заңға  сәйкес негізгі қорларға индексация жасау тәртібі мен ережесін шаруашылық субьектісі өзі шешуге құқылы. Қайта бағаланған негізгі құралға төмендей корреспонденция жасалады.

Негізгі құралдарды (жерден басқа) қайта бағалау кезінде 2410, 2930 шоттары дебеттеліп, 5320 шоттары  кредиттеледі, негізгі құралдардың  қайта бағалауына байланысты олардың тозу сомасы ұлғайғанда  5320 шоты дебеттеліп, 2420,  2620 кредиттеледі.

Негізгі құралдардың  құнының  өзгеруіне байланысты тозу сомасына да түзетулер жүргізеді.

Қайта бағаланған (дооценка) сомасы бөлінбеген табыстар шотына ай сайын көшірілуі қажет және осы есептің дұрыстығын тексеру үшін олардың бастапқы құндары мен қайта бағаланған сомасына, қалыптасқан тозу сомасына салыстырмалы кестелер жасалынып, есептеулер жүргізіледі.

Меншік капитал