Меншік және оның формалары

 

                                    ЖОСПАР 

КІРІСПЕ...............................................................................................3

МЕНШІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ 

    1.   Меншік экономикалық категория ретінде..................................4
    2. Меншік қатынастары: объектілері мен субъектілері....................6

1.3     Меншiк түрлері және олардың экономикалық қызметтері........10 

МЕНШІКТІҢ ФОРМАЛАРЫ

2.1   Меншіктің формалары, даму диалектикасы................................15

2.2   Мемлекеттік меншік....................................................................18

2.3  Ұжымдық меншік .......................................................................19 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК

3.1    ҚР-да меншіктің әр түрлі формаларының қалыптасуы................20

3.2    ҚР-ғы меншік туралы заң............................................................................22 

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ............................................................26 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                            

                                       КІРІСПЕ

  Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Меншік және оның формалары».

  Курстық жұмысымның мақсаты: меншік ұғымын экономикалық жақтан қарастыру, меншiк формаларын қарап шығу: мемлекеттік, корпоративтік, ұжымдық және аралас.

  Курстық жұмыс мақсатына сәйкес, оның алдына мынадай тапсырмалар қойылады:

  • меншік ұғымы және мәнiн қарап шығу;
  • мемлекеттiк форманы, атап айтқанда: мемлекеттік, ұжымдық, жеке меншік түрлерін қарастыру;

  Меншік  - күрделі де көпқырлы құрылым. Ол экономикалық жүйенің негізі болып табылады.Меншікті қарастырудың екі тәсілдемесін ажырату керек:

  Бірінші тәсілдеме меншікті нақты экономикалық категория ретінде қарастырады. Меншік деген адамдар арасындағы өндіріс құралдары мен өндіріс нәтижелерін иемдену тұрғысындағы қатынастар.

  Екінші  тәсілдеме меншікті қоғамның бүкіл экономикалық жүйесін сараптау арқылы сипаттайды.

  Меншік  теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі  экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері — Рональд Коуз (1914ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқаларды еңбектерінде өзінін жалғасын тапты. Осы ғалымдарды тұжырымламасына сәйкес, ресурс әзінен өзі меншік бола алмайды тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық — міне осы меншіктің мазмұнын құрайды.

  Меншік  субъектілері: жеке түлғалар, отбасы, әлеуметтік  топ, өндірістік ұжым, халық, басқару  органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат,  интеллект,  жұмыс  күші болып табылады.

  Меншік  үлгілері сан-алуан түрлі болады: олар алғашқы қауымдастық, сенімділік, мемлекеттік ұжым, халықаралық. жеке меншік. Осындай иемденушілік: феодалдық. буржуазиялық, социалистік, мемлекеттік, акционерлік болады. Олардың қатарында: кооперативтік біріккен, жеке акционерлік, мемлекеттік, шаруашылық  біріккен   түрлері   болады. Нарық  экономика жүйесінде, жеке және басқа меншікте қоғамдық жиынтық өнім қалыптасады.

    

  МЕНШІК  ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ 

  
    1.   Меншік экономикалық категория ретінде.
 

  «Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенінің іргетасы болып табылады. Ол тарихи түрде адам және қоғаммен бірге пайда болды. Алғашқы кезде меншік деген ұғым тек жер мен байланыстырылды. Сондықтан да меншік адамның дайын өнімдерге емес, жерге деген діни, табиғи және өндіріс жағдайларына қатынастарын байқатады. Мұнда адам — өндіруші және өндіріс құрал-жабдығын иеленуші ретінде көрінеді (жер — қоғамдык өндірістің басты құралы). Өндіріс нәтижелерін иелену коғамдық экономикалык қатынастар шеңберінде материалдық игіліктерді адамдар бірлесе игеру арқылы жүзеге асады. Өткен дәуірдегі экономикалық ойлар иелері меншіктің мәні мен мазмұнын қарастыруда ерекше қадамдар жасады. Физиократтар мектебінің негізін қалаушы француз экономисі Франсуа Кенэ (1694-1774 жж.) «Экономикалық кесте» (1758ж.) деген еңбегінде меншікті көбейту процесінде еңбек өнімділігі рөлінің басымдығын көрсеткен. Ол, меншікті молайтудағы енбекшінің егін шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің басымдылық рөлін ерекше қолдап, оны барлық байлықтың қайнар көзі ретінде санады.

  Меншіктің пайда болу табиғатына қомақты үлесті Уильям Петти, Давид Рикардо және Адам Смит қосты. Олар алғаш рет қоғамның рабқа яғни жалдамалы жұмысшы, капиталист және жер иеленуші болып жіктелуіне негіздеді. Уильям Петтидің «еңбек — байлықтың ағасы, жер — оның анасы» деген қанатты сөздері өзінің мәнін осы күнге дейін жойған жок.

  Француз экономисі Пьер Жозеф  Прудон (1809-1865 жж.) меншікке өзінің көзқарасын «Кедейліктің философиясы» деген еңбегінде баяндаған болатын. Онда ол ұсақ буржуазиялық және жеке меншікті дәріптеп, капиталистік меншікті сынады. Прудон «Меншікті — бұл ұрлық» деген сөзінің мәні бар. Меншіктің мұндай сипаттамасы кең тараған жоқ және ғылыми сынға ұшырады.

  К. Маркстың тұжырымдауы бойынша, меншік экономикалық категория ретінде  адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз өмір сүреді. Меншік — бұл өндіріс  құрал-жабдығын иелену қатынасы жән  материалдық игіліктерді басқару, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі  Маркстік теорияға сәйкес — құралдар, заттар және т.б. меншікті заттық мазмұнын құрайды. Алайда «меншік» ұғымы тек қана заттың мазмұнымен немесе адамның затқа қатынасымен шектеліп қан коймайды. Адам басқа адамдармен өзара тығыз байланыста өмір сүреді, еңбек өнімін өндіреді және тұтынады. Ешкімге жатпайтын нәрсені — қоғамнан тыс, басқа адамдармен байланыссыз иемдену мүмкін емес. Айталық. тіл бір ғана адамнын өнімі болып табылады. Себебі, ондай жағдайда адам ешкіммен сөйлесе алмайды. Меншік дәл солай: ешкіммен қатынаспайтын адамның меншігі - экономикалық категория ретінде мазмұнын жояды. Меншік табиғи емес, ол заттардың коғамдык қасиеті.

  Меншік  теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі  экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері — Рональд Коуз (1914ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқаларды еңбектерінде өзінін жалғасын тапты. Осы ғалымдарды тұжырымламасына сәйкес, ресурс әзінен өзі меншік бола алмайды тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық — міне осы меншіктің мазмұнын құрайды. Бұл процеске қатынасатындарды барлығы меншік құқығын ескеру кезінде «ойын ережесін» білу қажет. Меншік кімге жатады, және өзара іс-әрекетті ұштастыруға қол жеткізу үшін олармен келісу керек пе?Олардың ойынша меншіктің кешенді құкығы төмендегідей он бір бөлімнен құралады:

  1. иелену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелген бақылау құқығы;

  1. пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін 
    қолдану құқығы:
  2. баскару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қашан 
    камтамасыз етуді шешу құқығы:
  3. табыска деген құқық яғни игіліктерді қолдану нәтижесіне ие 
    болу құқығы;
  4. егеменділік құқығы яғни бейтараптандыру, тұтыну, игілікті 
    жою немесе өзгерту құқығы;
  5. қауіпсіздік құқығы, яғни игілікті тонаудан және сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы;
  6. игілікті мұрагерге беру құқығы;
  7. игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы;
  8. сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық 
    жасау құқығы;
  9. жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды 
    төлеуге игіліктермен жазалау мүмкіндігі;
  10. қалдылты сипат құқығы, яғни бұзылған құқық шараларын 
    қалпына келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы.
 
 

  1.2   Меншік қатынастары:  объектілері мен  субъектілері 

  Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:

  а) екі жүп категорияларының өзара байланысы: (меншіктеу) иемдеу-жатсыну;

  ә) жекелену-қоғамдану сияқты жұп категориялардың өзара байланысы;

  б) өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі

  в) табыстарды үлестіру тәсілі;

  г) субъектілік-объектілік талдау.

  1. Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың (индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелерін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.

  Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету - қандай да бір объектіні субъектінің өзіндік қызметіне айналдырудың мүмкін еместігін білдіреді.

  2. Оқшауландыру деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғұрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғұрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жүзеге асырылады.

  Қоғамдастыру  деген еңбектің қоғамдық сипатының  дамуын білдіреді.

  Бір  жағынан,   қоғамдық  еңбек  бөлінісі  және  өндіріс құралдарына  жеке   меншіктің   салдарынан   кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші жағы нан, еңбектің қоғамдық сипатына байланысты, олардьи бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған Оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы - ақша айналымы арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.

  3.  Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілі құрайды.

  Біріктірудің  екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және сатылы.

  Өндіріс құралдарын материалдық игіліктерді  тікелей өндірушілермен   өндіріс   процесінде,   айналым   саласыи айналып өтіп  қосылуын өндіріс факторларының тікелей қосылу тәсілдері  сипаттайды.   Бұл  жағдайда,  бір  адамі бейнесінде екі қызмет жүзеге асырылады - өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі және материалдық игіліктерді тікелей өндіруші қызметі. Кейде басқа нұсқалары да болуы мүмкін, бұл жағдайда екі қызмет ажыратылып, түрлі субъіектілерге бекітіледі; бірінде - өндіріс құралдарын меншіктеуші қызметі, бірінде - жұмыс күші қызметі. Бұл жағдайда жұмысшы өндіріс құралдарынан шеттетілген. Өндіріс факторлары бірігуі үшін, өндіріс құралдарын меншіктеушінің жұмыс нарығында жұмыс күшін жалдауы қажет. Сондықтан да, өндіріс саласында жүзеге асатын заттық және жеке факторлардың бірігуі жұмыс күшін сату - сатып алу актісінен кейін,                   яғни тауар-ақша қатынастары арқылы жүреді. Өндіріс факторлары бірігуінің бұл нұсқасы сатылы деп аталады.

  1. Табыстарды үлестіру өндіріс құралдарын  меншіктеушілер мүддесі үшін жүзеге асырылады.
  2. Меншік субъектілері: жеке түлғалар, отбасы, әлеуметтік  топ, өндірістік ұжым, халық, басқару  органдары бола алады. Меншік объектілері: өндіріс құралдары, мүлік, ақша, құнды қағаздар, ақпарат,  интеллект,  жұмыс  күші болып табылады.

  Экономика теориясында осы уақытқа дейін  ерекше таластың бірі - халық шаруашылығына экономиканың қандай жүйесі ең тиімді деген сауал болып келеді. Онда нарықтың экономика жүйесі ең төмен деңгейде тұтынумен тұрақты қатынас болып келсе осы деңгейде, экономикалық тиімділік калыптасу болып келеді. Сонымен қатар, осы жүйе бойынша бағаның қалыптасуы және таза пайданың калыптасуы және таза пайданың деңгейі, өндірісте не өндіру керек, қандай тауар өндіру керек деген мәселенің негізіне айналады.

  Нарыктық  экономикасының тек нарық механизміне  сүйеніп, кәсіпкерлік шаруашылықтың мемлекеттік басқарудан тыс болуып көздейді. Яғни, басты баға қалыптасу механизмі – бәсеке  негізі, бәсеке зкономикасы  нақтылы жағдайда тұтыну үстемділігі болып келеді. Қорыта келгенде, нарықты экономика жүйесінде бағаның мемлекеттік деңгейде реттелуі жойылады. Баға еркін  қалыптасу жүйесінде болып келеді. Оның үлгісі: өндірісте өнім шығару, тауарды ұсыну, тұтыну болып келеді. Өндірім   мен   ұсыным,   тұтыну мен келісім негізінде баға қалыптасып отырады. Оның негізгі бүкіл ресурстарды оның ішінде табиғат ресурстарын бөліп бағыттау негізі қалыптасады. Экономикалық жүйенін ең жоғары дәрежесі осы жүйе болып келеді.   Экономикалық   жүйелерді   құруда   басты   мәселе   ол меншік субъектілері:

  1. жер, оның қойнауындағы байлық, су, басқа пайдалы ресурстар;
  2. өсімдіктер, мәдени бұйымдар, құнды қағаздар, дүние-мүліктер;

  3. мемлекет, ұжымы және адам — еңбек ресурстар. Тағы басқа көптеген түрлі үлгідегі дүние - мүлік заттар, капитал тағы басқа заттар.

  Осының  қатарында меншік үлгілері сан-алуан  түрлі бола тұра, негізгі   қасиетте болады. Олар алғашқы қауымдастық, сенімділік, мемлекеттік,   ұжым халықаралық. жеке меншік. Осындай иемденушілік: феодалдық. буржуазиялық, социалистік, мемлекеттік, акционерлік болады. Олардың     қатарында: кооперативтік біріккен, жеке акционерлік, мемлекеттік, шаруашылық  біріккен   түрлері   болады. Нарық  экономика жүйесінде, жеке және басқа меншікте қоғамдық жиынтық өнім қалыптасады. Осы қосынды өнім ең басты, біртіндеп, белгілі бір мерзім кезеңінде өндірілген материалдық игіліктер қосындысы және жеке капиталдардың өзара уласқан   және байланысты сомасы. Онымен қатар, қогамда белгілі бір уақыт мерзімде еңбек пен жасалган жана құн.

  Нарық экономика жүйесінің теориялық  негізінде ұлттық табыс оның түпнұсқасы, мазмұны және қалыптасу иегізі белгілі бір уақытта қоғамда     өндірілген материалдық игіліктер қосындысы. Оның қатарында жалпы   ұлттық табыс жеке капиталдардың өзара біріккен байланысты жиынтығы ретінде қалыптасуы. Ол қоғамда белгілі бір уақытта еңбекпен жасалған жаңа   құн қосындысымен, біртұтас көлемде қалыптасады. Қорытындысы, қоғамдық капитал ретінде қалыптасқан жылдан-жылға мемлекеттің   өркендеуіне негіз болады. Белгілі бір уақытта, қоғамда өндірілген материалдық игілік пайда болады. Оның негізі жеке капиталдың өзара қалыптасқан қосындысы және қоғамда ол - жанды еңбекпен жасалған жаңа құн. Қосыла, қорыта келгенде, қоғамдық капитал туындайды. Онын қалыптасуында басқа да экономикалық, ондағы жүйелік ренталық негізде ауыл шаруашылығында жұмысшылар жасаған қосымша құнның бір бөлігі кіреді. Ең нашар жер мен орташа құнарлық  және  жоғары  өнім  түсімі  бар  жерден өндірілген өнімнің өндіріс бағасы арасындағы айырмада қосылуы. Сонымен қатар жер, аймақ бөлігінде қалыптасады. Сөйтіп дәйекті түрде   жұмсау нәтижесінде капитал пайда болады. Олардың қатарында жалпы     капиталдың  қалыптасуына дифференциалдық  рента I және II қатысып,  есепке алынып, нақты экономикаға әсер етеді. Ол дифференциалдық рента бойынша ауыл шаруашылығында жұмысшылар еңбегімен жасаған қосымша құнның бір бөлігімен, ең нашар жер мен орташа және аса құнарлы жерден өндірілген өнімнің өндіріс бағасының арасындағы айырмасы және белгілі уақытта жер бөлімінің көлемінде капиталды да дәйскті түрде жұмсау нәтижесінде пайда болады. Осы қатарда экономикалық теорияның негізінде, дифференциалды II - рентаның әсері ең бастапқы нарық экономика жүйесіндегі әсері ауыл шаруашылығында еңбекпен жасаған қосымша құнның бір бөлігі болып, капитал негізінде құрамына кіреді. Сонымен қатар, жер құнарлылығына байланысты, жерден өндірілген өнімнің өндіріс бағасы арасындағы пайда ретінде қалыптасады. Яғни, жер бөлігінің көлемінде капиталды дәйекті түрде жұмсау нәтижесінде пайда болады. Жалпы алғанда, қандай да экономикалық жүйе пайдаланбасын, экономика ол тұрақты - негізгі капиталмен қатар, өндірісте тауар шығаруда өзгермелі капиталды оны айиалмалы кормсн байланыстыра отырып, пайдалану болады. Ол түпкілікті макроэкономикада айналым жэне оның проблемаларын шешіп, өндірісті дамытып, экономикалық өрлеу, қамтамасыз етіледі. Осындай негізде нарықты экономика жүйесінің қалыптасып дамуы - тарихи әлемдік негіз.

  Негізі  меншік ол адамдардың адаммен, топпен немесе бірлестіктер арасындағы қарым-қатынас, сонымен қатар субъекттің объектпен  иемденуі толық немесе жартылай, тұрақты  және уақытша жатсынуы.

  Меншік  субъектісі бұл объектіге ие бола алатын, меншіктік қатынастардың  белсенді тарабы.

  Меншік  объектісі бұл табиғат, зат, энергия, ақпарат, мүлік, рухани құндылықтар түріндегі, толығымен немесе жартылай дәрежеде субъектіге тәуелді,  белсенді емес тарабы. 

  Меншіктік қатынастар арасындағы байланыс типтеріне тоқталайық. Ол:

  «меншік субъектісі – меншік объектісі» және «меншік субъектісі – меншік субъектісі ». Мұндай қатынастардың өзара байланысы схемада берілген.

 

                                    Субъектілі-субъектік

                                         қатынастар 

    
 

                                 Субъектілі-объектік қатынастар

  Схема1. Субъектілі-субъектік  және субъектілі-субъектік  қатынастар 

  
    1. Меншік  түрлері және олардың  экономикалық қызметтері.
 

  Меншік  қатынастары мынадай қызметтерді  қамтиды:

  а) иелену (затты иеленуді жүзеге асыру қожалық ету);

  ә) пайдалану (заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу);

  б) бөлу (заттың құқықтық тағдырын анықтау - сату, айырбастау, сыйға тарту т.б.).

  Меншіктің экономикалық өткерілуі, оның иесіне табыс, рента, пайыз, дивиденд алып келуі арқылы жүзеге асады. 

  Меншіктің экономикалық түрлері:

жеке   ұжымдық   мемлекеттік
еңбіктік Еңбектік емес   (жеке  топтық) Республика

  меншігі

Облыстық, аудандық муниципалдық меншігі.
Еңбек табысы есебінен Мұрагерге қалдырылған  мүлік есебінен табыс; сақтандыру, несие  мемлекеттеріне салған қаржылар; акция, обмегация және басқа бағалы қағаздардан  түсетін табыс көздері.   а) жалгерлік  меншік

  ә) ұжымдық  кәсіпорын Меншігі (сатып алынған)

  б) кооператив

  тік меншік

  в) акционерлік  меншік:

  а) қоғамдық ұйымдарының меншігі

  ә) діни ұйымдарының  меншігі

  Меншік:

  а) шаруашылық қоғамы меншігі (серіктестігінікі)

  ә) бірлестіктер (ассоциациялар)

  меншігі:

  а) шетел  мемлекетінің меншігі (концессия)

  ә) біріккен меншік (шетел мемлекеті кәсіпорыны)

Республикалық меншігк (жер, қоймауы, сулар, өсімдік  әлемі, жануар әлемі, әуе кеңістігі) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
Коммуналдық меншік (тұрғын үй коомуналдық шаруашылығы  мәдениет және денсаулық сақтау, халыққа  білім беру, жергілікті бюджет қорлары) 
 
 
 
 
 
 
 
 
  
 
 

  Әрине, әртүрлі игіліктерді иелену процесін қарастыру маңызды, бірақ теория үшін өндіріс құрал-жабдығын иелену процесін, сонымен қатар оның әлеуметтік-экономикалық салдарын талдау маныздырақ.

  Өндіріс құрал-жабдығына деген меншіктің  экономикалық катынастары кез келген экономикалық моделін (нарыктық, әміршілдік-әкімшілдік, мемлекетгік, аралас және т.б.) құрастырушы  болып табылады.

  Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің  тайпалық немесе қауымдастық түрлері  белгілі. Алғашқы тұрмыстық қауымдастықтың ыдырауы, отбасының бөлінуі және соның негізінде жеке меншік пайда  болды. Жеке адам жердің меншік иесі болып, оны өндіру сол адамнын өзіне  және оның отбасына берілді. Ол өзін басқа  отбасы қауымдастығының шапқыншылығынан  қорғау үшін қайтадан қауымдастыққа  біріге бастап қауымдастық меншігін құрады. Калалық мекендер құрылып  қалаға берілген жерлер қауымдастық  меншігіне айналады. Бұл жерде  кауымдастық меншік мемлекеттік  меншіктің бейнесі ретінде көрінеді.

  Тіпті, ерте дүниенің өзінде-ақ ұжымдық (қоғамдық), жеке еңбектік және мемлекеттік (қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса  бастады. Осылардын ішінен кейінірек  жеке және мемлекеттік меншік  түрлері  көбірек дами түсті. Мемлекеттік  меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік-әміршілдік экономикалық жүйеде, бұрынғы КСРО-да (1917-1991 жж.) жүзеге асырылып, оның үлесі  басқа меншік түрлерінін жалпы құрылымында - 88,6% құрады. Алайда, нарыктық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктін үлесі 5%-дан 30%-ға дейін ауытқиды.

  Экономикалық  және әлеуметтік құрылысқа байланысты мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерімен салыстырғанда тиімді болуы  мүмкін. Ол онын атқаратын қызметімен жалпы қоғамның экономикалық даму стратегиясының калыптасуы, экономиканың салалық құрылымының  оңтайландырылуы нәтижесінде адамға бағытталған ең жоғарғы тиімділікке  қол жеткізу арқылы сабақтастырылады.

  Экономикада бұл меншік түрінің басымдау болуы  нақты өмірде жағымсыз тұстарға, яғни мемлекеттік монополиялардың пайда  болуына алып келді. Ол экономика  үшін аса қауіпті еді: мемлекеттік  өндірушінің тұтынушыға үстемдігі  пайда болып, арзан тауарлар түрлерін жою жүзеге асты және тапшылық пайда  болды. Қанағаттандырылмайтын сұраным  қалыптасты. 
 

  Осыдан  мынадай тұжырым жасауға болады: мұнда мемлекеттік меншікті жою  емес, оның монополиялық үстемдігін жою  туралы әңгіме болып отыр.

  Нарыққа өту және ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік  меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру  процесінің басталуы - мемлекеттік  меншік үлесін қысқартуға, онын монополиялық үстемдігін жоюға бағытталған. Сондай-ак, қоғамдык өндірістің тиімділігін арттыру  үшін бәсекелестік ортаны құрып, оны  тұрғындардың сұранымын қанағаттандыруға бағыттау қажет. Мемлекеттік меншіктің  үлесі 30-40% шенберінде бекітіледі.

  Жеке  меншіктін дамуы ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Ғылыми-техникалық революцияның әсерінен ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысында жедел түрде акционерлік меншік қалыптаса бастады. Акционерлік  немесе корпоративтік меншік, басқаша  айтар болсақ топтық немесе ұжымдық  меншік. Батыстың экономикалык теория мектебі «жеке» термині ретінде кез-келген мемлекеттік емес мүлік, шаруашылык, кәсіпорынды түсінген.

  Жеке  меншік ұғымы тұрғысынан өз еңбегімен  жасалған жеке еңбектік және еңбектік емес меншікке бөліп қараймыз. Соңғысында заңды негізде жасалған жер учаскісі табысы мен жалға берілген басқада қозғалмайтын мүлік, банкке салынған пайыз бойынша және басқа көздер (жәрдем ақы, стипендия, зейнет акы және т.с.с.) есебінен жасалады.

  Жеке  меншіктің даму кезеңінде еркін  бәсеке барынша қарқындап, жеке кәсіпкерлердің өндіріс тиімділігін көтеруге және тұрғындардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін канағаттандыруға итермелейді. Сондай-ақ оның теріс тұстары байқалады: артық өндірудін экономикалык дағдарысы, жеке меншік - бұл билеп-төстеушінің ешкім шектемейтін иегердің (иегердің ез еркі ғана бәрін шешеді) меншік өнімімен байланысты еді. Соңдыктан, мемлекеттін араласуы кажет болады. Қазіргі өркениетті қоғамда меншік иесі мінез-құлқының белгілі ережелері жасалған, сонымен қатар артық өндіру экономикалык дағдарыстық ескерту туралы шаралар қарастырылған. Жеке меншік жаңа бағыт алуда және оның келешегі алда.

  Қазіргі әлемдік қауымдастықта жеке меншіктің, мағынасы өзгерді. Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген (еңбектік және еңбектік емес) ғана емес, сондай-ак ұжымдык (топтық), акционерлік және кооперативтік түрде — меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болады.

  Нарыққа өткенге дейін Қазақстан Республикасында  кооперативтік меншік — колхоздың, кооператив меншіктің, түтыну корпорациясы, тұрғын-үй, құрылыс және басқа да кооперативтік ұжымдармен көрсетілді. Казіргі жағдайда ол акционерлік меншік, біріккен және аралас кәсіпорын меншіктерімен толықтырылды.

  Көптеген  әлем елдерінде меншіктін кооперативті түрі жан-жақты дамыған. Айталық, өндірістік кооперативтер - бұл тауар мен  қызмет көрсетуді бірге өндіру мақсаты,  азаматтардың өз еркінде.

  Кооперативтер Англияда ХІХ-шы ғасырдың басында пайда  болып, кейінірек мұндай ұжымдар көптеген Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ-та кенінен тарады. Алғашкы кооперативтер Дания мен Швециада ауыл шаруашылығы өнімдерін өндеу және өткізу бойынша пайда болды. Яғни, 100 жылдан соң әлемнің он екі елінде олардың үлесіне ауыл шаруашылығы өнімінін 60%-ы келді.

  Бұрынғы Одақта да шаруашылық жеке енбек меншігін кооиеративтік (колхоздық) меншікке алмастырыдды. Ол алғашқы бесжылдықтарда жүргізілген ұжымдастыру (коллективтендіру; негізінде құрылды. Алайда шын мәнінде колхоздарға әкімшілік ұйымдар билеп-төсеп үстемдігін жүргізді. Олар өзіндік өніміне билік жүргізу құқығынан айырылды. Себебі, өнімнің негізгі бөліп бекітілген баға бойынша мемлекетке түсіп отырды. Бұл коопертивтік процестердің бұзылуына алып келді. Меншіктің кооперативтік түрінің нарыктық экономика жағдайында кооперативтік кәсіпорыннын толық өзінше болуы — оның өндірісті дамыту мүмкіншілігінің ең жоғарлығы иеленді. Мұнда, қозғаушы күші — меншік иесі, топтары кооперативтің экономикалык мүдделері болып табылады. Тұтыну кооперациясы өндірістік кооперативтен өзгешелеу. Өндірістік кооператив өндіріс саласында қызмет етсе, тұтыну кооперативі айналыс саласында қызмет жасайды. Ресейде тұтыну кооперативінің алғашқы ұйымдары ХХ-шы ғасырдың басында пайда болды. Оның пайда болуынын басты мақсаты - тауарларды сатып алуда шаруа мен тұтынушыны сауда делдалдарынан құтқару.

  Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықта  тұтыну кооперациясы өзінің кызметін қалада да, ауылдық жерлерде де жүзеге асырады Ол әртүрлі фирмалар және ұйымдармен кең халықаралық байланыста болады.

  Меншіктің бір түрінен басқасына өтуді  эволюциялық жолмен бәсекелестік күрестін, өндіргіш күштер дамуының және ҒТР-ның негізінде жүзеге асады (мысалы, ХІХ-шы ғасырдағы акционерлік меншік түрінін пайда болуы) немесе бұрынғы Одақта болған мемлекетгік және колхоздық меншіктің зорлық-зомбылық жағымен калыптасуын айтамыз.

  Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстырғанда өте ерекше болып табылады. «Муниципал» - латынның «municipalis» немесе немістің «munizipalitet»  сөздерінен шыққан, «қаланы баскару» деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның «municipium» сөзі «қаланың өзін-өзі» басқару құқығын білдіреді. Әдетте муниципалды меншікке өкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік-аумақтық құрылымдарды басқару жатады. Казақстан Республикасында осындай мүліктер коммуналды меншік деп аталады.

Меншік және оның формалары