Меншікке қарсы қылмыстар



 Бөтен мүлкін заңсыз иемденудің түсінігі және түрлері.

 

1. Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы мүліктікке қарсы қылмыстың түсінігі.

Мемлекет қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болады. Ал, заңдық тұрғыдан құқықты тек мемлекеттің пайда болуымен байланыстыруға болады.

Әдетте, құқыққа байланысты ұғым субъективті  мағынада  айтылып, құқық жеке адамның мемлекеттің қорғауында болып, ешкімнің араласуынсыз еркін әрекеттер жасауы (оқуға, еңбек етуге немесе демалуға құқықты) деп түсіндіріледі. Заңдық мағынада құқық  мемлекет шығарған құқықтық нормалардың (құқық объективтік мағынада) жиынтығы ретінде түсдіріледі.

Қалайда болмасын құқық және ол туралы түсінік адамдардың өмірімен, оның үстіне қоғамдағы өмірімен байланысты.

Қоғам дегеніміз жеке адамдардың жәй  ғана жиынтығы емес, бұл өте күрделі әлеуметтік құбылыс. Ал, адамдардың қоғамдағы бір-бірімен қарым-қатынастары  әр уақытта тату, бірін-бірі түсінушілік жағдайларда бола бермейді және де  қоғамның мүшесі ретінде адаммен мемлекет арасында да тартысты  жағдайлар болады. Осыдан барып, адамдар арасында фәлсапашы  Томасс Гоббс айтқандай «бірі біріне немесе топ топқа қарсы шығатын қақтығыстар мен теке-тірестер» туындайды. Міне осы қақтығыстар мен теке-тірестерді реттеуге көмекке құқықтық нормалар келеді.

Құқық дегеніміз-адамдардың  қоғамдағы мінез-құлықтары мен әрекеттерін реттеуге бағытталған мемлекеттің өзі шығарып және қолдап отырған заңдары мен басқа да құқықтық актілерінің жиынтығы.

Ал, қылмыстық құқық болса, ол адамдар арасында  туатын олардың өмірімен денсаулығына, ар-ожданына және мүлкіне залал келтіретін немесе келтіруі мүмкін талас-тартыстарды болдырмауға және оларға тиым салуға бағытталған ережелердің жиынтығы.

Адамдардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін қоғамдағы белгілі бір ережелердің аумағына сыйдырып, ретке келтіріп, қоғам мүшелерінің адам өміріне қауіп төндіретін әрекеттеріне тиым салуды қарастырып, заң-жарғылар шығару қандайда болмасын  мемлекеттің негізігі құзыры.

Адамның іс-әрекетін, мінез-құлқын реттеуге бағытталған  дінилік және әдет-ғұрыптық шектеулер мен құқықтық нормалар және  ережелердің жиынтығы   ерте дүниеден ақ жинақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді.

Мәселен, Вавилонның патшасы Хамурапидің  заңдары бойынша сарай байлығын ұрлаған адам да, ұрланған заттарды сатып алған адам да өлім жазасына кесіліп отырған. Ертедегі Рим құқықтарының жинағы -12 таблица заңдарына сай  жалған куәлік еткен адамдар биік жардан лақтырылатын болған.

Қазақ тарихына көз жүгіртсек, қазақ халқы да осындай құқыққа байланысты әдет-ғұрып, ереже-нормалардан кенде болмаған және олар  ұрпақтан ұрпаққа ауызша беріліп отырған.

Мыңдаған жылдар бойы  көптеген түркі тайпалары көшіп–қонып жүрген еркін аймақ жер шарының Батыс Сібір және Орталық Азиялық бөлігінде орналасқан.  Бұл аймақ тарихи әдебиеттерде  Ұлы дала–қазақия деп аталады. Ұлы даланың  дамуының өзіндік ерекшеліктері болды. Ұлы далада қазақ–түркі  этносының біртұтас тілдік мәдениеті және көшпелі қазақтардың дамыған  демократиялық құқықтық мәдениеті қалыптасты. Қазақ құқығы «дала демократиясы» шеңберінде дамып,  бостандық пен әділдікке негізделді.

Қазақстан тәуелсіздік алғанға  дейін қазақ мемлекеті мен  оның құқықтық нормаларын зерттеуге  көп көңіл бөліне қоймады. Соның  салдарынан,  Әз Тәуке Хан тұсында  жасалған «Жеті жарғы»-қазақ заң  жарғыларының  көшбасы деп  тұжырымдалып келді.

Бірақ та Қазақстан  өзінің тәуелсіздігін  алған уақыттан бері көне тарихи  мұраларға  деген ерекше ізденістің арқасында жаңағы тұжырымды жоққа  шығаратын   соны деректер табылу үстінде.

Мәселен, үш мың жылдық жазбаша  тарихымен  ерекшеленетін Қытай елінің «Таңнама», «Ханнама» деген тарихи  құжаттарының жылнама жинағында Қазақ мемлекетінің ұйтқысы болған сақ, үйсін, ғұн елдеріндегі заң орнына  жүрген әдет-ғұрып  өлшемдері туралы құнды пікірлер айтылған. Онда маңызын жоймаған  әменгерлік туралы: «Ғұндар мен үйсіндерде ағасы өлсе оның әйеліне  інісі, інісі өлсе, жесіріне ағасы әменгерлік  ететін» деп көрсеткен жазулар бар еді.

Сол кездегі әдеп-ғұрып өлшемдерінде қылмыстың түріне қарай  өлімге кесу, айыбы үшін мал-мүлкін алу, тәнін кесу  сияқты жазалар қарастырылған.

Ғұндар мен үйсіндердің  тікелей мұрагерлері  ретінде жаңа дәуірдегі жыл санаудың 500 жылдары Түркі халықтары деген атаумен тарих сахнасына шыққан бабаларымыз жаңағыдай ережелерді-жарғыларды одан әрі дамытты. Бұл  жөнінде Лев Гумилевтің «Көне түріктер» деген еңбегінде мынандай заң ережелеріне  сипаттама берілген. «... Түріктерде өте қатал, тіпті қатыгез құқық заңының  өзі  әйелді қолдап қорғаған. Күйеуі бар әйелді зорлаған  кісі өлім жазасына кесілген. Қыздың арына қол салған еркек, оған  дереу үйленген. Әйелді зорлау ең ауыр қылмыс-көтеріліс жасау, опасыздықпен кісі өлтіру, тұсаулы атты ұрлау сияқты қылмыспен тең қаралған» -деп жазған.

Тағы бір айтатын  жай-қазақ билерінің түп атасы  атанған Шыңғыс қағанның уәзірі болған Майқы би заң-жарғыларының бар екені анықталғаны. «Түгел сөздің түбі бір,  түп атасы Майқы би» деген мәтел сөздің  астарына терең үңілсек, оның шешендік сөздің майталманы, әділ биліктің арғы атасы болуымен бірге заң жарғылардың қалыптасуына да әсер еткен тұлға  екенін байқауға болады.  Осыған орай, қазақ заң жарғыларының басы сол Майқы биден басталады деп айтуға толық негіз бар.

 Шыңғысханның өмірін жете зерттеген ағылшын жазушысы Джек Уэзерфорд: «Шыңғысхан елдегі малшыдан бастап ханға дейін заңға бағындырды. Сөйтіп, Шыңғысхан заңның бәрінен жоғары екенін жариялап, ол өзіне дейін бірде цивилизация жетпеген жетістікке жетті»-деп жазды.

Майқы би шығарған жарғының ұзын ырғасы жетеу. Сол заң-жарғылардың мән-мағнасы, ереже-мазмұны да  өзімізге көптен  белгілі Әз Тәуке Ханның «Жеті жарғы» заңдар үлгісінен алшақ кетпейді. Сол жарғының  төртінші  тармағы ұрлық туралы.

Майқы би шығарған заң-жарғыда  ұрлық  істер  бұдан бұрынғы  көшпелі  қоғамда қолданылып келген қатал  ережелерді жұмсарта түскен. Бұрынғы  ережелердегі секілді  ұрлық істегендердің қол-аяғын сындырып кесіп, жантүршігерлік азапқа салатын түзімнің күшін жойған. Ұрының ісіне қарай айып тағылып, төлем қайтару күшейтілген. Бұл жарғыда «Егер тартып-тонап алушы болса, еселеп төлем қайтарумен қоса, оған қырық мәрте  дүре соғу керек»- делінген.

Содан кейінгі қазақ халқының құқығының  жүйеленген қайнар көзі болып «Қасым ханның  қасқа жолы»(Қасым ханның билігі-1511-1532ж.), «Есім ханның ескі жолы» (Есім хан билігі-1598-1623 ж.) және Әз Тәуке  ханның  «Жеті жарғы» атты  ережелер жинағы есептеледі.

«Қасымханның қасқа жолы» ережелер жинағында бірінші аталатын себебі, 15 ғасырда  Керей және Жәнібек хандардың тұсында қазақ хандығынығның –мемлекетінің негізі қалнаған еді. Осы Әз Жәнібектің баласы Қасым хан қазаұ мемлекетін қалыптастыруға тырысып, заң ережелерін бір қалыпқа келтіріп, ішікі және сыртқы саяси  ахуалға оларды ыңғайлауға үмтылған  тәрізді. Қазақ шежіресінде қасым ханның  хан тағын сарайшықтан ұлытауға көшіргенін, қазақты қатарға қосып кеткен осы қасым хан, екенін қазақтың ортасында «Қасымханның қасқа жолы» делінетін сөз үлгі, қасиет болып қалды делінеді.

Академик Ә. Марғұланның пікірнше Қасым хан шариғат заңдарын қабылдамай, ертеден келе жатқан, көшпенді халық мойындаған «Жарғы» ережелерін бекітуге күш салғандықтан, оны қатты ұнатып «Қасымханның қасқа жолы» деп атап кеткен.

Осы  жинақталған ережелер негізінде  барлық даулар азаматтық құқықтық сипатқа  ие болды  және олар үшін мүліктік жауапкершілік орнатылды. Қазақ құқығын ұрпақтан  ұрпаққа  жеткізуші, сот билігін ел бірлігіне арнаған көне дәстүрді берік ұстаған билер болды. Академик Салық Зиманов «Олар әрі ақын, әрі шешен, философ әрі ойшыл, әдет-ғұрып құқығының білгірі және оның реформаторы, әскери қолбасшысы және басқарушысы  еді-деп жазды.

Билер өз қызметінде жергілікті ру мүдделлерінен бұрын халықтың мүддесін жоғары ұстады. Сонымен бірге олар қоғамдық пікірдің бақылауында болды. Қазақ биінің моральдық-құқықтық мәртебесі халықтың –«Атаның баласы болма, адамның  баласы бол» деген талабынан көрініс тапты. «Әдет әдет емес жөн әдет», «Тіл жүйрік емес, шын жүйрік», «Әділсіз би оңбас, әйелсіз үй оңбас», «Атаңның құлы айтсада, әділдікке бас и», «Елге бай құт емес, би құт» -деген аталы сөздер әділдіктің құндылық ретінде қаншалықты  жоғары екенін көрсететін ойлар емес пе. Елдің құты бай емес би болатын болса, онда   билік айтып қара қылды қақ жарған би бабаларымыздың қазақ сахарасындағы тарихи орыны алтын әріппен жазылуға тиіс еді.

Қазақ құқығын зертеу  кеш 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында ғана басталды. Еуропа әлемі үшін де қазақ көшпелі әлемі  осы кезден белгілі бола бастады. Бұл бағытта Ресей  зор белсінділік танытып, өзінің шенеуіктерін Ұлы даланы  және осы далада көшіп- қонып жүрген қазақ халқының өмірі мен әдет-ғұрпын зерттеуге жібере бастады. Оның өзі  қазақ жерін отарлаушылыққа байланысты ғана басталды.

Қазақтың әдет-ғұрып құқығын зерттеген кеңес дәуіріндегі ғалымдардың ішінде Т. Күлтелеевтің аты ерекше аталады. Алғашқы қазақ заңгерлерінің бірі Т.Күлтелеев тұңғыш рет қазақ құқығындағы қылмысқа байланысты әдет-ғұрып заңдарын зерттеген ғалым. Бұл еңбегі «Уголовное обычное право казахов» деп аталады. Орыс тілінде алғаш рет 1955 жылы басылып шыққан. Осы еңбегінде Т. Култелеев алғаш рет әдет-ғұрып заңдарындағы қылмыстың, жазаның түсінігі туралы, адамға, отбасылық-некелікке қарсы, мүліктік қатынастарға байланысты, басқаруға және дінге қарсы қылмыстарға талдау жасады.

Т. Күлтелеев осы еңбегінде қазақтың әдет-ғұрып заңдарында мүлікке қарсы қылмыстардың белгілі бір жүйесі және түсініктері қалыптаспағанын айтады.

Күлтелевтің айтуы бойынша мүлікке қарсы жасалған қылмыстардың бәрі ұрлық деп танылған және мүлікке қарсы қылмыстарды жасаған адамды қазақтар ұры деп атаған. Қазақтың әдет-ғұрып заңдарында тонау түсінігі де ұрлықтан көп ерешелігі де болған жоқ –деп көрсетеді. 

Қазақтың әдет-ғұрып заңдарын зерттеген Н. И. Гродеков «Киргизы и кара киргизы в Сыр-даринской области» деген еңбегінде былай деп жазды: «У киргизов нет особых слов для выражения понятий воровства и грабежа. Урлық-воровство или грабеж, уры –вор, разбойник, и вообще преступник, урламак-красть, тартыб алмак-отнимать, грабить».

Патша өкіметінің кейбір орыс зерттеушілері қазақтар  ұрлықты мүліктік жауапкершіліктен ажыратпаған, яғни қылмыс деп танымаған деп көрсетеді. Патша өкіметі мен оның шенеуіктерінің мұндай көзқарастары сол кездегі қазақтарды дамымай арта қалған  және қоғамдық дамудың ең төменгі сатысындағы ел деп көрсетудің негізінде қалыптасқан. Сондай шенеуіктердің бірі А. Добросмыслов «Суд у киргиз во время ханского  управления» деген жазбаларында: «Всмотревшись близко в законы хана Тявки, которые, вероятно, совершенно соответствовали понятиям киргиз того времени, мы увидим, что они мало  чем отличаются от понятий и законов, господствовавших в Европе шесть–семь столетий тому назад. Обычаи, подобные киргизским  времен Тявки, существовали и у нас, русских. Так, например, в «русской Правде» Ярослава говорится о плате за смерть почетного лица, свободного человека и раба за увечье и пр.

Отсюда следует, что понятие  киргиз о праве и правде не есть что либо особенное, а только свидетельствует об их отсталости в умственном развитии на несколько веков от еврпейцев.»-деп қазақтарды алты- жеті ғасырға артқа жылжытып қойған.

Витевский, Рычков сияқты  зерттеушілер де ешқандай негізсіз қазақтар ұрлық пен тонауды «жігітік», «ерлік» ретінде қараған деп жазған. Шындығына келгенде қазақ халқы ұрыны ұры деген. «Ұрының үйі күйсін-аяма» немесе «Ұрлық түбі қорлық»-деген мақал-мәтелдер бекер айтылмаған болар. Халық ұрлық жасаған адамды қатал жазалап отырған. Мәселен В. И. Даль  19 ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқының ұрлық жасаған адамды қалай жазалағанын-ұрлық жасаған адамды дүре соққаннан кейін суық күзде аяқ-қолын байлап суға отырғызып қойғанын, ертесінде ғана орыс офицері көріп қалып, судан шығарып алғанын көргенін      жазып қалдырған. 

1816 жылы  қазақ даласына саяхатқа шыққан  И. П . Шагин «Дневные записки путешествия в степи киргиз-кайсаков Средней орды» деген жазбалаларында: «...За тридцать пять леть пред сим  ханы, управляя народом, хотя и по изустным, но строгим и справедливым законам своих предшественников, самовластно содержали оный в мире и спокойствии. Во время сие каждый пользовался собственностью своей без опасения по произволу своему. Тогда малейшее воровство, малейший проступок наказывался смертью.» деп көрсеткен. Осы кезеңді орыстың шығыс танушы-зерттеушісі А. Левшин қазақтың құқықтық  өміріндегі «Алтын ғасыр» дәуірі деп атайды.

Қазақ қоғамында  халық көшпелі және негізі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан да негізінен мал ұрлығы көп болды. Осыған орай мал ұрлығы үшін қатал жаза тағайындалды. Жеті жарғы бойынша ұрланған мал үшін жай айыптан үш тоғыз айыпқа дейін жаза тағайындалса, ал басқа зат ұрланса сол заттың үш есе құнындай айып салынған.

Қазақтың әдет-ғұрып заңдарын 1846 жылдары жинақтаған орыс шенеуігі Д. Андре: «Воровство-мошенничество и воровство-кража имеет одинаковую степень преступления. Цель или лучшее старание биев скорее стремиться к возвращению угнанного или краденного скота, чем преследованию преступника для должного наказания» деп көрсете келе, ұрлық жасаған адамнан ұрланған затты алумен қатар, заттың иесі немесе оның ауылдастары ұрыға дүре соғатынын да айтады. Сандықтың құлпысын бұзып, ұрлық жасаса қылмыстың ауырлайтынын, киіз үйдің есігін байлаған жіпті шешіп кірсе, ол құлпыны сындырып кіргенмен бірдей болатынын жазады.

Г. Загряжский 1876 жылы жазылған «Юридические обычаи киргиз» деген еңбегінде ұрлыққа байланысты мынандай ережелерді келтіреді. Ұрлық жасаған адам  ұрланған затты қайтарумен қатар, осы заттың ұрлануына байланысты келтірілген шығынды өтеп қана қоймай заттың үш есе құнына тең айып та төлеуге тиіс болған. Ал егер зат киіз үйден немесе сандықтан ұрланған болса төрт айып төленетін болған.

Киіз үйдің есігі байланған жіпті шешіп немесе жұлып алу не болмаса есікті тіреп қойған  тақтайды алып тастау, үйде адамның жоқтығын пайдаланып ұрлық жасауға оқталуға теңестіріліп, 5 тоғыздан 9 тоғызға дейін айып салынған. Жылқы ұрлаған адам ұрланған жылқыны қайтарудан  бөлек мойнына қосақ және көтіне тіркеу айыптарын төлеген.

Тонауға байланысты жаза тағайындау туралы алғашқы мәліметтер  1824 жылы құрастырылған «Қырғыз (қазақ) әдет-ғұрып құқығының» жинағында келтірілген. Тәуке ханның жеті жарғысында ұрлық пен тонау үшін бірдей жаза тағайындалатын болған. Қазақтың әдет-ғұрып құқығында ауылдарға шабуыл жасап күш қолданып, басқаның мүлкін тартып алуды тонау деп түсінген. Көбіне жолда келе жатқан бірді-екілі адамға күш қолданып мүлкін тартып алуды тонау деп атаған. Л. Ф. Баллюзек «Народные обычаи ...имеющие в Малой киргизской орде силу закона» деген жазбаларында 1865 жылы: «Так, под словом грабеж киргизы разумеют те эпизоды хищнической жизни, когда хищничество ограничивается ограблением одного или двух путников, пробирающихся из одних аулов в другие, и называется тунау, т. е. отобрании платья и лошади под путником»- деп жазды

Ал, егер тонау  мүлік иесіне дене жарақатын салумен  жасалса, онда қылмыскер  екі қылмыс үшін жазаға тартылған.

Қазақ әдет-ғүрып құқығында  «барымта», «барымташылық» деген ұғым болды. Орыстың кейбір зертеушілері  барымтаны тереңірек зертеп оны тонаудан  бөлек қарап, оның қылмысқа  жатпайтынын жазса, кейбіреулері барымтаны тонаумен теңестіріп қылмыс ретінде қараған.

Л. Ф. Баллюзек ұрлық жасап әшкереленген адам ұрланған малды өз еркімен қайтармаса, қайтару жөніндегі билікті орындамаса, мүлік иесінің ұрланған малын ашық түрде, кейде күш қолдана отырып қайтарып алуды барымта деп атайды деп жазады.

А. И. Левшин «Образ управления и законы (киргизов) деген жазбаларында 1820 жылы: «Кто сделает баранту в отмщение за таковую же и отгонит боле нежели  сколько у него угнано, то излишне возвращает претендателям и тем  окончивается»-деп жазады. С. Б. Броневский де «О законах киргизов» деген жазбаларында 1831 жылы да барымта туралы осындай қортынды жасаған. Ал, Н. И. Красовский деген зерттеуші: « тонау, яғни күш қолданып малды айдап кету немесе барымта қазақ әдет-ғұрып заңдары бойынша қылмыс деп танылмайды»- деп көрсетеді.

А. И. Мякутин «Юридический быт киргизов» деген жазбаларында ұрлықты тонаудан, тонауды барымтадан мейілінше дәл ажыратып көрсетеді. Ол малды жасырын айдап кетсе ұрлық, мүлікті күш қолданып тартып алса тонау деп аталады дейді. Барымта деп атау үшін  малды айдап кетуге түнде емес күндіз шығу керек, барымта жасалатыны туралы ашық жариялау керек, барымтаның негізгі мақсаты ұрланған малды қайтару болып табылады деп жазады.

«Очерки  истории государственного  права казахов в 18 и первой половине 19 в.» деген еңбегінде  С. Л. Фкус барымтаны   жауапкерді оған қойған мүліктік талаптарды  орындату немесе сот қарауына беруге көндіруге бағытталған оның мүлкін ашық тартып алуға бағытталған процессуальдық институт ретінде көрсетеді де «...Наличие такого  процессуального института, как барымта, характеризует архаичность  казахского судоустроиства и  судопроизводства и предопрделяет его  особенности» деп жазады.

«Жеті жарғыны» зертеген Ж. Артықбаетың «барымтаны қылмысқа  қарсы қоданатын ұжымдық шара ретінде қарастыруы, менің ойымша өте ооынды.

Барымта алдымен  қылмыс жасаған  жақ билер шешімніе көнбесе немесе  оны орындауды кешітірге  даугер жақ өз тарапынана барымта ұйымдастыруға құқылы. Барымата ең алдымен үрланған малды билер шешіміне сәйкес айдап алу. Бармытаның көолемі билеп шешімім көлемінен шықпайды.

«Жарғы» бойынша егер қылмыскер  би шешіміні орындамаса, туыстары қорғап, өз тарапынан айыбын тартпаса, ауыл болып дауды  шешуден бас тартса зәбір шегуші  жақ барымтаға барады» –деп жазады Ж. Артықбаев.

Сонымен бірге малды айдап келгеннен  кейін зәбір көрген жақ би-ақсақалдарға қанша мал айдап келгенін баяндайтын болған. Айдап әкелінген мал  билер шешімімен берілген айыпқа немесе құнға сәйкес болуға тиіс. Барымта ашық түрде жасалады. Барымтаға қатысқан  адам жорықта өлетін болса зәбір шеккен жақ, құн төлеуді  талап етуге құқылы болған.

Сонымен,  қортындылай келе қазақтың қылмыстық әдеп-ғұрып құқығында  ұрлықтың да, тонаудың да түсінігінің  толық қалыптасқанын байқаймыз.

  Қазақтың қылмыстық әдеп-ғұрып құқығында  біреудің малын, мүлкін жасырын заңсыз иеленуді ұрлық деп таныса, екені, ал, бөтеннің мал-мүлкін –дүниесін ашық  және  күш қолдану арқылы заңсыз иеленуді тонау деп таныған.

Орыс  зертеушілері қазақ құқығындағы  негізі жаза ретінде адамға қарсы жасалған қылмыстарға негізнен құн төленетінін, мүлікке қарсы жасалған қылмыстарға айып төленетінін көрсетеді.

Л. Ф. Баллюзек айыптың мынындай түрлерін келтіреді.

Қылмысқа  жатпайтын әрекеттер үшін:

1. Ат-тон  айып. Бір жылқы мен шапан.Жылқы  үш жастан төмен болмауы керек

2. Ат-тон.  Бұл осылай деп аталғанымен, негізінен кінәлі шапан беріп құтылатын болған.

3 Азусыз  –ат, жиексіз тон. Әдетте бұл айыпқа қой мен мата беріп құтылған.

Қылмыс  жасағаны үшін:

1. Бір  ат.

2. Бір  түйе, бір шапан.

3. Бір түйе, бір ат.

4. Тоғыз-  тоғыз  бас мал.

Тоғыз айыптың түрі- түйе бастатқан тоғыз. Бұл айыпты бір түйе тайлақ ботасымен, бір бие тай-құлынымен, бір сауын сиыр тайынша, бұзауымен құрайды.

Ат  бастатқан тоғыз-бие,тай мен құлыннан,сауын сиыр,тайыншамен бұзаудан, қой,тоқтымен қозыдан тұрады.

Өгіз  бастатқан тоғыз үш іріқара мал  және алты қойдан  немесе бір өгіз және сегіз қойдан тұрады.

Тоқал тоғыз- әдетте сегіз қойдан тұрады.

Бұдан басқа ұрлық жасаған адамға айыптың  ерекше түрлері қарастырылған.

Мойнына қосақ, көтіне тіркеу айыбы. Ұрланған малдың үстіне қосып  төленетін мал. Мойнына қосаққа әдетте үш жасар құнан, көтіне тіркеу ретінде екі жасар тай берілген немесе ұрланған малдың түріне қарай қосақ  немесе тіркеу төленген.

Айыптың ең ауыры 3 тоғыз төлеу, оны шау  алу  деп атаған.

Халқымыздың осындай әдет-ғұрып  дәрежесіндегі  бөтен мүлкіне байланысты қымыстық құқықтық ережелері мен қалыптасқан түсініктері бола тұра қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңдарымызда соларды пайдалануға батылымыз жетпей келеді. Кеңес дәуірінде немесе Ресейде жазылған заңдарды көшірумен келеміз. Әсіресе сол ата заңдарымыздағы мүлікке қарсы қылмыстарда қолданылатын жазаларды, солардың ішінде құн төлеуге байланысты  жазаларды неге кеңінен қолданбасқа. Мәселен, бөтен мүлкіне қарсы қылмыстарды (ұрлықты немесе тонауды)бірінші рет жасаған адамдарға сол заңсыз иемденілген заттардың құнын еселеп (бес еседен он есеге дейін немесе одан да көп еселеп) төлеу жазасын орнатуға болады ғой.   

 

 

 

2. Қазақстанның кеңес дәуіріндегі қылмыстық заңдарындағы  бөтен мүлкіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

 

Қазақстанның кеңес дәуіріндегі  қылмыстық заңы Октябрь Социалистік  революциясымен тікелей байланысты екені белгілі. Қазан революциясының жеңісінен кейін  1917 жылдың 24 қарашасында осыған дейін қолданыстағы заңдардың  «революциялық идеяларға қайшыларының» бәрін жоққа шығарған кеңес халық коммисарының  № 1 Сот туралы декреті шықты. Осы заң актісі бойынша мүлікке қарсы қылмыстар, революцияға қарсы қылмыстармен бірге ревтрибуналдың қарауына берілді.

Бүкіл Россиялық Атқару  Комитетінің  1919 жылғы 21 қазанындағы «Соғыс жағдайынының жариялануына байланысты жалпы соттарда қаралатын  істерді алу» туралы  декретіне сәйкес бүкіл Россиялық Төтенше жағдайлар комиссары «кеңестік және қоғамдық  қоймалардан және  дүкендерден мүлікті  заңсыз иемдену мақсатында тонау  және қарақшылық жасағандарды» ату құқығына ие болды.

Ал, 1921 жылы 1 маусымда БРАК мен КХК-нің  бірлескен «Мемлекеттік қоймалардан заңсыз мүлік иемдену және  осыған әкелетін лауазымдық қылмыстармен  күресу» туралы декретінде бөтен мүлкін заңсыз иемденуге байланысты қылмыстарға қамсыздандыру, бөлу, дайындау  және өндіру органдарында, қоймаларда, баздарда жұмыс істеп жүрген адамдардың заңсыз  тауар беруі, мемлекеттік қоймалардан, баздардан, диірмендерден майда тауарларды алып-сатарлық үшін әдейі заңсыз алулары жатқызылды. Осы декрет бойынша мүлікті заңсыз иемдену үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға жазаланса, бұл қылмысты  әлденеше рет жасаса немесе үлкен лауазымды адам жасаса  ату жазасы белгіленді.

Бұл декреттің  сол  уақыт үшін үлкен  саяси маңызы бар болды. Сол кездегі  жеке капитал тек қана, мемлекеттің  қоймаларынан ұрланған тауарлардың  арқасында ғана дамиды деген пікір қалыптасқанды.

1922 жылы  РКФСР қылмыстық кодексі  қабылданып, мемлекеттік және қоғамдық мүліктермен қатар азаматтардың мүлкіне қарсы жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік осы кодекстің мүліктік қылмыстар деген тарауының баптарымен(180 бап-ұрлық, 182,183 баптар-тонау, 184 бап-қарақшылық, 185 бап-талан-таражға салу, 187, 188 баптар-алаяқтық және тағы басқалар) қарастырылды. Аталған кодекс бойынша мемлекеттік және қоғамдық мүлікке қарсы қылмыстар, азаматтардың мүлкіне қарсы жасалған қылмыстарға қарағанда ауыр қылмыстар қатарына жатқызылды.

Мәселен, жеке адамның мүлкі ұрланса, алты айға еңбекпен түзету жұмысына немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, мемлекеттік мүлікті ұрлау бір жылға дейін осындай жазаларға тартылатын болды.

Аталған кодекстің 180 бабына сәйкес басқа біреудің қолдануында, пайдалануында және игеруіндегі заттарды жасырын иемдену ұрлық деп танылды. Бұл заңда бөтеннің мүлкін заңсыз  иемденудің түсінігі жан-жақты ашылмады. Оған тек ғылыми тұрғыда ғана анықтама  берілді.

Заңды немесе  жеке тұлғаның иеленуіндегі бөтеннің мүлкін қасақана заңға қайшылықпен  өз пайдасына асыру мақсатында иелену- бөтен мүлкін заңсыз иелену деп танылды.

Осы бапқа сәйкес ұрлық бірнеше түрге бөлінді. Олар: жай, ауыр және жылқы немесе  іріқара мал ұрлығы деп бөлінді. Жылқы немесе ірі-қара мал ұрлығы үшін,  егер ұрланған мал егіншілікпен  айналысатын еңбекші халықтікі болса ғана жауапқа тартылатын болды.

Ұрлық  қару немесе сайман  қолданылып жасалса, ұрлықты кәсіп етіп алған  адаммен  жасалса, алдын-ала келісіліп жасалса және жәбірленушіге өте қажетті затты ұрланса, мұндай әрекеттер ауыр ұрлықтарға жатқызылды.

Осы жылы  өрт, су тасқыны, поездің апатқа ұшырауы  немесе басқа да апатты  жағдайлар кезінде жасалған ұрлық  үшін жауапкершілік белгіленді.

1923 жылы ВРОАК қаулысымен  қылмыстық  кодекске 180а бабы енгізіліп, қоймалардан,  вагондардан, кемелерден және басқа мемлекеттік мүлікті сақтау орындарынан  қандай тәсілмен болса да  мүлікті заңсыз иемденуге байланысты жауапкершілік енгізілді және осындай қылмысты лауазым иесі жасаса немесе ол аса ірі мөлшерде жасаласа, үш жылдан жоғарғы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, ал егер  қылмысты ауырлататын жағдайлар болса-өлім жазасы қарастырылды.

1932 жылы 7 тамызда  кеңестер одағының  ОАК және ҚХК «мемлекеттік өнеркәсіптер, колхоздар мен кооперациялардың мүліктерін қорғау және қоғамдық социалистік меншікті қорғауды күшейту» туралы  заң қабылдады. Бұл заңда мемлекеттік және қоғамдық мүлікті заңсыз иемденгені үшін жеңіл жағдайларда 10 жылдан жоғары бас бостандығынан айыру жазасы, жазаны ауырлататын жағдайларда  өлім жазасы  қарастырылды. Бірақ бұл заңда  мүлікті заңсыз иемденудің түсінігі және оның саралау белгілері анықталмады. Сондықтан бұл заң қолданыста көп қиындықтар туғызды және қандай жағдайда қылмыстық заң, қандай жағдайларда осы заңның қолданылатындығы анықталмады. Кейде бұл заң мүлікті заңсыз иемденуге байланысты емес әрекеттерге де қолданылды.

1947 жылғы 4 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің «Мемлекеттік және қоғамдық мүлікті заңсыз иемденуге байланысты қылмыстық жауапкершілік» және «Жеке меншікті  қорғауды күшейту» туралы жарлықтары социалистік және жеке меншікке  қарсы қылмыстар үшін жауапкершілікті одан әрі күшейтуге бағытталды. Бұл жарлықтармен мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүлікті заңсыз иемденудің әдістеріне қарамай жауапкершілік орнатылды. Қоғамдық мүлікті заңсыз иемденуге қарағанда мемлекеттік мүлікті заңсыз иемденуге ауыр жаза тағайындалатын болды. Жеке мүлікті заңсыз иемденудің ұрлыққа және қарақшылықа байланысты түрлеріне жауапкершілік орнатылды.

Осы жарлықта ұрлыққа «жасырын немесе ашық түрде мүлікті иемдену» деп анықтама берілді. Бұл екі әрекеттің мазмұны негізінде тонауды да қамтыды. Бұл қылмыстардың  саралаушы белгілері ретінде қылмыстың қайталануы және қылмысты  ұйымдасқан топтың жасауы қарастырылды.

1955 жылы КСКР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Мемлекеттік және қоғамдық мүлікті ұсақ мөлшерде заңсыз иеленуге байланысты жауапкершілік» туралы жарлығы шықты. Осы жарлыққа сәйкес, мемлекеттік және қоғамдық мүлікті ұсақ мөлшерде заңсыз иеленуге байланысты қылмыстық жауапкершілік орнатылып, осындай қылмысты бірінші рет жасағанға 6 айдан 1 жылға дейін түзеу жұмыстары немесе 3 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатын болды.

Оның  үстіне, мүлікті ұсақ мөлшерде заңсыз иемдену қандай  әдіспен жасалғанының құқықтық маңызы қажет етілмеді. Айта кету керек, ол кезде мүлікті ұсақ мөлшерде заңсыз иемденуге байланысты жауапкершілік заңсыз иеленген заттың бағасымен ғана емес, оның мөлшерімен де өлшенді. Мәселен, бағасы 300-350 рубль болатын затты заңсыз иелену мүлікті ұсақ мөлшерде иеленуге жатқызылды. Ал, бағасы 215 рубль болатын 450 килограмм қарбызды ұрлаған адам қарбыздың мөлшеріне байланысты  1947 жылғы жарлықтың негізінде жауапқа тартылды.

Қазақ ССР-інің 1959 жығы қабылданған қылмыстық кодексінде меншік –мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншік деп бөлініп, бұларға қарсы жасалған қылмыстар қылмыстық кодекстің 2 және 5  тарауларында қаралды. 2 тарауға социалистік меншікке қарсы қылмыстар кірсе, 5 тарауға азаматтардың жеке меншігіне қарсы қылмыстар кірді.

Бұл қылмыстық заңда Кеңес одағының басқа республикаларының қылмыстық заңдары сияқты социалистік меншікке қарсы қылмыстардың жасалу тәсілі мен формасына қарай  қылмыстық жауапкершіліктер орнатылды. Сол кездегі қалыптасқан түсінік бойынша, социалистік меншікке қарсы қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі, мемлекет пен қоғамдық орындардың басқаруы мен пайдалануындағы барлық азаматтар мен еңбекшілердің еңбегімен жасалған социалистік меншіктегі материалдық заттарды қылмыскердің заңсыз иеленіп пайдалануында еді.

Меншікке қарсы қылмыстар