Ментикти капитал

    Жоспар: 

  1. Капитал  туралы  түсінік ...........................................................................................1
  2. Жарғылық  капитал  есебі .........................................................................................3
  3. Жарғылық  капиталдағы салым ақша  есебі.....................................................9
  4. Резервтік  капитал  есебі..........................................................................................12
  5.            4.1.Заңдармен  белгіленген   резервтікң  капитал есебі.........................13
  6.            4.2.Басқада  резервтік  капитал   есебі...........................................................14
  7. Бөлінбеген  пайда  есебі...........................................................................................16
  8. Капитал  қозғалысы  бойынша  болатын  оперециялар  есебі....................19
  9.            6.1.Толенбеген  капитал  есебі.......................................................................20
  10.            6.2.Қайтарылып  алынған  капитал   есебі...................................................21
  11.            6.3.Қосымша  төленген  капитал   есебі.......................................................23
  12.            6.4.Қосымша  төленбеген  капитал   есебі...................................................24
  13.            6.5.Негізгі  құралдарды  қайта  бағалау  оперециясы ...........................25
  14. Қайтарылып  алынған  капитал  есебі.................................................................26
  15. Қосымша........................................................................................................................28
  16. Қорытынды...................................................................................................................29
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Капитал  туралы  түсінік 

           Қазақстан  Республикасының  заңына  сәйкес кәсіпорындар  өзінің  құрылуы  барысында,  яғни  шаруашылық  қызметпен  айырылысу  үшін  белгілі  бір  мөлшерде  мүліктерге  ие  болуы  тиіс.  Осы   жоғарда  аталған  мүліктердің  ақшалай  өлшемге  айналдырылғандағы  жиынтығы  ұйымның  меншікті  капиталы  болып  саналады.Кәсіпорын  алғашқы  құрылған  кезде  оның  капиталы  болып  саналады.  Кәсіпорын  алғашқы  құрылған  кезде  оның  капиталы   Қазақстан  Республикасы  заңында  қаралған  мөлшерден  кем  болмауы  тиіс  және  де   ол  сол  ұйымның  құрылтайшыларының,  акционерлерінің  ақшалай,  заттай  және  басқадай  түрде  қоғамға  қосқан  үлестерінен  құралады.  Бұл  сома  яғни  кәсіпорынның  капиталы  осы  ұйымның  қызметі  барысында  тапқан  таза   табысы  және  басқа  да  көздерден,   тегін  түскен  мүліктер   мен  ақшалай  қаржылар  есебінен  өсіп   отырады.

         Жалпы  кәсіпорынның  есебін  жүргізу  барысында  жұмыс   істеп   тұрған,  қызмет атқарушы  яғни  қолданыстағы  капиталы   және  оның  құрамы  мен   құрылымы  бухгалтерлік  баланстың  активінде  көрсетілсе,  ол  капиталдың  қаржыландыру  көздері   баланстың  пассивінде   көрсетіледі.

         Кәсіпорын  мүліктің  құрамы

        Ұйымның  барлық  мүлкі  ( қызмет  атқарушы  капиталы)   айналыстан  тыс  және  айналыстағы   активтер  болып  екіге  бөлінеді.  Мүліктерді  қызмет  атқару  мерзіміне  қарай  «негізгі (айналымнан  тыс)  активтер»  және   «айналымдағы  активтер»  деп екіге бөлінеді.

         Негізгі  (айналымнан  тыс)  активтер  негізгі  құралдардан,   материалдық  емес   активтерден,   қаржылық  (ұзақ  мерзімді)   инвестициялардан,  аяқталмаған  құрылыстан  құралады.  Жалпы  айналымнан  тыс  активтер  шаруашылық  субьектінің   материалдық  - техникалық  базасын  жасауға  және  дамытуға  арналады.

         Ал  айналымдағы  активтер  кәсіпорынның   қызмет  атқаруы   барысында  пайда  табуға  негізделеді.  Соған  сәйкес  олардың   қатарына   ақша  қаражаттары,   қысқа  мерзімдік   қаржылық   салымдар,   тауарлық  – материалдық   қорлар,  дебиторлық   борыштар  және  басқа  да   активтер  жатады.

        Кәсіпорын   мүліктерінің  (капиталының)  құралу  көздері

        Кәсіпорын  мүлкі  оның   негізгі  құралдары   мен   айналымдағы   қаржыларының   құнынан   құралады.  Ұйымның   меншікті  капиталының   көздері  болып   мыналар  саналады:

          -    жарғылық  капитал;

          -  резервтік  капитал;

          -   бөлінбеген  пайда.

            Кәсіпорындар  өздерінің  қызмет  атқаруы  барысында   меншікті   қаржыларынан  басқа  қарыз  қаражаттарында  пайдаланады.  Ал  олардың  қатарына  қысқа  және  ұзақ   мерзімді  несиелер,  қарыздар,   алынған  аванстар  және  басқа  да  кредиторлық   борыштар  жатады.

         Жарғылық  қор  меншік  иесінің  (кәсіпорынның)  жарғысында  қаралған  қызметтерін  қамтамасыз  ету  үшін  инвестициялық  қаржылардың  сомасы  болып   табылады.

         Меншік  иесінің   тиісті  құқығымен   жауапкершілігіне  қарай  ұйымның   жарғылық  қоры  мынадай  түрлерге  бөлінеді:

        Кәсіпорындардың  (толық  серіктестік,  сенім  серіктестігі, жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік,  қосымша  жауапкершілігі  бар  серіктестік,  жабық  және   ашық  акционерлік   қоғам)  жарғылық  капиталы.

Өндірістік  кооператив  мүшелерінің  мүлік  жарналары  (үлестері).

Жарғылық  қор  мөлшері  ұйымның  жарғысында  және  басқа  да  құрылтайшылық   құжаттарында   белгіленген,  үкіметтің   атқарушы  органдарында   тіркелуі  керек.  Оның  мөлшері  құрылтайшылық  құжаттарға  тиісті   өзгерістер  енгізілгеннен  кейін  ғана  өзгеруі   мүмкін.

        Қосымша  төленген  капитал – қоғамның    өзінің   акцияларын   олардың  атаулы   (наминалдық)   құнынан  артық  бағаға   сатқан  жағдайда   пайда  болған  құн  айырмашылығынан  туындайды.

         Қосымша  төленбеген  капитал – кәсіпорынның  өзінің  меншігіндегі  негізгі  құралдары   мен  инвестицияларын  қайта  бағалаған  уақыттағы  олардың  құнының  өскен  сомасынан   және  тағы  да  басқа  жағдайлардан  туындайды.

         Резервтік  (сақтық,  сақтаулы) капитал – келешекте   (алдағы  уақыттарда)   болуы  мүмкін  зияндармен   шығындардың   орнын    толтыруға  арналып   кәсіпорынның   өзінің  таза  пайдасынан  (табысынан)  бөлінген    меншіктік  капиталының   бір  бөлігі.  Резервтік  капиталдың   мөлшері  мен   құрылу  тәртібі   Қазақстан  Республикасының    заңдары  мен   ұйымның  (қоғамның)  жарғысында  қаралады  (көрсетіледі).

        Бөлінбеген  пайда  (табыс) – кәсіпорынның  жалпы   кірісінен  (пайдасынан)  барлық  жұмсалған   шығындарды  бюджетке  төленген  салық   сомаларын,  кірістен   (пайдадан)    басқадай   бағыттарға  пайдаланған  сомаларын   шегеріп   тастағандағы  қалған  бөлігі  болып  табылады.

Жарғылық  капиталдың  есебі.

            Кәсіпорынның   жарғылық  капиталының  мөлшері,  сол   ұйымның   шығарған  акцияларының   түрлері,  (жәй  және  артықшылығы бар)   акциялардың   сандары,  сондай – ақ   бір акцияның  атауы   (номиналдық)   құнына   сәйкес  акционерлік   қоғамның,  серіктестіктердің,  өндірістік   кооперативтердің   жалпы   жиналысында   бекітіледі.  Жалпы  кез – келген  ұйымның   жарғысы  тиісті   мемлекеттік  органдарда  (әділет  министірлігі)тіркеуден  өткізілуі  тиіс.  Қандайда  болмасын   қоғамның  акциясын  сатып  алатын  мүшесі   ол  акцияларды   қоғамға  немесе  үшінші  тұлғаға   сатуға  ұсыныс  жасауына  құқы  бар.

Кәсіпорындарда   жарғылық  капиталдың   есебі  «Жарғылық  қор»  бөлімінің: 

  • «Жай  акциялар»,
  • «Артықшылығы  баракциялар»,
  • «Салымдар  мен  жарналар».
 

- деп   аталатын  бөлімше  шоттарында  есептеледі.

Акционерлердің   акцияға  жазылған  сомасына  жарғылық   қорды   құрғанда,  сондай – ақ     қосымша   эмиссия  жасау  арқылы  жарғылық   қордың   өскен  сомасына:

Д –  т: «Төленбеген  капитал» шоты,

К –  т: «Жай  акциялар»  немесе  «Артықшылығы  бар  акциялар»  шоты  түрінде  бухгалтерлік  жазу  жазылады.

Егер  үлес  қосушылар  мен  акционерлерқоғамқа  өз  үлесін  ақшалай  түрде   салған  жағдайда:

Д –  т: «Ақшалар»  шоты,

К –  т: «Төленбеген  капитал»  шоты  түріндегі   екі   жақты   жазу  жазылады.

Бұл  жағдайда  еліміздегі  бас  шоттар  кестесіне  сәйкес:

  • «Ел  ішінднгі  валюталық  шоттардағы  ақшалар»,
  • «Шетелдердегі  валюталық  шоттардағы  ақшалар»,
  • «Есеп  айырылысу  шотындағы  ақшалар»,
  • «Кассадағы  ұлттық  валюта   түріндегі  ақшалар».
  • «Кассадағы  шетелдік  валюта   түріндегі  ақшалар».

- деп   аталатын  шоттарының  тиістілері   дебиттелінеді.

Ал  егер  үлес  қосушылар  мен   акционерлер  қоғамға  өз  үлесін   «Материалдық  емес  актив»,  «Негізгі  құрал»,  «Материалдық  құндылықтар»  тағыда  басқа  түрде   салатын  болса:

Д –  т: «Материалдық  емес  актив»,

           «Негізгі  құрал», 

           «Материалдық  құндылықтар»   және  тағыда  басқа   шоттардың                  тиістілері,

К –  т: «Төленбеген  капитал» деп   аталатын   шот түрінде бухгалтерлік    жазу  жазылады.

Сондай  – ақ  серіктестіктердің  (акционерлік  қоғамнан  басқадай )  қоғамдық  жарғылық   қорға  қосқан  үлестері  мен  жарналарының  сомасына:

Д –  т: «Материалдық  емес  активтер»;

           «Негізгі  құралдар»;

           «Материалдық  құндылықтар»;

           «Ақшалар»  және  тағы  да  басқа шоттардың тиістісі.

К –  т: «Салымдар  мен  жарналар»  шоты  түрінде бухгалтерлік  жазу  жазылуға  тиіс.

«Қайтарылынып  алынған  капитал»  деп аталатын  шот акционерлік қоғамның  акционерлерден  сатып алған акцияларының  есебін  жүргізу үшін  арналған.  Бұл жағдайда  кәсіпорын   акционерлерден  өз  акцияларын  сатып алған уақытында  бухгалтерлік   есепте

Д –  т: «Қайтарылып  алынған  капитал» шоты,

К –  т: «Ақшалар» шоты  түрінде екі жақты жазу  жазылады.

        Егер  акционерлік  қоғам   өз  акцияларын   айналымнан  алып  тастаған  уақытта,  айналымнан  алынған  акцияның  құнына:

 Д – т: «Қарапайым акциялар» немесе

                   «Артықшылығы  бар  акциялар»  шоттарының  тиістісі,

 К – т: «Қайтарылып алынған капитал»  шоты  түрінде бухгалтерлік  жазу  жазылады.

              Осы  айтылғандармен  қатар  кәсіпорындарда  «Қосымша  төленген  капитал»  деп аталатын   шотта қоғамның  өз   акцияларын  атаулы  (наминалдық)  бағасынан жоғары  бағамен сату  барысында пайда болған   сомалары,  ал  «Қосымша  төленген  капитал»  деп аталатын  шотта ақшаның құнсыздануына және  тағы  да  басқа жағдайларға байланысты  ұйымның «негізгі  құралдарын» ,  инвестицияларын  сондай – ақ  басқа  да   активтерін  қайта  бағалау   нәтижесінде   пайда  болған  капиталдың  өсу сомалары   есептелінеді.  Жоғарыда  айтылып өткендей  қоғам өз  акцияларын  наминалдық  бағасынан жоғары  бағамен сатқан  уақытында ақшалардың   келіп  түсуіне  қарай:

 Д  – т: «Ақшалар»

   К – т: «Қосымша  төленген  капитал»  шоты  түрінде бухгалтерлік  жазу  жазылады.

          Кәсіпорынның  акционерлерден  акцияларды  олардың  атаулы (номиналдық)  бағасынан  төмен  бағамен   сатып   алуынан  пайда   болған  айырма  сомаға:

Д –  т: «Қайтарылынып алынған капитал»  шоты, 

К –  т:  «Қосымша  төленген  капитал»  шоты  түрінде бухгалтерлік  жазу  жазылады.

     Кәсіпорынның  негізгі  құралдарды,  инвестицияларды   және   басқа   да  активтерді   қайта  бағалағаннан  алынатын   сомаларына:

Д –  т: «Негізгі  құралдар»;

              «Материалды  құндылықтар»;

              «Инвестициялар»  және  тағы  да  басқа шоттардың тиістісі,

К –  т:  «Негізгі  құралдарды   қайта бағалағаннан  алынған қосымша төленбеген  капитал»;

                        «Инвестицияларды  қайта  бағалағаннан  алынған  қосымша  төленбеген  капитал»;

                        «Басқа  да  қосымша   төленбеген  капитал»  шоттарының  тиістілері  түріндегі бухгалтерлік  жазу  жазылады.

            Сонымен  қатар: 

  –  негізгі құралдарды  қайта бағалау кезінде өскентозу сомасына:

Д –  т: «Негізгі  құралдарды  қайта  бағалағаннан  алынған  қосымша  төленбеген  капитал»  шоты,

К –  т:  «Негізгі  құралдардың тозуы»  шоты  түрінде;

  –  Негізгі құралдардың пайдалануына  қарай олардың   қосымша бағаланған  сомалары  және  есептен шығарылған   негізгі қорлардың пайдаланылған мерзімі   ішінде  бөліндеген  табысқа апарылмай қалған  қосымша бағасының сомасына:

Д –  т: «Негізгі  құралдарды  қайта  бағалағаннан  алынған  қосымша  төленбеген  капитал»  шоты,

К –  т:  «Есепті  жылдың  бөліндеген  табысы  (жабылмаған  зияны)»  шоты  түрінде;

  –  негізгі құралдардың бұрынғы қайта бағалау кезіндегі анықталған  қосымша құны   шегінде келесі  қайта бағалау кезіндегі оның  құнының азаю  сомасына:

 Д – т:  «Негізгі  құралдарды  қайта  бағалағаннан  алынған  қосымша  төленбеген  капитал»  шоты,

 К – т:  «Негізгі  құралдар»  шоты  түрінде бухгалтерлік   жазулар жазылады.

          «Инвестицияларды   қайта  бағалағаннан  алынған  қосымша  төленбеген  капитал»  шоты  бойынша   шаруашылық   субъектінің   бухгалтерлік  есебінде:

  –  қарнжылық   инвестицияларды   бұрынғы қосымша бағалағанда   алынған сомасы   шегінде   инвестициялардың  кейінгі кездегі құнының төмендеу  сомасына:

Д –  т:  «Инвестициялардан  қайта  бағалағаннан  алынған   қосымша  төмендеген  капитал »  шоты,

К –  т:  «Қаржылық инвестициялар»  шоты  түрінде;

  –  қабылданған есеп  саясатына қарай есептен шығарылған  ұзақ  мерзімді  қаржылық   инвестициялардың  бұрынғы қосымша бағаланған  сомасына:

Д –  т:  «Инвестициялардан  қайта  бағалағаннан  алынған   қосымша  төмендеген  капитал »  шоты,

К –  т:  «Бөлінбеген  табыс  (жабылмаған  зиян)»  немес «Құнды  қағаздарды  сатудан  алынатын  табыс»  шоттарының  тиістілері  түрінде жазулар жазылады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    

№ Операциялардың  мазмұны дебиттелетін шоттар кредиттелетін  шоттар
1 Үлес  қосушылар  мен  салымшылардың  акционерлік  қоғамның  жарғылық  қорына  қосқан  үлесінің  сомасы 5110 5020,5010,
2 Серіктестіктердің (акционерлік  қоғамдардан  басқа)  жарғылық қорының қосқан  пайлар  және  басқадай  үлестер есебінен  құрылуы (қалыптасуы) 2730,2710,2410,2931,1310,  1320,1330,1060,1030,1010 5030
3 Серіктестіктердің  (акционерлік  қоғамдардан  басқа)жарғылық  қорының  акционерлердің   шығып  кетуі  себебінен  азаюы 5030 2730,2710,2410,2931,1310,1320,1330,1060,1030,1010
4 Кәсіпорынның  өзінің  акцияларының  айналымнан  шығарылғандарының  құнына 5020,501 5110
5 Серіктестіктердің (акционерлерден  басқа) қоғамның  жарғылық  қорына  қосқан  пайлары  және  басқадай  үлестері  қайтарылды 5030 1030,1010,
6 Үлес  қосушылар   мен   құрылтайшылардың  және  басқа  да   салымшылардың   акционерлік   қоғам   жарғылық   қорына   қосуға   тиісті  қарыздары 5110 5020,5010,
7 Жарғылық   қорға  шетелдік  валюта   түрінде   қосуға  тиісті   қарыздардың   оң  курстық   (бағымдық)  айырмашылыққа  байланысты  өсуі 5110 6250
8 Жарғылық  қорға  шетелдік   валюта  түрінде   қосуға  тиісті   қарыздардың  теріс  курстық   (бағымдық)  айырмашылыққа   байланысты  кемуі 7430 5110
9 Үлес  қосушылар   мен   құрылтайшылардың  және  салымшылардың   ақшалай   түрде қосқан  үлес   сомаларының келіп түсуі 5020,501 5110
10 Үлес  қосушылар   мен   құрылтайшылардың  және  салымшылардың акционерлік  қоғамға   материалдық  емес  активтер, негізгі  құралдар,  материалдар,  тауарлар  түрінде   қосқан  үлестерінің кіріске алынуы 2730,2410,2931,1310, 5110
11 Акционерлік  қоғамның  акционерлерден    сатып  алған   өзінің   акцияларының   құнына 5110 1030,1010,
12 Сатылып  алынған   акциялардың   сатып   алу  және  атаулы   құнының   арасындағы   айырмашылығының  сатып  алынған  уақытында   көрсетілуі:                      - егер  акциялар   өзінің   атаулы   құнынан   төмен   бағаға   сатылып   алынса;                                                      - егер   акциялар   өзінің   атаулы   құнынан   жоғары   бағаға   сатылып   алынса 5110                                                                                              5510 5510                                                            5110
13 Өзінің  атаулы   құнынан   жоғары  бағаға  сатылған   акциялардың   айырма  сомасы 1284,1030,1010, 1284,1030,1010,
14 Негізгі  құралдарды   қайта   бағалауға   байланысты  бастапқы   құнының  өсуі 2410,2931, 5420
15 Негізгі  құралдарды   қайта  бағалауға   байланысты  оларға   бұрын есептеліп    жинақталған   тозу   құнының   өсуі 5420 2420
16 Негізгі  құралдардың   пайдалануына   қарай   қайта   бағалау   сомасының   анықталған   көлемде   бөлінбеген   пайдаға  апарылмағаны. 5420 5510
17 Инвесторлардың,  серіктестіктердің  активтерін   қайта   бағалаудың   салдарынан   еншілес   немесе   тәуелді   серіктестіктердің   таза  активтеріндегі  үлесінің   өзгеруіне  байланысты  бастапқы  инвестиция   құнының   азаюына 5440 2120,2130,2310,
18 Қайта  бағалаудың   нәтижесінде алынған   ұзақ   мерзімді   қаржы инвестицияларының   бастапқы   құны   сомасының   өсуі 1150 5440
19 Бұрын  жүргізілген   қайта   бағалаудың   нәтижесінде  ұзақ  мерзімді   қаржылық   инвестициялардың  бастапқы   құнының  өскен  сомасына  бағасының  кемуі 5440 2120,2130,2310,
20 Ұзақ  мерзімді   қаржылық   инвестицияларды   есептен  шығарған   уақытттағы ,  олардың   бұрын  қайта  бағалнаған  сомасы 5440 5510,6280,(8 - ші  және  12 - ші  БЕС сәйкес)
 

                   Жарғылық  капиталдағы  салым  ақша  есебі

              Қазақстан Республикасы  Азаматтық кодексте  шаруашылық серіктестікті қалыптастыру, құқық және  міндеттерінің тәртібі анықталған. АК 58-бабында шаруашылық  серіктестігі  жарғылық  капитал құрылтайшыларының   (қатысушылары) үлесіне  (салым сомасы) бөлінген  комерциялық  ұйым  ретінде  сипатталады,  ал  өзінің  қызмет  процесінде  жасаған, жинаған  немесе  құрған  мүлікжеке  меншігіне  жатады. Шаруашылық   серіктестіктің  жарғылық  капиталдағы  салым  ақшаға  ақшалай  қаражат,  құнды  қағаздар,  мүліктік  құқық,  оның  ішінде  ақыл – ой  меншігі (интелектуальная  собстенность) және  басқа  нәрселер  жатуы  мүмкін.

           Әрбір  шаруашылық  жүргізуші   субьектіні  құру  үшін  құрылтайшылық   құжаттары  болуы  керек.  Құрылтайшылық  құжаттар  нотариалдық  тұрғыда  расталып,  заң  органдарында  мемлекеттік   тіркеуден  өтеді.  Тұрғда  субьект  серіктестік  құрылтайшыларының  салым  ақшаларынан  тұратын  жарғылық  капиталды  жариялайды.  Салым  ақшаны  бағалау  тараптардың  келісімі  бойынша  жүргізіледі  және  тәуелсіз  аудиторлық  тексеруге  жатады. 

   Шаруашылық  серіктестік  мына  формалар  бойынша  құрылуы   мүмкін:   

  • Толық  серіктестік – жарғылық  капиталы  оның  құрылтайшысын  анықтайды,  алайда  заң  актісімен  (АК  64 – бап)  белгіленген  ең  аз  деңгейдегі  мөлшерден  кем  болмауы  керек;
  • Коммандиттік  (сенімге  негізделген)  серіктестік – жарғылық  капиталдың  мөлшері  заң  актілерімен  белгіленген  ең  аз  деңгейдегі  мөлшерден  кем  болмауы   керек.  Салымшылардың  жиынтық  мөлшері  командиттік  серіктестіктің  (АК 74 – бабы)  жарғылық  капиталдың  50% құрылуы  мүмкін;
  • Жауапкершілігі  шектеулі  серіктестік – жарғылық  капиталдың  мөлшерін  серіктестік  құрылтайшылары  анықтайды  және  заңды  белгіленген (АК 78 – бабы) ең  аз  деңгейдегі   мөлшерден  кем  болмауы  керек;
  • Қосымша  жауапкершілікті  серіктестік – жарғылық  капиталдың  мөлшерінің  жауапкершілігі   шектеулі  серіктестігіндей  анықталады,  алайда  бұл  серіктестіктің  жақтаушылары  жарғылық  капиталдағы  өз  салым  ақшаларымен  оның  міндеттері  бойынша  жауап  береді,  ал  бұл  соманың  жетіспеушілігіне  өз  мүліктерінің  еселенген  мөлшерінде  өздерінің  салым  ақшаларына  қосады  (АК  84 – бабы);
  • Акционерлік  қоғам – жарғылық  капитал  барлық  жарияланған  акциялар  шығармаларының    жиынтық  атауы  (наминалдық)  құнына  тең,  алайда  заңда  қарастырылған  ең  аз  деңгейдегі  мөлшерден  кем  болмауы  керек.  Акцияларға  ашық  жазылыс  жарғылық  капиталдың  толық  төлеміне дейін  жеткізілмейді  (АК 88 – бап).

             Акционерлік  қоғамның  жарияланған   жарғылық  капиталдың  ең  аз  деңгейдегі   көлемі – бір   айлық  есеп  көрсеткішінің   50 000  есе мөлшерін  құрайды (13.05.03 ж. № 415 «Акционерлік  қоғамдар  туралы» заңның  10 – бабы)  және  мемлекеттік  тіркеуден  өткен  күннен  кейін  30 күннең  ішінде  төленуі  керек( 11 – бап, 2 – тармақ). Артықшылықты  акцияны  шығару  барлық  жарияланған  акциялардың  жалпы  санның  25 % көп  болмауы  керек  (13 – бап, 2 – тармақ).

  • Еншілес  және  тәуелді  шаруашылық  серіктестігі – жарғылық  капитал  акцонерлік  қоғамдардың  бір – бірімен  өзара  қатысуымен  қалыптасады;
  • Өндірістік  капитал – жарғылық  капитал  кооператив  мүшелерінің  пай  салу  есебінен  қалыптасады (АК 97 – бап);
  • Мемлекеттік  кәсіпорын – шаруашылық  меншік  құқығына  немесе  оперативтік басқаруға  негізделеді ( АК 102 – бап );
  • Коммерциялық  емес  ұйымдар – басқаршылық,  әлеуметтік – мәдени  немесе   коммерциялық  емес  сипаттағы  меншіктенушілермен   құрылатын   және  қаржыландырылатын  ұйым (АК 105 – бап).

          Шаруашылық  жүргізуші  субьекті  жарғылық  капиталға  мүліктік  және  ақыл – ой  (интелектуально)  қызметі  түрінде  қаржылық  салымды  жүзеге  асырса,  басқа   субьектілер  кәсіпкерлік   табыс,  капитал  проценті   мен  өсімін  алу  мақсатында   акция  пакетін  алу  жолымен  бұл  қызметке  ықпал  етіп, бақылау  жүргізеді. Мұндай  салуды  (яғни  салымды)  инвестиция  деп  атайды. Бухгалтерлік  есептің  13  «Шоғырландырылған (консолидированная)  қаржылық  есеп  берушілік  және  еншілес  серіктестіктегі  инвестиция  есебі»  стандартына  және  оның  әдістемелік  ұсынысына  сәйкес – егер дауыс  беру  құқымен  инвестрленген  обьектінің  50 %  акциясынан  көбіне  ие  болса,  онда  бұл  иелену  бақылау  жүргізуге  мүмкіндік  береді.

         Бақылауды   қолына  алған   инвестор  негізгі   серіктестік   деп  танылады,  ал  инвестицияланатын   обьект – еншілес  шаруашылық   серіктестік  болады.

        Егер  басқа заңды  тұлға   оның  дауыс  беру  акциясының  20%  көбіне  ие  болса  (АК  95 – бап),  онда  акционерлік  қоғам  тәуелді  шаруашылық  серіктестігі  деп  танылады.  Басқа  субьектінің  дауыс  беру  акциясының   20%  - тен  азына   ие  болуына  сәйкес  бақылау  бірігіп  жүргізіледі. 

         Салым  ақшаға  кез  келген  актив ( акшалай қаражаттар,  негізгі құралдар,  материалдық емес  активтер,  тауарлы – материалдық қорлар) жатады.

         Мұнда мына  бухгалтерлік  жазбалар  жүргізіледі:

А) жарияланған  жарғылық  капитал  сомасына:

5110 «Төленбеген  капитал»  шот  дебеті

            5020 «Қарапайым  акциялар», 5010  «Артықшылығы  бар  акциялар», 5030  «Салымдар   мен  пайлар»  шоттар  кредиті

           Ә) салым  ақша  сомасына:

2730  «Материалдық  емес  активтер», 2410  «Негізгі  құралдар»,  1310                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             – 1320, 1330 «Тауарлы – материалдық қор»,  1030  «Инвестициялық  валютадағы  ағымдық шоттағы ақша»,  1030 «Ұлттық валютадағы  ағымдық  шоттағы  ақша», 1010  «Кассадағы  ұлттық  волюта  түріндегі  қолма – қол  ақшалар» шоттар  дебеті.

           5110 «Төленбеген  капитал»  шот   кредиті.

           Бухгалтерлік   жазулардың  құжаттық  ресімделуі  салынған  қаражат   түріне  байланысты.  Материалдық  емес  активтер  мен  негізгі  құралдар  түгендеу  карточкасын  ашудағы  негізгі  құралдар  (материалдық  емес  активтер)  қабылдау – табыстау (ауыстыру) Актінің  негізгі  кірістеледі.  Тауарлы – материалдық  қорлар -  материалдың  қоймалық  есеп  карточкаларына  кіріс  ордерімен  енгізілетін  фактура – шотының  негізіне  кірістеледі.  Ақшалай  қаражат  есеп  айырысу  (ағымдық),  валюталық  шоттар  көшірмесінің  негізіне,  қолда  бар  ақша  қаражаты – кіріс  кассасы  ордерінің  негізіне  кірістеледі.

Ментикти капитал