Менің Отаным –Қазақстан
Менің
Отаным –Қазақстан!
Мақсаты: Оқушыларды ұлтжандылыққа имандылыққа және адамгершілікке баулу.Отанды сүюге ,еліміздің рәміздерін қастерлеуге ,атамекеніне ,еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға, өз елінің тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Оқушылардың
жан-жақты ойлау қабілеттерін дамыту,дүниеге,қоғамға
деген көзқарастарын
Көрнекілігі: 1. Қазақстан картасы.
3.Табиғат көріністерінің суреттері
Слайд
Әдісі:
Сұрақ,жауап,әңгімелесу,
Түрі:
Ұжымдық
Сабақ барысы:Ұйымдастыру
Ой қозғау.
( Қазақстан жайлы не білеміз? оқушылар ойын тыңдау)
Қазіргі кездегі Қазақстан
Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан
Сандар мен деректер
Сөз астары - ақиқат
Қорытынды
Қазіргі кездегі Қазақстан
Отан деген не? «Отан» деген сөзді күн
сайын естіп жүрміз,оны бала кезімізден
білеміз.Отан дегеніміз-адамның туып-өскен
жері.Туған –туысқандарымен, отандастарымен
бірге тұратын ата-мекені.Қазақстанда
тұрақты тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан
Республикасы.
Қазақстан Республикасы –ұлан –байтақ
,қуатты ел.Жер қойнауында да,жер бетінде
де тұнып жатқан байлық мол.Жерінің ауданы
жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең
ірі он мемлекеттің қатарына жатады.Қазақстан
аумағы 2,7 млн шаршы шақырым.Онда 120 ұлт
өкілдерінен 15 млн халық тұрады.Әкімшілік
–аумақтық жағынан Қазақстан 14 облысқа,160
ауданға бөлінеді.Конституция бойынша
мемлекет басшысы және ең жоғары лауазым
иесі –Президент.Қазақстан Республикасының
заң шығару қызметін жүзеге асыратын Парламент
екі палатадан тұрады.Жоғарғы палата –Сенат,
төменгі палата Мәжіліс деп аталады. Атқару
қызметін Үкімет орындайды.
Қазақстан
мемлекетінің тарихи даму жолын айқындайтын
өз рәміздері –Елтаңба, Туы және Әнұраны
бар. Қазақстан Республикасы заңында былай
делінген: «Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік жалауы көк түсті, ортасында
күн шапағына бөленген дала қырыны - бүркіт.
Сол жағынан қазақтың ұлттық ою-өрнегімен
көмкерілген. Жалаудың көк түсі бірлесу
идеясына берілгендікті бейнелеп қана
қоймай, бейбітшіліктің, тыныштықтың,
тоқшылықтың белгісі іспеттес. Көк түс
көңіл ақтығы, адамдық үміт сияқты адамгершілік
қасиеттерге сай келеді, өз сәулесіне
шомылған күн қыраны қазақ халқының жомарттығы
мен қырағылығын, арман ойларының биіктігін
бейнелейді. Дәстүрлі ою-өрнек көп ұлтты
Қазақстан халқының этникалық тұтастығын
көрсетеді.
Елтаңбадағы киіз үйдің шаңырағы ата-баб
а үйінің ал кеңірек мағынада аспан әлемінің
бейнесі. Ертедегі аңыздардағы аттар бейнесі
тарихи дәстүрлер менәуендерге ишара
жасайды.Алтын жұлдыз асқақ мақсат
пен биік арман белгісі.
Алғашқы әнұран 1992 жылы жолтоқсанның 15-де
республика сарайында өткен Қазақстан
тәуелсіздігінің 1 жылдығына салтанатты
жиналыста орындалды.
2006 жылы 11 қаңтарда ел Президентінің инаугурациасы
кезінде Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным»
әні еліміздің жаңа Әнұраны болып қабылданып,
орындалды.
Ғасырлар тоғысындағы
Қазақстан
Қазақстан халқының сан
«Ақтабан шұбырындыдан» аман қалғаны
енді есін жиып келе жатқанда кіші төңкерістің
қасіретіне ұшырады. Одан кейін аштықтан
қаншама миллион адам қырылды. Қалғандарын
«қалық жауы», «ұлтшыл», деген жаламен
атқанын атып, қалғанын ит жеккенде азаптап
өлтірді.
Отыз мыңнан астам асыл ерлер күнәсіз
атылды, мыңдаған жандар кеңестік лагерьдің
тозағынан өтті. Екінші дүниежүзілік соғысқа
қатысып ,жерімізді қоршаған ер азаматтардан
айырылдық. Әлемнің төрт бұрышына кеткеніміз
қаншама?
Жері полигонға, лагерге толды, топырағы
тозды. Еліміз киелі Аралынан айрылды.
Өз еліне қазақ жат болып, азшылыққа
айналды..
Міне, осындай
сәтте 1986 жылы желтоқсан оқиғасы өрбіді
. Ол Кеңес империясының уысында қалған
халықты орыстандыруға, полигондарға,
лагерьлерге қарсы туған наразылықтан
болатын.
Сандар мен деректер» кестесі
1991 жыл.
1991 жылы желтоқсанның
16-сында Қазақстан өз
Н. Ә.Назарбаев қол қойған алғашқы Жарлықтарының бірі — 1991 жылғы тамыздың 29-ындағы «Семей полигонын жабу туралы» Жарлық болды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды.
Таяуда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29- тамызды Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады.
1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1992 жыл.
Қазақстан 1992 жылғы 2 наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі. Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) секілді 70-ке жуық халықаралық ұйымдарда өкілдігі бар.
Мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы қаңтарда еліміздің ішкі істер әскері құрылды.
Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы — суретші Шәкен Ниязбеков, Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов
Қазақстан Туы
Елтаңбасы елімнің
Әнұран
1992 жылғы 11 желтоқсанда
Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның
мәтіні бекітілді.
Мәтінін жазғандар — Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дарибаева. Әуенін жазғандар — Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 ж. нұсқасы сақталды).
1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.
1993 жыл.
1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.
Одан кейін Елбасының бастамашылдығымен 1993 жылғы мамыр айында «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Осылайша біздің мемлекет кезінде кертертпа жүйенің кесірінен еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған азаматтарды ақтап, бәзбіреулердің өктем саясатымен жасалған тарихтың қателігін түзеді
1993 жылғы 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты. Төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті.
1993 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.
1994 жыл.
1994 жылы 30 - маусымда қазақ халқының екінші қыраны - ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанды.
1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.
1995 жыл.
1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты — қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.
1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәселелер: Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді.
1995 жылы 29 сәуірде Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде бүкілхалықтық референдум өткізілді. Сайлаушылардың 95,4%-ы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін ұзартуды қолдады.
1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономикалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескертілді.
1995 жылы
ақыл – ойдың данышпаны, қазақ
халқының дана ақыны Абай
1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды.
1997 жыл.
1997 жылы
министрліктер мен ведомстволар
50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның
220-ның 30-ға жуығы таратылды.
1997 жылы
қазан айында Президент Н.Ә.
Назарбаевтың «Қазақстан-2030»
Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.
2030 жылы
Қазақстан күрделі жолдан
1997 жылы «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып белдгіленді
1998 жыл.
1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы»болды.
1998 жылы 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға Жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып өтті.
1999 жыл.
1999 жыл «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» болып белгіленді.
1999 жылы Рим папасы Астанаға келді.
1999
жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның
«Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.
2000 жыл
2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болды.
2001 жыл.
2001 жыл
автомобиль жолдары жылы болып
жарияланды. Трансевразиялық магистраль
«Батыс Еуропа —Батыс Қытай»
жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың
көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар
салынды. Әуежайлар мен
Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.
2001 жылы
ҚР Президентінің Жарлығымен
Астана төрінен «Атамекен»
2002 жыл.
2002 жылы «Денсаулық жылы»деп белгіленді.
2002 жылы
Евразияның кіндігі —
2003 жыл.
2003-2004 жыл «Ауыл жылы» болып саналды.
2003 жылы
Астана қаласында Әлемдік және
дәстүрлі діндер
Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Сыртқы пішініне қарап жергілікті халық «Пирамида» деп атап кеткен Бейбітшілік және келісім сарайы – ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы тәрізді.
2003 жылы
демографиялық жағдайды көтеру
және әлеуметтік қолдау
2004 жыл.
2004 жылы
Астанада Қазақстан
2004 жылы
13 қаңтарда ҚР Президенті «
2005 жыл
2005 жылы Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды.
2006 жыл.
2006 жылы
Қазақстандағы Пушкин жылы
2006 жыл Ресейдегі Абай жылы деп саналды.
2006 жылы 6-қаңтарда әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным» атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.
2006 жылдың
1 қыркүйегінде ашылған пирамида
үлгісіндегі Бейбітшілік және
келісім Сарайы — Астананың
ең үлкен мақтаныштары
2006 жылы қыркүйек айында дәл осы жерде Әлем діндерінің екінші съезі өтті.
2008 жыл.
2008 жылы
Астананың сол жағалауындағы
әсем де зәулім ғимараттар
қатарын «Қазақ елі» монументі
толықтырды. Идеяның негізгі авторы
— Елбасы Н.Назарбаев.
2010 жыл.
Үкімет индустриялдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруға кірісті. Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде үстіміздегі жылы ғана 140-тан астам жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылады.
Астана
қаласында мемлекет тарихында тұңғыш
рет Орта Азия елдерінің басшыларының
қатысуымен ЕҚЫҰ-ның Саммиті өтті. Тіпті,
өткен ғасырдың өзінде КСРО-да Мәскеу
қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша
Еуропа мемлекеттерінің жиынын өткізу
мерейіне ие болған жоқ. Сондықтан бұл
ірі халықаралық ұйымның Саммитінің Астанада
өтуі – мемлекет үшін де, еліміздің әрбір
азаматы үшін де биылғы жылдың басты оқиғасы.
Алтын дәнді Қазақстан
Қазақстанның табиғат
Қазақстанда 272,5 млн. га жер бар, оның
222,5 млн. гектары ауыл шаруашылығына жарамды.
Бұл жердің 80 пайызына жуығын жайылымдар,
15 пайызына жуығын жыртылған жерлер,
4 пайызын шабындықтар алып жатыр. Шабындықтар
мен жайылымдардың жалпы ауданы жөнінен
Қазақстан Аустралия (450 млн.га), АҚШ(320млн.га),Қытайдан(
Төрт түлік мал – халқымыз байлығы
Халқымыздың тарихы осы төрт
түлік малмен тікелей
«Ат-ердің
қанаты» деп айтатын дана халқымыз жылқы
өте қастерлеген. Жылқы-мінсең көлік, жесең
ет. Қазы-қарта, жал-жаясыз бірде-бір қазақ
жанұясын біз көре алмаймыз. Сиыр - жесең
ет, кисең киім, айран, сүті, қаймағынсыз
қазақ баласы өспейді. Түйе малы –нағыз
көлік, қымыран мен шұбаты дертке дауа.
Қой шаруашылығы- Қазақстанның мал шаруашылығының
басты саласы. Халқымыздың маманданған
дәстүрлі ата кәсібі.
Сөз астары - ақиқат
Отан, туған жер туралы мақал – мәтел, нақыл сөздер айту.
Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл.
**** *** ****
Туған жерге туың тік.
**** *** **** ****
Елінен безген ер оңбас
Көлінен безген қаз оңбас
**** *** **** ****
Ел мен жер егіз.
Ел іші алтын бесік.
******* *** **** ****
Жері байдың елі бай.
***
Отан — қуат, Отбасы — шуақ.
***
Егемен елдің еңсесі биік.
***
Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан.
***
Көп біріксе — ел болар,
Көп тілегі көл болар.
***
Елің — панаң,
Жерің — анаң.
***
Өз елің өзекке теппес.
**
Ауылым — алтын бесігім.
***
Жері байдың - ері бай.
***
Елу жылда ел жаңа.
***
Өз елің — алтын бесік.
***
Туған жердің түтіні де тәтті.
***
Туған жерің түсіңе кіреді.
***
Елінен безген оңбайды,
Көлінен безген қонбайды.
***
Отан — оттан
да ыстық.
Қорытынды:
Туып - өскен Отаным – Қазақстан,
Күлімдеп, гүл жайнаған күншығыстан.
Құлпырған жерім бар, алтын нұрлы елім бар,
Шығыстан
сәулелі жарқырап атқан таң.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ,
өз үйіңнен басталады..

- Меновая форма – основа тайны товарного фетишизма
- Менталитет и бизнес в России
- Менталитет русской диаспоры в странах Балтии
- Менталитет русской культуры
- Менталитет средневекового человека через изучение телесности
- Ментальность и журналистская деятельность на примере сравнительного анализа российских и американских СМИ
- Ментикти капитал
- Менежменттің мәні
- Менежмент тушунчаси ва унинг таъмоиллари
- Менелджмент в рекламе
- Мененджмент
- Мененджмент на примере предприятия ООО «Строй Комплект»
- Мененджмент организации
- Менин елим Казакстан