Монеталар тарихы

                             Жоспар

 

                      Кіріспе.................................................................................................2-6 бет

    1. Орта  Азиядағы монеталар

1.1 Отырардан  табылған монеталар. Түргештер,  саманидтер,  Караханидтер кезеңіндегі  монеталар................................6-27 бет

1.2 Қазақстан  мен Орта Азия ғалымдарының   

Зерттеулері........................................................................27-46 бет

    1. Шығыс монеталарын зерттеген Френк еңбектері....46-48 бет

 

    1. Қазақстан нумизматикасы 

2.1 Монғол  кезеңінен қазақ хандығына дейінгі  монеталар 48-50 б

2.2 Ақша реформалары мен қоймалары............................50-52бет

2.3 Теңге-  ҚР мемлекеттік нышаны................................52-55бет

Қорытынды....................................................................................56-60бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................63-64 бет

      

 

 

 

 

 

 

 

                                        

 

                                     

 

                                          Кіріспе

Нумизматика –  ақша айналымының материалдық қалдықтарына қарап, оның тарихын зерттейтін монеттер туралы ғылым. Нумизматика ежелгі заманның ақша жүйесін және олардың тарихи даму процесіндегі эволюциясын анықтайды.

Монеттерді әр жақты зерттеу нәтижесі нумизматиканың ғылым ретінде қалыптасуына әсет етті, яғни оның міндеті – монеттердің  уақыттарын, жазуларын, суреттерін зерттеу  болып табылады.

Нумизматикалық  зерттеулер тиындардың  ірі коллекцияларын сақтайтын ұлттық мұражайларда, Ғылыми Академияларының тарих және археологиялық  институттарында, кейбір университеттерде жүргізіледі.

 Ескі монеталар туралы  айтқанда, адамдар көз алдына дөңгелек жəне жылтырақ бір затты елестетеді, ал шын мəнінде бұл пішіні мүлдем бұзылған, түсі көгіс тартқан мыс кесектер. 

Отырар – бұл  Қазақстан тұрғындары ғасырлары  бойы пайдаланып келген ақшаның бүкіл  тарихы  көрсетілген  уақыт  айнасындай  болған  ежелгі  қала.  Бұл  ақшалар  мейлінше  əртүрлі болатын. Ал ол уақытта ақша реформасы қазіргі  кезге қарағанда əлде қайда көп  болды. 

 Қазақстанда тиындар негізінен орта ғасырларға жататын ежелгі қалаларда , обаларда, сондай-ақ тиын қоймаларында (Отырар, Тараз, Иасы т.б) жүргізілген археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде табылды. Олар арқылы Қазақстанды мекендеген халықтардың Орталық Азия, Алдыңғы  Шығыс, Қытай, Жерорта теңіздік, Русь мемлекеттерімен сауда байланысы болғандығы анықталды. Алматыда нумизматикалық зерттеу жұмыстары Қазақстан Ғылым Академиясының Археологя институтында жүргізіледі. Қазір қытай юаньін  тек Алматы  да  ғана  кездестіруге  болады. Бұл ретте қытай монеталары  Қазақстан аумағында алғашқы пайдалана бастаған  монеталар болды.  Олар  ушу деп аталады жəне  археологтар Отырар  алқабындағы Мардан обасынан тапты.

 Қазіргі нумизматика тиындарды кешенді зерттеу тауарлы ақша қатынастары тарихын деректемелер ретінде қарастыруды алдына мақсат етіп қойып отыр.  

 Қосалқы ғылыми  пәннің дамуының алғашқы кезеңі  монеттерді әуесқойлықпен коллекциялау  болды. Жинаушыларды монеттің  сан алуан типте болып келуі,  көне даналардың біршама тез  дамып қалатындығы, анықтаудың  және классификациялаудың біршама  оңайлығы, ақырында сақтау үшін  қолайлығы қатты қызықтырады.  Орта  ғасыр  дәуірінің өзінде-ақ  Еуропаның көптеген қалаларында  көбіне антик заманының монеттерін  жеке адамдардың көптеп жинаушылығы  болған еді. 

          Х-ХV ғасырлардағы орта Азиядағы  тауар-ақша қатынасының тарихында  монеттердің зерттелуіне үлес  қосқан атақты ғалымдар Давидович  Е.А. «Денежное хозяйство Средней  Азии», Бурнашева Р.З. «Монетный  материал с городища Отырар  тобе за 1471-1972 годы – в кн: В  глубь веков», К.Байпаков «Қазақстанның  ежелгі қалалары», А.Х.Маргулан  «Архиологические памятники Казахстана»  еңбектерін негізге ала отырып  қарастырдық. 

           Б.з.б ІІІ ғасырлардағы хуннулар  ақша орнына күміс пышақты  пайдаланып келсе, б.з І ғасырында  салық есебіне алтын, күміс  құймаларды алып тұрған. Ақ ғұндар  бір бетіне пехлеви, екінші  бетіне эфталит (түркі-руни) жазуы  бар теңгелер (б.з.б 5-6 ғ.) жасап,  сауда айналымына кіргізген. Қазақ  елі (қазақ халқын құраған негізгі  тайпалар) баба түркілер Ұлы Жібек  жолына орналасқандықтан ақша  жасау, оны айналымға енгізудіөмір  қажеттілігі деп, тым ерте қолға  алған. 6-8 ғасырларда билеуші рулардың  таңбасы қашалған, ру рәмізін  бейнелеген теңгелер құя бастаған. Сырдарияның орта алабында өмір  сүрген тайпалардың қола теңгелері, 6-8 ғасырдың 1-жартысында дейінгі  аралықта қолданылған. Бұл теңгелерде  Ашиде әулетінің рәмізі болған  арыстан бейнеленген. Мұндай теңгелер  Суяб, Тараз қалаларындағы арнаулы  шеберханларда құйған. Сонымен қатар  Отырар маңындағы қалаларда да  түрлі теңгелер жасалған. Біріншісі,  сәл ұмтылып, секіргелі тұрған  арыстан бейнеленген мыс теңгелер; екінші бетінде садақ және  шапшы түрінде түркілердің тайпалық  таңбасы (дүниенің төрт бұрышын  мезгеген рәміз) бейнеленген.  Екіншісі, үшбұрыш таңбалы (түркінің  ана әулетінің таңбасы) теңгелер. Мұнда соғды жазуымен жазылған  сөздерді бедері өшкендіктен  ғалымдар күні бүгінге дейін  оқи алмай келеді. Бұлардың да  бір бетіне арыстан бейнесі  салынған.

            Б.з 704-706 ж. Таразда құйылып,  айналымға енген теңгелердің  бетінде «Түргеш қаған теңгесі»  немесе «Түркінің көк ханының  теңгесі» деген анықтама жазулар  бар. Бұл – тайпалық дәрежедегі  теңге емес, бүкіл мемлекет дәулетін, мүлкін, ел ырысын, куәландыратын  кепілдеме. Осы сияқты 6-8 ғ аралығына жататын мыс, қола, күміс теңгелер Суяб, Ақбешім қалаларында да шығарылып тұрған. Испиджаб қаласында арнайы теңге сарайы болған.

Түркеш хандары  монетаның төрт түрін соқты. Бұл  ақшалар Жетісудан Соғдыға (қазіргі Тəжікстан)  дейінгі  үлкен  аумақта  есеп  айырысу  үшін  пайдаланылды.  Монеталар  қағанның ордасы  орналасқан  Суйяб  жəне  Тараз  қалаларында  шығарылды.  Монетаның  бір  жағында  ханның тамғасы, ал екінші жағында «ұлы түркеш-қағанның деңгасы» жəне жазу бар.

     Моңғол жаугершілігінің алғашқы кезінде (1220-50) Қазақ жерінде жалпы сауда қатынасы құлдырап кетті. Соның салдарынан ақша қатынасы да тоқтады. Ақыры моңғол билеушілерінің бас пайдасы үшін, халықтан купчур салық жинап, хн қазынасын толтыру үшін 1251 жылғы Құрылтай шешімімен алтын динарлар шығарыла бастады. Бұл теңгелердің құрамында алтын 50-60% ғана болды. Алтын мөлшерінің көп болмауы оның құнын сол кездегі нақты сауда тауарының құнымен жақындастыру еді. Салмағы мол алтын ақшалармен қымбат тауарларды мол мөлшерде сатып алса, салмағы аз, майда алтын ақшалармен ұсақ тауарларды сатып алатын етіп, ақшаны айналымға түсіріп тұрған. Ұсақ саудаға арналған сыртына күміс жалатқан мыс теңгелердің салмағы 6-8 грамм болды.

   Бетінде «Мүңги хани» (хан теңгесі) деген жзуы болды. Бұл ақша 13 жыл бойы үзбей шығарылды. Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарында осы Отырар ақшасы мол тарады. Сол заманда Отырар ақшасымен деңгейлес Ақмалықта шығарылған теңгелер де ғалымдардың назарын аударып отыр.

Оңтүстік Қазақстан  кірген Шағатайлардың моңғол мемлекетінде жоғары сападағы күміс монеталарды  соғу тез ретке келтірілді.  Ал Отырарда, Бұқарада жəне Ходжентте  тіпті алтын динарлар шығарылды. Бірақ алтын, əдетте, өзінің қымбат болуына қатысты айналысқа даналап  шығарылған жоқ. Монеталарды бөліп  сындырып, қойма ретінде жерге  көмді. 

 Моңғол  мемлекеттерінің  құлаумен  бірге  монета  жасау  ісіне  де  кейбір  құлдырауға ұшырайды.  Қазақстанның  үлкен  бөлігі  Ақ  Ордаға  кірген XIV ғасырда  Отырарда  монеталар соғу  тоқтатылды.  Бірақ,  осы  жүзжылдықтың  аяғында  біздің  өлкеге  Тимур  келді,  бұл  жерде экономика қайтадан жанданды. Отырарда қайтадан монета соғу басталады. Бірақ саудада қазіргі Өзбекстан аумағының оңтүстігіне қарай, негізінен Бұхарада шығарылған күміс тангалар де пайдаланылды. Міне  біздің  жерімізде  алғашқы  рет  Қазақстанның  қазіргі  валютасының  атауы  пайда болды.  Ал  тиындар  туралы  əлі  əңгіме  болған  жоқ.  Танга  төрт  бөлікке  бөлінді  жəне  оның ширегін мири деп атады. Тимуридтар мемлекетінің аумағында отыздан астам монета сарайы жұмыс істеді. Ол  кезде  атақты  оқымысты  жəне  мемлекет  қайраткері  Ұлықбек  бастамашы  болған кезекті ақша реформасы жүргізілді. 1428 жылы ескі монета ақшаларды жаңасына айырбастау басталды,  ал  ол  аяқталған  кезде  барлық  монета  сарайлары  жабылып, 60 жыл  бойы  алып империя  бірыңғай  ақшаны  пайдаланды.  Ал  егер  ол  жетпесе, онда  қосымша монеталар тек Бұхарада ғана соғылды.

 Орта  Азиядағы монеталар

1.1 Отырардан табылған монеталар. Түргештер, саманидтер,  Караханидтер кезеңіндегі монеталар.

       X – ғасырдың жазба деректерінде  «Отырар бай алқап, оның басты  қаласы Кедер деп аталады.бұл  көпестер ағылып келіп-кетіп жататын  жер» делінген.

     IX-XIII ғасырдың басында Отырар алқабында  жергілікті сауда – саттық  кең қанат жайды. Қалаға жан-жақтан  ауыл шаруашылық өнімдері келіп  жатты. Оның ең бастысы ет, астық,  жеміс еді. Жер өңдеушілер өз  өнімдерін қолөнер бұйымдарына,  қыш ыдыстарға, әйнек, әшекей  бұйымдарға айырбастайтын. Көшпелілермен  де сауда қызу жүрген. Қалалар  мен сол шұратты маңда орналасқан  елді мекендердің тұрғындары  көп мөлшерде жылқы және басқа  да малмен, жүмен, терілермен, киізбен,  сүт өнімдерімен қамтамасыз етілген.  Сауда барлық жаққада тиімді  еді. Мысалы, құжаттардың бірінде:  «пайда келтіретін тауарлары  мен олардың (көшпенділердің) бұйымдары,  заттары отырықшы халықтың көбеюіне, баюына себеп болды. Байлар  қара бұқараның бұл салада  өз үлесі бар еді» делінген.

     IX-XII ғасырларда қолданысқа енген  ақша қатынасы дамып, тауар  айырбас біртіндеп ығыстырылды.  Қазақстанның ірі қалаларында:  Испиджаб, Тараз, Отырар, Будухкентте  мыстан, күмістен құйылған өз  ақшалары шығарыла бастады. 

      Отырарда ақшаның құйылғаны 1967 жылы Самарқанд қоймасы ашылғаннан  кейін анықталды. Осы қоймадан X ғасырдағы Фараб теңгелері табылған еді. Отырар мен Құйрықтөбе қалашықтарына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде де осындай ақшалар алынған. Отырардағы  ақша сарайы XI-XIII ғасырдың басында да өз жұмысын тоқтатпаған. Бұған дәлел – сол кезеңде  шығарылған теңгелер.  Алайда моңғол шапқыншылығы кезіндегі қалалардың қирауы, егістік жерлердің бүлінуі саудаға зиянын тигізді. Бірақ құлдыраудан кейін ол қайта жанданды. Моңғол империясының халықаралық сауда жолдары жұмысын одан әрі жалғастыра берді. Ұлы Жібек жолында баяғысынша сауда үзілмеді. 1219 жылы қытайлық саяхатшы Чань-Чунь Моңғолия, Шығыс Түркістан, Жетісу арқылы Самарқандқа келіп, одан әрі Шыңғыс хан ордасына жетеді. Жүрген жолын суреттей отырып, саяхатшы Шу мен Талас өзендеріндегі көпірлерді атап, Сайрам қаласы туралы көрген деректерін жпзып қалдырады. 1246-1247 жылдары тап осы керуен жолымен армян қолбасшысы Смбат Спарапет отіп, моңғолдар астанасы Қарақорымға келген. Ал 1229 жылы Іле аңғарымен, Жетісу, Орта Азия арқылы Хорасанға барған Чан Дэ болды. 1279 жылы осы бағдармен христиан монахтары Мар Ябаллахи III және Рббан Саума жүріп өткен. Олар Ханбалықтан Таңғұтқа, содан соң Қашқарға, ал ол жерден Жетісу арқылы Талас (Тараз) қаласында аялдап, Ташкент, Хорасан, одан әрі Еуропаға бет алған.

     Моңғолдар  үшін кезінде Еуропаны Азиямен  қосып жатқан дипломатиялық және  сауда-саттық жүргізуші керуен  жолының маңызы зор болды. Ол  оңтүстік орыс даласымен, Поволжьеден  Оралға, одан әрі Хорезм Сырдария  арқылы Жетісуға – Алмалыққа  және Моңғолияға жетіп жататын. 

     XIII-XIV ғасырлардағы жағдай халықаралық  саудаға игі әсер етті. Бұл  Алтын Орданың және оның астанасы  Бату сарай, Берке сарайдың  өркендеуіне септігін тигізді.  Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстігіндегі  басқа да Ақ Орда қалаларындағы  мәдени және экономикалық ахуалдың  жақсаруына көмектесті.

     Халықаралық  сауданың арқасында Батысқа бұрынғыдай  жібек маталар, әшекей бұйымдар  жеткізіліп тұрды. Жібек Қытай  мен Орта Азиядан Үргеніш пен  Хорезм арқылы сыртқа шығарылды.  Генуялықтардың Каффа қаласынан  алып шығатын заттарының арқасында  «хорезмдік» және «үргеніштік»  жібектер болған.

      Сарай – ірі қолөнер орталығы, Ұлы Жібек жолы торабындағы  маңызды елді мекен. Бұл арада  ақша құйылған. Ол ақшаларда қаланың  Сарай аты көрсетілген немесе Сарай әл-Махруса, яғни «Құдай қолдаған Сарай» деген жазу болған.

      Қазына арасында күміс құймаларда  болған. Олардың ішіндегі ең ірісі  – салмағы 1,4 кг сопақша келген құйма. Ал екі кесек құйманың шеттері дөңгелектеніп келген болса, басқа екеуі ұзындығы 4-6 см конус тәріздес таяқша іспеттес. Осы қазынаның заманында құймалар ақшамен қатар жүрген. XIV ғасырда өмір сүрген флоренциялық көпес Франческо Бальдуччи Пегалотти өз жазбасында Еуропадан маталар алып, оны Үргеніште сатып, «татар» елдерінде ақша орнында жүретін күміс құймаларын мейлінше көп қылып жинап алуды ұсынған.

      Қазынадағы барлық теңгелердің  саны – 235, ал жалпы салмағы  жарты килограммға жуық. Олар  әр түрлі ақша сарайларында  құйылған. Сондықтан болар әр  жерлерден шыққан қазынадағы  теңгелер әр түрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы, ақшалардың көбі, яғни 151 данасы  – күміс дирхемдер. Олар моңғол  империясының  ең ірі қалаларының  бірі Алмалықтағы ақша сарайында  құйылған. Қала қазіргі Қытай  Халық Республикасындағы  Құлжа  қаласының  маңында Іле өзенінің  оң жағалауында орналасқан.

     Қазынада  басқа да моңғол империясының  шығыс бөлігінде орналасқан Еміл  және Пулад қалаларының ақша  сарайларынан шыққан теңгелер  де бар. Бірінші қала XIII ғасырдың  ортасында Еміл өзенінің бойында  орналасқан. Бір қызығы, Отырар қазынасы  табылғанға дейін, Еміл ақшасы  туралы дерек болмаған. Ал Пулад  қаласының дәл қай жерде тұрғаны  анықталмады, бізге тек оның  Бұратала /Боротала/ жазығында орналасқандығы  ғана белгілі. Еміл мен Пуладтың  кейбір теңгелерінде Мөңке қағанның  екі жаққа қараған үш тісті  аша түріндегі тамғасы бейнеленген. 

    Тағы  бір топ ақша Шағатайдың жаздық  ордасында құйылған екен. Орда  Алмалыққа жақын жерде орналасып,  Құяш немесе Орда әл-Азам деп  аталған. Теңгелердің сегізі Сыр  бойындағы Жент қаласында жасалған. XIII ғасырға дейін бұл қалаға  теңге құю ісі таныс болмаған  көрінеді. Себебі 1219 жылы Жошы әскерлері  Жент қаласын қиратқан. Алайда  Отырарда табылған қазынаға, құйылған  теңгелерге қарағанда, қала осы  ғасырдың ортасына қарай қайта  жанданған. Жент қаласындағы ақша  сарайынынң жұмысы туралы ортағасырлық  автор Жамал әл-Қаршидің «Бұрындары  жент маңызды қала болған. Ол  жақын күндері ғана қиратылды,  соған қарамастан, ол жерлерде  әлі күнге дейін сауда жасалады. Бір-бірімен бәсекеге түскен көпестер  өз заттарын мақтап, маңыздылығын  айтып, дәлелдеп әлек. Сондықтан базардағы сауда үнемі саудагерлер үшін ауытқып тұрады» деп жазғаны сауданың болғанын растайды.

      Келесі бір топ теңгелердің   бетінде ақшаның Қырымда шыққаны  жазылған екен. Бұл жерде Қырым  облыс және жердің атауы ретінде  берілген.

       Жалпы алғанда, Отырардан табылған  теңгелер мен әшекейлер - өте  бай және ерекше қазына. Ол  Оңтүстік Қазақстан тарихының  аз зерттелген қиын кезеңдері  туралы мағлұмат алуға септігін  тигізді. 

        Моңғол шапқыншылығынан кейінгі  онжылдықтарда қалалардың қатты  күйзеліске ұшырағаны белгілі.  Сол себептен ол кездегі ақша  арқылы жасалған сауда-саттық  қатынас жайлы айтудың өзі  артық. XIII ғасырдың алғашқы ширегінде  моңғол басқыншы соғысынан кейін  ақша саудасы тез қысқарды  да0 кейіннен мүлдем тоқтап қалды.  Орта Азия мен Қазақстандағы  күйзелістен шығарып, шаруашылықты  қалпына келтіріп, сауданы жандандыру  үшін, бәрінен бұрын ақша реформасын  жасау керек болды. Оны бастаған  Менгу хан болды. 

     Отырарда  осындай қазыналардың бірі (978 дана) 1973 жылы, екіншісі (214 дана) 1974 жылы табылды.  Бірінші табылған жазуы бар  мыс теңгелерді негізгі үш  топқа бөлуге болады. Олар Ташкентте,  Яссыда және шыққан жері белгісіз  ақшалар. Соңғы аталған ақшалар  тобы орналасуы жағынан алғашқы  екеуіне жақын. Ең көп тобына  жататын теңгелердің бір бетіне  аң, екінші бетіне құс бейнеленген.  Аң салынған кейбір ақшалардың  екінші беті тегіс келеді. Сонымен  бірге ешқандай жазуы да, суреті  де жоқ, екі беті тегіс ақшалар  да кездеседі. Олар толығымен  жасалып үлгермеген ақшалар болуы  да мүмкін.

     Отырар  – Төбе қаласындағы төрт қазбадан 1974 жылы 496 монет табылған. Бұл материалдың  екі мысты қазынасы үлкен қызығушылық  тудырған I (170 дана) және II (214 дана) қазбадан  табылды. Монеттердің белгілі  бір бөлігі соғылған кейінгі  ортағасырлық қалалар Ташкент  және Түркістан, Отырарда ақша  айналымының бірнеше түрі айтылады. 1973 жылы Отырардан алғашқы екі  ірі мысты монет (978 дана) қоры  табылды. Дегенмен Үш қордың  монеттерінің көп сәйкестігі (түрі, салмағы, датасы) бар. Олардың  материалдары бөлек баспадан  шыққанымен XVI-XVIII ғасырлардағы Отырардың  ақша айналымына арналған.

       1974 жылы Отырардан табылған монеттердің  саны- 112 дана. Олардың 34-і өшіп  кеткен немесе қышқыл еріткен,  төртбұрышты немесе тіктөртбұрыш  формасындағы 10 монет бар. Ондағы  жазулар өшіп кеткен немесе  фрагменттеліп сақталғандықтан  монеттерді нақты анықтауға келмейді. Дайындау техникасы кейінгі ортағасырлық (XVI-XIXғ.ғ) техниканы сипаттайды. Отырарлық  бұл мыс XVI  ғасырдың соңы  мен XVIII ғасырмен және XIX ғасырдың  басы болып даталанады, археологиялық  деректер бойынша XIX ғасырдың  басында экономикалық орталық  ретінде құлап, халық аз қоныстанды. XIII  ғасырдың соңғы ширегінде  Отырардың ақша айналымында Ташкенттен  шыққан Юнус-Ходжа мыс монеттері  кездеседі.   27 дана ұсақ мыс  монеттерге, пулдарға XVI ғасырдың соңында  соғылып Отырар, Ташкент және  Түркістандық ақша айналымында  кең қолданылды. Отырар және Отырар  өлкесіндегі нумизматикалық материалдардан  құрастырылған мыс монеттер салмағы  бірнеше номиналдарға сәйкес келеді.

1974 жылы Отырар- Төбеден  табылған ұсақ мыстарды  салмағына қарай 3 түрге бөледі. Мыс салмағының 1-ші түріне 0,26-дан  0,48 гр (0,26 гр- 1 дана, 0,32 гр-1 дана, 0,39 гр-1 дана, 0,42 гр – 1дана, 0,45 гр –  3 дана, 0,47 гр – 3 дана, 0,48 гр –  1 дана) арасындағы монеттер. Бұл  монеттердің орташа салмағы –  0,3 грамм. Ұсақ ақшалардың 2-ші түріне салмағы – 0,51-0,84 дейін (0,51-2 дана, 0,53- 3 дана, 0,63- 1 дана, 0,64- 2 дана, 0,65- 1 дана, 0,67- 1 дана, 0,69- 1 дана, 0,73- 1 дана, 0,84- 1 дана) болатын 13 дана монет жатады. Олардың орташа салмағы – 0,6 грамм. 3-ші түріне үш монет (0,94 , 0,96 , 1,10 ,) орташа салмғы 1 грамм болатын монеттер жатады. Оларды салмағы 0,9 г пулдармен салыстыруға болады. Осылайша 1974 жылы табылған Отырарлық ұсақ мыстарды XVI-XVIII ғ.ғ стандартты салмағы 0,3; 0,6 және 0,9 пул ақша айналымында айырбасқа түсті. Ал бейнеленген монет салмағы 1,10 грамм мыс монеттер Отырар және Түркістаннан табылды, біздің ойымызша, олар джаниттік кезеңде соғылған. Салмағы 0,3-0,6 грамм ұсақ мыс монеттер Отырар қаласының территориясында ғана айналысқа түсті. Қазірше археологиялық қазбаларда мұндай монеттер Отырар-Төбеде тіркелген. Мұндай ұсақ монеттер (9 экз) №3 қазына II қазбадан табылды. Салмағы бойынша олар да 3 түрге бөлінеді: 0,3 г (0,46 г; 0,48 г) ; 0,9 г (0,8 г ; 0,9 г ; 0,95г ;,0,96г ) және 1,2 г (1,36г және 1,47г). Қалған монет қазыналары дәстүрлі жолмен соғылған. 1974 жылы табылған Отырар-Төбе ұсақ пулдары №3 қазынадағы сияқты жеке дана, XVI-XVII ғасырладағы Қзақстанның оңтүстігінде, Отырар өлкесінде тиын бөлшектеріне куә. Бұл қазақ хандығы тұсында сауда-ақша қатынасының өсіп, ақшалы сауда жөнінде айтуға болады. Жоғарыда айтылғандар және Оренбург  экспедициясының бастығы И.Кириллов ташкенттік Нұрмұхаммед Мулла Алимовтан алған мәліметтер және 1734 жылы Императрица Анна әкелген: «Ташкент және Түркістан билеушілерінде темір көп, таудан қазып, Чилса (Чиыршық) өзенінде тазалап, мысты Самарқандқа алып барып, арзанға сатады, Түркістанға жақын жердегі Төрт данасы III қазбадан (инв. №450/9, 450/11, және 450/28), екеуі II қазбадан (инв. №451/10, және 451/12) табылған.

       Шығарылған уақыты сақталмаған.  Теріс жағында Тимурдың таңбасы  үшжапырақты өрнек. Беткі жағында  үш сегментті – монет сарайы   « Чекан Самарканда» аталған.  Өткен кезеңдерде Темір монеттері Отырарда тіркелген.

      Отырар археологиялық комплексінде  Тимуридтар кезеңіндегі монеттер  жеке қаралып, зертеліп, бұл мәселеге  арналған жеке баспа жұмыс жасайды.  1974 жылы монет қазбалары Отырарда XVI ғасырда кең қолданған.

  XVI-XVII ғасырларда Орта Азияда қалалар өсті, егін шаруашылығы да кеңейді, мәдениет, сауда дамыды және жерге феодалдық жеке меншік орнады. Мұндай жағдай тек Орта Азияда ғана емес, Қазақстанның оңтүстік қалаларында қазақ және өзбек хандарының соғысына қарамастан дамыды. Бұған дәлел, Отырар Түркістан (Ясы) және Ташкент монеттерінде монет сарайлары бейнеленген, ақша айналымында мысты монеттердің ұсақ айырбасы жүрген.

      Түркістан (Ясы) тиынына II , III және IV қазбадан табылған мысты монеттің  үш түрі жатады. Бірінші монета (449/14) тіктөртбұрышты формалы, ұсақ  номинал. Беткі жағында «Ясыдан»  «сы» сөзі және «зарбы» сөзінен  «зар» сақталған. Теріс жағында  монеттің шетіне екі параллель  сызық жүргізілген. 

      Екінші монет (450/21) дөңгелектенген, беткі жағында монет сарайының  аты – «Ясы» сақталған. Жан-жағы  өшірілген. Теріс жағы да өшірілген. 

       Үшінші монет (451/13) фрагментті, ұзын  дөңгелек формалы, беткі жағында  монет сарайының аты , теріс  жағында – геометриялық өрнек.  Мұндай монет түрі Түркістандық  монет қазынасынан белгілі. 

       Отырарлық Шайбанидтік тиынға  Абдуллахан II атынан шыққан мысты  монет жатады. Беткі жағында ханның  аты және 1000 ж.х  /1591-1592/ даталанған. Теріс жағында ұсақ гүлдер  арасынан 1000 ж.х оқуға болады және  нақты оқуға келмейтін жазу  қалдықтар. Монеттің шығарылған  жері сақталмаған. 

       Бұл кезеңге жататын Искандер  ханның (1560-1583) екі күміс монеті  жатады. Ол 1974 жылы Ран қаласындағы  №5 ғимараттың еденінен археологиялық  қазба кезінде табылды. Екі  монетте түрлі болса да, бір  ханның атынан шығарылған. Өкінішке  орай, бұл монеттен шығарылған  уақытымен жерін ғана оқуға  болады. Бірақ Ескендір – хан  Шайбани 1560-1583 жж билік құрғанын  және оның тұсында Андиган,  Ахсы, Балх, Бұхар, Герат, Самарқанд,  Ташкент, Ясыда  монет сарайлары  құрылған. Бұл монеттер Ташкент  немесе Ясы қалаларының өнімі  болуы мүмкін. Картушалардың ерте  кездегі Ташкент және Ясыда  шыққан Ескендір-хан монеттерімен  сәйкес келмейді. Мүмкін, бұл ханның  жаңа түрдегі күміс теңгесі  болар. 

      Ран қаласындағы бірінші монет  (инв. 444/1) жақсы сақталған. Беткі  жағындағы картушадан билеушінің  атын және титулын оқуға болады. Шындығында есімі бірнеше стильді  жазылған. Дөңгелек легендада тек  титулдардың бөлігі сақталған.  Теріс жағында картушада шайбанидтік  және джанидтік теңгелерде қабылданған  сенім белгісі бар. 

        Екінші монеттің (инв. №444/2) жоғары  бөлігі өшірілген. Картушадағы  жазулар ғана оқылады. Беткі  жағында билеуші есімімен титулы  көрсетілген. Картушадан төмен,  дөңгелек легендадан avr-973 ж.х /1565-1566 жылдарында «шир» немесе «ясы»  сөзін оқуға болады. Егер бұл  Ясы монет сарай аты болса,  онда Ескендір хан осы қалада  бірнеше түрдегі күміс монет  соқтырған. Теріс жағында картушада  сенім белгісі бар , жан-жағы  өшірілген. 

       Қаратау жотасының солтүстігіндегі  шайбанидтік күміс теңгелердің  қалдықтары  Отырардағы мыс монеттің  кең жайылғанын және шайбанидтік  мемлекеттен сыртта шайбанидтік  теңге айналымын көрсетеді. 

      XVI-XVIII ғасырлардың соңында сегіз мыс монет даталанды. Жазу және безендірілуіне байланысты олар бірнеше түрге бөлінуі мүмкін.

      I түр. Оған ұзын шаршы формасындағы  бір монет (№449/-21) жатады. Беткі  жағында тек «соғылған» дегенді  оқуға болады. Теріс жағында солға  қарап тұрған аң бейнеленген.  Жыртқыш бейнеленген мысты монеттер XVI  ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың  ортасына дейін Ясы және Ташкент  монет сарайларында шығарылды.  Олар бұл кезеңде Отырардағы  ақша айналымында біршама көлемде  кездеседі. Дегенмен көрсетілген  дата мыстардың дәл сол уақытта  шығарылғанын көрсетпейді. Монеттердің  бір бөлігі XVI-XVII ғасырларда басқасы  елдегі ішкі және сыртқы саясатқа  байланысты XVII-XVIII ғасырларда шыққан  болуы мүмкін.

     II түр.  Бұл түрге анэпиграфты, ұзынша  шаршы формалы үш монет жатады. Үш монеттің беткі жағында  гүл өрнектелген . олардың әрқайсысы  өзінше бейнеленген. 

          Бірінші монетте (449/28) ромашка  түріндегі гүлді өрнек сызық  бойымен бейнеленген, теріс жағында  аң бейнеленген. Екінші монеттің (454/4) бетінің шеткі жағында екі  қатар сызық жүргізіліп, олардың  арасында нүктелі төрт жапырақ  өрнектелген. 

        Үшінші монет (450/3) нашар сақталған.  Беткі жағынан гүл өрнегінің  қалдықтары көрінеді. Бұл монеттер  Отырар және Түркістан монеттерінің  материалына ұқсас болғанымен, XVI-XVIII ғғ Ташкентте соғылған монеттер  қатарына жатқызылады. 

       III түр. Бұл теріс жағында құс  бейнеленген дөңгелек пішінді  екі монет. Бірінші монет (448/10) беткі жағында солға қараған  аң бейнеленіп, шетінде сызық  жүргізілген. 1973 жылы Отырарда ашылған  №1 мысты қазынасының 50 пайызы XVII-XVIII ғасырлардың ортасына жатқызылады.  Құс бейнелі монеттер 1920 жылы  Самарқандта ашылған М.Е.Массон  қазынасында да аталады. 

       Екінші монеттің (449/29) беткі жағында  нашар сақталған жазу кездеседі. 

        Төртінші түрге екі монет жатады. Біріншісі (450/6) Ташкентте соғылған  «қасық» тәрізді немесе күрек  пішінді. Өкінішке орай, бұл монетте  билеуші аты және уақыты көрсетілмегендіктен,  қай хан тұсында соғылғаны  белгісіз .

        Екінші монеттің (449/27) екі жағында  да анық емес жазу орны сақталған.  Көлемі кіші болғандықтан монетте  жазу толық жазылмаған. Дайындау  техникасы XVI – XVIII ғасырларда  жатады. Мұндай монет Түркістандық қазыналарда және Ташкентте соғылған мыс монет тобына жатады.

      Сонымен, 1974 жылы Отырар нумизматикалық  деректер бұл монеттердің Түркістан,  Отырар және Ташкентте шығарылған XVI-XVIII ғасырлардың  тиынына жатқызады. 

      Біріншіден XV ғасырда Орта Азиялық  және Қазақ хандығының шаруашылық  өмірінде Ресей ықпалдығы көрінеді. Сауда да Қаратаудың оңтүстік  және солтүстік жоталарындағы  Сырдария аудандарындағы Ресейден  Орта Азияға әкелінген тауарларды  өткізіп отыратын болған. XVII-XVIII ғғ  қала өмірінің сақталуына негізгі  стимул болды. 

     Екіншіден, XVI-XVII ғасырларға жататын жазба  деректер және мәдени ескерткіштер  осы кезеңде Қазақстан тұрғындарының  және қала өмірінде темір құю,  көзешілік, зергерлік, тері илеу, етікшілік және тағы басқа  қолөнер түрлері дамығанын көрсетеді. 

     Үшіншіден,  сауда ақша қатынасының дамуы  XVI-XVIII ғасырларда отырықшы және  жартылай отырықшы қазақтар өмірге  көшті. Әсіресе, бұл процесс  интенсивті орын алды. Отырықшыланған  қазақ көшпелілері сауда айналымына, қолөнер бұйымдарына және жер  өңдеуге кеңірек әуестенді. 

     Сувунду  тауынан қорғасынды кімде болсын  алып пұл құяды. Қазбадағы мысты  материалды кезеңіне қарай топтап, хронологиялық  шеңберіне қарай  ажыратады. 

      1974 жылы (2 дана) Отырар-Төбе монетінің  ең ерте кезеңіне XI ғасырдағы  Қараханидтер тиыны жатады. Олар  өшірілген екі қазбадан табылды. 

Монеталар тарихы