Мұрагерліктің түсінігі және мұрадан бас тарту

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ                                                                                                                  3 

  1. МҰРАГЕРЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МҰРАДАН БАС ТАРТУ                  7   

  1.1 Мұрагерлік құқықтың түсінігі мен мұрагерлік қатынастардың субъектілері                                                                                                            7

  1.2 Мұрагерлік объектілері. Мұраның құрамына кірмейтін мүліктер         10          1.3 Мұрагерлік негіздері. Мұраның ашылу орны мен олардың мағынасы   11

  1.4 Юстиниан құқығындағы мұрагерлік                                                           14

  2 ӨСИЕТ БОЙЫНША ЖӘНЕ ЗАҢ БОЙЫНША МҰРАГЕРЛІК                16

  2.1 Өсиет бойынша мұрагерлік                                                                          16

  2.2 Өсиеттің күшін жоюы және оны өзгерту                                                    17

  2.3 Заң бойынша мұрагерлік                                                                              20

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                      23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР                                                                       25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстанда 1990 жылдардың басындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі, құқықтық реттеулерге де әсерін тигізбей қоймады. Еліміздегі соңғы жылдардағы оқиғалар, бүтіндей тұтас құқықтық реттеулердің, соның ішінде мұрагерлік құқықтық реттеу қажеттілігінің әлдеқашан пісіп жетілгенін байқатты. Құқықтық мемлекетімізде және ашық демократиялық қоғамымызда, азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар шеңберінің едәуір ұлғайғанын, сонымен қатар азаматтық-құқықтың жеке құқықтық институттарының көбейгенін, азаматтың жеке меншігінде болатын мүліктің саны мен құны шектелмейтінін (ҚР-ның АК-нің 191 бабының 1,2 тармақтары), сонымен қатар т.б. жағдайлардың көз алдымызда қарқынды түрде қалыптасуын байқаймыз. Осының барлығы күнделікті тіршілікте және заңда белгіленген ережелерге қарама-қайшылық туғызатыны сөзсіз.

Кез келген  қайта құру түрі, ең алдымен идеологиялық, әлеуметтік, психологиялық тәсілдер мен қағидалардан көрініс табады және көптеген сұрақтардың туындауына алып келеді. Оның бірі әрі қарай дамудың жолы қалай болмақ, қоғамдық өмірдің қайта құруы қандай мақсатта жасалмақ деген әлеуметтік-экономикалық, саяси, құқықтық-қатынастар, әдет-ғұрып, діни негіз дәстүрлері әсерінен қалыптасқан қоғам дамуының ерекшеліктерін ескерместен өмір сүре алмайды. Мемлекет экономиканы реформалау барысында монополиядан бас тартып, жеке меншікке ауысуы Қазақстанның экономикалық реформасының маңызды бағытына айналды және ол мұрагерлік құқық институтына әсерін тигізді.

Құқық нормаларының ескіруі құқық қолдану тәжірибесінде коллизияның пайда болуына әкеп соқтыратыны, сонымен қатар іс жүзінде азаматтардың мүдделерін толық көлемде жүзеге асырумен және оны қамтамасыз етуге кері әсерін тигізетіні жасырын емес. Ұзақ уақыт қолданыста болған Қазақ КСР-нің АК-сі шаруашылық үрдістерді басқарудың тоталитарлық үлгісінен нарықтық үлгісіне ауысу жағдайында жаңа уақыт талабына жауап бермейтін дәрежеге жетті. Осыған орай, Конституциямызға және бүтіндей дерлік құқық салаларына, соның ішінде мұрагерлік құқықты реттейтін заңдарға да жаңа ережелер енгізілді. Айта кететін жағдай, егер Қазақ КСР-нің АК-нің VIII «Мұрагерлік право» бөлімі 35 баптан тұрса, қазіргі ҚР-ның АК-нің VI «Мұрагерлік құқық» бөлімі 48 бапты қамтиды. Яғни, мұрагерлік құқық ережелеріне жаңа заман талабына сәйкес бірнеше жаңа баптар енгізілді.

Қазақстан Республикасы  Азаматтық Кодексінің 2010 жылғы 17 шілдедегі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген «Мұрагерлік құқықтың» 8-бөлімінің 1122 бабында «Адам­ның өсиет жасауға және оның үшін жоюға қабілеттілігі, сондай-ақ өсиеттің және оның күшін жою актісінің нысаны, егер мұра қалдырушы өсиетінде өзі азаматы болып табылатын елдің құқығын таңдамаса, мұра қалдырушының акт жасаған кезде тұрақты тұрғылықты жері болған елдің құқығы бойынша (өсиет) анықталады. Алайда өсиет не­месе оның күшін жою, егер  соңғысы акт жасалған жердің талаптарын немесе Қазақстан Республикасы құқығының талаптарын қанағаттандырса, нысанды сақтамауы салдарынан жарамсыз деп таныла  алмайды» делінген. Бұл заңдық тұжырым  туралы 1123-бапта тағы былай делінеді: «Қозғалмайтын мүлікті мұраға қалдыру осы мүлік тұрған жердегі елдің құқығы бойынша, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттік  тізілімге енгізілген мүлік -   Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады. Адамдардың өсиет жасауға немесе оның күшін жоюға қабілеттілігі, сондай-ақ соңғысының нысаны, егер аталған мүлік өсиет етіп қалдырылса, нақ сол құқықпен анық­талады». Яғни, артына мұра қалдырғысы келген еліміздің әрбір азаматы осы тұ­жырымдарды  өз кезегінде басшылыққа алуға міндетті болады.

«Мұра. Мұрагерлік құқық негіздері» атты құжатта «Мұрагерлік құқық  азаматтық құ­қықтың бір бөлігі болып табылады. Мұрагерлік құқық - қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормалар жиынтығы.  Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.  Мұра екі түрде қалдырылады: заң және өсиет бойынша. Мұра қалдырушы қайтыс болар  алдында мүлкі жайлы ешкімге өсиет етпесе немесе өсиет еткеннен кейін де мүлкі иесіз қалса, мұрагерлер заң бойынша мұраға ие болуға шақырылады».  Мұнда мұраға ие болушылардың заңмен белгіленген өз кезегі бар.

Азаматтық құқық ғылыми сол құқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепетеңдікте бола қоймайды. Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар азаматтық кодексте жоқ бөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық құқық пәні, азаматтық-құқықтық әдістеме ұғымдары, азаматтық құқық қатынастары туралы ілім тарихы, оның субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы туралы жалпы ілім, міндеттемелер туралы, интеллектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық қатынастары туралы жалпы ілім жөнінде айтсақ та жеткілікті.

Ғылым азаматтық құқықтың не екендігін зерттейді. Бұл орайда қоғамдық қатынастарды тиісінше реттейтін құралдар мен әдістерге ерекше мән беріледі. Әдіс туралы ілім ғылымда әдістеме деп аталады.

Заңгер үшін азаматтық-құқықтық жағдайлардан жол тауып шыға білуі үшін дағды керек. Мұндай дағдыларға ғылыми талдау жасау және азаматтық-құқықтық жағдайларды шешудің ғылыми әдістері жатады.

Егеменді Қазақстанның азаматтық құқық ғылыми одан әрі творчестволық дами түсуі мақсатында және алда тұрған міндеттерді орындау үшін бүгінде зор мүмкіндіктерге ие.

Азаматтық құқығында мұрагерлік құқық қатынастары үлкен маңызы бар. Мұрагерлік тікелей өзі белгіленген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі.

Мұрагерлік өсиет және заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.

Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге мұра есебінен өсиеттік бас тартуды орындауды талап ету құқығын алатын бір немесе бірнеше адамның пайдасына қандай да болсын міндеттемені орындауды жүктеуге құқылы.

Өсиеттік бас тартудың нысанасы мұраның, иеленудің құрамына кіретін заттарды бас тартылушының меншігіне, пайдалануына немесе өзге заттық құқықта беру және оған мұра құрамына кірмейтін мүлікті беру, ол үшін белгілі құқықта беру және оған мұра құрамына кірмейтін мүлікті беру, ол үшін белгілі бір жұмысты орындау, оған белгілі қызмет көрсету және т.б. болуы мүмкін.

Курстық жұмыстың мақсаты - мұрагерлік құқықпен байланысты проблемаларды талдау. Осы мақсаттан туындайтын міндеттер: мұрагерлік құқықпен байланысты Қазақстандық заңдарды және Халықаралық құқықтық реттеуді талдау, жүйелеу және зерттеу.

Мұрагерлік құқықтық қатынастар көптеген нормативті акттермен, мысалы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Азаматтық құқық негіздерімен, көптеген басқа да институттар мен шешімдермен реттеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. МҰРАГЕРЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МҰРАДАН БАС ТАРТУ

 

    1. Мұрагерлік құқықтың түсінігі мен мұрагерлік қатынастардың субъектілері

Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүліктің басқа адамға (адамдарға) - мұрагерлерге ауысуы.

Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, егер Азаматтық Кодекстің 6-бөлімінің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.

Мұрагерлік ҚР Азаматтық Кодексімен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайда өзге заң актілерімен реттеледі.

Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.

Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін.

Мұра қалдырушыны немесе мүмкін болатын мұрагерлердің біреуін қасақана өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өміріне қастандық жасалғаннан кейін өздеріне қатысты өсиет қалдырған адамдар кірмейді.

Мұра қалдырушының соңғы еркін жүзеге асыруға қасақана кедергі жасаған және сол арқылы олардың өздерін немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлікке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.

Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтірмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнінде өздеріне заң күшімен жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынща мұраны алуға құқығы жоқ.

Лайықсыз мұрагерлерді мұрагерліктен шеттетуге негіз болатын мән-жайларды сот белгілейді.

Осындағы ережелер өсиет қалдырудан бас тартуға да қолданылады. (Азаматтық Кодекстің 1057-бабы)

Осы ережелер барлық мұрагерлерге, соның ішінде міндетті үлеске құқығы бар мұрагерлерге де қолданылады.

Меншікке , оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі», -деп көрсетіліп, бекітілген. Яғни, азаматтардың мұрагерлік құқығы заң жүзінде танылады және сақталады.

Жалпы мұрагерлік  құқықтың өсиет бойынша және заңды мұрагерлік құқық мәселелеріне арналған құқықтық нормалар заң шығарушылардан дәлділікті, ой-тұжырымдарының анықтығы мен айқындығын талап етеді. Бұл әрбір азаматтың басқа да мүдделерін қорғайтын мұрагерлік ерекшелігімен байланысты.

Мұрагерлік институттың консервативтілігі соншалық, оған қандай да бір маңызды өзгерістерді қолдану мүмкін емес, себебі оны қайта қалпына келтіру қиынға соғады. Дегенмен де уақыт өз толықтыруларын енгізіп отыр, бұл өмірдің өзгеруімен, сондай-ақ адамдардың өз талаптарының өзгеруімен де байланысты. Мұндай жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерге соқтықпайынша, мұрагерлік құқық институты өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Ол барлық құқық сияқты бүтіндей жаңа уақыттың және жаңа саясаттың талаптарына жауап беруі керек. Аталған мәселелер теориялық деңгейде өңделмесе, мұрагерлік құқықтық қатынастарды реттейтін азаматтық заңдарды толық жетілдіру процесі қиындайды.

Жоғарыда айтылған мәселелер және теориядағы мұрагерлікке қатысты өзге де мәселелер, заңдар мен тәжірибелер ғылыми-теориялық зерттеулерге мұқтаж. Сонымен қатар мұрагерлік құқық институтында құқықтық реттеулерді толық жетілдіру бойынша, соның ішінде меншік құқығына ие болу және т.б. мұрагерлік құқық институтына қатысты өзге де мәселелерді өңдеу және оған баға беру керек. Мұрагерлік қатынастарды реттейтін негіздердің жүйесін  дамыту мәселелерінің мәнін түсіну қажет, сонымен қатар нотариалды және сот тәжірибесінде азаматтардың мұрагерлік  құқығын жүзеге асыру кезінде пайда болатын мәселелердің онды жолдарын табу қажет.

Демек, зерттеу жұмысының өзектілігі мұрагерлік институтын жан-жақты және терең теориялық зерттеу қажеттілігінің алдын ала анықтау, сонымен қатар осы салада пайда болған құқықтық мәселелерді кешенді шешу болып табылады.

Берілген тақырыптың маңыздылығы бойынша курстық жұмыстың мақсаты мұрагерлік құқық институтының  даму тенденциясын білу болып табылады, яғни қазіргі мемлекеттің даму кезеңі мен кеңес дәуіріндегі мұрагерлік туралы заңнамаларды салыстыру және мұрагерлік құқықтың өзекті мәселелері жан-жақты талдап зерттеледі.

 

Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:

 

- Мұрагерлік құқықтың тарихын зерттеу негізінде өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерліктің қалыптасуымен даму ерекшеліктеріне талдау жасап, олардың өзекті мәселелерін анықтау;

 

- Кез келген қайтыс болған адам «мұра қалдырушы» болмайды, яғни азаматтың тірі кезінде оған тиесілі болған мүліктің мұрагерлеріне ауысуын қарастыру;

 

- Мұрагерлік құқықтық қатынастың құрылымын саралау;

 

- Өсиет қалдырушының өсиетті құруға байланысты пайда болатын мәселелеріне талдау жүргізу,

 

- Мүліктің жеке түрлерін мұраға қалдыру ерекшеліктеріне талдау жүргізу;

 

- ҚР-ның мұрагерлік құқық туралы қазіргі қолданыстағы заңнамалар бойынша сот тәжірибесіндегі істерді саралау және оны зерттеп білу.

 

2.2 Мұрагерлік объектілері. Мұраның құрамына кірмейтін мүліктер

 

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.

Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:

 

- егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;

 

- өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы;

 

- алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;

 

- зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы;

 

- мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді.

Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін.

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиеселі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқталмайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.

 

2.3 Мұрагерлік негіздері. Мұраның ашылу орны мен олардың мағынасы

 

Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асады.

 

Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Азаматтық Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады.

Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол белгісіз болса - мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады.

 

2.4 Мұраның ашылуы, мұраны қабылдау

 

Мұраның ашылуы мұра қалдырушы адам қайтыс болғаннан кейін ашылған. Ашылған сәттен бастап, мұрагерлер шақырыла бастаған. Мұра ашылғанымен архаикалық кезеңдерде қабылданбаған мұра иесіз мүлік жағдайына теңестірілген. Бұл жағдайда кез- келген тұлға мұра ашылысымен заттарды кемінде 1 жыл аралығында иеленіп алса, меншік иесі болып саналған. Ал классикалық кезеңде «жатып қалған мұра» қайтыс болған адамның есебінде тұрған.

Мұрагер мұрасын қабылдаған кезде өз еркін тікелеі білдірумен көрсетсе, кейінгі Юстианин құқы және преторлық құқық бойынша өз жүріс-тұрысы арқылы байтқатқан.

Егер мұрагердің мұраға деген құқы танылмаса, ол мұраны қайтару туралы ерекше цивильдік талап қоюға құқы болған, мұндай талап ерекшелігіне қарай виндикациялық талапқа ұқсас болған. Егер мұраны қабылдаудан өсиет бойынша немесе заң бойынша мұрагерлер бас тартқан жағдайда онда иесіз қалған мұра болып есептелмеген. Ежелгі құқықта мұндай мүлік ешкімдікі емес, иесіз деп саналатын, яғни кез-келген тұлға ерікті түрде қабылдап алуға құқығы болған.

Мұрагерлік және оның одан кейінгі жағдайлары. Жатқан мұра. Мұра қалдырушы өлімі кезінде мұраның ашылуын мұрагерлікке ие бола алатындар, шамалап алынғандар қатыса алады. Ашылу сәтінде қатысқандар әлі мұрагерлікке ие емес.

  Мұраның ашылу және қабылдану кезеңінде «жатқан» деп аталады. Бұл мұра өзінің иесін тосып жатқан затқа ұқсайды.

Қазақстан Республикасының АК-нің 118-бабының 1-3-бөлімдеріне және 155-бабының 1-бөлімдеріне сай, қозғалмайтын заттарға меншiк құқығы мен басқа да құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттiк тiркелуге тиiс. Меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы, оралымды басқару құқығы, бiр жылдан астам мерзiмге жер пайдалану құқығы, бiр жылдан астам мерзiмге пайдалану құқығы, жылжымайтын мүлiктi кепiлге беру, жылжымайтын мүлiкке рента, сенiм бiлдiру арқылы басқару құқығы мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап пайда болады. Егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік немесе өзге де тіркелуге тиіс мәмілелер тіркелгеннен кейін жасалған болып есептеледі. Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде ресімделуге тиіс және заңнама талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады.

 Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 71-бабына сай, нотариус заң бойынша мұраға құқық туралы куәлiк берген кезде тиiстi айғақтарды талап ету арқылы мұра қалдырушының қайтыс болу фактiсiн, мұраның ашылған уақыты мен жерiн, мұраға құқық туралы куәлiктiң берiлуi жөнiнде өтiнiш берушi адамдарды заң бойынша мұраны иелену үшiн негiз болып табылатын қатынастардың болуын, мұралық мүлiктiң құрамы мен тұрған орнын тексередi. Егер заң бойынша бiр немесе бiрнеше мұрагердiң мұраны иеленуге тарту үшiн негiз болып табылатын айғақтарды табыс етуге мүмкiндiгi болмаған жағдайда, олар мұраны қабылдаған және мұндай айғақтарды табыс еткен басқа мұрагерлердiң бәрiнiң келiсiмiмен мұраға құқық туралы куәлiкке енгiзiлуi мүмкiн.

    

1042-бап. Мұраның ашылуы

       1. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.

      2. Мұра қалдырушының қайтыс болған күнi, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешiмiнде басқа күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi күшiне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

      3. Егер бiрiнен кейiн бiрi мұрагер болуға құқылы адамдар бiр күнде қайтыс болса, олар бiр мезгiлде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысынан кейiн мұрагерлiк ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлерi мұрагерлiкке шақырылады. 

 

       1043-бап. Мұраның ашылу орны

       Мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса - мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады.

2.4 Юстиниан құқығындағы мұрагерлік

 

Юстиниан бойынша мұрагерлік тәртібі оның новеллаларында көрсетілген. Оларда бірінші класс мұрагерлері: ұлдары, қыздары, немелері т.т. Жақын дәрежедегілер қашық дәрежедегілерді ығыстырады. Мысалы, балалары болса, немерелер мұраға ие бола алмайды. Егер мұра беруші өлімі кезінде оның балалары, немелері аман болса, онда немерелері әке, шешесімен қалған аталарының мұрасына ие болады. Мұндай мұра иемдену түрін - мұра иемденудің таныстыру құқығы арқылы қолданылатын түрі.

Белгілі бір адам мұрагер бола тұра ол тек тиісті құқыққа ие болады және өсиет қалдырушының міндеттеріне жауап беруші болып саналады. Ал, иегер мұараның көп бөлігі қарыздардан тұрса да, мұрагердің мұраны қабылдауы тиіс.

Юстиниан құқығында егер мұрагер заңгерлердің көмегімен мұраға қалдырылған мүліктің бағасын құнын (инвентарын) шығарса онда оның мұраның кредиторларының алдындағы міндеті азаяды. Бұл жеңілдік “benefi cium inventarii” -деп аталатын және мұраның бағалануы және инвентары мұрагердің мұра ашылғаны туралы білгеннен бастап, 3-ай ішінде жасалуы тиіс.

Benefi cium inventarii - тек егер мұрагердің өз мүлікі арқылы өсиет қалдырушының қарыздарының төлеу қауіпі төнгенде ғана іске асатын немесе қолданылатын. Бірақ жағдай басқаша болуы мүмкін: Мұрада актив пассивтен көп бірақ мұрагердің өз қарыздары жетеді. Мұндай жағдайда қабыл алынған мұра өсиет қалдырушымен мұрагердің қарыздарының тоғысуына алып келеді. Ал, өсиет қалдырушының кредиторлары өздерінің қарыздарын қосылған мүліктің талап етуіне болатын. Мұрагердің қарызынның көптігіне байланысты өсиет қалдырушының кредиторларына өздерінің қарыздарының қайтпау қауіпі төнеді.

Мұраның кредиторларының мүддесін қорғау үшін преторлық эдиктпен beeficiumseparationis яғни, бөліну жеңілдігі бекітілді. Бұл жеңілдік бойынша мұраға қалған мүлік мұрагердің мүлкінен бөлінетін және бірінші кезекте мұраға қалған мүлік кредиторлардың арызын беруге жұмсалатын. Ал, сонан соң легатарилердің мүліктерін қайтаруға жұмсалатын. Егер осы шарттардың барлығы орындалып болған соң мұраға қалған мүліктен қалдық қалса, мұрагердің кредиторларының қарызын қанағаттандыруға жұмсалады. Мұраны қабылдап алу мұрагермен өсиет қалдырушының арасында болған сервитуттарды, олардың арасындағы қарыздарды жойып жіберетін. Өйткені, рим құқығы бойынша бір тұлғаның өзіне қарызы немесе өзінің мүлкіне деген сервитуты болуы мүмкін емес еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨСИЕТ БОЙЫНША ЖӘНЕ ЗАҢ БОЙЫНША МҰРАГЕРЛІК

 

2.1 Өсиет бойынша мұрагерлік

 

       Мұрагерлік құқық азаматтық құқыктың бір бөлігі болып табылады. Мұрагерлік құқық - қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады.

       Мұра екі түрде қалдырылады: заң және өсиет бойынша.

       Мұра қалдырушы қайтыс болар алдында мүлкі жайлы ешкімге өсиет етпесе немесе өсиет еткеннен кейін де мүлік иесіз қалса, мұрагерлер заң бойынша мұраға ие болуға шақырылады.

        Мұрага ие болудың кезектері:

1. Бірінші кезекте, мұраға тең үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның ішінде қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы ие болады.

2. Заң бойынша мүрагер болу құқығын, екінші кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының ата-анасы бір, ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесі алады.

3. Үшінші кезекте, тең үлеспен мұра қалдырушының туған немере ағалары мен апалары алады. Туыстық дәрежесінің жақындығы ортақ ата-бабасының туу саны негізінде анықталады. Әрбір дүниеге келу бір ата (бір туыстық) дәрежесі деп аталады. Жалпы АК 1064-1068 баптары бойынша мұраға ие болу кезегі жетіге дейін болуы мүмкін. Мұрагерлік кезінде, бір жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екінші жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңеледі және т. с. с. Жақын туыстар деп ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек емес ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, аға-қарындастар, ата, әже немерелерді айтуға болады.

       Әр азамат тірісінде өз дүние-мүлкін кімге болса да мұра етіп қалдыра алады. Өсиет бойынша мұрагерлік дегеніміз - заңда көрсетілген ретпен жасалған азаматтың өз дүние мүлкін кімге қалдыру жөніндегі тірі кезінде жасалған ерікті тапсырмасы. Өсиет жазбаша түрде жасалады. Оны нотариалдық кеңсе немесе жергілікті әкімшілік растайды. Өсиет қағазына мұра қалдырушы қол қояды. Егер халінің нашар болуына немесе басқа себептермен өсиетке қол қоя алмайтын болса, ол үшін басқа адам қол қояды, бірақ бұл кезде оның жанында нотариус немесе басқа лауазымды адам болуға тиіс. Әрекет қабілеттілігі жоқ адам, болмаса өз әрекетінің мәнін түсінбейтін адам өсиет қағазына қол қоя алмайды. Мұра қалдырушы өз өсиетін өзгертуге де, жоюға да ерікті және кейінгі жасаған өсиет қағазы алдыңғыларын жоққа шығаралады.

 

2.2 Өсиеттің күшін жоюы және оны өзгерту

 

        Өсиет бойынша мұрагерлер мыналар болуы мүмкін: 1) заңға сай мұрагерлер; 2) заң бойынша мұрагерлікке кірмейтін бөтен адамдар; 3) мемлекет пен жеке үйымдар.

        Мұра ашылғаннан кейін заңда көрсетілген мерзім ішінде (6 ай, Азаматтық Кодекс 1063-бап) мұрагер ол мұраны қабылдай алады.

Өсиет бойынша мұрагерлік - азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады. Өсиетті оны жасаған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат жасайды. Азамат өзінің барлық, мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады. Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді Өсиет қалдырушы себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлер біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру оның ұсынылу қүкығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына қолданылмайды. Мұра калдырушы өзінің кез келген мүлкі, онын ішінде болашакта сатып алуы мүмкін мүлкі туралы да әкімі бар өсиет жасауға құқылы. Өсиет қалдырушы мұрагерлердін мұрадағы үлесін кез келген түрде белгілеуі мүмкін, әр түрлі мүлікке қатысты бір немесе бірнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкіне немесе оның қандай да бір бөлігіне билік ете алады. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уакытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудін себебін көрсетуге міндетті емес. Мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік ету міндетін жүктеуге құқығы жоқ.

Өсиет жазбаша түрде жасалады.  Ол нотариалдық кеңсе немесе жергілікті әкімшілікпен расталуы тиіс. ҚР Азаматтық  кодексінің 1051- бабының 1-3 - тармақтарына сәйкес нотариалды түрде куәландырылған өсиетті өсиет қалдырушының өзі немесе  өсиет қалдырушының айтуымен куәнің қатысуы арқылы нотариус жазуы тиіс. Өсиет қалдырушының айтуы бойынша нотариус жазған өсиетті  қол қойылғанға дейін нотариус пен куәнің  қатысуы арқылы өсиет қалдырушы толық оқып шығуға қажет. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетті өзі оқи алмайтын болса, ол үшін оның мәтінін нотариустың қатысуымен куә оқып береді. Өсиет қалдырушының өсиетті өзі оқи алмауының себептері  көрсетіліп, бұл туралы өсиетте тіисті жазба жасалады.  Егер нотариалды түрде куәландырылған өсиет куәнің қатысуымен жасалса, өсиетте куәнің тегі, аты және тұрақты тұратын жері көрсетіледі. Осындай мәліметтер өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға да қатысты  енгізілуі тиіс. Өйткені өсиет қағазына мұра қалдырушы қол қояды. Белгілі себептермен өсиетке қол қоя алмайтын болса, ол үшін басқа адам қол қояды, бірақ бұл кезде оның жанында нотариус немесе басқа лауазымды адам болуға тиіс. Егер мысал келтіретін болсақ, К. деген азамат пәтерін өзімен бірге тұратын әйелге өсиет арқылы қалдырған. Бірақ оның бірінші некеден туған балалары әкелері қайтыс болғаннан кейін  бұл өсиетпен келіспей сотқа жүгінген. ҚР Азаматтық кодексінің 1050 бабына сәйкес өсиетке өсиет қалдырушының өзі қол қояды. Жоғарыда айтқанымыздай, өсиет қалдырушы денсаулығына байланысты қол қоя алмайтын болса, оның өтініші бойынша нотариустың немесе өсиетті куә­ландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауның себебін көрсете отырып, басқа азматтың қол қоюы мүмкін. Бірақ өсиет қал­дырушының орнына өз пайдасына өсиет жазылып отырған адам, оның зайыбы, балалары, ата-аналары, немерелері мен шөберелері, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлері қол қоя аламайды. Сот барысында азамат К-ның бірге тұрған және өз пайдасына өсиет жазылған әйелдің қызы қол қойғаны анықталады. Осы­лайша өсиет жарамсыз деп танылды.

Мұрагерліктің түсінігі және мұрадан бас тарту