Мұрагерлік құқығы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Қазақстан
Республикасы Азаматтық
Қоғамдық өмірдің
түпкілікті ауысуы біздің
Кеңес заманындағы мұрагерлік құқық - Рим құқығының негізінде жасалған, жақсы дамыған институт. Бірақ көне мүліктік жүйеде көптеген мәселелер өз шешімін таппады. Ал жаңа заңдағы бекітілген ережелер сол мәселелерді қайта көтеріп, жаңа проблемаларды туындатты.
Курстық жұмыстың мақсаты-
Мұрагерлік құқықтық
қатынастар көптеген
Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер
Мұрагерлік түсінігі және мазмұны
Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.
Мұрагерлік түсінігін
анықтаған кезде келесі
- құқықтар мен міндеттер мұра қалдырушыдан мұрагерге құқық мирасқорлығы арқылы өтеді;
- азаматтық кодексте тыйым салынған құқықтар мен міндеттерден басқа барлық құқықтар мен міндеттер мұрагерге өтеді;
- мұраны қалдыру ережесі, мерзімі және т. б. мұраны қалдырған кездегі заңмен реттеледі.
Мұрагерлік құқық түсінігі
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 6 бөлімі «Мұрагерлік құқық» деп аталған. Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Пленумының шешімінде «мұралық» термині қолданылды. Көптеген әдебиеттерде және тәжірибеде бұл екі термин синоним сияқты қолданылады. Іс жүзінде бұл екі термин әртүрлі. Мұралық құқығы - сол тұлғаның субъективті құқығы. Мұрагерлік құқық-мұра мирасқорлығымен байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабының 2 тармағында «мүлекке және мұралыққа заң кепіл береді» делінген.
Мұрагерліктің маңызы
Мұрагерліктің маңызын айтқан кезде, оны жалпы адамзат өмір сүрүінің бір мақсатына жатқызу керек. Мысалы қайтыс болған азаматтың құқықтары мен міндеттері мұрагерлік бойынша ешкімге өтпесе қандай салдарға әкелер еді?
- Мұрагерлік ешкімге өтпесе, сол тұлғаның жақын адамдарына кері әсер етер еді, өйткені олар өмір сүруге қаражаттары болмаушы еді. Жинаған қаражатымен не істейтінін білмеген адамдардың іскери белсенділігі төмендеуші еді
- Бұл көптеген акционерлік қоғамдардың, банктердің, сақтандыру компаниялардың және т. б. күйреуіне әкелер еді. Егер өз істерін құрып, кейіннен сенімді қолға бере алмаса істі қандай мақсатпен жүргізеді.
- Қайтыс болған азаматтың кредиторлары өз талаптарын кімге қоятындарын білмейтін еді.
Адам бүкіл
өмірі бойына жұмыс істеп, өз
мүлкін жақын адамдарына
Мұрагерлік құқықтың негізгі түсініктері
Мұра мирасқорлығы
Әдебиеттерде мұрагерлік туралы бірнеше пікір бар:
- Заң белгілеген ережелер бойынша қайтыс болған азаматтың (мұра қалдырушы) мүліктік құқықтары және міндеттерінің басқа адамға (адамдарға) мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Бірақ бұл мүлік емес құқықтар мен міндеттерге қатысты. Сондықтан мұраның құрамына үй емес үйге құқық, автомобиль емес автомобильге құқық кіреді.
- Н. Д. Егоров бойынша мұрагерлік бұл құқықтардың өтуі емес, объектілердің өтуі. Бірақ құқық бойынша тек мүлік емес құқықтар мен міндеттер де өтеді. Осы пікірді кеңес әдебиеттерінде В. И. Серебровскийдің еңбектерінде кездестіруге болады.
- Ю. Н. Власовтың пікірінше мұрагерлік қайтыс болған азамат мүлкінің мұрагерге немесе мұрагерлерге өтуі. Мұрагерге барлық құқықтар мен міндеттер өтуі тиіс.
Мұрагерліктің негіздері
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 1039 бабына сәйкес мұрагерліктің негіздері заң бойынша немесе өсиет болып табылады. Әлемдік тәжірибеде басқа мұрагерлік негіз жоқ. Заң бойынша мұрагергерлік өсиет болмаса ғана жүзеге асырылады. Ал тәжірибеде заң бойынша мұрагерлік өсиеттен жиі кездеседі. Кейде мұрагерлік заң бойынша да, өсиет бойынша да өтеді. Мысалы, мұра қалдырушы өсиетінде өз қызына пәтерін қалдыратынын жазады, ал басқа мүліктер туралы жазбайды. Сонда пәтер өсиет бойынша өтеді де, басқа мүліктер заң бойынша өтеді. Өсиет немесе заң бойынша мүлікті мұра ету үшін бірқатар заңды фактілер қажет. Заң бойынша мұрагерлікке кем дегенде екі факт керек. Біріншіден, мұраны қабылдайтын тұлға заң бойынша мұрагерлердің қатарында болу керек, екіншіден мұра ашылу керек. Өсиет бойынша мұра қалдырушы өз өсиетінде мүлікті кімге қалдыратынын көрсетеді. Сондықтан, өсиет жоқ болса да, бар болса да, оның мазмұнына қарамастан мұрагерлік заңда қарастырылған фактілер бар жағдайда ғана жүзеге асады.
Мұра дегеніміз мұра қалдырушыдан мұрагерге құқық мирасқорлығы тәртібінде өтетін мүлік. Мұра түсінігін анықтау үшін мұрагерлерге немене және қалай өтеді деген сұраққа жауап беру керек. Мұрагерліктің жалпы ережесі қиын емес. Мұра қалдырушының барлық мүліктік құқықтары мен міндеттері мұрагерге өтеді. Мұра құрамына кейбір ерекше жағдайлардан басқа бар мүліктік құқықтары мен міндеттері кіреді. Мұрагерліктің келесі өзгешеліктерін бөліп көрсету қажет:
- біріншіден, мұра не мұралық мүлік құрамына қайтыс болған азаматтың құқықтары (актив) мен қарыздары (пассив) кіреді.
- екіншіден, мұрагерлік бойынша тек мұра қалдырушы тірі кезінде иеленген құқықтар ғана өтеді. Сондықтан мұра қалдырушы тірі кезінде ие болмаған, ол қайтыс болған кезде пайда болған құқықтар мұра құрамына енбейді. Мысалы өз жанұясының пайдасына жасалған өмірді сақтандыру шарты. Бұл мұрагерлік мирасқорлығы емес, өйткені сақтандыру ақшасын алу мұра қалдырушы қайтыс болған жағдайда ғана беріледі. Осындай жағдайларда мұрагер мұра қалдырушы иеленбеген құқықтарға ие болады.
- үшіншіден, мұра қалдырушының кейбір құқықтары мен міндеттері өз табиғатына байланысты мұрагерлерге өте алмайды. Мұрагерлік мүліктің құрамына жеке сипаттағы құқықтар мен міндеттер кірмейді. Ең алдымен, бұл алименттік құқықтар мен міндеттер, пәтерді пайдалану құқы, қоғамдық мекемеде және т. б. мүшелік құқы.
- төртіншіден, мұрагерге өтетін кейбір құқықтар мен міндеттер заң бойынша өтпеуі мүмкін.
- бесіншіден, мұрагерлік бойынша тек мүліктік ғана емес, мүліктік емес мазмұны бар құқықтар мен міндеттер өтеді. Мұрагерлік бойынша атқа ие болу құқығы, авторлық құқық өтпейді.
Мұраның құрамы
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді. Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына құқықтар мен міндеттер:
- егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы;
- өміріне немесе денсаулығына келтірілген қиянды өтеу құқығы;
- алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер;
- зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы;
- мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді.
Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін.
Мұраның ашылу орны және уақыты
Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады. Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуға құқылы адамдар бір күнде қайтыс болса олар бір мезлілде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлікке шақырылады. Мысалы, белгілі бір апатта азаматты қайтыс болды деп жариялағанда, сот қайтыс болу күні деп, апат болған күнді бекітеді.
Мұраны қалдыру
уақыты дегеніміз не? Сот шешімінде
көрсетілген күн мен сол
Мұраны ашу
уақыты өте маңызды, өйткені
онымен келесі анықтамалар
- мұрагерлік мүліктің құрамы;
- мұраны қалдыру не мұрадан бас тарту мерзімі;
- кредиторлардың талап қою уақыты;
- мұрагерлердің мұрагерлік мүлікке ие болу құқығының пайда болу уақыты;
- мұрагерлік құқы куәлігін беру уақыты;
- негізге алынатын заңдар.
Мұраны
ашу жері мұра қалдырушының
соңғы тұрған жері болып
Мұра қалдырушы Мұра қалдырушы (Қазақстан Республикасының, шет ел немесе азматтығы жоқ тұлға) қайтыс болғаннан кейін мүлкі мұрагерлік тәртіп бойынша басқа тұлғаларға өтетін жеке тұлға. Егер мұра қалдырушы азамат заңды түрде өз мүлкін қалай бөлетінін жазса, өсиетші болып табылады. Ал мүлкі туралы жазған документ өсиет деп аталады. Мұрагерлікте заңды мұрагерлер және өсиет бойынша мұрагерлер болады. Заңды тұлғадан мұра алу мүмкін емес, сондықтан заңды тұлға мұра қалдырушы бола алмайды.
Мұрагерлер Қайтыс болған азамат мүлкі өтетін тұлға мұрагер деп саналады. Заңды мұрагерлердің қатарын заң бекітеді де, өсиет бойынша мұрагерлердің қатарын өсиет белгілейді. Азаматтар сияқты заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы, шет елдер, халықарлық ұйымдар мұрагер бола алады. Мұра қалдырушы қайтыс болған уақытта тірі болған әрбір азамат мұрагер бола алады.
Мұра ашылған кезде тiрi жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тiрi кезiнде iште қалған және мұра ашылғаннан кейiн тiрi туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады.
Мұра ашылғанға дейiн құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкiн. Кейбір жағдайларда мұрадан лайықсыз мұрагерлер шеттетіледі:
1. Мұра қалдырушыны немесе
2. Мұра қалдырушының соңғы еркiн жүзеге асыруға қасақана кедергi жасаған және сол арқылы олардың өздерiн немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлiкке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.
3. Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтiрмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнiнде өздерiне заң күшiмен жүктелген мiндеттердi орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға құқығы жоқ.
4. Лайықсыз мұрагерлердi
Осы ережелер барлық мұрагерлерге, соның iшiнде міндеттi үлеске құқығы бар мұрагерлерге де қолданылады.
Өсиет бойынша мұрагерлікте мұрагерлердi қосымша тағайындау да кездеседі.
Өсиет қалдырушы өсиетте көрсетiлген мұрагер мұра ашылғанға дейiн қайтыс болған, оны қабылдамаған не одан бас тартқан, сондай-ақ мұрагер мұра қалдырушының заңды талаптарын өсиет бойынша орындамаған жағдайда, басқа мұрагерлер тағайындалады.
Мұрагер бола алатын кез
келген адам қосымша
Өсиет бойынша мұрагерлік
Азаматтың ол қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады. Азамат өзінің барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады. Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді. Өсиет қалдырушы себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлердің біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру оның ұсынылу құқығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына қолданылмайды.
Мұра қалдырушы кез келген мүлік туралы өкімді қамтитын өсиет жасауға құқылы. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уақытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті жіне күшін жоюдың немесе өзгертудің себебін көрсетуге міндетті емес. Мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға,олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік ету міндетін жүктеуге құқығы жоқ.
Өсиеттің нысаны
Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс. Нотариатта куәландырылған өсиетттер; нотариатта куәландырылғандарға теңестірілетін өсиеттер тиісінше ресімделген болып танылады.
Өсиетке өсиет қалдырушының өзі қол қоюы қажет. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қоя алмауының себебін көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкін. Өсиетті жазу, оған қол қою немесе куәландыру кезінде куәлар қатысуға тиіс болған жағдайларда:
- нотариус немесе өсиетті куәландыратын өзге адам;
- пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелері мен шөберелері, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлері;
- толық әрекетке қабілеттілігін иеленбейтін азаматтар;
- сауатсыз және өсиетті оқуға қабілетсіз басқа да адамдар;
- жалған жауап бергені үшін соттылығы бар адамдар куә бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды.
Талап қойылған өсиет
Өсиет қалдырушы мұрагер мiнез-құлқының сипатына қатысты мұра алуды белгiлi бiр талаппен байланыстыруға құқылы. Мұрагер тағайындау немесе мұра алу құқығынан айыру туралы өкiмге енгiзiлген заңға қарсы талаптар жарамсыз болады. Өсиетке енгiзiлген мұрагердiң денсаулық жағдайы бойынша немесе өзге де объективтi себептерге байланысты мұрагер үшiн орындалмайтын талаптар мұрагердiң талап қоюы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгiне мұрагерлiк
Мүлiктiң өсиет етiлмей қалған бөлiгi Азаматтық Кодекстiң 1061-1066-баптарындағы тәртiппен мұрагерлiкке шақырылған мұрагерлер арасында заң бойынша бөлiнедi. Бұл мұрагерлердiң қатарына заң бойынша мүлiктiң басқа бөлiгi өсиет арқылы қалдырылған мұрагерлер де кiредi.
Нотариатта куәландырылған өсиет
Нотариатта
куәландырылған өсиеттi өсиет қалдырушы
жазуы керек не өсиет
Егер нотариат
куәландырған өсиет куәның
Құпия өсиет, оның жарамсыз болып қалу қаупiмен, өсиет қалдырушының өз қолымен жазылуға және қолы қойылуға, екi куәның және нотариустың қатысуымен куәлар қол қоятын конвертке салынып, желiмденуге тиiс. Куәлар қол қойған конверт куәлардың және нотариустың қатысуымен, нотариус куәландырып қол қоятын басқа конвертке салынып желiмденедi. Нотариус жоқ елдi мекендерде тұратын адамдардың өсиетiн заң актiлерiнде нотариат әрекеттерiн жасауға уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдар куәландырады.
Нотариата куәландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер
Нотариатта куәландырылған өсиеттерге: 1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнде емделiп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлерде тұратын азаматтардың осы ауруханалардың, санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнiң бас дәрiгерлерi және кезекшi дәрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен мүгедектерге арналған үйлердiң директорлары, бас дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi; 2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлердiң және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың медицина бөлiмi жөнiндегi орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi; 3) жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының жалауымен теңiз кемелерiнде немесе iшкi жүзу кемелерiнде жүрген азаматтардың осы кемелердiң капитандары куәландырған өсиеттерi; 4) барлау және басқа да экспедицияда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың бастықтары куәландырған өсиеттерi; 5) нотариустары және нотариат әрекеттерiн жасау¬а уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдары жоқ әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, әскери-оқу орындарының орналасқан мекендерiндегi әскери қызметшiлердiң өсиеттерi, сондай-ақ осы бөлiмдерде жұмыс iстейтiн жай адамдардың, олардың отбасы мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң де әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелер мен оқу орындарының командирлерi (бастықтары) куәландырған өсиеттерi; 6) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттерi теңестiрiледi. Жоғарыда бірінші тізімде келтiрiлген лауазымды адамдар куәландырылған өсиеттiң бiр данасын нотариат туралы заңдарға сәйкес нотариустың сақтауына беруге мiндеттi. Өсиеттiң нотариатта куәландырылуы туралы талаптарды қоспағанда, мұндай өсиеттердiң өзгелерiне тиiсiнше Азаматтық Кодекстiң 1051-бабының ережелерi қолданылады.
Өсиеттiң күшiн жою және оны өзгерту
Өсиет қалдырушы өзi жасаған өсиеттiң кез келген уақытта күшiн жоюға немесе оны өзгертуге құқылы. Өсиеттiң күшi: 1)нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң толық күшiн жою туралы өтiнiш беру; 2) жаңа өсиет жасау жолымен жойылуы мүмкiн. Нотариат кеңсесiне бұрын өзi жасаған өсиеттiң белгiлi бiр бөлiгiн өзгерту туралы өтiнiш беру; бұрын жасалған өсиетті бөлiктерi бойынша өзгертетiн жаңа өсиет жасау жолымен өзгертiлуi мүмкiн. Бұрын жасалып, кейiнгi өсиет арқылы толық немесе iшiнара күшi жойылған өсиет, егер өсиет қалдырушы өз кезегiнде соңғысының күшiн жойса немесе өзгертсе, қалпына келтiрiлмейдi.
Өсиеттiң құпиясы
Нотариустың, өсиеттi куәландыратын
басқа адамның, куәлардың,
Өсиетке түсiнiк беру
Нотариус,
өсиеттi орындаушы немесе сот
өсиетке түсiнiк берген кезде
ондағы сөздер мен
Өсиеттiң жарамсыздығы
Тиiстi нысанда жасалмаған
өсиет жарамсыз болады. Өсиеттiң
жарамсыздығы Азаматтық
Өсиеттiк бас тарту (легат)
Өсиет
қалдырушы өсиет бойынша
Жүктеу
Өсиет
қалдырушы өсиет бойынша
Өсиеттiң орындалуы
Өсиет қалдырушы өсиеттi орындауды мұрагер болып табылмайтын, өсиетте өзi көрсеткен адамға (өсиеттi орындаушыға), өсиет жүктелген өкiлге тапсыра алады. Бұл адамның өсиеттi орындаушы болуға келiсiмi оның не өсиеттiң өзiне өз қолымен жазған жазбада не өсиетке қоса берiлген өтiнiште көрсетiлуге тиiс. Егер өсиетте оның орындаушысы көрсетiлмесе, мұрагерлер өзара келiсiм бойынша өсиеттi орындауды мұрагерлердiң бiрiне не басқа адамға тапсыруға құқылы. Мұндай келiсiмге қол жетпеген жағдайда бiр немесе бiрнеше мұрагердiң талап етуiмен өсиеттi орындаушыны сот тағайындауы мүмкiн. Өсиеттi орындаушы өсиет бойынша мұрагерлердi бұл жөнiнде күнi бұрын хабардар етiп, өзiне өсиет қалдырушы жүктеген мiндеттердi атқарудан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Өсиеттi орындаушы өз мiндеттерiнен мұрагерлердiң арызымен соттың шешiмi бойынша да босатылуы мүмкiн. Өсиеттi орындаушы: 1) мұраны қорғауды және оны басқаруды жүзеге асыруға; 2) мұраның өз пайдасына ашылуы туралы барлық мұрагерлер мен бас тартылушыларды хабардар ету үшiн мүмкiн болған барлық шараларды қолдануға; 3) мұра қалдырушыға тиесiлi ақша сомасын алуға; 4) мұра қалдырушының еркi мен заң актiлерiне сәйкес мұрагерлерге өздерiне тиесiлi мүлiктi беруге; 5) мұрагерлердiң оларға жүктелген өсиеттiк бас тартуды орындауын қамтамасыз етуге (Азаматтық Кодекстiң 1057-бабы); 6) өсиеттiк жүктеудi атқаруға не өсиет бойынша мұрагерлерден өсиеттiк жүктеудi атқаруды талап етуге (Азаматтық Кодекстiң 1058-бабы); 7) мұраны борыштардан тазартуға тиiс. Өсиеттi орындаушы өз атынан сот iстерiне және мұраны басқару мен өсиеттi орындауға байланысты басқа iстерге араласуға құқылы, сондай-ақ мұндай iстерге қатысуға тартылуы мүмкiн. Өсиеттi орындаушы мұраны борыштардан тазарту, мұра қалдырушыға тиесiлi сомаларды өндiрiп алу және барлық мұрагерлердiң мұраны иеленуге кiрiсуi үшiн қажеттi қисынды мерзiм iшiнде өз қызметiн жүзеге асырады. Өсиеттi орындаушының мұраны басқару мен өсиеттi орындау жөнiндегi қажеттi шығындарды мұраның есебiнен өтеуге құқығы бар. Өсиетте өсиеттi орындаушыға мұраның есебiнен сыйақы төлеу көзделуi мүмкiн. Өсиет орындалғаннан кейiн өсиеттi орындаушы мұрагерлерге олардың талап етуi бойынша есеп беруге мiндеттi.

- Мұрагерлік құқық
- Мұрагерліктің түсінігі және мұрадан бас тарту
- Мұраға құқық туралы куәлік беру тәртібі
- Мұрағаттық қор шегінде мұрағаттықұйымдастыру тәртібі
- Мұсылман құқығы
- Мұсылман құқығы
- Мұсылман құқығы ғылымының тараулары
- Мұнай мен газ
- Мұнай мен газдың қазіргі дәуірдегі маңызы
- Мұнай Өнеркәсібі
- Мұнай өңдеу заводтарының ағынды сулардың аппаратуралық схемасы
- Мұнай өңдеу процесіндегі ректификациялық колонналар және олардың есебі
- Мұнаралы кран
- Мұнаралы крандар туралы жалпы мәліметтер