Мұсылман құқығы. 2

Кіріспе

      Еркек пен әйелдің бас қосып, шаңырақ құруы – отбасының салт-дәстүрлік негізін қалап, оны жүйелеп, ұрпақтан – ұрпаққа аманат етіп қалдырған. Сол бойынша үйдегі адамдардың өзіндік орыны мен атқаратын қызметі, отбасы үшін жауапкершілігі бар. Егерде ол орындалмайтын немесе бұзылатын болса, отбасының берекесі кетеді, оны күйреуге әкеліп соқтырады. Ал мұны болдырмаудың сара жолы – жұптық жарасым, өзара түсіністік пен сыйластық. 
Қазақ отбасында ер мен әйел – шаңырақтың негізгі іргетасы. Бұл іргетас үйленумен қаланып, нығаяды. Адам баласы жан дүниесі аңсаған рахат пен татулық, бейбіт өмірді, ең шынайы сүйіспеншілік пен мейірімділік ыстық сезімдерді ана құшағы мен әке шаңырағынан табады, өзінің адамгершілік қасиетін, абыройын, намысын үйленіп, үй болу арқылы айрықша жар-қырата көрсетіп, айрықша қамқорлықпен қорғай алады. 
Отбасы жауапкершілігі үйленген еркек пен әйелдің бірінің алдындағы бірінің парызы мен қарызын бұлжытпай орындаудан басталады. Бұл орайда М.А.Каньян былай дейді: «... Негізінде «қол ұстасу» деген күйеу жігіттің өз жарын қолынан ұстап үйіне алып келуін білдіреді. Бұл жұбайлық өмірдің басы. Сондай-ақ, бұл «жыныстық қатынас» дегенді білдіретін бейнелі сөз ретінде де пайдаланылады. Біз бұл жерде ерлі-зайыпты екі кісінің әрқайсысына жүктелетін ма- ңызды істерді баяндау үшін осы екі мағынаны да қатар қолданып отырмыз. 
Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады. Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім – орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты.Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.

 

  1. Мұсылман құқығы
    1.   Ислам дінінде отбасының маңыздылығы.

Отбасы - қоғамның өте маңызды, адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкелетін әлеуметтік құрылымының негізі. Өйткені қоғамның дұрысталуы да, бұзылуы да осы отбасы жағдайымен тығыз байланысыты. Отбасы – неке мен туыстық сезімге негізделген одақ, тұрмыстық бірлік, өзара жауапкершілік пен қолдауға, басқалармен үйлесімді өмір сүруге үйрететін әлеуметтік өмір мектебі. Сондықтан ислам отбасы мәселесіне қатты көңіл бөледі. Бұл қамқорлықты Исламның отбасыға арнаған заңдарынан байқауға болады.

Отбасы қоғам құрылысының  алғаш қойылатын кірпіші іспеттес.

   Ислам отбасыны  мықты іргетастың үстіне орнатуды  көздейді. Бұл мақсаттың жүзеге  асуы үшін Ислам шариғатты  отбасыға қатысты заңдарды егжей-тегжейлі  баяндауды жөн көрді. Некелесудің  шарттарын, ерлі зайыптылардың  бір бірінің алдындағы міндеттерінің  кімге қатысты екенін, мұрагерлік  құқығын, ажырасуға қатысты екенін,ережелерді  белгіледі.

  Отбасы қашан да  некелесуден басталады. Неке арабша  “никаһ” – іс жүзінде ерлі  зайыптылық қатынасқа көшу, бүкіл  үйлену салтанатының қорытынды  сатысы. Сөз жүзінде мұнан көп  бұрын келісім жасасада, тек неелесуден  кейін нақты әрі заңды түрде  іске асады.

Г. Керимов: « Брак- это заключение договора, по которому женщина перестает быть посторонней, запретной для мужчины, с которым она вступила в брачный союз. Одного согласия мужчины и женщины недостаточно для бракосочетания.  Как для постоянного6 так и для временного брака требуется прочитать формулу бракосочитания » /1.93b./ -

деп анықтама береді.

Шариат некелесуге қатаң  әрі жауапты қарап, оның терең  дәрежеде болғанын қадағалайды. Адамзат  баласының ұрпақ өсіргенін қолдап, тіпті іске жарамсыз мүгедек болса  да некелесуге рұқсат етеді.

  Некелесуден туындайтын  міндеттемелер. Ері де, әйелі де  некелескеннен кейін тең құқықты  болып саналады әрі осыған  орай міндеттер де жүктеледі.

Некелесу отбасы құруға және ұрпақ қалдыруға арналған табиғи жол. Пайғамбарымыз отбасы құру туралы: « Әй, жастар тобы! Сендерден кімнің отбасын асырауға шамасы жетсе, онда дереу үйленсін. Өйткені үйлену - көзді арамнан сақтаудың , мүшені пәк ұстаудың ең тиімді жолы. Ал, кімде - кімнің үйленуге шамасы жетпесе, ораза ұстасын. Өйткені ораза  (оған жаман ойдан берілуден)  қалқан болады » ,- деген.

 Мұсылман ғұламалары  бұл хадистің негізінде зинақорлыққа  түсіп кету қаупі төніп тұрған  кісінің үйленуі міндетті деген  шешім шығырған.

Отбасы қоғамдағы маңыздылығы  өте зор болғандықтан, Ислам оны  мығым негіздерінің үстіне тұрғызды.

Олар:

1. Біртектілік. Отбасының  мүшелерінің тегі - біреу, отбасының  тамыры болған ер мен әйелдің  түп атасы - Адам (ғ.с) Бұл жайлы  Құранда: «Әй, адамдар! Сендерді  бір адамнан жаратқан Раббыларыңнан  қорқыңдар. Әрі одан жұбайын  жаратып, ол екеуінің қыруар  еркектер мен әйелдерді таратты», - делінген.

2. Сүйіспеншілік пен рахымдылық, махаббат пен жанашылық сезім.  Бұл карама катынасы қуатты  әрі ауызбірлігі мықты қоғамды  тұрғызу үшін өте қажет. Құранда:  «Оның дәлелді белгілерінің бірі - жұбаныш табуларың үшін өздеріңнен  жұбайлар жаратуы және араларыңа  сүйіспеншілік пен рахымдылық  сыйлауы», – делінеді.

3. Әділеттік пен жауапкершілік.  Ислам отбасы мүшелерінің әрқайсысына  құқықтарын және міндеттерін  үлестірді. Пайғамбарымыз: «Барлығың  - қамқоршысыңдар. Әрі барлығың - қoл  астындағылар үшін жауаптысыңдар.  Әмірші де - қамқоршы, ер кісі де  – отбасының қамқоршысы. Әйел  адам де -күйеуінің үйі мен  балаларына қамқоршысы. Барлықтарың  - қамқоршысыңдар. Әрі барлықтарың  - қол астындағылар үшін жауаптысыңдар»,- деген.

4. Әлеуметтік тұрғыдан  қамсыздандыру. Исламның назарына  отбасы -мушелері бірін бірі жетілдіруші  және өзара тығыз байланыстағы  кішкентай қоғам. Ислам  отбасы  үшін екі жарғы қойды: асыруға  қатысты жарғы және мұрагерлікке  қатысты жарғы.

 

    1.   Ислам дініндегі бала тәрбиесінің маңызы.

Құран аяттары оқылған шаңырақта  ұрыс-керіс, жаманшылық сияқты әзәзілдің  пиғылдары іске аспайды. Ол шаңырақта, үнемі періштелер торуылдап жүреді. Ең бастысы, дәм-тұзымыз таусылып, о  дүниелік болған шағымызда артымыздан Құран оқып отыратын перзентті қазірден тәрбиелеуіміз керек.

Бір күні Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың сәлемі болсын) қасына бір әйел келіп: «Мен бір айлық сәбиіме қандай дұға қылайын, оған нендей тәрбие бере аламын?»-деді, сонда: «Сен кеш қалдың»- деген екен, сондағы Пайғамбарымыздың айтпағы, анасы құрсағына бала біткенін білсе, сол күннен бастап, Аллаһтан перзентінің болашағына дұға етуі керек. Және бір хадисте: «Сендердің әрбіріңнің ана құрсағында жаратылуларың қырық күннен тұрады. Ұрық алдымен тамшы, кейін ұйыған қан, сонан соң кесек ет болады. Осыдан кейін (яғни, 120 күннен кейін) ана құрсағындағы балаға періште жіберіледі де, ол балаға жан беріп, төрт нәрсені белгілейді:1) ризығын; 2) қанша өмір сүретінін; 3) істейтін амалын; 4) бақытты не бақытсыз болатынын» – делінген.

Аллаһ тағала қасиетті Құранда былай  дейді: «Расында адамды балшықтан жараттық, сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы еттік, сосын тамшыны ұйыған қанға айналдырдық, ұйыған қанды кесек етіп, сүйек жасадық та, сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін жан берумен оны басқа бір жаратылыс қылдық». (Мүьминун сүресі, 12-14 аят). Бұдан 14 ғасыр бұрын келтірілген Құран аяттары хадис – шарифтерде айтылғандар, қазіргі таңда ғылым мен техника шарықтау шыңына жеткен заманда дәлелденіп, жарыққа шығып отыр. Оқыған, көкірегі ояу әрбір азамат осындай дәлелдерден кейін, Құран-кәрім екі дүниенің өмір сүру заңы, бүкіл жер бетіндегі тіршілік иесі және он сегіз мың әлемнің жаратушысы Аллаһ тағала екенін мойындайтын болады.

Перзент –  Аллаһтың ата-анаға берген аманаты. Аллаһ тағала қандай перзент берсе, соған қанағат етуі керек. Ұл болса қуанып, қыз болса қайғыру жөн емес. Аллаһ бізге сыйға берген перзенттеріміздің қайсысында жақсылық бар екенін кім біліпті?! Тіпті, «Мұндай ұлдың барынан жоғы»- деп, күйініп жүргендер аз емес. Ал, әке-шешесін құрметтеп, береке – тірлік жасап жатқан қыздар қаншама! Хадисте: «Ата-анасының баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі» – делінген. Біз балаларымызды өзіміз болмайтын уақыт үшін дайындауымыз керек екен. Яғни, ата-анасының көзі болмайтын заманда, алған білімінің жемісін жеп тәрбиесін  көре алатындай.

Болашақ ана иманды, мейірімді, дені сау бала сүйгісі келсе, әрбір ішкен-жеген тағамына аса ұқыптылықпен көңіл бөлуі тиіс. Ислам заңы қайтарған тағамдардан әсіресе, мас қылатын ішімдік, никотин, колбаса, доңыз етінен мүлде аулақ болсын. Құмартса, қазір ет өндіретін адал (халал) шұжықтар дайындайтын өндіріс орындар жеткілікті. Аллаһ тағала Құранда: «Шынайы түрде сендерге өлексені, (арам өлген малды) қанды, доңыз етін және Аллаһтан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды» – дейді. (Бақара сүресі 172 аят). Доңыз, жалпы алғанда  арам азықтарды жегендіктен, денесінде көп мөлшерде микроб жинақталады да, оны жеген адамдарда мейірімсіздік пайда болады. Доңыздан адамдарға жұғатын трихина ауруымен қоса, доңыз тілмесі, доңыз тұмауы, доңыз обасы, туберклез сияқты ауруларда бар.Қазір байқамасақ, кейбір тағамдарда доңыз майын қосып дайындайды, себебі, ол зат ұзаққа сақталуы үшін. Ал, алкогольді ішімдіктер тек қана ішкен адамды зияндап қоймастан, оның ұрпақтарына да әсерін тигізеді. «Арақты өз аузыма ішсем, басқаға қандай зияным бар» – деп ойлайтын маскүнемдер, арақ арқылы қоғамға, әсіресе, ұрпақтарына өз басынан да артық зиянын тигізетінен біле ме екен? Мысалы, маскүнем әкеден туған балалар арасында зейінсіз және есалаңдардың мөлшері өте көп. Егер анасы да арақ ішсе, ондағы сәбидің жаратылуында дәнекер болатын ұрғашы жұмыртқа клеткаларын зақымдайды да, баланың кемтар туылу мүмкіндігі артады. Бүгінгі таңда, әсіресе жүкті кезінде ішімдікке салынып, шылым шегіп өз құрсағындағы сәбиінің болашағына немқұрайлы қараған аналардың балаларында, орны толмас кемдіктер өте көп. Жолында жанын құрбан етуге қиятын сәбиін, саналы түрде немесе еш хабарсыз дүниеге келмей жатып, ана өз қолымен күнәсіз жас сәбидің болашағына балта шабады. Осындай жағдайда  дүниеге келген бала, енді ана сүтімен араласа алкогольді бірге емеді. Бұл балалардың ауруға қарсы қуаты әлсіз болумен бірге, ержеткеннен кейін де араққа бейім келеді. Аллаһ тағала қасиетті Құранда: » Ей, иман келтіргендер! Арақ, құмар ойын, арнайы табынуға тігілген тастар, бал ашатын оқтар тек шайтанның  лас қимылдары. Сондықтан бұлардан аулақ жүрсеңіздер, мұраттарыңызға жетесіздер» – деп, барлық мұсылмандарға ескерткен. Ал, Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың сәлемі болсын) «Ішімдікті көп мөлшерде ішкенде адамды мас қылатын болса, оның тамшысы да харам» – дейді. Бұған арақ, шараппен қоса сыра, шампан да жатады.

Сәби дүниеге келгеннен кейін  жасалуы сүннет амалдары көп.

1. Сәбидің құлағына алғашқы естілетін сөз азан. Аллаһтың зікірі болу үшін сәби туған сәтте оң құлағына азан, сол құлағына қамат айтылуы тиіс.

   2. Әкесі немесе бір игі адамның құрманы шайнап, сәбидің ерніне тигізген дұрыс. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың сәлемі болсын) бірнеше жаңа туылған сәбилерге құрманы шайнаған соң, қызыл иегіне жағып, оған береке тілеген.

   3. Туылған балаға арнап, оның атынан ақиқа яғни, қой сою лазым. Хадисте: «Ұл балаға арнап екі қой, қыз балаға арнап бір қой сойылады» – делінген.

   4. Бала туылған күннен  бастап, жеті күн ішінде оған ат қою керек. Әлбетте бұл жақсы есім болуы керек.

   5. Бала ұл болса сүннетке отырғызу.

Ата-ана балаларының дені сау, сана-сезімі кемелді, ақылды, зерек болуын қаласа, Жартушы Аллаһ тағала Құранда: «Аналар  баланың емшектегі уақытын толық  сақтағысы келсе, оның мерзімі толық  екі жыл» - деп ескертеді. (Бақара сүресі 23аят). Сәбиін емізерде көкірегін тазалап, «Бисмиллаһир рохманир рохим» айтып еміздіру керек. Бала тамақтанып болған соң «Алхамдулиллаһ» дұғасын дауыстап айтып отыру қажет. Сәби ұйықтар алдында «Аятул курсиді немесе басқа Құран сүрелерінен» оқып дем салғаны жақсы. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың сәлемі болсын) Хасан, Хусейн атты немерелеріне дем салып, мына төмендегі дұғаны оқитын: « Сендерді бүкіл шайтаннан, зиянды жәндіктерден және көз тиюден сақта – деп Аллаһтың кемел сөзіне сиынамын».

Ата-ана баласын рухани тәрбиеде ұстаса, сәби күнінен ана тілімен  сусындатып, өз халқының әдет-ғұрпын, өз әулетінің шежіресін үйретіп жан-жақты тәрбиелесе, өз ұлтының тарихи мұраларын қастерлесе, ата-ана қадірін білетін, Отанын сүйетін азамат өсіп шығады. Перзентіңіз үнемі Аллаһтың аятының аясында ер жетсе, көкірегі нұрға толы мейірімді Аллаһтың сүйікті пенделерінен болады.

Бала – тәрбиесінің бастауын өз отбасынан, ата-ана мектебінен алатыны  даусыз. Ересек адамдар баланың әрбір ісін қадағалап отырмыз деп ойлаймыз, шын мәнінде балалар ересектердің әрбір сөзін, істеген ісін, әрекетін бақылап отырады да, күнделікті тіршілігінде іске асырады.

Балаңыз жеті жасқа толысымен, ақырындап  намаз үйретуді Пайғамбарымыз с.а.с. ескерткен.Және хадисте: «Аллаһ тағала Құран және ондағы жазылғанға сәйкес амал еткеннің ата-анасына қиямет күні жаннаттық тәж кигізеді» – делінген. Келесі бір хадисте: »Өлгеннен соң да жеті нәрсенің сауабы пендеге барып тұрады» – делінген. Олар:

   1. Мешіт салса,онда бір кісі намаз оқыса да сауабы тиеді;

   2. Арық қазып, бұлақтың көзін ашса, біреу ол судан шөлін қандырса;

   3. Кітап жазса, адамдар одан пайдаланса;

   4. Көшет егіп көгертсе, адамдар және құстар оның жемісін жесе;

   5. Білім үйретіп, ұстаздық етсе;

   6. Ата-анасы перзентіне Құран,  әдеп және ілім үйреткен болса, оның сауабы перзентінің сауабынан кемімей ата-анасына барып тұрады.

   7. Егер ата-анасы перзентіне  жаман жолдарды үйреткен болса,  оның күнәсі өз күнәсінен кемімей  ата-анасына барып тұрады.

 

                    II.      Мұсылман құқығы бойынша неке.

                             2.1 Неке түрлері.

Неке-екі жақтың, әйел мен  еркектің келісімі негізіндегі нәтиже. Некенің шарты: екі адамның келісуі, неке жөнінде жұрт алдында және ашық түрде жариялау.

Құқықтанушылардың көпшілігі  келесі жағдай некеге тұру үшін керекті  деп есептейді: екі жақтың әлеуметтік теңдігі; мұсылман дінін тұтынуы; бостандықта, еркіндікте болуы, денсаулығы күшті, шындықты айтуы, жұбайының жұмысы бар болуы.

Молда неке қиярда кәмелетке  толған мұсылманнан екі куәгер сұрайды.

Некенің түрлері. Сунниттерде  тек бір неке. Ол мәңгілік және мерзімсіз. Шейіттер тағы уақытша неке қосады, бір жұбайының жақындығынан бастап ондаған жылдарға дейінгі аралықта. Бұл некеден туған балалардың өз мәртебесі бар. Бұл неке мұрагерлік алуға құқық бермейді.

Құран қандас туысқандардың  некесіне тыйым салады. Туысқандарға жататындар: ана, әпкелер, екі жақтың апайлары, ағалары мен қарындастарының  қыздары, асыраушысы, емшектес қарындастары, әйелінің анасы, яғни енесі, өгей қызы, өз баласының әйелдері, яғни, келіндері. Апалы-сіңлілерді бірден әйелдікке  алуға болмайды. Құран еркек пен  әкенің толық басшылығын қолдайды. Еркек әйелдерден жоғары тұрады. Себебі құдай дүниені оған бұрын берді. Сондықтан олар өз дүниесін әйелдер  үшін жұмсайды.

Құран төрт әйел алуға дейін  рұқсат етеді. Ері әйелін азық-түлікпен, баспанамен, киімдермен қамтамасыз етуге  міндетті. Әйел дүниесінің жағдайы  талапқа сай келуі және ерінің әйелмен бірдей қарым-қатынаста  болуы талап етіледі.

Еркектерге үйінен басқа  жерде тұруына да рұқсат берілген. Ал әйелі өзінің ар, ұят тазалығы мен еріне сенімділігін таза ұстауы керек. Неке заттық келісімге ұқсайды, әйел қандай да бір зат ретінде алынады. Ажырасу жағдайында кезектегі уақыт белгіленеді. Некелескен адамдардың ажырасу құқығы бүтіндей еркектің қолында.

Тек "Құранның" бір жерінде  сатып алған қалыңмалын қайтарған  жағдайда әйелге ажырасуға рұқсат етілетіні айтылған. Еркек үшін ажырасуға әйелінің кішігірім кінәсі де себеп бола алады. Ажырасу еш сылтаусыз болуы да мүмкін. Ажырасу жағдайында тек тиісті салт жорасын өткізсе болды. Бірақ ажырасқан әйел үш ай ерінің үйінде қала алады. Өйткені балалар ерінің қамқорлығында қалады. Құран бойынша ажырасудың үш түрі бар:

Талақ. Егер жұбайлар иддат кезінде бір-бірімен жанаспаса, ал оның бітуінен кейін үш ай ері әйеліне қайтармайды. Талақтың тұрақты қағидасы: "Сен аластатылдың! Сен кесілдің! Сен жабылдың! Тізгінің өз мойныңда! Өзіңнің руыңа барып қосыл! Сен айырылдың! Мен сені төркініңе қайтарамын! Мен сені жіберемін! Өз ісің өз қолыңда! Сен боссың! Төсекті босат! Таза бол! Кет, жоғал! Баста! Кет! Тұр! Жолдасыңды ізде!".

Иддат біткеннен кейін  әйел үйден кетеді. Ері иддат ажырасуы бітіп, келесі некесінен кейін қайтарып ала алады.

Талақ-иддат біткеннен  кейін салыстыру басталады.

Ажырасудың екінші түрі - Зихар (зихр-бел). Өзінің әйелін өз жотасы деп атай отырып, ері некені бұзады. Бұл ажырасу аяқталмаған, сатып алуынан кейін жоққа шығарылғанмен бірдей болуы мүмкін.

Ажырасудың үшінші түрі - айман. Еркек әйелімен жұбайлық қатынасқа түспеуге ант береді. Бұл аяқталған ажырасу.

Шариғат бойынша тағы екі  ажырасудың түрі бар: олар ила және хульча. Ила-уәде, төрт ай ұстағаннан кейін, аяқталған ажырасу болады. Хульча - екеуінің ажырасуға келісуі, әйелдің сатып алынғандағы ақшасын төлеуге келісу жайындағы ажырасу.

Әйел шариғат соты арқылы ажырасуды талап ете алады. Бұл ажырасу аяқталған, қадидің араласуы кезінде егер еркек адам өзінің жұбайлық міндеттерін орындамаса, тиісті өтеуін төлемейді, өзара "келіспейтін жағдайда" ақшасын ұстауға бермейді1. Туысқандарының жұбайларды татуластыруға құқы бар, бірақ ажырасу мүліктік қарым-қатынастарға тәртіпсіздік енгізеді. Ажырасу кезінде мүліктердің бөлінуінің де құқықтық негізі бар. Құран еркекке, әйелі жоғына мүліктің көп мөлшерін беруді қостайды.

Мынадай жағдайда, егер өлшемі "некенің өтеуінде туысқандары  мен оның әкесінің үлкендігі мен  бағалығы тізімде тұратын болса, сол сияқты әйелінің жасы, әдемілігі, байлығы, ақылы, тұрғылықты жері мен ар тазалығы некелік шартта анықталған болса, ол мехр" беруге міндетті.

Егер мехр төленсе, онда оны қайтаруға мәжбүр етпейді. Шариғат сол сияқты еркектің әйелге ажырасу кезінде сыйлық беруін қостайды (киім немесе сәнді заттар). Бұл тартулар оның тұрмыстық жағдайына көмек беру үшін беріледі. Әйел көшеде бетін жауып жүрсін деген сөз "Құранда" анық айтылмаған. Олар ерінің рұқсатынсыз үйінен шыға алмады, ешкіммен таныса алмады.

Баланы адам ету ата-ананың борышы. Балалардың мынадай екі түрі әкесінің қарауына жатпайды:

1) Нәресте заңды некеден кейін туылғанымен, әкесі оны өзімдікі емес деп жариялаған жағдайда (дәлелсіз кезде);

2) Некесіз бала (Әкесімін деп мойындаған адамның заңды балам деп айтуға құқы бар).

Әке отбасын асырауға міндетті. Әйелінен ажырасып, анасы асырай алса да, әкесі ұлын 9 жасқа дейін, қызын 11 жасқа дейін асырауы керек.

Мұрагерлік құқық.

Өсиет-васипа. Мүліктің 1/3 бөлігі кімге тиесілі болса, өсиетте соның атына қалады. Бірақ 2/3-і міндетгі түрде заң негізінде туысқандарына таратылады. Мұнымен мұрагерлік заттарға бөтен біреулердің көздеу мақсатына кедергі жасайды және оны отбасы үшін жүзеге асырады. Тек мұсылмандарға ғана емес, сол сияқты мұсылман еместерге де өсиет қалдыруға болады.

Заңды мұрагерлер. Бұл Құранның ең күрделі бөлімі. Әйелдердің үлесі еркектердің 1/2 үлесімен тең. Ирс-қайтыс болғандардан қалған мүлікке құқық пен міндеттіліктің жинағы.

Пайғамбарымыз (с.а.у) негізін салған мұсылман құқығы бойынша үйлену парыз, уәжіп, сүннет, харам,  мәкруһ, мубах болып алтыға бөлінеді.

1. Үйленбеген жағдайда  жыныстық қатынасқа баратыны анық болған адамға үйлену парыз. Бірақ ер кісі әйелінің материалдық (ішіп-жемі, киімі, тұрғын үй, ауырған жағдайда дәрі-дәрмек қаражаты) жағдайы және мәһир (қалың мал) ақысымен қамтамасыз етуі тиіс.

2. Үйленбеген жағдайда  жыныстық қатынас жасауы мүмкін  қаупі бар адамға үйлену уәжіп (керек). Бұндай жағдайдағы еркекке қойылатын шарт әйелдің мәһир (қалың мал) және материалдық жағдайын қамтамасыз етуі тиіс.

3. Үйленгеннен кейін жұбайына  жәбір көрсетуі анық, белгілі болған адамға үйлену харам (тиым салынады).

4. Ауру болып, үйленгенде  бұл ауру жұбайына жұғатын болса, немесе жұбайында да ауру болып, үйленгенде бұл ауру еріне жұғатын болса, онда бұндай неке харам болып табылады.

5. Жұбайына жәбір көрсетуі мүмкін болған  адамға үйлену мәкруһ (Аллаһ сүймейді).

6. Үйленбесе жыныстық  қатынасқа баратын қаупі жоқ,  үйленсе жұбайына жәбір көрсету да қаупі жоқ адам үшін үйлену сүннет.

Үйлену мәселесіндегі  мұсылман құқығының бұл үкімдері халықты зинадан қорғауға негізделгені анық байқалады. Себебі зина отбасының шаңырағын шайқалтатын бірден-бір апат түрі. Сондықтан, Пайғамбарымыз (с.а.у)  бойдақ жігіттерге: «Ей жігіттер! Сіздердің араларыңыздан кімнің үйленуге шамасы жетсе үйленсін. Себебі үйлену көзді және нәпсіні харамнан қорғаушы» деп жастардың зинаға бармастан бұрын үйленуге кеңес берген.

Мұсылман құқығында үйленудің  соңы әйелге зұлымдық жасаумен жалғасатын болса, мұндай некені макруһ (Алла сүймейді) деп танып, әйелді зұлымдықтан қорғайды. Әйелді зұлымдықтан қорғаумен бүкіл жанұяның құрып кетуінің алдын алады. Себебі зұлымдық көрген әйелде күйеуіне деген өшпенділік сезім күшейеді де жұбайлардың бірлігін қамтамасыз ететін сүйіспеншілікке деген жолдар жабылады. Бұл отбасыда дүниеге келетін баланың педагогика тұрғысынан алғанда тәрбиесі жетілмейді.

Мұсылман құқығында үйленудің  ең жақсы түрі әз Пайғамбар (с.а.у)-ның сүннетінің негізінде үйлену екендігін анық байқауға болады. Адамзаттың ардақтысы (с.а.у) мұсылмандарға үйленудің келтірер пайдасы туралы былай деген болатын: «Мұсылман Алладан қорқып оған бойұсынғаннан кейін жақсы бір әйелден пайда көрген сияқты еш нәрседен пайда көрмейді. Себебі әйеліне бұйырса, бұйрығын тыңдайды, жүзіне қараса сүйіспеншілігі оянады, сапарға шықса өзі болмаған уақыт бойы намысын және күйеуінің мал мүлкін қорғайды». Бұл туралы Құранда: «Әйелдер сендердің киімдерің, сендер әйелдеріңнің киімдерісіңдер» (Бақара 187) - деп жұбайларды бір-бірінің денесін суықтан, ыстықтан қорғайтын, рухты түрлі зиянды нәрселерден қорғайтын киімге теңеген.

Мұсылман құқығында некеге тұрудың үш шарты бар. Бірінші шарты бойынша, үйленуші ер адам мен әйелдің кәмілет жасына толуы, ақыл есінің дұрыс болуы және Құранда некелесуге тиым салған негіздер сақталуы керек. Екінші шарты бойынша, екі тараптың өзара келісімі болуы тиіс. Үшінші шарт бойынша, некеге куәландырылып, жариялануы шарт.

Маһир (қалыңдық сыйы), әйелдің келісіміне қарай, ақшалай немесе заттай болуы да мүмкін. Мәһирдің маңызы туралы Құранда Ниса сүресінің 24 аятында баяндалады. Мәһир қалыңдыққа берілетін түрлі бағадағы құн ғана емес, керісінше қоғамдағы әйелдің беделін білдіретін әйелдің және ақысы саналатын сыйақы. Исламнан бұрынғы дәуірде Арабтарда "Ниһлә" деп аталатын  қыздың құны берілетін болған. Оны тек қыздың өкілдері алатын болған. Ал исламда әйел адам мәһірдің құнын да өзі белгілеп, жұмсауы да өз еркінде болды. Мәһір үшін белгілі шек қойылмаған. Құран "Олардың біріне (әйелдерге) жүк-жүк мәһір берсеңдер де одан бірде-бір нәрсені кері алмаңдар" (21-Ниса 20) деп үндейді.

Мұсылман құқығы мына адамдардың бір-бірімен үйленуіне тыйым салды: «Әйелдерден әкелерің үйленгендерді үйленбеңдер. Бірақ өткен өтті. Бұл бір арсыздық және жиренішті жаман жол. Сендерге аналарың, (әке-шешелеріңнің аналары) қыздарың, (ұл-қыздарыңның қыздары) қыз туыстарың, (әке-шеше бір немесе бөлек) әкелеріңмен туысқан әйелдер, шешелеріңмен туысқан әйелдер, еркек немесе қыз туыстарыңның қыздары, (олардың қыздары) сүт емеізген аналарың, жақындасқан әйелдеріңнің (бұрынғы ерінен болған) қолдарындағы өгей қыздарын, егер жақындаспаған болсаңдар, сендерге бір оқасы жоқ. Бел балаларыңның әйелдері және енкі қыз туысты бірге үйленулерің арам қылынды...(Ниса 4/22-23).  Құранның бұл үкімдері сөз жоқ, қараңғы араб қоғамы үшін үлкен жаңалық болатын. Өйткені, исламға дейін арабтар өгей шешемен және кейбір туыстарымен үйлене беретін.

Мұсылман құқығының отбасылық  қатынастағы тағы бір жаңалығы, бір мұсылманның бас-бостандығы жоқ, күңмен некеге тұруына рұқсат беруі еді. Исламға дейін, арабтар күңдерді некелеспей нәпсіні қандыруға қалағанынша пайдаланатын. Ал, ислам күңдермен некеге тұрмайынша жақындасуға болмайтынын ескертті: «Сендерден біреудің, мүмін азат әйел алуға шамасы келмесе, онда қолдарыңдағы мүмін күңдерден алсын. Алла имандарыңды жақсы біледі. Бір-біріңненсіңдер. Ендеше күңдеріңді қожайындарыңның рұқсатымен олардың мәһирлерін дұрыс беріп, абыройлы болулары, зинашы және астыртын көңілдес болмаулары шартымен алсын» (Ниса4/25).

Мұсылман құқығы бойынша  әйел мен еркектің табиғи қасиеттеріне қарай өз міндеттері болды. Ер адам отбасының материалдық жауапкершілігін  өз мойнына алды (22-Талақ 6-7). Отбасыдағы ер адамның материалдық жауапкершілігі мына негіздерден тұрды:

1.Азық-түлік. 2. Киім-кешек. 3.Тұрғын үй. 4. Дәрі-дәрмек және емделу. 5. Үй жұмыстары көбейіп моральды салмақ түсетін болса үй қызметшісін жалдау.

Ал, әйел мұсылман құқығы бойынша  өз табиғатына сай, үй тіршілігін, яғни, ас пісіру, киім-кешекті жуу, үйді тазалау, сәндеу, бала-шағаға тәрбие беру секілді нәзік істерді атқарды.

Мұсылман құқығы ерлі-зайыптылардың бір-бірін таңдауда қателесудің және әр-түрлі жағдайда келіспеушіліктердің болатынын ескеріп, отбасының бұдан арықарай өмір сүруі мүмкін болмаған жағдайда, ерлі-зайыптылардың ажырасуына рұқсат береді. Пайғамбарымыз (с.а.у) мұсылмандардың мүмкін болса: «Аллаһтың жақсы көрмейтін ісі ажырасу» деп ажыраспауын үндеген. Ажырасу мұсылман құқығы термині бойынша «талақ» деп аталады. Мұсылман құқығындағы «талақ» етудің мынандай ерекше негіздері бар:

1. Құран мен Сүннет тәртібіне қайшы негіздегі талақ ету харам (тыйым салынған).

2. Тәртібі мен іс-әрекетінде кінәрат болмаса да кемшіліксіз әйелді талақ ету макрүһ (Алла сүймейтін, жақсы көрінбеген).

3. Ішкілік, құмар сияқты  харам істермен шұғылданудан  бас тартпаған әйелмен ажырасу  сүннет.

4. Отбасылық өмірде харам  істерді жасап, дін бойынша  парыз болған амалдарды тәрк  еткен әйелді талақ ету парыз. (5-359).

5. Араларында махаббат  болмаған жанұялардың ажырасуы  тұрғысында әр түрлі көзқарастар бар. Бұл ерлі зайыптылардың өздеріне қалған шешім.

Мұсылман құқығы талақ  үкімін жанұяны бұзу үшін емес, қайта  жанұяның беріктігі үшін қолданады. Яғни, жұбайлардың үйленбестен бұрын жіберген қателігін немесе жанұя болғаннан кейінгі қателікті түзету үшін талақ үкімі жүзеге асырылады. Сонымен бірге, «талақ» үкімі арқылы тараптар кеште болса өздерінің қателіктерін түзетіп, яғни ажырасып, психологиялық немесе материалдық тұрғыда өзіне тең жар табуға мүмкіндік алады. Мұсылман құқығында «талақ» ету құқығы ер адамға берілуінің себебі, ер кісі әйел психологиясынан ерекше салмақтылығы және шешім қабылдауда байсалдылығы негізге алынған.

Мұсылман құқығы некенің  маңызды екенін білдіру мақсатында «талақ» сөзінің қалжың болса да айтылмауына, аса мән береді. Талақ үкімінің мақсаты жұбайлардың арасын жарастыру. Себебі еркектің талақ айтуы үшін қойылған  ең жақсы тәртіп бойынша талақ үш рет, айтылуы керек. Яғни, талақ еткеннен кейін, ерлі-зайыптыларға қайта қосылуға үш рет мүмкіндік береді. Қайта қосылуға мүмкіндік беретін мұндай талақ етуді ража талақ деп атайды. Соңғы талақ айтылғанға дейін 3 ай мерзім өтеді. Бұл ұзақ мерзім олардың өкінуі мен ойлануларына уақыт береді. (21-Талақ 1) Ал, үш рет талақ еткеннен кейін рұқсат бермейтін талақ түрін вайн талақ деп атайды.

Мұсылман құқығы. 2