Мұнай мен газ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ
ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
География, жерге орналастыру және кадастр
кафедрасы
Курстық жұмыс
ТАҚЫРЫБЫ: «Мұнай мен газ»
ОРЫНДАҒАН: 3 курс студенті Сәдірбаева А.
ТЕКСЕРГЕН: Оразымбетова К.Ш.
АЛМАТЫ-2013
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
І ТАРАУ Арал теңізінің экологиялық
мәселелері....................
1.1.Арал теңізінің сипаттамасы...................
1.2.Арал теңізінің зерттелу тарихы
1.3.Арал теңізінің
ІІ ТАРАУ Арал теңізі шөл
белдеміндегі көгілдір су айдыны........................
2.1 Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі
2.2.Теңізді құтқарудағы болжамдар
2.3. «Арал тағдыры-адам тағдыры»
ҚОРЫТЫНДЫ
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы
сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске
жақын немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз
түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде
тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі. Мұнай – майлы,
қоймалжың, сұйық зат. Ол көбінесе
қоңыр, қара көк, кейде қызғылт, сары, тіпті
ақ түсті де бола береді. Мұнайдың иісі
кәдімгі өздеріңе таныс өздеріңе таныс
жермайдың иісіндей болады.
Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85
Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр
қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті,
ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алақында ақшыл түсті
мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл,
оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3.
Мұнай өз бойынан электр тоғын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айыруш
Қазір "Қара алтын"
деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол
тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропағ
Мұнайдың, ал ертеректе
оны «тас майы» деп атаған, болашағы зор
екенін болжаған орыс ғалымы М.В. Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай ұңғымасы
бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың
шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын
ұсынған еді. «Жер қойнауында тереңнен
орналасқан шымтезекті шөгінділерден
жерасты ыстығымен қою, майлы материя
шығарылып, саңылаулар арқылы ағады...
Бұл дегеніміз – сирек, әртүрлі сұрыпты,
жанатын және құрғақ, қатты материялардың
пайда болуы, бұл тас майы – мұнайдың негізі...»,
– деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов. Мұнайды
қыздыру кезінде мұнайға біраз ұқсайтын
қарамайларды беретін көмір мен тақтатастардан
шығу теориясы да орыс ғалымдары – академиктер Паллас пен Абихтік
Харичков және басқа да орыс ғалымдары мұндай әдіспен табиғи мұнайға ұқсас сұйық – жасанды мұнайды алды. Д.И. Менделеев теориясы бойынша мұнай қарқынды тау түзілу орындарында кездеседі. Мұны жиі бақылауға болады, сондықтан Д.И. Менделев қорытындыларын барлаушылар мұнайды іздеуде көп уақыт қолданды.Мұнай өнеркәсібінің дамуы барысында, әдетте, мұнай кездесуі тау түзілу процестері қосымша фактор болып табылатын жағдайларда кездесетініне көз жетті.Мұнай көбінесе теңіздің түбінде, соның ішінде жағажайлық шөгінділерде жиі табылады. Сірә, теңіз өсімдіктері мен жануарлары қалдықтары судың түбіне жинақтала беруінен болар. Өйткені онда су ағысы болмайды, ол тыныштықта тұратындықтан, оған ауаның келуі қиындай түседі. Ауаның әсерінен бұл қалдықтар тотығар еді, ал ауа болмағандықтан, бактериялардың әсерінен бұл қалдықтар құрамы бойынша мұнайға ұқсас, бірақ оларда толығымен мұнайға айналмайтын процестер өтеді. Мұндағы түсініксіз жайт: осы қалдықтардан мұнай қалайша түзіледі? Әңгіме мынада: онда хлорофилдің, яғни өсімдіктердің жасыл түсі негізінің және басқа да екі жүз градустан жоғары температурада тұрақсыз болатын заттардың қалдықтары табылған. Ал барлық мұнайға жақын өнімдерді алатын белгілі химиялық реакциялар тек жоғары температураларда өтеді.
Ақыры 1930 жылы ірі кеңес ғалымы – академик Н.Д. Зелинский бұл жерде катализ, яғни өздері аз өзгеріске ұшырайтын заттардың әсерінен химиялық өзгерістерді тездететін құбылыс орын алатынын дәлелдеді. Катализаторлармен өсімдіктерге, бактериялық әсердің өнімдеріне жақын орналасқан заттарға әсер етіп, ол жасанды мұнайды екі жүз градустан төмен температурада алды. Осылайша сұрақтың жауабы шешілді, бірақ түпкілікті емес: ол тәжірибесінде қолданған катализаторлар табиғатта болуы мүмкін емес, олар өте тұрақсыз еді. Табиғатта мұнай түзілуді іске асыратын заттарды ұзақ іздегеннен кейін химия ғылымдарының докторы, профессор Андрей Владимирович Фрост бұл, әдетте, мұнай қыртыстарын жауып тұратын кейбір сазбалшықтардың қатысымен болатынын анықтады. Өсімдіктер және жануарлар қалдықтарымен бірге тұнып, сазбалшықтар, жануарлар сүйектері мен микроағзалар кейін мұнай түзетін фактор болып табылатын материалдың негізін түзеді. Лай – бұл сазбалшық, өсімдік және басқа да қалдықтардың түр өзгерген қоспасы – бактериялардың әсерінен құмды және басқа да кеуекті тау жыныстарымен қапталады. Олар, өз кезегінде, мұнай мен су өтпейтін сазбалшық және басқа да тау жыныстарының қабаттарымен қапталып, температурасы шамамен жүз градустай қабаттарға дейін түседі. Мұнда мұнай түзілу процесі аяқталады; құрамында лай болатын мұнай біртіндеп қабаттасады да, біз мұнай кенорындарынан табатын кеуекті тау жынысына енеді.
Мұнайдың шығуының жаңа теориясының зор тәжірибелік маңызы бар. Ол мұнайшы-геологтарды мұнайдың түзілу жағдайларын анықтау әдісімен таныстырады. Мұнай қалай пайда болатынын білетін кен барлаушылары оны іздеу орындарын тез анықтайды. Геологиялық жағдайларға байланысты мұнайдың болатын жерлерін және оның мүмкін орын ауыстыру жолдарын анықтауға болады.
Мұнайдың элементтік құрамы мен гетероатомдық компоненттері
Көмірсутектермен қатар мұнай құрамында тағы
басқа заттар да бар. Мырышы бар - H2S, меркаптандар, моно-
және дисульфидтер, тиофендер мен тиофандар
полициклдіктермен бірге т.б. (70-90% қалдық
өнімдерде шоғырланады); азотты заттар негізінен пиридин, хинолин, индол, карбазол, пиррол және
Пайдасы: Мұнай дүние жүзілік жанар-жағар май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді.
Химия мен мұнай-химия өнеркәсіптерінің
қарқынды дамуына байланысты мұнайға
деген сұраныс жанар-жағар майлар үшін
ғана емес, синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар,пластмасс, жуу құралдарын, пластификатор, боя
Мұнай-газ кендері – бірыңғай құрылымдық элементтермен сипатталатын жеке алаң қойнауында орналасқан мұнай мен газ иірімдері шоғырларының жиынтығы. Мұнай-газ кендері мұнай немесе газ түрінде және аралас мұнайлы-газды, газды-мұнайлы кендер түрінде ұшырасады.
Оқшауланған жеке кендер өте
сирек, көбінесе топталған иірімдердің
жиынтығы түрінде жатады. Қазақстанның мұнай-газ кендері геологиялық құрылысы мен геотектоникалық
дамуы әр түрлі болатын үш мұнайлы-газды
аймақта орналасқан. Ең көне мұнайлы-газды
аймақтың кендері Солтүстік Каспий синеклизасыме
Эпигерциндік платформа құрамын
Мұнай өнімдері – көмірсутектер
мен олардың туындыларының
Майлар – мұнайдың қалдық фракциялары мен ауыр дистилляттарын арнайы тазартудан алынады.
Ауыр көмірсутектерге парафиндер, це
Әр түрлі мұнай өнімдеріне мұна
хлорпарафиндер, т.б. жатады. Мұнай өнімдерінің сапасы физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты бағаланады.
Тарихы
Адам баласы
мұнайдың бар екенін бағзы заманда-ақ
білген. Кейде құдық қазған жерден су орнын
өткір иісті қарақошқыл майлы зат шығатын
болған. Оның бір тамаша қасиеті болды:
яғни, ол өзімен бірге бөлініп шығатын
газдар сияқты өте жақсы жанды. Мұнайды
шығарғандарға құйған, өртейтін жебелердің
ұшына оралған жанғыш заттарды мұнайға
батырып алатын болған, доңғалақ біліктерін
майлаған. Одан әр түрлі кеселдерді емдейтін
шипалы майлар да дайындаған.
Алайда іштен
жанатын двигательдер ойлап шығарылғанға
дейін мұнайды қатты қажетсіну бола қойған
жоқ. ХІХ ғасырдың орта шенінде мұнайдан
керосин бөліп алынды. Ол жарық беру ісіне
көп пайдаланыла бастады. Ал мұнайдан
керосинмен бірге алынған бензинді пайдасыз
нәрсе санап, оны теңізге төгіп отырған.
Қазір болса істің жайы басқаша.
Мұнайды терең
скважиналар бұрғылау арқылы алады. Ол
үшін бұрғылау мұнараларын орнатады. Жер
астынан шыққан мұнайды құбыр арқылы мұнай
қоймасына, темір жол цистерналарына немесе
мұнай құбырларына жөнелтеді. Мұхиттар
мен теңіздер арқылы орасан зор мұнай
құятын кеме-танкерлермен тасымалданады.
Алайда ең қолайлысы оны жер немесе су
астымен жүргізілген құбырлармен ағызу
(айдау) болып табылады.
Мұнай біздің
елімізге көптеп өндіріледі. Ол «Достық»
(«Дружба») мұнай құбыры арқылы бірқатар
елдерге жеткізіледі.
Мұнай жанғанда
қызуды көп береді. Ол күл қалдырмай, түгел
жанып кетеді.
Көмір сияқты,
мұнай да түрлі ағзаларадың қалдықтарынан
пайда болған. Мұндай қалдықтар әсіресе
теңіздер мен мұхиттарда өмір сүрген жәндіктер
мен өсімдіктердің шірінділерінен жиналып
түзіледі. Алғашқы қатты күйдегі қалдықтар
жер қабатына ұзақ жатқан. Қызудың және
үстін басып жатқан қабаттардың орасан
зор қысымының нәтижесінде сұйық затқа
және газға айналған. Содан кейін барып
мұнай тамшылар түрінде тау жыныстарының
кеуек қуыстарына жиналып, оны жайлап
алған.
Түрлері
Мұнай былай
жіктеледі: газ, бензин, лигроин, жермай,
газойль, соляр, крекинг шикізаты, мазут
Құрамы
Ғалымтар мұнайдың
көмірсутектерден, күкірт, азот және оттектен
тұратынын анықтады.
Мұнай өндіру
Білмейтін адам
мұнайды жер астында көлкіп жатады деп
ойлайды. Шынында олай емес. Мұнай жердің
терең қабатындағы тау жыныстарының қуыстарына
іркіліп жиналады. Оны өндіру үшін мұнайлы
қабатқа дейін бұрғылау керек. Бұрғылаудан
пайда болған жіңішке құдыққа құбыр салынады.
Жоғарғы қабаттардың қысымымен мұнай
жылжып құбарға келеді. Бұл жерде оны қуатты
сораппен тартып алады.
Елімізде мұнай
мен газға Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау
түбегі өте бай. Олардың кен орындары картада
мұнара түбіндегі шартты белгімен белгіленеді.
Қара түсті мұнара – мұнайды, ақ түсті
– газды көрсетеді.
Мұнай өндіру
тарихында 1912 жылғы 10 сәуірдегі үкіметтік
актімен құрылған «Ембі» мұнай-кәсіпшілік
және сауда акционерлік қоғамы (1911-1919 жж)
ерекше орын алады. Оның құрылтайшылары
толық стат кеңесшісі Э.Л.Нобель, стат
кеңесшісі Т.В.Белозерский және текті
құрметті азамат И.И.Стахеев (ҚР ОММ. 681-қор,
1-тізімдеме) болды. Мұнай-кәсіпшілік акционерлік
қоғамының барлық қаржы операциялары
Орыс-Азия банкі арқылы жүргізілді.
1915 жылы шөгу
жағдайын және шөгінділер мен жыныс-коллеторларының
құрылымы секілді мұнай-кәсіпшілік сипатындағы
зерттеулер үшін полигон сияқты болған
Мақат кен орнында 105 ұңғымасынан өндіру
жүргізіліп жатты. 1916 жылы «Ағайынды Нобель»
серіктестігі Жуса құрылымында тереңдігі
238м және 132м екі ұңғыма бұрғылады. Осында
ашылған тұз Жусалық мұнай белгілерін
Орал-Ембі аймағының кен орындарымен салыстыруға
мүмкіндік берді.
1925-1926 жылдары
Батыс Қазақстанның аумағында геологиялық
барлау жұмыстарын дамытуға жаңа импульс
берілді. 1925 жылы «Ембімұнай» тресінің
жұмысын тексеру қорытындылары бойынша
мұнайшылардың алдында 5-7 жылдың ішінде
Ақтөбе облысының солтүстік аудандарының
(Темір ауданының) аумағында алаңы 3500 шаршы
шақырым, мұнайлық белгілері бар құрылым
барлансын деген нақты міндет қойылды.
Осы міндеттерге сәйкес 30-шы жылдардың
басында іздеу жұмыстары Оңтүстік Ембінің
шегінен шығып, Ақтөбе облысының аумағында
жүргізіле бастады. Осыған байланысты
Гурьев (Атырау) қаласында «Ақтөбемұнайбарлау»
аумақтық трестін, ал кейінірек «Қазмұнайбарлау»
трестін құру қажеттілігі туындады. Осындай
қайта құру кен орындарын саланы іздеумен
және барлаумен ғана айналысатын өндіру
кәсіпорындары мен ұйымдарға функционалдық
тұрғыдан бөлу қажеттілігіне байланысты
болды, себебі аталған екі функцияның
бір қолда тұрғыдан болуы саналы мұнай-газ
кен орындарын іздеумен және барлаумен
байланысты шұғыл жұмыстарды жүргізудегі
кейбір қиындықтарды тудыратын дағарадай
құрылымға айналдырды.
1956 жылы тұтастай
алғанда республиканың минералдық-шикізат
ресурстарын, оның ішінде көмірсутегі
шикізатын одан әрі өсіруге бағытталған
геологиялық-барлау жұмыстарының бүкіл
кешеннің орталықтандырылған жоспарлау
және мақсатты жүргізу бойынша Қазақ КСР
Геология министірлігі ұйымдастырылды.
1959-1960 жылдары
Кеңқияқта (Ақтөбе облысы) және прорвада
үлкен мұнай кен орны анықталды. 1960 жылдың
11 тамызында прорвадағы алғашқы терең
ұңғымадан мұнай мен газ фонтаны атқылады.
Орал – Ембі өзен аралығында геологиялық
барлау жұмыстарын күшейту нәтижесінде
Мартыши (1962), Жаңаталап (1964), Оңтүстік –
Батыс Қамысты (1962) Гран және Октябрьское
(1969) жаңа кен орындары ашылды. Ембіде мұнай
өндіру 1968 жылы 2 млн. тонна, ал 1972 жылы
3 млн. тонна болды.
60-шы жылдардың
басында роторлық бұрғылаудың орнына
анағұрлым жылдам турбиналық бұрғылау
енгізіле басталды, бұрғылау станоктардың
паркі ұлғайды, 3,0 – 4,0 мың метрге дейін
тереңдікті игеруге мүмкіндік берген
олардың техникалық мүмкіндіктері айтарлықтай
өсті, бұл ең алдымен, терең, тіреу және
параметрлік ұңғымаларды бұрғылау, кешенді
зерттеудің барлық кезеңдеріде барлаудың
геофизикалық әдістері (сейсмикалық –
барлау, гравибарлау, ГЗС пен каратаждың
барлық түрлері) қолдану арқылы Каспий
маңы ойпатын аймақтық зерттеуден көрінді.
Сондай-ақ 50-ші
жылдардың аяғы мен 60-шы жылдардың басы
жаңа аймақтарды атап айтқанды: Оңтүстік
Маңғыстауды іздеу жұмыстарының саласына
тартылумен сипатталды. 1957 жылы осы ауданда
мұнай мен газ кен орындарын анағұрлым
егжей-тегжейлі зерттеу үшін «Қазақстанмұнай»
бірлестігінің құрамында (Маңғышылақмұнайбарлау)
тресі ұйымдастырылды, кейін ол Қазақ
КСР Геология министірлігінің Батыс Қазақстан
геологиялық басқармасының қарауына көшті.
Елсіз және шөлді
даланың жағдайында, ел қоныстанбаған
және аймақтық ірі қалаларынан, темір
және су жолдарынан алыс аймақта өте қысқа
мерзімде Оңтүстік Маңғыстау деген жаңа
ірі мұнай-газды бассейн ашылды.
1961 жылы Өзен
құрылымындағы №18 құрылымыдық ұңғыманы
бұрғылау кезінде 367,5метр тереңдіктен
газ фонтаны атқылады. Одан кейін Өзен
алаңындағы барлау бұрғылау қарқынды
жүргізілді.
Сынау кезінде
№1 барлау ұнғымасында 1248-1261метр тереңдіктен
штуцер 10мм. болғанда дебиті тәулігіне
80 текше метр фонтан атқылады. Өзен алаңындағы
мұнайдың одан арғы өнеркәсіптік иірімдерін
№2 және №22 ұнғымалардағы сол қабаттан
алынған мұнай фонтандары растады.
1959 жылы Жетібай
құрылымында іздеу бұрғылау басталды.
1961 жылы Жетібай кен орнындағы №6 барлау
ұнғымасынан мұнай фонтаны шықты.
Осылайша, 1961
жылы Оңтүстік Маңғыстауда Өзен және Жетібай
екі мұнай кен орны бір мезгілде ашылды
деуге болады. Маңғыстаудағы мұнай-газ
кен орындарын игеруге үлкен назар аудара
отырып, Қазақ КСР-дің Министрлер кеңесі
1962 жылы 19 қаңтардағы «Маңғышылақ түбіндегі
және Каспий маңы ойпатының оңтүстік-шығыс
бөлігінің аумағында мұнай мен газға арналған
геологиялық барлау жұмыстарын күшейту
туралы және осы аудандарда анықталған
мұнай кен орындарын пайдалануға дайындау
туралы» №41 қаулы қабылдады. Оңтүстік
Маңғышылақтың байлықтарын өнеркәсіптік
игеру үшін 1964 жылдың қаңтарында «Маңғышылақмқнай»
өндірістік бірлестігі құрылды. Мұнай
тыңын игеруге Әзербайжаннан, Татариядан,
Башкириядан, Краснодар және Ставраполь
өлкелерінен мыңдаған білікті жұмысшылар
мен тәжірибелі инженерлік-техникалық
қызметкерлер келді. Ералы, Жетібай кенттері,
Жаңа Өзен қаласы салында. Қазақстан Компартиясының
ОК-нің 1964 жылғы 13 ақпандағы №123 қаулысына
сәйкес «Маңғышылақмұнай» бірлестігі
бойынша 1964 жылғы 3 шілдеде «Өзен мұнай
кәсіпшілік басқармасын ұйымдастыру туралы»
№27 бұйрық шығарылды.
Маңғыстау мұнайын
ашу және тездетіп игеру барланған қорларды
көп есе ұлғайтуда шешуші роль ойнады
және Қазақстанның бұрынғы КСРО-ның мұнай
өндіруші республикаларының қатарына
шығуына ықпал етті.
70-ші жылдарда
іздеу және барлау жұмыстары Бозашы, Қаламқас
ірі кен орындарын ашумен және барлаумен
аяқталды.
Сынған толқындар
әдісі (СТӘ) қолдану арқасында конфигурацияны
және тұз күмбездері ядроларының шөгу
тереңдігін айқындау дұрыстығын арттыру
мүмкіндігін анықтау мақсатында 1934 жылдан
бастап шағылысқан толқындар әдісімен
(ШТӘ) тәжірибелі жұмыстар жүргізіле бастады.
1931-1936 жылдары
СТӘ сейсмикалық жұмыстар орындалды, атап
айтқанды, Торғай ойпатындағы ШТӘ, онда
полеозой фундаментіндегі депрессияларды
іздеу мақсатында Шымкент қаласынан оңтүстікке
қарай СТӘ сейсмикалық барлау орындалды.
1938-1948 жылдары ШТӘ, ал 1940 жылы СТӘ Орталық
Қазақстан палеозой массивінің сотүстік
батпасында мезозой-кайнозой қабатын
Петропавл қаласының ауданындағы Батыс
Сібір плитасының тұнба шөгінділеріне
бөлшектеуге мүмкіндік берді. 1934 жылдан
бастап «Ембімұнай» мен «Ақтөбемұнай»
тресттері, ал 1939 жылдан бастап «Қазақстанмұнайкомбинат»
сейсмикалық барлауды үлкен көлемдерде
жүргізді.
Сейсмикалық
– барлау жұмыстарының көлемдері ұдайы
өсіп жатты, бұл ретте 35 құрылымда орындалған
сейсмикалық-барлау қалыптасқан кезең
нақты геологиялық міндеттерді шешу үшін
оны сынаумен сипатталады.
Қолданылуы
Қазіргі кезде
мұнай біздің өмірімізде түпкілікті орын
алады. Өндірілген мұнай құбыры арқылы
мұнай өңдейтін заводқа жіберіледі.
Ол жерде мұнайды
арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде одан
бензин, жермай және басқа түрлі бағалы
заттар бөліп алынады. Мұнайдан ең алдымен
жанатын газ, бензин және жермай бөлінеді.
Ең таза бензин ұшаққа пайдаланылады.
Автомашиналардың маторы да бензинмен
жұмыс істейді. Жермай реактивтік ұшақтарға,
тракторға, үй тұрмысы қажетіне жұмсалды.
Мұнай автомобильдер
мен тепловоздарға, тракторлар мен комбайндарға,
электр станциялары мен заводтарға өте
қажет. Олардың двигательдері, пештері
мен оттықтары бензинмен, керосинмен,
мазутпен, мұнайдан алынатын сұйық отынның
және басқа да түрлерімен жұмыс істейді.
Машиналар мен
механизмдер де сырғымалары және айнымалы
бөлшектері ұдайы майлап тұруды қажет
етеді. Ондай май мұнайдан жасалады.
Химиялық заводтарға
да мұнай қажет, неге десеңдер: синтетикалық
каучук, эстетикалық талшықтар, пластмассалар,
бояулар, жарылғыш заттар, көптеген дәрі-дәрмектер
сол мұнайдан өндіріледі.
Мұнай қалдығының
өзі де көп пайда келтіреді. Одан: парафин,
жарықмай, гудрон өндіріледі. Парафиннен
майшырақ жасалады. Оны тез тұтануы үшін
шырпы шиінің басына да жағады. Жарықмай
адамның беті-қолын жарылудан сақтайды.
Гудрон сіңірілген темір жол табан ағашы
шірімейді. Жер астына көмілетін электр
сымы қабығына да гудрон сіңіріледі.
Мұнаймен қоса
жер астынан жанғыш газ шығады. Мұнайдың
ілеспе газы кейде тіпті өте көп мөлшерде
кездеседі. Оны мұнай-газ кен орны деп
атайды. Осымен бірге жанғыш газ жер қойнауына
өз алдына бөлек топталып, газ кен орнын
түзеді.
Мұнай сияқты
табиғи газ да отын және химиялық шикізат
ретінде пайдаланылады. Әр үйдің ошағында
маздап тұрған арзан әрі таза табиғи газ
қазіргі кезде ешкімге де таң емес. Газ
әсіресе жылу электр станцияларында электр
қуатын өндіру үшін көп жұмсалады. Ол сонымен
бірге металл қорыту, цемент өндіру, машина
жасау және басқа өндіріс салаларына барған
сайын кеңінен енуде.
Маңыздылығы
Мұнайды өндіріп
және жоғары сапалы мұнай өнімдерінің
кең ауқымды сұрыпталымын шығара отырып,
«ПетроҚазақстан» компаниясы өзінің өнімдерін
Қазақстанда да, сондай-ақ республикадан
тысқары жерлерде де сатып өткізеді.
Құмкөл мұнайы
халықаралық нарықта жоғары бағаланады
және сапасы жағынан халықаралық Брент
маркалы мұнай эталонына сай келеді.
2006 жылдың шілде
айынан бері Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры
(«Қазақстан – Қытай құбыр жолы») іске
қосылғаннан бастап «ПетроҚазақстанның»
мұнайы Қытай Халық Республикасына жеткізіледі.
2006 жылдың шілде айында іске пайдалануға
берілген Атасу-Алашанькоу Қазақстан-Қытай
құбыры (ҚҚҚ) «ПетроҚазақстан» мұнай жеткізу
бойынша маркетингілік мүмкіндіктерін
жақсартты. ҚҚҚ құбыры жолы арқылы «ПетроҚазақстан»
Қытайға жылына 2,7 млн. тоннаға жуық мұнай
жеткізеді, бұл компанияның барлық мұнай
экспортының 94%-ын құрайды. Қытайдағы сауда
қарым-қатынастары бірінші кезекте ҚХР-дың
солтүстік-батысында орналасқан мұнай
өңдеуші компаниялармен арада жүзеге
асырылады. Мұнайдың белгілі бір көлемі
алыс шет елдерге темір жол көлігі арқылы
тиеп жөнелтеді.
«ПетроҚазақстан»
компаниясының, сондай-ақ «ҚазТрансОйл»
Шығыс филиялының құбыр өткізгіш жүйесін
пайдалану мүмкіндігі бар, ол арқылы мұнай
Шымкент мұнай өңдеу зауытына («ПетроҚазақстанОйлПродактс»)
қайта өңдеу үшін тасымалданады. Шымкент
мұнай өңдеу зауытына компания жылына
2 млн. тоннаға жуық мұнайды қайта өңдейді
де, содан кейін бензин, дизелдік отын,
отындық мазут, авиациялық керосин, вакуумдық
газойль және сұйылтылған газ сияқты өнімдерін
сатып өткізеді. Жыл сайын Шымкент мұнай
өңдеу зауытынан 3,8 млн. тоннадан астам
мұнай өнімдері ішкі және сыртқы нарықтарға
тиеп жөнелтіледі.
Мұнай өнімдері
маркетингінің басым бағыттары ішкі нарық,
атап айтқанда, елдің Оңтүстік Қазақстан,
Жамбыл, Алматы, Қызылорда облыстары сияқты
халық тығыз қоныстанған аймақтары, сондай-ақ
Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары,
Алматы мен Астана қалалары болып табылады.
Бұлар мұнай өнімдерін жалпысатып өткізу
көлемінің 70%-ын құрайды.
Компанияның
мұнай өнімдерін ішкі нарықта тұтынатындар
ірі және ұсақ автомай құю бекеттері мен
автомай құю жерлерінің иелері, әуежайлар,
отын – энергетикалық, газ компаниялары,
зауыттар, көлік – тасымалдау ұйымдары,
фермерлік қожалықтар болып табылады.
Экспортқа негізінен мұнай өңдеу зауыттарына
арналған вакуумдық газойль және тұрмыстық
мақсаттар мен вакуумдық газойльді шығару
негізінен Шығыс Еуропаға, ал сұйылтылған
газды шығару – Орталық Азия елдеріне
жүзеге асырылады.
Қазақстандағы мұнай және газ 2010
«Электронстандарт-прибор-
Сіздерді 9А павильонында орналасқан стендімізді көруге шақырамыз.
KIOGE – Қазақстанда және Каспий
өңірі елдерінде «Мұнай және газ» тақырыбына
өтетін аса ірі көрме-конференция. Жыл
сайын KIOGE көрмесіне
әлемнің 30 елінен 600 жуық компания өз өнімдерін
қояды және мұнай, мұнай өңдеу, мұнай химиясы
және газ өнеркәсіптерінің, мұнайды және
мұнай өнімдерін тасымалдау салаларының
бірнеше мың ғылыми, өндірістік және басқарушы
өкілдері, экологтар, қоғамның гуманитарлық
және әлеуметтік салаларының, мемлекеттік
құрылымдардың өкілдері қатысады.
KIOGE Қазақстанның және Каспий
өңірі елдерінің мұнай-газ өнеркәсібінің
даму жолдары ауқымды, көлемді, сонымен
бірге жан-жақты және кәсіби деңгейде
талқыланатын мінбеге айналды.
Пайдаланылған cілтемелер
- ↑ Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.
- ↑ Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0
Қазақстанның мұнай өнеркәсібі [ 49 бет ]
Жоспар
Мазмұны
Кіріспе.......................
1 Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі..........................
1.1 Нарықтық экономикаға өтудің негізгі
бағыттары.....................
1.2 Қазақстандағы нарықтық қатынастардың
дамуы.........................
1.3. Мұнай өнеркәсібіндегі шетел инвестицияларының
рөлі..........................
2 Қазақстанның мұнай өнеркәсібіне жалпы
сипаттама.....................
2.1. Қазақстанның минаралды-шикізат ресурстары....................
2.1 Өнеркәсіп көрсеткіштері.................
2.2 Мұнай өнеркәсібінің даму тарихы........................
2.3.Мұнай өңдейтін өнеркәсіптер..................
2.3 Сыртқы экономикалық қарым - қатынастары...................
3. Қазақстанның табиғи ресурстарын тиімді
пайдалану мәселелері...............
Қорытынды ..............................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының
мұнай өнеркәсібіне талдау жасау қазіргі
кездегі өзекті мәселелердің біріне жатады,
өйткені тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі
жылдары елміздің экономикасы төмен құлдырап,
тек 1995 жылдан бастап қана ол бірте-бірте
көтеріле бастады, ал 2005 жылы еліміздегі
жалпы ішкі өнім көлемі 1995 жылмен салыстарғанда
екі есе өсті. Экономикамыздың өсуінде
мұнай өнеркәсібінің ролі зор. Республиканың
Энергетика және минералды ресурстар
министрлігі «Республиканың отын өнеркәсібінің
2015 жылғы дейінгі даму стратегиясын» қабылдады.
Міне, осындай дәрежеге жету үшін қандай
жұмыстар жүргізілді және экономикамыздың
дамуының басты бағыттары қандай болды,
ел экономикасындағы мұнай өнеркәсібінің
ролі қандай деген сұраққа жауап беру
үшін осы жұмыста көптеген статистикалық
мәліметтерге талдау жасалынып, ел экономикасы
дамуының басты себептерін айқындау қазіргі
уақытта өте қажет.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: жұмыстың
басты мақсаты Республика экономикасының
дамуындағы мұнай өнеркәсібінің ролін
айқындау.
Міндеті:
• Республика экономикасына жалпы сипаттама
беру;
• Республикадағы өнеркәсіптің, соның
ішінді мұнай өнеркәсібінің дамуына талдау
жасау;
• Республиканың мұнай өнеркәсібінің
келешекте даму бағыттарын айқындау;
• Республиканың табиғи ресурстарын,
соның ішінде мұнай ресурстарын тиімді
пайдаланудвың жолын айқындау.
Жоғарыда айтылған міндеттерге жету барысында
республиканың экономикасының даму ерекшеліктері,
мұнай өнеркәсбінің дамуы қарастырылған.
Қазақстанда реформа жасау жылдарында,
нарықтық экономикаға көшуде орасан зор
көп жұмыстар атқарылды:
• Барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге
баға мен тариф ырықтандырылды;
• Сыртқы экономикалық қызмет көп жағдайда
ырықтандырылды, соның ішінде әртүрлі
тарифтік емес шектеулер мен экспортқа
шығарылатын өнімдерге кеден бажы алып
тасталынды;
• 1995 жылы 1 шілдеден салық жөніндегі жаңа
заң енгізілді, салық саны бұрынғы 45-тен
енді 11-ге дейін қысқарды, олардың алым
көлемге ретке қойылды, олар экономикадағы
нарықтық қатынастарға лайықтандырылды;
• түбегейлі институциялдық өзгерістер
жасалды және жасалынып жатыр. Елімізде
мемлекеттік меншікті жекешелендіру жоғары
қарқынмен жүргізілді, реформа жылдары
(1992-1995) мемлекеттік 16мың кәсіпорын жекешелендірілді,
оның ішінде экономиканың экспорттық
секторына жататын өнеркәсіптің ірі жетекші
кәсіпорындары бар. Бүгінде шаруашылық
қызметпен айналысатын субъектілердің
жалпы санының 80%-дан астамы жеке меншікте,
мемлекет меншігінде тек 15,5%-ы ғана қалған;
• рыноктық инфраструктураның базасы
жасалды: 100-ден астам екінші дәрежедегі
банк жұмыс істейді, олардың 30-дан астамы
жеке меншіктегі , 72-сі акционерлік, 6-ы
шетелдік банктер. Кейбір банктер банкрот
болып, кейбіреулері өзара бірігіп, іріленіп
деген сияқты табиғи процесс жүріп жатыр.
Яғни экономикамыздың барлық саласында
түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр.
Қолданылған әдебиеттер
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
1. Агошков М.И. Развитие идей и практики
комплексного освоения недр. – Горный
журнал, 1984, №3,с.3-7.
2. Новожилов В.В. Измерение затрат и результатов.
- М.: Наука, 1967. -156 с.
3. Хачатуров Т.С. Об экономической оценке
природных ресурсов // Вопросы экономики,
1969, №1, с. 66-74.
4. Комплексная экономическая оценка минеральных
ресурсов. – Алма-Ата: Наука, 1972. – 208 с.
5. Виноградов В.Н. Экономическая оценка
комплексного минерального сырья. – М.:
Недра, 1978. – 223 с.
6. Гудалин Г.Г. Предпроектная экономическая
оценка рудных месторождений. – М., 1967.
– 324 с.
7. Дегтярев В.С. Методические рекомендации
по разработке ТЭД-ов о целесообразности
детальной разведки месторождений твердых
полезных ископаемых. – М.: ВИЭМС, 1986. –
220 с.
8. Кондин С.Р. Штифанов П.И. Вопросы допроектной
экономической оценки месторождений минерального
сырья. – Алма-Ата, 1962. – 137 с.
9. Туркебаев Э.А., Каплан М.И., Шалабаев
С.Ш. Как оценить эффективность месторождения.
// Народное хозяйство Казахстана, 1997, №1,
с.80-83
10. Мкртчян М.В. Вопросы планирования и
стоимостной оценки минерально-сырьевых
ресурсов. // Советская геология, 1964, №10,
с.113-121.
11. Соболевкий Т.Ф. Экономическая оценка
рудных месторождений. – М.: ЦНИГРИ, 1976.
– 143 с.
12. Струмилин С.Г. О цене «даровых благ»
природы // Вопросы экономики, 1967, №8, с.69.
13. Гатов Т.А. Рациональное использование
месторождений цветных металлов. – М.:
Недра, 1980. – 277 с.
14. Никифоров М.М. и др. Эффективность комплексного
использования полиметаллических руд
и пути ее повышения. – Алма-Ата, 1978. –
22с.
15. Сиразутдинов А.М., Дороненко Ф.Г., Смирнов
Н.И. Принципы оценки освоения новых горно-промышленных
районов Казахстана. – Алма-Ата: КазНИИНТИ,
1976. – 81с.
16. Быховер Н.А. Экономика минерального
сырья. – М.: Недра, 1971. – 210 с.
17. Синопальников К.Г., Гинзбург Е.Г. Экономические
расчеты при проектировании угольных
шахт. – М.: Недра, 1967. – 280 с.
18. Ергалиев А.Е., Шестаков В.А. Оценка месторождений
и выбор некоторых параметров разработки
с учетом фактора времени. – Алма-Ата:
Наука, 1958. – 110 с.
19. Логинов В.П. Экономические проблемы
технического прогресса в добыче минерального
сырья. – М., 1971. – 67 с.
20. Перкуль М.М. Об экономической оценке
угольных месторождений // Уголь, 1959, №2,
с.54-56.
21. Рачковский С.Я. Основы экономической
оценки месторождений полезных ископаемых
в условиях социалистического хозяйства
// Цветная металлургия, 1959, № 6.
22. Лурье А.Л. Методы линейного программирования
и их применение в экономике. – М.: Статистика,
1964. – 84с.
23. Марголин А.М. Оценка запасов минерального
сырья (математические методы). – М.: Недра,
1974. – 264 с.
24. Пожарицкий К.Л. Основы оценки месторождений
полезных ископаемых и рудников // Горный
журнал, 1957, №9, с. 3-9.
25. Пугачев В.Ф. Оптимизация планирования.
– М.: Экономика, 1968. – 167 с.
26. Трушков Н.И. Основы оценки рудных месторождений
// Цветные металлы, 1931, №2.
27. Астахов А.С. Экономическая оценка запасов
полезных ископаемых. – М.: Недра, 1981. –
287 с.
28. Мкртчян Г.М., Суспицын В.А., Клисторин
В.И. Оценка ресурсов в моделях природопользования.
– М.: Наука, 1979. – 192 с.
29. Тонкопий М.С. Экономика природопользования.
– Алматы: Экономика, 1998. – 475 с.
30. Упушев Е.М. Экономика природопользования
и охрана окружающей среды. – Алматы: Экономика,
1999. – 334 с.
31. Грацерштейн И.М., Кульницкий Л.С. Технико-экономическое
проектирование предприятий цветной металлургии.
– М.: Металлургия, 1981. – 248 с.
32. Каганович С.Я. Экономика минерального
сырья. – М.: Недра, 1985. – 168 с.
33. Косминский Б.М. Учет и планирование
замыкающей себестоимости в горной промышленности.
– М.: Недра, 1970. – 196 с.
34. Хрущев Н.А. Методы экономической оценки
месторождений минерального сырья в районах
нового освоения. – М.: Наука, 1982. – 166 с.
35. Рогожин В.М. Совершенствование методов
геолого-экономической оценки месторождений
полезных ископаемых. – А., 1982. – 147 с.
36. Закон «О земле, о недрах и недропользовании».
– Алматы: Жетi Жаргы, 1996.
37. Сергеев М.А., Лексин В.Н. Методические
рекомендации по определению экономической
эффективности комплексного использования
рудного сырья.// Комплексное использование
минерального сырья, 1979, №8
38. Соколов В.И. Налоги за природопользование
в США и Канаде. – М.: Наука, 1985.
39. Рациональное использование сырьевых
ресурсов и основных фондов металлургической
промышленности Урала. – Свердловск, 1977.
– 137с.
40. Методические рекомендации по определению
экономической эффективности комплексного
использования рудного сырья. – Свердловск:
ИЭ УНЦ, 1982. – 69 с.
41. Эффективность комплексного использования
минерального сырья. – Алма-Ата: Наука,
1984. – 137 с.
42. Кузнецов Д.Т. Распределение затрат
и оценка эффективности в комплексных
производствах. – М.: Экономика, 1971. – 183
с.
43. Райханұлы Н. Өткен жылдың қорытындысы
не көрсетті? //Ақиқат.-2003-№3-41-43б.
44. Райханұлы Н. Экономиканың жарты жылдық
қарқыны. //Ақиқат.-2004-№9-11-12б.
45. Райханұлы Н. Экономикалық дағдарыстан
қайтсек шығамыз? // Ақиқат.-1994-№4-14-17б.
46. Есентүгелов А. Қазақстандағы макроэкономикалық
жағдай. // Ақиқат.-1996-№11-14-17б.
47. Елшібекова Қ. Инвестициясыз экономика
өрге баспайды. //Саясат.-1998-№2-15-18б.
48. Шыңғыс М. Экономикадағы дүбәралық.
//Жас Алаш.-2006-№12-1-2б.
49. Сәбден О. Инвестиция салынған негізгі
салалар. // Ақиқат.-1997-№2-15б.
50. Құлымжанов М . Нарықтық экономиканың
мәні, құрылымы және тиімді жұмыс істеудің
шарты. //Агробизнесс теориясы мен тәжірибесі.
А.-1997-19-21б.
51. Райханұлы Н. Реформаға көзқарас. (Нарықтық
қатынастардың дамуы қандай?) // Ақиқат.-1997-№5-11-18б.
52. Құлымжанов М. Нарықтық экономика заңдары.
// Ақиқат.-2003-№7-30-32б.
53. Сатымбекова К. Тенденции экономического
развития РК в современных условиях. //
Саясат.-2005-№8-4-5.
54. Әліқұлов К.А. Қазақстанда нарықтық
қатынастардың дамуы. // Жаршы.-2004-№2-60-62б.
55. Дүйсенбек Ә. Инвестиция –экономика
емшісі. // Егемен Қазақстан.-1997-№8-6-7б.
56. Нұрмолдақызы Г. Инвестицияларды қайда
жұмсаған қайырлы. // Қаржы-қаражат.-1998-№7-23б.
57. Нұрмолдақызы Г. Қазақстанға инвестиция
қайдан құйылуда? // Егемен Қазақстан.-
1989-№1-4б.
58. Райханұлы Н. Нарықтық қатынастар мен
ҚР-да экономиканың басты салаларында
жұмсалған инвестицияның құрамы мен динамикасы.
// Ақиқат.-1998-№2-33-35б.
59. Шыңғыс М. Инвестиция –экономика өзегі.
// Жас Алаш.-1998-№4-2б.
60. Шыңғыс М. Қазақстан және әлемдік инвестиция.
// Жас Алаш.-2002-№9-9б.
61. Қаженбаев С. ΧΧΙ ғ. Қазақстанның экономикалық
даму модельдері. //Статистика учет и аудит.-2002-№2-30-32б.
62. Шалғынбаев Н. Нарықтық қатынастарды
қалыптастырудағы жекешелендіру. // Саясат.-2004-№8-49-51б.
63. Райханұлы М. Жыл қорытындысы не көрсетті?
// Ақиқат.-1998-№4-30-32б.
64. Қазақстан цифрларда. Статистикалық
жинақ. Алматы.-2003
65. Қазақстан цифрларда. Статистикалық
жинақ. Алматы.-2005
Мазмұны
Кіріспе.......................
І тарау
1. Құбыр көлігінің даму тарихы........................
1.2 Ең алғаш іске қосылған құбырлар......................
2 Мұнай газ тасымалдау үшін Қазақстан
Республикасында заңдастырылған құжаттар......................
2.1 Қазақстанның қара алтынын тасымалдайтын
құбырлар......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Кіріспе
Мұнай мен газ Қазақстанның басты шикізат
байлығы, оның болашақ гүлденуінің негізі.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Республикамыздың барлык жерінде дерлік
кездесетін көмір сияқты емес мұнай мен
газ кен орындары Атырау, Маңғыстау, Батыс
Қазақстан, Ақтөбе облыстарын қамтитын
батыстың экономикалық ауданында шоғырланған.
Мұнай кен орындары негізінен Орал-Ембі
және Маңғыстау мұнай алабында орналасқан.
Мұнайдың қазіргі шаруашылықтағы маңызы
зор. Ол сұйық отын өндіретін бас шикізат.
Мұнайдан автомобиль трактор дизель двигательдері
үшін бензин және керосин алынады. Мұнайды
өңдегеннен кейін қалатын сұйық қалдық
мазут электр станциялары мен металлургия
пештерінде отын ретінде жағылады. Ал
қатты қалдық гидрон жол құрылысында пайдалынвлады.
Мұнайды өңдеген кезде бөлінетін газдар
химия өнеркәсібі үшін бағалы шикізат
. Серіптес мұнай газдарынан синтетикалық
каучук, синтеткалық талшықтар , пластмассалар
алынады . Ембі мұнай көзінің сапасы жағынан
бағалы, өйткені онда қоспалар аз. Мысалы
, күкірт, парафин,қарамай. Оны өңдегеннен
кейін жоғары сапалы бензин алынады . Атырау
облысында Теңіз мұнай кені игерілуде.
Маңғыстау алабы - республикада мұнай
мен серіктес газ өндіретін аудан. Бұл
ауданды игерудің едәуір қиындықтары
бар. Аумағының көбі елсіз , климаты қатаң
, су жетпейді. Оның үстіне мұнайының құрамында
парафин көп. Сондықтан құбырмен тасымалдау
үшін оны қосымша қолдан жылыту керек.
Қолданылған әдебиеттер
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Азаматов А. Каспий мұнай. “Қазақ батырлары”
газет. 2004 ж. қазан
3-бет
2. Данабаев Қ. Арбалап алып, дорбалап қашып
Құмкөл мұнайын қамқырған инвесторға
тоқтам бола ма?. “Жас Алаш” 2005, 16 ақпан
3-бет
3. Налмишова Қ. Қазақстан Республикасының
экономикалық және әлеуметтік географиясы
курсы бойынша лекциялар жинағы.
4. Ғасыр құбыры. “Жас Алаш” 1998 жыл, 11 сәуір,
4-бет
5. КазТрансОйл жетістіктері. “Қазақстан
заман” 2003, 20 маусым.
6. Құнанбай Ә. Баку – Тбилиси – Жейхан
мұнай құбыры”Егемен Қазақстан” 2005 ж.
26 мамыр.
7. Ержұман С. Теңізшедройл – табысты ынтымақтастық
кезеңдері. “Егемен Қазақстан” 2007 ж. 24
ақпан.
8. Жоламан Б. Маңғыстау мұнайына – 45 жыл.
“Егемен Қазақстан” 2006 ж, 5 шілде, 6-бет.
9. Шөпеғұл Ж. Төте құбырдың тиімділігі.
“Егемен Қазақстан” 2006 ж, 26 қазан, 3-бет.
10. Еділқызы Л. Каспийдің қайраңы мен аймағы.
“Егемен Қазақстан” 2006 ж, 15 сәуір, 4-бет.
11. Шөпеғұл Ж. Қан тамырындай бүлкілдеген
қара алтын. “Егемен Қазақстан” 2005 ж,
14 қазан, 5-бет.
12. Өтеуғалиева С. Табиғат байлығын орынсыз
пайдалануға қақымыз жоқ. Ана тілі, 2005
ж, 5 қыркүйек.
13. Мұнай тамырының бүлкілі. “Егемен Қазақстан”
2002 ж, 3 қыркүйек, 5-бет.
Дисциплина: Мұнай, Газ

- Мұнай мен газдың қазіргі дәуірдегі маңызы
- Мұнай Өнеркәсібі
- Мұнай өңдеу заводтарының ағынды сулардың аппаратуралық схемасы
- Мұнай өңдеу процесіндегі ректификациялық колонналар және олардың есебі
- Мұнаралы кран
- Мұнаралы крандар туралы жалпы мәліметтер
- Мұрагерлік құқығы
- Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
- Мұнайды алғашқы өңдеу
- Мұнайдың қоршаған ортаға тигізетін әсері
- Мұнайдың физика-химиялық қасиеті және оның экожүйеге әсері
- Мұнайды өндіру мен тасымалдауда қоршаған ортаны қорғау
- Мұнай және газ
- Мұнай қалдықтары