Мұнайды алғашқы өңдеу
КІРІСПЕ
Біздің республикамыздың жер қойнауы жердің маңызды пайдалы қазбалары – мұнай мен газға бай екендігі мәлім.
Археологтар
мұнайды пайдаланудың басталу уақытын
біздің заманымызға дейінгі 6 мың
жылдыққа байланыстырады. Біздің заманымызға
дейінгі 3 мың жылдықта Қосөзен мен
Мысыр мемлекеттерінде
Мүнай және газ – теңдесі жоқ өте құнды пайдалы қазба. Оларды өңдеуден шыққан өнімдерді жай тұрмысқа да және мемлекетті қорғауға да қажет. Олар өндірістің барлық саласында, көліктің барлық түрлерінде, соғыс және азаматтқ құрылыста, ауыл шаруашылығында, үй қызметінде , энергетикада және т.б. да қолданады. Соңғы бірер он жылдықта мұнай мен газдан көп мөлшерде әртүрлі мынандай химиялық материалдар ала бастады: пластмассалар, жасанды талшықтар, жасанды каучуктер, лактар, жуғыш заттар, минералды тыңайтқыштар және басқа. Мұнайды бекер «қара алтын» деп атамайды. Осы ғасырды мұнай мен газдың дәуірі деп атайды. Бұл кездейсоқтық емес, себебі дүние жүзі мемлекеттерінде елді мұнай мен газ қорымен қамтамасыз етуге баса көңіл аударылуда және солай бола береді.
Қазіргі
кезге дейін мұнайды
1 Мұнайды алғашқы өңдеу
Мұнай өте күрделi парафиндер, нафтендер, ароматикалы және аралас көмірсутектердің бiр-бiрiнде еритiн, молекулалық массасы және қайнау температуралары әр түрлi қоспалардан тұрады. Оны бiрегей жеке компоненттерге бөлу мүмкiн емес және ондай бөлу мұнай өнiмдерiн өндiрiсте пайдалануда қажет емес те. Іс жүзiнде мұнайды көмiрсутектерiнiң фракцияларына және топтарына бөледi де, олардың химиялық құрамын өзгерту мақсатында өңдейдi. Мұнайды өңдеу алғашқы (бiрiншi) және екiншi процестерне бөледi. Алғашқы процестерiне мұнайды, қайнау шектерiмен бiр бiрiнен айырмашылығы болатын, фракцияларға бөлудi, ал екiншiге- термиялық пен термокаталитикалық өңдеу процестерiн, тағы да мұнай өнiмдерiн тазалауды жатқызады.
Мұнайды алғашқы өңдеудегi негiзгi алғашқы немесе тура айдау болып саналады, оны дитилляция мен ректификация қолданып жүргiзедi [2].
1.1 Дистилляция
Дистилляция немесе айдау деп - сұйықтықтардың өзара еритін қоспасын фракцияға, бiр бiрiнен және бастапқы қоспадан да қайнау температурасымен айырмашылығы болатын, бөлу процесiн айтады. Айдау процесiне қоспа қайнағанға дейiн қыздырылады, осының нәтижесiнде ол аздап буланады. Пайда болған бу бөлiнiп конденсацияланады. Айдау арқылы құрамы жағынан бастапқы қоспадан айырмашылығы бар, дистиллят және қалдық алады. Айдауды бiр қабат, көп рет немесе бiртiндеп буландырумен жѕргiзедi.
Үздiксiз
жұмыс iстейтiн қондырғыларды
Фазаны бөлу процесiн көп рет жүргiзуде бiр қабат буландыруды бiрнеше рет қайталайды. Мысалы, мұнайды көп рет буландыруды, ал алғашқысын одан жеңiл бензин фракциясын алатындай температураға дейiн қыздырады да, оны сұйық фазадан бөлiп алады. Екiншi сатысында, қалған сұйық фазаны жоғарылау температурада, мысалы, 3500С қыздырып, одан ауыр бензин, реактив және дизель отындарын бөледi. Мұның қалдығын гудрон дейдi. Яғни мұнайды бiртiндеп көп рет қыздырып, буландырып, әр кезде бу фазасын сұйықтан айырады.Түзiлген бу және сұйық фазаларды колонналарда ректификациялайды. Сонымен мұнайды өндiрiстiк процестерi бiр рет пен көп рет буландыруымен айдаудың жалғасуына және бу мен сұйық фазаны одан әрi ректификациялауға негiзделген [2].
Бiртiндеп
буландыруда қыздырудың нәтижесiнде
түзiлген бу айдау аппараттынан үздiксiз
шығарылып отырады. Бiртiндеп буландыруды
мұнайды лабораторияда
Бiр
рет буландыру процесiнiң
Бiртiндеп
буландыруда керiсiнше жеңiл
Мұнай құрамында атмосфералық қысымда 400-5000С және одан да жоғары температура аралығында қайнайтұғын көмiрсутектердiң болтындығы, бұл көмiрсутектердiң термиялық тұрақтылығы тек 380-4000С дейiн -ақ сақталатыны белгiлi. Одан жоғары температурада олардың ыдырау процесi көмiрсутектердiң крекингi басталады, тағы да мұнайдың жоғары қайнаушы көмiрсутектерiнiң термиялық жағынан көп төмендiгi белгiлi. Көмiрсутектердiң ыдырауын болдырмау үшiн олардың қайнау температурасын төмендету қажет. Оған мұнайды вакуумда айдау арқылы жетедi. 450-5000С температура аралығында атмосфералық қысымда қайнайтұғын мұнай фракцияларын вакуумда (қалдық қысым 3-5кПа ) 200-2500С айдап бөлуге болады. Мұнай өңдеу тәжiрибесiнде қайнау температураны төмендету үшiн су буын да пайдаланады, мұнда оның әсерiмен көмiрсутектердiң сыбағалы қысымы төмендейдi [3].
1.2 Алғашқы айдау өнімдері
Мұнайды атмосфералық қысымда алғашқы айдау нәтижесінде мынадай өнімдер алынады:
Негізінен пропан мен бутаннан тұратын сұйытылған көмірсутекті газ (тұрақтандырушы басты фракция). өнім мөлшері мұнайдың кен орнындағы қондырғыларда қаншалықты терең тұрақталғанына байланысты болады. Бұл өнімді күкіртті қосылыстардан тазартылған соң, шаруашылықта отын, газдарды бөлу қондырғыларына, шикі зат есебінде пайдалануға болады.
Бензин фракциясы. 30-1800С аралығында айдалады. Каталитикалық риформинг қондырғыларында шикі зат есебінде қолданады, кейбір кездерде автобензин компоненті есебінде де пайдаланылады.
Керосин фракциясы. 120-3150С аралығында айдалады. Ауареактивті қозғалтқыштарда, жарық алуда, тракторлардың карбюратор қозғалтқыштарында отын есебінде пайдаланылады. Гидротазалау, сілтімен әрекеттеу немесе меркаптансыздандыру қондырғыларында күкіртті қосылыстардан бөлу және пайдалану сапасын жақсарту мақсатында қосымша әрекеттеуден өтеді.
Дизел фракциясы. 180-3500С аралығында айдалады. Бұрын дизел фракциясын атмосфералық газойл, соляр майы деп атап келді. Бұл фракцияны автомобилдерде, тракторларда, тепловоздарда, теңіз және өзен кемелерінде орналасқан дизел қозғалтқыштардың отыны есебінде пайдаланылады. Қажет болған жағдайда, оны гидрогенизациялық әдіспен күкірттен тазалайды.
Мазут. Бұл мұнайды атмосфералық айдаудың қалдығы. Қазан отыны есебінде пайдаланады, кейбір кездерде термиялық крекинг қондырғысының шикі заты бола алады.
Мазутта вакуумда айдаудан алынатын өнімдер ассортименті, мұнайды өңдеу вариантына байланысты. Мазутты өңдеудің екі жүйесі бар: май және отын алу.
Май алу жүйесінде мазутты өңдеуден 2-3 дистиллятты фракциялар алады, оның әрқайсысын одан әрі тазалаудан өткізеді; тазаланған өнімдерді әртүрлі қатынастарда араластырып, базалық майлардың қажетті сорттардан дайындайды.
Отын алу жүйесі бойынша, әдетте бір фракцияны, 350-5000С аралығында қайнайтұғын бөледі, оны каталитикалық крекинг немесе гидрокрекинг процестерінде шикі зат есебінде пайдаланады. Бұл фракцияны кейбір кезде вакуум газойлі деп те атайды.
Гудрон-мазутты вакуумда айдаудан қалған қалдық; термиялық крекинг, висбрекинг, кокстеу, битум және майлар өндіру қондырғыларында пайдаланады [3].
2 Алғашқы айдау қондырғыларын кластарға бөлу
Құбырлы қондырғылардың
Екі
рет буландыру қондырғыларында
гудронға дейін айдауды екі сатыда
жүргізеді: әуелі мұнайды атмосфералы
қысымда мазутқа, одан кейін оны
вакуумда гудронға дейін айдайды. Бұл
процестерді екі
Үш рет буландыру қондырғыларында мұнайды айдауды үш коллоналарда жүргізеді: екі атмосфералық және бір вакуум коллонасында. Мұнайды үш рет буландыру қондырғысының басқа түрі болып бір атмосфералық және екі вакуумды коллоналардан тұратын АВҚ саналады. Екінші вакуум коллонасы гудронды буландыра түсуге арналған, онда негізгі вакуум коллонасына қарағанда, тереңдеу вакуум ұсынылады.
Төрт рет буландыру қондырғысы, АВҚ – ның бастапқы бөлігінде бензинсіздендіруші атмосфералық коллонасынан және соңғы бөлігінде гудрон үшін буландыра түсетін вакуум коллонасынан тұрады.
Қазіргі кезде мұнайды алғашқы айдауды атмосфералық қысымда істейтұғын құбырлы қондырғыларда (АҚ) жүргізіп, одан мөлдір өнімдер – бензин, керосин, дизел (газоил) фракцияларын алады. Мұнай айдаудың қалдығын (өнімнің бастапқы қайнау температурасы 300-3600 С) мазут дейді. Егер мазутта қазан отынын көп алу қажет болған жағдайда, онда айдаушы атмосфералық қысымда жүргізумен шектейді. Мұнай шикі заты жеткіліксіз жағдайда, мұнай өңдеу бағыты тиімсіз болып саналады.
Мөлдір мұнай өнімдерінің мөлшерін, оның мұнайдың бастапқы құрамындағыдан көп өндіру үшін, мазутты әртүрлі термиялық және каталитикалық процестерді қолданып, те,рең химиялық өңдеуге салады. Мазутты терең өңдеудің көп қолданып жүрген жүйесі бойынша, оны дистиллятты фракцияларға және бастапқы қайнау температурасы 490-5200 С жоғары тұтқырлы қалдыққа – гудронға алдын ала бөлу көзделеді. Мұндай бөлуді вакуумды құбырлы қондырғыларда (ВҚ), 5-8 кПа қалдық қысымда жүргізеді. Алынған дистиллятты фракциялар және гудрон дара ағым күйінде одан арғы өңдеу жіберіледі.
Гудронға дейінгі айдауды, егер мазутта атмосфералық және мазутты вауумдық айдауды бір құрастырма қондырғыда атмосфера-вакуумды құбырлы (АВҚ) қондырғыларда жүргізеді.
Көпшілік зауыттарда мұнайды атмосфералық және мазутты вакуумдық айдауды бір құрастырма қондырғыда атмосфера-вакуумды (АВҚ) қондырғыларда жүргізеді [2,3].
2.1 Мұнайды алғашқы айдау қондырғыларының технологиялық жүйелері
2.1.1 Атмосфералық құбырлы қондырғылар
Олардың технологиялық
Бір рет буландыру қондырғысында (1(а)-сурет.)мұнай жылу алмастырғыштармен құбырлы пеш арқылы ректификациялық колоннаға беріледі, оның эвапорациялық кеңістігінде бір рет булану жүреді. Одан кейін колоннаның консентрациялық бөлігінде булар ректификацтялаудың нәтижесінде мақсатты фракцияларға бөлінеді, ал айдаушы бөлігінде шикі заттың сұйық фазасынан тағы да ректификациялаудан тез қайнаушы фракциялар бөлінеді.
I—мұнай; II—газ; III—бензин; IV— керосин; V—дизельді фракция; VI— мазут; VII—су.
1-сурет. Мұнайды бір рет және екі рет буландырудың атмосфералық айдау жүйесі
Екі рет буландыру қондырғысында (2(б)-сурет.) жылу алмастырғыштарында қыздырылған мұнай бензинсіздендіруші деп аталатын коллонаға беріледі. Бұл коллонаның эвопорациялаушы кеңістігінде мұнайдың булануы жүреді. Мұнай 200-2400С дейін-ақ қыздырғандықтан, түзілген бу мөлшері аз және онда негізінен бензиін фракциялары болады. Концентрацияланушы бөліктің ректификациялаушы табақшаларында бензин ауыр фракциялардан бөдінеді де колонадан бу күйінде шығып кетеді. Бензинін бумен бірге мұнайды алғашқы айдаудан ілесіп келген су буы және газдар да бөлінеді.
Осылай жартылай бензинсізденген мұнай колоннаның түбінен құбырлы пеш арқылы негізі атмосфералық колоннаға беріледі, онда мұнайдың қайталап булануы және булардың ауыр бензинге, керосин және дизел фраксияларына ректификацияланып бөлінуі орын алады. Қалдықта мазут қалады.
Бір рет буландырудың жетістігі жеңіл және ауыр фракциялар бірге буланады. Бұл әдіс мұнайды салыстырмалы төмен темпратурада қыздырумен ауыр компонеттерді тереңірек бөлуге мүмкіндік береді. Бір рет буландыру қондырғылары ықшамды, құбыр желісі қысқа, отынды басқа қондырғыларға қарағанда, аз қажет етеді.
Бірақ құрамында бензин фракциялары көп (15% жоғары )мұнайларды осы типтес қондырғыларда айдалғанда, жылу алмастырғыштарда және пештегі иілген құбырлардағы қысым күрт көтеріледі. Бұл қолданылатын құрал-жабдықтардың жоғарғы төзімділігін және оларға қажетті металл шығынын көбейтуді талап етеді, шикі затты айдаушы сорап желісіндегі қысымды көтереді. Одан көбірек, егер айдауға, судан және тұздардан тазартылмаған мұнай берілсе, онда ол пештегі қысымды көтереді, иілген құбырлардың қабырғасының мүжілуіне алып келіп соғып, соның салдарынан авария болу қаупі пайда болады.
Екі рет буландыруда газ, су және бензиннің негізгі бөлігі мұнайдан пешке бармай жатып бөлінеді. Бұл жағдайда пештің де, негізгі ректификациялаушы колоннаның да жұмысын жеңілдетеді және ол екі қайтара буландыру желісінің негізгі жетістігі болып саналады. Екі қайтара буландыру жүйесі, әсіресе өңдеуге түсетін мұнай табиғаты қайта-қайта өзгеріп тұратын жағдайда, ыңғайлы.
Екі рет буландыру қондырғыларында, мұнайдан бір рет буландыру сияқты, дистилляттарды бөлу тереңдігінің дәрежесіне жету үшін, оны жоғары темпратураға дейін (360-3700С) қыздыруға тура келеді. Екі рет буландыру қондырғысында ректификациялау колонналарының, шикі зат сораптарының саны екі рет көбейеді, конденсацсиялаушы жабдықтар мөлшері өседі [2,3].
2.1.2 Вакуумды құбырлы қондырғылар
Вакуумда айдау қондырғылары мен блоктарда мазутты бір рет буландыру жүйесі (2(а)-сурет)көп тараған. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, мұндай блоктарда өте таза ректификациялаумен бөлінген айдалу шектері тиянақты вакуум дистилляттарын, жоғары сапалы майлар дайындауға пайдаланатын, алу өте қиын вакуум дистилляттарының орта қайнау темпратураларының бір-біріне ауысуы 70-1300С аралығында құрайды.
Вакуум
дистилляттарының таза бөлінуін жақсартуды,
ректификациялаушы
I—мұнай; II—сулы бу; III—конденсирленбеген газдар мен булар; IV, V, VI— майлы айдалымдар; VII— гудрон.
2-сурет. Мұнайды бір рет (а) және екі рет (б) буландырудың вакуумды айдау жүйесі
Екі баспалдақты вакуум
айдауында айдауға қосымша
2.1.2.1 Май варианты бойынша мазутты вакуумды айдаудың технологиялық ерекшелігі
Май варианты бойынша мазутты вакуумды айдаудың негізгі қолданысы – берілген тұтқырлықтағы тар май фракциясын алу. Ол тауарлы майды алудың базалы негізі болып табылады, оны қажетсіз компоненттерден (шайырлы – асфальтенді заттардан, полициклді ароматты көмірсутектерден, қатты парафиндерден) кезекті көпсатылы тазалаудан өткізіп алады.
Тауарлы
майдың көптеген сапасының, қасиетінің
көрсеткіштері (тұтқырлық, тұтқырлық
индексі, газ түзілу қасиеті, тұтану
температурасы және т.б.), сонымен
қатар майлы өндірістегі
Айтып кететін жағдай, бір колонналы ВТМ екі колонналы ВТМ капиталды және эксплутациялық шығындарынан озады, бірақ фракцияларды дәл бөлуден: әдетте қайнау температурасының берілуі аралас диятиллят арасында 70-1300С-та, қалып қалады. Соның өзінде ректификацияның дәлдігін көтеру табақша санын арттырумен іске аспайды, өйткені колоннаның қоректендіру секциясында вакуумды тереңдіктің төмендеуіне байланысты. А суретіндегі ВТМ қондырғысының жұмысында колоннаның қоректендіру секциясындағы қысым 13-33кПа ұсталып тұрады жоғарғы жағының қысымы 6-10кПа және мазутты қыздыру температурасы 4200С жоғары емес болады. Колоннаның төменгі жағына 5-10%(гудронға) сулы бу жіберіледі. Б сурет бойынша ВТМ жұмысында екінші колоннада терең вакуумның болуы міндетті емес, ондағы бөлудің жоғары эффектісі табақша санының көтерілуімен жүзеге асады. Бірінші колоннаға кіре берістегі мазуттың қызу температурасы 400-4200С және вакуумды айдаудың екінші сатысындағы кең май фракциясы – 350-3600С болады [4,5,6].
2.1.2.2 Насадкалы колонналардағы мазуттың вакуумды (терең вакуумды) айдалуы
Соңғы
жылдары әлемдік мұнай өңдеуде
мазутты вакуумды айдауда регулярлы
типті насадкалы-контактілі қондырғылардың
табақшалыға қарағанда
Регулярлы насадканың бұл артықшылығы вакуумды ректификациялық колонналарды конструктирлеуге мүмкіндік береді, олар 6000С дей3нг3 0айнау температурасының соңы газойльді (майлы) фракциялардың терең таңдалуын қамтамасыз ете алады Немесе берілген таңдалу тереңдігіне май дистилляттарының фракционерлеуінің дәлдігін көтере алады.
Қазіргі кездегі жоғары өндірісті регулярлы насадкасын қолдану вакуумды колонналар ұйымдастырылу әдісінде, сұйық пен бу қозғалысының салыстырмалы контактісінде келесі екі түрге бөлуге болады: қарама-қарсы ағынды және айқасқан [4].
Регулярлы
насадкалы қарама-қарсы
Суретте
гримма (ФРГ) фирмасының қарама-қарсы
ағынды вакуумды насадкалы колонна
конструукциясының
-
жоғары өнімділік мазут
- жоғары қайнау температурасы 5500С, төмен кокс дәрежесімен (0,3%-тен кем емес Конрядсон бойынша) және металл құрамы бойынша (V+10Ni + Na) терең вакуумды газойль алу мүмкіндігі;
- пештен кейінгі мазут қызуының температурасының (10-15 °С-қа) төмендігі;
- колоннадағы қысым жоғалымының екі есе төмендеуі;
- буландыруға кеткен сулы будың шығының әлдеқайда төмендеуі;
Айқасқан насадкалы колоннада (АНК) булы және сұйық фазалы контактың гидродинамикалық жағдайлары қарама-қарсы ағындыдан әлдеқайда айырықшаланады. Қарама-қарсынасадкалы колоналардағы насадка колоннаның барлық көлденең қимасын алады, ал бу мен сұйық бір-біріне бір бағытта қозғалады. АНК насадкалы колоннаның көлденең қимасының тек бір бөлігін ғана алады (әртүрлі геометриялық фигуралар: сақина, үшбұрыш, төртбұрыш, көпбұрыш және т.б.) [5,6,7].
Айқасқан
регулярлы насадкалы қарама-
Басқа
жағынан қарағанда, насадкалы колоннадағы
процестерде жай вакуум айдау
режимінде жүзеге асыруға болады,
бірақ фракцияға бөлінудің
АНК-ның жоғарыда көрсетілген тағы да бір артықшылығысұйықталған бүріккіштің жоғары тығыздықты ұйымдастырылу мүмкіндігі –мазутты айдадың вакуумды және терең вакуумды қондырғысының жоғары өнімділікті эксплуатациясы үшін өте маңызды, олар диаметрі үлкен колонналармен жабдықталған. Салыстыру үшін қарама-қарсы және айқасқан вакуумды колонналарға диаметрі 8м (көлденең қима ауданы ≈ 50м2) алынған сұйық бүріккіштің мөлшерімен салыстырылады. Қарама-қарсы ағында бүріккіштің төменгі тығыздығы (≈20м3/м2сағ) қамтамасыз еткенмен, колоннадағы 50х20=1000м3/сағ сұйықтың бүріккуіне тосып қойылады, оны техникалық жүзеге асыру мүмкін емес. Соның өзінде колоннаның қимасы бойынша мұндай мөлшерде бірдей таралуын ұйымдастыру өте күрделі қиындық туғызып отыр.
АНК-да қарама-қарсы колонналарға қарағанда, оның насадкалы қабаты ауданның көлденең қимасының тек горизонтальді бөлігін алады. Осы жағдайда вакуумды АНК-да сұйықтың бүріккуін ұйымдастыру үшін қимадағы сияқты 25м3/м2сағ болас да керек болады, ал энергетикалық жағынан тиімді, ол ол техникалық жағынан қарапайым, суретте вакуумды айқасқан насадкалы колонна конструкциясының принципиальді сұлбасы көрсетілген, ол ПО «Салаватнефтеоргсинтез» АВТ-4 енгізген. Ол арлон мұнай мазутының кең вакуумды газойлін – каталитикалық крекинг шикізатының таңдалуына арналған [6,7,8].
2.1.2.3 Мазутты фракционирленуінің дәлдігі үшін майлы дистиллятты алуда айқасқан насадкалы колонналар
Айқасқан насадкалы колонналар (АНК) оларда орналасқан насадкалы блоктың мөлшеріне байланысты және қоректендіру зонасында жететін вакуум тереңдігін келесі нұсқауларда қолдануға болады:
а) терең таңдалған терең вакуумды айдаудың нұсқасы, бірақ вакуумды дистилляттың дәл фракционирленуінде, егер АНК контактың теориялық сатысының шектелген санымен жабдықталған болса;
б) жай вакуумды айдаудың нұсқасы, бірақ таңдалған дистилляттың фракционирленуінің жоғары дәлдігі, АНК-ның контактісінің теориялық саты санының көп болып жабдықталуына байланысты болады.
Майлы дистилляттарды алуда
мазутты фракционирлеу үшін қайнаудың
өте тар температурасы
2.1.2.4 Вакуумды колоннаның конденсациялы-вакуум түзілу жүйесі
Вакуумды колоннадағы берілген вакуум тереңдігі конденсациялы-вакуум түзілу жүйесі (КВТ) АВТ қондырғысының бу конденсациясы жолымен, колоннаның жоғарғысымен кететін және газ бен будың конденсацияланбайтын эжектрленуі (сулы бу, H2S, CO2, шикізаттың термиялық бөлінуінің өнімдері және жеңіл фракциялар мен КВТ тығызсыздығынан өтетін ауа) түзіледі.
АВТ заманауи қондырығысының конденсациясы – вакуум түзілу жүйесі конденсация жүйесінен, вакуумды сорап жүйесіне, барометриялық құбырдан, газосеператордан және конденсат жинағыштан тұрады.
Тәжірбиеде будың конденсациясы үшін келесі екі әдісті қолданады:
1) вакуумды колоннаның секциясынан жоғары ректификациямен конденсациясы:
- жоғары циркулияциялық бірігу (ЖЦБ) немесе
- өткір бүріккіш (ӨБ);
2) колоннада емес конденсатор-тоңазытқыш шығаруындағы ректификациялық конденсация:
-
сұйық немесе аумен
-
сумен немесе газойльмен
- булы эжекторлардағы сораптарды (БЭК) судың саты аралық конденсаторларында орналасады.
Колоннада жеткілікті терең вакуумды құру үшін жоғарыда көрсетілген конденсация әдістерінің барлығын бір кезде қолдану міндетті емес. Сондықтан КВЖ-ға екі конденсация булы әдісін колоннаның жоғарғы секциясына қосу міндетті емес, осы мақсатта екі әдістің біреуін қолдану жеткілікті. Бірақ та ЖЦБ тиімдірек және кең қолданысқа ие, өйткені ӨБ салыстырғанда бу конденсациясының жылуын толығымен утилизациялауға, вакуум колоннасының жоғарғы жағында төмен температураны 60-800С шегінде оптималды ұстап тұрып, сонымен бу мен газдың көлемін біршама төмендетуге мүмкіндік береді. Колоннада емес АВТ қондырғысының екі түрінде ректификациялық булы конденсация әдісінде араластырудың барометрлік конденсаторы, төмен гидравликалық кедергісі мен газосеператорды қолдану қажеттігі керек емес болып қалады. БКА-ның кемшілігі – айдалымдағы судың мұнай өнімімен және күкртсутекпен хладогентті қолдануда ластанады. Соған байланысты хладогент және абсорбент ретінде суытылған вакуумды газойльді қолдану перспективті болыптабылады. КВЖ-ның экологиялық талаптары заманауи жоғары өнімділікті АВТ қондырғысының беттік конденсатор-тоңазытқыштың газасеператормен қоспасында енгізіледі.
Қазіргі кезде вакуум-сорап ретінде ағынды сораптарды – бір және екі немесе үшсатылы эжекторларды сулы будағы және оның конденсациясының аралығындағысын (АЭН) қолданады. Булыэжекторлы вакуумды сораптар бірнеше принципиалды кемшіліктерге ие (жағымды әректтің төмен коэффициенті, сулы бу мен оның конденсациясы үшін суытылған судың біршама шығыны, суытылған судың және де т.б. ластануы).

- Мұнайдың қоршаған ортаға тигізетін әсері
- Мұнайдың физика-химиялық қасиеті және оның экожүйеге әсері
- Мұнайды өндіру мен тасымалдауда қоршаған ортаны қорғау
- Мұнай және газ
- Мұнай қалдықтары
- Мұнай мен газ
- Мұнай мен газдың қазіргі дәуірдегі маңызы
- Мүктэріздес өсімдіктер
- Мүліктік жарна түсінігі және өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары
- Мүрағат мекемесіндегі кадр мәселесі
- Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттер
- Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі
- Мұна газ саласын басқару
- Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар