Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Мұғалім, оның қоғамдағы алатын
орны..........................
1.1. Мұғалімдік қызмет – адам жанына нәр беретін игілікті жұмыс..................4
1.2. Қазіргі кезеңдегі мұғалімге
қойылатын талаптар......................
1.3. Педагогика тәрбие теориясы......................
1.4.Тәрбие мақсатының мәні туралы
түсінік.......................
2. Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі.....................
2.1. Мұғалімнің сабаққа дайындығы.....................
2.2. Мұғалімнің мәдениеті.....................
2.3. Мұғалімнің сабақ беру шеберлігін
арттыру үшін қолданылатын әдістері......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқанындай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп.
Қай елдің болсын өніп-өркендеуі, өсуі, дүниеде өзіндік орнын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты.
Мұғалімдік – әлемдегі мамандықтар арасындағы ең – ең біріншісі алғашқысы, тұңғышы, құрметтісі, құдіреттісі, киелісі.
Мұғалім туралы әлемдегі ұлы да ұлағатты, дана да дара адамдардың данышпандық пікір ойлары өте көп.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің
«Мұғаліміңді құрметте, ол сенің
көкірек көзіңді ашқан» деген
даналық қасиеті бар. Адамның
көкірек көзі ашылмаса, ол –
көр соқыр, қара тобыр,
Олай болса, халық
пен мемлекеттің тағдыры
Мұғалімнің бұл қасиеттерін
көр соқырлар, қара тобырлар білмейді,
түсінбейді, сезбейді. Айта берсе,
олар өздерін жаратқан Алланың
кеуделеріндегі жандарының
Корольдер, императорлар, патшалар, президенттер, генералдар, өнертапқыштар, өнерпаздар – бәрі мұғалімнен оқыған. Сондықтан да мұғалім мәртебесі, дәрежесі биік, асқақ, ардақты, атақты.
Мұғалімдік қызмет – адам жанына нәр беретін игілікті жұмыс. Мұғалімнің сөзі – жан азығы. Ол жаныңды өсіреді, жалындатады, қанаттандырады, өмірге қызықтырады, шаттыққа бөлейді, өмір жасын нұрландырады, рухани биіктікке көтереді.
Құдіретті де мәртебелі, қасиетті де киелі, осы мамандықтың иесі мұғалімнің бірі – мен, сіз және біздің әріптестеріміз.
Мұғалімнің бұл қасиеттерін үлкен жүректі жаны жайсаң, кең пейілді, меценат – Атымтай жомарт, парасатты адамдар өте жақсы біледі. Мұғалімдерді қадірлейді, оларға сый-құрмет көрсетеді.
Зерттеудің көкейкестілігі: Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай-ақжеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру мекемелеріндегі жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығы, яғни білім беру мазмұны, оқыту формасы мен әдістері, материалдық техникалық базалары, т.б. бойынша анықталады.
Білім сапасы мұғалімдер қызметінің сапасына тікелей байланысты. Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: … « Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек білім сапасын көтерудің негізгі тетігі- ұстаз, сондай-ақ, оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.
Жаңа ғасырдағы мектеп
алдындағы міндет – егеменді еліміздің
жас ұрпағын жан-жақты дамыта
отырып тәрбиелеу. « Елімізді 2030 жылы
барысқа айналдыратын күш – мектеп
партасында отырған оқушылар мен 15-20
жас аралығындағы жастар » деп
Елбасымыз бекер айтқан жоқ. Өйткені
Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас
ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты
жан-жақты, терең білімді, интнллектуалдық
деңгейін жоғары етіп қалыптастырудың
бірден бір жолы – оқушыға білімді
терең игертудің тиімді әдіс –
тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа
жетелеу. Бұл ретте мұғалімнің терең
біліктілігі қажет. Біліктілік –
бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген
білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты
бейнелейтін жалпы
Зерттеудің пәні: Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі
Зерттеудің міндеті:
- Қоғамдағы білім беру сапасын арттыру
- Егеменді еліміздің жас ұрпағын жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеу
- Оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз ету
Курстық жұмыстың құрылымы:Кіріспеден, үш тараудан, қоытындыдан, қолданылған әдебиеттен тұрады.
- Мұғалім, оның қоғамдағы алатын орны
1.1 Мұғалімдік қызмет – адам жанына нәр беретін игілікті жұмыс.
Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Егеменді елімізде болып жатқан түбірлі жаңартулар, ізгілендірілген қоғам құруға беталыс, туған тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы мектеп, оның мұғалімі, жалпы білім беру жүйесіне де игі әсерін тигізіп, білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіру, бүкіл білім беру жүйесін қайта құру, ол үшін педагогикалық жаңаша ойлау, тың ізденістерге жол ашу сияқты көкейкесті мәселелерді алға тартты.
Абай: «Адам адамнан тек білімі мен ақыл-ойы арқылы ғана озады», – деген екен. Ұлы ойшылдың осы бір даналық сөзі әлі күнге өз мәнін жоғалтқан жоқ. Білім – әрбір азаматтың әлеуметтік хал-ахуалының жақсаруының, мемлекетіміздің жан-жақты дамуының кепілі.
Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы – мұғалім. «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы… Мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім», – деген А.Байтұрсынұлы. Осы орайда «Мұғалім тұлғасын қалай сипаттауға болады?» деген сұрақ туандайды.
Теориялық жағынан білімді, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытып жүрген, үнемі кәсіби шеберлігін шыңдауға ұмтылатын, тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, баланы өзіне тарта алатын ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық.
Адам Ата-Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі – өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шартарапқа жетелеуші. Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі.
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтініміз, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, шәкірт бойындағы ұстамдылық пен тәрбиелілік көбіне ұстазға келіп тіреледі. Ескендір Зұлқарнайын: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель», – десе, Абылайхан Төле биді, Шәкәрім ұлы ақын Абайды ұстазым деп, шексіз құрметтеп кеткен екен.
Әрине, бұрынғы қазақ даласындағы ағартушылық қызмет балаға жазу-сызу, оқуды үйретуге ғана саятын болса, бүгінгі таңдағы білім беру аясы мүлде басқаша. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді.
«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе білім» деп ұлы жазушы М.Әуезов айтқанындай, тәуелсіздік туын тіккен елімізді өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп.
Қай елдің болсын өніп-өркендеуі, өсуі, дүниеде өзіндік орнын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты.
Мұғалімдік – әлемдегі мамандықтар арасындағы ең – ең біріншісі алғашқысы, тұңғышы, құрметтісі, құдіреттісі, киелісі.
Мұғалім туралы әлемдегі ұлы да ұлағатты, дана да дара адамдардың данышпандық пікір ойлары өте көп.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің
«Мұғаліміңді құрметте, ол сенің
көкірек көзіңді ашқан» деген
даналық қасиеті бар. Адамның
көкірек көзі ашылмаса, ол –
көр соқыр, қара тобыр,
Олай болса, халық
пен мемлекеттің тағдыры
Мұғалімнің бұл қасиеттерін
көр соқырлар, қара тобырлар білмейді,
түсінбейді, сезбейді. Айта берсе,
олар өздерін жаратқан Алланың
кеуделеріндегі жандарының
Корольдер, императорлар, патшалар, президенттер, генералдар, өнертапқыштар, өнерпаздар – бәрі мұғалімнен оқыған. Сондықтан да мұғалім мәртебесі, дәрежесі биік, асқақ, ардақты, атақты.
Мұғалімдік қызмет – адам жанына нәр беретін игілікті жұмыс. Мұғалімнің сөзі – жан азығы. Ол жаныңды өсіреді, жалындатады, қанаттандырады, өмірге қызықтырады, шаттыққа бөлейді, өмір жасын нұрландырады, рухани биіктікке көтереді.
Құдіретті де мәртебелі, қасиетті де киелі, осы мамандықтың иесі мұғалімнің бірі – мен, сіз және біздің әріптестеріміз.
Мұғалімнің бұл қасиеттерін үлкен жүректі жаны жайсаң, кең пейілді, меценат – Атымтай жомарт, парасатты адамдар өте жақсы біледі. Мұғалімдерді қадірлейді, оларға сый-құрмет көрсетеді.
1.2 Қазіргі кезеңдегі мұғалімге қойылатын талаптар
Ал ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, оның өз кәсібінің майталманы болып, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет.
Ұстаздың бойындағы
білім мен ақыл-ойының қуаты
талай тентекті жуасытып, небір
еркені сабасына түсіреді, тәртіпке
баулып, есейтіп, ержеткізеді.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, –
деген өлең жолдары еріксіз
ойға оралады. Егер әр шәкірт
өмірде бір кірпіш болып
Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі – шәкіртке де, ата-анаға да, жалпы жұртшылыққа да өнеге.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
«Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады», – дейді.
Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен батылдықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер кейінгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру», – деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын.
Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені – өзіңді-өзің тану. Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды? Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Француздың ұлы ойшыл-философы Ж.Руссо «Ұстаздық ету – өзінің уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деген екен. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.
Егер де мұғалімді маман, қызметкер адам ретінде қарастыратын болсақ, XXI ғасыр ұстазының моделі былай болуы керек:
Ұлағатты, ұстамды,
Сабырлы да салмақты,
Тапқыр да талантты,
Адал да ақылшы,
Зергек те зейінді.
Қорыта айтқанда, ХХІ ғасыр мұғалімінің моделіне сай болу үшін жоғарыда келтірілген қасиеттер барша ұстаз қауымының бойынан табылып отыруы тиіс. Бұл – заман талабы.
1.3. Педагогика тәрбие теориясы
Тәрбие теориясының қарқынды
дамуына қарамастан 12-ші ғасырдың
басына дейін педагогика-
Тәрбие қоғамдық құбылыс
ретінде өздігінен пайда болып,
жасамай, тұлғаны қалыптастырып
оны өмірге дайындаудың және оған
қажетті қоғамдық сана мен қасиеттерді
дамытудың құралы ретінде көрінетін
жоғарыда айтқанбыз. Осыдан, тәрбие заңдылықтары,
оның сипаты мен әдістемелік негіздері
тәрбиелік қызметтің өзінде ғана
көрінбей, әлеуметтік тұлға сипатына
ие адамның даму және қалыптасу заңдылықтарына
негізделеді. Сондықтан педагогиканың
шұғылданатын заты жеке адамның дамуы
мен оның арасында болған заңдылықты
байланыстырады зерттеу және оның негізінде
тәрбиелік жұмыстардың
-жеке адамның арнайы
ұйымдастырылған тәрбие
-тәрбиенің мақсатын анықтау;
-тәрбиенің мазмұнын белгілеу;
-тәрбие тәсілдерін зерттеу.[
1.4 Тәрбие мақсатының мәні туралы түсінік.
Тәрбие мақсаты дегеніміз
жас ұрпақты өмірге даярлауда
және оларды тұлғалық жағынан дамыту
мен қалыптастыруында алдын ала
анықталған (болжанған) нәтижелер деп
түсінуіміз керек. Көрнекті физиолог,
психолог В.М.Бехтерев тәрбие мақсаты
туралы мәселені шешу-бұл педагогика
ғылымының тікелей ісі деп
жазды. Тәрбиенің мақсаты мен
міндеттерін анықтаудың орасан зор
теориялық және практикалық мәні
бар. Бұл бағытта екі негізгі
қағиданы атап өткен жөн. Тәрбие мақсатын
дұрыс түсіну педагогикалық теорияны
қарастыруға тікелей ықпал
2. Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі
2.1. Мұғалімнің сабаққа дайындығы
Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Сабаққа дайындық негізі оқулықпен ғана шектелмеуі тиіс. Мұғалім материалды кеңінен, тереңнен түсінуі қажет. Бұл оған сабақты басқаруға, материалды оқулықтағыдан басқаша түрлендіріп, оқушылардың танымдық және ақыл қабілеттерін белсендетіп, өз беттерімен шығармашылық жұмыс істеуге үйретуге, тапсырманы ілгерлеу әдісімен беруге мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегіндегі сабақта қолданылатын әдістемелердің нәтижелігі туралы тұжырымдауға мүмкіндік береді. Мұғалімнің шеберлігі , біріншіден, сабаққа дайындығы, үнемі және мақсатты түрде, өз білімін, өз тәжірбиесін жұмыстың жаңа тәсілдерімен толықтырып отыруы мақсатында сіздерге төмендегі сабақтың түрлері және оның құрылымымен таныстырғым келеді:
- Зерттеу сабағы - іздендіру мақсатында
- Саяхат сабақ - танымдық қабілетін дамыту
- Семинар сабақ- оқушының білімін тереңдету
- Сайыс сабақ – оқушылар ойларының жетітігін байқау
- Конференция сабақ – іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.
- Сынақ сабақ- білім дағдысын бір бір жүйеге келтіру.
- Диспут сабақ - білім мен дағдысын қалыптастыру.
- Ойын , жұмбақ - оқушылар зейінін дамыту.
- Сахналау сабақ - оқуылар шығармашылығын дамыту.
- Талқылау сабағы - ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау.
- Ертегі сабақ - оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
- Интеграциялық- сабақ пән аралық байланысты жетілдіру
- Панорамалық сабақ мақсаты - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі.
- Аукцион сабақ - бір нәрсені сату арқылы өткізіледі
- Көңілді тапқыштар сабағы - өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі
- Шығармашылық сабақ - оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады.
Интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.
Панорамалық сабақ. Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады.
Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданық жеңгені анықталады. Екі команданық капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды шығарылады.
Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион төртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары.
Көңілді тапқыштар клубы көбіне өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі.
Сабаққа дайындық барысындағы мұғалім әрекетінің алгоритмі
1. Сынып оқушыларының ерекшелігін есепке алу:
- Сынып деңгейі;
- Оқушылардың пәнге
- Сыныптың жұмыс қарқыны
- Білім, білік, дағдының қалыптасуы
- Әр түрлі жұмыс әрекетіне қарым-қатынас;
- Оқу жұмысының әр түріне, сонымен қатар дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қатысы
- Оқушылардың жалпы тәртібі.
2. Жеке ерекшеліктерді есепке алу:
- жүйке жүйесінің типі
- тіл табысушылығы
- көңіл-күйінің өзгеруі, эмоционалдығы;
- оқушылардың жаңа
материалды қабылдауына
- көңіл-күйдің төмендеуін жеңе білуі;
- өз білімі мен біліктілігіне сенімділігі;
- импровизация жасай білуі
- техникалық оқу құралдары
мен электронды есептеу
3. Сабақты жақсы өткізуге мүмкіндік беретін ережелерді сақтау.
Жалпы ережелер:
1) Сабақтың тақырыптағы,
тақырыптың жылдық курстағы
2) Сабақ тақырыбынақатысты
үш түрлі:ғылыми, ғылыми-көпшілік, әдістемелік
кітаптарды таңдап алу,
3) Оқу бағдарламасын қарап шығу, түсіндірме хатты қайта оқу, берілген тақырып бойынша стандарт талаптарын оқып шығу, сабаққа байланысты мұғалімнен не талап ететінін анықтау;
4) Оқулық материалын еске түсіру, тірек білім, білік, дағдыны бөліп алу;
5) Сабақ міндеттерін нақтылау,
басты міндетті бөліп алу, оны
оқушыларға түсінікті, олар
6) Сабақта оқушы нені
түсінуі керек, нені есте
7) Оқушыларға қандай оқу материалын, қандай көлемде, қандай мөлшерде баяндау керектігін, жетекші идеяларды дәлелдейтін қандай қызықты деректерді келтіруге болатынын анықтау;
8) Сабақ міндеттеріне
сәйкес сабақ мазмұнын жіктеп
алу, жаңа білім, білік,
9) Оқушылардың дәптерлері мен тақтада не және қалай жазылатынын ойластыру;
10) Сабақты тұтас құбылыс ретінде қарастыра отырып, көзделген сабақ барысын сабақ жоспарына жазу.
2.2. Мұғалімнің мәдениеті
Атақты педагог, ғалым В.А.Сухомлинский "Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым–шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады”- деп, ұстаздық өнерге ерекше баға берген.
Жас жеткіншектерге тәрбие беру ісінде мұғалімнің атқаратын міндеті зор.
Ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, мұғалім мәдениеті мен шеберлігін төмендегідей бөліктермен анықтауға болады;
1. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті.
2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі.
3. Мұғалімнің мимика және понтомимика ишараларының (жест) мәнерлі негіздері.
4. Мұғалімнің мәдениеті,
әдебі, сөйлеу шеберлігі,
Педагогикалық әдептің
негізі - оқушыға деген шын ықыласты
және олардың адамдық ар-

- Мұна газ саласын басқару
- Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
- Мұнайды алғашқы өңдеу
- Мұнайдың қоршаған ортаға тигізетін әсері
- Мұнайдың физика-химиялық қасиеті және оның экожүйеге әсері
- Мұнайды өндіру мен тасымалдауда қоршаған ортаны қорғау
- Мұнай және газ
- Мучные кондитерские изделия
- Мучные кулинарные изделия русской кухни
- Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету
- Мүктэріздес өсімдіктер
- Мүліктік жарна түсінігі және өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары
- Мүрағат мекемесіндегі кадр мәселесі
- Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттер