Мұнай базалары мен автожанармай құю станцияларының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
"Мұнай
базалары мен автожанармай құю
станцияларының
қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар" техникалық регламентi
1. Қолданылу саласы
1. Осы "Мұнай базалары
мен автожанармай құю
қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық
регламентi (бұдан әрi -
Техникалық регламент) мұнай базаларының
және стационарлық,
контейнерлiк, жылжымалы автожанармай
құю станцияларының (бұдан әрi -
автожанармай құю станциялары) қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптарды
белгiлейдi.
2. Регламент:
1) мұнай базалары
мен автожанармай құю
жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстары,
пайдалану және жою кезiнде
қойылатын қауiпсiздiктiң ең төменгi талаптарын;
2) мұнай базалары
мен автожанармай құю
әсерлердiң тәуекел дәрежесiн, өндiрiстiк
және пайдалану факторларын,
қоршаған орта ластануының ықтимал салдарын
ескере отырып, регламент
талаптарына сәйкестiгiн бағалауды және
растауды белгiлейдi.
2. Терминдер мен анықтамалар
3. Регламентте мынадай
терминдер мен анықтамалар
автожанармай құю станциясы
- мұнай өнiмдерiн сақтауды және
бөлшектеп сатуды қамтамасыз ететiн жабдықтармен
жарақтандырылған
технологиялық кешен;
жерасты резервуары
(жерасты сақтау) - егер резервуардағы
сұйықтықтың ең жоғарғы деңгейi шектесетiн
алаңның төменгi жоспарлы
белгiсiнен кемiнде 0,2 м-ден төмен болса
(резервуар қабырғасынан 3 м
шегiнде), мұнай өнiмдерiн сақтауға арналған
резервуар;
мұнай базасы - мұнай
өнiмдерiн қабылдауға, сақтауға және көтерме
сатуға арналған ғимараттар мен құрылыстар
кешенi, технологиялық
жабдықтары, резервуарлық паркi, техникалық
құрылғылары мен
коммуникациялары бар ұйым;
мұнай базасының немесе
автожанармай құю станциясының паспорты
-
оның негiзгi сипаттамалары және жауапты
пайдаланушы, жүргiзiлген қайта
жаңартулар мен жөндеулер туралы ақпаратты,
жүргiзiлген тексерулер мен
оның нәтижелерi туралы ақпаратты қамтитын
құжат;
мұнай базасының, автожанармай
құю станциясының қауiпсiздiгi -
адам өмiрiне, денсаулығына және қоршаған
ортаға зиян келтiруiне
байланысты жол берiлмейтiн тәуекелдiң
болмауы;
мұнай базасын немесе
автожанармай құю станциясын пайдалану
-
ғимараттардың (құрылыстардың) техникалық
жай-күйiн бақылау,
диагностика, техникалық қызмет көрсету,
мұнай базасының немесе
автожанармай құю станциясының техникалық
құрылғыларын ағымдағы жөндеу;
мұнай базасындағы,
автожанармай құю станциясындағы қауiптi
заттардың шектi саны - мұнай базаларындағы,
қоймалардағы, автожанармай
құю станцияларындағы олардың болуы декларациялау
үшiн негiз болып
табылатын мұнай өнiмдерiнiң мөлшерi;
мұнай өнiмдерiн сақтау
қоймасы - мұнай өнiмдерiн қабылдауды,
сақтауды және берудi қамтамасыз ететiн
технологиялық құрылыстардың,
жабдықтардың кешенi;
техникалық құрылғылар
- технологиялық жабдықтар (құбыржолдарының
жалғастырушы бөлшектерiн, сорғыларды
қоса алғанда, резервуарлар,
цистерналар, баллондар, бөшкелер, құбыржолдар),
агрегаттар (төгу-құю
құрылғылары, жерасты құрылыстары, шағын
көлемдi қазандықтар), жапқыш,
реттеуiш және сақтандырғыш арматура,
олардың тораптары және құрамдас
бөлшектерi; электр қондырғылар; отын-тарату
бағаналарын, өлшеу және
автоматтандыру құралдарын қоса алғанда,
есепке алу және бақылау
тораптары; мұнай базалары мен автожанармай
құю станцияларында
қолданылатын сүзгiлер-лас ұстағыштар;
тәуекелдi бағалау
- қауiптiлiктiң iске асырылу мүмкiндiктерi
мен
зардаптарын талдау және бағалау, жол
берiлмейтiн тәуекелдiң
өлшемдерiмен салыстыру;
тәуекелдiң жол берiлетiн деңгейi - қауiпсiздiктiң қоғамдық танылған деңгейi.
3. Мұнай
базалары мен автожанармай құю
станцияларын
құру және
пайдалану шарттары
4. Мұнай базалары
мен автожанармай құю
қолданылатын техникалық құрылғыларды,
материалдарды өнеркәсiптiк
қауiпсiздiк туралы заңнамада белгiленген
тәртiппен Қазақстан
Республикасының аумағында қолдануға
рұқсат етiледi.
5. Мұнай базалары
мен автожанармай құю
құрылғыларды дайындау үшiн қолданылатын
материалдар мен дайын
бұйымдардың сапасы мен техникалық сипаттамасы
дайындаушының
паспорттарымен немесе сертификаттарымен
расталады.
6. Мұнай базалары
мен автожанармай құю
техникалық құрылғыларды жеткiзу кезiнде
техникалық құрылғыларды атауын,
елiн және дайындаушы кәсiпорынды (орындаушыны),
рұқсат етiлетiн
пайдалану мерзiмiн, қолданылу тәсiлiн қамтитын
мемлекеттiк және орыс
тiлдерiндегi ақпаратпен сүйемелдеу көзделуге
тиiс.
7. Мұнай базалары
мен автожанармай құю
Республикасының Экологиялық кодексiне сәйкес
қауiптi қалдықтар
паспорттары, "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы
туралы" Қазақстан Республикасының
2002 жылғы 4
желтоқсандағы Заңына сәйкес санитарлық
паспорты, МЕМСТ 17.0.0.04-90
сәйкес экологиялық паспорты және мұнай
базасы немесе автожанармай құю
станциясының паспорты жүргiзiледi.
4. Мұнай
базалары мен автожанармай құю
станцияларын
жобалау
4.1. Мұнай
базалары мен автожанармай құю
станцияларын
жобалауға
қойылатын жалпы талаптар
8. Жобалау кезiнде ұқсас
объектiлердегi
авариялық статистикалық деректердi, құрылыс
пен пайдаланудың
техникалық-экономикалық көрсеткiштерiн
ескере отырып, авариялар, жұмыс
iстемеу, сыртқы әсерлер, персоналдың болжамды
қателiктерi кезiнде
барлық болуы мүмкiн қауiптер бiрiздендiрiлуi
тиiс.
9. Барлық бiрiздендiрген қауiптер үшiн тәуекелдi есептiк, тәжiрибелiк немесе талдамалық әдiстермен бағалау жүргiзiледi.
10. Тәуекелге жүргiзiлген
бағалауды ескере отырып, мұнай базалары
мен автожанармай құю станцияларын пайдалану
кезiнде тәуекелдi жою
немесе оны жол берiлетiн деңгейге дейiн
азайту үшiн шаралар кешенi
анықталады.
11. Жол берiлетiн
тәуекелдердi анықтау кезiнде жобалау
ұйымы:
мұнай базаларының, автожанармай құю
станцияларының ерекшелiгiн;
қабылданатын техникалық құрылғылардың
сенiмдiлiгiн;
құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын;
сыртқы табиғи әсерлердi;
мұнай өнiмдерiнiң пайдалану қасиеттерiн;
персоналдың қате iс-қимылдарын;
қоршаған ортаның ластануының, құрылыс,
қайта жаңарту және кәдеге
жарату кезiнде құнарлы топырақ қабатының,
өсiмдiк жамылғысының бұзылуы
салдарының ықтимал әсерiн;
авариялардың (жарылыс, уландырғыш залал,
қоршаған ортаның
ластануы) және аварияларды оқшаулау және
олардың салдарларын жою
кезiнде құнарлы топырақ қабатының, өсiмдiк
жамылғысының бұзылуларының
зақымдайтын тәуекелдерiн ескередi.
12. Тәуекелдi жол
берiлетiн деңгейден төмендету
мүмкiн болмаған
кезде жобада адамның өмiрi мен денсаулығына
және қоршаған ортаға
қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн шаралар
жүйесi көзделедi.
13. Мұнай базаларын
жобалауға, ғимараттарды, құрылыстар
мен
техникалық құрылғыларды орналастыруға
2.09.02-85 ҚНжЕ, 3.02-15-2003
ҚНжЕ, 2.11.03-93 ҚНжЕ, 4.04.10-2002 ҚНжЕ, 2.04.05-2002 ҚНжЕ,
5.03-37-2005 ҚНжЕ, 2.02.-11-2002 ҚНжЕ талаптарына
сәйкес жол берiледi.
Барлық типтегi автожанармай құю станцияларын
жобалауға, оларға
ғимараттарды, құрылыстар мен техникалық
құрылғыларды орналастыруға
4.01-15-2001 ҚН, 3.05-15-2001 ҚН, 1.02.010-97 ҚНжЕ талаптарына
сәйкес
жол берiледi.
Мұнай базаларын, автожанармай құю станцияларын
сумен жабдықтауды
және желдетудi жобалау 4.01.41-2006 ҚР ҚНжЕ,
4.01.02-2001 ҚР ҚНжЕ,
4.02.42-2006 ҚНжЕ, 2.02-14-2002 ҚР ҚН талаптарына
сәйкес орындалады.
14. Мұнай базалары
мен автожанармай құю
торапты автомобиль жолдарына кем дегенде
екi кiру қақпасы немесе мұнай
базасына кiрме жолдары болуы тиiс.
Жаяу жүргiншiлердiң қозғалысы үшiн енi
0,75 м-ден кем емес
асфальттанған және тас төселген тротуарлар
жобалануда. Өтпелер
жұмысшылар үшiн өте қолайлы бағыттар
мен жерлер арқылы орнатылуы тиiс.
15. Мұнай базалары
мен автожанармай құю
өндiрiстiк объектiлердi жобалауға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық
талаптарға сәйкес санитарлық-қорғаныс
аймақтары жобаланады.
16. Мұнай базаларын
салуға арналған жобалық құжаттамада
мұнай
базасының аумағын биiктiгi 2 м-ден кем емес
жанбайтын материалдардан
жасалатын қоршаумен қоршау көзделуi тиiс.
Қоршау ғимараттар мен
құрылыстардан (әкiмшiлiктен басқа) кем
дегенде 5 м қашықтықта болуы
тиiс.
17. Мұнай базасының
аумағын функционалды
технологиялық байланыстарды, жүк айналымы
мен көлiк түрлерiн,
санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық,
өртке қарсы және басқа да
талаптарды ескере отырып, аймақтар мен
учаскелерге бөлу қажет.
18. Жарылу қаупi бар
аймақтарда орналасқан электр
жабдықтары мен
автоматтандыру құралдарының орындалуы
үй-жайлардың және сыртқы
құрылғылардың жарылыс-өрт және өрт қаупi
бойынша жiктемесiне сәйкес
келуi тиiс.
19. Қоршаған орта
әсерiнiң агрессивтiлiк
жер үстi резервуарлары мен құбыржолдарының
сыртқы бетiн тоттанудан
қорғау 2.01-19-2004 ҚР ҚНжЕ сәйкес жүзеге асырылады.
4.2. Резервуарлық
парктерге және мұнай базалары мен
автожанармай
құю станцияларының резервуарларына қойылатын
талаптар
20. Резервуарлық
парк:
су басу, көшкiн, тас құлау әсерiне және
басқа да бұзатын геологиялық әсерлерге
ұшырамайтын алаңда орналасуы;
ауа райы жағдайына қарамастан, сақтау
объектiсiне жақын немесе
тiкелей орналасқан тұрақты орнатылған
өртке қарсы жабдықтардың
барлығына қол жеткiзiмдiлiктi қамтамасыз
етуге мүмкiндiк беретiн кiрме
жолдармен жабдықталуы тиiс.
21. Жобалық шешiмдер
резервуарларды тасымалданатын
заттармен
толтырудың қауiпсiз процесiн және олардың
босатылуын, газ кеңiстiгiнде
қысымның артуы мен төмендеуiнен қорғауды,
өртке қарсы iс-шараларды,
оның iшiнде пирофорлы қосылыстар түзiлуiнiң,
түпкi шөгiндiлер мен
қоспаларын (мысалы, "тауарлық" су)
алып тастаудың, газ-ауа
тығындыларының жүргiзiлген құбыржолдардан
резервуарларға түсуiнiң алдын
алу шараларын көздеуi тиiс.
22. Резервуарлық
парк, сорғы станцияларының
сыйымдылықтары авария кезiндегi өнiм ысырабы
мен залалды барынша
азайтуды және жақын орналасқан елдi мекендердiң,
кәсiпорындардың, су
объектiлерi мен көлiк жолдарының аумағына
төгiлу мүмкiндiгiн
болдырмауды ескере отырып, сақталатын
өнiмнiң авариялық төгiлулерiн
оқшаулау жүйесiмен және жою құралдарымен
орналастырылуы және
жайғастырылуы тиiс.
23. Резервуарлық
парктердi жарықтандыру үшiн жобамен резервуарлық
парктiң опырылуы шектерiне тiкелей орналасқан
дiңгектерде орнатылған
прожекторлар көзделуi тиiс.
24. Дәнекерлеу және
басқа да отпен iстейтiн жұмыстар
үшiн арнайы
жабдықталған және белгiлермен көрсетiлген
алаңдар көзделедi. Өрт
жабдықтарына және өрт гидранттарына
кiрме жолдар мен өтпелер әрқашан
бос болуы тиiс: өрт гидранттарына және
өрт су айдындарына олардың
орналасу орындарын тез анықтауға мүмкiндiк
беретiн көрсеткiш жазбалар
iлiнуi тиiс. Түнгi уақытта өрт гидранттары
мен су айдындарындағы
көрсеткiштерге жарық түсiрiлуi тиiс.
4.3. Мұнай
базалары мен автожанармай құю
станцияларының
құбырларына
қойылатын талаптар
25. Мұнай базалары
құбырларының технологиялық
өнiмдерiн айдау бойынша (төгу-құю, мұнай
өнiмдерi құбырларынан
қабылдау, базаiшiлiк айдау, тұнбаны кетiру,
резервуарларды босату және
тазарту), барлық негiзгi және қосалқы операциялардың
орындалу
мүмкiндiгiн, мұнай өнiмiн қажеттiлiк немесе
авария жағдайында бiр
резервуардан басқасына айдау мүмкiндiгiн
көздеуi тиiс.
26. Құбыржолдардың
технологиялық схемасы
өрт қауiпсiздiгiн сақтау, қоршаған ортаны
қорғау кезiнде мұнай
өнiмдерiнiң араласуын, ластануын, сулануы
мен ысырабын болдырмауды
қамтамасыз етуi тиiс.
27. Әр түрлi мұнай өнiмдерiн
құбырлар арқылы айдау жобаға сәйкес
жүргiзiлуi тиiс. Авиациялық техникада қолданылатын
мұнай өнiмдерiн,
сондай-ақ тура айдалатын бензиндi және
басқа да этилденбеген
бензиндердi мұнай өнiмдерiнiң бiр тобына
ғана арналған жеке мұнай
өнiмдерiнiң құбырлары бойынша айдау керек.
28. Құбыржолдар олардың тоқтауы кезiнде босатуды қамтамасыз ететiн еңiстермен жобалануы тиiс.
29. Кедергiлер арқылы
өтетiн құбыржолдардың жерүстi өтпелерi
орындарында көршi құбыржолдардың жылу
және механикалық әсерлерден
олардың бiреуiнiң жарылуы мүмкiн кезiнде
берiк қорғауды қамтамасыз
ететiн конструктивтiк шешiмдер көзделедi.
30. Жер үстiнен құбыржолдардың
жерүстi төсемдерiнiң биiктiгi жер
бедерi мен жергiлiктi жердегi топырақ жағдайларына,
құбырлардың жылу
әсерiне байланысты қабылданады, бiрақ
0,5 м-ден кем болмайды.
31. Автомобиль жолдары
мен өтпелердiң қиылысқан жерлерiнде
автомобиль жолдары мен өту жолдарының
үстiнен биiктiгi 4,25 м-ден кем
емес және өтпелердiң үстiнен 2,2 м-ден кем
емес тiреулер жобалануы тиiс.
32. Ғимараттар мен
құрылыстардың және
33. Мұз қататын ортада құбыржолдар құбырдың үстiне дейiнгi топырақтың қату тереңдiгiнен 0,1 м төмен болуы тиiс.
34. Құбыржолдарды
жерасты төсеу кезiнде екi және
одан да көп
құбыржолдардың бiр траншеяға бiрдей орналасуы
жағдайында олар бiр
қатарға (бiр көлденең жазықтықпен) орналасады.
Олардың арасындағы
қашықтық жарықта құбырлардың мынадай
шартты диаметрлерiнде қабылданады:
300 мм-ге дейiн - 0,4 м-ден кем емес;
300 мм-ден астам - 0,5 м-ден кем емес.
35. Жерасты құбыржолдарының
орналасу тереңдiгi көлiк қозғалысы
көзделмеген жерлерде жер бетiнен құбырдың
немесе жылу оқшауламасының
жоғарғы бөлiгiне дейiн 0,6 м-ден кем болмауы
тиiс, ал қалған
учаскелерде орналасу тереңдiгi барлық
қолданыстағы жүктемелердi ескере
отырып, құбыржолдың берiктiгiн сақтау
жағдайларына байланысты
қабылданады.
36. Базаiшiлiк темiр
жолдардың, автомобиль жолдары мен
кiрме
жолдарының қиылыстарында жерасты құбыржолдары
болат құбырлардан
жасалған қаптамаларда төселуi, оларға
төселетiн құбыржолдардың диаметрi
сыртқы диаметрiнен 100 - 200 мм-ден артық
болуы тиiс, ал құбырдың
шеттерi шеткi рельстен немесе автожол
өтетiн шеткi бөлiгiнен әр жаққа 2
м орын қалдыруы тиiс. Қаптамалардың шеттерi
тығыздалуы және битуммен
құйылуы тиiс. Қорғаныш қаптамалары бар
құбыржолдардың учаскелерiнде
пiсiрме түйiспелерiнiң саны барынша аз
болуы тиiс. Барлық түйiспелер
физикалық бақылау әдiстерiмен тексерiлуi
тиiс.
Орналасу тереңдiгi болат қаптамалардың
үстiнен шпалдардың
табанына дейiн 1 м-ден кем болмауы тиiс,
ал автожолдар мен кiрме
жолдардың асты - жол жабындыларының үстiне
дейiн 0,8 м-ден кем болмауы
тиiс.
37. Құбыржолдардың
еңiстерi: тез жанғыш сұйық заттар
үшiн
0,002-ден кем болмауы; газ тәрiздес заттар
үшiн 0,003-тен кем болмауы;
тұтқырлығы жоғары және қататын заттар
үшiн 0,02-ден кем болмауы тиiс.
38. Болат құбыржолдардың
сыртқы бетiн қоршаған орта
мен кезбе
токтардың әсерiнен туындайтын тоттанудан
қорғау 9.602-89 МЕМСТ-ға
сәйкес келуi тиiс.
39. Жылу оқшауламасын
қолданудың қажеттiлiгi құбыржол
төсеу орны
мен тәсiлiне, технологиялық процестiң
талаптарына, еңбек қауiпсiздiгi
мен жарылыс-өрт қауiпсiздiгiне байланысты
әрбiр нақты жағдайда
айқындалады.
40. Құбыржолдардың жылу оқшауламасы анықталған ақауларды сынағаннан және жойғаннан кейiн жүзеге асырылады.
41. Құбыржолдың жылу
оқшаулау конструкцияларында
негiзгi жылу оқшаулағыш қабат;
арматуралаушы және бекiтушi бөлшектер;
қорғаныш-жабынды қабат (қорғаныш жабын)
көзделедi.
42. Тоттануға қарсы
қорғаныш пайдалану мерзiмi iшiнде
құбыржолдардың авариясыз (тоттану себебi
бойынша) жұмысын қамтамасыз
етедi.
43. Жобалық құжаттамада
құбырларды жерасты тоттанудан
қорғау үшiн
олардың сенiмдi пайдаланылуын қамтамасыз
ету жөнiнде шешiмдер көзделедi.
44. Жерасты құбыржолдары топырақ коррозиясынан арнайы тоттануға қарсы күшейтiлген қорғанышпен (оқшаулаумен) қорғалуы тиiс.
45. Құбыржолдардың
сыртқы беттерiн тоттанудан қорғау
жүйесi мен
түрiн таңдау олардың төсемдерiнiң тәсiлi
мен жағдайларына, сыртқы
ортаның тоттану белсендiлiгiнiң сипаты
мен дәрежесiне, электр тоттану
қауiптiлiгiнiң дәрежесiне байланысты жүзеге
асырылады.
46. Электр-химиялық қорғаныш (катодтық, протекторлық, дренаждық) жүйесiн жобалау 9.602-89 МЕМСТ-ға сәйкес жүргiзiледi.
47. Құбыржолдардың
электр-химиялық қорғанышы
48. Құбыржолдарды
тоттануға қарсы қорғану жөнiндегi iс-шараларды
жобалау кезiнде конструктивтiк шешiмдер
тоттануға қарсы жабындарды
тексеру мен қалпына келтiрудiң қол жетiмдiлiгiн
қамтамасыз етуi тиiс.
49. Құбыржолдарды
жаңғырту мен қайта жаңартуға
жобалық
құжаттаманы (қажеттi сараптамалар мен
келiсiмдердi жүргiзумен)
өзгерткеннен кейiн жол берiледi.
50. Барлық құбыржолдар
сыйымдылығы бойынша
51. Бiтеме, реттеушi,
сақтандырғыш арматуралар
көрсету үшiн ыңғайлы және оңай қол жетiмдi
жерлерде орналастырылуы тиiс.
52. Ернемектiк қосылыстарға
құбырларды аппаратқа, арматураға және
жауап ернемектерi бар өзге де жабдықтарға
қосу орындарында сондай-ақ,
кезеңдi бөлшектеу немесе ауыстырудың
пайдалану процесiн талап ететiн
құбыржол учаскесiнде көздеуге жол берiледi.
53. Кезеңдi бөлшектеудi
талап ететiн арматура
және салмағы 50 кг астам, қиын құбыржол
тораптарында арматураларды
монтаждау және бөлшектеу үшiн механикаландырудың
жылжымалы немесе
тұрақты құралдары көзделуi тиiс.
54. Бiтеме арматура
орнатылуы тиiс реттеушi вентильдер
мен
қақпақтардан басқа вентильдер мен қақпақтарды
реттеушi негiзгi бiтеме
құрылғылар ретiнде пайдалануға тыйым
салынады.
55. Технологиялық
құбыржолдар үшiн қолданылатын
фасонды
бiрiктiрушi тетiктер, ернемектер, төсемелер
және тiреу бұйымдары
материалдың сапасы мен техникалық сипаттамасы
бойынша 356-80 МЕМСТ-ға
сәйкес келуi тиiс.
56. Құбыржолдардағы
төсеменi және бiтеме арматураларды
ауыстыру
ондағы қысым атмосфералыққа дейiн төмендегеннен,
ол мұнай өнiмдерiнен
толық босатылғаннан және қолданыстағы
құбыржолдардан ажыратылғаннан
кейiн ғана жол берiледi.
57. Айдау және
құю станцияларының
жерүстi құбырлары мен оларға орнатылған
бiтеме құрылғыларының
технологиялық орналасу схемасы жасалуы
және бекiтiлуi тиiс.
4.4 Мұнай
базаларының сорғы
58. Мұнай өнiмдерiн
айдауға арналған сорғыларды
ғимараттарда,
ашық алаңдарда немесе қалқаның астында
(егер сорғылар мен
қозғалтқыштардың конструкциясы ашық
ауада пайдалануға жол берiлсе)
орналастыру керек. Агрегаттың барлық
қозғалатын бөлiктерi берiк
бекiтiлген қоршаулармен қорғалуы тиiс.
59. Бiр үй-жайда
әртүрлi жарқ ету температурасында,
мұнай
өнiмдерiн айдауға арналған сорғыларды
орнату кезiнде, бұл үй-жай және
барлық жабдық жарқ етудiң ең төменгi температурасымен
мұнай өнiмдерiн
айдауға қойылатын талаптарға сәйкес
болуы тиiс.
60. Сорғыларды қозғалтқыштармен
бiрiктiретiн бiлiктердi қабырға
арқылы өтетiн жерлерде олардың саңлаусыздығын
қамтамасыз ететiн
жанбайтын материалдардан тығыздаманың
құрылғыларымен қабырғаның
(қалқалар) барлық қалыңдығына болат құбырлардан
жасалған қаптамаларда
көздеу керек.
Тез тұтанатын сұйықтықтарды айдауға
арналған сорғылар орнатылған
үй-жайда жазық белдiктi берiлiстердi қолдануға
жол берiлмейдi.
61. Ғимараттарда
орналасқан өнiмдi сорғы станцияларының
сорғы
агрегаттарының жетегi үшiн, жалпы залда
да, жеке үй-жайда да жанбайтын
материалдан дайындалған қабырғаның (қалқаның)
артына оларды орнатуға
жол беретiн электр қозғалтқыштар қолданылуы
тиiс.
62. Сорғы станцияларында
сорғылардың шығар
арасындағы өтпелердiң енi 1 м кем болмауы
тиiс; енi 0,6 м дейiн және
биiктiгi 0,5 м дейiн сорғыларды орнату кезiнде
өтпелердiң енiн 0,7 м
дейiн азайтуға жол берiледi. Сорғылардың
екi қатарға орналасуы кезiнде
қатарлардың арасындағы өтпенiң енi 1,5
м кем болмауы тиiс.
63. Iргетастардың
мұнай өнiмдерiмен бүлiнуiн
64. Сорғы станцияларындағы
едендер мен науалар мұнай
өнiмдерiн
өткiзбейтiн және оларды сiңiрмейтiн материалдан
дайындалуы және
ағындарды қабылдағыш жағына қарай еңiстiгi
болуы тиiс. Науалар
ысырмалардың тораптары орналасқан жерлерде
үрлеу шүмектерi мен
сорғылардың тұғырықтары этилденген бензиндердi
айдау үшiн жинақ
резервуарымен, қалған жағдайларда - мұнай
өнiмдерiн бұруға арналған
кәрiзбен бiрiктiрiлуi тиiс.
Төгiлген сұйықтықтарды тазарту үшiн сорғы
станцияларының
үй-жайларда резеңке шлангалы су тiреушiктерiмен
жабдықталады.
Гидравликалық бекiтпелердi кәрiзге сорғы
станцияларының ағынды
арналарын қосу жерлерiнде сорғы станциясының
қызмет көрсетушi персоналы
жүйелi түрде тексеруi тиiс.
65. Жерасты көлденең
резервуарлардың шетжағы будың
жарқ ету температурасы 120оС-тан
жоғары мұнай өнiмдерiне және мазутқа арналған
осы резервуарлар немесе
бақылау және басқару пункттерi қызмет
көрсететiн өнiмдi сорғы
станциясының үй-жайларында орналастыруға
рұқсат етiледi.
66. Сорғы станциясындағы
майлау майын металл немесе
полиэтилендi
ыдыста тығыз жабылған қақпақпен және
тәулiктiк қажеттiлiктен аспайтын
мөлшерде сақтау қажет.
67. Стационарлық
автоматты газ анализаторлары
тез тұтанатын мұнай
өнiмдерiн айдау жөнiндегi сорғы станциясының
үй-жайында авариялық
желдеткiшпен, сондай-ақ үй-жайда мұнай
өнiмдерi буларының қауiптi
қоспаларының болуы туралы дыбыс және
жарық дабылдарының құрылғыларымен
тосқауылдануы тиiс.
4.5. Эстакадалар қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
68. Төгу-құю эстакадалары
темiр жолдардың тiк көлденең учаскелерiнде
жобалануы тиiс.
Қоймаларда бiржақты төгу-құю эстакадаларын
радиусы 200 м кем емес
жолдардың қисық учаскелерiнде орналастыруға
рұқсат етiледi.
69. Темiр жол төгу-құю
эстакадаларының ұзындығы бiр уақытта
өңделетiн цистерналардың санына байланысты,
бiрақ темiр жол
цистерналарының бiр бағытты құрамының
ең жоғары ұзындығынан кем емес
болып белгiленедi.
70. Темiр жол цистерналарын
тиеу-түсiру үшiн мұнай
темiр жол тұйығы бiр және екi жақты эстакадалармен,
құю немесе төгу
құрылғыларымен, жүк, ауа-вакуумды коллекторлармен,
жинақтармен, мазут
пен майға арналған аралық резервуарлармен,
мұнай өнiмдерiн есептеу
тораптарымен, қыздыру аспаптарының көтеру
және түсiру мен фронтты
бойлай цистерналарды ауыстыру құралдарымен
арнайы жабдықталуы тиiс.
71. Мұнай базаларында
екi жақты эстакадалар орналасқан
темiр
жолдарда бағытпен төгу-құю үшiн параллельдi
басып озатын кiрер жолы
болуы тиiс.
Қолданыстағы эстакадаларды қайта жаңарту
немесе кеңейту кезiнде
және цистерналарды екi жақтан шығаруды
қамтамасыз ету мүмкiн болмағанда
көзделген тұйық жолды пайдалануға рұқсат
етiледi.
72. Төгу-құю құрылғыларымен
немесе эстакадаларымен тұйық темiр
жолдардың ұзындығын ұлғайту керек (өрт
кезiнде құрамды ағыту мүмкiндiгi
үшiн): 6-дан астам цистернаны бiр уақытта
өңдеу кезiнде - 30 м-дер 3-ға
тен 6-ға дейiнгi цистернаны қоса алғанда
- 20 м, 2 цистернаны бiр
уақытта өңдеу кезiнде ұзындығы ұлғайтылмайды.
Тұйық жолдың есептi
ұзындығын ұлғайту көлемi соңғы цистернадан
арынды брус жағына қарай
қабылданады.
73. Төгу-құю эстакадаларына
енi 0,75 м кем емес қатты жабындармен жаяу
сүрлеу салынуы тиiс.
Жаяу сүрлеу әр эстакаданың шет жағына
әкелуi тиiс, олардың
темiржолдармен қиылысу орындарында рельстердiң
басымен деңгейiнде тұтас
төсенiштер орналастырылады.
74. Автоэстакадалар биiктiк габариттi белгiлерiмен жасақталуы тиiс.
4.6. Мұнай
өнiмдерiн автоцистерналарға құю құрылғысына
қойылатын
қауiпсiздiк талаптары
75. Автомобиль цистерналары
үшiн құю құрылғылары
қалқалардың астында орналасуы тиiс. Жеке
құю құрылғылары (3 құрылғыға
дейiн) ашық алаңдарда орналасуы мүмкiн.
76. Мұнай өнiмдерiн
бөшкелерге және ұсақ ыдысқа құю
және орау
құйғыш және орайтын (май, жағатын май)
үй-жайларда жүзеге асырылады.
77. Мұнай өнiмдерiн
ыдыстарға құюға арналған құю пункттерiн
климат жағдайларына және мұнай өнiмдерiнiң
түрлерiне байланысты,
үй-жайларда немесе ашық алаңдарда қалқалардың
астында, ал оралғандары -
тек үй-жайларға орналастыру керек.
78. Тарататын, орайтын
құрылғыларды негiзгi құбыржолдарға
қосуды
ғимараттар мен алаңдардан тысқары, бiтеме
арматураны олардың негiзгi
құбырға қосылу орнына орната отырып жүргiзу
керек.
79. Тарататын және
орайтын үй-жайлар мұнай
жiберу және анықтау үшiн құрылғылармен
(есептеуiштермен, таразылармен,
сорғылармен, май және отын тарататын
колонкалармен, арнайы оралған
құрылғылармен, ыдысқа салу желiлерiмен
және т. б.), механикаландыру
құралдарымен, жылыстау жинақтарымен,
құюды автоматты түрде тоқтату
құралдарымен жарақтандырылуы тиiс.
80. Тiкелей арнайы
жабдықталған автомашиналарда
бөшкелерде тез тұтанатын мұнай өнiмдерiн
құюды жүргiзуге жол берiледi.
Бөшкелерге құю автоцистерналарға арналған
алаңдарда немесе құятын
жерде орналасқан алаңдарда арнайы құрылғылармен
жүргiзiлуi тиiс.

- Мұнайды алғашқы өңдеу
- Мұнайдың қоршаған ортаға тигізетін әсері
- Мұнайдың физика-химиялық қасиеті және оның экожүйеге әсері
- Мұнайды өндіру мен тасымалдауда қоршаған ортаны қорғау
- Мұнай және газ
- Мұнай қалдықтары
- Мұнай мен газ
- Мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету
- Мүктэріздес өсімдіктер
- Мүліктік жарна түсінігі және өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары
- Мүрағат мекемесіндегі кадр мәселесі
- Мұғалім мен оқушылар қарым-қатынастарының психологиялық компоненттер
- Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігі
- Мұна газ саласын басқару