Муниципалдық менеджмент теориялары

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ................................................................................................................... 3

I   Қазақстан   Республикасының    банк   жүйесі ..................................................  6

1.1 Банк  жүйесі ......................................................................................................... 6

1.2 Банк  жүйесін, банктерді жіктеу ......................................................................  8

II   Банк  жүйесін мемлекеттік реттеу. ................................................................. 11

2.1  Банк    жүйесін  реттеу  мен  қадағалаудың  мәні, қажеттілігі                     

және  мазмұны ......................................................................................................... 11

2.2 Банк  қызметін  реттеу  әдістері ...................................................................... 16

2.3 Банк  қызметін  мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың                               

даму  және  жетілдіру  кезеңдері ............................................................................ 20

2.4 Қадағалау жөніндегі Базель  комитеті ........................................................... 23

2.5 Банк  капиталын арттырудың  өтімділік дағдарысынан  

шығуға  тигізер  ықпалы ......................................................................................... 26

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................... 29

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ......................................................................................... 32 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 

    Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Соңғы  онжылдық  біздің  еліміз  үшін «өзгерістер» дәуірі  болды. Елімізде  көпукладты  нарықтық  экономиканы  қалыптастыруға  бағытталған  толық  ауқымды  реформалар  жүзеге  асырылды. Мұнда  күшті  де  серпінді  дамыған  банк  секторын  жасау  маңызды  рөл  атқарды. Бұл  кезең  тарихта  банк  секторы  ішіндегі  бүкіл  қарым-қатынас  жүйесін, яғни Ұлттық  банк  тарапынан  басқару  және  бақылау  саясатын  түбегейлі  өзгерткен  монобанктік  жүйеден  нарықтық  экономика  талаптарына  жауап  беретін  қазіргі  заманғы  жаңа  банк  секторына  көшу, әмбебап  банктер  жүйесін  қалыптастыру  кезеңі  болды.

      Дамыған  банк  жүйесін  құру  кез  келген  елдегі  түбегейлі  экономикалық  өзгерістердің  басты  шарты  болып  табылады. Қазақстан  нарықтық  экономикасы  бар  елдердегі  қаржы- кредит  институттарының  даму  үрдісін  және  қаржылық, соның  ішінде  банктік  қатынастарды  құқықтық  тұрғыдан  реттеу  тәжірибесін басшылыққа  ала отырып, отандық болмысқа  икемдеді. Мұның өзі көптеген  экономикалық  және  әлеуметтік  өзгерістерден, мемлекеттің өндірістік  әлеуетінің  артуынан  көрініс тапты.

    Банк  жүйесінің  әлеуетін  арттыру, банк  ресурстарын  еселеу – бірінші  дәрежелі  маңызы  бар  міндет  пен  отандық  экономика  қызметінің  маңызды  басымдықтарының  бірі  болып  табылады.

    Банк  жүйесі - кредит жүйесінің негізгі буыны, нарықтық  экономиканың маңызды құрамдас бөлігі . Кредит және қаржы операцияларының негізгі бөлігін шоғырландырады.

    Құрамдас  бөлік  ретінде банк жүйесі үлкен  жүйеге – елдің кредит жүйесіне кіреді. Ал кредит жүйесі - елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Мұның өзі банктердің қызметі мен дамуын қоғамның қайталама өндірісінің процесімен тығыз бірлікте қарастырудың қажет екендігін білдіреді. Өзінің практикалық қызметінде банктер мен банк жүйесі бюджет – салық және басқа да жүйелермен тығыз бірлесе отырып, экономикалық  өмірді реттеу мен басқарудың ортақ тетігіне кіреді.

    Банк  жүйесін  мемлекеттің реттеп  отыруы  өте  маңызды  деп ойлаймын.

    Банк  жүйесін  мемлекет  реттеп, ылғи  да  бақылауда  ұстауы керек. Себебі  банк  жүйесін реттеу  арқылы  экономика реттеледі. Банк  жүйесінің  мақсаттары  мен  міндеттері  негізінен  алғанда  экономиканы  басқарудың  мақсаттары  мен  міндеттерімен  барабар. Алайда банктер  басқарудың  кіші  жүйесі  ретінде  экономиканы  басқарудың  жалпы  мақсатына жетуді  қамтамасыз  ететін өзінің  арнайы  жеке  міндеттерін  орындайды. Экономиканы  басқару  органы  ретіндегі  банктердің  рөлі олардың  өз  функцияларын  орындауы  және  банк  ісін  ұйымдастырудың  жалпы  принциптерін  сақтауы  барысында  көрініс  табады.

    Мен банк  жүйесін  мемлекеттік  реттеудің өзекті мәселелерін алға қойып, олардың әдістерін қарастыруға тырысамын. Таңдап алынған тақырып төңірегіндегі барлық мәселелерге,  әрине, бір жұмыс көлемінде толығымен тоқталып, толғауы тоқсан  толғанысқа тоқ етер жөн-жоба көрсету мүмкін емес екендігі түсінікті. Сондықтан банк  жүйесін  мемлекеттік  реттеу, менің ойымша, бір ғана ғылымның немесе ғалымның  күшімен емес, бірнеше мемлекеттік ғылымның алдыңғы қатарлы мамандарының зерттеуіне айналған жағдайда оны жан-жақты қарастырып, іс жүзінде реттеу  әдістерін анықтап алуға мүмкіндік болар еді деп ойлаймын. Өйткені банк  жүйесінің  тұрақтылығы -  мемлекеттің  экономикасының  тұрақтылығы.

    Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстанның  банк  жүйесінің қалыптасу ерекшелігіне  тоқталу, банк  жүйесінің қызметінің  мәні  мен банк  жүйесінің   құрылымымен  танысу, банк   жүйесін  мемлекеттік  реттеу  әдістерін  білу.

    Бүгінгі таңдағы банк  жүйесін  реттеудегі  мемлекет орнын анықтап, банктердің  экономикадағы  рөлі, банктердің  кредиттік  және  инвестициялық  операциялары, банк  қызметін реттеу  тетіктері туралы  мағлұмат  алу, игерген білімдерді  макроэкономикалық ахуалды талдау,  банк  қызметі нарығында бағдар  ұстануға  қолданып, банк  қызметінің  басқарушылық  қырлары жөніндегі білімді жетілдіру.

    Курстық  жұмыс  тапсырмалары. Аталмыш мақсаттарға жету үшін мақала, ғылыми материалдарға, оқулықтарға сүйене отырып, зерттеу мақсатынан туатын басты тапсырмалар:

    - Қазақстанның  банк  жүйесінің  қалыптасу  ерекшелігіне  тоқталу, банк  жүйесінің  қасиеттері  мен  белгілерін  тану;

    - Банктерді  орындайтын  операцияларының  сипатына  қарай, меншік  түрі  бойынша, қызмет ауқымы  бойынша топтастыру, банк  жүйесінің түрлерін білу;

    - «реттеу», «қадағалау»  ұғымдарымен  танысу, банк  реттеуі  мен  қадағалауының  басты  мақсатын білу,  Базель  комитетінің  банк  қадағалау  стандарттары бойынша,  банк  қадағалауы  мен  реттеуінің  принциптерін  тұжырымдау; 

    - Банк  қызметін  реттеу  әдістерін   көрсету,     ҚР  Ұлттық  банкі  мен  ҚНА  банк  қызметін  реттеу жолдарын, Ұлттық  банк пен  ҚНА  белгілейтін, міндетті  түрде  сақталуға  тиісті  пруденциялық  нормативтер  құрамын айқындау, Ұлттық  банк  пен   ҚНА-ның құқықтарын  ашу;

    - Банк  қызметін  мемлекеттік   реттеу мен қадағалаудың  даму  және  жетілдіру  кезеңдеріне   тоқталу;

    - Қадағалау жөніндегі Базель комитетімен танысу. Базель II мақсаттарын ашу;

    - Банк  капиталын  арттырудың  өтімділік  дағдарысынан  шығуға  тигізер  ықпалын  анықтау, өтімділік  дағдарысынан  шығу  жолдарын  көрсету.

    Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспе, 2 тарау, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 

I   Қазақстан   Республикасының    банк   жүйесі

1.1 Банк  жүйесі 

    Банк  жүйесінің  негізгі  элементі - банк [1].

    Кез келген жүйе барлық қажетті  элементтерді қажетті пропорцияда жинақтауы  керек. Бұл жерде олар бір-біріне өзара әсер етіп, толықтырады және бір жүйе өзге, неғұрлым кең жүйенің ішіне кіреді.

    Осыдан  келіп, бұл принциптер мен талаптар банк жүйесіне тікелей қатысты болып  шығады. Мәселен, кез келген елдің  банк  жүйесінде банк жүйесінің  элементтері жеткілікті мөлшерде болады: түрлі типтегі банктер, банктік емес мекемелер, банктік құрылымдар, банк бірлестіктері және т.б. [2].

    Банк  жүйесі белгілі қасиеттер мен  белгілерге ие. Банк жүйесін өзге жүйелерден айрықшалайтын белгілері:

  1. Банк жүйесінің элементтері Орталық банк бастаған белгілі бірлікке бағына отыра, өзара әрекет жасайды. Кездейсоқ элементтер жоқ;
  2. Банк жүйесі оның құрамдас элементтері және олар арасындағы өзара әрекеттер арқылы айқындалған арнайы қасиеттерге ие. Онда елдің Орталық банкі белгілеген қосымша міндеттерді, тәртіптерді орындайтын тетік жұмыс істейді;
  3. Банк жүйесінің элементтері өзара алмасуға қабілетті. Оны тұтастық  есебінде қарастыруға болады. Бұл оның жекелеген бөліктері қажет жағдайда бір – бірін алмастыра аларлықтай болып байланысқанын көрсетеді. Мәселен, Сбербанктің депозиттік операцияларын коммерциялық банктер орындай  алады, ауылдық жерлерде оларды пошта – жинақ жүйесіне беруге болады. Бір банк банкротқа ұшырағанмен, банк жүйесі орнында қалады;
  4. Банк жүйесі динамикалық жүйе және  ұдайы қозғалыс үстінде  болып, дамып отырады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстармен толыға алады. Кредиттердің және қаржы институттарының жаңа түрлері  пайда болуда;
  5. Банк жүйесі «жабық»  жүйе ретінде көрінеді. Оның өз тәртіптері,  нұсқаулықтары, ережелері болады. Оларда тек осы жүйеге арналған банк құпиясы бар. Бірақ оны толық мәнінде жабық деп айтуға болмайды, себебі ол өзге жүйелермен өзара байланысқа түседі;
  6. Банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, «өзін-өзі  ұйымдастыратын» қасиетке ие. Жалпы алғанда, жүйе өзінің  іс-әрекет саясатын құбылмалы экономикалық әлеуметтік, саяси ахуалға байланысты өзгертіп отырады. Экономикалық дағдарыстар кезеңінде саясат  басқа болады, ал  экономика тұрақты дамыған кезеңде өзге іс-қимыл саясаты қолданылады;
  7. Банк жүйесі - басқарылатын  жүйе. Ол арнайы банк  заңдарымен реттеліп, жұмыс істейді,орталық атқарушы, өкілетті органдарға бағынады [3].

    Бұл белгілердің барлығы  Қазақстанның  банк жүйесіне де тән. « Қазақстан  Республикасындағы банктер мен  банк қызметі  туралы» ҚР  Заңында (3-бап) былай деп жазылған:

    - Қазақстан  Республикасы екі  деңгейлі банк  жүйесіне ие;

  • Ұлттық банк  мемлекеттің  орталық   банкі  болып табылады және  банк  жүйесінің жоғары (бірінші)  деңгейін  құрайды;
  • ҚР заңнамалық  актісінде  белгіленген  айрықша  құқықтық  мәртебеге ие (Қазақстан  Даму  банкінен  басқа)  банктер  банк  жүйесінің  төменгі  (екінші)  деңгейін құрайды;
  • Шет  елдік  қатысуы бар  банк – екінші  деңгейдегі  банк, оның акцияларының   үштен  бірінен  астамы:

    а) ҚР  реалар - ҚР  резиденттерінің  иелігінде,  меншігінде  және  басқаруында болады;

    - Мемлекетаралық  банк – халықаралық   шарт  негізінде  құрылып, жұмыс  істейтін  банк [14].

    Банк  жүйесіне  банк операцияларының  жекелеген  түрлерін  орындайтын  банктік  емес  мекемелер, банк  инфрақұрылымын  түзететін, кредит  институт-

тарының өмір сүруін  қамтамасыз  ететін  қосымша  мекемелер кіреді  [4].

      «ҚР-ның  Ұлттық  банкі  туралы»   ҚР  заңына  сәйкес  ҚР  Ұлттық  банкі  және оның  аумақтық  органдары  банк  жүйесінің   жоғары  деңгейін  білдіреді   және  елдің  эмиссиялық, резервтік,  есеп  айырысу, кассалық  орталығы  болып табылады. Сонымен қатар норма шаруашылық,  бақылаушылық  құқыққа ие  соңғы инстанциядағы кредитор  рөлін атқарады, ақша – кредит  валюта  саясатын  белгілейді. Оның  қызметінің  басты  мақсаты  пайда табу емес, ақша-кредит  саясатын  өмірге  енгізу, елдің  кредит   жүйесіне   басшылық  жасау.

    Ұлттық  банк  мемлекеттік  биліктің  атқарушы  органдарынан  экономикалық  және  саяси  тәуелсіздікке  ие. Оның  қаржылық  тәуелсіздігі  ұйымдастырушылық  және  қаржылық  қырларында  көрінеді. Ұлттық  банктің  ұйымдастырушылық  тәуелсіздігі  оның  мемлекеттік  бюджеттен  қаржылық  капиталмен,  мүлікпен  қамтамасыз  етілген  және  оларға  иелік  ету,  пайдалану  мен  басқару  өкілеттігін  жүзеге  асыратын  дербес  мемлекеттік  орган  болуынан  байқалады. Ұлттық  банктің  қаржылық  тәуелсіздігі  оның  мемлекет  міндеттемелеріне,  ал  мемлекеттің  оның  міндеттемелеріне  жауап  бермеуінен  көрініс  табады.

>    ҚР  Ұлттық  банкінің  саяси  тәуелсіздігінің  көрінісі  ретінде Ұлттық  банк  пен ҚР  Үкіметі арасындағы  формалды  байланыстардың  жоқтығын, кадр  мәселесіндегі тәуелсіздігін атауға  болады. Заң бойынша ол  тек ҚР  Президенті  мен Парламентіне  ғана  есеп  береді. Оның  қызметіне республикалық  және  жергілікті  атқарушы   органдар  араласа  алмайды.

    Өз  құзыретінің  мәселелері   бойынша  ҚР Ұлттық  банкі  мемлекеттік  биліктің  орталық  органдарына  және  олардың   аумақтық  органдарына,  жергілікті  билікке,  сондай-ақ  заңды  және  жеке  тұлғаларға  міндетті   нормативтік  актілер  шығарады.

    ҚР  Ұлттық  банкі  екінші  деңгейдегі  барлық   банктерге   олардың  қызметін  реттейтін  бірыңғай    нормативтер  мен  талаптар  белгілейді.  

1.2 Банк  жүйесін, банктерді  жіктеу 

    Орындайтын  операцияларының  сипатына  қарай  банктер  әмбебап  және  мамандандырылған  болып  бөлінеді. Әмбебап  банктер    банктік  операциялардың кең  ауқымын орындайды: кредит беру, депозиттік, валюталық  және  инвестициялық  операциялар, экономиканың  салаларында  заңды  және  жеке  тұлғалармен қолма-қол ақшасыз есеп  айырысуларды, басқа дәстүрлі  және  қазіргі заманғы операцияларды жүргізу. Қазақстанның  барлық екінші  деңгейдегі  коммерциялық  банктері  әмбебап болып табылады. Банктердің  әмбебаптық  мәртебесі  қызметтерді әртараптандыру  арқылы тәуекелді кемітіп,  клиенттерге кешенді қызмет  көрсетуді қамтамасыз  етеді.

    Мамандандырылған  банктер    өз  қызметін бір  немесе  бірнеше  банк  операциялары  арқылы    бір  немесе  бірнеше   салаға  қызмет  көрсетумен  шектейді.  Оларға  Қазақстан  Инвестициялық  банкі  сияқты инвестициялық  банктерді,  мемлекеттік  банктерді, Қазақстан  Даму  банкін және  Қазақстан  тұрғын  үй  құрылыс  жинақ   банкін  жатқызуға  болады.

    Меншік  түрі  бойынша  банктерді  мемлекеттік (ҚР-да  2), жекеменшік  коммерциялық (33), шет  елдік  капитал  қатысатын  (6)  деп  бөлуге  болады.

    Қызмет  ауқымы  бойынша  банктер  ірі,  орташа  және  шағын  банктер  болып   бөлінеді. Қазақстанда  ірі  банктер  санатына  шартты  түрде  3  банк (Казкоммерцбанк, Тұран  Әлем банк, Халық  банкі)  қосылғанмен, оларды  халықаралық  стандарт  бойынша  ірі  банктерге  жатқызуға  болмайды. Олардың  қаржылық  қоры  1  млрд  АҚШ  долларына  жетпейді.

    Орташа  банктерге 5-6  банк  жатады (АТФбанк, Центркредитбанк, Нұрбанк, Альянсбанк, Евразиябанкі), қалғандары  ұсақ  банктер.

    Халықаралық  банк  тәжірибесі  банк  жүйесінің  бірнеше  түрін  біледі:

  • орталықтандырылған  бөлуші  банк  жүйесі;
  • нарықтық  банк  жүйесі;
  • өтпелі  кезең  жүйесі.

    Орталықтандырылған  бөлуші  банк  жүйесі  бұрынғы КСРО-да  және  социалистік елдер жүйесінде болды. КСРО-да  ол  бір деңгейлі  болды және  оның  басында КСРО  Мемлекеттік банкі тұрды, ал  банктік емес  мекемелер болмады. Мемлекеттік банк  елдің бірыңғай  эмиссиялық, кредиттік  институты болды. Онда барлық  кредит ресурстары орталықтандырылып бөлінеді.

    Нарықтық  банк  жүйесі  мемлекеттің  банктерге  қатысты  монополиясының  болмауымен  сипатталады. Нарықтық  шаруашылықта  басқару  жүйесі  орталықсыздандырылған  банктердің  үлкен  шоғыры  жұмыс  істейді. Олардың  арасында  эмиссиялық  және  кредиттік  функциялар  бөлінеді. Коммерциялық  банктер  мемелекеттің  міндеттемелеріне  жауап  бермейді,  сондай-ақ  мемлекет  те  коммерциялық  банктердің  міндеттемелеріне  жауап  бермейді.

    Өтпелі  кезең  жүйесіне Шығыс  Еуропа  мен  посткеңестік мемлекеттердің,

соның  ішінде  Қазақстанның  қазіргі  заманғы  банк  жүйелерін  жатқызамыз. Бұл  жүйені  дамып  келе  жатқан   банк  жүйесіне,  өнеркәсіптік  тұрғыда  дамыған  елдердің  банк  жүйесіне  телуге  болады. Банк  қызметінің  нормативтік  және   заңнамалық  базасы  ылғи  да  өзгеріп  отырады, банктер  саны,  жалпы  банк  жүйесінің  құрылымы  ұдайы  өзгерісте  болады.

    Банк  жүйесінің  дамуы  елдегі   экономикалық  қатынастардың  дамуына  және  саяси жағдайға  тәуелді болады.

    Банк  қызметі  қандай  мөлшерде  реттелетініне  байланысты  банк  ісін  ұйымдастырудың  екі  типі  ерекшеленеді:

  • мамандандырылған  банк  ісі, банктер  мен  банктік  емес  мекемелердің  операциялары  арасында  қатаң  шегара  болады, соңғыларға  заңдар  негізінде тыйымдар  мен шектеулер қойылады;
  • кредит институттарының барлық түрлеріне дерлік қаржы-кредит  қызметтерінің алуан түрлерін  жүргізуге мүмкіндік беретін әмбебап банк ісі.

    Өз  қызметін  әртараптандыру және клиенттерге неғұрлым жоғары  қызмет көрсету деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы банк технологияларын қолдану арқылы инвестиция тарту, ауқымды қаржы мүмкіндігіне ие болу, сенімділікке жету үшін банктер іріленуге, капиталдануға  ұмтылады. 
 
 
 
 
 

    II   Банк  жүйесін   мемлекеттік   реттеу.

    2.1  Банк    жүйесін   реттеу  мен   қадағалаудың  мәні, қажеттілігі   және  мазмұны 

    ҚР-ның  банк  заңнамасында  банктердің  қаржылық  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету, олардың  депозиторларының  мүдделерін  қорғау, сондай-ақ  ҚР  ақша –кредит  жүйесінің  тұрақтылығын  сақтау  үшін  Ұлттық  банк  пен  ҚНА  банк  қызметін  реттеуді  жүзеге  асырады  деп  атап  өтіледі.

    Банктер  қызметін  реттеу  жекелеген  банкке  қатысты да, сондай-ақ  жинақталған  негізде  де, яғни  банк  топтарына  қатысты  да  жүзеге  асырылады. Жинақталған қадағалау  тәртібін  Ұлттық  банк пен ҚНА  жасайды.

    «ҚР-ның  Ұлттық  банкі  туралы»  ҚР  Заңында  Ұлттық  банктің  реттеуші  функциялары  ҚР  ақша-кредит  жүйесінің   тұрақтылығын  сақтауға, банк  кредиторларының, салымшылары  мен  клиенттерінің  мүдделерін  қорғауға  бағытталғаны  атап  көрсетіледі [15].

    Бұдан жекелеген банктің  заңдар  мен  Ұлттық  банктің, ҚНА-ның нормативтік  құжаттарын  сақтамауы  тұтастай  алғанда  банк  жүйесінің  тұрақтылығына теріс әсер ететіні, салымшылардың, кредиторлар,  инвесторлардың мүдделеріне жағымсыз ықпал жасайтыны көрінеді. Мәселе  банктердің  сатушылары мен  сатып  алушылар, кредиторлар мен  инвесторлардың  арасындағы  делдалдар  болып  табылуында. Олар  ерекше  институттар  болып   табылып, кредиторлардың, салымшылар  мен клиенттердің  бөтен  ақшасын  пайдаланады. Банктердің  пассивтеріндегі  меншікті  қаржысы 8-10%-ды  ғана  құрайды. Мәселе  банктердің  жарым-жарты резерв  жағдайында  жұмыс істеуінде. Бұл әр  банк  өз пассивтерін  қамтамасыз  ету   үшін  өз  міндеттемелерінің  шағын  ғана  бөлігін  құрайтын өтімді  қаржының  ең  қажетті  минимумын  ғана  ұстайды  дегенді  білдіреді. Әдетте  баланс  пассивінің  90%-на  дейіні, яғни оның  ресурстары  бөтен ақша, кәсіпорындардың, компаниялардың, фирмалардың, жеке  адамдар мен мемлекеттің резервтері  болып табылады  және  олар  банктегі  есеп  айырысу шоттарында  және  ағымдағы  есептерде сақталады.

    Бұл  жағдай   мемлекет  тарапынан  банк  қызметін  реттеу  қажеттігін   түсіндіреді  және  банк  реттеуі  мен  қадағалауының  басты  мақсаты  салымшылар  мен  кредиторлардың  мүдделерін  қорғау, банк  жүйесінің  тұрақтылығын  сақтау  болып  табылатынын   көрсетеді.

    «ҚР-ның  Ұлттық  банкі  туралы», «ҚР-ғы  банктер  мен банк  қызметі туралы», «ҚР-ның Қаржы нарығын және  қаржы ұйымдарын реттеу  мен қадағалау агенттігі туралы» ҚР  Заңдарында, оларға  енгізілген  өзгертулер  мен толықтыруларда «реттеу»  мен «қадағалау» терминдері  бірге және  бірдей  қолданылады [16]. Алайда әдебиеттерде, банк ісіне арналған оқулықтарда мұның  дұрыстығы  жөнінде  мәселе көтеріледі. Бұл  терминдердің  мазмұндарында  нақтылықтың  жоқтығы, олардың  бірдей  немесе бөлек  мағынадағы түсінік  пе, жоқ  па  деген  сауалдар  қойылады. Қисын  тұрғысынан  алғанда  бірінші  орында  қадағалау,  яғни  банктің  және  оның  қызметкерлерінің  заңнама  нормаларын, Ұлттық  пен  ҚНА-ның  ережелері  мен  нұсқауларын  сақтауын  бақылау  мақсатында  банк қызметінің  барлық  параметрлерін  байқау,  бақылау, тексеру  мен  талдау  тұрады. Бұл   орайда

қадағалаушы органдар банктердің оперативтік  қызметіне  араласпайды [5].

    Сапалы  да  пәрменді  қадағалау, жалпы  алғанда,  қоғамның  мүддесін  көздейтін  Ұлттық  банк  пен  ҚНА-ға  қажет. Олардың   міндеті  бүкіл банк  пен ақша  жүйесінің жұмыс істеуі  үшін  көпшілікке  бірдей  жағдайлар туғызу  болып табылады. Мұның өзі банктерге де қажет, себебі  осы арқылы  қоғамның  жүйеге  деген сенімі  қамтамасыз  етіліп, тұрақтылыққа  қатер төндіретін  тенденцияларды  ертерек  танып-білуге  мүмкіндік  туады. Қадағалау  сондай-ақ  банкаралық  рынокта  кредитор  мен  займшы  болып  жүрген  банктерге  де  қажетті  нәрсе  болып  табылады.

    Қадағалаудың  мақсаты банк  қызметінде  қателіктерді, заң  бұзушылық  пен  олқылықты  табу, осы  үшін  қызметкерлерді  жазалау  ғана  емес, кемшіліктерді  жою, болдырмау  жолдарын  нұсқау, әдістемелік  және қаржылық  көмек  көрсету  болып  табылады.

    Тексеру, талдау, қадағалау – басты  мақсат емес. Қадағалау  банкті  өз  қызметінің  өлшемдерін  өзгертуге, жаңа  бағыт  тауып, жұмыс  нәтижелерін  жақсартуға  итермелеу. Әдетте, осындай  шұғыл  шаралар  қолданбағанда  банктің, оның  клиенттерінің, жалпы  алғанда,  банк  жүйесінің  қалыпты  тірлігіне   нұқсан келіп  жатады.

    Сөйтіп, банкке  Ұлттық  банк  пен  ҚНА  тарапынан  осындай  әсер  ету  шарасы  оның  қызметін  реттеу  деп   аталады.

    Сонымен, нақты  банктің  қызметін  қадағалау  органдарының  реттеуі  қадағалау  жолымен  жүзеге  асырылып, мына  төмендегілерден  тұрады:

       - банк  жүйесінің  бір  бөлігі  ретінде  банктің  ағымдағы  жұмысын,  дамуын   сырттан  басқару, ол  бүкіл  банктерге  қатысты  банк  заңнамасында, Ұлттық  банк  пен  ҚНА-ның  нормативтік  актілерінде  көрініс  табады.

       - алынып  отырған  нақты  банктің   ағымдағы  жұмысын  және  дамуын  реттеу  Ұлттық  банк  пен  ҚНА-ның  нақ  осы  банкке  араналған  нормативтік  актілерінде  жүзеге  асырылады.

    Осыған  орай  «реттеу»  ұғымы  «қадағалау»  ұғымынан  әлдеқайда  ауқымды  болып  табылады. Реттеу – мемлекеттің  банк  жүйесін  жекелеген банктердің  жедел қызметіне араласпай-ақ  өз  органдары (Ұлттық  банк, ҚНА)  арқылы  сырттан басқару дегенді білдіреді. Реттеу  жоғары  тұрған  мемлекеттік органдардың барлық  кредиттік ұйымдар орындауға міндетті  ережелері, нұсқаулары, тапсырмалары арқылы ғана  емес, сондай-ақ  банктік  және  басқа  заңнамалар, азаматтық, салықтық  кодекстер, басқа  да құқықтық  актілер  арқылы  да  жүзеге  асырылады. Оларды  бір немесе  бірнеше  банктің  ғана  сақтамауының  өзі  жағымсыз  құбылысқа – банк  жүйесінің тұрақсыздығы  мен дағдарысына, салымшылардың, акционерлер мен клиенттердің  мүдделеріне нұқсан  келтіруге әкеліп  соғады.

    Міне, сондықтан да  мемлекеттік  органдар  тарапынан  банк  заңдарының, Ұлттық  банк   пен  ҚНА-ның  құқықтық  және  нормативтік  актілерінің  сақталуы  мен  орындалуына  деген  пәрменді  қадағалау  және  бақылау  тетігі  қажет  болады. Сөйтіп, банк  қызметін  реттеу  қадағалау  мен  бақылау  арқылы  жүзеге  асырылатынын  көреміз. Осыған  орай «реттеу»  мен  «қадағалау»  сияқты  екі  түсініктің   қосарласа  қатар  қолдануын  мазмұндық  тұрғыдан  да, әдістемелік  тұрғыдан  да  жаңсақтық  деп  санаймыз. Олардың  мақсаты  біреу, олардың екеуі  де  мемлекет  тарапынан  банк  жүйесін  сырттан  басқару  тәсілдері, алайда оның  біреуі  екіншісінен туындап жатады.

    Әлемдік   тәжірибені  және  Базель  комитетінің  банк  қадағалау  стандарттарын  есепке  ала  отырып,  банк  қадағалауы  мен  реттеуінің  төмендендегі  принциптерін  тұжырымдауға  болады:

  • әмбебаптық  және  міндеттілік. Ел  аумағында  жұмыс  істейтін  кредиттік  ұйымдардың бәрі міндетті  түрде қадағалау мен реттеуге  жататын болуы керек;
  • орталық  банкке  және  басқа  органдарға  (ҚНА)  тиісті  өкілеттіктерін  беріп,  қадағалау  функцияларын  заң  жүзінде  бекіту  керек;
  • қадағалау  органдары  талаптарының  бірлігі. Бірыңғай  қызмет  түрлерін  орындайтын  кредиттік ұйымдарға  бірыңғай  талаптар қойылуы керек. Заң Ұлт-

тық банк пен  ҚНА-ға  экономикалық  нормативтерді  саралауға  рұқсат  береді;

    -    сандық  және  сапалық  бақылаудың   бірлігі;

  • бастапқы  және  кейінгі  бақылаудың  ұштасуы;
  •    қадағалаудың  дистанциялық (құжаттық)  және  араласу (жергілікті  жерде   жүргізіледі) сияқты  тәсілдерін  ұштастыру;
  • бақылаудың  кәсібилігі;
  • сындарлы  және  жинақталған  бақылау және  т.б.

    Банктің  өмірлік  циклі тұрғысынан  алғанда  Ұлттық  банк  пен  ҚНА-ның  реттеуші  және  қадағалаушы  қызметін  мыналарға  бөлуге  болады:

  • банктер  құруды  реттеу  және  бақылау;
  • банктердің  ағымдағы  қызметін  қадағалау;
  • банктерді  қайта  құруды  және  таратуды  реттеу.

    Банктер  құруды  реттеу  және  бақылау  құрылып  жатқан  банктерді  мемлекеттік  тіркеу  мен банк  қызметін  лицензиялау  дегенді білдіреді. Қадағалау  органдары  банктердің  құрылу  сатысында –ақ  банк  заңдылығына  сай  емес  сапасыз банктердің  рынокқа енуіне  тосқауыл  жасай алады.

Муниципалдық менеджмент теориялары