Муниципалды меншіктің теориялық негізі

 

Кіріспе

Елімізде үстем болған қоғамдық жүйені реформалау, ең бірінші кезекте  оның экономикалық-қүқықтық негізі - меншік қатынастарына назар аударуды қажет  етті. Солардың ішіндегі күрделі мәселенің бірі - муниципалдық меншік тағдыры. Экономикалық ғылымда муниципалды меншіктің табиғаты жеткілікті дәрежеде айқындалмаған. Бүрынғы маркстік-лениндік саяси эконономия тұрғысынан алғанда меншік қатынастары қоғамның таптық жіктелуімен, әртүрлі әлеуметтік топтардың материаддық мүдделерімен байланыстырылатын. Соңдықтан муниципалды меншікті зерттеуде оның қүқықтық мәселелерінің үлесі ауқымды болуы кездейсоқ емес. Курстық жұмысқа «Муниципалды меншік» тақырыбын таңдау себебім, муниципалды басқару саласында муниципалды меншіктің мәнін айқындау болып табылады.

Бірінші бөлімде, муниципалды меншіктің теориялық негізі қарастырылады. Оның экономика, менеджмент, құқық саласындағы теориялық негізін қарастырып өтеміз. Сонымен қатар, муицпалды меншік саласындағы шет елдер тәжериебесін, оларды басқару саласындағы модельдерді салыстыру қарасытырылған.

Екінші бөлімде, Қазақстан  Республикасының муниципалды меншік саласының ерекшеліктерін тоқталамыз. ҚР Конституциясында, заңдық-құқықтық нормалардағы муниципалды меншікті басқарудың ерекшеліктерін зерттеп  талдау жасалады, Семей қаласының  муниципалды құрылымдарына, олардың  муниципалды меншіктеріне тоқталамыз.

Үшінші бөлімде, қазіргі  заманғы нарықтық экономикалық жағдайда муниципалды меншікті басқарудың өзекті мәселелерін зерттеп, оларды шешу жолдары  баяндалады.

 

 

 

І.  МУНИЦИПАЛДЫ ҚЫЗМЕТ,   МЕНШІК ТҮСІНІГІ

    1. Муниципалды меншіктің теориялық негізі

Меншік– жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат.

Меншік құқығы әдетте нақты субъектінің нақты объектіге (мүлікке) құқығы сияқты құқықтық құзыретке саяды, олар – мүлікті иелену құқығы, пайдалану құқығы, билеу құқығы.

  • Иелену құқығы – затты нақты иеленудің және оны өз иелігінде ұстаудың заңмен берілген мүмкіндігі.
  • Пайдалану құқығы – мүлікті тұтыну, оның игілігін көру, кіріс алу, пайдаға жарату мүмкіндігі.
  • Билік ету құқығы – мүлікке өз қалауынша және өз мүддесі үшін билік ету мүмкіндігі.

Бұл құқықтық құзыреттер бір-бірімен  тығыз байланысты. Меншік мемлекеттік, ұжымдық, муниципалдық және жеке болып бөлінеді. Меншік құқық нормаларын орнықтырып, жетілдіру арқылы қорғалады. Нарықтық экономикаға өту кезінде жеке меншіктің үлесі артып, мемлекеттік меншіктің үлесі азаяды.

Муниципалды меншік мемлекеттік  және басқа меншік түрлерімен салыстырғанда  өте ерекше болып табылады. «Муниципал» - латынның «municipals» немесе немістің «munizipalitet» сөздурінен шыққан «қаланы  басқару» деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның «municipium» сөзі «қаланы өзін - өзі басқару құқығын білдіреді. Әдетте муниципалдық меншікке өкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік –  аумақтық құрылымдары басқару жатады. Қазақстан Республикасында осындай  мүліктер комуналды меншік деп аталады. 

Әр түрлі эканомикалық жүйе шеңберінде меншіктің басқа  түрінің басым болуы, оның басқа  түрінің мейлі бұрынғы, мейлі  қазіргі түрінің болуына жаққа  шығармайды. Меншіктің барлық түрінің  араласуы мен өзара іс-әрекеті, эканомикаға және барлық қоғамның дамуына оң әсер етеді.  
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында төмендегідей меншіктің эканомикалық түрлері қалыптасады:

Меншіктің экономикалық түрлері: 
-  жеке ұжымдық мемлекеттік еңбіктік 
-  Еңбектік емес (жеке топтық) Республика меншігі 
-  Облыстық, аудандық муниципалдық меншігі.

Еңбек табысы есебінен Мұрагерге  қалдырылған мүлік есебінен табыс; сақтандыру, несие мемлекеттеріне салған қаржылар; акция, обмегация және басқа  бағалы қағаздардан түсетін табыс  көздері. а) жалгерлік меншік 
ә) ұжымдық кәсіпорын Меншігі (сатып алынған) 
б) кооператив тік меншік 
в) акционерлік меншік: 
а) қоғамдық ұйымдарының меншігі 
ә) діни ұйымдарының меншігі 
Меншік: 
а) шаруашылық қоғамы меншігі (серіктестігінікі) 
ә) бірлестіктер (ассоциациялар) меншігі: 
а) шетел мемлекетінің меншігі (концессия) 
ә) біріккен меншік (шетел мемлекеті кәсіпорыны) Республикалық меншігк (жер, қоймауы, сулар, өсімдік әлемі, жануар әлемі, әуе кеңістігі)

Коммуналдық меншік (тұрғын үй коомуналдық шаруашылығы мәдениет және денсаулық сақтау, халыққа білім  беру, жергілікті бюджет қорлары)

Әдетте, эканомикалық теория меншіктің екі базалық формасын бөліп көрсетеді: жеке меншік және мемлекеттік. Ал соңғы кезде (нарық жағдайында меншіктің жеке меншік формасының өзі  жеке бастық мүддесін іске асыру бағытында  екі, негізгі шаруашылық формада  жүргізіледі.  
1) Меншіктің жеке меншік формасы (шаруа қожалықтары, жеке қосалқы шаруашылықтар) 
2) Меншіктің ұжымдық формасы (кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер, олардың ассоциациялары т.б.)

Нарық эканомикасының негізін  жеке адамдар меншігі құрайды, бірақ  ол баяғы қалпынан көп өзгерген. Меншік эволюциясы нәтижесінде біздің елімізде (басқа да ТМД елдерінде) оның жаңа, біріктірілген (ассоциацияланған) формалары өмірге келді: ұжымдық, топтық акционерлік салыстырмалы түрде  айтар болсақ Батыс эканомикалық теориясы меншіктің жеке формасында барлық меншіктік емес формаларды қарастырады. Оның үстіне қазір меншіктің жеке формаларымен қатар мемлекеттік  формасында дамып отыр, осыған байланысты бүгінгі кезде меншіктің аралас формалары да өмір сүруде.

Меншік нысандарын зерттеу  барысында жеке және қоғамдық меншік категориялары айналасында күрделі  пікірталастар туады. Көптеген авторлар жалпы халықтық, қоғамдық, мемлекеттік  ұжымдық меншік түсініктерін бірдей деп қарап, олардың атауларын  тек синонимдер деп түсіндіреді.Осы  сияқты жеке меншік категориясын да әр түрлі атпен атай береді. Олай болса, алдымен меншік формасы дегеніміз не? 
Осыны бір жүйелеп түсініп алу керек сияқты. Сонымен, меншік формасы – меншік субъектісінің нышандарыбойынша сипатталатын өлшем немесе белгі (критерий). Ол әр түрлі меншік объектілерінің бірыңғай табиғат субъектеріне жататын (қатарында болуын) анықтайды. Оны анықтайтын өлшемдер мен белгілер бірнешеу болуы мүмкін: иемдену формасы бойынша, меншік құқығы бойынша, субъект бойынша.

Алайда меншік формаларының жиыньығын жалпы түрде сипаттап сөрсетуге болады. Олар: 
1) жалпы халықтық меншік – қоғамның барлық мүшелерінің жалпылама және теңдей қолдары жететін меншік (табиғи ресурстар); 
2) мемлекеттік – қазба байлықтар, негізгі өндірістік қор, айналым қоры (жалпы халықтық меншіктің бөлігі) 
3) өңірлік мемлекеттік - өңірлік мемлекеттік органдар қарамағына берілген меншік; 
4) коммунальдық – жергілікті мемлекеттік органдарға берілген меншік; 
5) ұжымдық – жоғарыда көрсетілген меншіктердің бөлінбейтін бөлігі, белгілі бір мерзімге кәсіпорын ұжымының иелігіне және ұйғарымына берілген меншік (қолданыстағы заңдарға сәйкес пайдалануға); 
6) бірлескен үлестік меншік – бірікке топтар мүшелеріне қарасты, жаңадан құрастырылған, сатып алынған мүліктер, оны бөлуге болады, заң бойынша өздері дербес пайдалана алатын меншік; 
7) жеке адамның меншігі - мүлік, зат, хабарлама түріндегі жеке адамға қарасты, азаматқа – меншік иесіне қойылатын заңдық нормаларды сақтай отырып пайдаланылатын меншік; 
8) жоғарылардан басқа қоғамдық ұйымдар меншігін, топтық меншігін, отбасылық меншіктерін бөліп көрсетуге болады.

 

 

    1. Муниципалды  қызметтің даму тарихы

Елімізде үстем болған қоғамдық жүйені реформалау, ең бірінші кезекте  оның экономикалық-қүқықтық негізі - меншік қатынастарына назар аударуды қажет  етті. Солардың ішіндегі күрделі мәселенің  бірі - коммунаддық меншік тағдыры. Экономикалық ғылымда коммуналдық меншіктің табиғаты жеткілікті дәрежеде айқындалмаған. Бүрынғы маркстік-лешшдік саяси эконо-мия тұрғысынан алғанда меншік қатынастары қоғамның таптық жікгелуімен, әртүрлі өлеуметтік топтардың материаддық мүдделерімен байланыстырыла-тын. Қазіргі біз қүрып жатқан қоғамдық-экономикалық жүйе «әлеуметтік теке-тіресті» мойыңцамайды. Соңдықтан коммунаддық меншікті зерттеуде оның қүқықтық мәселелерінің үлесі ауқымды болуы кездейсоқ емес.

Қазақстанда, өзіңцік орны бар «коммунаддық (муниципалдық) револю-ция» 1992 жылдың 13 қантарыңца қабылданған  «Қазақстан Республикасында өзін-өзі басқару туралы» Қазақ ССР Заңынан басталды. Нәтижесінде комму-налдық (муниципадды) меншік ресми мойындалды. Қазақстан Республикасы-ның Азаматтық кодексіне сәйкес коммуналдық (муниципалды) меншікке меншік құқы негізінде тиісті қалалық, селолық және басқа да муниципадды қүрылымдардың мүлкі жатуға тиісті. Кодекске сәйкес муниципадды қүрылымдардың меншігі екіге бөлінеді. Оның бір бөлігі шаруашылық жүргізу және оперативті басқару құқы ретіңде муниципалдық кәсіпорындар мен меке-мелерге бекітіледі. Екінші бөлігі, муниципадды кәсіпорыңцар мен мекемелер-ге бекітілмеген жергілікті бюджет құралдарын және басқа муниципалды мүліктерді тартады. Олар мушщипалды құрылымның қазынасын құрайды.

Сөз жоқ  коммуналдық меншіктің қалыптасуы объективті қажеттілік. Се-бебі, ол, нарықтық экономиканың объективті заңдарын жөне қоғамдағы демо-кратиялық процестерді дамьггу қажеттілігін өткізуге қолайлы жағдай жасайды. Дегенмен, коммуналдық (муниципалдық) меншікті қалыптастыруда назар ау-Даратын мәселелер жеткілікті. Профессор Т.Ә.Есіркеповтың пікірінше «кому-налдық (мушщипалды) меншік мемлекеттік меншіктен бөлінуге және дербес әрекет етуге тиісті», онсыз ол нарықтық реформалар жағдайыңда тиімді жүмыс жасай алмайды.

Жергілікті  басқару жүйесі мен базалық меншік қатынастарының тарихи сабақтастығын  Ертедегі Римнің мысалынан көруге болады. Онда мемлекеттік билік жергілікті өзін-өзі басқару жүйесіне арқа сүйеді, ал қалалық қауым (му-ниципал) шаруашылық дербестікке ие болды жөне дербес субъект ретіңде әрекет етті. Қала деңгейінде субъектінің муниципалдық нысан ретінде ұйымдастырылуы өзінің жоғары өміршеңдігін көрсетті жөне көптеген елдерде кәзіргі кезге дейін  жемісті қызмет жасауда. 1917 жылға  дейін Россия империя-сыңда да муниципалитеттер және және муниципалды меншік болды., тіпті Ок-тябрь революциясынан кейін  де бірден жойылған жоқ болатын. Қазірде  Рос-сияда қалыптасқан муниципалдық меншік мемлекеттік билік пен басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын конституциялық бөлуге негізделген.

Россия  федерациясының Азаматтық Кодексінің «Меншік құқы және басқа да мемлекеттік құқ» деп аталатын бөлімі меншік қүқы субъектілеріне, мемле-кеттік мешшк қүқына және муниципадды меншік құқына арналған нормалар-ды енгізген.

    1. Шет елдердегі муниципалды қызмет, муниципалды меншік.

X-XI ғасырларда қалалар құрыла бастады, сол өзгерістің нәтежиесінде жалпы меншіктің муниципалды меншікке бөлінуі басталды. Қоғамның дамуында қалалардың рөлі жоғарылап, урбанизация процесі күшейее түсті. Тарихи кезеңдерге қарасақ муниципалды меншікті иелену көбінесе белігілі бір бекітілген зандык маңызы бар құжаттарға сай жүргізіліп отырған, яғни хартияларға. Мысалға,  Х ғасыр басында Германияда император Генрих бесінші өзінің алғаш муниципалды меншікке қатысты хартиясын бекіткен.

Ортақ меншікке иелік ету  көп жағдайда діни көзқарастармен тығыз  байланысты болған. Және ол уақытта  қоғам игілігіне экономикалық, қаржылық, құқықтық нормаларды сақтау міндетті деп саналған.

Муниципалды меншікті басқарудың анық мысалын биз Лондонның тарихынан  да көре аламыз. Оларда алғаш «Лондон  Хартиясы» қабылданған, осы құжатқа  сәйкес қала халқы қаланың билік  органдарының адамдарын сайлай алатын дәрежеге жетті. Қала тұрғындары қала мәселелерін, оның меншігін басқару  құқығана ие қала кеңесін сайлайтын  болды.

Муниципалды құрылымдарды басқару  жүйесі өзінің құрамына атқарушылық  қызметтерді де қосты, яғни қандай да бір маңызды экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелерді шешу үшін жалпы  жиналыстар ашып отырды.

Муниципалды құрылымдар мен  меншікті басқарудың жетілген уақыты деп ХІХ ғасырды айтуға болады. Англияның тарихи тәжериебесі жергілікті басқару жүйесін реформалап, оның қазіргі заманғы моделін жасап  берді. Европаның көптеген елдерінде муниципалды меншікті басқару реформасы ХХ ғасырда аяқталды. Америка және Азия елдерінде де бұл процесс осы уақыттарда аяқталып қалды. Осы уақытта муниципалды басқарудың екі теориясы болды:

  • Муниципалды меншікті басқарудың дуалистік теориясы. Бұнда екі түрлі идеологияның әсері қарастырылады: материалистік және идеологиялық.
  • Социал-реформалық теория. Бұл теорияның окілдері муниципалды құрылымдарды социалистік қозғалыстарға қарама-қайшылық деп қарастырды.

Сонымен, муницпалды меншік және муиципалды басқару ұғымдары

 әлемдік тәжериебеде  параллель түрде дамығандығын  көруге болады.

Муниципалды басқарудың моделдері

Англосоксондық  модель

Француздық модель

Коммуналды (германдық) модель

Белгілері:

- мемлекет пен муниципалитеттердің  шектелген қызметтері

-муниципалды құрылымдарда  меншіктің міндетті бекітілуі

-әкімшілік-территориялық  бірлік

-сайлау арқылы кеңес  мүшелерін сайлау

-атқарушы органдарды кееңес  бекітеді

-қалалықтардың әлеуметтік, мәдени, қауіпсіздік жағдайын жасау  негізгі қызметі болып табылады

Белгілері:

-муниципалитеттерге мемлекеттің  әсері көбірек

-муниципалды меншіктің  қатаң мемлекет бақылауында болуы

-әкімшілік-территориялық  бірліктер – коммуналардың болуы

-қандай да бір шешім  шығару тек қана мемлекет басшылсының  келісімімен ғана жүзеге асырылады

Белгілері:

-жергілікті басқарудың  құрылымдық және қызметтік ерекшелігі

-мемлекеттің қарауымен  муниципалды меншкіті бөлу

-әкімшілік-территориялық  бірлігі – қала(аудан)

-федерация өзінің қарамағындағы  жерлерді басқару формасын ерікті  түрде басқаруға рұхсат етеді 

Басқару модельдерінің  әр түрлі елдерде қолданылуы

-Ұлыбритания

-АҚШ

-Дания

-Нидерланды

-Португалия

-Норвегия

-Ирландия

-Швейцария

-Үндістан

-Канада

-Автралия

-Франция

-Гвинея

-Испания

-Италия

-Қытай

-Бельгия

-Германия

-Жапония




Әр түрлі елдердің, муниципалды  құрылымдардың әртүрлі модельдерін  келесі кестеден көруге болады:

 

ІІ.  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  МУНИЦИПАЛДЫ МЕНШІК

    1. Муниципалды меншіктің құқықтық негізі

ҚР Конституциясына сәйкес “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiк  пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғады”. Бұл меншiктің формалары. Әртүрлі әлеуметтiк мақсат пен  құқықтық режим оларды бөлiп алуға  негiздеме болады. Меншікті екі формаға  бөлу Конституцияда олардың меншік құқығының субъектісi ретiнде мемлекетке қатынасының нышандары бойынша  жүргiзiледi. Жеке меншiкке жататындықтан  заң өте оңай анықтайды - мемлекетке тиесiлi еместің барлығы солар. Яғни барлық мемлекеттiк емес меншiктер жеке меншiк болып табылады. Ресей Федерациясында меншiк формаларынның тiзбесi жабылған жоқ. Жеке және мемлекеттiктен басқа  оларда муниципалдық және басқа формалар бар. Меншiк формаларына меншiк  құқығы формалары сәйкес келедi. Өз кезегiнде формалар да түрлерге бөлiнедi. Форма мешлiктiң арналған мақсаты  мен әлеуметтiк бағыттылығына  қарай оның салалық ерекшелiгін  бейнелейдi, ал түр - меншiк формалары iшiндегi субъективтiк айырмашылық. Кез  келген азамат немесе заңды тұлға, сондай-ақ мемлекет меншiк құқығының субъектісi бола алады. Азаматтық әрекет қабiлетi шектеулi болған немесе, тiптен, ол болмаған жағдайда оның мүддесiн заң немесе шарт бойынша өкiл қорғайд. Мемлекеттiң  меншік құқығының субъектiсi ретіндегi ерекшелiгi сол - оның құқығы уәкiлеттi мемлекеттiк  органдар немесе мемлекеттiк заңды  тұлғалар арқылы, ал, заң құжаттарында көзделген жағдайдарда - мемлекеттiк  емес заңды тұлғалар және азаматтар  арқылы жүзеге асырылады.

Конститутцияға бағдар алып Азаматтық  кодекс меншiк формасы ретiнде  жеке (191-бап) және мемлекеттiк (192-бап) меншiктi бөлiп қарастырады. Сонымен қатар  қазақстандық заң шығарушы, ресейлiкке  қарағанда, топтастыру кезiнде “форма”  терминін пайдаланбады. Оған саналы түрде  барды, себебi “форма” жене “түр”  ұғымдары өз мәндерi жағынан көп  мағыналы және меншiк құқығына қатысты  қолдануға онша келмейдi. Бұл ұстаным дұрыс та шығар, дегенмен, бұл мәселеге қатысты екi көзқараст атап өткен жөн. Бiрiншiсi бойынша меншiк құқығы бiр тұтас және бiртектi. Ол нарқтық экономиканың жалпы ережесiне бағындырылған. Бiрақ мемлекеттiк меншiк құқығын бұған жатқызуға болмайды, ол мемлекет функциясын қолдау және жеке меншiк құқығының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуде шектеулi ауқымда болады. Яғни, жеке мешнiк түрлiк емес, меншiк ұғымына келетiн тектiк ұғым.

Екiншi көзқараста меншік құқығы тектiк  ұғым, ал жеке және мемлекеттiк меншiк  құқығы - түрлiк ұғым. Мүлiктің жеке және мемлекеттiк меншiк үшiн заңнамада  белгiленген әртүрлi құқықтық режимi оған негіздеме болады. Бұл мемлекет функциясың айрықша сипатынан туындайды  және субъектісінің ерекшелiгiне байланысты.

Заңды тұлғалар қатысатын қатынастардығы сияқты мемлекет өкiлдерi қатысатын  қатынастарда абстрактілі субъектiлердiң - Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бөлiністердiң бар  екендiгі ескерiледi. Олардың атынан азаматтық айналымда құқық берiлген тұлғалар - заңды немесе жеке тұлғалар қатысады. Әдетте заңды тұлғалар мекеме мәртебесi берiлген мемлекеттiк органдар болады. Бұл жағдайларда да мұндай мемлекеттiк мекеменің қашан өз атынан, қашан мемлекет немесе әкiмшiлiк - аумақтық бөлiнiс атынан мүдде қорғайтыннын бiлген дұрыс. Қай жағдайда болса  да мемлекет пен әкiмшiлiк-аумақтық белiнiстiң  мемлекеттiк заңды тұлға балансында бекітiлмеген мемлекеттiк мүлiкке  тiкелей билiк жасайтынын ескеру керек. Басқа жағынан алғанда, мемлекеттiк  меншiкке құқықтың мемлекеттiк заңды  тұлғалар (кәсiпорындар мен мекемелер) өздерiнің шаруашылық жүргiзуiндегi немесе оралымды басқаруындағы мүлiкке  қатысты жүзеге асырады.

АК-ның 191-бабында жеке меншiктiң  екi түрi белгiленген, олар - азаматтар  меншiгi және мемлекеттiк емес заңды  тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң  меншiгi. Өз кезегiнде АК-ның 192-бабы мемлекеттiк  меншiктiң екi түрiн белгiлейдi, олар - республикалық және коммуналдық  меншiктер. Қазақстан Реслубликасына қарағанда Ресей Федератицясында муниципалдық (коммунналдық) меншiк мемлекеттiк болып табылмайды, сондықтан ол оның құрамына кiрмейдi.

Мынадай сұрақ туындауы мүмкiн: шетел  азаматтары мен заңды тұлғаларының меншiк құқығы қалай топтастыруға болады? Жалпы ереже бойынша мүлiкке  деген меншiк құқығы осы мүлiк  турған елдiң құқығы бойынша анықталады. Сондықтан да, Қазақстан Реслубликасының  аумағында шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының меншiк  құқығы туралы заңнама қолданылады.

 

    1. Семей қаласының муниципалды құрылымдарынң меншігі

Семейдің негізі 1718 жылы қаланды, Петр 1 шығыс жеріне және Ертіс  өңіріндегі бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды, құрылыс 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды. 1718 жылдың кезінде Семипалат бекінісі подполковник П.Ступиннің бақылауымен «толық қарулану жүргізіліп, бекітілді». 

Семипалат бекінісі Ресей  мен Ќазақстан арасындағы негізгі  сауда орталықтарының дамуы арасында ерекше роль атқарды. Семейдің алғашқы құрылғанынан бастап, мұнда сауда жасау үшін жоңғар қалмақтары, бұхаралықтар, ташкенттіктер, қоқандықтар келе бастады. Азиялық күпестер сауда операцияларын бақылау мақсатында  1728 жылдан кеден мекемесі құрылды. Алғашқы жылдары Семей кедені Москвадағы Мемлекеттік Комерц-Коллегия бас басқармасында орналасқан Сібір жарлығына бағынды. 1776 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторы бекіністің жаңа жобасын жасау үшін капитан И.Г.Андреевті жіберді. Дарынды инженер, бекіністерді қайта салып, жолдар, көпірлер салды, жолдар мен қоршаулардың, бекіністердің жоспары мен картасын түсірді. Жаңа бекініске ескі бекініс тұрғындары, казактар, әскери қызметкерлер, сол сияќты саудагер адамдардың бөлігі көшіп келе бастады. 1854 жылдың 1 қазанында Семей облысының салтанатты ашылуы болды. Шағын ғана Семей қаласы бірден облыстыққа айналды. Қайта құрылған облыс Ресей империясы құрамындағы ең көлемдісі болды.   Қалалық дума мен Қалалық сот бекітіледі.1858 жылы 1854 жылы құрылған көлемді Семей облысында – 261487 адам болды. 1873 жылдан Семейеде телеграф, ал 1910 жылдан телефон және Қазақстандағы тұңғыш су өткізу болды. 1906 жылы жоғарғы Ертісте су арқылы қатынастың ресми ашылуы болды.ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырда Семей облысында өнімді алғаш өңдеу өнеркәсібі құрылды. ХХ ғасырдың басында Ресейдің ірі фирмалары мен шұѓа фабрикаларында жөн, тері дайындалды.1863 жылы қалада 2 оқу орны жұмыс істеді. Оның ішінде бір уездік училище, 2 шіркеулік-приход училищесі, 14 қазақтардың және 9 жеке татар мектептері болды. 1864 жылы әйелдер мектебі 2-ші разрядты училище болып қайта құрылды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың  басында қалада ерлер мен әйелдер классикалық гимназиялары, мұғалімдер семинариясы жұмыс істеді.

01928 жылға дейін Семей губерниялық қала, одан кейін округтік  болды; 1932 жылы республика облыстарға бөлінді, алғашқыда Семей Шығыс Қазақстан облысының орталығы болып, 1939 жылдан Семей облысының орталығы болды. Соғыс алдындағы жылдары қалада ірі өндіріс орындары салынды. Солтүстік бөлігі Семей қаласынан басталатын Түрксиб темір жолы еліміздің маңызды құрылысының бірі болды. Семейде бірінші 5 жылдықтың ірі құрылысы ет консерві комбинаты болды, ол еліміздегі тамақ өнеркәсібі жөніндегі қуатты өнеркісіптердің бірі болды.  Қала мол өнімдік базасы бар ірі мал шаруашылық аймағының орталығы болды. Ет комбинатымен бір мезгілде ірі ұн комбинаты, жаңа техникамен жаңа тері зауыты салынып, ал 1938 жылы арнайы зертханасымен қой терісі зауытының құрылысы басталды.  Сол кездегі ең жаңа техникамен жабдықталған судорем зауытының құрылысы да дами бастады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Шығыс Қазақстан облысының Семипалатинск қаласын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының  әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Зањының 9-бабына сәйкес және Шығыс Қазақстан облысы атқарушы және өкілді органдарының пікірін ескере отырып қаулы етемін:

  1. Шығыс Қазақстан облысының Семипалатинск қаласы Семей қаласы болып қайта аталсын. 
    2. Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

Өнеркәсіп. 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында  қаланың өндірістік кәсіпорындарымен 49,3 млрд. теңге сомасына тауар өнімі  өндірілді, бұл 2010 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 15,3% артық.

Аграрлы секторда жалпы өнім көлемі 4 499,1 млн. теңгені немесе 2010 жылдың деңгейіне 101,7% құрады.

Ет өндірісі - 6,9%, сүт өндірісі - 2,0% артты.

Бөлшек тауарайналым көлемі 39,8 млрд. теңгені құрады және 2010 жылдың осындай  кезеңімен салыстырғанда 15,3% артады, физикалық көлем индексі - 107%.

Шағын бизнестің белсенді кэсіпорындар саны 969 кәсіпорынға дейін немесе 2010 жылдың осындай кезеңіне 10,8% артты.

Негізгі капиталға инвестиция 11 316 млн.теңге сомасында немесе 2010 жылдың деңгейіне 116,1% игерілді.

16 мың ш.м. жеке тұрғын үй  енгізілді, бұл 2010 жылдың деңгейінен 182% артық.

Жеке табыс көздері бойынша  қала бюджеті 4 466,7 млн. теңге жоспар кезінде 4 518 млн. теңгеге немесе 101,1% орындалды.

Қосымша қорды қарастыру мақсатында, әкімдік пен қала бойынша салық  басқармасының бірлескен іс-әрекет жоспар-кестесі бекітілді, оның нәтижесінде 378,5 млн. теңге анықталды, бюджетке нақты 338,7 млн. теңге түсті.

Бюджеттің шығыс бөлігі 10 458,3 млн. теңге  жоспар кезінде 10 265 млн. теңге сомасында  немесе 98,2% игерілді.

Еңбек нарығындағы жағдай. Халықты  жұмыспен қамтуды арттыру үшін 2011 жылы Семей қаласының 2012-2015 жылдарға даму бағдарламасы, Жұмыспен қамту 2020 және Жол картасы бағдарламалары бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша  жүгінгендер қатарынан жұмысқа  орналасқандардың үлесі 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында 72,4% кұрады, бұл 2010 жылдың осындай  кезеңіне қарағанда 8,8 пайыздық пунктке  арттық.

2011 жылдың 1 шілдесіне жұмыссыздардың  тіркелген саны 1518 адамға есептеліп,  өткен жылдың деңгейінде қалды.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында  аз қамтылған азаматтар саны 8,4% азайып, 4 581 адамды құрайды.

Ірі және орта кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған қызметкерлердің орта айлық номиналды еңбек ақы  төлемі 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында 59 153 теңгені құрап 2010 жылдың осындай  кезеңіне 13,5% артты.

Семей қаласында келесідей  ауылдық округтер мен кенттер  бар: Ақбұлақ ауылдық округі, Абралы аудандық округі, Алғабас ауылдық  округі, Айнабұлақ ауылдық округі, Достық ауылдық округі, Жазық ауылдық  округі, Жиеналі ауылдық округі, Знаменка ауылдық округі, Ертіс ауылдық  округі, Қараөлең ауылдық округі, Новобоженова ауылдық округі, Озерка ауылдық округі, Приречный ауылдық округі, Таңат  ауылдық округі, Шаған кенті, Шүлбі  кенті.  Осылардың ішінде Шүлбі  кентіне толық тоқталып кетейік.

Шульбинск кенті Семей  қаласынан 56 шақырым жерде орналасқан. 2009 жылы халық саны 3500 адамды құраса, халықтың көшуі есебінен өткен жылмен салыстырғанда  90 адамға азайды, 2009 жылдың 1 желтоқсанына округте 3350 адам тұрады. Кентте он төрт ЖШС және АҚ : «АЭС Шульбинск СуЭС», ЖШС «Иртышгэсқұрылыс», ЖШС «Гидромонтаж», ЖШС «Инцем», ЖШС «Каменная вата», ЖШС «Тұрмыстық сервис», ЖШС «Фракция», АҚ «Гидропромстрой», ЖШС «Шульбинский Профилакториясы», ЖШС «Ярослава», ЖШС «Мехтранс», АҚ «Иртышгэсқұрылыс», ЖШС «Восток-KZ-CDMA», ЖШС «Глобус», сонымен қатар Республикалық мемлекеттік коммуналдық Шығыс Қазақстан су жолдары кәсіпорыны «Шульбинск шлюзі», ММ «Облыстық балалар үйі», ММ «Облыстық психиатриялық аурухана», МКК «Гортеплокоммунэнерго», МКК «ҚКК Келешек» және үш ЖПК. Кентіміздегі ең ірі кәсіпорын болып ЖШС «АЭС Шульбинск суЭС» табылады. 2008 жылға өндірілген электрэнергия сағатына 1456 млн.кВТ, 2009 жылдың 11 айында 1383 млн.кВт өндірілді. Кентіміздің құрылыс кәсіпорындары Семей қаласы және Шығыс Қазақстан облысы объектілеріне құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Ағымдағы жылдың ең негізгі проблемасы экономикалық дағдарысқа байланысты еңбек шарттарының аз болғандығы.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне  кент аумағында 480 оқушысы бар 2 жалпы  білім беретін мектеп жұмыс істейді. 2008 жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда  оқушылар саны 14 адамға азайған. Екі  мектепте балаларды мектепке дейін  даярлайтын 2 сынып  және 3-5 жастағы  балаларды мектеп жасына дейінгі  тәрбие және оқыту бойынша 1 мини-орталық  ашылған, оған 35 бала барады. Кент тұрғындарына дәрігерлік көмекті Шульбинск кентінің дәрігерлік емханасы көрсетеді. Кентте мәдени және спорт шараларын өткізу үшін жалпы білім беретін мекемелердегі кітапханалар, спортзалдары, Шульбинск СуЭс-ның спорттық залы пайдаланылады. 2009 жыл ішінде 56 мәдени-бос уақытты ұйымдастыру және  12 спорттық шара өткізілді. 

Қазақстан Республикасы мемлекеттік  қызметкерлерін қайта даярлау мен  олардың біліктілігін арттыру жөніндегі  Ережеге сәйкес 2008 жылы 2 қызметкер,ал  2009 жылы ММ «ШҚО Семей қаласы Шульбинск  кент әкімі» аппаратының 1 қызметкері қайта даярлау мен біліктілікті арттырудың  Шығыс  Қазақстан бойынша аумақтық орталығында өз біліктілігін жоғарлатып келді. Онымен қоса, аппараттың 5 мемлекеттік қызметкері компьютерлік сауаттылықты оқытудың толық курсынан өтті. 2008 жылдың аттестация қорытындысы бойынша барлық мемлекеттік қызметкер өз лауазымына сәйкестілігін көрсетті. Сонымен қатар, ММ «ШҚО Семей қаласы Шульбинск кенті әкімі»  аппаратының кадрларымен жұмыс жасау біліктілігін жоғарылату мәселелері бойынша әрі қарай жетілдіруді қажет етеді. Ол округ тұрғындарына сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және аппараттың қызметінің тиімділігін арттырады.

2008 жылы «Жергілікті органдар  аппараттары» бағдарламасы бойынша  «Шығыс Қазақстан облысы Семей  қаласы Шульбинск кентінің әкімі»  мемлекеттік мекемесіне белгіленген   шығындар 4480 мың теңгені құрап,  толығымен игерілді, 2009 жылға 5198 мың теңге бөлініп, 2009 жылдың 12 айы  ішінде 5198 мың теңге игерілді (100 пайыз).   2008 жылы «Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жоғарлату» бағдарламасы бойынша 39 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді,2009жылы 37 мың теңге, 12 ай ішінде 37 мың теңге игерілді (100 пайыз). 2008 жылы «Тұрғын жерлерді тазалықпен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша қоқысты жою және қоқыс үйінділерін шығару шараларын жүзеге асыруға қалалық бюджеттен 191 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді; 2009 жылы 207 мың теңге бөлініп, 2009 жылдың 12 айында 207 мың теңгеге  толығымен игерілді. (100 пайыз).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ.  МУНИЦИПАЛДЫ  МЕНШІКТІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

    1. Қазіргі нарықтық экономикада муниципалды менеджментті тиімді басқару шаралары
Муниципалды меншіктің теориялық негізі