Муниципалды меншікті басқару
Кіріспе.......................
1-тарау.
Муниципалды меншікті
басқарудың ғылыми-теориялық
негізі........................
2-тарау.
Жекешелендіру кезеңіндегі
муниципалды меншікті
қалыптастыру
кезеңдерінің негізгі
ерекшеліктері мен нәтижелері....................
3-тарау. Мемлекеттік
муниципалды меншіктің
жауапкершілігін арттыру
және тиімді пайдалану
Оңтүстік Қазақстандағы
муниципалды меншіктің
ағымдық жағдайы және
мемлекет тарапынан
реттеу мысалында.....................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер......
Республикада
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы
Сондай-ақ, осы Бағдарламаның нысаны ретінде мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекеттік мекемелерді, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерін (мемлекеттік активтер) басқару мәселелері болып қалады. «Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің іргетасы болып табылады. Ол тарихи түрде адам және қоғаммен бірге пайда болды. Алғашқы кезде меншік деген ұғым тек жермен байланыстырылады. Сондықтан да меншік адамның дайын өнімдерге емес, жерге деген, яғни табиғи және өндіріс жағдайларына қатынастарын байқатады. Мұнда адам - өндіруші және өндіріс құрал – жабдығын иеленуші ретінде көрінеді, жер – қоғамдық өндірістің басты құралы. Өткен дәуірдегі экономикалық ойлар иелері меншіктің мәні мен мазмұнын қарастыруда ерекше қадамдар жасады. Физиократтар мектебінің негізін қалаушы француз экономисі Франсуа Кенэ (1694 – 1774 жж) «Экономикалық кесте» (1758 ж.) деген еңбегінде меншікті көбейту процесінде еңбек өнімділігі рөлінің басымдығын көрсеткен. Ол, меншікті молайтудағы еңбекшінің егін шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің басымдылық рөлін ерекше қолдап, оны барлық байлықтың қайнар көзі ретінде санады.
І-тарау. Муниципалды меншікті басқарудың ғылыми-теориялық негізі
Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстырғанда өте ерекше болып табылады. «Муниципал» - латынның «municipals» немесе немістің «munizipalitet» сөздурінен шыққан «қаланы басқару» деген ұғымды білдіреді. Ал, латынның «municipium» сөзі «қаланы өзін - өзі басқару құқығын білдіреді. Әдетте муниципалдық меншікке өкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік – аумақтық құрылымдары басқару жатады. Қазақстан Республикасында осындай мүліктер комуналды меншік деп аталады.
Жеке
меншік туралы мәселе –
Меншік
қатынастары мынадай
- иелену (затты иеленуді жүзеге асыру, қожалық ету);
- пайдалану (заттан өзіне пайдалы қасиеттерді табу);
- бөлу (заттың құқықтық тағдырын анықтау – сату, айырбастау, сыйға тарту т.б.)
Меншік теориясына зор үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері, американ экономистері – Рональд Коуз (1910 ж.) және Армен Алчиан (1914 ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й. Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқалардың еңбектерінде өзінің жалғасын тапты. Осы ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес, ресурс өзінен өзі меншік бола алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық - міне осы меншіктің мазмұнын құрайды. Бұл процеске қатынасатындардың барлығы меншік құқығын өткеру кезінде «ойын ережесін» білуі қажет. Меншік, кімге жатады, және өзара іс-әрекетті ұштастыруға қол жеткізу үшін олармен келісу керек пе?
Олардың ойынша, меншіктің кешенді құқығы төмендегідей он бір бөлімнен құралады:
- иелену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелген денелік (күш - қуаттылық) бақылау құқығы;
- пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы;
- басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қашан қамтамасыз етуді шешу құқығы;
- табысқа деген құқық, яғни игіліктерді қолдану нәтижесіне ие болу құқығы;
- егеменділік құқығы, яғни бейтараптандыру, тұтыну, игілікті жою немесе өзгерту құқығы;
- қауіпсіздік құқығы, яғни игілікті қанаудан және сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы;
- игілікті мұрагерге беру құқығы;
- игілікті иеленудегі мерзімсіздік құқығы;
- сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға қарсылық жасау құқығы;
- жауапкершілікке жазалау түрін қолдану құқығы, яғни қарызды төлеуге игіліктермен жазалау мүмкіндігі;
- қалдықты сипат құқығы, яғни бұзылған құқық шараларын қалпына келтіруді қамтамасыз ету институтының өмір сүру құқығы.
Меншіктің экономикалық мазмұнына жүргізілген қысқаша талдау мынаны байқатады: меншік – бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну салаларындағы күрделі әлеуметтік – экономикалық қатынастар.
Ерте дүниенің өзінде–ақ ұжымдық (қоғамдық), жеке еңбектік және мемлекеттік (қауымдық меншік иелері) меншік түрлері қалыптаса бастады. Осылардың ішінен кейінірек жеке және мемлекеттік меншік түрлері көбірек дами түсті. Мелекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік - әміршілдік экономикалық жүйеде, бұрынғы КСРО – да ( 1917 – 1991 жж. ) жүзеге асырылып, оның үлесі басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымында – 88,6% құрады. Алайда, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5 % – дан 30 % ға дейін ауытқиды.Нарыққа өту және ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру процессінің басталуы – мемлекеттік меншік үлесін қысқартыруға, оның монополиялық үстемдігін жоюға бағытталған. Сондай–ақ, қоғамдық өндірісітің тиімділігін арттыру үшін бәсекелестік ортаны құрып, оны тұрғындардың сұранымын қанағаттандыруға бағыттау қажет. Қазіргі әлемдік қауымдастықта жеке меншіктің мағынасы өзгерді. Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген (еңбектік және еңбектік емес) ғана емес, сондай – ақ ұжымдық (топтық), акционерлік және кооперативтік түрде – меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болды. Нарыққа өткенге дейін Қазақстан Республикасында кооперативтік меншік – колхоздың, кооператив меншіктің, тұтыну корпорациясы, тұрғын – үй, құрылыс және басқа да кооперативтік ұжымдармен көрсетілді. Қазіргі жағдайда ол акционерлік меншік, біріккен және аралас кәсіпорын меншіктерімен толтырылды.
Көптеген әлем елдерінде меншіктің кооперативті түрі жан – жақты дамыған. Айталық, өндірістік кооперативтер – бұл тауар мен қызмет көрсетуді бірге өндіру мақсаты, азматтардың өз еркінде. Кооперативтер Англияда XIX ғасырдың басында пайда болып, кейінірек мұндай ұжымдар Батыс Европа елдерінде, АҚШ-та кеңінен тарады. Алғашқы кооперативтер Дания мен Швецияда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өткізу бойынша пайда болды. Яғни, 100 жылдан соң әлемнің он екі елінде олардың үлесіне ауыл шаруышылығы 60 % - ы келді. Бұрынғы Одақта да шаруашылық жеке еңбек меншігін кооперативтик (колхоздық) меншікке алмастырылды. Ол алғашқы бесжылдықтарда жүргізілген ұжымдастыру (коллективтендіру) негізінде құрылды. Алайда, шын мәнінде колхоздарда әкімшілік ұйымдар билеп – төстеп үстемдіген жүргізді. Олар өзіндік өніміне билік жүргізу құқығынан айрылды. Себебі, өнімнің негізгі бөлігі бекітілген баға бойынша мемлекетке түсіп отырды. Бұл кооперативтік процестердің бұзылуына алып келді. Меншіктің кооперативтік түрінің нарықтық эканомика жағдайында кооперативтік кәсіпорынның толық өзінше болуы – оның өндірісті дамыту мүмкіншілігінің ең жоғарылығын иеленді. Мұнда, қозғаушы күші – меншік иесі, топтары – кооперативтік экономикалық мүдделері болып табылады. Тұтыну кооперациясы өндірістік кооперативтен өзгешелеу. Өндірістік кооператив өндіріс саласында қызмет етсе, тұтыну кооперативті – айналыс саласында қызмет жасайды. Ресейде тұтыну кооперативінің алғашқы ұйымдары XX ғасырдың басында пайда болды. Оның пайда болуының басты мақсаты – тауарларды сатып алуда шаруа мен тұтынушыны сауда делдалдарынан құтқару. Қазіргі кезде тұтыну кооперациясы өзінің қызметін қалада, ауылдық жерлерде жүзеге асырады. Ол әртүрлі фирмалар және ұйымдармен кең халықаралық байланыста болады.
Меншік экономикалық мағынадағы техникалық, технологиялық ғылыми және зияткерлік әлеуеттің , шығарылған материалдық және рухани игіліктердің өндірістік қатнастарын көрсетеді. Бұл қатнастар шаруашылық, табыстарды бөлу нысандарында, адамдардың экономикалық және әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесі мен сипаттарында қалыптасады. Экономикалық қатнастардың қатысушылары бір-біріннің тең ерекшеленген меншік иелерін мойындайды.
Иемдену қоғамдық өндірістің мәнін білдіреді. Иеліктен айыру – сол немесе басқа экономикалық ресурсты, қоғамдық қатынастардағы субъектінің өзінің өмірлік қызметінің игіліктерін иемдену үрдісі және мүмкіндігі.
Меншік – бұл игіліктерді иеліктен айыру – иемденудің белгілі бір нысанын көрсететін, адамдар арасындағы қатнастар, қоғамдық қатнастардың барлық жүйесінің негізгі. Бөлу, айырбастау және тұтыну нысаны меншік нысанының сипатына (қоғамдық немесе жеке) байланысты.Қоғамдағы топтар мен әр түрлі таптардың жағдайы және олардың өндірістің барлық факторларын пайдалануға қолы жету мүмкіндігі меншікке тәуелді.
Меншік – тарихи дамудың нәтижесі. Ол әлеуметтік-экономикалық жүйенің және оған тән өндіріс тәсілінің өзгеруіне орай нысанын өзгертеде. Экономикалық жүйе шеңберінде меншіктің әр түрлі нысанының – қоғамдық, жеке, мемлекеттік, муниципалдық, қоғамдық ұйымдардың, ұжымдық меншіктің көптеген түрлерінің бірге өмір сүруі мүмкін.
ҚР Конституциясының 6-бабында меншіктің екі түрі бегітілген: мемлекеттік және жеке меншік танылады және тең шамада қорғалады. Сонымен бір уақытта меншік пайдалану қоғамдық игілікке қызмет ету тиіс. Меншіктің объектілері мен субъектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асырудың көлемі мен шектері, олардың қорғау кепілдігі заңда белгіленеді.
Қағидада нарықта меншіктің үш түрі барлық уақытта көрінеді:
- Мемлекет:
- билеуші
- парламент
- сеньория
- Корпорация: храм, монастырь, цех, қауымдастық
- Жеке кәсіпкер:
- жеке тұлға
- заңды тұлға
Кез келген кәсіпкерлік қызмет белгілі бір ұйымдастыру нысаны шегінде жүзеге асырылады. Кәсіпорынның нысанын таңдау жеке ынта мен талғамға байланысты, бірақ басты жағдайда объективті жағдаймен – қызмет аясымен, ақшалай қаражаттың болуымен, кәсіпорынның болжамды нысанының жағымды және жағымсыз жақтарымен байланысты. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында төмендегідей меншіктің эканомикалық түрлері қалыптасады:
Меншіктің экономикалық түрлері:
• жеке ұжымдық мемлекеттік
• еңбіктік Еңбектік емес (жеке топтық) Республика
• меншігі Облыстық, аудандық муниципалдық меншігі.
Еңбек
табысы есебінен Мұрагерге
a) ұжымдық кәсіпорын Меншігі (сатып алынған)
b) кооператив
c) тік меншік
d) акционерлік меншік:
e) қоғамдық ұйымдарының меншігі
f) діни ұйымдарының меншігі
Меншік:
a) шаруашылық қоғамы меншігі (серіктестігінікі)
b) бірлестіктер (ассоциациялар)
c) меншігі:
d) шетел мемлекетінің меншігі (концессия)
e) біріккен меншік (шетел мемлекеті кәсіпорыны) Республикалық меншік (жер, қоймауы, сулар, өсімдік әлемі, жануар әлемі, әуе кеңістігі)
Әдетте, эканомикалық теория меншіктің екі базалық формасын бөліп көрсетеді: жеке меншік және мемлекеттік. Ал соңғы кезде (нарық жағдайында меншіктің жеке меншік формасының өзі жеке бастық мүддесін іске асыру бағытында екі, негізгі шаруашылық формада жүргізіледі.
1) Меншіктің
жеке меншік формасы (шаруа
қожалықтары, жеке қосалқы
2) Меншіктің ұжымдық формасы (кооперативтер, шаруашылық серіктестіктер, олардың ассоциациялары т.б.)
Нарық
эканомикасының негізін жеке
адамдар меншігі құрайды,
Меншік
нысандарын зерттеу барысында
жеке және қоғамдық меншік
категориялары айналасында
Осыны бір жүйелеп түсініп алу керек сияқты. Сонымен, меншік формасы – меншік субъектісінің нышандарыбойынша сипатталатын өлшем немесе белгі (критерий). Ол әр түрлі меншік объектілерінің бірыңғай табиғат субъектеріне жататын (қатарында болуын) анықтайды. Оны анықтайтын өлшемдер мен белгілер бірнешеу болуы мүмкін: иемдену формасы бойынша, меншік құқығы бойынша, субъект бойынша.
Алайда
меншік формаларының жиыньығын
жалпы түрде сипаттап
1) жалпы халықтық меншік – қоғамның барлық мүшелерінің жалпылама және теңдей қолдары жететін меншік (табиғи ресурстар);
2) мемлекеттік – қазба байлықтар, негізгі өндірістік қор, айналым қоры (жалпы халықтық меншіктің бөлігі)
3) өңірлік мемлекеттік - өңірлік мемлекеттік органдар қарамағына берілген меншік;
4) коммунальдық
– жергілікті мемлекеттік
5) ұжымдық
– жоғарыда көрсетілген
6) бірлескен үлестік меншік – бірікке топтар мүшелеріне қарасты, жаңадан құрастырылған, сатып алынған мүліктер, оны бөлуге болады, заң бойынша өздері дербес пайдалана алатын меншік;
7) жеке адамның меншігі - мүлік, зат, хабарлама түріндегі жеке адамға қарасты, азаматқа – меншік иесіне қойылатын заңдық нормаларды сақтай отырып пайдаланылатын меншік;
8) жоғарылардан
басқа қоғамдық ұйымдар
Меншік құқығын 1961 жылы ағылшын заңгері А. Оноре, оның 11 элементін ашып көрсетеді. «Оноре тізбегі»; иелік ету, пайдалану, басқару, иелену, есептер шығару, қауіпсіздік, ұрпаққа қалдыру, мерзімсіз (бүкіл ғұмыры бойынша) пайдалану, басқаларға қауіп төндірмей пайдалану, қарызына төлеу арқылы иеліктен шығару және меншік құқығын «қайтару» (біреуге берген құқығын мерзімі өткен соң өзіне қайтару).
Меншік құқығының ережелері:
1) Меншік
құқығы дегеніміз субъектінің
заң құжаттары арқылы
2) Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болады.
Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.
Пайдалану
құқығы дегеніміз – мүліктен
оның пайдалы табиғи
Билік ету құқығы дегеніміз – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.
3) Меншік
иесі өзіне тиесілі мүлікке
қатысты өз қалауы бойынша
кез келген әрекеттер жасауға,
соның ішінде бұл мүлікті
4) Меншік
иесінің өз өкілеттігін жүзеге
асыруы басқа тұлғалар мен
мемлекеттің құқықтары және
Меншік
иесі өз құқықтарын жүзеге
асырған кезде азаматтардың
5) Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы осы кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.
6) Заң
құжаттарында көзделген
Жеке меншік ұғымы және оның түрлері:
1) Жеке
меншік азаматтардың және
Қоғамдық
меншік, соның ішінде діни
2) Заң
құжаттарына сәйкес
Жеке
меншікте болатын мүліктің
Мемлекеттік меншік құқығы:
1) Мемлекеттік
меншік республикалық және
2) Республикалық
меншік республикалық
Республикалық
бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры
мен алмас қоры, тек қана мемлекеттік
меншік объектілері және
3) Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады
Мемлекет экономиканы ұйымдастыруымен айналысуы қажет, бірақ сонымен бірге кәсіпкерге айналмауы керек, шаруашылық қызметіне тікелей араласпауы керек, сөйтіп, саяси ұйымдастырушы ретінде қалып, экономиканы реттеуде заңдық, атқарушылық және орындаушылық биліктің өз органы арқылы жүзеге асыруы тиіс: Мемлекетте қоғамның ортақ мүддесін қорғау үшін билік бар, ал барлық қалғаны кәсіпкерлерді қосқанда қоғам мүшелеріннің өздерінің қарастыруымен жүзеге асырылуы керек.
Мемлекеттік кәсіпкерлік кейде шаруашылық жүргізу жеке фирманың табиғатына қарама-қайшы келген жағдайда немесе көп қаржы салу және тәуекелді қажет ететін салада жүзеге асырылады. Мемлекеттік кәсіпкерліктің жеке кәсіпкерліктен негізгі ерекшелігі – оның бірінші кезектегі мақсаты табыс алу емес, әлуметтік-экономикалық міндеттерді шешуде қажетті өсу қарқынын қамтамасыз ету, кезкңдік құбылыстарды жұмсарту, жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау, ғылыми-техникалық ілгерушілікті ынталандыру және т.б. Реттеудің осы нысаны өндіріс үшін өмірлік маңызы бар, пайдасы аз кәсіпорындар мен шаруашылық салаларын қолдауды қамтамасыз етеді. Бұл барлығынан бұрын, энергетика, көлік, байланыс тәрізді экономикалық инфрақұрлымның салалары. Мемлекеттік кәсіпкерлікпен шешілетін мәселелерге тұрғындарға әр түрлі аумақта жеңілдік беру, ғылыми-техникалық ілгерушілікті тездету мақсатында өмірлік маңызды ғылыми және экономиканың күрделі қаржы сыйымдылығы көлемді салаларына көмектесу және осы негізде елдің әлемдік шаруашылықта беделін нығайту жатады.
Меншік қатынастары реформалау мемлекет қарамағынан алу немесе жекешелендіру жолымен жүзеге асырылады.Мемлекет қарамағынан алу бір жағынан басшылықты экономикалық әдіспен жүргізуді, екіші жағынан – нысанның және мешік қатнастарының өзгергенін білдіреді. Мемлекеттік басқару органдарындағы мемлекеттік кәсіпорындардың, атқарушы органдарындағы акцияларының пакеттері мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тарапынан мемлекеттік активтерді басқару тиімділігінің жеткіліксіздігі, облыстағы кәсіпорындардың шамамен жартысы шығынды жұмыс істеуіне, көп кәсіпорындардың қызмет атқармауына әкеп соқтырды.
Мемлекеттік
кәсіпорындардың жекелеген
Басқару органдарының ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындардағы әкімшілік шығындарға талдау жүргізуі әлі қалыптасқан жоқ.
Мемлекеттік
органдар жұмыс істемейтін ұйымдарды
заңды тұлғалар тізілімінен шығару
жөнінде қажетті шараларды
Тұтас
алғанда республикада, сонымен бірге
біздің облысымызда мемлекеттік
активтерді басқаруды жүзеге асыратын
мемлекеттік органдар тарапынан
бақылауды күшейтуді талап
- қаржы-шаруашылық
қызметті жоспарлаудың төмен
деңгейі және ұйымдардың
- мемлекеттік
органдар мен ұйымдардың
- тіркеуші органдарда жылжымайтын мүлік объектілеріне мүліктік құқықтарды уақтылы тіркемеу;
- ұйымдардың
бухгалтерлік қызмет
Үкіметтің
бағдарламасында мемлекеттiк
Коммуналдық меншік мүлкін есепке алудың мақсаты коммуналдық меншік объектілерінің жағдайына бақылау жасау және сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттің қызығушылығын ескере отырып, оларды пайдалану бойынша негізделген шешімдер қабылдау жолымен мүліктің мониторингін жасау болып табылады.
Тізілім
мемлекеттік коммуналдық
Мемлекеттiк мүлiктi есепке алуды жүргiзу "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттiк меншiк жөнiндегi деректердiң ақпараттық базасын жүргізу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N246 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзiлiмiн жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік тізілімді ұстаушы ретінде «Ақпараттық-есептік орталық» РМК-сы анықталған.

- Муниципалды меншіктің теориялық негізі
- Муниципалдьная служба
- Муниципалные займы
- Муниципальная библиотека в условиях местного самоуправления
- Муниципальная жилищная политика
- Муниципальная жилищная политика
- Муниципальная жилищная политика
- Мунай курамы
- Мунипалитет
- Муниципалды билік
- Муниципалды қаржы жүйесі
- Муниципалдық менеджмент теориялары
- Муниципалды құрылымдарда қаржы ресурстарын қалыптастыруды талдау
- Муниципалды қызмет және жоспарлау жүйесін жетілдіру орны мен атқаратын қызмет