Натрий тиосульфатының алу әдістері
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Химия факультеті
Физикалық және аналитикалық химия кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырып: «Натрий тиосульфатының алу әдістері»
Орындаған: Хе-11 тобының
студенті Прназарова Газиза
Қабылдаған: х.ғ.д., физикалық
және аналитикалық
кафедрасының профессоры
К.Т. Рустембеков
Қарағанды 2010
ЖОСПАРЫ
Кіріспе.......................
Бөлім 1. Натрий тиосульфатының қасиеттері....................
1.1 Натрий тиосульфатының жалпы қасиеттері....................
1.2 Натрий тиосульфатының ашылу тарихы........................
1.3 Молекулалық құрылысы және оның қасиетке әсері ..... 5
Бөлім 2. Натрий тиосульфатының химиялық қасиеттері....................
2.1 Натрий тиосульфатының жалпы химиялық қасиеттері........... 7
2.2 Қышқылдармен әрекеттесуі...................
2.3 Натрий тиосульфатының тотығу-тотықсыздану қасиеттері..... 8
2.4 Тиосульфаттардың комплекс түзуші қасиеттері....................
Бөлім 3. Өнеркәсіпте натрий тиосульфатының алу әдістері.............. 10
3.1 Натрий тиосульфатын алудағы жалпы негіздер......................
3.2 Сульфидті әдіс ..............................
3.3 Полисульфидті әдіс..........................
3.4 Сульфитті әдіс..........................
3.5 Натрий тиосульфатын алудағы мышьяк-содалы газдарды тазарту әдісі ..............................
3.6 Өндірістегі басқа әдістер.......................
Бөлім 4. Натрий тиосульфатының қолдануы......................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Химиялық препараттардың арасындағы ең танымалысы болып натрий тиосульфаты саналады. Ертеде ол туралы әр фотосуретші білетін. Қазіргі кезде натрий тиосульфаты тау өнеркәсібінде, ветеринарияда, медицинада ж/е фотосуреттерде кеңінен қолданылады.
Бірақ мұндай кең қолданысқа қарамастан натрий тиосульфаты мен тиосульфаттардың қасиеттерінің көбісі зерттелмеген. Бізге сульфаттар мен сульфидтердің, сульфиттердің қасиеттері жақсы таныс. Бірақ натрий тиосульфаты даярлау тоннажынан натрий сульфиті мен сульфидінен біраз орын қалып келеді.
Осы курсттық жұмыстың мақсаты натрий тиосульфатының қасиеттері мен оны қолдануды қарастыру болып табылады. Сонымен қатар экологиялық ж/е экономикалық жағынан тиімді натрий тиосульфатын алу жолын іздестіру болып табылады.
Бөлім 1. Натрий тиосульфатының қасиеттері
Бұл бөлімде біз натрий тиосульфатының жалпы қасиеттерін, оның ашылу тарихын және ең бастысы оның молекулалық қасиетін қарастырамыз, себебі молекулалық құрылыс едәуір мөлшерде оының физикалық және химиялық қасиеттеріне әсер етеді.
1.1 Натрий тиосульфатының жалпы қасиеттері
Натрий тиосульфаты (натрий гипосульфаты) – тиокүкірт қышқылының динатрлік тұзы.
Сырт пішінімен – түссіз кристал. Кристалдық формасы – моноклинді. Натрий тиосульфаты ауада 800С-қа дейін тұрақты, ал вакуумде 3000С қыздырса натрий сульфиті мен күкіртке айырылады. Суда жақсы ериді. 11- 480С – та судан пентагидрат ретінде кристалданады. Натрий тиосульфатының пентагидратынан басқа бізге натрий тиосульфатының декагидраты белгілі, ол келесі формулаға сәйкес келеді . Натрий тиосульфаты үшін басқа молекулалық формуламен ешқандай қосылыс белгілі емес.
Натрий тиосульфаты тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді. Заттың молярлық массасы –. Натрий тиосульфатының пентагидратының молярлық массасы – 248,17 г/моль.
Тығыздығы -
100 грамм суда ергіштігі 66,7 г құрайды, ал ыстық суда 266 грамм. Натрий тиосульфаты сулы ерітіндісінде, аммиакта жақсы, ал спирттерде аз мөлшерде ериді (этанолда).
48,50С - та кристаллизацияланған суда балқиды, 1000С – та сусызданады.
1.2 Натрий тиосульфатының ашылу тарихы
Натрий тиосульфатының ашқан адам аты мен уақыты бізге белгісіз. Яғни химия тарихында бұл жайында ештеңе айтылмайды. I Петр басқару уақытында, яғни XVII ғ соңында XVIII ғ басында Аптекарлық бұйрықтар тізімінде осы затты кездестіруге болады.
Осыған байланысты келесі қорытынды жасауға болады, натрий тиосульфаты XVII ғ басында н/е аяғында ашылды. Сол кездері салыстырмалы түрде жақсы дамыған алхимия мектептері Германия мен Францияда етін. Натрий тоисульфатының ашылуы XVI ғ екінші жартысы мен XVII ғ бірінші жартысында күкірт қышқылы қасиеттерін мен олардың медицина қолданылуын зерттеген атақты ятрохимигі Андрес Либавка тиесілі болуы мүмкін. Сол кездердің өзінде натрий тиосульфатын уланған кезде іш жүргізетін дәрі ретінде пайдаланған. Ол ағзадан ауыр металдардың (сынап, қорғасын, кобальт, кадмий, мыс) улы тұздарын, сонымен қатар мышьяк қосылыстарын, оларды аз еритін, зиянсыз сульфаттар мен сульфидтер ретінде шығарады. Сонымен қатар, гипосульфит жиі бас ауруларды, ашушаңдылық, шаршағандық, ұйқы бұзылуы, жалпы әлсіздік пен тырнақтардық сынғақтығымен күресуге жәрдемдеседі. Оның көмегімен іріңді жараларды емдеген.
Одан әрі натрий тиосульфатын еске алу Джон Гершель атымен байланысты. 1819 жылы Джон Гершель натрий тиосульфатының голоидты күміске әсерін ашқан болатын, яғни фотографиялық бейнелеулердің бекіту заманауи тәсілі.
1.3 молекулалық құрылысы және қасиетке оның әсері
Натрий тиосульфатының молекуласының құрылысын қарастырайық. Натрий тиосульфаты молекуласында тиокүкірт қышқылының иондары бар. Құрылысы бойынша тиосульфат ионы ионына жақынырақ, [SO3S] тетраэдрі (1,97) арасындағы байланыстың ұзындығы (1,48) қарағанда ұзынырақ болғандықтан біраз бұрмаланған. Бұрынырақ натрий тиосульфатының құрылысы 1.1 суреттегідей деп есептелінді:
Тиосульфаттардың құрылымы рентгенқұрылымдық ж/е т.б. тәжірибелері арқылы зерттелгенде алынған нәтижелерге байланысты, тиосульфат ионындағы химиялық байланыстар өзара тең деген қорытындыға келді. Соған байланысты ион құрылымын келесі суретте көрсетілгендей белгілеуге болады:
1.3 сурет. Натрий тиосульфаты ионының құрылымы
Бірақ көп жағдайда натрий тиосульфатындағы күкірт атомы әртүрлі тотығу дәрежесін иеленуін есепке алғанда, натрий тиосульфатының құрылымын қарастырғанда ескі құрылымын қолданады. Күкірт отомдарының 0 және +4 тотығу дәрежелерін иемденгеніне байланысты ионы тотықсыздандырғыштық қасиетке ие.
Бөлім 2. Натрий тиосульфатының химиялық қасиеттері
Натрий тиосульфатының химиялық қасиеттерін қарастырайық. Оның тотығу тотықсыздану қасиеттерін, қышқылдармен әрекеттесуін, комплеск түзуін зерттейік.
2.1 Натрий тиосульфатының жалпы химиялық қасиеттері
Натрий тиосульфатын тұрақсыз қосылыстарға жатқызуға болады. Оны 2000С дейін қыздырғанда келесі схемаға сәйкес ыдырайды:
Натрий тиосульфатының термиялық ыдырау реакциясынан натрий полисульфидінің алынғанының және ол одан әрі натрий сульфулі мен элементар күкіртке ыдырағаның байқауға болады.
2.2 Қышқылдармен әрекеттесуі
Тиосульфат қышықылын натрий тиосульфатын күшті қышқылмен әрекеттестіріп алу мүмкін емес, себебі алынған қышқыл өте тұрақсыз және ол бірден ыдырап кетеді:
Тұра осындай реакцияға тұз қышқылы мен азот қышқылы да түседі. Ыдырау бөлунілермен қатар жүреді, ол жағымсыз иісті және тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарын тітіркендіреді, сондықтан онымен абайлап жұмыс істеу керек.
2.3 Натрий тиосульфатының тотығу - тотығутотықсыздану қасиеттері
0 тотығу дәрежелі күкірт бар болғандықтан тиосульфат ионы тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді, мысалы әлсіз тотықтырғыштармен (I2, Fe3+) тиосульфат тетратионға дейін тотығады:
Көрсетілген реакция иодотермияның негізі болғандықтан өте маңызды. Сілтілік ортада натрий тиосульфатының иодпен әрекеттескенде, ол сульфатқа дейін тотығуы мүмкін.
Ал күшті тотықтырғыштар оны сульфат ионына дейін тотықтыруы мүмкін:
Осы реакцияға байланысты тиосульфатты бұрында «антихлор» деп атаған.
Күшті тотықсыздандырғыштармен ионы S2- туындыларына дейін тотықсызданады:
Келтірілген реакциялардан көрсетілгендей, натрий тиосульфаты тотықтырғыштық та, тотықсыздандырғыштық та қасиет көрсетеді.
2.2 Тиосульфаттардың комплекс түзушілік қасиеті
Тиосульфат ионы күшті комплекс түзуші, фотопленкадан тотықсызданбаған күміс бромидін кетіру үшін фотобейнелерде қолданады:
S2O32 ионы металлдармен күкірт атомы арқылы координатталады, сондықтан тиосульфат комплекстерге сәйкес келетін сульфидтерге тез айналып кетеді, мысалы:
Көптеген металдардың тиосульфатты комплектері бар. [3,6] әдебиеттерде тиосульфаттын шамамен 40 ауыр металдармен комплекстік қосылыстары сипатталған. [11, 138 бет] комплекстік иондардың тұрақсыздық константары көрсетілген, ол қосылыстарда комплекс түзуші ретінде күміс, барий, кальций, кадмий, кобальт, мыс, темір, сынап, марганец, магний, натрий, никель, сторнций, мырыш және қорғасын атомдары болды. Көптеген ауыр металдарға бұндай комлексті қосылыстар өте тұрақты болып келеді және олардың көмегімен ағзадан ауыр металдарды шығаруға болады. Төменде, 2.1 кестеде кейбір комплекстік иондардың тұрақсыздық константалары көрсетілген, оларда тиосульфат ионы кездеседі:
Кесте 2.1. Комплекстік иондардың тұрақсыздық константалары
Ион формуласы | Константа | Ион формуласы | Константа |
Бұл кестеден шығарылатын қорытынды: ең тұрақты комлексті қосылыстың құрамында екі валентті сынап иондары кездеседі, осы комплексті қосылысты сынаппен уланғанда қолданылады.
Бөлім 3. Өнеркәсіпте натрий тиосульфатының алынуы
Осы бөлімде біз натрий тиосульфатының алу әдістерін қарастырамыз. Натрий тиосульфаты медицинада, өнеркәсіпте, фотобейнеде кеңінен қолданылғандықтан, онда қажеттілік көп. Сондықтан оны натрий сульфидінен, натрий сульфитінен, күкіртсутектен және басқа бірнеше реагенттерден алудың әдістері өңделген.
3.1 Натрий тиосульфатының алудың жалпы негіздері
Натрий тиосульфатының алудын негізінде әртүрлі процесстер жатқан көптеген әдістері бар. Өнеркәсіпте келесілердің маңызы зор:
Сульфитті әдіс:
Гидросульфдті әдіс:
Сульфидті әдіс:
Күкіртсутекті әдіс:
Дисульфидті (полисульфидті) әдіс:
Сонымен қатар, натрий тиосульфатын гидросульфитті алудағы қосымша өнім ретінде және өнеркәсіптік газдарды күкірттен тазалаған кезде де алынады. Тағы оны сульфатты әдіспен натрий сульфатын қолдану арқылы алуға болады. Еске салып кететін тағы бір әдіс бар, бірақ өнеркәсіптік мағынасын жоғалтқан, күкіртті газ бен оттектің (ауаның) натрий сильфиді ерітіндісінде әрекеттесуі () және ауада кальций сульфидін тотықтыру мен әрі қарай алмасып натрий тиосульфатына ыдырау.
Тиосульфаттын түзілу механизмі көптеген зерттеулерге арқау болды. Күкірт моонооксиді тиокүкірт, политионды және сульфоксильді қышқылдардың түзулуіне қатысады деген болжамдар айтылды.
Осының негізінде тиосульфатты гидросульфидті алу әдісі келесідей көрсетіледі. Басында гидросульфид биосульфитпен әрекеттесе отырып, аралық өнім ретінде тиокүкірт қышқылын түзеді:
Биосульфит диссоциациясы кезінде бөлінген сутек иондары гидросульфид пен тиокүкірт қышқылының жаңа мөлшерімен элементар күкірт түзе отырып әрекеттеседі:
Бөлінген күкірт активті түрде сульфитпен әрекеттесіп, тиосульфат түзеді:
Процесстің суммарлы теңдеуі:
деген арақатынаста әрекеттескенде, реакция нәтижесінде эквивалентті мөлшерде натрий сульфиті мен күкірт түзіледі, олар тиосульфатқа қосылады, сонымен артық өнімнің пайда болуына әкелмейді.
Тиосульфатты сульфидті әдіспен келесі реакция арқылы алған кезде: алғашында сульфит пен гидросульфид түзіледі:
Гидросульфид сонымен қатар күкірт (IV) оксидімен әрекеттесіп сульфитке айналады:
Сонымен біз былай жаза аламыз:
Сонымен алдындағы әдісте тиосульфат султфит пен күкірттің реакциясы нәтижесінде түзілген:
Тиосульфаттың ең көп бөлінуі Na2CO3: Na2S реагенттеріні 1:2 қатынасында әрекеттескенде байқалады.
Натрий тиосульфатының натрий султфиті мен күкірттің әрекеттесуі нәтижесінде алунуы бүтін реакциялардың бір бөлігі болып табылады. Тиосульфаты алу әдісімен селенсульфатты күірттің немесе селеннің сілтілік металдардың, аммонийдің немесе кальцийдің сульфитімен әрекеттестіру арқылы алуға болады.
Тиосульфаттардың түзілуі кезінде процесстің алғашқы сатысы ретінде күкірт гидролизінің маңызы зор. Күкірт ұнтағын сумен қайнатқан кезде реакция келесі сызбанұсқа бойынша жүреді:
Өте тұрақсыздықтың әсерінен қышқылы жағдайда келесі реакция бойынша ыдырайды:
Ал жағдайда :
Күкіртті сілтілік ерітіндіде қыздырып, азот тогынан өткізгенде, ол полисульфидтер түзілуіне әкеледі. Бірақ, басында сульфид түзіліп, ол бос күкіртті байланыстарытын сияқты. Диализ тәжірибесінен көретіндей, Na2S максималды байланыстыратын күкірт саны Na2S5 түзуіліне қажет күкірт санына сәйкес келетіндей. Уақыт өте келе полисульфидтің гидролизі әрі қарай жүреді.
3.2 Сульфидті әдіс
Осы әдіспен СССР де натрий тиосульфатының көп бөлігі өндірілген болатын. Қазіргі кезде оны басқа әдіспен өндіреді. Кезінде қолданған және төменде суреттелген осы әдіс кеміліне жетпеген, бірақ осы әдісті бөлек жағдайларда және қазіргі заманғы аппараттарды қолданғанда, ол рационалды шешім болуы мүмкін.
Натрий тиосульфатының сульфидті әдіс алу сүлбесі 3.1 суретте көрсетілген. Бастапқы ерітіндінің құрамында 120 – 130 г/л және 60 – 80 г/л Na2CO3 болады, оны ас содасын күкіртті натрийде ерітіп немесе күкіртті натрийді алған кезде пайда болатын тұнбаны еріткенде булағыштардан жинаған (7, 488 бет). Ерітіндіні керамикалық сақиналар отырғызылған, керамикалық мұнарада 6-7 % - ті газбен қанықтандырған.
3.1 сурет. Натрий тиосульфатының сульфидті әдіспен алу сүлбесі. 1) күкіртті натрийдің ерітіндісіне арналған резервуар; 2) жинауға арналған бак; 3) ыстық суға арналған бак; 4) абсорбциялы мұнара; 5) тиосульфатты жинаушы; 6) фильтрпресс; 7) фильтрленген ерітініді жинаушы; 8) қысымды бак; 9)??????? қазан; 10) ????????? қазан; 11) тоңазытқыш; 12) кристаллизатор; 13) центрифуга; 14) шламды бейнегіздеуші. Ерітінді саптауда газды селге қарсы ағып, мұнараның төменгі жағында SO2 - ні сіңіреді , жоғарғы жағында H2S (7, 548 бет). Мұнараның биіктігі күкірт сутек жеткілікті сіңіретіндей болуы қажет (1 метр диаметрде 6 метр биіктік). 8-10 күндік тоқтаусыз мұнараның жұмысынан кейін оны ыстық сумен жуады, себебі ол күкіртті натрий құрамында болатын кремний қышқылының тұнбасы натрий силикаты ретінде және сілті ерітіндісін күкіртті газбен бейтараптағанда саптау ерітіндімен бітеліп қалады. Мұнарадан сұйытылған тиосульфатты ерітіндісі ағып шығатын (250-300 г/л Na2S2O3), экзотермиялық реакция нәтижесінде 35-400С дейін жылытылған. Ерітінді фильтрпрессте фильтрацияланып булануға түсетін.
Булауды бумен жылынатын ашық қазандарда екі сатыда жүргізген. Бірінші сатыда концентрациясы ~450 г/л Na2S2O3 дейін буландырады. Натрий тиосульфатының соңғы концентрациясы әр түрлі заводтарда 48-57% (700900 г/л) шамасында еді. Құрамында Na2SO3 ,Na2SO4, NaCl болатын тұнбаларды тұндырып, оларды құйып алатын. Ерітіндінің соңғы концентрациясы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым тұнба көп түзіледі және соғұрлым натрий сульфаты көп бөлінеді. Тұнбаны жинап, оны натрий сульфаты еру үшін ыстық суда қайнатқан. Қайнату нәтижесінде алынған ерітіндіні мұнарадан аққан ерітіндіге қосады. Алдын ала ерітіндіні буландырғанда оны ??????? қазанда 28 сағат 101-1040С қайнатқан, кейін оны 8 сағат тұнбалардан тұндырған. Ақырғы буландыру 104-1100С 28 сағат жүргізілді. Екіншілей буландырудан кейін тұнбаны 2 сағаттай тұндырып, будандырылған ерітіндіні 2-2,5 сағат ішінде тоңазытқышта 60-620С дейін суытып, әрі қарай кристализаторға жібереді. Na2S2O3 20-300С дейін суытқан кезде түзілген ерітіндінің кристалдарын үш топқа сорттайды (реактивті, фото, техникалық) және әр сортты ерітіндіден центрефугада бөледі.
Сульфиттің, сондай-ақ сульфаттың ергіштігі тиосульфаттың концентрациясы көбейгенде төмендейді (сурет 3.2).
Сурет 3.2. жүйесіндегі 250С ергіштік изотермасы.
Кристализация қабаттары:
Тиосульфат алу барысында қосымша реакциялар нәтижесінде уақыт өте келе күкірт бөле жүре ыдырайтын политионаттар түзіледі. Бұл тиосульфат иондарының кейде кристаллизация кезінде, кейде сақтағанда сарғайыуна әкеліп соғады.
Жоғарыда сипалталған сүлбе бойынша 1 тонна тауарлық тиосульфат алу үшін 0,56 т 62,5% ті ерітінді түріндегі Na2S , жеткілікті түрде күкіртті газды алу үшін 0,68 г 45% ті күкірт колчеданы және 0,05 г кальцийденген сода қолданылады.
3.3 Полисульфидті әдіс
Бұл әдіс келесі реакция бойынша жүзеге асады:
Полисульфид еретіндісін дайындау үшін ыстық күкіртті натрий ерітіндісі (700С) қолданылады. Бұл ерітіндінің тығыздығы 1,264 г\мл, ал құрамы шамамен(%) :20 – Na2S, 2 – Na2S2O2, 2,5 – Na2CO3, l,6 – Na2SO4. Қатты ұнтақталған күкірт қолдану керек емес, өйткені күкіртсутек бөлінуі көбейеді. Полисульфид ерітіндісіне жайлап натрий бисульфит ерітіндісін ерітінді бейтараптанғанша қосады. Полисульфидті алу және оны бисульситпен бейтараптандыру болат қазанда жүзеге асырылады. Алынған тиосульфат ерітіндісін фильтрлейді де, кристалды өнімге сульфидті әдістегідей өндейді.
Тиосульфат өндірісінде полисульфидті әдісте қолданылатын шикізат өнімдерінің дәрежесі: күкіртті натрий 84-85%, бисульфит ~92%, күкірт ~90%. 1 тонна натрий тиосульфатына шамамен: 0,235 т күкіртті натрий (62%), 0,056 т түйірленген күкірт, 1,45 т натрий бисульфиті, 3,5 т су буы, 2,5 м3 су, 40 кВт*ч элетрқуаты керек. Шикізат өндірісте ерітінді ретінде болғандықтан, өндірілетін әр тонна өнімге ~870 кг су буландыру қажет. Бірақ тиосульфатты полисульфидті әдіспен өндіруді тұйықталған циклді схемамен жүргізуге болады, ол кезде өндіріс барысындағы тиосульфат ерітіндісін буландыруды толығымен алып тастауға болады.
Бұл схема бойынша бисульфит дайындау үшін соданы еріту процессі суда емес, тиосульфат кристаллизациясында өнделген бастапқы ерітіндісінде еріту қажет. Нәтижесінде түзілген тиосульфатты – содалы ерітіндіні қарапайым әдіспен күкіртті газбен өндеуді, одан кейін тиосульфатты – бисульфитті ерітіндіні полисульфидпен реакцияға жібереді. Осы кезде концентрленген тиосульфат ерітіндісі түзіледі, оны бірден кристаллизацияға жіберуге болады.
Буландырудың болмағанына қарамастан осы схема бойынша жұмыс істеуде тиосульфат ерітіндісінде оны ластаушы қоспалар болады, оны фильтрлеу арқылы кристаллизация алдында бір-бірінен ажыратылып алады. Тиосульфаттын бастапқы ерітндісінде, оның концентрациясына тәуелсіз, кез келген мөлшерде сода ерітуге болады (~150 г\л).
Күкіртті газбен соданы өндірген кезде ол бисульфитке айналады, оның тиосульфат ерітіндісінде еру қабілеті жоғарылайды. Реакция соныңда бисульфит пен полисульфид тиосульфат түзеді, ол ерітіндіге ауысқан кезде ол буландыру кезінде қосымша өнімді тұздандырады.
3.4 Сульфитті әдіс
Келесі теңдеуге сәйкес жүргізіледі:
Натрий тиосульфатының сульфитті әдіс алу әдісінің негізінде жұқа ұсатылған күкіртті ыстық натрий сульфитінде еріту. Бұл реакция өте баяу жүреді, әсіресе басында, күкірттің жайлап сулай кезінде; бұл процесті тездету үшін ерітіндіге катионды-активті заттар – амил-, октил-, децил-, тетрадецил-, бензил- және цетилпиридин бромидтерін немесе күкірт ұсатуын алдын ала тиосульфаттың бастапқы ерітіндісінде жүргізу ұсынылады [7, 246 бет].
Сульфит ерітіндісін күкіртпен қайнату шойынды реакторда жүргізіледі.
Реакторға су толтырып, сусыз сульфит Na2SO3, сульфит пен күкірттін ыдырауының алдын алу үшін 40 - 41% натрий гидроксиді ерітіндісі NaOH (100 л суға 4л ) қолданылады. Қайнатуды 90-1000С-та 3-5 сағат жүргізеді. Қайнатудың соңына қарай ерітінді тығыздығы 1,57 г\см3-қа жетеді және сульфиттің саны 1-1,5%-ке азаяды.
Алынған ерітінді сілтілік реакцияға ие және ол алдын ала кальцийленген сода қосылған (30 л бисульфит ерітіндісіне 3 кг) натрий бисульфит ерітіндісімен ортақтасады. Ортақтасу 60-800С-та 1 сағат бойы жалғасады. Оны артық мөлшерлі сілті және натрий сульфиді мен дисульфидінің қайнату барысында пайда болатын заттарды сульфит пен тиосульфатқа айналдыру үшін қолданылады:
Ерітіндіде Na2SO3 аздаған мөлшерінің болуы белгілі бір рН мәнін алу үшін, сонымен қатар политионаттарды тұрақты тионаттар мен тиосульфатқа айналдыру үшін тұрақтандырғыш ретінде қолданылады:
Ортақталған ерітіндіні қоспадан фильтрлеп, оны кристаллизациялауға жібереді.
Тиосульфат алудың сульфитті әдісі күкірт қолданудың қарапайым және үлкен дәрежедегі қолданылуымен ерекшелінеді. 1 тонна натрий тиосульфатын алу үшін 0,61 т «фото» сортты натрий сульфиті (90% есеппен), 0,2 т күкірт (100%), 0,01 т кальцийленген сода (100%), 0,4 күйдіргіш сода және 0,4 г натрий бисульфиті (22,5%).
3.5 Натрий тиосульфатын алудағы мышьяк-содалы газдарды тазарту әдісі
Коксті күкіртті және басқа да өнеркәсіпті газдарды мышьяк-содалы әдісімен тазарту процессінде негізгі реакциядан басқа:
қосымша реакциялар жүреді, сонымен қатар күкіртсутектің сілтілермен әрекеттесіп, натрий гидросульфидін NaHS түзеді. Жұмыс ерітіндісінің ауадағы оттекпен регенерациясы кезінде тиомышьякты натрий тиооксимышьякты натрийге күкірт бөлумен айналады:

- Натурализм в творчестве Э. Золя
- Натурализм, его социально-исторические предпосылки и философская почва. Теория натуралистического романа и ее претворение в эпическом ц
- Натуральна та товарна форми організації суспільного виробництва
- Натуральная форма оплаты труда
- Натуральные вина
- Натуральные консервы «зеленый горошек»
- Натуральные обязательства
- Наступательная стратегия фирмы
- Наступні слідчих дій у справі про вбивства з розчленуванням трупа
- Насыщенные и ненасыщенные жирные кислоты
- Натаниель Готорн и его роман «Алая буква»
- На тему: Месторождения ''ЭРДЭНЭТИЙН ОВОО''
- НАТО и геополитика Украины
- НАТО на рубеже ХХ-ХХI вв: эволюция внешнеополитической стратегии и механизмы сотрудничества