Негізгі өндіріс есебі
Кіріспе
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,
электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Курстық жұмыс барсында қарастырылатын тақырыптар: өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құныны түсініктіеріне жалпы сипаттама; өзіндік құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын калькуляция баптары бойынша топтау; өнімнің өзіндік құныны негізінде өнімге баға белгілеу; өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары; өндіріс шығындары аудиті, талдауы;
Курстық жұмыстың мақсаты:негзінде өндіріс шығындарының есебін талдау, және аудитін жасау.
1. Өндіріс шығындар есебі
1.1. Өндіріс шығындарының түрлері мен классификациясы
Өндіріс шығындарын басқару мен оның есебін бақылау мақсатындағы жұмыстар бірнеше бағытта жүргізіледі.
1. Шығынның пайда болған жерінде: жауапты орталықтарда және өндіріс түріне қарай.
Шығындардың құрамын бағылау мақсатында, олардың қай жерде, өндіріске қанша мөлшерде жұмсалғанын біліп қана қоймай, олардың не үшін, қай бағытта жұмсалғанын, яғни олардың технологиялық үрдіске қатысы бар ма, жоқ па оны да біліп отыру қажет. Осы аталған сипаттарына орай шығындар өндіріс түрлеріне қарай топтастырылады.
Негізгі өндіріс – ол жерде өнім өндіруге қатысты және оны сатуға байланысты үрдістер мен жұмыстар орындалып, қызметтер көрсетіледі.
Көмекші өндіріс - ол жерде негізгі өндіріске тікелей қатысы жоқ, өндірілетін өндірістік өнімдерді өз өнімдерімен, жұмыстарымен, қызметтерімен қамтамасыз ететін жұмыс түрлері жатады. Мысалы, таза ауа айдайтын станцияны, өндірісті жылумен, тоқпен, бумен, сумен қамтамасыз ететін жылу орталықтарын соларға жатқызуға болады. Басқа көмекші өндірістер негізгі өндірісті құралдармен, жабдықтарды жөндеуге қажетті қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етіп, жүк тасымалдау қызметтерін ж.т.б. қызмет түрлерін көрсетеді.
2. Экономикалық элементтер бойынша ( элементтер, шығын баптары) шығындар элементтік және кешендік болып бөлінеді. Элементтік шығындарға бір тектес шығындар түрі жатады ( еңбеккерлердің еңбек ақысы, жұмсалған материалды құндылықтардың құны, негізгі құралдар мен материалды емес активтерге есептелген амортизация). Осылай жіктеу арқылы құндылықтарды дайындау үрдісін жоспарлауға, штаттық кестені сараптауға, тарифтік ставкалар мен жалақы көлемін реттеуге болады ж.т.б.
Кешендік шығындар элементтік шығындардың бірнеше тобынан құралады (жалпы өндірістік шығындар, жалпы шаруашылық шығындары, алдағы кезеңдегі шығындар ж.т.б.). Олардың жұмсалу көлемі сметалар мен нормативтер бойынша бақыланады.
3. Өнімнің, жұмысты, қызметтің өзіндік құнына қосылу түріне орай, шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей шығындар- өнімнің жекеленген бір түріне жатқызылатын шығындар (материалдар, еңбеккерлердің еңбек ақысы ж.т.б.).
Жанама шығындар бір мезетте бірнеше өнімдерге, жұмыспен қызмет түрлеріне бөлінетін шығындар (жарық беру, жылыту, машиналар мен жабдықтардың жұмысы және басқалары). Бұл шығындар жекеленген өнім түрлеріне есеп саясатында көрсетілген тәртіппен жалпы шығындарды пропорционалды түрде бөлу арқылы тартылады.
Шығындардың есебін осылай жүргізу, өнімнің өзіндік құнына өнім түрлері мен құрамдас бөліктері бойынша сараптау жүргізуге мүмкіндік береді. Өнімнің өзіндік құнының құрамындағы тікелей шығындар, әдетте, элементтерге бөлініп, ал жанама шығындар кешенді баптарды құрайды.
4. Технологиялық үрдіске қатысты өндіріс шығындары негізгі жіне қосымша болып бөлінеді (өндіріске қызмет көрсету, ұйымды басқару). Қосымша шығындар есебіне үлгілік баптар бойынша цехтарды басқару шығындары (жалпы шаруашылық шығындар) кіреді.
5. Техникалық- экономикалық факторларға қатысты және негізінен өнім көлеміне қатысты, ол шығындарды шартты- айнымалы және шартты –тұрақты деп қарастыруға болады.
Шартты айнымалы шығындар шартты бір көлемдегі өнімге сай нормаланады. Шартты айнымалы шығындар мөлшері өнім көлемінің өсуіне, немесе азаюына қарай пропорционалды түрде өзгеріп тұрады, мысалы,соған сәйкес,олардың қатарына өндірістегі еңбеккерлердің еңбек ақысын және негізгі материалдарды және т.б. жатқызуға болады.
Шартты- тұрақты шығындарға құрылымдар немесе ұйым бойынша толықтай шектеулі түрде жұмсалатын шығындар жатады. Және олар өнім өндірудің өндірістік бағдарламасына тікелей қатысты емес (мысалы, ғимаратқа жарық, жылу беру немесе әкімшілік басқару аппаратының шығындары).
6. Өнімді өндіру және өткізу, жұмыстарды атқарып, қызмет көрсетуге байланысты шығындарды жоспарлау мақсатында олар калькуляция баптары бойынша топтастырылады, соның нәтижесінде өнімнің өндірістік және тұтастай өзіндік құны және өнімнің сату бағасы есептеліп шығарылады.
Калькуляция баптары бойынша шығындар құрамы элементтік шығындар құрамынан көбірек болады, себебі ол өндірістің құрылымын, қажеттіліктерін толық қамтып, дайындаған өнімнің бағасын анықтауға және өндіріске экономикалық сараптау жасауға мүмкіндік береді.
Өзіндік құнды дұрыс есептеп шығару үшін, шығындарды ағымдағы ( ағымдағы айға қатысты) және бір мезеттік (кейінгі бірнеше айға қатысты) деп бөлудің маңызы зор.
Аталған классификация бойынша , шығындарды шаруашылық үрдістеріне, өндіріске, өнім түрлеріне қарай біліп отыру үшін бухгалтерлік есеп счеттарының жүйесі құралған. Әрбір ұйым өзінің қаржылық-шаруашылық ерекшеліктеріне қарай есеп жүргізу үшін, қажетті счеттар топтамасын таңдап алуға тиіс.
Одан әрі , шығындардың классификациясына байланысты, бухгалтерлік есептегі шоттардың жұмыс жоспарына орай, ұйымның есеп саясатына сай шығындарды есептеудің негізңі элементтерін бекіту қажет. Осыған байланысты, өнімнің өзіндік құнын анықтау үшің қолдагылатын, өндірістің түрін, қызмет түрлерін, калькуляция түрлерін бухгалтерлік счеттардың мәліметтер бойынша қалыптастыратын негізгі счеттар анықталады.
1.2 Өндіріс шығындарының есебі
Өндіріс үрдісі және өндірістегі шығындардың әр түрлі болуы, шоттардың үлгілік жоспарындағы мына шоттар тобын пайдалануды талап етеді: 8100 « Негізгі өндіріс», 8200 « Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар», 8300 «Көмекші өндірістер», 8400 «Жүкқұжат шығындары».
Өндірістік шығындарды элементтерімен және калькуляция баптары бойынша есебін жүргізуді қамтамасыз ету үшін, негізгі өндірістің барлық шығындарын дайындалған өнімнің түрлеріне қарай 8100 « Негізгі өндіріс» шотында топтастырылады. Шот пайдалану мақсаты бойынша калькуляциялық болғанымен, экономикалық мазмұны бойынша шаруашылық жағдайын сипаттай алады.
8300 «Көмекші өндірістер» шотында ұйымның құрылымдары қолданатын көмекші өндірістер өнімдері мен қызметтерінің өзіндік құнын анықтайды. Осыған байланысты көмекші өндірістер өнімдері мен қызметтерінің өзіндік құны өндірісті басқаруға кететін шығындардың да құрамына қосылады.
Өндірістік шығындар классификациясының жалпы сүлбесі
Технологиялық процеске қатысты | Экономикалық элементтер бойынша | Өзіндік құнға қосу тәсілі бойынша | Калькуляциялау статьялары бойынша |
1. Негізгі айнымалылар- Материалдар Еңбеккерлер еңбек ақысы Еңбеккерлер еңбек ақысының қосымшалары Игеру шығындары Кепілдік жөндеу резерві Жарамсыздық шығындары ж.т.б. 2. Қосымша – шартты тұрақтылар Жалпыөндірістік шығындар Жалпышаруашылық шығындары | 1.Элементтіктер- Материалдар Еңбеккерлер еңбек ақысы Еңбеккерлер еңбек ақысының қосымшалары Негізгі қорлар мен материалды емес активтердің амортизациясы Басқа да шығындар 2.Кешенді- Алдағы кезендегі шығындар Алдағы кезендегі шығындар мен тқлемдердің резервтері Жалпыөндірістік шығындар Жалпышаруа- шылық шығындары Жарамсыздық шығындары
| 1.Тікелей- Материалдар Еңбеккерлер еңбек ақысы Еңбеккерлер еңбек ақысының қосымшалары Игеру шығындары Кепілдік жөндеу резерві
2. Жанама- Жалпыөндірістік шығындар Жалпышаруашылық Шығындары | 1.Материалдар 2.Сатып алынатын жартылай фабрикаттар 3.Қайтарылатын қалдықтар 4.тасымалдау, Дайындау шығындары 5. Еңбеккерлер еңбек ақысы 6. Еңбеккерлер еңбек ақысының қосымшалары
7. Игеру шығындары 8. Кепілдік жөндеу резерві 9.Жарамсыздық шығындары 10.Жалпыөндірістік шығындар
11.Жалпышаруа- шылық шығындары 12.Коммерциялық шығындар Барлығы- толық өндірістік құн |
Шоттарды корреспонденциялаудың мысалы
Рет № № | Операциялар мазмұны | Шоттар корреспонденциясы | |
Дебет | Кредит | ||
1 | 8110 «Негізгі өндіріс» шоты бойынша: |
|
|
1.1 | Аяқталмаған өндіріс шығындарын есепті кезеңнің басына көшіру | 8110 | 1340 |
1.2 | Негізгі өндірістің цехтарына әрі қарай өндеу үшін жіберілген жартылай фабрикаттардың нақты өзіндік құнын есептен шығару | 8110 | 8210 |
1.3 | Қайта жөнделмейтін жарамсыз өнімдердің өзіндік құнын есептен шығару | 8410 | 8110 |
1.4 | Қалдықтарды қайта пайдалануға болатын бағасымен кіріске алу | 1350 | 8110 |
1.5 | Аяқталмаған өндірістің қалдығын есепті кезеңнің соңында есептен шығару | 1340 | 8110 |
2 | 8210 «Жеке өндірістегі» жартылай фабрикаттар шоты |
|
|
2.1 | Аяқталмаған өндірістегі жартылай фабрикаттардың құнын ай басына көшіру | 8210 | 1340 |
2.2 | Нақты өндірістік құны бойынша сатылған жартылай фабрикаттар | 7010 | 8210 |
2.3 | Өздері өндірген жартылай фабрикаттардың қалдығын есепті кезеңнің соңында аяқталмаған өндіріске аудару | 1340 | 8210 |
3 | 8310 «Көмекші өндіріс» шоты |
|
|
3.1 | Аяқталмаған өндіріс шығындарын есепті кезеңнің басына көшіру | 8310 | 1340 |
3.2 | Көмекші өндірістегі өндірістік қызметкерлердің еңбекақыға жұмсаған шығындары | 8310 | 3350
|
3.3 | Жөнделмейтін жарамсыз өнімдердің өзіндік құнын есептен шығару | 8410 | 8310 |
3.4 | Дайын өнімді кіріске алу | 1320 | 8310 |
3.5 | Негізгі өндірістің материалдары есебінде қолданылатын көмекші өндірістің дайын өнімдерін кіріске алу | 1310 | 8310 |
4 | 8410 «Жүкқұжат шығындары» шоты |
|
|
4.1 | Негізгі және көмекші өндірістің қызметін қамтамасыз ететін өндірістік персоналдың еңбекақы шығындары | 8410 | 3350 |
4.2 | Негізгі өндіріске қатысты үстеме шығындарды есептен шығару | 8110 | 8410 |
4.3 | Сол сияқты, көмекші өндіріске | 8310 | 8410 |
4.4 | Негізгі және көмекші өндіріске байланысты іссапарлары шығынын есептен шығару | 8410 | 1251 |
4.5 | Негізгі және көмекші өндірістің қызметін қамтамасыз ететін өндірістік персоналдың еңбекақы шығындарына есептелген әлеуметтәк салдық | 8410 | 3150 |
Өндірістік шоттардың жүйесі шығындарды топтастырып және олардың есебін төмендегі ретпен жүргізуге мүмкіндік береді:
- ай ішінде жұмсалған шығындардың элементтері өндірістік шоттардың дебитіне де көрсетіледі;
- алдағы кезеңдердің шығыстары есептен шығарылып және осы айдың келешек шығындары резервтеледі;
- шығындар есептен шығарылып немесе көмекші өндірістің жұмыстары арасында бөлінеді;
- негізгі цехтардың шығындары қосылып және таратылады;
- жарамсыз өнімдерге кеткен шығындар анықталып, өнімнің өзіндік құнына қосылады;
- аяқталмаған негізгі өндіріс пен шығарылған өнімнің өзіндік құны анықталады;
1.3. Өндіріс шығындарының талдамалы есебін ұйымдастыру
Ұйымның қызметі негізінен үш шаруашылық үрдісінен құралады: дайындау, өндіру және өнімді өткізу. Ұйымдар технологиялық процестерге, құрылымдарына, құрылымдары арасындағы қарым қатынастарға қарай бір біріне ұқсамауы мүмкін. Өндіріске кеткен шығындарды анықтауға кеткен ақпараттарды анықтауда, олардың мазмұнын, көлемін, түрін және формасын анықтауды, басқару мақсаттарына сай әрбір мекеменің өздеріне қалыптастыруға рұқсат етілген. Өнімнің, жұмыстың, қызметтің түрлеріне қарай, талдамалы есепті дұрыс ұйымдастырып және уақытында жүргізіп отырудың маңызы зор.
Талдамалы есептің көрсеткіштері ішкі қаржылық есепті жасаған кезде қолданылады, соның нәтижесінде өнім түрлері, көлемі, өлшем бірліктері, құрылымдар, дайындалған өнімнің шығындарының баптары туралы толық ақпарат алуға болады.
Талдамалы есеп өндіріске жұмсалған шығындардың барлық шоттардағы есебі бойынша көрсеткіштерін жіктеу үшін қолданылады. Талдамалы есептің деңгейі ұйымды басқару мен бақылауға қажетті көрсеткішдерді айқындаумен анықталады. Мысалы, 8100 «Негізгі өндіріс»
шотындағы мәліметтер менеджерлерді нақты ақпараттармен қамтамасыз ету үшін, әрбір тапсырыс, орындалған жұмыс, өндірілген өнім, олардың қай жерде орындалып, қандай шығындар түрі кеткені жайлы егжей-тегжейлі түсіндіріп беруге мүмкіндік береді. Талдамалы есеп сонымен қатар, аяқталмаған өндіріс жайлы ай басындағы және ай соңындағы ақпараттар топтамасымен қамтамасыз етіп, олардың ішінде есепті айдағы жарамсыз өнімге кеткен шығындардың сомасы, үнемделген материалдардың сомасы және өндірілген өнімнің орындалған жұмыс пен атқарылатын қызметтің өзіндік құны туралы ақпараттармен қамтамасыз етуге тиіс.
8200 «Көмекші өндірістер» шотында өндіріс түрлері бойынша талдамалы шот ашылады, алолардың ішінде – 8100 шотындағы сияқты жұмыс түрлері, калькуляция баптарына сай талдамалы шоттар ашылады.
Ескере кеткен жағдай, көмекші өндірістердің қызметтері негізінен ұйымның өз ішінде пайдаланып, сыртқы мекемелерге аз мөлшерде ғана қызмет көрсетеді.
Шаруашылық операциялары бухгалтерлік есептің регистрлерінде тіркеліп, олар туралы ақпараттар сол жерде жинақталып және топтастырылады. Регистрлерді тағайындау мен оларды жүргізу тәртібі ҚР «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы бойынша анықталған. Қабылданған бастапқы құжаттардағы ақпараттар бухгалтерлік регистрлерде жинақталады және реттеледі, олардың формасы немесе оларға байланысты талаптарды уәкәлетті орган және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бекітеді.
Бухгалтерлік есеп регистрлеріндегі мәліметтер топталған күйінде қаржылық есептілікке көшіріледі. Бастапақы құжаттар мен бухгалтерлік есеп регистрлері электрондық ақпарат түрінде жасалатын болса, ұйым олардың көшірмелерің жеткілікті түрде қоса жасап, операцияға қатысушы басқа тұлғаларға, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, ондай ақпараттарды талап ете алатын мемлекеттік органдарға тапсыруға тиісті.
ҚР «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес «Бастапқы құжаттар мен бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің мазмұны коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат болып табылады, оларға қол жеткізуге басшылықтың немесе дара кәсіпкердің рұқсаты бар адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына ғана рұқсат етіледі».
Аталған құжаттармен танысуға құқығы бар тұрғалар, ақпарат йесінің рұқсатынсыз, ол ақпараттарды жариялауға, жеке басы үшін пайдалануға құқылы емес. Коммерциялық құпия болып табылатын ақпараттарды заңсыз түрде жария еткен тұлғалар, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
Әр түрлі регистрлердің жиынтығы, оларға жазу тәртібі мен бір бірімен байланысты, бухгалтерлік есептің формасын құрайды. Қазіргі кезеңде, негізінен жорналды- ордерлік және бухгалтерлік есептің автоматтандырылған формасы қолданылады.
Жорналды-ордерлік форма есебін қолданған кезде аналитикалық есеп регистрлерін ұйымдастырудың мысалын көрсетейік.
Осындай формадағы регистрлер басқа түрдегі есеп жүйелерін қолдану кезінде де пайдаланылады, себебі регистрлердің осындай құрылымы басқару есебінде қолданылатын мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.
Аналитикалық есеп талаптарына жауап бере алатын регистр ретінде өндіріс есебінің карточкасын атауға болады.
Өндіріс есебінің карточкасы
№ р/р | Ұйым | Жыл | Ай | Өнімнің аты | Кальку- ляциялық бірлік | Шығарылған мөлшері | |
«Ремонт» ЖШС | 2008 | Наурыз | Компрес- сор | Дана | 20 | ||
Кальку- ляция баптары | НЗП ай басында | Есепті кезеңдегі шығындар | Есептен шығарылған шығындар | НЗП ай соңында | |||
| |||||||
Жарамсыз өнімге | Шығарылған өнімге |
| |||||
Өндіріске кеткен шығындарды кқрсететін бастапқы құжаттар жұмсалған материалдарды және тасымалдау, дайындау шығындарын, қайтарымды қалдықтарды, есептелген еңбек ақыны ж.т.б. тарату үшін қолданылытынарнайы таблицаны жасау үшін қолдануға негіз болады.
Аталған таблицада есептелген мәліметтер, өндіріс есебінің карточкасына түсіріледі.
Цехтық басқару құрылымына байланысты карточкадағы калькуляция баптары цехтар бойынша бөлінеді, мысалы цех № 01, 02, 03 ж.т.б.
Өндірістік шоттардың талдамалы құрылымы, бақылауға сай келетін бағалауға жататын баптар бойынша шығындарды топтастыруға мүмкіндік береді:
Жабдықтарды ұстау мен пайдалану шығындары;
Цехтарды басқару шығыны;
Ғимарттарды,құрылғыларды ұстау шығындары;
Еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік шығындары;
Пайдасыз шығындар;
және т.б.
1.4. Өндіріс шығындарын есептеу тәсілдері және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
Өндіріс шығындарын есептеу тәсілдері төмендегідей болып бөлінеді:
- Технологиялық үрдіске қатысты : тапсырысқа сай, өңдеуге сай;
- Калькуляция жасау обьектісі бойынша : деталь, жабдықтық, өнім, бір тектес өнімдер тобы, үрдіс, өңдеу, өндіріс, тапсырыс;
- Шығындарды бақылауды қамтамасыз ететін ақпаратты жинауға байланысты: нормативтік тәсіл(алдын ала бақылау) және шығындардың ағымдағы есебі(соңынан бақылау арқылы).
Тапсырысқа сай есеп жүргізу тәсілі детальдарды, жабдықтарды және өнімдерді толықтай механикаландырылған түрде жинау кезіңде; цехтар арасындағы тығыз өарым өатынас орнатылған кезде; дайын өнімді тек қана технологиялық тізбегі соңғы цех шығаратын кезде қолданылады. Өңдірістік шығындар әуелі цехтар бойынша жинақталып, содан кейін ұйым бойынша толықтай топтастырылады. Одан соң ұйым оның барлық цехтары бойынша шығындар қоса есептеліп, өнімнің жеке өзіндік құны есептеліп шығарылады.
Тапсырысқа сай тәсіл қолданылғанкезде,есеп және калькуляция жеке өңдірістік тапсырыс бойынша, алдан ала жасалатын өнім көлеміне шақталып жүргізіледі. Өңдірістік шығындардың аналитикалық есебі тапсырыс бойынша бекітілген калькуляция баптары бойынша топтастырылады.
Тапсырыс беруші (төлеуші) және өнім өңдірушінің (жеткізуші) арасында жасалған келісім шарт, жұмысты орындауға басты құжат болып табылады. Келісім шартта (тапсырыста) келісім шарт обьектісі, оның сапалық сипаттары, көлемі (мөлшері), жеткізу уақыты, келісімді бағасы, ерекше шарттары (шикізат бағасының өзгеруіне сай шығындар, еңбек ақыны индекстеу), есептесу формасы, жеткізу шарттары ж.т.б. көрсетіліп, анықталады.
Ұйымдар тапсырысқа сай есеп жүргізіп, калькуляция жасау тәсілін, жеке өндірістер мен ұсақ мөлшерлері өндірістерде қолданады.
Жеке өңдірістер мен ұсақ мөлшерлері өндірістерде өнімнің жекелеген түрлерін дайындау үшін арнаулы тапсырыс беріледі. Яғни тапсырысқа сай тәсілді қолданған кезде, есеп жүргізу мен калькуляция жасаудың обьектісі арнаулы тапсырыс болып табылады, ол тапсырысқа айрықша нөмір бекітіледі. Ұйымның өз ішінде осындай жұмыстар атқарылып, бір цехтың екінші бір құрылымдар үшін арнаулы тапсырыспен жұмыс істеуі мүмкін. Ондай тапсырыстар жекелеген түрде және бір жылдық болуы мүмкін. Кейбір ірі өндіріс орындарында, әртүрлі қажетті өнімдер мен детальдарды шығару үшін бір жылдық тапсырыс бойынша жұмыс атқара алады.
Тапсырыс дайындалуға тиісті өнімнің аты, саны, цехы, дайындау мерзімі көрсетіледі. Тапсырыстар әр цех бойынша жекеленген арнаулы бланктер бойынша толтырылып, тапсырысты оындайтын цехтарға және ұйымның бухгалтериясына жіберіледі. Тапсырысқа арнаулы нөмір беріліп, өндірістің тікелей шығындарына жіберіліп, ол нөмір барлық құжаттарда көрсетіліп отырады (лимиттік алым карталарында, талап ету құжаттарында, көлік құжаттарында және жұмысты орындауға байланысты басқа құжаттарда). Тапсырыс бойынша шығындар топтастырылып, материалдарды, еңбек ақыны бөлетін арнаулы таблицаларда көрсетіліп, өндіріс есебінің карточкаларына түсіріледі. Бір дана өнімнің өзіндік құны барлық жасалған шығындардың сомасын тапсырыс бойынша дайындалған өнімнің санына бөлу арқылы анықтайды. Алынған соманы жоспардағы көрсеткішпен салыстырк арқылы өнім өндіру барысында шығындардың үнемделген немесе артық жұмсалғаны анықталады.
Өндіріс шығындарының есебін тапсырысқа сай жүргізу тәсілі және

- Негізгі өндіріс шығындарының есебі
- Негізгі өндіріс шығындарының есебі
- Негізгі өндіріс шығындарының есебі
- Негіздіктер мен іргетастарды жобалау
- Негнойные заболевания среднего и внутреннего уха (адгезивный отит, отосклероз, болезнь Меньера)
- Негосударственное пенсионное страхование в России
- Негосударственное пенсионное страхование в РФ
- Негізгі құралдар есебі
- Негізгі Құралдар есебі
- Негізгі құралдар есебі және оларды бағалау
- Негізгі құралдар және оларды жіктеу мен бағалау
- Негізгі құраолдар есебі
- Негізгі мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру және педагогикалық-психологиялық теория негіздері
- Негізгі орлардың амортизациясы