Негізгі өндіріс шығындарының есебі. 2

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ


 

«Экономика және басқару кафедрасы»

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

Негізгі өндіріс шығындарының есебі

 

 

 

                                                                         Орындаған:   УА11-04-01

                                                                                                 Имбергенова М.О

                                                                           Қабылдаған: э.ғ.к., доцент

                                                                                                  Жапбарханова М.С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2013

Мазмұны

 

 

Кіріспе...................................................................................................................3-4

 

1. Шығындар туралы жалпы түсінік................................................................5

1.1 Шығындар түсінігі.............................................................................................5

1.2. Шығындардың жіктелуі...................................................................................8

2. Негізгі өндіріс шығындарының  есебі..........................................................10

2.1. Материалдық шығындар есебі......................................................................10

2.2. Еңбек шығындар есебі...................................................................................14

2.3. Үстеме өндірістік шығындар есебі...............................................................19

2.4. Өндірістік шығын есебіндегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау......26

 

Қорытынды.....................................................................................................31-32

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Өндіріс шығыны  өзіне шикізат, материал, жанармай, электроэнергия, тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі мен жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындарды енгізеді. Тауарды дайындауға кәсіпорынның жұмсаған шығындары тұрақты және өзгермелі капитал сомасына  (с+v) тең. Айналым шығындар категориясы тауарды өткізу және сатып алумен байланысты. Айналым шығындары өндіріс процесінің айналым саласында жалғасатынын көрсетеді, сөйтіп тауардың өлшем-орауын, сорттауын, тасымалдануын және сақталуын енгізеді.

Фирманың тепе-теңдік нүктесі  және максималды пайдасы  шеткі табыс пен шеткі шығындар тепе-теңдігі жайында  (MR=MC) фирма осындай арақатынасқа қол жеткізгенде, онда ол өндірісті енді ұлғайтпайды, өнім шығару тұрақталып фирма тепе-теңдігі сақталады.

Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыруда екі ұйымдастырушылық аспект бар: қолданылатын бухгалтерлік шоттар жүйесі мен шығындарды топтастыру тәсілдері. Мұндай есепті ұйымдастыруға мына факторлар әсер етеді: қызмет түрі, басқару құрылымы, кәсіпорын мөлшері, ұйымдастыру құқтық пішін және т.б.

 Өндіріс шығындары өндіріске қажетті факторлардың төлемін көрсетеді. Осы өндіріске қажетті факторларды зерттеу дайындалған өнімді сатудан  түскен пайда көлемінің шығындарды жабуы мен жағымды пайда әкелуіне жеткіліктілігін қамтамасыз етуі қажет. Пайда кәсіпкерлік қызметтің дамуының кепілі болып табылады. Бірақ, аталған мақсаттарға қол жеткізу жұмсалған шығындар көлеміне тәуелді болады. Сол себепті өндіріс шығындары экономикалық талдаудың маңызды бөлігі болып табылады.

   Кәсіпкердің шығындар мен пайдаға деген өз көзқарасы болады. Белгілі бір шығындарды жапқаннан кейінгі пайда өндірістің жақсы мүмкіндіктерін қамтамасыз етуі қажет. Айтарлықтай тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін шығындар пайдадан аз болуы қажет.

  Есеп тәжірибесінде кәсіпорын шығындарын тиімді басқаруда жаңа іс- қимылдарын жасау және пайдалану отандық және шетел әдебиетінде кең талқылануда. Шығындар тәжірибесінде кәсіпорын шығындарын тиімді басқаруда жаңа іс- қимылдарын жасау және пайдалану отандық және шетел әдебиетінде кең талқылануда. Шығындар есебі мәнінің көпшілік қабылданған анықтамасы-бұл «шығындар есебі кәсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау, өндіріс және өнім өткізу процестерін оларды сандық өлшеу (заттай және құнды көрсеткіштермен, тіркеу, топтастыру және талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кәсіпорынды (немесе кәсіпорындар бірлестігін) басқару мен оның қызметін қаржы нәтижелерін шығару арқылы бағалауға қажетті мәлімет алуды қамтамасыз етеді.

 Басқару есебін ұйымдастыру, сонымен қатар есеп объектісіне  байланысты, дәлірек айтқанда, түрлері, пайда болу орындары және жауапкершілік  орталықтарына қарай айқын топтасуын  көздейді. 

Курстық жұмыстың мақсаты, өндірістік шығындар және оның ұйымдастырылуы, өндірістік шығындарының мәні, мағынасы және есебінің әдістері туралы, сонымен қатар өндірістік шығындардың негізгі элементтер және өзіндік құның калькуляциясы туралы ашып көрсетемін.

Курстық жұмыстың міндеті, шығындардың өндіріске және  өнімді шығаруға қолданылатын  белгілі бір кезеңдегі қорлардың ақшалай көлемін көрсету. Сонымен қатар, экономикалық категория ретінде кәсіпорынның, кәсіпкерлердің, жеке өндірушілердің және басқа да шаруашылық етуші субъектілердің ақша түрінде берілген шығындарын,  айналымын және өнімнің өтімін көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Шығындар туралы жалпы түсінік 1.1 Шығындар түсінігі

 

Әрбір кәсіпорын жоғары деңгейдегі пайданы қамтамасыз ету үшін шешімдер қабылдауға міндетті. Бұл шарт орындауда негізгі талаптардың бірі – шығындарды азайту болып табылады. Ол үшін:

1. Өндіріс шығындарының құрамы  мен құрылымын білу қажет. Құрылымды  білу үшін – қайда көңіл  аудару керек деген сұрақ тұады.

2. Шығындарды талдап, олардың тиімді пайдалануын, реттеуді және бақылауды ұйымдастыру;

3. Щығындарды шектеу, өнімнің сапасына  сәйкес және оның бағаның негізі  болатындығын естен шығармау;

4. Шығындардың өзгеру заңдылығын  білу. Тасмалдау шығындарды төмендету  мәселесі алдында тұрады.

Шығындардың есебін жүргізу мәселесі - ертеден келе жатқан мәселе.

Шығындар дегеніміз – белгілі мақсатта пайдаланылған ресурстар көлемінің ақшалай көрінісі, яғни нәтижесінде өнім өндіріп, өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.

Шығындар тек қарапайым шығындар емес, нарықтық құн формасын алған ресурстар шығындары аталады.

Өндірістік шығындарды жіктеп берудің бірнеше жолдары бар:

  • экономикалық элементтері бойынша – еңбекақы, материалдар, амортизациялар; Өзіндік құнының баптары. Ол калькуляция элементтеріне байланысты.
  • технологиялық процестер бойынша – тікелей және үстеме шығындар. Негізгі шығындар - өнімнің құрамына енетін шығындар. Үстеме шығындар – тікелей апаруға мүмкіндігі жоқ.
  • құрамы бойынша – бір элементтік, кешендік және жанама болып бөлінеді. Бірэлементтілер- бірэлементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар). Кешенділер- бірнеше элементтен тұратындар. Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама түрде бөлінеді.
  • өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша – тікелей және жанама;

өндіріс процесіндегі рөліне байланысты - өндірістік және өндірістік емес. Өндірістік – тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнына құрайтын барлық шығындар.

  • шығын жасаудың сай келетіндігіне сәйкес - өнімділік, өнімділік емес. Өнімді(жоспарланатын) – тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар. Өнімді емес (жоспарланбайтын) - өндіріс технологиясы мен ұйымдастырудағы кемшіліктер салдары іркіліс шығындары болып табылады.
  • жоспарға енгізу мүмкіндігіне байланысты – жоспарланған және жоспарланбаған;
  • өндіріс көлеміне қатысты –тұрақты және айнымалы шығындар. Тұрақты - өнім көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар. Айнымалы – шығарылған өнім көлеміне сәйкес өзгеретін өндірістік шығындар.
    1. пайда болуының кезектілігіне сәйкес – ағымды және бір жолдық. Ағымдағы – жиі мерзімде болып тұратын шығындар. Бір жолдық – еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т.б төлеуге арналғандар.
      • дайын өнімге қатынасы бойынша – аяқталмаған және дайын өнім шығындары;

Өнімнің өзіндік құнын анықтауда қорларды бағалау және пайданы анықтау бағытында шығындар:

- енетін немесе кіретін және болған шығындар;

- тікелей және жанама шығындар;

- негізгі және үстеме шығындар;

- өзіндік құнға енетін және мерзімді шығындар;

- шешім қабылдау және шоспарлау шығындары:

- тұрақты және айнымалы

- тұрақты бағалауға қабылданатын және қабылданбайтын шығындар;

- қайтарымсыз шығындар;

- енгізілген шығындар және жоғалтылған пайда;

- жоспарланатын және жоспарланбайтын шығындар;

- релеванттық және иррелеванттық шығындар.

Релеванттық шығындар – басқару шешімін қабылдағанда өзгеретін шығындар. Иррелеванттық шығындар - басқару шешімін қабылдағанда өзгермейтін шығындар.

Кәсіпорын шығындарын басқару күрделі процесс. Өзінің мәні жағынан ол кәсіпорынның бүкіл қызметін басқаруды білдіреді, өйткені болып жатқан өндіріс процесстерінің барлық жақтарын қамтиды.

Есеп тәжірибесінде кәсіпорын шығындарын тиімді басқаруда жаңа іс- қимылдарын жасау және пайдалану отандық және шетел әдебиетінде кең талқылануда. Шығындар тәжірибесінде кәсіпорын шығындарын тиімді басқаруда жаңа іс- қимылдарын жасау және пайдалану отандық және шетел әдебиетінде кең талқылануда. Шығындар есебі мәнінің көпшілік қабылданған анықтамасы-бұл «шығындар есебі кәсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау, өндіріс және өнім өткізу процестерін оларды сандық өлшеу (заттай және құнды көрсеткіштермен, тіркеу, топтастыру және талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кәсіпорынды (немесе кәсіпорындар бірлестігін) басқару мен оның қызметін қаржы нәтижелерін шығару арқылы бағалауға қажетті мәлімет алуды қамтамасыз етеді.

Бірақ мұндай тәсіл басқару есебінің даму барысында және дамыған өндірістік есеп теориясында пайдалану бағыттары бойынша шектелген. Біздің ойымызша өндіріске жұмсалған шығындар есебінің маңызын анықтау, техникалық жағынан басқа, өндіріске жұмсалған шығындар есебін түрлендіруі немесе басқару есебінің өндірісті қызметін ұйымдастыруға әртүрлі тәсілдерді қамтуы тиіс. Осылайша, шығындар есебінің мазмұнын анықтау кәсіпорындарда оны ұйымдастыруды үлгілеудің шынайы алғы шарттарын жасайды. Басқарудың кері процесіне сәйкес есеп ақпараттық тасқын ретінде тек қана іс әрекетті ғана емес, сондай-ақ болашақта кәсіпорын экономикасын үлгілеу үшін ақпараттар дайындайды.

Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебін басқару үлгісінің сәйкесінше өткендегі, қазіргі және болашақтағы өндірістік қызметі нәтижелері мен шығындарын пайдалануды көрсету процесі ретінде қарастырса, онда есептің мұндай жүйесі өзіндік құнды басқарудың негізгі міндеттеріне сәйкес келеді.

Нақты бір кәсіпорынның өндіріске жұмсалған шығындары есебінің негізгі міндеттері:

  • кәсіпорын әкімшілігін басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпаратты қамтамасыз ету;
  • болашақтағы экономикалық стратегияны қалыптастыру мен ауыртпашылықтарды табу мақсатында нақты шығын деңгейін нормативті және жоспарлы шығындармен салыстыра отырып бақылау;
  • дайын өнімді бағалау және қаржылық нәтижелерді есептеу үшін шығарылатын өнімнің өзіндік құнын есептеу;
  • құрылымдық бөлімшелердің өндірістік қызметінің экономикалық нәтижелерін анықтау және бағалау;
  • ұзақ мерзімді сипатқа ие , өндірістік және технологиялық бағдарламалардың өзін ақтауы, өнім түрлерінің пайдалылығы, негізгі қорлар мен өндірістік қосалқыларға салынған күрделі салымдардың тиімділігі шешімдер қабылдау үшін өндірістік қызметті басқару есебінің ақпараттарын жүйелендіру.

Өндіріс шығындары есебінің маңызды сипаттамасын қорытындылай келе, тағы да оның негізгі бағытын айта кетеміз- өндірістік қызметті бақылау және оны жүзеге асыру үшін шығындарды басқару.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2  Шығындардың жіктелуі

 

 

Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми  негізделген жіктеудің мәні зор. № 7 бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес шығындар былайша жіктеледі:

- пайда болу орнына байланысты  — өндіріс, цехтар, учаскелер, құрылымдық бөлімшелер бойынша;

- шығынды көтерушілер, яғни өнім  түрлері бойынша — өнімнің  өзіндік құнын анықтау үшін қажет;

- өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлеріне байланысты —  экономикалық элементтер (өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын көрсетеді) мен калькуляция баптары бойынша.  

Өндіріс шығындары бірқатар басқа белгілер бойынша жіктелуі мүмкін:

1) Өндіріс процесіндегі экономикалық ролі бойынша:

- негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты шығындар (шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар);

-  қосымша - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.

2) Өнімнің өзіндік құнына жатқызу  тәсілі бойынша:

- тікелей - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тікелей кіретін шығындар;

- жанама — өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін.

3) Құрамы бойынша:

- бір элементтік – бір элементтен тұратын (еңбек ақы немесе материалдар шығындары);

- кешенді – бірнеше элементтен тұратын (құрамына еңбек ақы, материалдар, амортизация т.б. бір элементті шығыстар кіретін);

4) Өндіріс көлеміне байланысты:

- өзгермелі — мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура пропорционалды  өзгеретін шығындар (еңбек ақы, отын энергия);

- тұрақты — өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындар (жылыту, өндірістік бөлмеге жарық беру, жалға алу, жарнама шығындары);

5) Пайда болу мерзімділігі бойынша:

- ағымдағы —  жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал);

- бір жолғы – еңбек демалысы, жөндеу жүргізу шығындары;

6) Басқару міндеттері бойыша:

- өндірістік – тауарлық өнімді дайындауға байланысты және өндірістің өзіндік  құнын құрайтын шығындар;

- әкімшілік – жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы   шығыстарға байланысты;

- коммерциялық — өткізу бойынша шығындар.

 

 

7) Тиімділігі бойынша:

- өнімді - жоспарланатын;

- өндіргіш емес – жоспарланбайтын;

8) Бақыланатын мүмкіндігі бойынша:

- реттелетін – егер атқарушы (еңбеккер) шығындар деңгейіне елеулі әсер ете алса;

- реттелмейтін – деңгейіне еңбеккер елеулі ықпал ете алмайтын шығындар;

9) Орташалау дәрежесі бойынша:

- жалпы — өндірілетін өнімнің барлық көлеміне шаққандағы;

- орта — өнімнің бір бірлігіне шаққандағы.

Басқару есебінде шығындарды жіктеу сан түрлі және қандай басқару міндетін шешу қажеттігіне байланысты. Басқару есебінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

- өндірілген өнімнің өзіндік құнын есептеу, қорлар мен алынған пайданың құнын бағалау;

- басқару шешімін қабылдау мен  жоспарлау;

- жауапкершілік орталығының өндірістік қызметін бақылау мен реттеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Негізгі өндіріс шығындарының есебі. 2.1. Материалдық                                                 шығындар есебі

 

Өндірістегі өнім шығындарының басты үш негізгі элементтері бар: негізгі (тікелей) матералдар; тікелей еңбек ақы шығындары (бұдан былай тексте өндірістік жұмысшыларының негізгі еңбек ақылары ретінде көрсетіледі); жанама шығындар (бұдан кейін жалпы өндірістік шығындар, кейде оны үстеме шығындар деп те атайды).  Өндіріс шығындарын есептеу үшін 8110 «Негізгі өндіріс» бөлімшесінің шоттары қолданылады, олар түрлі мақсаттарға арналған.

Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау үшін 8110 «Негізгі өндіріс» шоты арналған. Осы шоттың 1310-«материалдар», 3350- «жұмысшылардың еңбек ақысы», 8410- «үстеме шығыстары» жинақталады, содан соң жыл соңында 8110 «Негізгі өндіріс» шотына қорытындыланады.

Енді осы аталған элементтердің әр қайсысын қарастырайық. Алдымен материалдар есебіне көңіл бөлеміз, сосын жұмыс күшіне. Демек, бізге осы кезенде біршама процедуралармен және оған сәйкес құжаттармен толықтанысып алуымыз керек, содан соң, материал есебі мен бақылау процедурасын зерттейміз.

Шикізат және материалдар- өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы  жерде табиғи шикізаттардың құны арнайы мамандандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі.

Қазіргі кездегі өндірістік ортада шаруашьшық етуші субъектілер көп бөлшектер мен өлшеуіштерді қажет ететін, кең ассортиментті өнімдер өндіреді. Сондықтан, мұндай шаруашылық субъектілері де материалдарды басқару және жоспарлау мәселелері кешенді мәселелер болып табылады.

Ол үшін алдымен шаруашылық субъектілері де материалдарды босату және алу, тапсырыстардың типтік процедурасын қарастырамыз. Материалдарды басқару және жоспарлаудың бірінші сатысы - қорлардың оптимальды деңгейін анықгау.

Қорларды басқарудың басты мақсаты: шикізаттан дайын өнімге дейін — қорлардың барлық түрлеріне капиталды жұмсаудың оптимальды деңгейін анықтау және шаруашылыққа қажет деңгейдегі мөлшерін ұстау болып табылады. Қорлардың оптимальды деңгейін белгілеу кезінде тұтынушылар сұраныс пен өндіріс мұқтаждарын жеткілікті дәрежеде қанағаттандыру үшін, аталған деңгейді тұрақты түрде қадағалап отыру керек.

Осымен қатар, онда шамадан тыс қорларды болдырмауын, әр заматта қорларға жұмсалған қаражаттардын тиімділігін және олардың басқа да тиімді пайдалану жолдарын іздестірген жөн.

Қорлардың оптимальды деңгейін белгілеу, сол қорларды бақылау үшін керек, бірақ біздің басты мақсатымыз - шикізат пен материаддар есебінің процедурасын карастыру: сондықтан бұл арада біз қорлардың оптимальды деңгейін қалай белгілеуге болатындығы жөніндегі мәселені қозғамаймыз.

Бәрімізге белгілі, материалдардың қорлану деңгейі олардың кірісімен тәуелді болады. Сақгауда жатқан материалдардың әрқайсысы бойынша оптимальды қорды қамтамасыз етуге қойма меңгерушісі жауапты. Ол қойма есебі (форма М-15) карточкасында қолдағы бар материалдар санының оперативтік немесе жедел есебін жүргізеді. Егер оның есебі компьютерде жасалатын болса, онда есеп карточкасының орнына тапсырыс орындары мен материалдардың қалдықтары жазылған дисплейі жеткілікті болады. Өндіріс сұранысы мен қойма ұсынысы арасындағы сәйкессіздік жабдықтау бөліміне белгілі бір мөлшерде кайтадан тапсырыс беру арқылы жойылады. Егер компьютерленген жүйе әрекет етсе, онда компьютер, қор деңгейін тапсырыс орнына (нүктесіне) жеткенде, тапсырысты автоматты түрде басады.

Жүйенің маңызы босалқылар қос бункерлік сақтаумен қорытындыланады. Бұл кезде қоймашы материалдың әрбір атауы екі негізін карточкамен көрсетілетін негізгі картотеканы енгізуі тиіс. Бұдан басқа, пайдаланылмаған запастар пакетіне салынған қайталама тапсырыс карточкасы болады. Пакетте сенімді сақталған материалдар тобы көрсетіледі. Пакеттер негізгі запас таусылғанша тиісуге болмайды. Ал негізгі материал босалқасы таусылып, пакет ашылған кезде, қайтадан тапсырыс берілуі тиіс.

Қосбункерлік сақтау жүйесін енгізгенге дейін материалдарды жылдам сатып алу тапсырмасының санын және жылдам сатып алумен байланысты шығындары ескеріледі.

Ұсынылған жүйе материалдар тапшылығын 0,5-0,75 пайызға айына төмендете алады. Жұмсалатын материалдардың жетіспеу себептері болып саналатыны:

қысқа уақыт аралығында күтпеген сұраныс;

өндірісте дайын тетіктердің ұзақ ұсталынуы;

бекітілген мерзімде жеткізу туралы келісімді орындаудың жеткізілуі үшін қиындығы;

тексеру кезінде анықталмаған ақау.

Материалдарды сатып алу. Жабдықтау бөлімі тапсырыс көшірмесін алған кезде, сатып алу сұрақтарымен айналысатын қызметкер бөлімдегі сарапшылардың (агенттер) ақпаратына сүйене отырып, материалдарды жеткізушіге өтініш жазылады. Тапсырыстың көшірмесі осы құжаттың мәлеметтерін, тауарлар келген кезде тексеру үшін қоймаға жіберіледі.

Материалдарды қабылдау. Қоймаға материалдарды қабылдау кезінде оларды жеткізуші толтырылған жүк накладнойының және жеткізуге тапсырыс көшірмесінің мәліметтерімен салыстырып қарайды.

Қойма алынған тауарларды кіріс ордеріне немесе басқадай кіріс құжаттарға енгізеді және қойма карточкасының (қабылданды) бағанасына қажетті жазуларды жасайды. Тауардың алынғаны туралы құжаттар жабдықтар бөлімі және бухгалтерияға беріледі. Жабдықтау бөлімінде тапсырыстың орындалғаны белгіленеді, ал бухгалтерияда тек нақты алынған тауарлар үшін ғана төлем жасау үшін бұл құжат жеткізушінің шотымен салыстырылады. Жеткізушіден  шот әдетте тауарлар алынғаннан кейін бірнеше күннен кейін тапсырылады, бухгалтерия материалдың әрбір түрін бағалау үшін осы шоттың мәліметтерін пайдаланады. Сосын алынған тауарлар туралы жазулар материал босалқыларының мәліметтері көрсетілетін жиынтық ведомстің сәйкесінше бағанасына енгізіледі. Мұндай ведомстің мысалы 5.2. кестеде көрсетілген.

 

Материал

Код

Ең жоғарғы мөлшері

Ең аз мөлшері

 

Алынғаны

Босатылғаны

Қалғаны

Мерзім

ИТП №

Мөлшері

бағасы

сомасы

талаптары

Мөлшері

бағасы

сомасы

Мөлшері

бағасы

сомасы

                       

 

Кесте- 5.2 : Босалқылар есебінің кітабы.

 Бұл құжатта нақты бар материалдардың әрбір жекелеген түрлерінің мөлшері мен құны белгіленеді. Кәсіпорындарда мұндай есепті жүргізу үшін есептеу техникасы пайдалануы тиіс.

Материалдарды босату. Жоспарлы-өндірістік бөлім өндірістік жоспармен жоспарланған босалқы деңгейіне сәйкес өндірістік процестің жүзеге асуына жауап береді. өндіруге кірісу үшін құжатты негіздеме болып жоспарлы-өндірістік бөлімнің белгілі бір өндірістік бөлімшеге (цехқа) берілген өндірістік тапсырыс болып саналады.

Жоспарлы-өндірістік бөлім сондай-ақ тапсырысты орындау үшін қажетті материалдардың мөлшерін анықтап, өндірістік тапсырысқа қоса тіркелетін қажетті материалдарды қоймадан босатуға талаптаманы (ҚБТ) аударады.

 

Талап ететін материалдар (үстеме шығындардың тапсырысы немесе ведомосы) цех

№ мерзімі

Мөлшері

түрі

Код №

салмағы

бағасы

сомасы

Ескерту

             

Шебер


 

Кесте- 5.3 : Қоймадан босатуға талаптама

Цех бастығы осы тапсырысты алғаннан кейін құжаттарды сәйкесінше материалдармен алмастыру үшін қойма меңгерушісіне береді. Осыдан кейін қойма меңгерушісі қойма карточкасының «босатылды» бағанасына құжаттарда жазылған мәліметтерді түсіреді. Сосын ол талаптаманы бухгалтерияға немесе есептеу орталығына жібереді.

Көптеген кәсіпорындар бұл талаптаманың орнына тәжірибеде материалдарды босатудың шекті ведомосын немесе шекті картасын пайдаланады.

Бухгалтерия ҚБТ құжатын алғанда онда көрсетілген материалдардың әрбір түрі бойынша бағасы мен сомасын қояды. Бұл мәліметтер әрбір босатылған материалдар үшін «алынды» бағанасынан, ал бағасы-сәйкесінше сол материалдардың айналым ведомосынан алынады.ҚБТ құжаттарындағы ақпарат айналым ведомосын «мөлшері» және «сомасы» бағаналарына көшіріп, әрбір материалдардың нақты түрінің мөлшерінің балансы мен жиынтығы есептелінеді. Осы операциялар компьютердің көмегімен орындалатын кәсіпорындарда кейбір тіркелімдердің қажеті жоқ. Мысалы, компьютерге алынған және босатылған материалдардың мәліметтері енгізілуі мџмкін, бұл кезде қойма карточкасы мен материалдар босалқысы есебінің кітабын пайдаланудың қажеттігі жоқ.

Материалдар есебінің жүргізілу тәртібі. әрбір босатылған материалдың құны бағалау әдісін таңдауға тәуелді түрде тапсырыс нөмірі бойынша шығындарға немесе сәйкесінше үстеме шығындарға енгізілуі тиіс, бұл қажетті ақпарат алғашқы құжаттан алынады.

Материалдар есебінің жүргізілу тәртібі төмендегі суретте сызбамен көрсетілген (сурет 5.6.).


 


                                   Қойма есебінің карточкасы



 


 



 

 

                                       Айналым ведомосы




 



 


 

 

 Сурет- 5.6 : Материалдар есебін жүргізу тәртібі

 

 

2.2. Еңбек шығындар есебі

 

Жұмыс күшіне арналған шығындардың есебі мынадай мақсаттан тұрады - кызметтің түрлері бойынша жұмыс уақытына кететін шығындарын анықтау; шығарылған өнім деңгейі немесе ауысымы (сменасы) бойынша тапсырмалардың орындалу деңгейі; еңбек ақынының есептелуінің айқындығы, жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің еңбек ақысы бойынша есеп айырысу, яғни 3350 «Жұмысшылардың еңбек ақысы» шотында көрініс табады; жалақы қорының пайдалануын бақылау және т. б.

Еңбек ақы шығындары бірыңғай болып келмейді, сондықтан басқарудың талаптарын қанағаттандыру үшін оларды жіктейді. Кез келген жіктеменің негізінде біртектес құбылыстарды сипаттайтын қағидалар жату керек. ШС тәжірибесінде жұмыс күшінің шығындарын есептеу үшін келесі топтамасы қолданады:

жалақының түрлері бойынша — негізгі және қосымша;

элементтері бойынша — кесімді істелген жүмысына карап төленетін, 
сыйақылар, сыртқы себептердің салдарынан болған еріксіз тоқтауларға 
төлеу, т. б.;

кызметкерлердің құрамы бойынша — тізімді-штаттық, келісім- 
шарт бойынша жүмыс істейтінтіндер және т.б.;

• қызметкерлердің категориялары бойынша — жүмысшылар, 
қызметкерлер, оның ішіндегі басшылар, бас мамандар, яғни ИТЖ «Еңбек ақы» бабына өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен қызметшілердің сыйлықақыларын қоса алғанда, кәсіпорынның негізгі өндірістік қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалған шығындар, ынталандырушы және өтемділік (компенсациялық) төлемдері, сондай-ақ кәсіпорынның штатында тұратын, негізгі қызметке жататын қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын шығындардың құрамына мыналар енгізіледі:

Негізгі өндіріс шығындарының есебі. 2