Нотариата куәландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер

Жоспары:

 

І.   Кіріспе

ІІ.   Негізгі бөлім

2.1. Мұрагерлік құқық және мұрагерлік туралы жалпы ережелер

2.2. Заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерлік 

2.3. Нотариата куәландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланған әдебиеттер 

 

 

  

 

 

  

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Кіріспе

Азаматтық құқық ғылыми сол құқық саласын зерттейтін жүйеге сәйкес келетін жүйені қамтиды, бірақ олар өзара тепетеңдікте бола қоймайды. Азаматтық ғылым жүйесі азаматтық заңдарда, сонымен қатар азаматтық кодексте жоқ бөлімдерді де қамтиды. Мысалы, азаматтық құқық пәні, азаматтық-құқықтық әдістеме ұғымдары, азаматтық құқық қатынастары туралы ілім тарихы, оның субъектілері мен объектілері туралы, меншік құқығы туралы жалпы ілім, міндеттемелер туралы, интеллектуалдық меншік туралы, мұрагерлік құқық қатынастары туралы жалпы ілім жөнінде айтсақ та жеткілікті.Ғылым азаматтық құқықтың не екендігін зерттейді. Бұл орайда қоғамдық қатынастарды тиісінше реттейтін құралдар мен әдістерге ерекше мән беріледі. Әдіс туралы ілім ғылымда әдістеме деп аталады.Заңгер үшін азаматтық-құқықтық жағдайлардан жол тауып шыға білуі үшін дағды керек. Мұндай дағдыларға ғылыми талдау жасау және азаматтық-құқықтық жағдайларды шешудің ғылыми әдістері жатады.

  Егеменді  Қазақстанның азаматтық құқық  ғылыми одан әрі творчестволық  дами түсуі мақсатында және  алда тұрған міндеттерді орындау  үшін бүгінде зор мүмкіндіктерге  ие.

  Азаматтық  құқығында мұрагерлік құқық қатынастары  үлкен маңызы бар.Мұрагерлік тікелей  өзі белгіленген жағдайларда  өзге де заң актілерімен реттеледі.

  Мұрагерлік  өсиет және заң бойынша жүзеге  асырылады. Өсиет қалдырылмаған  не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған  кезде, сондай-ақ осы Кодексте  белгіленген өзге де жағдайларда  мұрагерлік заң бойынша орын  алады. Мұраның құрамына мұра  қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.

  Өсиет  қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге  мұра есебінен өсиеттік бас  тартуды орындауды талап ету  құқығын алатын бір немесе  бірнеше адамның пайдасына қандай  да болсын міндеттемені орындауды  жүктеуге құқылы.

  Өсиеттік  бас тартудың нысанасы мұраның, иеленудің құрамына кіретін заттарды  бас тартылушының меншігіне, пайдалануына  немесе өзге заттық құқықта  беру және оған мұра құрамына  кірмейтін мүлікті беру, ол үшін  белгілі құқықта беру және  оған мұра құрамына кірмейтін  мүлікті беру, ол үшін белгілі  бір жұмысты орындау, оған белгілі  қызмет көрсету және т.б. болуы  мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Мұрагерлік құқық азаматтық құқықтың бір бөлігі болып табылады. Мұрагерлік құқық-қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормаларының жиынтығы. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұрагер мұраны қабылдай отырып,мұраға қатысты барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады.

Мұра қалдырушы қайтыс болар алдында мүлкі жайлы ешкімге өсиет етпесе немесе өсиет еткеннен кейін де мүлік иесіз қалса, мұрагерлер заң бойынша мұраға ие болады.

Мұраға ие болудың кезектері:

   Бірінші кезекте, мұраға тең үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның ішінде қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы ие болады.

  1. Заң бойынша мұрагер болу құқығын, екінші кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының ата-анасы бір, ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері ( қарындастары ), сондай-ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесі алады.

  1. Үшінші кезекте, тең үлеспен мұра қалдырушының  туған немере ағалары мен апалары алады. Туыстық дәрежесінің жақындығы ортақ ата-бабасының туу саны негізінде анықталады. Әрбір дүниеге келу бір ата ( бір туыстық ) дәрежесі деп аталады. Жалпы АК 1064-1068 баптары бойынша мұраға ие болу кезегі жетіге дейін болуы мүмкін. Мұрагерлік кезінде, бір жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екінші жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңеледі және т.с.с.  Жақын туыстар деп ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек емес ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, аға-қарындастар, ата, әже немерелерді айтуға болады.

Мұрагерлік Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайда өзге заң актілерімен реттеледі.Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра ашылғаннан кейін туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады. Мұра ашылғанға дейін құрылған және мұраның ашылу уақытында болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін.

Мұралық мүлікке мұра қалдырушының заң бойынша тиесілі мүліктері ғана кіреді. Егер мұра қалдырушы мүлікті қылмыстық әрекеттер арқылы тапқан болса, мұндай мүлік мұра беруге жатпайды. Азаматтардың меншік оның ішінде жеке меншік құқығының объектілері мұрагерлік мүлік құрамына жатады.

Мемлекеттік заңдар-мүліктік қатынаста және азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықты одан әрі нығайтудың маңызды құралы болып табылады. Меншік иесінің заңда белгіленген шекте мүлік иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Азаматтардың жеке меншігін және оған мұрагер болу құқын мемлекет қорғайды. Мұрагерлік құқық жеке меншікпен басқа да мүліктердің мұра қалдырушы адамның мұраға ие болатын мұрагерлерінің қарауына өтуін реттейді. Мұрагерлік құқық жанұя құқығымен заңдылықты қорғайды, отбасылардың нығайып, одан әрі өсіп-өркендеуіне, кәмелетке толмаған балалар мен еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерінің құқығын қорғауда бір-бірін толықтырып, мазмұнын аша түседі.

Мұра қалдырушыны немесе мүмкін болатын мұрагерлердің біреуін қасақана өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Бұған өсиет қалдырушы оның өміріне қастандық жасалғаннан кейін өздеріне қатысты өсиет қалдырған адамдар кірмейді. Мұра қалдырушының соңғы еркін жүзеге асыруға қасақана кедергі жасаған және сол арқылы олардың өздерін немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлікке шақыруға не мұраның оларға тиесілі үлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.

Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтірмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөнінде өздеріне заң күшімен жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарған ата-аналардың (асырап алушылардың) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалардың заң бойынша мұраны алуға құқығы жоқ.

Лайықсыз мұрагерлерді мұрагерліктен шеттетуге негіз болатын мән-жайларды сот белгілейді.

Жалпы мұрагерлік  құқықтың өсиет бойынша және заңды мұрагерлік құқық мәселелеріне арналған құқықтық нормалар заң шығарушылардан дәлділікті, ой-тұжырымдарының анықтығы мен айқындығын талап етеді. Бұл әрбір азаматтың басқа да мүдделерін қорғайтын мұрагерлік ерекшелігімен байланысты.

Мұрагерлік институттың консервативтілігі соншалық, оған қандай да бір маңызды өзгерістерді қолдану мүмкін емес, себебі оны қайта қалпына келтіру қиынға соғады. Дегенмен де уақыт өз толықтыруларын енгізіп отыр, бұл өмірдің өзгеруімен, сондай-ақ адамдардың өз талаптарының өзгеруімен де байланысты. Мұндай жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерге соқтықпайынша, мұрагерлік құқық институты өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Ол барлық құқық сияқты бүтіндей жаңа уақыттың және жаңа саясаттың талаптарына жауап беруі керек. Аталған мәселелер теориялық деңгейде өңделмесе, мұрагерлік құқықтық қатынастарды реттейтін азаматтық заңдарды толық жетілдіру процесі қиындайды.

Сонымен қатар мұрагерлік құқық институтында құқықтық реттеулерді толық жетілдіру бойынша, соның ішінде меншік құқығына ие болу және т.б. мұрагерлік құқық институтына қатысты өзге де мәселелерді өңдеу және оған баға беру керек. Мұрагерлік қатынастарды реттейтін негіздердің жүйесін  дамыту мәселелерінің мәнін түсіну қажет, сонымен қатар нотариалды және сот тәжірибесінде азаматтардың мұрагерлік  құқығын жүзеге асыру кезінде пайда болатын мәселелердің онды жолдарын табу қажет. 

 Мұраның ашылу орны мен олардың мағынасы.

Азаматтық кодекстің 1043-бабына сәйкес, мұра қалдырушының соңғы тұрған жерi, ал егер ол белгiсiз болса, мүлiктiң немесе оның негiзгi бөлiгiнiң орналасқан жерi мұраның ашылу орны болып табылады. Мұра қалдырушының тұрған жерін анықтау кейіннен мұрагерлердің мұраға құқығы туралы куәлігін алу үшін қажет. ҚР мұрагерлік кұқығы мұраның ашылу уакытында «күнді» негіз алғаны кейбір қиыншылыктарға себеп болуда. Күн жоғарыда айтылғандай 00:00 сағаттан басталып 24:00 сағат толуымен бітеді. Күн дегеніміз белгілі бір уақыт жиынтығы (сағат, минут, секундтар жиынтығы) болғандықтан, мұрагерлердің өздеріне тиесілі үлесіне қай мезеттен бастап ие болатындығын (АК-тің 1072- бабы) немесе бір күннің ішінде мұрадағы заттар ортаға шыққан пайда, зиянның салдары мен зардабын кім шегетіндігін (АК-тің 123), мұраның құрамын белгілеуде көптеген қиындыктар туғызады (АК-тің 1040).

Мұраның ашылу уақыты өлімнен басқа Азаматтық кодекстің 31-ші бабында айтылған жағдайларда сот адамды өлді деп жариялауы мүмкін. Осылай жариялау өлімнің салдарын туғызады. Бұл жерде талқыланатыны, адамды өлді деп жариялағанда мұраның ашылу уақытын анықтау. АК-тің 1042 бабының екінші тармағы сот шешімінде баска күн белгіленбесе, сот шешімінің күшіне енген күні мұраның ашылу уақыты болатындығын айкындайды. Айтылған баптың «сот басқа күн белгілемесе» деп нені айтқысы келгендігі. Бұған жауапты азаматтық кодексіміздің 31-ші бабының үшінші тармағының екінші сөйлемі, егер адам өлім қатері төнген немесе жазатайым окиғада каза тапты деп жорамалдауға негіз болатындай жағдайда хабар ошарсыз жоғалып кетсе, сот осы оқиғаның болған күнін адамның өлген күні деп тануы мүмкін деген жауабын, беруде.

Мұраның ашылу орны мұра калдырушының соңғы тұрған жері ал, ол белгісіз болса мүлкінің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері. Бұл жердегі тұрған жерден, Азаматтық кодекстің 16-шы бабында айтылған тұрған (тұрғылықты) жерді түсінуіміз керек. Он төрт жасына толмаған адамдар немесе қорғаншылықтағылардың тұрғылықты жері олардын ата-анасының, асырап алушылырының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері болып табылады. Осымен байланысты соңғы тұрған жерді анықтауға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының маусым 2004 жылғы №11 нормативтік қаулысы көмектесуде. Қаулының екінші тармағында: «Мұра қалдырушының уакытша басқа жерге кету, мысалға, әскери қызметі, оқу, жүмысының жағдайы мен ерекшеліктері, іс саяхаты және емдеу мекемесі, бас бостандығынан айырған жер сияқты жағдайларда мұраның ашылу орны, кетуге дейінгі тұрғылықты жері.» деп айтылған. Осы орайда айта кететін жәйт, азаматтың тұрған немесе тұрғылықты жері мен тіркелген жері әрдайым бір болмауы мүмкін. Сондықтан маңыздысы, мұра соңғы тұрған (тұрғылыкты) жерінде ашылады. Ал соңғы тұрған жері белгісіз болса мұрадағы мүліктің орналаскан жері мүлік әр жерде болса негізгі бөлігінің орналаскан жері, мұраның ашылу орны болып есептеледі.

Мұраның ашылу орнын анықтау, мұрадан бас тарту арызын беруде немесе мұрагерлікке кұкық туралы куәлік беруде қай нотариус кұзыретті екендігін белгілеуде, әлде мұрагерлік құқығынан туындайтын талаптарда қай соттың жер жөнінен соттылығын және т.б. жағдайларды анықтауда маңызы зор. Мұраның ашылған уақыты жергілікті азаматтық хал актілерін жазатын бөлімдерінің (АХАЖ) қайтыс болу туралы берген куәлігі мен Қазақстан Республикасы “Неке және отбасы” Заңының 197-бабына сай, жергілікті АХАЖ бөліміне қайтыс болу туралы мәлімдемені өлген адаммен бірге тұрған адамдар, ал, ондай адамдар болмаған жағдайда көршілері, тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының қызметкерлері немесе адам қайтыс болған жердегі мекеменің әкімшілігі немесе өлікті тапқан ішкі істер органы жазбаша немесе ауызша түрде хабарлайды. Қайтыс болу туралы мәлімдемені жеті тәуліктен кешіктірмей, ал, адам зорлықпен өлтірілсе, өзін-өзі өлтірсе, жазатайым жағдайдан өлсе, сондай-ақ, өлік табылған жағдайда өлген немесе өлік табылған кезден бес күннен кешіктірмей берілуге тиіс. Егер мұра қалдырушының өлген күні Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 244—бабының 3 тармағына сәйкес көрсетілетін болса, онда мұраның ашылған күні соттың шешімінде көрсетілген мұра қалдырушының өлген күні болып есептеледі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 31-бабына сәйкес, егер азаматтық тұрғылықты жерінде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда алты ай бойы хабарсыз жоғалып кетсе, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны өлді деп жариялауы мүмкін. Ал, егер соғыс кимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметші немесе өзге адам соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемінде екі жыл өткеннен кейін өлді деп жариялауы мүмкін. Өлді деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні деп жарияланған адамның өлген күні болып есептеледі. Адамды өлді деп жариялау туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде азаматтық хал актілерін жазу кітаптарына оның өлгені туралы жазылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 32-бабына сәйкес, өлді деп жариялаған адам тірі оралған немесе оның тұрған жері мәлім болған жағдайда сот тиісті шешімнің күшін жояды. Азамат өзінің қай уақытта оралғанына қарамастан, кез-келген адамнан азамат өлді деп жариялағаннан кейін сол адамға тегін көшіп, сақталып қалған мүлік қайтарып беруді талап ете алады.

Егер өлді деп жариялаған адамның мүлкін оның заңды мұрагері үшінші бір адамдарға беріп, олардың мүліктің сатып алу бағасын адам тірі оралған кезге дейін толық төлемеген болса, төленбеген соманы талап ету құқығы тірі оралған адамға көшеді. Мұрагерлік құқықта мұраның ашылған жерін анықтау үлкен роль атқарады. Мұраның жері-мұра қалдырушының соңғы түпкілікті тұрған жері, ал егер түпкілікті тұрағы белгісіз болған жағдайда, мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің тұрған жері – мұраның ашылған жері деп танылады. Мұра қалдырушының тұрақты мекен-жайынан уақытша кетуіне байланысты: мысалы, әскери қызметіне оқуға, жұмыс жағдайына іс-сапарына кеткеніне, емдеу мекемесіне орналасуына, бас бостандығынан айыру орнына қамалуына байланысты және тағы басқа да жағдайларда-мұранын ашылған жері болып, оның соңғы түпкілікті тұрағы есептеледі.

Мұраның ашылған жері мұраны қалдырушының  түпкілікті тұрағымен сәйкес келуі мүмкін, егер мұраны қалдырушы уақытша басқа тұрақта тұратын болса, онда уақытша тұрақ мұраның ашылған жері болып танылады. Егер тұрғын үйдің бағасы теңге жиынтығынан мөлшері болса, онда мұраның ашылған жері Қазақстан Республикасының “Тұрғын үй қатынастары туралы” заңында көрсетілгендей оның соңғы түпкілікті тұрағы болып табылады. Жоғарыдағы көрсетілген азаматтардың әскери борышын өтеу немесе оқу орындарында оқыған уақыттарында тұрғын үйді пайдалану құқығы сақталады. Сондықтан Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 16-бабына сәйкес бұл азаматтардың ұдайы тұрағы болып табылады. Егер азамат шет елде қайтыс болатын болса, онда мұраның ашылған жері Қазақстан территориясында мүліктің тұрған жері болып табылады. Егер азамат бас бостандығынан айырылып, бас бостандығынан айыратын орындарда отырған болса және сол жерде қайтыс болған болса, онда мұраның ашылған жері болып, сол азаматтың соңғы түпкілікті тұрағы болып есептеледі. Ал, егер мұра қалдырушы қарттар үйінде қайтыс болса, онда мұраның ашылған жері-қарттар үйі тұрған елді мекен болып табылады. 

 Мұрагерлікті қабылдау,мұрагерліктен бас тарту

Мұрагерлікті қабылдау-бұл мұрагер жасайтын біржақты мәміле. Азаматтық заңдар мұраны қабылдаудың екі тәсілін қарастырады:

  1. Мұрагерлік мүлікке нақты түрде билік етуге кірісу;

  1. Мұрагерлік ашылған жердегі нотариалдық органға мұрагерлікті қабылдағаны жөніндегі арыз беру арқылы.

Осы аталған іс-қимылдар да мұрагерлік алынған күннен бастап 6 ай мерзімде жасалуы тиіс. Аталған уақытта өткізіп алу мұрагерліктен айырылуға апарып соқтырады. Бірақ, мұра алушының себептері дәлелді болса, онда сот бұл уақытты ұзарта алады.

 

 Заң ғылымында құқықтық қатынас күрделі жүйе ретінде қарастырылады, ол жеке-жеке үш элементтерден тұрады. Олар: субъект, объект (пән) және мазмұн (субъективтік құқық пен міндет).

  Мұрагерлік құқықтық қатынастың субъектісі мұрагерлік құқықтық қатынасқа қатысушы тұлғалар, яғни мұра қалдырушы мен мұрагер болып табылады.

  Мұрагерлік құқықтық қатынастың объектісі мұрагерлік құқықтың негізіне сәйкес, мұра қалдырушының мүліктік жиынтықтарының (соның ішінде мүліктік құқығы мен міндеті) бірыңғай тұтас нәрсе ретінде мұрагерлеріне ауысуы болып табылады.

 Өсиеттік бас тартылушылар (легаттар) дербес субъект бола алмайды.

 Нотариус қатысты субъект болып табылады.

 Мұрагерлік құқықтық қатынас құрамының үшінші элементі мазмұн болып табылады. Мұрагерлік құқықтық қатынастың мазмұны ҚР-ның АК-де белгіленген мұрагерлік құқыққа қатысушы тараптардың құқығы мен міндетінің жиынтығы.

  Мұрагерлік құқық субъектілердің одан әрі қарай заңдық қатынастарда тағдырын анықтау, осы қатынасқа құқығы бар тұлғаларды анықтау үшін тұлғаның қайтыс болуына байланысты пайда болатын құқықтық қатынастардың сипатын сараптауымыз қажет. Революциядан бұрын орыс цивилистері заңдық қатынастарды (қазіргі құқықтық қатынас) субъективтік құқық деп түсінген, яғни өзге тұлғалардың қажеттерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырған, ол екі тұлға арасындағы байланыс сияқты, өзара талаптар мен міндеттерді белгілеген. Қазіргі уақытта құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалардың құқықтары мен міндеттерінің өзара байланысын айтуға болады. Осыдан мұрагерлік құқықтық қатынасты түсіндіруге болады. Яғни, қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамдарға (мұрагерлерге) ауысуына байланысты реттейтін қоғамдық қатынастар.

 Мұрагерлік құқықтық қатынастың субъективтік құрамын сипаттаған кезде, сонымен қатар осы субъектілердің құқықтық қатынастарымен, олардың құқықтық статусы туралы айтатын болсақ, ең алдымен ҚР-ның АК-дегі осы субъектілердің нақты нормаларда қалай аталатынына тоқталайық. «Мұрагерлік құқық бойынша ауысатын мүлік иесінің» аталуы әртүрлі. Бір жерде «қайтыс болған азамат» ҚР-ның АК-нің 1038 бабында, кейбір жерде «мұра қалдырушы» ҚР-ның АК-нің 1040 бабы, 1042 бабы, 1043 бабы, 1044 бабы, 1045 бабы және т.б., кейбір жерде «өсиет қалдырушы» ҚР-ның АК-нің 1046 бабы, 1047 бабы, 1048 бабы және т.б. деп көрсетілген.  Бір баптың  өзінде екі түрлі атаумен де аталатын ержелер кездеседі. Мәселен, ҚР-ның АК-нің 1046 бабында «өсиет қалдырушы» және «мұра қалдырушы» деп көрсетілген. Бұл жағдайлар құқық қолдану кезінде бірдей талқылауда кедергі жасауы мүмкін. Әрине бұл сөздер «бір тұлғаға қатысты» екені түсінікті, дегенменде құқық қолдану органдардың, әсіресе соттардың шешімі кезінде, мұндай жағдайларды жібермеу керек. Өйткені азаматтық заңның өзінде бұл келеңсіздікке қатысты арнайы бап қарастырылады. ҚР-ның  АК-нің 6 бабына сәйкес, «Азаматтық заң қалыптары оларда айтылған сөдердің дәлме-дәл меніне сәйкес түсінілуі тиіс. Заң қалыптарының мәтінінде қолданылған сөздерді әр түрлі түсінуі мүмкін болған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституцияның ережелеріне және азаматтық заңдардың осы тарауда, ең алдымен оның 2 бабында баяндалған негізгі қағидаттарына сай келетін түсінікке басымдық беріледі» деген.

 «Қайтыс болған азамат», «мұра қалдырушы», «өсиет қалдырушы» ұғымдарын бірыңғай түсіндірсек. ҚР-ның АК-нің 1046 бабында, «қайтыс болған азаматты», 2 ұғымда көрсетсек, яғни мұра қалдырушы және өсиет қалдырушы.

  Нақты тоқталып өтсек, ҚР-ның АК-нің 1046 бабының 6 тармағында, «мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уақытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудің себебін көрсетуге міндетті емес» деген. Мұнда «мұра қалдырушы» ұғымы тектік мағынада айтылады. Себебі, қайтыс болған азамат өсиет қалдырғанымен, оны қайта өзгертуге болады деген сөз, қайтыс болған азамат өсиет қалдырмауы да мүмкін дегенді білдіреді.

  «Өсиет қалдырушы» ұғымы тек өсиет қалдырған азаматқа қатысты айтылады, мұраға қатысты түрлі ұғымда айтылып тұр. Өсиет қалдырмай, қайтыс болған адамды немесе мұра заңды мұрагерлік негізде жүзеге асатын болса, қайтыс болған азаматты өсиет қалдырушы деп айта алмаймыз.

  ҚР-ның АК-нің 1046 бабының 7 тармағына сәйкес, «мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік еті міндетін жүктеуге болады», деген. Мұнда мағынасына қарай түрлі ұғымға қатысты айтылғандықтан «мұра қалдырушы» ұғымын «өсиет қалдырушы» ұғымына ауыстыру ұсынылады. Себебі, мұнда тек өсиетке қатысты, өсиет бойынша туындайтын құқықтық қатынастар туралы айтылып тұр.Бұл жерде «Мұра қалдырушы» тектік ұғымда, ал «өсиет қалдырушы», « қайтыс болған азамат» және т.б. түрлі ұғымда айтылады. Тектік ұғым жалпы түп негізін кең ауқымды түсіндіретін ұғым. Түрлі ұғым тектік ұғымның белгілі бір бөлігі ретінде түсіндіріледі.

 Сонымен, мұрагерлік құқықтық қатынастардың субъектілеріне қатысты «Мүра қалдырушы» ұғымы «өсиет қалдырушы», «қайтыс болған азамат» және т.б. ұғымдарына қарағанда тектік мағынада берілген.

  Бұл бөлімшеде, сонымен қатар мұраның ашылуы, мұраның ашылу орны, лайықсыз мұрагер мәселелері қарастырылады. Осы мәселелерге қатысты келесі мән-жайларды айтуға болады. Біріншіден, мұрагерлік мүліктік құқықтық қатынастардың жиынтығы нақты заңды фактілерге байланысты –мұра қалдырушының өлімі. Екіншіден, мұраның ашылу уақытына анықтама бере отырып, заң шығарушылар коммориенттерге қатысты ережелерде бірнеше мәселелердің шешуін тапқан, мысалы, бір күнде қайтыс болған адамдар бірінен кейін бірі мұрагер бола ала ма жоқ па немесе мұраның ашылу орны бойынша жаңа критерийлер ұсынылған. Үшіншіден, бұрынғы Қазақ КСР-нің АК-нің заңдарына қарағанда лайықсыз мұрагер деп танылған тұлғаларға қатысты ережелер нақты, түсінікті және олардың кінәлары анықталынған. Мұрадан лайықсыз мұрагерлерді шеттету үшін ниет негіз болып табылады.

  Мұрагерліктен бас тарту. Алты ай мерзім ішінде мұрагер мұрадан бас тарта алады. Бұл жағдайда мұра дүние-мүлік басқа адамдар арасында тең бөлінеді.

  Мұра қалдырушы өз меншігіндегі дүние-мүлкін мұрагерлеріне қалдырумен қатар, оның белгілі бір бөлігін басқа біреулерге қалдырғысы келуі мүмкін. Ол осыған орай мұрагерлеріне тиісті әрекеттер жасауға міндеттейді. Бұл өсиет тапсырмасы деп аталады. Бірақ ол жасы толмаған немесе еңбекке қабілетсіз өз балаларын ( оның ішінде асырап алған балаларын да ), сондай-ақ өлген адамның еңбекке қабілетсіз ерін немесе зайыбын, ата-аналардың ( бала асырап алушыларын да ) және қарауында болған адамдардың ақшасыз, мүліксіз қалдырмауы тиіс.

  Осы жағдайды ескеріп, өсиеттің мазмұны қандай болса да, мұраға ие болу кезінде соң аталғандардың әрқайсысына тиісті үлестің ( міндетті үлестің ) кеміңде үштен екісіндей мөлшеріне ие болуды қарастырады. Міндетті үлестің мөлшерін белгілегенде үй жиһаздары мен бұйымдардан тұратын мұралық мүліктің құны да есепке алынады. Сонымен, мұрадағы міндетті үлес- өсиеттің мазмұнының қалай екеніне қарамастан берілетін заң бойынша тиісті үлестің бір бөлігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Өсиет бойынша мұрагерлік

Әр адамға тірісінде өз дүние мүлкін кімге болса да мұра етіп қалдыра алады. Өсиет бойынша мұрагерлік дегеніміз-заңда көрсетілген ретпен жасалған азаматтың өз дүние мүлкін кімге қалдыру жөніндегі тірі кезіңде жасалған ерікті тапсырмасы.

Өсиет бойынша мұрагерлер мыналар болуы мүмкін:

  1. Заңға сай мұрагерлер;

  1. Заң бойынша мұрагерлікке кірмейтін бөте адамдар;

  1. Мемлекет пен жеке ұйымдар.

Мұра ашылғаннан кейін заңда көрсетілген мерзім ішінде ( 6 ай, Азаматтық Кодекс 1063-бап ) мұрагер ол мұраны қабылдай алады.

Өсиет бойынша мұрагерлік - азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөнінде өз ықтиярын білдіруі өсиет болып танылады. Өсиетті оны жасаған кезде толық әрекет қабілеттілігі бар азамат жасайды. Азамат өзінің барлық, мүлкін немесе оның бір бөлігін заң бойынша мұрагерлер тобына кіретін де, кірмейтін де бір не бірнеше адамға, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады. Өсиетті өзі жасауға тиіс. Өкіл арқылы өсиет жасауға жол берілмейді Өсиет қалдырушы себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлер біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы. Егер өсиеттен өзгеше туындамаса, заң бойынша мұрагерді мұрадан айыру оның ұсынылу қүкығы бойынша мұрагерлік етуші ұрпақтарына қолданылмайды. Мұра калдырушы өзінің кез келген мүлкі, онын ішінде болашақта сатып алуы мүмкін мүлкі туралы да әкімі бар өсиет жасауға құқылы. Өсиет қалдырушы мұрагерлердін мұрадағы үлесін кез келген түрде белгілеуі мүмкін, әр түрлі мүлікке қатысты бір немесе бірнеше өсиет жасай отырып, өз мүлкіне немесе оның қандай да бір бөлігіне билік ете алады. Мұра қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уакытта күшін жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудін себебін көрсетуге міндетті емес. Мұра қалдырушының өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік ету міндетін жүктеуге құқығы жоқ.

Өсиет жазбаша түрде жасалады.  Ол нотариалдық кеңсе немесе жергілікті әкімшілікпен расталуы тиіс. ҚР Азаматтық  кодексінің 1051- бабының 1-3 - тармақтарына сәйкес нотариалды түрде куәландырылған өсиетті өсиет қалдырушының өзі немесе  өсиет қалдырушының айтуымен куәнің қатысуы арқылы нотариус жазуы тиіс. Өсиет қалдырушының айтуы бойынша нотариус жазған өсиетті  қол қойылғанға дейін нотариус пен куәнің  қатысуы арқылы өсиет қалдырушы толық оқып шығуға қажет. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетті өзі оқи алмайтын болса, ол үшін оның мәтінін нотариустың қатысуымен куә оқып береді. Өсиет қалдырушының өсиетті өзі оқи алмауының себептері  көрсетіліп, бұл туралы өсиетте тиісті жазба жасалады.  Егер нотариалды түрде куәландырылған өсиет куәнің қатысуымен жасалса, өсиетте куәнің тегі, аты және тұрақты тұратын жері көрсетіледі. Осындай мәліметтер өсиетке өсиет қалдырушының орнына қол қойған адамға да қатысты  енгізілуі тиіс. Өйткені өсиет қағазына мұра қалдырушы қол қояды. Белгілі себептермен өсиетке қол қоя алмайтын болса, ол үшін басқа адам қол қояды, бірақ бұл кезде оның жанында нотариус немесе басқа лауазымды адам болуға тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Заң бойынша мұрагерлік

Заң бойынша мұрагерлік көне рим жүйесіндегі XII кесте заңына апарады. Заңда мұрагерліктің 3 кезеңі реттелінген. XII - ші кесте заңында I- ші кезектілерге мұра қалдырушының қоластында саналатын балалары, алдында қайтыс болған балаларының балалары, яғни немерелері кірген. Бұлар «қажетті мұрагерлер» деп есептелген. Егер «қажетті мұрагерлер» болмаған жағдайда мұраға өлген адамның агнаттық туыстары шақырылған. Ол мұраны қабылдамауға құқы болған, мұндай жағдайда мұра иесіз қалған мұра деп саналған, мұндай сәтте құқық ауылтырылмаған деп саналған. Егер мұра қалдырушының еш жақыны болмаса мұра III -ші кезектегі болып саналатын когнаттық туыстарына өткен. Тек IV- ші кезек ретінде ғана мұра қалдырушының жұбайына өткен. Бірақта бұның өзінде жесір әйеліне тиген.

Бізде өсиет бойынша мұрагерліктен гөрі заң бойынша мұрагерлік жиі кездеседі. Өйткені адамдар артындағы мүлкіне өсиет жазып қалдыруға дағдыланбағандықтан да өсиет жазуға үлгермейді. Ал кейбір адамдар үшін бұл белгілі бір шеңберден шығумен тең. 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

III Қорытынды 

 

Азаматтық құқығында мұрагерлік құқық қатынастары үлкен маңызы бар. Мұрагерлік тікелей өзі белгіленген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі.

Мұрагерлік өсиет және заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді.

Қоғамдық өмірдің түпкілікті ауысуы біздің елімізде көптеген салалардағы құқықтық реттеуді дамытуды талап етеді. Мұрагерлік бұл экономикалық мазмұны бар қатынастар.

Кеңес заманындағы мұрагерлік құқық Рим құқығының негізінде жасалған, жақсы дамыған институт. Бірақ көне мүліктік жүйеде көптеген мәселелер өз шешімін таппады. Ал жаңа заңдағы бекітілген ережелер сол мәселелерді қайта көтеріп, жаңа проблемаларды туындатты. Мұрагерлік мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу конституциялық, азаматтық-құқықтық нормасы бойынша өзінің мұра қалдыру мүмкіндігін және азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлкін өз ықтиярымен билік ету бойынша өсиет қалдыруы, не болмаса заңды мұрагерлік бойынша мұрагерліктің жүзеге асуы, сонымен қатар осы мәселелер бойынша өзге тұлғалардың мүлікке қол сұғуынан құқықтық қорғау тәсілдері бекітілген. ҚР-сы Конституциясының 26 бабына сәйкес: «Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.»

Кез келген адамның өмірінде мұрагерлік құқықтарды рәсімдеу қажеттілігінің туындайтыны әбден мүмкін жағдай. Біздің елімізде азаматтар артындағы дүниемүлкіне өсиет жазуға әдеттенбеген деуге болады. Сондықтан да болар бірге туған ағайындардың мұраға таласып, бір-бірімен араздасып жататын ыңғайсыз жағдайлар аз кездеспейді.   

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 

 

1. Батырбаев Н.М., Аманқожаев А. «Мұрагерлік  құқық». Оқу құралы. Алматы. 2006 ж.

2. Қазақ әдет-ғұрып заңдарындағы мұра мен мұрагерліктің қоғамдағы рөлі А. Смағұлова. — // Заң. — 2005. — №9.

3. Құқық негіздері. Оспанов Қ.И. Алматы 2006

4. Мұрагерлік мұраты — бірлік. Тарих тағылымы / А. Смағұлқызы // Заң газеті. — 2005. — №125, 13 қазан. Қазақстан Республикасының Жер кодексі, 20 маусым 2003 ж.

5. Төлеуғалиев Ғ. ҚР Азаматтық құқығы. Оқу құралы. Алматы 2001 ж. 

 

 

  

 

 

  

 

 

        

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нотариата куәландырылғандарға теңестiрiлетiн өсиеттер