Оқиғалы рөлді ойынды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері
ЖОСПАР
Кіріспе.......................
І-бөлім.
- Оқиғалы рөлді ойынның тәрбиелік мәні..........................
.................5 - 7 - Оқиғалы рөлді ойынның кезеңдері.....................
.............................. .8 - 13
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Мектепалды даярлық
тобында өткізілетін оқиғалы
рөлді ойынның түрлері мен мазмұны.......................
2.2. Оқиғалы рөлді ойынды ұйымдастыру және
өткізу ерекшеліктері.................
ІІІ. Қорытынды.....................
IV. Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Кіріспе.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.
Әлемдік білім кеңестігінде
мектепке дейінгі педагогикалық
мәселелерін шешуде тәрбиелеу
мен білім беру жаңаша жетілетін
әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа
жол ашу бағыттары
Баланы жан-жақты тәрбиелеу,
оның дүние-танымын жетілдіру, сөздік
қоры мен сөйлеу тілін, ой өрісін дамытып,
еңбекке баулу –
Байланысты сөз ойға мағына беріп, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын және өзара түсінісуін қамтамасыз етеді. Сөйлеу қызметі ойдың дамуымен қатар өрбиді. Екіден үш жасқа дейінгі балалармен өтілетін сабақтар түрлі көрнекіліктер мен дидактикалық ойын әдісіне негізделеді.
Ойын - балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас ешқандай мотивсіз, яғни қызығушылықсыз болуы мүмкін емес. Дегенмен, сабақ барысында балалардың қызығушылығын ояту оңай емес. Сондықтан біз оқу үдерісінде балалар өздігінен сөйлейтіндей жағдай тудыруымыз керек. Психологтардың көпшілігі балалар не айтқысы келеді, соны айтсын деген тезисті қолдап отыр. Осы мақсатта оқиғалы рөлді ойындарды қолдану – мектепалды даярлық тобында тіл дамытудағы ең жақсы амалдардың бірі.
Ғылыми аппарат.
Мақсаты: мектепалды даярлық тобында оқиғалы рөлді ойындарды қолданудың бүгінгі жай-күйін теориялық тұрғыдан сараптау, балалардың сөйлеу дағдысын дамытуда рөлдік ойындарды ұйымдастырудың ең тиімді жолдарын табу, оларды сабақ үдерісінде пайдаланудың тиімділігін тәжірибелік жолмен тексеру.
Міндеті:
1. Мектепалды даярлық тобында оқиғалы рөлді ойындарды қолдануды теориялық тұрғыдан қарастыру және оның тиімділігін анықтау.
2. Сабақ барысында рөлдік ойындарды қолдану жетістіктерге әкелетінін дәлелдеу
3. Мектепалды даярлық тобында өткізілетін оқиғалы рөлді ойындар арқылы балалардың ойлауы мен сөйлеуін дамыту жолдарын көрсету.
Зерттеу объектісі: Оқиғалы рөлдік ойындар, рөлде ойнау туралы жалпы түсінік.
Зерттеу пәні: оқиғалы рөлдік ойындар арқылы баланың сөздік қорын дамыту.
Ғылыми болжам: Мектепалды даярлық тобында оқиғалы рөлді ойындарды қолдана отырып баланың сөйлеу дағдысын, сөзік қорын, сөз саптауын дұрыс жолға қоюға, жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, достық, сыйластық, түсінушілік, т.б. жағымды қылықтар дарытуға болады.
Зерттеу әдістері: талдау, саралау, әңгімелеу, сахналау.
І-бөлім.
- Оқиғалы рөлді ойынның тәрбиелік мәні.
Мектепалды даярлық топ балаларының тілін дамытуда ойындардың рөлі зор. Ойын үстінде балалардың тілі дамып, бір затқа бейімділігі, қызығушылығы артады. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, балалар тіл байлығын дамытуда пайдаланылатын ойын түрлерін төмендегідей жүйелеуге болады.
- Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, темір жол, теңізшілер.
- Қимыл-қозғалыс ойындары: ақ серек, көк серек, ұшты-ұшты, аңшылар, сиқырлы таяқ, жаяу көкпар, ормандағы аю, мысық пен торғайлар, бақташы мен қозылар, қуыспақ, қасқыр қақпан, соқыр теке, т.б.
- Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, ұзын-қысқа, аласа-биік, әр құстың мекенін тап, түсті ретке келтір, дәл тауып айт, тігін шеберханасы, тез ретке келтір, мына затты сипатта, жоғары-төмен, дүкен, көршілер, т.б.
- Құрылыс ойындары: лото және басқа конструкторларды пайдалану.
- Спорттық ойындар: футбол, волейбол, теннис, хоккей, баскетбол.
- Оқиғалы рөлді ойындар: адамгершілік тәрбиесі тақырыбына оқылған ертегі, әңгімелерді рөлдерге бөле отырып орындау.
Осы ойын түрлерінің ішінен мен оқиғалы рөлді ойындарға тоқтала кетемін. Рөлдерге ену ойындары балаларға таныс ертегі, әңгіме негізінде құрылады. Жан дүниесіне жақын рөлдерді өздері орындауға талпынады. Бұндай ойындарда ауыз әдебиеті үлгілері пайдаланылатындықтан, олар балалар өміріне жарқын сезім, қуаныш, белсенділік, шығармашылық енгізеді, тілін дамытады. Осындай қасиеттер тәрбиеленушінің тұлғасының қалыптасуына маңызды рөл атқарады.
Балалардың тілін дамытуда оқиғалы рөлді ойындардың орны ерекше. Ойында адамдар өмірінің сан қыры, тұрмыс-тіршілігі, еңбегі, дүниетанымы, арман-тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректілік пен жігерлікке құлшынысы көрініс табады. Халық педагогикасында ойындар өте көп және мазмұндары да, бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан-алуан, әрі қызғылықты. Олар, «Алақан соқпақ», «Аңдардың айтысы» т.б. Ауыз әдебиеті үлгілерін қолдана отырып, балалармен сан түрлі оқиғалы рөлді ойындарды ойнауға болады. Оқиғалы рөлді ойындар баланың тілін дамытып қана қоймайды, сонымен қатар оны жан-жақты тәрбиелейді. Баланы адамгершілікке, бірін-бірі сыйлауға, достыққа, имандылыққа, жолдастарына көмектесе білуге, жігерлікке, шыншылдыққа тәрбиелейді.
Оқиғалы рөлді ойын ретінде ауыз әдебиетіндегі кез келген тәрбиелік мәні бар ертегі, мәтін, әңгімелерді алуға болады.
Мысалы, «Аңдардың айтысы» атты ойында жүргізушінің талабына сай әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Мұның өзі хайуанаттар әлемі жөнінде нақты ұғымды, шығармашылық қабілетті, жеке және топтасып ән айту дағдысын жетілдіріп, тілін дамытады. Ойын ережелерінің тәрбиеленуші үшін тәрбиелік маңызы бар. Олар ойын барысын белгілейді, тәрбиеленушінің тәртібі мен іс-әрекеттерін, олардың өзара қарым-қатынасын бақылап, ерік-жігерлерінің қалыптасуына ықпал етеді. Өздері ойнаған рөлдердегі аңдардың іс-әректтері мен айтқан сөздері арқылы жақсы-жаман ұғымдарын қалыптастырады. Кімдікі дұрыс? Кімдікі бұрыс? Неге олай жасауға болмайды? Неліктен? деген сияқты сауалдар арқылы балалармен ойнаған оқиғалы рөлді ойынды талқылап, қорытындысын балалар шығаруы керек.
Оқиғалы рөлді ойындардың мазмұндық ерекшеліктері, біріншіден бұл ойындар мазмұн жағынан да мәнерлі әрі түсінікті. Ойын балалардың ақыл-ойының белсенді жұмыс істеуіне, дүние танымының кеңеюіне, қоршаған ортаға деген көзқарасын нақтылап, барлық психикалық процестерді жетілдіруге мүмкіндік жасайды. Екіншіден ойын ережелерінде жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін үлкен тәрбиелік мән бар. Оқиғалы рөлді ойындар тәрбиеленушіге халықтық салт-дәстүр мен тұрмыстық шаруашылық еңбегінен түсінік береді. Үшіншіден, тәрбиеленушінің қимыл-қозғалысын дамытып, дене тұлғасының дұрыс қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Төртіншіден, бала қиялын, ақыл-ойын, дене қимылын дамытатын тәрбие құралы. Бесіншіден, оқиғалы рөлді ойындар баланың тілін ширатады, ойын дамытады, зейінділікті, ұстамдылықты, ойлылықты, зерделілікті, адамгершілікті, кеңістікті бағдарлай білуді, әрекет үйлесімділігін, өжеттілікті, тапқырлықты, шапшаңдықты, төзімділікті, мергендікті, батылдықты дамытады.
Сонымен қатар, оқиғалы рөлді ойындарда балалар тек ауыз әдебиеті үлгілері бойынша әрекет етпейді, олар ересектердің өмірі мен іс-әрекеттерін қайталайды. Олардың қарым-қатынасын көрсетеді. Мысалы, «Дүкенде», «Кітапханада», «Қонақта» және т.б. ойындарды ойнау барысында үлкендерге еліктей отырып, олар өз рөлін және ойын логикасын жасайды.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін, еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады».
- Оқиғалы рөлді ойынның кезеңдері.
Кез келген ойынның негізгі ерекшеліктері – балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесіп жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.
Оқиғалы рөлді ойындар тренингтік сабақтардың өзегі іспетті. Гуманистік бағыттағы ғалымдар көзқарасына сәйкес, психологиялық ойындар арқылы баланың өзіндік дамуына көмек беруді мақсат етеді.
Оқиғалы рөлді ойындардың психологиялық әсерімен балада:
- Өз-өзіне деген сенімнің бекуі;
- Этикалық және адамгершілік негізінде мінез-құлық, жүріс-тұрыстың меңгерілуі;
- Қарым-қатынас дағдылары мен біліктерінің дамуы болатындай түрлері жинақталып, іріктеледі.
Сонымен қатар, оқу ретіндегі ойын тиімділігі мынадай бірқатар талаптарды сақтауға байланысты, яғни олар: оқушылар әрекет ететін қиялдағы жағдайдың, жоспардың болуы және балалардың ойын нәтижесін, ойын ережесін міндеттті түрде түсінуі. Ойын бұл тек ұжымдық көңіл көтеру емес, бұл оқытудың барлық міндеттеріне қол жеткізудің негізгі тәсілі, сондықтан ол қандай дағды және икемділікті талап ететіндігін, баланың нені жасай біледі және ойын барысында неге үйренгендігін білу қажет. Ойын оқушылардың ойлау қабілетін күшейту қажеттілігін алдына қоюы керек.
Оқиғалы рөлді ойындарды қолдану басты үш сатыдан тұрады. Олар:
1) дайындық кезеңі, ол:
- дидактикалық материалдар жинақтаудан
- жинақталған материалды реттеу, ұйымдастырудан тұрады.
2) орындалу барысы
3) ойынды қорытындылау
Оқиғалы рөлді ойындар міндетті түрде топтық, талдаумен аяқталады. Талдау 2 бағытта жүргізіледі:
- Қарым-қатынас жағдайының құрамын балалардың толық та, адекватты түсінігін қамтамасыз ету;
- Коммуникативті іс-әрекет механизмдерін біліп, түсінуге, дағдылануға мүмкіндік беру.
Оқиғалы рөлді ойындардың 2 түрі – импровизациялық және сюжеттік түрлерін қолдануға болады. Импровизациялық ойындардың мазмұны балалардың өздерінің үйреншікті өмір жағдайларынан, қарым-қатынас сферасынан алынып отырады. Мұнда тек алдын-ала рөлдер мен позициялар бөлініп беріледі. Импровизацияланатын ситуациялардың ең қарапайымы таңдалынады. Ал басты назар әрбір баланың импрвизациялауға қабілетін, яғни спонтанды түрде оның кез келген рөлді ойнап, сол рөл тұрғыдан диалог құра алуы мен вербалды емес коммуникацияны қабылдап, меңгеруі талданып, зерттеледі. Импровизациялық ойындардың арасынан ұзақ даярлықты қажет етпейтін, тренинг барысында өрістейтін түрлері қолданылады. Бірақ мұндағы басты талап ойын мазмұны балалардың қарым-қатынас саласындағы мәселелерге бағытталуы. Алдыңғы диагностикалық зерттеулер мен диагностикалық ойындар нәтижесіне жүгіне отырып, импровизациялық ойын мазмұны құрастырылды. «Анар бүгін балабақшаға ең әдемі қуыршағын алып келген екен», «Анасы мен Болат дүкенге келді», «Сәуле үйде отырғанда есік қағылды», «Саматпен оның досы Дәурен телефонмен сөйлесіп отыр», «Жанардан көшеде бір бейтаныс аға аты-жөнін, үйінің мекен-жайын сұрады», «Гүлнар мен Мөлдір ойнап жүріп ренжісіп қалды» т.с.с балалардың жас ерекшелігіне, қарым-қатынас қажеттіліктеріне және тренинг мақсатына орай тақырыптар бойынша спонтанды түрде бір оқиғалар ойналып отырды. Мысалы, «Анар бүгін балабақшаға өзінің ең әдімі қуыршағын алып келген екен» ойынының мазмұнын алайық. Тәрбиеші алдын ала Анарға өзіне ғана, кім сұраса да, қалай сұраса да қуыршағын ешкімге бермеуін тапсырады. Ол үшін Анар балалардың әрқайсысының өтінішіне нақты, тура жауап беруі керек. Ал балаларға тәрбиеші бар мүмкіндіктерін пайдаланып қуыршақты сұрап алып, ойнауларына бағдар береді. Бұл ойын барысында балалар бірін-бірі түсінуге, тыңдауға, қарсы жауап таба алуға, сендіруге, ынталандыруға, сыйлауға, өтініш айтуға, сөзін өткізе алуға үйренеді. Рөлдік-импровизациялық ойындардың әсерін талдау «кілттері».
- Қарым-қатынас құралдарының қолданылуы, сөздік қор, ым-ишара, арақашықтық, интонация.
- Қарым-қатынас біліктері мен дағдылары, өзара келісімге келу, қысым жасау, манипуляцияның көрінісі;
- Өзара әрекеттестік, өзара қатынас позициялары «тепе-теңдік», «жоғарыдан» қарау, «төменнен» қарау болды.
Ал оқиғалы рөлді ойындардың алдын-ала даярланған сценарий қажет. Онда ойынға қатынасушылардың өзара әрекеттесу, өзара қатынас жасау позицияларының толық сипаттамасымен нұсқаулары құрастырылады.
Сюжеттік ойындар алдын-ала ойластырылып, бүкіл сабақтардың жоспарын құруда ескеріледі. Бұл оқиғалы рөлді ойындардың бастапқы кезеңі. Сюжеттік ойын типтік коммуникативті ситуацияларды, яғни балалардың баршасына дерлік тән жағдайларды талдауға бағытталады. Мұндай ойындарда күрделі коммуникативті ситуациялар моделденеді. Әдетте импровизациялық ойынға қарағанда, сюжеттік ойынға уақыт көп кетеді. Оқиғалы рөлді ойын барысында тәрбиеші көп кірісе бермеуі тиімді; ойын өздігінен ұйымдасатын болуы керек. Рөлдік ойындар қорытынды сабақтарда ойналады. Себебі балалардың топ ішіндегі қарым-қатынасы интенсивті болып, өздері қарым-қатынас кезінде әр түрлі позициялар, стратегиялар, инициатива коммуникация ережелерін біліп, ситуацияларға талдау жасай алатын кезде ғана рөлдік-сюжеттік ойын тиімді болады. 5-6 жастағы балалардың ойналатын сюжеттік ойынға 1-1,5 сағат уақыт керек. Мүмкін болса сюжеттік ойынды тұтастай бейнетаспаға түсіріп алған жөн. Мұндай таспалар талдау жасағанда кейбір ойын сәттеріне қатысты балалардың әржақты көріп-қабылдауынан туындайтын даулы жағдайларды қарастыруда аса қолайлы.
Оқиғалы рөлді ойындарды сипаттағанда импровизация элементтерінің болмай қалуы мүмкін емес.
Оқиғалы рөлді ойындар өзара байланысты позициялардың негізінде жинақталады. «Ойыншықтар сөйлейді», «Аңдардың әңгімесі», «Әжесінің Еркесі», «Қызғаншақ бала» ойындарының желісін құруға болады. Осы ойындарға сипаттама берейік:
- «Ойыншықтар сөйлейді». Бұл ойында әрбір бала топтағы ойыншықтардан бір-біреуден қолдарына алып, соның рөлінде, соның атынан өзінің ренжігенінде, қуанғанда, өкінгенде, ашуланғанда, өтініш білдіргенде, ұялғанда не дейтінін, нені армандайтынын ортаға салады.
- «Аңдардың әңгімесі». Әрбір бала бір-бір ойыншық аңның рөлінде қу түлкі, ашулы арыстан, қорқақ қоян, аңқау қасқыр, батыр қоян, кекшіл кірпі, маңғаз керік т.т. бірігіп өздері куә болған бір-бір қызықты оқиға айтады.
- «Әжесінің Еркесі» - бұл ойынға мынандай кейіпкерлер қатысады: Ерке, әжесі, ағасы, інісі бірге ойнайтын құрбысы – Айдана. Қалған балалар талдау жасауда белсенді болу үшін әрбір кейіпкердің сөйлеген сөздерін, қылықтарын байқап, бақылап, аңғарып отырады. Ойын сюжеті: «Ерке әжесінің баласымын деп, көбіне әжесімен қарым-қатынас жасайды. Анасын тыңдамайды, өз айтқанын оларға орындатпай қоймайды. Ағасы мен інісі бір бірімен өте тату. Бірақ Ерке олармен де тату ойнай алмай, дауласып, тентек бола береді. Айдана құрбысы Еркенің қылықтарына қынжылып жүреді. Бір кездері Ерке әжесі, анасы, ағасы, інісі, құрбысы танымастай өзгереді.» Бұл ойын Р.Шапбаеваның «Әжесінің қызы» әңгімесі бойынша құрылды.
- «Қызғаншақ бала» ойынының балаларға тақырыбы беріліп, өздерінің «режиссерлік», қоюшылық қабілеттеріне орай ойын мазмұнын жасау ұсынылады.
Оқиғалы рөлді ойын кезінде тәрбиеші байқап, бақылап отырады, ойын барысына кесте бойынша талдау жасайды.
Содан кейін сабақта балалардың жаңа қарым-қатынас дағдыларын, біліктерін бекітуге арналған кезеңді енгіземіз.
Бұл кезеңде әрбір баланың өзіндік ішкі потенциалы, коммуникативті іс-әрекетке деген ішкі ресурсы анықталады. Бұл сабақтың екінші блогын құрайды. Бұл блок балаларға алған әсерін, яғни топтарының жоғары ұйымдастырушылық көрсетуін, әрбір баланың коммуникативтілік деңгейін ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар ол өзіндік бір диагностикалық тәсіл болады. Әрбір баланың қарым-қатынасының жетілуі, белгілі бір коммуникативті дағдылар мен біліктердің қалыптасып, дамуы белгілі болады.
2-ші блоктың 5-6 жастағы
балаларға арналған
«Таңертең», «Түстен кейін» атты тақырыппен балаларға «үнсіз қойылым қою ұсынылады. Оны- балалардың балалардың балабақшаға кіргеннен бастап сәскеге дейінгі және одан кешке дейін және ситуациялық қарым-қатынасты вебралды емес жолмен көрсетліп отыратын сюжеттік ойынның бір түрі. Бұл ойындар сабақтың бас кезінде бірі, соңында бірі ойналады. Екі ойынға да 20 минуттан уақыт беріледі. «Таңертең», «Түстен кейін» қойылым салыстыра отырып, балалардың вебралды емес қарым-қатынас жасау техникаларының жетістігін бақылауға мүмкіндік береді.
«Үнсіз» спектакльді екі шағын топ балалары ойнайды. Бірінші шағын топ балалар біріне-бірі қарамай, әрқайсысы басқа бір топтағы құбылысының рөлінде ойнай береді. Екінші шағын топ балаларды олардан өздерінің бейнесін тауып алулары қажет. 10 минуттан соң екінші кіші топ осы тапсырманы орындайды. Бұл ойын бойынша талдау көрсеткіштері:
- Қимыл-қозғалыс – өзінен басқаларға бағытталса – баланың теріс, жағымсыз деп санайтын ситуациялары, адам бойындағы қылықтары.
- Қимыл – қозғалыс – өзіне қарай бағытталса, баланың ұнататын, оңды ситуациялары, адам бойындағы қылықтары.
- Ашықтықты, тұйықтықты бейнелейтін қимыл қозғалыстар болады.
Оқиғалы рөлді ойынында балалардың өз бетімен жұмыс істеуді дамыту керек. Шынайы өмірде біз балалардан «Өзім істеймін» дегенді жиі естиміз, ойында да олардың өз бетінше ойнауға құқы бар.
Балалардың өз бетімен жұмыс істеуін дамыту мақсатында ойында тәрбиеші басқарудың келесі міндеттерін атқарады:
- Әр баланың түрлі ойын міндеттерін қоюдағы өз бетінше жұмыс істеуін дамыту.
- Балаларды қойылған ойын міндеттерін шешу үшін әр түрлі заттық тәсілдерді өз бетінше таңдауға ынталандыру.
Балалардың өз бетінше жұмыс істеуін ойын барысында қалай дамытуға болады? Мұндай күрделі жұмысты ұйымдастыруда нақты бірізділік болу керек. Бала жаңа бір нәрсе үйреніп жатқанда, оған ересек адаммен ынтымақтастық қажет. Бұл кезде тәрбиеші ойын міндетін қоюға көмектеседі. Бала ойын міндеттерін қоюды үйренгенде, оған өз бетінше жұмыс істеуге барынша мүмкіндік беру керек.
2.1.Мектепалды даярлық тобында өткізілетін оқиғалы рөлді ойынның түрлері мен мазмұны.
Оқиғалы рөлді ойын басқа тілде қарым-қатынас жасау, сөйлесу саласын кеңейтуге, білім алушылар пікір айтуда мазмұнды жағына назар аударуға мүмкіндік беретін тиісті дағдыларды дамыту және машықтандыру жаттығуларындағы тіл материалдарын алдын-ала меңгеруді болжайды. Сабақта жиі қолданылатын рөлдік ойындардың түрін төмендегі кестеден көрінеді.
1-кесте Оқиғалы рөлді ойын түрлері
Оқиғалы рөлді ойынның түрлері |
Оқиғалы рөлді ойынның қасиеттері |
1.Бақыланатын |
Балалар қажетті сөздерді алады |
2.Белгіленген деңгейде бақыланатын |
Балалар сюжеттің жалпы сипатын және өз рөлдерінің сипатын алады |
3.Еркін |
Балалар қарым-қатынас жағдайын алады |
4.Эпизодтық |
Жекелеген эпизод ойналады |
5.Ұзақ |
Ұзақ уақыт кезеңінде эпизодтар сериясы ойналады (мысалы, топ өмірінен) |
Бақыланатын рөлдік ойын әлдеқайда қарапайым түрі болып табылады және диалог немесе мәтін негізінде құрылуы мүмкін. Бірінші жағдайда балалар базалық диалогпен танысады және оны өңдейді.
Белгіленген деңгейде бақыланатын рөлдік ойын әлдеқайда күрделі болып табылады, онда қатысушылар сюжеттің жалпы сипатын және өз рөлдерінің сипаттамасын алады. Мәселе мынаған негізделеді: рөлдік мінез-құлық ерекшеліктері тек орындаушыға ғана белгілі болады. Қалған қатысушылар олардың әріптесі қандай мінез-құлық көрсететіндігін табу маңызды және өзінің жауабы туралы тиісті шешім қабылдауы тиіс.
Еркін рөлдік ойынды жүргізген кезде балалардың өздері қандай лексиканы пайдаланғаны дұрыс, әрекет қалай дамуы тиіс екендігін шешу тиіс, тәрбиеші рөлдік ойынның тақырыбын ғана атайды, ал содан кейін балалардан осы тақырыптың әртүрлі аспектілерін қозғайтын әртүрлі жағдайларды құрастыруды сұрайды.
Құрылыс ойыны – балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті рөлді ойынға ұқсас келеді. Және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу- қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, театрлар цирктер т.б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттерінің өзіндік шешімін енгізеді.
Оқиғалы рөлді ойындарға қойылатын негізгі талаптар. Қазіргі кездегі мектепалды даярлық тобындағы сабақтарда қарым-қатынастың нақты жағдайын модельдеу үшін рөлдік ойындарды пайдаланудың өзіне тиісті талаптары бар. Олар:
1. Ойын оқу мотивациясына ынталандыруы, балалардың тапсырманы жақсы орындауға қызығушылығы мен ұмтылысын тудыруы тиіс, оны қарым-қатынастың нақты жағдайына тең жағдай негізінде жүргізу қажет.
2. Оқиғалы рөлді ойынды мазмұны тұрғысынан да, нысаны жағынан да жақсы дайындау, дәл ұйымдастыру қажет. Білім алушылардың белгілі бір рөлді жақсы орындау қажеттілігіне көздері жетуі қажет. Тек сонда ғана олардың сөздері табиғи және шынайы болады.
3. Оқиғалы рөлді ойынды бүкіл топ қабылдауы тиіс.
4. Ол міндетті түрде жағымды шығармашылық ортада жүргізіледі, оқушыларда қанағаттану, қуаныш сезімін тудырады. Рөлдік ойында білім алушылар өздерін неғұрлым еркін сезінсе, олар соғұрлым қарым-қатынасқа қызығушылық білдіретін болады. Уақыт өте келе онда өз күштеріне деген сенімділік сезімі, яғни әртүрлі рөлдерді ойнай аламын деген сенім пайда болады.
5. Ойын білім алушылар белсенді сөздік қарым-қатынасқа мүмкіндігінше көп тиімділікпен өңделетін сөздік материалды пайдалана алуы үшін ұйымдастырыла алады.
6. Тәрбиеші міндетті түрде рөлдік ойынға, оның тиімділігіне сенеді. Тек осындай жағдайларда ол жақсы нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін.
7. Тәрбиешінің тәрбиеленушілермен байланыс орната білуі үлкен мәнділікке ие.
Оқиғалы рөлді ойынды дайындау, жүргізу және талқылауды басқарудағы және оқу-байланыс орнату жағдайларын құрудағы негізгі қызметті тәрбиеші де, бала да жүзеге асыруы мүмкін. Сонымен, оқу-сөйлеу жағдайлары рөлдік ойындардың құрылымдық негізі болып тадылады. Қарым-қатынасты үлгі ете отырып, оқу-сөйлеу жағдайлары рөлдік ойын құрамындағы маңызды компонент ретінде балаларды ұсынылған жағдайларға қояды.
Сабақ барысында оқиғалы рөлді ойындарды қолданудағы тәрбиешінің рөлі.
Оқушылардың көзқарасы бойынша оқиғалы рөлді ойын – бұл ойын әрекеті, ол процесте олар белгіленген рөлдерден көрінеді. Мектепалды даярлық тобындағы сабақ барысында тәрбиеші бірнеше рөл атқара алады. Онда осы рөлдік ойындардағы тәрбиешінің орны қандай? Ойын барысында тәрбиеші рөлі үнемі өзгеріп отырады.
1. Бастапқы кезде тәрбиеші балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн.
2. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.
3. Кейде тәрбиешінің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болуы тиіс.
4. Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап, жұмысына жәрдем беруіне болады.
5. Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта сол қателермен жұмыс істейді.
6. Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек. Рөлдерді тәрбиеші бөледі, кейде балалардың қалауларына да ерік берген жөн. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде тәрбиеші дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн. Тәрбиеші позициясынан оқиғалы рөлді ойын оқу процесін ұйымдастыру нысаны ретінде көрінеді, оның мақсаты оқушыларда сөздік дағдылар мен икемділіктерді қалыптастыруға және дамытуға негізделеді.
Оқиғалы рөлді ойынды қолдану барысында мұғалім келесі позицияларды ұстанады:
1-схема Оқиғалы рөлді ойындарды қолданудағы тәрбиешінің рөлі
Рөлдік ойын қолданудағы тәрбиешінің рөлі |
Басқарушы |
Қатысушы |
Бақылаушы |
Сценарий жазушы, режиссер |
Балалармен бірге орындайды |
Ойын барысын кадағалап отырады |
Бұл
схемада көрініп тұрғандай,

- ОҚО бойынша телефондық анықтама жүйесін құрастыру және жобалау
- Оқу үрдісі
- Оқушы қызығушылығын арттыруда педагогикалық технологиялардың алатын орны
- Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру
- Оқушыларға патриоттық тәрбие беру
- Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру
- Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі халық педагогикасында
- Октябрьская и Февральская революция 1917
- Октябрьская революция 1917 г
- Октябрьская революция 1917 года: основные направления дискуссии в современной науке
- Октябрьская революция и модификация общественного строя России
- Октябрьский переворот и поляризация сил внутри страны
- Окунь пресноводный с овощами в маринаде
- Оқиға болған жерді қарау