Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі халық педагогикасында
Кіріспе.
Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым саласында түйінді мәселелерді шешудің төте жолдарын ұсынып, тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындайды:
- Бүгінгі жастар осы
заманның сыншысы да, тарихшысы
да болатындықтан жастармен
- Қазақстанда жүріп жатқан осы ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрлар дайындау жүйесін құру қажеттігін көрсетті, ең алдымен бүгінгі мұғалім кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің бойындағы адалдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу, ең жоғарғы адамгершілік қасиет сапаларымен ықпал жасай отырып тәрбиелеуі керектігіне мән беру қажеттігін айтты;
- Жастарды адамгершілікке
тәрбиелеу сапасын көтеруге
Бүгінгі таңда адамзаттың тарихи дамуы мен ғылыми-техникалық процестің жеделдеуіне сәйкес жеке адамның шығармашылық, рухани, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру негізгі көкейтесті проблеманың бірі болып отыр. Осыған байланысты оқушылар адамгершілік тәрбие беру мемлекеттік, әлеуметтік маңызға ие педагогикалық тұрғыдан зерттеуді қажет ететін мәселе. Ұлттық рухани мұра арқылы оқушының рухани деңгейін арттырып, адамгершілікке тәрбиелеуге алғашқы қадамдар жасала бастады. Республика тарихында тұңғыш рет « Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы» (1994 жыл) қабылданып, онда ана тілі арқылы имандылық, адамгершілік тәрбие беру міндетіне ерекше мән берілген.[2] Адамгершілік тәрбие мәселелері көптеген педагог ғылымдардың (Я.А.Коменский, И.Г.Гербарт, А.Н.Кочетев, А.С.Макаренко т.б.) еңбектерінде кеңінен қарастырылған [3].
Аталған зерттеулерде мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беру мәселелері бойынша маңызды тұжырымдар бар. Алайда бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беруде мақал – мәтелдерді пайдалану мәселесі педагогикалық еңбектерде әлі де жете көрініс таппаған. Осындай қарама – қайшылықтар зерттеу мәселенің көкейтестілігін көрсетіп, дипломдық жұмыс тақырыбын «Кіші мектеп оқушыларына халық педагогикасы негізінде адамгершілік тәрбие берудің педагогикалық шарттары» деп анықтап таңдауға мүмкіндік берді.
Зерттеу объектісі – бастауыш мектептегі тұтас педагогикалық процесс.
Зерттеу пәні – бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беруде халықтық педагогикадағы мақал – мәтелдерді оқу – тәрбие процесінде пайдалану барысы.
Зерттеу мақсаты – мақал – мәтелдердің адамгершілік тәрбиеге байланысты педагогикалық маңызын айқындап, оларды мазмұндық бірлікте, пәнішілік, пәнаралық байланыста, сабақтан тыс уақытта пайдаланудың амал-жолдарын анықтау.
Зерттеу болжамы. Егер, мақал-мәтелдерді адамгершілік тәрбие беру бағытында мазмұндық бірлікте, пәнішілік, пәнаралық байланыста, сабақтан тыс уақытты түрде пайдалансақ, бастауыш мектеп оқушыларына терең де жүйелі адамгершілік тәрбие беруге болады.
Зерттеудің міндеттері:
- Оқушыларға мақал-мәтелдер арқылы адамгершілік тәрбие беруге арналған педагогикалық әдебиеттерге ғылыми-теориялық талдау;
- Қазақ мақал-мәтелдеріне мазмұндық сипаттама бере отырып, олардың педагогикалық міндеттерін анықтау;
- Адамгершілік тәрбие беру міндетіне орай мақал – мәтелдерді жүйелеу, саралау;
- Қазақ мақал-мәтелдерін бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беруде пайдаланудың шарттарын айқындау;
5.Зерттеу әдістері: педагогикалық бақылау, сауалнама, тест, әдебиеттерді теориялық талдау.
I.ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Оқушылардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру халық педагогикасы пайдаланудың ғылыми негіздері.
Халықтық педагогика арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге байланысты біршама теориялық практикалық тәжірибе жинақтау қажет. Ол үшін бастауыш сынып мұғалімдері тәрбиенің басты ұстанымдарын – жалпы адамзаттың құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастыруы тиіс. Міне, осы ұстанымдардың жүзеге асуы. Осы тұрғыдан келгенде біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын “Ана тілі сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілерін пайдалану жолдары”- деп анықтап алдық.
Өркениетті қоғам мен құқылы мемлекеттің қалыптасуы өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін керек ететіні белгілі.
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында он өзгерістер байқалады. Мұнда іс – әрекет пен қарым – қатынас сияқты негізгі күштердің өзара ұтымды байланысы арқылы саналы адамгершілік көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік беріліп отыр.
Педагогика тарихында бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу қоғамының әр түрлі кезеңдерінде де зерттеу нысаны болды. А.Я.Коменский балалар мен жастар мінезінде өзін – өзі билеу, кішіпейілдік, сыпайылық, ізгілік сапаларды тәрбиелеуді талап етті. Ол мектеп тәртібі жөнінде жан – жақты жаңа пікірлер айтты. Оның еңбегінің маңыздылығы сонда, ол – орта ғасырлық мектептің жазалау тәртібіне қарсы болды, сонымен бірге, мұғалім оқушыларының тиісті мектеп тәртібін талап ете білуі керек деген тұжырым айтты[4,5].
Абай адамгершілік, әдептік
нормалары жайында көптеген пікірлер
қалдырды.Оның бірінші қоятын талабы -
мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы
мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл
болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң,
өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты
жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз
қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары
санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз
көрсе ғана, адам парасатты болады . Абайдың
қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам
дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық,
мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық
беріктігі, қайраты бар болсын" дейді.
Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік
міндеті - дүниені белсене құрушы адамның
бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән
береді (төртінші қара сөзі) .
Қазақ халқы - мөдени бай мұрасы, өзіне
біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек
ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс-тәсілдері
бар халық. Қазақ топырағында туып, білім
алған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған
ұлы тұлғалар: Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп
Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов,
С.Торайғыров, М.Сералин, М.Әуезов, С.Мұқанов,
С.Көбеев, Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, тағы
басқа ойшыл ғалымдар мен ақындар ғылымның
әр саласы мен әдебиеттің, мәдениеттің
дамуына игі ықпал жасады.[6].
И.Г.Гербардтың дәлелдеуінше адамгершілік тәрбиесінің мақсаты – мінез – құлықты қалыптастыру. Бұл тәрбие, баланың әр саналы қызығушылықтар мен адамгершілік елестетулеріне негізделіп оқу арқылы жүргізіледі. Ал, А.И.Кочетев зерттеулері негізінен педагогикалық жағдайды педагогикалық процестің бастапқы элементі өсімдік «клеткасы» деп түсіндірді. И.Г.Пестолиции еңбек адамгершілік үйретеді, балалардың бір бірімен өзара және олардың ересектермен дұрыс қарым – қатынаста болуын қалыптастырады деп санады. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.[7].
Соңғы жылдары ұлттық негізінде білім мен тәрбие беру міндетіне сай республикамызда жаңа тұжырымдамалар мен бағдарламалар қабылданды. Онда ұлттық әдет – ғұрып, салт – дәстүр, яғни, халықтың рухани игілігін пайдалану басты нзарда болуы көзделіп отыр. Халықтық педагогика жас ұрпақтың қазақтың рухани, материалдық мәдениетін толық меңгерген, тарихын, әдер – ғұрпы, салт – сана, дәстүр, тәлім – тәрбие, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіріп, елін, жерін, ұлтын сүйетін азамат болып өсуін қамтамасыз етуі тиіс.
Халықтық педагогика – тәрбиенің басты және қайнар бұлағы, ол тәрбие жөніндегі халықтың білімі мн тәжірибесі. Бұл салада қазақ халқының тәлім – тәрбие мұрасына ерекше мән беріп зерттелген: А.Янушкиевич, В.В.Радлов, Г.Потанин, В.Затаевич, А.А.Деваев есімдерін атауға болады. Соңғы жылдары арнайы халықтық педагогиканы зерттеушілер қатары Г.Н.Волков, Е.Н.Ханбиков, А.З.Измаилов, С.Сафаров т.б толығуды.[8]
Салт-дәстүр;
-Қазақ халқының және
басқа туысқан халықтардың
-Арнайы этнографиялық
топтар құру, жорықтарға шығып
жергілікті жердің,ауылың
-Мектептегі тарихи-
Қазақстап Республикасы бойынша
халықтық педагогиканың жалпы педагогика,
психология, философия ғылымдарындағы
алатын орнын, оның тарихы даму жолын,
ғылыми тұрғыдан мәні, мақсатын, мазмұнын
ашуда елеулі үлес қосқан ғалымдар: Х.Қ.Жарықбаев,
С.Қалиев, Қ.Сисенбаев, Х.Арғынбаев, С.Ұзақбаева,
А.Мұханбаева. т.б еңбектерін атап өтуге
болады.[10].
Сенім – әрбір іс – әрекеттің, мінез
– құлықта адамның бағыт бағдарын, прициптілігін
айқындайды. Сондықтан адамгершілік тәрбиесінде
адамгершілік ереже нормалары туралы
түсінік ұғымдардың негізіндегі адамгершілік
сенімнің орны ерекше.
Жеке адамның адамгершілік сенім дәрежесі оның мінез – құлқы мен іс – әрекетін анықтайды. Алайда бұл процесс әрдайым тұра бермейді. Сондықтан, тұрақты сенімді қалыптастыру қазіргі мектептің аса маңызды міндеті.
Ал, біздің зерттеу еңбегіміздегі қаралып отырған адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – оқушылардың бойында мінез – құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір – біріне, отбасына, басқа адамдарға мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиешілердің арнаулы мақсат көздеген қызметі болып табылады.
Адамгершілік тәрбиесі жан – жақты тәрбиенің аса маңызды бөлігі болуымен қатар, ол адамгершілік – қоғамдық дамудың жемісі, әрі қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамып жетіліп отыратын маңызды құбылыс.
Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: оқушыларға адамгершілік тәрбие беру. Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін, адамгершілік құнды негізден ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.
Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті – өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат мүддесіне сай адамгершілік қасиеттердің тұтастығын тәрбиелеу.
Ал, адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын шешетін көрсеткіш – салауатты өмір салтын орнықтыру.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі – қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық достық пен қастың адамгершілік қасиетінің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра суреттеген.
Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу – жоғарыда айтылған мінез- құлықтың дағдыларын ережелеріне үйретеді. Адамгершілікке үйретудің негізгі жолы - оқу процесі мен оқушылардың күнделікті өмірін, іс-әрекетін тиімді тәрбие шараларын ұйымдастыру. Оқушылардың адамгершілік туралы түсінігі мол болғанымен тәжірибеде іс-әрекеті, тәртібі біліміне сәйкес келмейтін жағдайлар кездеседі. Олар жақсы, жаман әдеттерді білгенімен, оны өз өміріне сәйкестендіре, тәртібінде іске асыра алмайды. Өйткені, ережені есте сақтау оңай да, оны іске асыру қиын.
Сондықтан адамгершілік жайында түсінік білім берумен қатар дұрыс тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруды көздейді. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына үлкенді сыйлау, беделін мойындау, еңбек адамдарын құрметтеу, қамқорлық жасау, адалдыққа, шыншылдыққа, қарапайымдылыққа, мақсаттылыққа, шешімділікке, табандылыққа, белсенділікке, батылдыққа, ұстамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу де жатады.
Адамгершілік тәрбиесі күрделі де қайшылыққа толы процесс. Сондықтан, адамгершілікке баулу дегеніміз- ол адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым – қатынасын ақылға салып, ар – ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын таңдап ала білуі[11] .
Жазушы әрі педагог Л.Толстой «Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу түгелдей игі өнеге саяды. Өзіңіз жақсылап өмір сүріңіз тым құрыса жақсылап өмір сүруге талаптаныңыз, өмірді неғұрлым жақсырақ өткізсең, соғұрлым балаларыңызды жақсы тәрбиелейсіз» - дейді. Қазақ халқы да педагогикалық қағиданы парасатты мақал - мәтелдер арқылы шебер бейнелеп тұжырымдаған. оған мынадай сөздер дәлел: "Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» немесе «Өнеге күші өлшеусіз», бұған қоса «Жақсы атты тай жағалайды» я болмаса «жақсы бала қонаққа үйір». Адамзат тарихы дәлелдегендей «Адамның күні адаммен», «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар», «жақсыдан да ауысады, жаманнан да ауысады.» Халық даналығы бойынша балаларға игі жақсылықты көп көрсетіп, соған бой ұсындыру керек. Адамгершілік үлгісін өрнектейтін мына бір мақал ата аналар үшін аса құнды:»Ұлың өссе, ұлы үлгілімен ауылдас бол».
Қазақ халқы «Өнегенің өресі кең» дейді. Сондықтан да ізгіліктің қолдаушысы неғұрлым көп болуы тиіс. Мақалдың тәрбиелік түйіні рухани құлшынысқа шақырады. Жан жігерінің жалын атып, жарқырай көрінуін тілейді. Адам өз ортасына қарап өседі. «Ағаштан ағаш рең алады, адам тәлім алады». Өмірден талайды түйгендердің пікірлері тәрбиенің кез – келген саласымен сәйкес келіп отырады.
Ертегілерге үлкен мән беріп зерттеген Максим Горький “Ертегі деген нәрсе маған басқа бір өмірдің сәулесін ашқандай, сондай жақсы өмірді ойлаған, сол үшін қорықпай, еркін күресетін бір күш барлығын көрсеткендей болды”,- дейді. Бірақ, М. Горький әрі қарай бір күштің не екенін түсіндірмейді. Біздің түсінігімізше, бала ертегіні тыңдай отырып, өмірді түрлендіре алатын күш адаммен ғана байланысты, адамның өзінде екенін сезе алады. Адам ғана құдіретті күштің иесі. Сонымен қатар қазақ ертегілерінің адамды тәрбиелеуге қатысты ерекшеліктерін, соның ішінде, өмір мұратын, оған жетудің жолдарын көрсететін жақтарын алып қарастырайық.
Ертегінің құрылымын, негізгі мазмұнының бағытын қарайтын болсақ, оның басты мақсатының өзі өмір мұратына жетудің жолдарын, ол үшін қажет адамдық сапаларды көрсету екені айқын көруге болады. Ең алдымен өмір мұратына жетуге қазақтың даналықта бірінші кезекте келетін, ең басты сапа ақылдылық. [12].
Мақал – мәтелдерде ұстаздық етуші үлкендердің қызметіне зор орын берілген. Жетесізден жетекші шықпасын халық жақсы біледі. Ұстаз өз шәкіртінен, әлде қайда биік тұруы шарт. Оқудың, білім өсірудің пайдасын қазақ халқы жете бағалаған. Қазақ халқы «Тоқытпасаң оқытпа» деп тура айтқан. Оқытушының ең бірінші қабілеті – ұғындыра білу, терең білім беру дей келе мектептегі шәкірттерге «Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт» деген.
Қазақ мақал – мәтелдерінің суреттеме құралдыры көбінесе ата кәсібіміз мал шаруашылығы төңірегінен көп алынған. «Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын» дейді.
К.Ушинский «Жеке адам қаншалықты дарынды да дана, жетілген болса да, ол әрқашан да халықтан төмен тұрмақ» - дейді. Қазақ халқы да, орыс ғалымы да бір ойдың үстінен шыққан, тек екі түрлі білдірген. «Көп білсең де, көптен артық білмейсің» деп байыпталған. Демек мақал – мәтелдер арқылы адамгершілік тұрғыда жас жеткеншек ұрпақты білімнен гөрі біліктілікті бағалауға тәрбиелейік.
Адамгершілікке үндеу қазақ мақал – мәтелдерінен айтсақ, халық педагогикасының кең арнаулы саласы. Олар адамгершілікке тәрбиелеудің алғашқы әліппесі , өмір табалдырығын аттаған бастауыш мектеп оқушыларына зор тәлім. Сондай – ақ, нәрестенің шыр етіп дүниеге келу сәтінен басталып, ақырғы деміне дейін кезектесіп келе беретін процесс.
Халық мақалдары ұлт психологиясының айнасы. Халықтың тарихи мінез – құлқының рухани жақтаушысы, мінез – құлықтың игі дәстүрлерін сақтаушы және дамытушы.
Ұстаз өз шәкіртінен көш бойы озық, алда болуы шарт. Міне, сондықтан да қазақта «Шәкірт болмаған – ұстаз болмас» - дейді. Осы пікірді рим философы Б.Аниций (480-524 ж.ж) «Кто в учениках не бывал, тот учителем не будет» деп білдірген.
Оқудың, білімінің түпкі пайдасын халық бағалаған: «Оқу – шала естіні бүтін, бүтін естіні – данышпан қылады», «Ынталыға оқу жолы – әрдайым ашық». Яғни, халық мақалының мазмұны ақыл – ой тәрбиесін насихаттайды.
«Талантты өсіретін – талап», «Білім қымбат, білу қиын», «Білегі бар бірді жығады, білімі бар мыңды жығады», «Білім инемен құдық қазғандай» - деп мұғалімге де, оқушыға да алдын – ала ескертіледі. Оқыту мен тәрбие беру халық мақалында бірлікте қарастырылады. Бұл көріп отырғанымыздай, ғылыми педагогикадағы бір тұтас педагогикалық процесті танытады. Сан ғасырлардын қалыптасып келе жатқан мақал мәтелдер бүгінгі ғылыми педагогикамен, өзектес сабақтас. Мәселен, оның мазмұнынан дене тәрбиесінен, эстетикалық тәрбие, экономикалық тәрбие, экологиялық тәрбиеге қатысты ғибрат табымыз: «Жығуға дәмесі жоқ күреске түспейді», «Көз жұмбақ дария кешкен жоқ», «Тасылмайтын жүйрік, шошынбайтын жүрек болмайды», «Көрмеген жерінің ой – шұқыры көп», т.б.
Мақал – мәтелдердің адамгершілік қасиеттерге үйрететін тұтастары халықтың психологиясына, тәрбиесіне етене жақын. Мысалы: үлкендерді сыйлау, «Өзіне дейінгіні сыйламасаң, өзіңнен кейінгі сені сыйламайды», «Кәріге – құрмет, балаға – міндет», «Асырайтын жас болса, өлетін кәрі жоқ», «Егде – ізет, жасқа – жол»; адамдармен жайлы қарым – қатынаста болу туралы «Жақсыға жақсы әуес», «Адам жайын ауылдасы білмейді, істесі біледі», «Ақ көңіл адамға біреудің сырқауы батады», «Қонақтың алтынын алма, алғысын ал», «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат», «Тоқ адамнан сырқат көп қалады», «Ықылас пен ынтымақ, бітер іске болсын тап», «Шешеннің тілі шебердің ортақ қолы», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Тәрбие басы тәртіп, береке басы бірлік», «Аласа тау басында да аласа, алпамса апан да алпамса», «Би екеу болса, дау төртеу», «Саусақ бірікпей ине де ілінбейді» т.б.[13].
Халық даналығы ата – анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық – психологиялық, медециналық – гигиеналық, өнер – сайыскерлік ой – пікірлерін де шоғырландырып, осы мақал – мәтелдерге бүкіл халықтың әлемдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды.
Сонымен, ғылыми зерттеу еңбектеріне, ұлттық рухани мұраға жүргізілген жан – жақты талдау нәтижесі жас ұрпаққа адамгершілік тәрбие берудің педагогика тарихында түрлі кезеңдерде зерттеу нысаны болып, әр қырынан негізделген күрделі тәрбие мазмұнын құрайтын проблема екендігін көрсетеді.
1.2.Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі қалыптастыру халық педагогикасы пайдаланудың мәні.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірін демократияландыру мен ізгілендіру бағытында болып жатқан түбегейлі жаңаруларға байланысты білім мен тәрбие беру жүйесінде де мол өзгерістер туындап отыр. «2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» ұсынылып, «Мәдени мұра» бағдарламасы талқыланып жатқан тұста, жоғары мектептің тұтас педагогикалық порцесіндегі тәрбиеге жаңа көзқараспен қарау қажеттілігі туындады.
Сондықтан да, XXI ғасырдың басында жаһандану мен ұлттық тенденциялардың бірлігі мен күресі, үйлесімі мен текетіресі елдің, ұлттың, жеке адамның адамгершілік қасиет сапаларын, ар-намысын жаңа қырынан саралауды талап етіп отыр. Себебі жаңа ғасырдың басында адамның қоршаған ортамен өзара қатынасы шиелене түсуде. Бұл біріншіден, барша сананың ғаламдануы, ал екіншіден, рухани азғындаудың бас көтеріп, үдеу үрдісімен түсіндіріледі. Бүгінгі таңда республикамызда күннен-күнге нашақорлық, маскүнемдік, жұмыссыздық пен тастанды балалар санының көбеюі, Қазақстан сәбилерінің жер жүзіне таралып қолды болуы сияқты қоғамымыздағы келеңсіз көріністер жалпы тәрбие процесінің күрделеніле түскендігін байқатады.
Қазір тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды. Әрине, бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген емес. Бірақ, бүгінгідей қоғамның аласапыран шағында әр адамды адамгершілік тәрбиеге баулу өте-мөте маңызды мәселе. Осырған орай мектеп оқшыларына адамгершілік тәрбие беру мақсатында алғаш жаңа мазмұнға ие. (АТАМЕКЕН) тәрбие бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарламада «Салт», «Асыл мұра», (Бабалар өсиеті», «Қыз бен жігіт», «Заманай», «Достық», «Ата-ана», «Қайырымдылық», «Сөнбес жұлдыз» атты тәрбиелік мәніне орай топтастырылған бөлімдер бар. Осы бағыттардың қай-қайсысы болмасын жас ұрпақ бойында асыл да, ізгі адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына үлкен септігін тигізері даусыз. Біздің қоғамда игілікті шараларды қабылдау мен енгізу бар да, оның жүзеге асуын талап ету, қадағалау жағы ақсап жатады.
Егер біз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, көп болып жұмыла осы бағдарламаның өз дәрежесінде іске асырсақ тамшыдай үлесімізді қосар болсақ, ұлтымыздың жұлдызының жоғары болуына, еліміздің еңселі де іргелі, өркениетті ел қатарына сатылауына мол үлес қосқан болар едік.
Мұғалімнің кәсібіне жарамдылығы өз пәнін жақсы біліп, тығыз байланысты жан – тәнімен ұнатуынан, балалармен тығыз қарым-қатынас жасауынан және өз бетінше ізденіс жасап, шығармашылық еңбек етуінен көрінеді Болашақ ұстаздарға жоғары педагогикалық оқу орындарына түскеннен бастап аталған қасиеттерді қалыптастыруда “Оқушы, оның дамуы және тәрбиесі” пәні айрықша орын алады. Өмірдің талабына байланысты бұл пәннің басты мақсаты – студенттерге өздері қалаған мұғалімдік мамандықтың қыры мен сырын тануға, оқу тәрбие процесінің субъектісі, әрі объектісі болып саналатын оқушының дамуы, қалыптасуы, денсаулығы жайлы біліп, оқушыны білімге, іскерлікке, дағдыға үйрету. Сондай-ақ баланың дене, ақыл-ой жағынан дамығандығын, балалар өмірінде кездесетін келеңсіз құбылыстардың орын алу себебін түсінуге және баланың жас, дара, денсаулығын оқу-тәрбие жұмыстарында есепке алудың қажеттігін ұғындыруға көмектеседі.
“Оқушы оның дамуы және тәрбиесі” пәнінің методологиялық негізі философия ғылымдары.Ол дүние мен адамның тұтастығы немесе өмірдің мәні туралы адамның әлемдегі орны, оның парасаты мен биік қасиеті туралы ілім болғандықтан, зерттеу мәселесі мұғалімнің кәсіптік әрекеті, оқушының дамуы мен тәрбиесі, яғни жеке адамның іс-әрекетін қарастыратын пәнге арқау болады. Егер оқушының іс-қимылына талдау жасасаң, оның қоршаған дүниенің парасатсыз, қозғалыссыз, төменгі сатыда дамыған объектісі емес, керісінше, дүниенің терең тануға ұмтылыс жасайтын, үздіксіз жаңаруға бейім белсенді объектісі екенін аңғаруға болады.
Оқушының белсенді әрекеті өзін қоршаған ортаның заттарымен құбылыстарын қабылдап, санада бейнелеуіне байланысты. Ол ойын, оқу, еңбек іс-әрекеті арқылы сыртқы дүние шындығын санада бейнелейді. Әсіресе өздеріне лайықталып жасалған оқу пәндері арқылы дүниені кеңірек таниды.
“Оқушы, оның дамуы және тәрбиесі” пәні философияның диалектикалық әдістерін басшылыққа алып, оқушыны іс-әрекет кезінде зерттейді, оған сай дамуға, тәрбиелеуге ықпал ететін себептерді, оқу-тәрбие жұмыстарының мазмұнын, әдістері мен формаларын анықтайды.
“Оқушы, оның дамуы және тәрбиесі” пәні педагогика ғылымдары жүйесіне ене тұрып анатомия, физиология, психология, мектеп гигиенасы, дефектология және медицина ғылымдарымен тығыз байланысқан. Сөйте тұрып, бұл пән мынадай міндеттерді шешуді көздейді.
- Мұғалімнің негізгі міндеттері, оларға тән сапалық белгілерді белгілеп, педагогтік шеберлікке үйрету;
- Болашақ ұстаздарды баланың биологиялық, әлеуметтік ортаның және тәрбиенің әсерінен дамып қалыптасатындығы және баланы зерттеу әдістері жайлы білім беру;
- Мұғалімдерге баланы
ата-баба дәстүрі мен салтына
сәйкес тәрбиелеу мазмұнын
- Тәрбиелеу мен оқытудың физиологиялық, психологиялық, негіздерін ашу;
- Оқушы тәрбиенің объектісі
әрі субъектісі ретінде
- Баланың дамуында болатын
ауытқушылар мен кідірістерді
және келеңсіз құбылыстарды
Қазақ халқы-рухани зор байлықтың мұрагері. «Өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара-пар!», - деді орыс жазушысы, әрі педагог Л.Н.Толстой. Өткеннен нәр алмай, рухани азық алмай болашаққа қадам басу және ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай, жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Тәуелсіз ел болғандықтан, адамгершілік, ұлттық рухани мәдениетіміздің бүгінгі заман талабына сай жаңа бағдарламасын жасап, соны күнделікті өмір салтымызға ендіруіміз қажет. Сонда ғана біз өзінің дербес рухы мен мәдениеті жоғары, адамгершілікке бейім, санасы дамып жетілген өркениетті ел болып адамзаттың ұлы көшіне ілесіп, басқа халықтармен терезесі тең халық ретінде өмір сүре аламыз. Рухани-адамгершілік қадір-қасиеттер мен сапаларды оқушының бойына дарыту үшін ең алдымен, олардың саналығын көтеру; екіншіден, адамгершілік тұрғыдан сезімталдығын тәрбиелеп, дамыту; үшіншіден, оқушының бойына жағымды мінез-құлықтың дағдылары мен қылықтарын үнемі сіңдіріп отыру қажеттілігі талап етіледі. Ол үшін жасөспірімдердің өздері өскен аймақпен, қоғамдық ортамен тікелей байланысты оған тәуелді екендігін, өзінің жүріс тұрысы мен мінез-құлқын өмір сүріп отырған ортада қабылданған тәртіп ережелеріне сәйкес үйлестіре қалыптасу қажеттігін түсінуі, оларды халықаралық аренада - қолданып келе жатқан өзара сыйластық пен құрмет тұтынушылық сезімді тәрбиелеу мәселелері жүзеге асыруды басты бағыт-бағдар ретінде белгіленуі тиіс сияқты. Қазақ мектептеріндегі адамгершілік тәрбиесі айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырғаны белгілі. Өйткені кешегі күні өткен тоталитарлық жүйе ұсынған белгілі бір ұлтқа немесе жалпы адамзатқа тән құндылықтар деп бағаланып келген рухани-адамгершілік тұғырлар ауыстырылып, заман талабына байланысты жаңартылуда. Мысалы, нарықтық өтпелі кезеңдегі басты құндылықтарға жекеменшік, нарық, пайда, ғаламдану, қулық, бәсекелестік, т.с.с жатқызылып жүр. Дей тұрғанмен, жалпы адамзат дамуына аса қажет еңбектену, салауатты өмір сүру, бостандық, сөз бостандығы, дін еркінділігі, өркениеттілікке ұмтылу, ұлтаралық қатынас мәдиенетін қалыптастыру, үлкенді сыйлау, кішіні құрметтеу, ар-ұят, төзімділік, жауаптылық, тиянақтылық, т.с.с. жан тазалығын сақтау қоғамдық құндылықтары өз мәні мен маңызын жоймағаны анық. Біздің ойымызша жасөспірімдер бойындағы шынайы рухани адамгершілік тәрбиесі оны қоршаған ортада, отбасында, мектепте, жұртшылық қауыммен қарым-қатынаста, жолдастар арасында, көшеде, еңбекте көрініп нәтиже береді. Рухани-адамгершілік тәрбие жасөспірімнің шынайы тәрбиесінің нығаюына игілікті әсер ететін, оның тұлғалық дамуына өзек болатын, еркіндігін жасампаздықпен, шығармашылықпен паш етуге мүмкіндіктер ашатын түрткі деуге болады.
Қазақ ұлтының болашақ ұрпағының санасына туған халқына деген сүйіспеншілік, ұлтының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, дінін, тарихын
сезіне білетін жылы жүрек, тоқтамды ақыл мен имандылық өте қажет. Бұл айтылып отырған құндылықтар тек кана дені сау жаны мен тәні таза, адал иманды, салауатты тұлға бойынан табылатын қасиеттер. Сондықтан, қазақ ұлтының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, салауатты өмір салтын қалыптастыруда, көздеген мақсатқа жету жолындағы тіршілік әрекеттеріне тоқталып көрелік.
А.Байтұрсынов «Тәні саудың – жаны сау» екенін айта отырып, «Ең әуелі бәрінен бұрын тазалықтың қадірін біл. Тән саулығының тамыры тазалықта, жан саулығының тамыры тән саулықта» – деп денсаулықты сақтаудың маңызды жолын меңзейді. Себебі, денсаулықтың кепілі – тән мен ардың тазалығы. Ол саулықтың іргетасын қалайды.
Ал белгілі педагог М.Жұмабаевтың пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен құлық тәрбиесі. Автор олардың бір-бірімен байланыстылығын былай түсіндіреді: «Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды жұмыстарға жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам – адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын» – деп ескерткен болатын.[16]
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы байланысты арналған ғылыми зерттеу еңбектерді зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының мәдени-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенгенін байқадық.
Мәселен, С. Төрениязова “Бастауыш мектеп оқушыларының сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негіздері” атты ғылыми – зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда білім мен тәрбие негізгі орын алатынын атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды.
Психикалық дамуға – оқушының мінез-құлқының, ерік-жігерінің қабілеттігінің дамуы;
Дененің дамуға – дене бітімінің өз жасына сай болуы,
Рухани дамуға – оқушының ішкі жан дүниесінің сырттан әсер ететін күшпен өзара бірлігі;
Жалпы дамуға – оқушының жан-жақты үйлесімді дамуы; деп қорытындылай келе, сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларын дамытудық ғылыми теориялық негізін айқындай отырып, бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстардыңь тиімділігін арттыруға, үйірме жұмыстарымен мектептегі қоғамдық ұйымдардың құрылымын айқындай отырып, тәжірибелік - эксперименттік жұмыстардың тиімділігін нақтылайды.

- Оқушылардың білімін бағалау
- Оқушылардың бойында эстетикалық сезімдерді қалыптастыру
- Оқушылардың жазба жұмыстары арқылы шығармашылық қабілетін дамыту
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты географиядан сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері
- Оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық негіздері
- Оқушылардың психологиялық ерекшеліктері мен қарым-қатынасы
- Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері
- Оқиғалы рөлді ойынды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері
- ОҚО бойынша телефондық анықтама жүйесін құрастыру және жобалау
- Оқу үрдісі
- Оқушы қызығушылығын арттыруда педагогикалық технологиялардың алатын орны
- Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру
- Оқушыларға патриоттық тәрбие беру
- Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру