Оқушылардың бойында эстетикалық сезімдерді қалыптастыру

 

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

 

университеті

         «» кафедрасы  

 

 

 

 

     Курстық жұмыс

 

Оқушылардың бойында эстетикалық сезімдерді қалыптастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:

                   Тексерген:

                                                    

                                                  

 

 

 

                                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

 

 

Кіріспе......................................................................................................................3

 

Ι тарау. Бастауыш  сынып  оқушыларын  эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері          

    1. Бастауыш  сыныптағы  эстетикалық тәрбиенің мәні мен мазмұны.........5
    2. Бастауыш сыныптағы эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және ұлттық ерекшеліктері..................................................................................10

 

II тарау. Бастауыш мектеп оқушыларына  эстетикалық тәрбие беру

2.1. Бастауыш мектеп оқушыларына  эстетикалық тәрбиесінің деңгейін  анықтау...................................................................................................................13

2.2 Бастауыш сынып оқушыларына  эстетикалық тәрбие берудің   негізгі жолдары..................................................................................................................16

 

 Қорытынды..........................................................................................................21

 Әдебиеттер  тізімі.................................................................................................23

Қосымша...............................................................................................................24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстанның ХХΙ ғасырдағы  басты даму жолын берген елбасының «Қазақстан-2030» стратегиясының жоспарында халықтарының рухани жаңаруына ерекше маңыз берілген. Сондықтан жан–жақты жетілген, дүниесі бай, өздігінен денсаулығын нығайтуға, эстетикалық тәрбиесін дамытуға ынтызар, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін игерген және оны бағалай,талдай алатын, өзге халықтың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өмірінің әрқилы кезеңдерінде дербес еңбек етуге даяр ұрпақты тәрбиелеу ең басты өзекті мәселе. Ол біріншіден білім мазмұны арқылы іске асады, екіншіден тәлім тәрбие мазмұны арқылы бойға сіңеді. [13;10]

Педагогика мен психология ғылымындағы өрістеп келе жатқан негізгі бағыттарды, жаңа ықпалдар мен тұжырымдарды негіздей отырып, бастауыш сынып оқушыларды эстетикалық тәрбиелеуге байланысты өзіндік сана- сезімдер мен өзіндік бағалауларының рөлін зерттеу әрқашан да маңызын жоймайтын сұрақтардың бірі.

Осы стратегия негізінде  мен бастауыш сынып оқушыларына  эстетикалық тәрбие беру тақырыбында зерттеу жүргіздім.

Әдебиетші, академик Мұхамеджан Қартаев «әдемілікке қызықпайтын, сүйсінбейтін адам жоқ. Әдемілікті ұнататын табиғи сезім туа пайда болғанмен, жүре дамиды» деген екен. Ендеше, көркемдік, сымбаттылық, эсетикалық талғамды оқушы бойына дарыта отырып, оны жетілдіру бүгінгі күн талабы.

          Зерттеу тақырыбымның өзектілігі  бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиелеу процесіндегі даму  мәселерінің жүйелілік сипатымен негізделеді.

Педагогикада тұлғаның эстетикалық тәрбиелеу еркшеліктері жайлы, оның мазмұны, құрлымы толық зерттеуді жүйелеуді қажет етеді.Осыған байланысты, менің зерттеуімнің негізгі мәселелері туындайды. Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиелеу ерекшеліктері және оның жолдары деген сұрақтарға жауап беру арқылы эстетикалық тәрбиелеуді теориялық тұрғыдан негіздей отырып, бұл мәселені берілген зерттеу тақырыбымның өзектілігі анықталады.

Зерттеудің  мақсаты  бастауыш сынып оқушыларын эстетикалық тәрбиелеу жолдарын анықтау және кейбір жолдарын бастауыш сынып мұғалімдеріне ұсыну болып табылады.

Зерттеу мақсатына орай   төмендегідей зерттеу міндеттері

қойылады:

- бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық тәрбиелеу бағыттары мен ерекшеліктерін зерттеу;

- бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық тәрбиелеу маңыздылығын анықтау;

- бастауыш мектеп оқушыларының эстетикалық тәрбиелеу жолдарын анықтау;

Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру және эстетикалық тәрбие беру жолдары.                     

Зерттеу нысандары: Тұлғаның даму құрылымындағы бастауыш сынып оқушылары.

Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын дұрыс қалыптастыра білсек, онда  оқушылардың эстетикалық тәрбиесі де жақсы қалыптасады деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ι тарау. Бастауыш  сынып оқушыларын эстетикалық тәрбиелеудің теориялық негіздері          

 

1.1 Бастауыш  сыныптағы  эстетикалық тәрбиенің мәні мен мазмұны

 

Бастауыш сынып жасы (6-12 жас аралығы) – бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау, білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі.Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны табысты орындау баланың өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды, яғни, ол мынадай бейімділіктер: адамның беделіне зор сенімділікпен қарауы, кездесетін барлық  жағдайды тез қабылдап, оған тез әсершілдігі, баланың қарым – қатынасы. Бастауыш сынып жасындағы балалардың бойындағы осы аталған бейімділіктердің әрқайсысы тек жақсы жақтарымен ғана көрініс табады, ал осы жастағы балаларға тән қайталанбас ерекшеліктер болып табылады.

Бастауыш сынып жасындағы  балалардың салмағы бір жылда 2- 2,7 кг өседі. Алты жастан он екі жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 кг-нан 30 кг-ға дейін жетеді. Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни, ол бес жаста үлкен адам миының тоқсан пайызындай болады, он  жаста  тоқсан бес пайызына тең болады.

Нерв жүйесінің жетілуі  де одан әрі жалғасады.Нерв клеткалары арасында жаңа байланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. Жеті-сегіз жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым – қатынастарының арта түсуін қамтамасыз етеді/14;158/.

        Баланың білім алуындағы іс-әрекеті де, бұған дейінгі барлық іс - әрекеттер (манипуляциялық, пәндік, ойын арқылы) сияқты, оған ену тәжірибесі арқылы бірте-бірте дамиды. Білім алу іс- әрекеті  оқушы баланың өзіне бағытталған іс-әрекетінен тұрады.

Жазу, есептеу, оқу және т.б.үйрену арқылы бала өзін-өзі  өзгертуге қарай бағыттай алады, яғни іс- әрекеттік және ақыл- ой қажетті әдістерді меңгереді.

Білу іс-әрекетіндегі балалардың маңызды әрекеті- бұл оның өз-өзіне деген рефлексиялы, жаңа жетістіктерін және болған өзгерістерді қадағалай алуы.

Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психикасы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-әрекеттіндегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсаттар және оның күш салуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. [5;128]

Бастауыш сынып оқушылары  белгілі деңгейде өзінің атқаратын  жұмысын өзі де жоспарлай алады.

Алайда, төменгі сыныпта жүрген кезде–ақ өзінің мінез- құлқын өзі үйлестіре алды десек те, оның назарының өз еркінен тыс басқа жаққа тез ауып кету жағдайлары көбірек болады.

Бастауыш сынып жасындағы  бала әртүрлі жағдайларды өз қиялында бейнелей алады. Ойын үстіндегі бір затты екінші затпен алмастырып көру арқылы баланың қиялы іс-әрекеттің басқа түрлеріне ауысады.

Бастауыш сыныптағы бала үлкендердің сөзін бірте–бірте толық және дәл қабылдау, өз бетінше оқып, радио тыңдау дәрежесіне жететін болады. Ол сөз әлеміне қиындықсыз араласып, оның мазмұнын бағалай алады.

Бұл жастағы балаға мектепке барғысы келмеу әдеті пайда болады, оған үрей қосылады.

Бастауыш сынып оқушыларының ішіндегі ер балалардың 5-8 пайызында, қыз балалардың  бір пайызында ерекше белсенділігі байқалады, бірақ бұл әзірге психикалық ауытқу емес. Алайда, бұл жағдайда баланың эмоциялық, ақыл-ой, интелектуалдық дамуының кешеуілдеуімен қатар жүреді.

Бастауыш сынып жасындағы  балалардың кейбір ерекшеліктері жылдар сайын жойылып отырады, кейбір ерекшеліктердің  маңызы өзгереді.

Бұл жастағы балалар  үшін еңбектің тәрбиелік мәні зор. Балаларды  бірте-бірте еңбекке баулу, үйелмен, ұжым қоғамға пайдалы еңбектің жеті-он екі жастағы балалар ұзақ уақыттық дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қаблетсіз болады.

Бастауыш сыныптағы  балалармен тәрбие жұмысын дұрыс  ұйымдастыру үшін олардың мынадай  ерекшеліктерін еске алған жөн: сөз бен істің сәйкестігінің болуын талап етеді, кіналаудан жеркену сезімі туады, үлкен адамдардың жіберген қателіктерін тез байқайды, арманшыл, қиялшыл болады, ұйымшыл келеді, сенімді серік іздейді, күшін асыра бағалайды, түрлі спорт ойындарында өте ықыласты болады.т.б

Бұл ерекшеліктерді оқу, тәрбие жұмыстары барысында сынып  жетекшілері, мұғалімдер айрықша бақылайды, зерттейді, тиімді етіп іске асырудың әдістері мен тәсілдерін қарастырып, ата-аналарға дер кезінде көмек көрсетеді.

Бастауыш мектеп жасындағы балаға әр жақты тәрбие беру және оқытудың ықпалымен баланың, бірінші кезекте өнердің жеке түрлеріне–сурет салуға, музыкаға, биге деген талабы мен қаблеттілігі ояна бастайды.

Эстетикалық тәрбие – дегеніміз баланың бойында өз өмірін сұлулық заңдарына сай құра алу қажеттіліктері мен дағдыларын қалыптастыру және еңбекте, қоғамның іс-әрекетте адамдармен қарым-қатынас жасауда сұлулық идеяларын негіздеу.

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты- баланың шығармашылық қабілеттерін әлемді сұлулық заңдары арқылы тануға қызығушылықтары мен талпыныстарын дамыту.

Эстетикалық тәрбиенің  міндеттері:

      • эстетикалық білімді қалыптастыру;
      • эстетикалық мәденитетке тәрбиелеу;
      • ата – бабадан қалған асыл мәдени мұраны игеру;
      • шынайы қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты орнату;
      • эстетикалық сезімдерді қалыптастыру;
      • адамдарды өмірден, табиғатты еңбектен әсемдікке баулу;
      • өз өмірін және іс - әрекетін сұлулық заңдылықтарына сай құру қажеттілігін дамыту;

Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру процесінде оқушылар бойында  өнердегі, өмірдегі, табиғаттағы, тұрмыстағы, еңбектегі, мінез-құлық және іс-әрекеттегі әсемдік пен әдемілікке деген әсерлі сезімталдығы дамиды. Осыған орай А.П.Чеховтың    « Адам бойында бәрі де әдемі болуы керек: денесі де, киімі де, ажары да » деген сөздерін есте сақтау абзал. Әлемді эстетика тұрғысынан танудың субьективті қыры ретінде эстетикалық сезімдер, әсемдікке деген көзқарас, бағалау, ой – толғаныстары, идеялар, яғни адамның эстетикалық саналылығы қарастырылады.

Әр баланың өз қолымен әсемдікті тудыруға қатысуы  бейнелеу өнері, ән-күй, хореография сабақтары, шығармашылық бірлестіктер мен студияларда жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады.

Жоғарыда аталған тәрбиенің  барлық бағыттары тұтас педагогикалық  процесте орын алып, өзара тығыз  байланыста болады.

Тәрбиенің әрбір түрі басқа түрлермен қатар жүргізіліп, бірін-бірі толықтырады, педагогикалық процесс барысында өзара тәуелді болады.

Мысалы: ақыл–ой мен  дене шынықтыру және эстетикалық тәрбиелеудің байланысы денсаулық пен оқытудың өзара тәуелді ұғымдар екенін көрсетеді.

Өйткені оқушылардың  денсаулығы неғұрлым мықты болса, соғұлым  оның оқуы мен дамуы тиімді  әрі  сапалы болады.

Жеке тұлғаның тұтас  қалыптасуында тәрбиенің бағытталу  барысы жеке  процестердің қосындысы  ретінде емес, бірлескен өзара  байланыстарын, тұтас процесс ретінде қарастырады, себебі балаларға үйлесімділікті тек қана үйлесімді әсер етумен  қалыптастыруға  болады.

Ғылыми еңбектерге  сүйенетін болсақ, эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулықпен әсемдікті дұрыс қабылдау, эстетикалық  түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өнер мен өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қаблетін, қажетсінуді қалыптастырудан тәрбиенің ең басты  салаларының бірі екендігіне көз жеткіземіз.

Эстетикалық тәбиенің негізгі құралдары - әдебиет және өнер.Олар зор тәрбиелік рөл атқарады.

Мектеп оқушыларының эстетикалық түсініктері, олардың  еңбекке әсемдік тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс-әрекетімен байланысты екенін көрсетеді.

Сонымен ,эстетикалық  тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі  ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді.

Ғылыми еңбектерге сүйенетін  болсақ, эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті  дұрыс қабылдау, эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өнер мен өмірде сұлулықты жасау, оған қатысу қаблетін, қажетсінуді қалыптастыратын тәрбиенің ең басты салаларының бірі екендігіне көз жеткіземіз.

Мектептегі оқу жұмыстарының бір саласы оқушыларға эстетикалық  тәрбие беруге бағытталады. Әйтсе де эстетикалық тәрбие беру жайында қазақ мектептерінде арналған әдебиеттің жоқтың қасы. Эстетикалық тәрбиенің алғашқы адымы жанұяда басталып, мектептегі оқу тәрбие жұмыстарында дамытылады. Оқушыларды айналадағы, тұрмыстағы, табиғаттағы және көркем шығармалар мен өнер туыдыларындағы әдемілікті дұрыс көрсетуге, қабылдауға, түйсінуге үйретудің маңызы зор.

Қазақ халқының тарихында  көркемдік туралы ұғым, ән-күй, музыка сол замандағы тарихи-эканомикалық, саяси -әлеуметтік жағдайға байланысты туып, қалыптасады. Қазақ қыздары  өзінің ықтиярынсыз сатылып, суймеген адамына бара жатқандағы мұң зарын әнге қосты. Сыртқы жаудың шапқыншылығынан « Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұламаға» ұшыраған ел қайғысы « Елім-ай» тәрізді ән әуенінде күңіреніп, біздің заманымызға дейін жетті.

Біз үшін эстетика деген ұғым- кең мазмұны бар ұғым.Біздің беретін  эстетикалық тәрбиеміз қазіргі оқу – тәрбие салаларымен  тығыз байланысты.Эстетикалық тәрбие ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру, еңбек, т.б. тәрбиенің салаларымен үндесіп жатады. Адам өмірінде табиғаттың тамаша байлықтарын, құбылысын, еңбекті, әдемілікті бақылау, байқау,түсіну, пайдалану үшін, жастар сауатты болу керек.Мысалы,күрделі өнер салаларын: саз өнерін, суретті, әдебиетті меңгеру, түсіну, оларды сүйіп, ләззаттану үшін де білімді, ақыл-ой дамыған болу қажет. [7;91]

Қазір өскелең ұрпақтың эстетикалық  оқу-тәрбие процесі жан –жақты дамуына  әсер етіп, ақыл-ойын, техникалық білімін, дүниеге материалистік көзқарасын, нанымын, шығармашылық қиялын, эмоциясын, қаблетін, көркемдікке деген бейімділігін дамытады.

Оқушылардың эстетикалық тәрбиесі оқу және сыныптан тыс тәрбие рпоцесінде де іске асырылады.

Эстетикалық білімнің негізгі –  оқу пәндері. Бастауыш сынып оқушылары  әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға, оқуға және айтуға үйренеді. Ал мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсер етеді.

Қазіргі таңдағы білім беру парадигмасы өзгеріп отырған кезеңде эстетикалық тәрбие арқылы балалардың тілін дамыту маңызды орын алады. Бұл мәселе пәнаралық байланыстың, соның ішінде балабақшада, мектепте жүргізілетін тіл дамыту сабақтарымен тығыз байланысты. Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу ауызекі сөйлеу түрі  және сауатты да көркем жаза іблу дағдыларын жетілдіруді қамтамасыз ететін  тәсілі болып табылады. Берілетін білім мазмұнын эстетикалық талғамға сай жетілдіру-тіл дамыту мәселелерінің жанды өзегі.

Тіл дамыту –оқыту, білім мен тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жас ұрпақты тіл өнеріне баулу, туған тілінің қыры мен сырын терең меңгерту, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білу іс-әрекеттері жүзеге асады. Тіл – бүкіл тіршіліктің алтын қазығы.

Тіл дамытудың маңызды бір бөлігі әдейі, сауатты жазу екеніне ерекше көңіл бөлінеді.Сөйлеу мәдениетіне баулумен қатар жазу мәдениті, сауаттылыққа баулу іс-әрекеттері-тіл дамытудың ажырамас бірлігі.Екеуі қосылып, өмірді, әлемді, дүниені танытады.

Тіл үйренудің заңдылығы танымдық қабілеттердің даму үрдісінде ішкі әлем арқылы жүзеге асырылады. Сезім арқылы қабылдау ақыл-ой, адамгершілік дамудың негізі.Сезінетін «материалда» бала өз бетімен өзі жаттығады, ол өзін-өзі тәрбиелеу серпінін тудырады, осыдан келіп сезіндіретін «материал» маңыздылығы туындайды.Эстетикалық тәрбиенің мынадай категориялары бар.

Эстетиаклық қажеттілік- эстетикалық бағалы заттарға баланың ұмтылуы, қажет етуі, ұмтылуы; эстетикалық бағалау- белгілі бір нысанның «әдемі-әдемі емес»,  «ұнайды-ұнамайды» түсініктерімен реттелетін эстетикалық бағалануын орындау тәсілі, эстетикалық сезім- баланың шындыққа тікелей қатынасы, уайымдауы, эстетикалық талғам-әр түрлі эстетикалық нысандардың дифференциалды қабылдап, баға беруі, жалған және шынайы сұлулықты ажырата білу қаблеті.                                   

Эстеиткалық тәрбие жан-жақты  тәрбиенің құрамдас бөлігі, сезімдік немесе сенсорлық қасиеттермен тығыз байланысты.

Эстетикалық қызуғышылық- адамның әдебиет, өнер, кино, музыка салаларына, қоршаған ортаға, табиғатқа көңіл аударуы, сезім арқылы бағалап, қанағаттанып, толғанысқа ұшырауы.(Қызығушылық латын тілінен аударғанда- « маңызды мәні бар» деген мағынаны білдіреді). ХVШ бастап «қызығушылық» ұғымы педагогика мен психология саласына еніп, ХVШ ғасырдың аяғы мен ХIХ ғасырдың басында бұл ұғым педагогика мен психология саласында оқыту, тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінде маңызды орын алады. ХIХ ғасырдың ғалымдары қызығушылықты психологиялық ерекше құбылыс ретінде қарап, зерттей бастайды. Белгілі психолог В.А.Крутецкий: «Қызығушылықты дамыту белгілі бір дәлел болған қызығушылықтан, болмыстағы белгісіз жағдайларға қызығу, оның заңдылықтарын, бір-бірімен қатынасы мен өзара байланысының себебін ашып білгісі келіп, оны әрі қарай жалғастырудан тұрады. Әсіресе, 6-10 жастағы балалар « Бұл не нәрсе?» деген сұрақтарды көбірек қояды», - деп бастауыш мектеп жасындағы оқушыларда танымдық қызығушылық туындайтынын тұжырымдады.

Адамның қызығуға деген  бейімділігі ерте жастан басталатындықтан, оны қызықтырған (болмыстағы, табиғаттағы, өмірдегі, әдебиеттегі) оқиғалар жауапсыз қалмай,  балалар фольклоры жанрлары көмегімен эстетикалық қанағаттану сезімін тудыру керек.

Оқушы өмірінде қызығушылықтың әр түрі( эстетикалық, көркемдік, музыкалық т.б.) бой көрініс табады. Өскелең ұрпақ үшін эстетиклық қызығушылықтың маңызы өте жоғары. Ол адамның әр нәрсеге әуестенуінен байқалады.

Эстетикалық қызығушылық мәселесі С.Т.Шатский, Л.И.Божович, А.Н.Леонтьев сияқты ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.Мәселен, Т.С.Шатскийэстетикалық қызығушылықтың психологиялық негізіне  белсенді іс-әрекетке деген қажеттілікті жатқызады. Бұл қажеттіліктен көзқарастар, ой-пікірлер, дағды және іс-әрекеттер мен әсемдікке қызығушылық туындайтынын атап көрсетеді.

Эстетикалық қызығушылық  мәселесі қазақ ойшылдары мен  философтарының да, ағартушы педагогтарының да назарынан тыс қалмаған.

Олар айналаны танып-білудегі эстетикалық қызығушылықтық роліне,әсіресе, балаларды тәрбиелеуде

Оладың  қызығушылығына үлкен мән берген. Мәселен, Әл-Фараби өзінің еңбектерінде: « ... рухани негізі түзу болса, оның тілегі, қалауы дұрыс болады. Оқу-үйрену арқылы эстетикалық қызығушылығы қалыптасады.

 

 

 

1.2 Бастауыш сыныптағы эстетикалық тәрбиенің негізгі бағыттары және ұлттық ерекшеліктері

 

Оқушылардың эстетикалық  тәрбиесі оқу және сыныптан тыс тәрбие процесінде іске асырылады.

Эстетикалық білімнің негізі-оқу  пәндері.Бастауыш сынып оқушылары  әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесіне табиғаттың, еңбектің  сұлулығын  және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді. Олар әдемі жазуға, мәнерлеп оқуға және айтуға үйренеді. Ал бұл  мәдениетті сөйлеуге, көркемдік танымын қалыптастыруға, қиялын дамытуға игі әсер етеді.

Ана тілі сабақтарында оқушылардың  тілін дамыта отырып, мұғалім суретке  қарап әңгіме құрауды, әсер алған  уақиғаларды айтып беруді, қиялында жаңа белгілерді жасауға уйренеді. Көркемдікті сезінуге талғамы пайда болып, олардың рухани күші дамиды.

Музыка сабақтары өте  әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортақ әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және  топтастыады. Сондықтан  саналы тәртіп пен мінез-құлықтық тәрбиені күшейту үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін үлкен мән берілген.

Музыка пәнінің бағдарламасы ән салу және жазылып алынған музыкалық шығармаларды тыңдау негізінде оқушылардың есту қабілетін дамытуды көздейді. Бастауыш мектеп мұғалімі музыка сабағын өзі жүргізетіндей даярлығы болу керек немесе музыка сабақтарына тікелей қатынасып, ол пәнді жүргізушімен тығыз байланыстыра отырып, басқа сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда музыканың адам өміріндегі алатын орны туралы әңгімелер өткізу керек /10;121/.

Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол.Кескіндеме,мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдары мен шамасына сай беру, сызықтық сурет салу сауатын меңгеру, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі.

Бейнелеу өнері шығармалы  әсемдік үшін күреске шақырады, адамдар  мұраттарына, күнделікті өмірдегі тәртібіне үлкен ықпал жасайды.

Бейнелеу әсемдікті  түсіну мен әсемдікті сезіну қалыптаса  бастайды.

Мұғалім басқа сабақтарда өз тапсырмаларын бейнелеу өнері  сабағындағы тапсырмамен үйлестіреді.

Көркем әдебиет және тарих пәндері оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады.Олар қоғамдық өмірдің, адамдар қатынасының, еңбектің эстетикасын тануға үміттенеді.Әсіресе ана тілі сабақтары оқушыларды әдемілікке баулиды,таным ынтасының, бейімділігінің, қабілітінің дамуына  ықпал жасайды.Кейбір оқушылар жас кезінен–ақ өлең, әңгіме жазуға  талаптанады.Оларды мұндай қасиеттернің дамуына мүмкіндік жасау керек. Бұл істе қабырға  газеттерінің  қолжазба, әдеби журналдарының, жергілікті және Республикалық жастар газетінің маңызы өте зор.

Табиғаттың ұлылығы, көркемдігі, сыры биология, география, химия,физика сабақтарында ашылады. Оқушылар табиғи құбылыстардың бай эстетикалық сымбаты жөнінде мәліметтер алды.Биология, география сабақтарында пейзаждық кескіндеме шығармалары оқушылардың эстетикалық дүние танымын байытады.

Сонымен, мектептегі оқу  пәндерінің оқушыларға эстетикалық  тәрбие берудегі ролі орасан зор десек, ол асыра бағалау болмас еді.

Мектепте эстетикалық  тәрбие оқушылардың сыныптан тыс  тәрбие жұмыстарының жүйесінде кеңінен  пайдаланылады.Эстетикалық тербиенің өмір елегінен өткен көптеген формалары бар. Шығармашылық үйірмелер-олар әдебиет, музыка, хореография, бейнелеу өнері т.б.

Балалардың шығармашылық жұмыстарының басты формаларының бірі-көрмелер, сайыстар.Көрмеде оқушылардың бейнелеу өнері, қабырға газеттері, қолжазба журналдары көрсетіледі.Сайыста жақсы лирикалық, эстрадалық әндер, әңгімелер орындалады. Сайыс оқушыларды қуанышқа бөлейді, келешекке үмітін тұтандырады.

Мектеп және сынып  бойынша алдын-ала жасалған жоспарларға сәйкес эстетикалық саяхат өткізіледі.Саяхаттың негізгі обьектілері көркем галерея, мұражай, табиғат,театр, кинотеатр,түрлі көрмелер.

Эстетикалық тәрбие жұмысына көмектесуде мектеп кітапхансының  көп мүмкіншіліктері бар.

Мектепте оқушылардың  эстетикалық мәдениетіне басқа  факторлар әсер етеді. Мысалы, жарық сынып бөлмесі, әдемі мектеп мебельдері, қолайлы жұмыс орыны оқушылардың эстетикалық танымын, белсендігін көрсетеді.

Қазіргі кездегі эстетикалық  тәрбиенің міндеттерін шешу үшін халықтың осы уақытқа дейінгі  тәжірибесін меңгеру керек.

Мәдени құндылықтарды жасауда әр халықтың өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, қазақ халқына көшпенділік өмір жағдайында табиғи өзгерістерге байланысты өте нәзік байқағыштық тән. Кең дала қазғалыс бағытын дұрыс табу, жайылымдардың күйін анықтау, ауа райының өзгерісін алдын ала болжау, өсімдіктердің атын дәл табу,т.с.с.

Халық әрдайым әсемдікті  іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысты. Оны халқымыз үй жиһаздарын жасауынан  және әсемдікті сезінудегі тәрбие құралы ретінде пайдаланунан көрінеді.

Халқтық эстетикалық  тәрбие жүйесінде лирикалық, үйелмендік тұрмытсық, әдет-ғұрыптық, еңбектік және т.б әндер мен өлеңдер ерекше орын алады. Бұлар да эстетикалық  тәрбиенің құралдары ретінде қызмет етті. Халқымыздың әндері жанры және тақырыбы жағынан өте бай.

Қазақ халқының музыкалық  аспаптарының түрлілігі таң қаларлықтай ( домбыра, шертер, асатаяқ, шаң қобыз, ұран, мүйіз сырнай, дабыл т.б.). Олар бос уақытта пайдаланып жас ұрпаққа  эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.

Эстетикалық тәрбиеде халықауыз әдебиетінің маңызы өте зор болды. Оның мазмұны халқымыздың бүкіл өмір тәжірибесін қамти отырып, жас ұрпақтың санасын, әсемдік сезімін, талғамын, қажеттігін билейді.

Халқымыздың тұрмысына  енген қолданбалы қолөнер бұйымдары,олардың  әшекейленіп жасалынуы эстетикалық тәрбиеде өзіндік орыны бар.

Эстетикалық тәрбиенің  күрделі мәселелерін айқындауда біз халықтың жинақтаған педагогикалық  білімі мен тәрбие тәжірибесіне сүйенуміз керек /14;215/.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II тарау. Бастауыш мектеп оқушыларына  эстетикалық тәрбие беру

 

2.1. Бастауыш мектеп оқушыларына эстетикалық тәрбиесінің деңгейін анықтау

 

Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық тәрбиесінің деңгейін анықтау негізінде  екінші сынып оқушыларына  анкета жүргізілді.Зерттеуге отыз екі оқушы қатысты. Бұл анкетаның мақсаты оқушыларға осы оқу жылында тұлға бойындағы қасиеттерінің қалай дамығандығын анықтауға мүмкіндік беру.

Егер « иә» деп  жауап берсе сол қасиеттің жақсы дамығандығын көрсетеді, ал егер « жоқ» деп жауап берсе ешқандай өзгеріс болмағандығын көрсетеді.

                                           Анкета

                         « Менде не дамыды?»

Ойланып, шынайы жауап  беріңіз. Осы жыл ішінде сізде  не дамыды? ( егер де жақсарса «+» таңбасын, өзгермесе «-» таңбасын қойыңыз)

Оқушылардың бойында эстетикалық сезімдерді қалыптастыру