Оқушылардың білімін бағалау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
«Оқушылардың оқу танымдық тексеру және бағалаудың жаңа технологиялары »
Орындаған:
Тобы
Қабылдаған:
Қызылорда
Тақырыбы:
«Оқушылардың оқу танымдық тексеру және бағалаудың жаңа технологиялары»
Ж О С П А Р
І. Кiрiспе.
1.1. Бағалау бұл оқушының мектептегі келбеті
ІІ. Негiзгi бөлiм.
- Оқушылардың білім нәтижесін бақылау түрлер
і
- Оқушылар білімін бағалаудың жаңаша формалары
- Рейтингтік бағалау жүйесі – іс-тәжірибеде
- Тест - оқушылардың білімін бақылаудың
кең тараған формасы.
- Оқушылардың ағылшын тілінен тілдік материалдарды
меңгергендігін бағалау жолдары және оған қойылатын
талаптар.
ІІІ. Тәжірибелік бөлім.
3.1. Ағылшын тілі сабағындағы бағалау нормасы.
ІҮ. Қорытынды
Ү. Пайдаланылған әдебиеттер.
М А З М Ұ Н Ы
І. Кiрiспе.
Бағалау бұл оқушының мектептегі келбеті 5-7
ІІ. Негiзгi бөлiм.
- Оқушылардың білім нәтижесін бақылау түрлер
і 8-9
- Оқушылар білімін бағалаудың жаңаша формалары 10-11
- Рейтингтік бағалау жүйесі – іс-тәжірибеде 12-18
- Тест - оқушылардың білімін бақылаудың
кең тараған формасы. 19-20
- Оқушылардың ағылшын тілінен тілдік материалдарды
меңгергендігін бағалау жолдары және оған қойылатын
талаптар. 21-24
ІІІ. Тәжірибелік бөлім.
3.1. Ағылшын тілі сабағындағы бағалау нормасы. 25-26
ІҮ. Қорытынды 27-28
Ү. Пайдаланылған әдебиеттер. 29-30
- Бағалау – оқушының оқу еңбегінің қорытындысын анықтайтын процесс.
Алты жастағы балаларды жүйелі түрде оқуға тарту бүгінгі күннің талабы. Шет ел мектептерінде мұндай тәжірибе көптен бері жүргізіліп келеді. Біздің республикада бастауыш білімнің мазмұнын және құрылымын жетілдіруде ғылыми эксперименттер жүргізілуде. Эксперименттің ойдағыдай жүруі ғылыми ерекшелігіменде емес, қоғамның бұл іске бейімделуінде екенін көрсету. Алты жастағы балаларды оқытуды сенімсіздікпен қарап отырғандар да бар, бірақ, алты жастағыларды мектеп өміріне тарту – ол уақыт талабы.
Қазіргі кезеңде бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында алты жастағы баланы тәрбиелеу мен оқыту жауапкершілігі ғана қойылып отырған жоқ, жеке тұлғасы қандай болатынына дұрыс бағыт бере отырып, қандай да болмасын олардың бастамаларын мадақтап, әрбір баламен жеке жұмыс істеуді талап етеді.
Алты мен жеті жас аралығында баланың көңілі көтеріңкі, еліктегіш, қоршаған дүниені тануға, улкендер мен құрдастарының әрекетіне сезімталдықпен қарайды.
Мектепке бару – баланың өміріндегі ең маңызды кезең. Жаңа өмірге қадам басу, ол қоғамдағы орнын анықтап, сонымен қатар психологиялық жағынан баланың өміріне өзгерістер енеді.
Алғашқы күндері балалар жаңа өмірге қадам басқанына қуанады. Оқығысы келеді және оқушы ретінде, білімін бағалауды күтеді. Ірақ оларды асықтырмау керек. Індетті түрде баланың бағаны асыға күтуін тежеу қажет.
Бала өзін басқа балалар арасында ерекшеленіп көрінуді қалайды. Ол бұрын мұны ойын арқылы көрсе, енді ол оқу барысында байқатады. Ірінші сынып мұғалімінің басты міндеті әрбір баланы оқуға және өзін - өзі оқытуға үйрету. Ала білімін бағасыз бақылау қажет.
Баға бала үшін – құрдастары арасында оның орнын, беделін көрсететін немесе нашарлардың қатарына жатқызатын белгі. Бала психологиясында мұғалімнің бағасы – оның жеке тұлғасының танымдық қызметінің жетістіктеріне (жетіспеушілігіне) қойылған баға болып көрінеді. Әрине, бұған үлкендердің де ықпалы әсер етеді. Ата – аналарының, таныстарының (кейде таныс емес адамдардың) әрине баладан бірінші сұрайтыны мектепте қалай оқып жүргендігі. Олар мұғалімнің ең жоғары қойылған бағасына ғана қанағаттанатындығын білдіреді. Басқа бағаға көңілі толмайтындығын, содан барып баланың психологиялық жан дүниесін күйрейді.
Бағалауға байланысты, барлық
психологиялық жүктемені
«Мұғалімнің қойған бағасын түсіну үшін оқушының өзіндік бағалау деңгейі жоғары болуы керек, бұл бірден тез бола қоймайды. Мұғалім мен оқушы арасындағы баға арқылы жүрген диалогы – екі саңыраудың сөйлеген сөзіне ұқсайды» - деп көрсетті Д.Б.Эльконин. [15;21]
Оқушыны бағасыз қалай оқыту керек? Алдымен «баға» және «бағалау» сөздерінің лексикалық мағынасын ашып алайық. Бағалау – оқушының оқу еңбегінің қорытындысын бір этолонға сәйкестеп, білім сапасын әрі қарай жетілдіру жолдарын анықтайтын процесс. Баға – бағалау процесі қорытындысының формалды көрсеткіші.
Баға – баланың толық дамуын көрсете алмайды және де даму принциптері негізінде құралатын сабақ барысында да кіре алмайды. Сабақта баға қойылмайдыү ірақ ол мектеп бағдарламасын меңгеру қорытындысының көрсеткіш құралы ретінде қызмет атқарады.
Тапсырманы орындауда баға қойылмауы, оқушының жақсы баға алуға ұмтылысы немесе жаман бағадан аулақ болуына мүмкіндік туғызады. Бұл сабақтағы эмоционалдық жағдаййда жақсартады.
Алты жастағы баланың ең басты ерекшелігі – адамдарға, оқиғаларға, деректерге, қоршаған өмірге деген қызығушылығы. Олар оқуға талпынады, күйзеліс, жаңашырлық білдіре алады. Ең басты этикалық тәртіп ережелерін оқу, ойын, тұрмыс әрекеттерінде орындайды. Олар әртүрлі іс - әрекеттергі қызығушылықпен қатысып, оларға үлкендердің нақты және қысқа нұсқаулары қажет. Мұғалім әрбіреуінің жетістіген айтып, міндетті түрде сынып алдында баға беруі тиіс. Оқудағы жауапкерсіздігі, тәртіп бұзушылығы міндетті түрде «жұрт алдында» қаралғаны қажет емес. Психологтардың пікірінше, сынып алдында жариялаудан көрі, оқушының кемшіліктерін жекелей қарап, сеніммен сөйлесу үлкен әсер етеді. Мұғалім балаға сеніп білдіріп олардың өз күшіне сенуіне демеу беруі психологиялық тұрғыдан дұрыс, Бала өз жұмысының сапасын және қорытындысын бағалап, оны салыстырып, өздігінен қатесін түзеуі қиынға соғады. Мұғалімнің шыдамдылықпен және сенімділікпен сөйлесуі, баланың дұрыс бағалауымен жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасайды.
2.1. Оқушылардың білім нәтижесін тексеру түрлері.
Еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі мектеп қабырғасынан білім нәрімен сусындаған оқушы жастар. Сондықтан да оқушыларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру, сол алған білімдерінің деңгейлерін анықтау, яғни, бақылау және тиісті дәрежеде әділ бағалау оқыту сіндегі өзекті мәселелер болып отыр. Оқушылардың сабаққа тиянақты қатысып отыруы, өз оқуына жауапкершілікпен қарауы бойынша жинаған теориялық білімін болашақта пайдалана білуі осы кезеңнің дұрыс өткізіліуіне көп байланысты.
Сонымен қатар оқушылардың да, студенттердің де осы білімі мен біліктілігінің деңгейін анықтаудың тағы да бір жолы – білімді тексерумен бағалау тәсілдерінің моделін құрып алу қажеттілігі. Ондай моделді құру үшін студенттерге берілуге тиісті білімнің мөлшерін,мәні мен мазмұнын айқындап, олардыңберілген білімді қабылдау, игеру мүмкіндіктерін саралайтын әдіс-оқытушының білімділігі мен біліктілігі, іскерлігінің айнасы. Жалпы білім беру, орта мектептегі барлық пәндер бойынша оқушылардың білім дәрежесін дәл анықтау, оның тексеру әдісін де дидактикалық белгілеріне қарай білімді тексеру:
- күнделікті;
- алдын-ала қорытындылау деп бөлінеді.
Әдістеме бойынша:
- ауызша;
- жазбаша;
- эксперименттік;
деп бөлуге болады.
Алдын-ала тексерудің мақсаты:
Материалды игеру қажетті білім, білік, дағды деңгейін анықтау. Мұндай тексерудің нәтижесінде мұғалім оқушылар біліміндегі олқылықтарды дер кезінде байқап, анықтап, қосымша сабақ, кеңес ұйымдастыра алады.
Күнделікті тексердің мақсаты:
Мұғалім күнделікті жұмыс барысында пән бойынша әрбір оқушының білім, білік, дағдысын жете тексереді. Мұндай тексерудің нәтижесінде оқушылардың жалпы үлгірімін қадағалауға мүмкіндік туады. Оқушылардың білімін күнделікті тексеріп отырмаған мұғалімнің сабақ ұйымдастыруы жалпы жұмысты бағдарлауы да қиындай түседі.
Мерзімді тексеру:
Бұл оқушылар білімін күнделікті тексеру нәтижесі тексеріліп жүргізіледі. Ол тақырыпты, тарауды өткен соң, не тоқсан соңында жарты жылдықтан кейін белгілі бір мерзім ішінде ұйымдастырылады. Соңғы уақыттарды бағалауға байланысты бес балдық кемшіліктер, яғнги бағалаудағы ескерілмейтін жайттар жайындағы журнал, газет беттерінде түрлі пікір, мәселелер айтылы, жазылып, талас туғызады.
2.2. Оқушылар білімін бағалаудың жаңаша формалары
Оқушы білімін әділ бағалау - өмір талабы. Баға төмен болып, әділ болмай, көңілден шықпай жатса, оның кері әсер ететіні ұстаздарға белгілі. Осы бағытта «бағалау жүйесі өзгертіледі» деген ұстаздарға тақырыппен Шымкенттік ұсьтаз, оқу ісінің озаты Сейілбек Әжібековтің аталмыш мақаласы жарық көрді. Айтылатын мәселе осы күнгі бес балмен бағалау уақыты өтіп, әрі қолдана беруге ретсіз жүйе екеніне тоқталып, оқушы жауабы 4-тен 5-ке жетпей нақтыланбай тұратын сәттердің болатынынын, бірақ 4,5 бағасының жоқтығына байланысты 4-ке, 5-ке қол салатынымыз рас. Сол сияқты 2,3 бағалары да әрі тарт, бері тарт күйге келетіні бағалауда 8 балдық баға дұрыс ұсынады.
8-дік – үздік баға;
7-лік баға - өте жақсы;
6-лық баға – жақсы;
5-тік – жақсылау;
4-тік орташалау;
2-лік – нашар;
1-лік - өте нашар;
«5»-тік бағаның жақсылау деп аталатын себебі жақсыға жетпей тұр. Жылпы тыныс тіршілігінің ұлттық негізге сай болуы керек-ау. Олай болса, жақсылау, орташалау сөздерін қолдану ерсі болмас.
«8»-дік баға ілуде бір өте-мөте зерек, дарынды оқушыға ғана қойылып, ол мына міндетті орындаса;
- Үй тапсырмасына толық жауап берсе;
- Бұрынғы өтілген материалдар көмегімен толық жауап берсе;
- Сол өтілген тақырыпты оқулықтардан тыс қосымша материалдарын оқып, мысладар келтіріп, қанағаттандыра жауап берсе;
- Шығармашылықпен жұмыс жасаса 8-дік баға қойылса;
«7»-лік баға, бірінші, екінші міндеттермен қоса, үшінші немесе төртінші міндеттердің бірін орындаса, «6»-лық баға бірінші, екінші міндеттерді толық орындағанда. Одан төменгі бағаны мұғалім өзі әрі қарай жалғастыра береді. Осылайша әділ қойылған баға оқушы психологиясына ықпал етер еді.
Бұл мақала ой тамыздық, мұын әрі қарай талдау оықрман ұстаздар үлесінде деді ол өз мақаласында.
2.3. Рейтингтік бағалау жүйесі – іс-тәжірибеде.
Жаңаша оқыту – еліміздің барлық мектептеріндегі ұстаздарды толғандырып отырған басты мәселе. Сондықтан оқытудың жаңа технологиясының тиімді әдістерін бұл күнде әрбір педагог-ғалымнан бастап, қарапайым ұстазға дейін іздестіруде.
Профессор Ж.Қараевтың рейтингтік бағалау жүйесін Өскемен қаласындағы №44 мектеп ұжымы оқу үрдісіне енгізіп, тың талпыныстар жасап келеді. Нәтижесі жаман емес. «Рейтинг» - ағылшынша бағалау деген ұғымды білдіреді. Біздің таңдап алған рейтінгілік бағалаудың басты мақсаты:
- оқушыларға қалыптасқан бес балдық баға емес, он балдық баға қою. Жасыратыны жоқ, біздің іс-тәжірибемізде бұл бағалау жүйесін барлық пәндерге қолдану күрделі әрі қиын болып шықты.
Бағалаудың өлшемдеріне мыналар енгізіледі:
- Оқушылардың білім сапасы (білім стандарты);
- Сабаққа оқушының белсенділігі, ынтасы, тәртібі;
- Өз бетінше жұмыс істеуге қабілеттілігі, ізденгіштігі, шығармашалықпен жұмыс істеуі;
- Ғылыми конференцияларда баяндама жасауы;
- Оқулық, дәптерді дұрыс ұстауы;
Оқушының тоқсандық бағасын әділ бағалаудың бір жолы тықырыпытық тапсырмалардың ортақ бағасын шығару. Мысалы, өтілген 4 тақырып бойынша оқушы әртақырыптан алған балдарын қосып, 7-ге бөлесіз. Шыққан баға оқушының тоқсандық бағасы болады. Айталық, бірінші тақырыптан 8,7 бал, 2-ші тақырыпта 9,0 бал, 3-ші тақырыптан 7,7 (т.с) сияқты, ал 7-ші тақырыптан 8,5 бал алса, оқушының осы тарауды меңгеру деңгейінің бағасы 8,1, яғни «жақсы» (төрт) деген сөз. Баланың білімін бағалау қорытындысы әр аптаның, әр айдың жұма күні үлгірім тақтасына түсіріліп отырады. Әр сыныпта жүзеге асырылады.
Қазіргі жаңашыл педагогтардың алға қойған топтық және жекеше жұмыс әдісі біздің тәжірибемізде күнделікті орын алып отыр. Белгілі ғалым В.П.Беспальконың айтуынша, бұл әдістің мақсаты оқушыға сенім білдіруді, оның жауапкершілігін артуын іске асырады. Ең негізгісі өзімен өзін салыстырады.
Оқушыларға сабақтан тыс кезде өздіктерінен тапсырмаларды орындауға жағдай жасау арқылы дамыту ұстамы іске асады, демек, өткен тақырып бойынша жоғары балдық мүмкіндіктуады.
Бағалаудың рейтингтік жүйесін қолдана отырыпы, әр оқушының білім деңгейініңі графигін шығару арқылы оқушы дамуының мониторингін аламыз. Мониторинг арқылы орқушы білімінің кемшілігін дәл тауып, қосымша жұмыстар арқылы түзету (коррекция) жасап, баланы бақылау жұмысына алдын-ала дайындаймыз. Бұл бағытта бақылау жұмыстары үрлі деңгейдегі нұсқауларға дайындалады.
Бағалаудың он балдық салыстырмалық жүйесін өз іс-тәжірибелеріне енгізген №44 мектеп ұжымы бір жылдың ішінде оңды нәтижелерге жетіпті:
- Өз білімінің жан-жақты бақылауға алынып, нақты бағаланатынын сезінген әрбір оқушының оқуға деген қызығуы оянады.
- Қалып қойған сабағын бәрібір тапсыратынын білгендіктен, оқушылар себепсіз сабақтан қалмайтын болады.
- Жоғары деңгейге жету мақсатында әр оқушы белсенділік танытыпы, шығармашылық жұмыстарға өз беттерімен ұмтылатын дәрежеге жетті.
Рейтингтік жүйе оқушылардың танымдық іс-әрекетіне саналы түрде әсер етуге мүмкіндік тудырады. Әрбір шәкірттің өзін-өзі өзгелермен салыстыра бағалауынан алға қарай ұмтылуына жол ашады. Оқушылардың барлық іс-әрекетін рейтинг бойынша өзара 4 топқа бөліп қарауға болады.
- Білім сапасын арнайы бақылау;
- сабақ үстінде көрсететін білім, оқушыфның жазбашша, ауызша жауабы, зертханалық жұмысты орындауы, орынды орындауға ынта-ықыласы.
- Үйде өз бетінше орындалатын тапсырмалардың нәтижесі.
- Білімді игерудің жоғары деңгейлеріне сай келетін оқушының ерекше қабілетінің көрсеткіші.
Мемлекеттік білім стандартына
сай келетін репродуктивті
Дәстүрлі мектептердегі
75-100 балл – «5»;
50-74 балл – «4»;
25-49 балл – «3»;
0-24 балл – «2»;
Оқушы еңбегін бағалаудың рейтингтік жүйесі жайында ұғым.
Еліміздегі жаңа мазмұнды мектептердің іс-тәжірибесі білім жүйесіне жағаша оқыту технологиясының енгізіле бастауы, оқушының іс-әрекетін жан-жақты бағалудың жаңа жүйесін енгізуді қажет етіп отыр. Ол рейтинтгтік жүйе. Бұл жүйе арқылы оқушының әр пән бойынша даму деңгейімен білім қабілетін ертерек «бақылауға» мүмкіндік жасалады. Рейтингтік жүйенің артықшылықтары: Оқушы қызметтерінде:
- оқушының жеке тұлға ретінде өз бетінше дамуы мен тәрбиесіне ықпал етеді;
- пәндерді оқытуды ізгілендіруге жәрдемдеседі;
- оқу жұмысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы қалыптасады.
- Рейтингілік бақылау қызметі диагностикалық тәрбиелеуші, дамытушы, бақылаушы және басқарушы рольде атқара алады.
- Рейтингтік жүйе оқушылардың танымдық іс-әрекетіне тікелей саналы түрде әсер етуге мүмкіндік туғызады. Шәкірттің ақыл-ойы әрекетінің сипаттамаларын (тапсырманы) орындау теңдігі, түсіну тереңдігі әрекетінің сипаттамаларын тапсырманы орындау т.б көрсететін жүйелі байланыстың сапасы артады;
- жұмыс нәтижесі мен мінез-құлқын дұрыс бақылап-бағалау дағдысын қалыптастырады;
- ырықты зейінін тәрбиелеп жетілдіруге ықпал етеді;
Мұғалім қызметтерінде:
- Оқушының орындауындағы к емшіліктерді анықтап, түзетудің әдістері мен тәсілдерін алдын-ала белгілі бір жүйеге келтіру мүмкіндгі бар.
- Бақылау үлгілерін бағалаудың қылыпты критерийлерін жасау;
- Оқу қызметін тиімді ұйымдастыру меноған түзету жасау тәсілдерін меңгеру;
- Оқушының білім деңгейін бағалау анықтауды компьютермен жұмыс істеу дағдысын меңгеру;
- Сыныптағы әрбір оқушы үшін жаңа көңіл-күй ахуалын қамтамасыз етуді жоғары деңгейде ұйымдастыруы тағы басқа педагогикалық қызметтің орнығуына жағдай жасау;
Мектептегі рейтингтік жүйе қарапайым, бірақ атқарар қызметі оның дидактикалық әдістемелік мәні жоғары мектептегілерден әлдеқайда тереңдеу болар еді. Рейтингтік бағалау әрбір оқушыға жеке-жеке пәндер бойынша тоқсандық етіп жүргізіледі. Оқушының пәнді оқыту үйренудегі қызметінің жалпы іс-әрекетінің тоқсандық бағалануын 70 балл десе, рейтингтік балдан 5 балдық бағалау жүйесіне өту кестесі былай болады:
1-40 балл – «2» қойылады;
41-60 балл – «3» қойылады;
61-69 балл – «4» қойылады;
70 балл – «5» қойылады;
Рейтингтік бағалаудың бір оқушыға жасғана сызба кестесі:
р/с |
Оқушының іс-әрекеті |
ІІІ тоқсан | ||
Бастапқы рейтингтік балл |
Орындалғаны |
Жинақталған рейтингтік балл | ||
1 |
Сабаққа қатысу |
10 |
30-28 |
9,3 |
2 |
Үй тапсырмасын орындау |
10 |
20-19 |
9,5 |
3 |
Оқу құралдарын күтіп ұстау |
6 |
+ |
6 |
4 |
Кітпахана қызметін пайдалану |
6 |
+ |
6 |
5 |
Практикалық жазба жұмысына қатысу |
4 |
20-17 |
3,4 |
6 |
Пәндік үйірме
|
2 2 - 2 2
3 |
- - - 3 -
+ |
- - - 2 -
3 |
7 |
Сабақтағы белсенділігі |
4 |
60-54 |
3,6 |
8 |
Пәндік ғылыми тілді меңгеруі |
3 |
+ |
3 |
9 |
Өз пікірін дәлелдей білуі |
3 |
+ |
3 |
10 |
Отбасылық үй еңбегіне қатысуы |
8 |
35-30 |
7 |
Кестеге түсіндірме 7-сыныпта ағылшын тілі бойынша қызметін жан-жақты бақылауға байқау жүргізген. Бұл сыныпта ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады. Сондықтан аптасына 3 рет, яғни 3 сағат. Бұл кестенің әр бөлігі бойынша сыныпта қол журналы жүргізіліп, оқушының әрбір жеке қызметі есепке алынған.
- Сабаққа қатысуы: ІІІ тоқсанда 30 рет болды, екі рет сабққа еш қатыспаған.
- Үй тапсырамысн орындауы: 20 рет үйге тапсырма берілген, біреуін ғана орындамаған.
- Оқу құралдарын күтіп ұстауы жоғары дәрежеде. Қапталған, парағы түгел, белгі түспеген.
- Кітапханадан үзбей кітап алып оқиды, үй тапсырмасына дайындалады.
- Практикалық жазба жұмыстарға қатысуы: диктант, мазмұндама т.б. бақылау жұмыстарын жазуы қалыпты.
- Пәндік үйірмеге қатыспайды. Факултативтік сағат оқу жоспарының оңтаңландыру кезінде қысқарған. Пәндік олимпиада екінші тоқсанда өткен. Мектепте 3 тақырыптық кешке, 3 пәндік апталыққа белсенді қатысты. Білімділік көрмеге қатыспады. Жеке шығармашылық жұмыспен айналысады. Жеке өз мақаласы бар. Олар бірнеше рет «Ұлан» газетінде жарық көрген.
- Сабақтағы белсенділігі жоғары. Үнемі дайындалып келіп, қол көтеріп отырады.
- Пәндік ғылыми тілді меңгеруге ынталы. Сол тілмен сөйлеуге үнемі өзін-өзі жаттықтырумен келеді.
- Өз пікірін үнемі дәлелдеуге тырысады, ойланып сөйлеуге, өз сөзіне жауап беруге бейім.
- жалпы жыл бойғы отбасылық үй еңбегінің түрі 126-ға дейін болады деп есептейміз. Маусымдық үй еңбегінің орташа саны 5 (деп алдық), осыған орай орташа қатысуын оданәрі жіктеп, күндік орташа отбасылық үй еңбегінің түрлерінің саны 35 деп алғанда, оған қатысқаны 30 болды.
Оқушы Келгенбаева Мерекенің ағылшын тілінен ІІІ тоқсандағы жинақтаған рейтингтік балы 60,8 болды.
2.4. Тест - оқушылардың білімін бақылаудың кең тараған
формасы.
Мектеп тәжірибесінде оқушы білімін бекіту, қайталау, алған білімді жүйелеу, бақылау және бағалау мақсатында тест әдісінің мынадай түрлері қолданылады:
- Толықтыруды қажет ететін тест.
- Таңдалмалы тест.
- Еске түсіруші тест.
- Сәйкестілік (үйлестуршілік) тест.
- Реттік, бірізділікке берілген тест.
- Аралас (құрама) тест.
- Кәсіптік бағдар тест.
- Баламалы тест.
Толықтыруды қажет ететін тест. Оқушыларға тапсырма сөйоем түрінде беріледі десөйлемдегі кей сөз орнына үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа, тұжырымды, бір мәнді болуы керек.
Таңдамалы тест. Оқушыға берілетін тапсырмамен қоса оның дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны 4-тен кем болмағаны дұрыс. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарточкамен тексеріледі. Мұғалімде алдын-ала дайындалған перфокарта болады.
Еске түсіруші тест. Сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарть. Еске түсіруші тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабы сөз, сан, формула, әріп, т.б түрде берілуі мүмкін.
Сәйкестілік тест. Мағынасы бір-бірімен байланысты тапсырамалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналастырылады. Мұндай тест жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанадағы сөз, белгі сызба, т.б саны оданекі, үшеуі артық болғаны дұрыс.
Аралас (құрама) тест. Оқушыларға берілетін тапсырма әр түрлі тест түрінде беріледі. Құрылымы бойынша онда тестінің әр түріндегі сұрақтар болуы мүмкін. Бұл тесттің тапсырмалары мәтін немесе кесте формула, график, сызбалар жиыны түрінде берілуі мұмкін.
Реттік бірізділікке берілген тест. Көлем, атау, құбылыс, шама т.б көрсеткіштік стпаттағы мәліметтерді тек қана бір әріппен орналастыру керек. Тапсырма саны 10 шақты болғаны жөн.
Кәсіптік бағдар тест. Мазмұны қандай да бір кәсіптік пәнді оқыту кезінде айқындалуына немесе одан бір малұмат алатыны негізделеді.
Баламалы тест. Бұл түрді жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа, әрі тұжырымды, мазмұны бір мәнді болғаны дұрыс.
2.5.. Оқушылардың ағылшын тілінен тілдік материалдарды
меңгергендігін бағалау жолдары және оған қойылатын
талаптар.
Сөз әрекетінің сөйлеу, тыңдау арқылы түсіну икемділігі, оқу икемділігі сияқты негізгі түрлерін дамытуға қойылатын талаптарды олардың әрқайсысына сәйкес келетін лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, орфографиялық дағдылар қалыптасқанда ғана жүзеге асыруға болады.
Осыған байланысты мектепте өтетін шет тіліндегі барлық материалдарда көп қолданылатын сөздер (рецептивті) арқылы меңгеру дәрежесіне жету керек, яғни, оқығанда тұлғалық белгілеріне, сызба, ережелерге сүйене отырып, өтілген материалды таба және түсіне білулері керек.
Бұл материалдың ішінде мектеп тақырыбы көлемінде ауызша сөзде жиі қолданылатын, басқа сөздермен тіркесіп, көптеген сөз тіркестері мен сөйлемдер құрайтын бөлігі ұтымды меңгеріледі, яғни, оқушылар ауызша соларды сөздердің тіркесу ережесіне, тілдің әртүрлі деңгейінің бірліктерін тіркеу ережелеріне сүйене отырып, қарым-қатынас жағдайына сәйкестендіріріп өз бетімен, шығармашылықпен қолдана білуге тиіс.

- Оқушылардың бойында эстетикалық сезімдерді қалыптастыру
- Оқушылардың жазба жұмыстары арқылы шығармашылық қабілетін дамыту
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты географиядан сыныптан тыс жұмыстардың ерекшеліктері
- Оқушылардың құндылық бағдарын қалыптастырудың теориялық негіздері
- Оқушылардың психологиялық ерекшеліктері мен қарым-қатынасы
- Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері
- Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда өзіндік жұмыстың теориялық негіздері
- ОҚО бойынша телефондық анықтама жүйесін құрастыру және жобалау
- Оқу үрдісі
- Оқушы қызығушылығын арттыруда педагогикалық технологиялардың алатын орны
- Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру
- Оқушыларға патриоттық тәрбие беру
- Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру
- Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі халық педагогикасында