ОҚО бойынша телефондық анықтама жүйесін құрастыру және жобалау

    Кіріспе 

    Бiздiң  елiмiзде жаңа ғасырдан бастап компьютер  технологиясына көп көңіл аударылуда. Яғни елiмiздiң барлық аумағын компьютерлендiру қолға алына бастады. Осы жұмыстардың  нәтижесiнде елiмiздiң азаматтары республиканың кез-келген нүктесінде тұруына қарамай жаңадан келген жаңалықтармен таныс болып отырады. Осылардан келiп шығатыны информациялық технологияның дамыған ғасырында компьютерлік техниканы қолданбай жұмыс істейтін мемлекеттік және коммерциялық мекемелер, жоғарғы оқу орындары және т. б. көптеген салалар кемде-кем деп айтсақ та болады.

    Курстық жұмысымның тақырыбы "Delphi ортасында телефон станциясының анықтамалық орталығын автоматтандыру".

    Мәлiметтер қорын Borland Delphi объектiлi бағдарлы программалау ортасында жасалыну себебi, өйткенi Borland Delphi объектiлi бағдарлы программалау ортасы кез-келген қосымшаны дайындауға болатын, жылдамдығы тез қуатты тiлдердiң бiрi болуы және де басқа мәлiметтер қорымен жақсы байланысатын болуы.

    Мәліметтер  қоры дегеніміз - құрылымы арнайы тәсіл  бойынша ұйымдастырылған берілген форматтағы файлдар жиынтығы болып есептеледі.

    Мәліметтер  қорымен жұмыс істей білу бүгінгі  таңда компьютермен жұмыс істеудегі  маңызды дағдылардың біріне айналды.

    Жоғарыда  көрсетiлген жұмыс салаларының бiрi ретiнде қаламыздағы Қазақтелеком жұмысын алуға болады. Қазақтелекомның негiзгi жұмыстарының бiрi ретiнде абоненттердi iздеу, енгiзу, өңдеу т.б. жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды Delphi объектiлi программалау ортасында мәлiметтер қоры ретiнде жасау барысында жұмыс жағдайын жеңiлдетудi қарастырдым.

    Осы программаны жасаудағы негiзгi мақсат Қазақтелеком жұмысында кездесетiн  жұмыстарды жеңiлдету, тез орындау  және уақытты үнемдеу болып табылады.

    Программа негiзiнен екi бөлiктен тұрады:

    1. Borland Delphi объектiлi бағдарлы программасы; 

    2. Paradox мәлiметтер қоры программасы;

    Осы мәлiметтер қорын жасау программасының барысында Delphi мен Paradox программалау орталары өзара байланыстырылып жұмыс  атқарады.

    Мұндағы Borland Delphi объектiлi бағдарлы программалау ортасын қолдану себебiм, өйткенi ол Windows операциялық жүйесінде программалаудың ыңғайлы құралы болып саналады. Онда көптеген операторларды пайдаланып программа дайындау, программа мәзірін құру, анимация, мультимедия процестерін ұйымдастыру, OLE технологиясын пайдаланып, басқа офистік қосымшаларды шақыру, олармен жұмыс істеу және тағы басқа іс-әрекеттерді орындау мүмкіндігі бар. Мұнда көптеген операторлардың жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты.

    Дәстүрлі  Паскаль программалау тілі оқып-үйренуге жеңіл және MS-DOS жүйесінде программа  дайындауға ең жақсы құрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi-де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. Delphi-дің негізгі ерекшелігі - онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады (Delphi-ді Windows ортасында пайдаланатындықтан программаны көбінесе қосымша деп атайды).

    Берiлгендер  қорын басқару жүйесi (БҚБЖ) - Мәлiметтер қорымен жұмыс iстеуге арналған Delphi ортасындағы программалар қатарына кiретiн тiлдердiң бiрi Paradox тiлi болып  табылады.

    Paradox программасының таңдалу себебi, ол Delphi ортасымен өте жақсы байланысатын  және де Windows элементтерi сияқты терезе  түрiнде ашылуы болып табылады. Paradox Database Desktop утилитасының құрамындағы  ең қолайлы, көп тараған программа. 

    Windows операциялық жүйесiнiң элементтерiмен таныс кез-келген қолданушының Paradox программасын оқып үйренуiне қиындық жоқ десе де болады. Өйткенi, Paradox программасымен жұмыс iстеу принциптерi Windows жүйесiне негiзделген, Яғни оның объектiлерi терезе түрiнде ашылады.

    Қарастырылған мәлiметтер қорында Paradox программасында кестелердi жаратып және оны сақтау үшiн, ал Delphi объектiлi бағдарлы программалау ортасы осыларды, яғни жаратылған кестелердi басқару үшiн қолданылған.

    Бұл программадағы негiзгi жұмыстар машиналарды iздеу, өңдеу, енгiзу болып табылады. Яғни, осы программада кестелер өзара бiр-бiрiмен байланыстырылып жұмыс атқарады. Программа барысында сұраныс беру арқылы өз шартымызды қанағаттандыра аламыз.

    Сұраныс дегенiмiз - мәлiметтер қорынан өзiмiзге  керектi информацияны бiр немесе бiрнеше кестелерден алуға мүмкiндiк беру болып табылады.

    Осы программада сұранысты жаратуда SQL тiлiн пайдаланамыз. SQL - бұл Structured Query Language, яғни "Сұраныстар тiлiнiң  құрылымы" деп аталады. Сұраныс  жаратуда Select (iрiктеу), Insert (кiрiстiру), Update (өзгерту), Delete (жою) операторларын қолданамыз. Өзiмiзге керектi нәрсенi табу, яғни мәлiметтi iздеу үшiн Find, Locate процедураларын пайдаланамыз.

    Мұнда кестелердi немесе шартымызды қанағаттандырған сұранысты принтерде форматты түрде басып шығару жолы да қарастырылған. Мұндай файлды басу үшiн форматты түрде дайындалған қағаз парағының не парақтарының түрiн есеп деп атайды.  
 
 

    1 Мәліметтер базасы және ақпараттық орталық туралы түсінік  

    Банктер акционерлік қоғамдар, жеке компаниялар пайда болғаннан кейін жағдай түгeлiмeн өзгереді. Қазіргі кезде ақпараттарды сақтау және өңдеу қиын есеп болмай қалды. Ақпарат - ақша екенін адамдар түсінеді, Ақпараттарды жоғалту немесе оны уақтылы алмау ақшаны жоғалтуға әкеліп соғады.

    Алғашқы мәліметтер базасын басқару жүйесі 60 жылдардың ортасында пайда болды. Біздің өмірімізде көлемі бойынша үлкен сақтау орны болып табылатын көпшілікке танымал, бірақ практикада жүзеге асуы қиын мәліметтер базасы түсінігі орын алды. Оған кез келген мекеме өзіне керекті мәліметтерді орналастырады және одан әр түрлі қолданушылар осы мәліметтерді ала – алады. Олардың иерархиялық құрылысы болды. Бұл жүйелер басқа файлдағы бір жазумен байланысқан бірнеше жазуларды оқуға мүмкіндік береді. Біраз уақыт өткеннен кейін әр түрлі файлдармен жазулар арасындағы өте қиын катынастарды іске асыратын желілі (сетевые) мәліметтер базасы пайда болды.

    Қолданушының  көзқарастары бойынша, мәліметтер базасы деп ақпараттармен жұмыс істеуді  қамтамасыздандыратын программаны  айтады, Мүндай программаны жұмысқа қосқанда, экранда кесте пайда болады, ол арқылы колданушы өзіне қажетті мәліметтерді алуына болады. Қолданушы осы мәліметтер базасында өзгерістер енгізеді, олар мәліметтер базасына жаңа ақпараттарды енгізе алады және керек емес акпараттарды өшіріп тастауына болады.

    Программистердің  көзқарастары бойынша, мәліметтер базасы - бұл ақпараттардан тұратын файлдардың жиынтығы. Программистер қолданушылар мәліметтер файлдарымен ыңғайлы  жұмыс істеуі үшін программаны соған  ыңғайлы етіп құрады.

    Қазіргі кезде өте көп программалық жүйелер бар, олар локальді мәліметтер базасын құру және қолдануына болады (Dbase, Ғохрrо, Access, Paradox).

    Мәліметтер  базасы «қағазды» және «компьютерлік» түрде болады. «Қағаздарды» деп мәліметтер базасы болып библиотеканың каталогы: ондағы кітаптар туралы ақпараттардан тұратын карточкалардың жиынтығы. Бұл базада ақпараттар біркелкі (кітап туралы мәліметтерден тұрады) және реттелген (авторлардың фамилиялары бойынша алфавитік ретпен сәйкес қойылғаны) болып келеді, Басқа тағы да мысалдар қарастыратын болсақ, онда телефонның анықтамасы және поездардың қозғалыс кестелері және т.б. «қағаздары» мәліметтер базасына мысал бола алады.

    «Компьютерлік»  мәліметтер базасы ақпараттардан тұратын  файлдардан (немесе файлдар жиынтығынан) тұрады.

    1970 жылы Е.Ф. Кодданың реляциондық  мәліметтер базасының моделі  туралы статьясы мәліметтерді  өңдеуде революция болды. 1970 жалдары  реляциондық мәліметтер базасын  басқару жүйесін ойлап шығарды.  Реляциондық мәліметтер базасында  акқпараттарды сақтау үшін таблицалар қолданылады.

    Ақпарат — деп негізінен адамдар арқылы ауызша, жазбаша немесе басқа жолмен берілетін хабарды айтады. Ал ақпараттық жүйе ақпаратты жинау және жинақтау, оны тиімді пайдалану мақсатына  арналған программа, Ақпараттық ж‰йені автоматтандыру есептеуіш техникамен (компыотерлермен) жүзеге асады. Бұл жерде ЭЕМ жадысында сақталған ақпараттарды мәліметтер ретінде пайдаланылады. Ақпаратта қандай мәліметтер жинақталады және қандай мақсаттар үшін жинақталатындығы, және екінші жағынан сәйкес мәліметтер ЭЕМ жадысында қалай ұйымдастырылу керек екендігі, және ақпараттық жүйені қолданғанда олар қай жүйенің проектісін жасағанда, бір жағынан жүйеде өңделіп, бір - бірімен байланысы қандай болатындығы шешіледі. Қолданылуына байланысты екі негізгі класқа бөлінеді: ақпаратты - іздеу жүйесі және мәліметтерді өңдеу жүйесі.

    Мәліметтер  базасымен бірге сақталынатын өзара  байланысқан мәліметтер жиынтығы ретінде  анықтауға болады. Бұл жерде бір  немесе бірнеше қосымшалар, оларды оптималды пайдалануына мүмкіндігі болуы керек;

    Мәліметтер  оларды пайдаланатын программалардан  тәуелсіз болатыны сақталу керек;

    Жаңа  мәліметтерді қосуға және бұрынғы мәліметтерді модификациялауға немесе мәліметтерді мәліметтер базасында іздеуге басқарылатын жалпы әдіс қолдануы керек.

    Object Pascal тілі Delphi бағдарламалау тілі және стандартты Pascal тілінің объекті - ориентирленген кеңейтілуі болып келеді. Delphi жүйесі визуалды бағдарламалау мүмкіндігін VCL визуалды компонеттердің библиотекасы көмегімен қамтамасыз етеді.

    Визуалды  компоненттердің библиотекасы (Visual Component Library, VCL) қосымшаларды хез өңдеуге арналған көптеген кластарды құрайды. Библиотеканың элементтері Object Pascal - да жазылған, сондықтан ол интегралданған Delphi қосымшасының өңдеу ортасымен тығыз байланысты. VCL де негізінен визуалды емес компененттерден тұрады, және визуалды компоненттер, және де TObject абстракті кластан бастап басқа да кластар бар. Барлық компонентер - бұлар кластар, бірақ барлық кластар компоненттер емес.

    VCL - дің барлық кластары иерархияның  анықталған сатысында орналасқан және кластың ағашын құрайды.

    Object класы - барлық Object Pascal класының жалпы  тегі (атасы) ол иерархияның тамырында  (түбірінде) орналасады, Бұл класс  абстактілі болып келеді және  барлық ұрпақтар кластары үшін  жалпы әдістер қолданылады. Негізгі әдістерін атап өтейік:

    *  Create - объектіні құру

    «  Destroy - объектіні жою (өшіру)

    « Free - Create әдісімен құрылған объектіні  өшіру, бұл уақытта Destroy әдісі де шақырылады.

    Бұл әдістердің көпшілігі ұрпақ класында қайта анықталады. TPersistents, TComponent, TControl көптеген кластардың атасы болып келген. Көрсетілген кластарға негізінде жалпы қасиеттері, әдістері және оқиғалары (события) кіреді.

    TPersistents класы ағымнан іске қосылады  және ағымға сақталатын қасиеттері  бар объектілер үшін абстракты болып келеді. Ағымның механизмі жадымен жұмыс істеу үшін қолданылады. TObject кластың әдісіне қосымша болатын TPersistents класы бір объектіден екінші объектіге алаңды және қасиеттерді беруге мүмкіндігі бар Assign әдісіне ие.

    TComponent класы -- барлық компоненттерге негіз; өзінің атасының әлісіне косымша болып, оның басқа компоненттеріне ие болатын құралдарды қамтамасыз етеді. Формаға кез келген компонентті орналастыру нәтижесінде, ол басқа компонентке тиісті болады (негізінен формата). Компонента құру барысында, ол оған тиісті компоненттерді автоматты түрде құрылуын қамтамасыз етеді, ал оны жою барысын оған тиісті барлық компоненттер автоматты түрде жойылады.

    TComponent класы келесі қасиеттерін белгіленген:

    •  Components — тиісті компоненттер тізімі

    •  ComponentCount  тиісті компоненттердің  саны

    •  Componentlndex -- тиісті компоненттер тізіміндегі  компонент номері

    •  ComponentState - ағынды компоненттің жағдайы

    •  Name - компоненттің аты

    •  Owner - компоненттің иесі

       Tag - компонентпен сақталынатын бүтін мәні

    TComponent компонентінің кейбір әдістері:

    • Destroy Components - барлық тиісті комтюненттерді жою (бұзу)

    •  Destroying - тиісті компоненттің жойылғаны (бұзылғаны) туралы хабар беру

    •  FindCoraponent - Component тізімінен компонентті  табу (іздеу)

           Тілдің сөздігі

    Сөздер  келесі түрлерге бөлінеді:

    • Кілттік сөздер (ключевые, заразервированные)

    • Стандатты идентификаторлар

    • Қолданушының идентификаторлары

    Кілттік сөздер тілдің құрама бөлігі болып  келеді. Редактор кодында кілттік  сөздер қалың (полужирный) шрифтпен бөлінеді, Мысалы,

    And     Exports     Mod
    Array     File     Nil
    As     Finalization     Not
    Asm     For     Object
    Begin     Function     Of
    Case     Goto     Or
    Class     If     Out
    Const     Implementation     Packed
    Constructor     In     Procedure
         Destructor     Inherited     Program
       Dispinterface     Initialization     Property
    Div     Inline     Raise
    Do     Interface     Record
    Downto     Is     Repeat
    Else        Label     Resourcestring
    End     Library     Set
    Except     Finally     Shl

 

    Стандартты  идентификатор келесі анықталған тілдің өңдеуші конструкциясын көрсету  үшін қызмет етеді:

    *  Мәліметтердің типі

    *  Тұрақты (Констант)

    *  Процедура және функция

    Стандартты  идентификаторлары бағдарламада кейбір стандарттармен байланысқан. Оларға:

    Absolute     Name              safecall
    Abstract     Near                stdcall
    Assembler     Nodefault        strored
    Automated     Override          virtual
    Cdecl     Packade           write
    Contains     Pascal              writeonly
    Default     Private
    Dispid     Protected
    Dynamic     Public
    Export     Published
    External     Read
    Far     Readonly
    Forward     Register
    Implements     Reintroduce
    Index     Requires
    Message     Resident

 

    Қолданушының  идентификаторы белгінің атын, тұрақты (констант), айнымалы, процедура, функция  және мәліметтер типін белгілеу үшін қолданылады. Бұл аттар бағдарламашының (программист) өзі береді және ол келесі ережелерге сай келу керек:

    *  Идентификатор әріп немесе санмен (цифр) құрылады

    * Идентификатор барлық уақытта  әріппен басталады, тек О - 9999 диапазонында орналасқан бүтін  сан болатын белгі кірмейді,

    * Идентификаторда кіші және бас  әріптерді қолдануға болады, компилятор  оларды бірдей қабылдайды. Арнайы  символдарды пайдалануға болмағандықтан  оларды  әдемілік  үшін басты әріптермен жазуға болады. Мысалы, NumberLmes немесе btnOpen.

    Бағдарламада  екі идентификаторлардың арасына  ең кемінде бір бөлгіш (разделитель) болуы керек. 
 

    1.1 Client/Server берілгендер ортасы 

    Көптеген  қолданушысы бар үлкен мәліметтер базасы үшін клиент/сервер платформасындағы мәліметтер базасы көп қолданылады. Бұл жағдайда клиенттер тобы үшін мәліметтер базасын қолдану арнайы компьютер - сервер арқылы жүзеге асады. Клиент серверге тапсырма береді, іздеу операциясы немесе мәліметтер базасы жаңалау т.б. Осы күшті (мощный) сервер, тапсырма операцияларына оптималды әдіспен жауап беруге бейімделген, оларды орындап және өзінің жұмысының нәтижесін хабарлап тұрады.

    Жұмыстың  мүндай үйымдасуы серверді қолданғанда қосымшаның орындалуының  тиімділігін  жоғарылатады  және  мәліметтердің бүтіндігін бақылайды.

    Клиент/сервер мәліметтер базасында қосымша мәселе (проблема) шығады - проектілеу қосымшасы, ол максималды түрде сервер мүмкіндіктерін пайдаланып және минималды сеть - ті іске қосады және одан, яғни сетьтен тек минимум мәлімет алып тұру керек.

    Бұл жаңа сетьтегі мәліметтерді өңдеудің көп жақты жолы. Әдетте бұл әдіс (Delphi - де) мәліметтер базасын ұйымдастыру әдісі multi-tier - көпжіпті деп аталады. Бұл терминді жіп сөзі мәліметтерді бір ағыны ретінде қарастырылады. Қазіргі кезде көбіне үшярусты түрі тараған:

    • Компьютердің ең соңғы деңгейінде клиенттер  қосымшасы орналасқан, ол қолданушыға  интерфейсті пайдалануға мүмкіндік  береді.

    • Екінші деңгейде сервер қосымшасы орналасқан, ол мәліметтер базасымен қолданушы арасындағы мәліметтер алмасуын қамтамасыз етеді.

    •  Үшінші деңгейде мәліметтер базасының  алынған (удаленный) сервері орналасқан, ол сервер қосымшасынан мәліметтерді қабылдап, оларды басқарады.

    Бұл мәліметтер базасының қиын және майысқақ ұйымдасуы. Delphi - де негізінен осы жүйедегі алғашқы екі деңгейін құруды қамтамасыздандырылған. Сонымен қатар соңғы деңгейде қолданушының копьютеріне Borland DataBase Engine (BDE) орнату қажет етілмейтіндігін ескеру керек. Осымен мәліметтер базасының көпярустылығының бір қасиеті қорытындыланады. 
 

    1.2 Мәліметтер қорымен байланыс жасау жолын ұйымдастыру 

    Delphi – дегі мәліметтер базасының  негізгі жұмысы Borland DataBase Engine (BDE) болып  табылады - Borland фирмасының мәліметтер базасының процессоры. BDE мәліметтер базасы және қосьмша арасында делдалдық қызмет атқарады. Ол қолданушыға мәліметтер базасын нақты шешуге арналған жұмыс үшін бір тұтас интерфейс ұсынады, Delphi қосымшасы мәліметтер базасына тікелей қатынаса алады, тек BDE - ге ғана қатынасады.

    Delphi қосымшасы, мәліметтер базасымен  байлаыысу қажет болған жағдайда, BDE - ге қатынасады және мәліметтер  базасының псевдонимін және сондағы  керек таблицаны хабарлайды. BDE DLL - ге қосылатын минамикалық библиотека  ретінде іске асады. Олар, басқа библиотекалар сияқты, API - мен (Application Program Interface -интерфейс прикладных программ) және IDAPI - мен (Intergrate DataBase Application Program Interface) байланысқан. Бұл қосымша қолданатын, мәліметтер жұмыс істеуге арналған процедура мен функциялар тізімі.

    BDE  - псевдоним бойынша мәліметтер  базасы үшін лайықты драйвер табады.

    Драйвер - көмекші программа, ол анықталған түрде мәліметтер базасымен калай  жұмыс істеу керек екендігіне көмектеседі. Егер BDE -нің СУБД —  ға сәйкес өзіндік драйвері бар болса, онда BDE осы арқылы мәліметтер базасындағы керек таблицамен байланытсады және қолданушының тапсырмасын өңдеп, қосымшаға өңдеудің нәтижесін керсетеді.

    BDE - SQL мен тығыз байланыста - сұраныстардың  стандартталған тілі, SQL - серверлер (Sybase, Microsoft SQL, Oracle, InterBase) арқылы мәлімет алмасумен қамтамасыз етеді.

    - Бұл мүмкіндік клиент/сервер платформасында  кең қолданылады. Delphi 5 те мәліметтер  базасымен жұмыс істеу үшін BDE - ден басқа ADO (Active Data Objects) Microsoft фирмасы өңдеген процессоры бар. ADO кез — келген мәліметтер түрінің қолданушылық интерфейсі, реляциондық және реляциондық емес мәліметтер базаны, электрондық почтаны, жүйелік және графикалық файлдарды қосқанда. ADO қолдану мәліметтер базасымен эффекті жұмысты қамтамасыз етеді.

    Біз ақпараттық жүйенің ерекшеліктерін: заттар облысы туралы пайдаланушылардың  әртүрлі көзқарасын қолдауды белгілеп өтеміз. Қазіргі заманда ақпараттар жүйесі бірнеше көрініс деңгейлерін  қолдайды. Олардың түрлерін ақпараттар жүйесі архиткетурасы түсінігімен қабылданған.

    Абстракияның  алғашқы деңгейі негізгі қолданушылардың  заттар облысы туралы көрінісіне сәйкес келеді - оларды пайдаланушылардың  локальды көрінісі деп атайды.

    Екінші  деңгейді инфологиялық түсінік деп  атаймыз; ол өз бетінше пайдаланушылардың локальді корінісін көрсетеді және ақпараттар объектісінің барлық жиынын көре алады.

    Абстракцияның концептуалды деңгейін мәліметтер базасының  администраторы мәліметтердің логикалық  ұйымдасу бейнесіне сәйкес болады. Бұл абстракция деңгейі инфологиялық деңгейге ұқсас, бірақ оның өзгешелігі МҚБЖ - ның әдістерін іске асыруында. Концептуалды деңгейде мәліметтер базасын сипаттау МҚБЖ-ның осы жүйеде қолданылатын терминдер мен шектеулер арқылы сипатталынады.

    Абстракцияның әрбір деңгейінде заттық объекттің өзіндік моделі анықталады. Бұл модельдерді сипаттау схема деп аталынады. 
 

    1.3 Мәліметтер қорын құруды жобалау 

    Мәліметтер  базасын құру үшін стандартты МҚБЖ-ны пайдалану оншалықты қажет емес. Delphi программалау тілімен BDE екуі арқылы DataBase Desktop программасы ұсынылады. Мұнда мәліметтер базасының таблицасын құруға, олардың структурасын өзгертуге, белгілеуге болады. Әдетте Delphi тілінде DataBase Desktop-ты шақыру негізге мәзірдің Tools бөліміне қосылады.

    Таблицаны құру үшін CreateTable әдісі қолданылады. Нәтижесінде дискіде бос таблица пайда болады. Әдісті шақыру алдында негіз болып отырған қажетті мәліметтерді дайындауымыз керек. Бұл мәліметтер мәліметтер жиынына сәйкес мәніне теңесуі қажет. CreateTable әдісін шақыру алдында мәліметтер жиыны жабылуы қажет және келесі мәндерді орнатылуы керек:

    •  DataBaseName - мәліметтер базасының орналасқан жері 

    •  TableName - таблицаның аты

    •  ТаЫеТуре - таблицаның типі

    •  FieldDefs - алаңдарды сипаттау

    •  ІndexDefs - индекстерді сипаттау

    Сонымен мәліметтер базасының  таблицасын Tools  арқылы құрайық, Ол үшін Tools бөлімінен DataBase Desktop таңдап алып, File/New командасын орындаймыз, кейін ішкі мәзір ашылады, ондағы Table түрін тандаймыз.

    Бұдан соң экранға диалоггы терезе пайда болады, бұл жерде тізімде мәліметтер керек МҚБЖ- ны, яғни таблица  кұрғалы отырғанымызды таңдап алуымызға болады. Экранда терезе пайда болады, бұл терезе таблица структурасын беруге, екілік индексті құруға, өрістердің диапозондарын енгізуге және көптеген құрғалы отырған таблицамызға қажетті мәліметтерді енгізу мүмкін. Таблицаның структурасын толык құрып болтан соң, оған ат беріп сақтап, File/New командасымен ашуға болады. Таблицаны толтырып болған соң File/Close деп жабсақ, ішіндегі мәліметтер сақталып қалады, Ал оны формаға (form) әкелу үшін келесі функцияларды орындау керек.

    Data Access библиотекасының бетінен формаға Table компонентін алып формата қоямыз, сонымен қатар сол беттен DataSource компонентін әкеліп қоямыз, бұл мәліметтер негізгі болып келеді. Ал мәліметтерді толық таблица түрінде көрсету үшін DBGrid компонентін DataControls бетінен алып формаға орналастырамыз. Мұнда мәліметтердің барлығы визуалды компонент түрінде көрініп тұрады. Сондықтан оны кеңірек етіп ашамыз немесе Align қасиетінде АlClient деген команданы орындаймыз. Енді осы алынған компоненттерді бір - бірімен байланыстыру керек.

ОҚО бойынша телефондық анықтама жүйесін құрастыру және жобалау