Оралымды басқару құқығы

Жоспар

 

 

І. Кіріспе

 

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Оралымды басқару құқығы

2.Жер пайдалану құқығы

     3. Жерге заттық құқық

     4.Азаматтық  құқық туралы ұғым  

     5.Азаматтық-құқықтық  реттеу тәсілдері

  1. Азаматтық құқықтың әдістемесі
  2. Азаматтық құқық қағидасы
  3. Азаматтық заңдар және олардың жүйесі

 

ІІІ. Қорытынды

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан  Республикасының Азаматтық кодексінің  Ерекше бөлімі қабылданып, күшіне  енді. Бұл өз мәнінде Қазақстан  Республикасының Азаматтық кодексі  нарықты қайта құру жылдарында  қалыптасқан азаматтық заң шығарудың  ірі біріктіруі болып табылады, сонымен бірге онда бұдан бұрын  Қазақстан Республикасының азаматтық  заңдарында болмаған көптеген  нормалар пайда болды. 

Жаңа Азаматтық кодексті қоғамдық қатынастардың аса тиімді реттеушісі ретінде бағалау қажет. Оның нормаларының мазмұны барынша  айқын болып табылады. Оған уақыт  санынан өткен көптеген заңдардың  және заңға тәуелді нормативтік  актілердің ережелері енген. Бұны оңды құбылыс ретінде бағалауға болады, дегенмен азаматтық кодексті тым  толықтықта айыптайтын көзқарастар  да кездеседі. Себебі, онда сатып алу-сату, мүлік жалдау және тағы басқа да шарттар көптеген түр-түрлерімен қарастырылған. Мысалы, тауарларды бөлшектеп сатып  алу-сату шарты жеке көрсетілген, онда тұтынушылар құқығын бекітуге артықшылықтар  берілген. Кәсіпкерлік шарттың ерекше сипаттары тауар жеткізілімі  шартына арналған нормаларда көрініс  тапқан. Кез-келген қазіргі заманғы  мемлекет жағдайы үшін сатып алу-сату шартының энергиямен жабдықтау сияқты түрі маңызды мәнді иемденеді, бұл  да азаматтық кодексте және соған  сәйкес қабылданған заңға тәуелді  нормативтік актілерде ескерілген.

Жекешелендірілген, мемлекеттік  және сонымен бірге жаңадан пайда  болған жеке кәсіпорындар нарығының  пайда болуына кәсіпорындарды сатуды құқықтық реттеу сәйкес келді.

Бұрын әрқашан реалды болып  келетін сыйға тарту шартына  қазір өзгеше сипаттар берілген, енді бұл шарт консенсуалды да болуы мүмкін. Сыйға тартуға тыйым салу анық бекітілген.

Ренталық қатынастар бұдан  бұрын тек өмір бойы асырауда ұстау  жағдайы қарастырылған сатып  алу-сату шартымен ғана негізделетін, қазір рента институтына оның (белгілі бір мәселелері болғанымен), өзіндік мән берілген. Азаматтық  кодекс шеңберіндегі жаңалықтарға ақшалай  талапты беріп қаржыландыру (факторинг) және есеп айырысу-несиелік қатынастарды реттейтін (бактік есеп шот, ақша аударымы, банк салымы), шарттар туралы нормалар жатады. Сақтау шарттары бойынша тауар  қоймасында сақтау туралы нормаларды енгізу туралы айтуға болады. Сенім  меншігі жөніндегі ұзаққа созылған пікірталастар Азаматтық кодекс нормаларында мүлікті сенімгерлікпен басқару қатынастарын бекітуге әкелді. Сонымен бірге кешенді кәсіпкерлік  лицензия шарты қарастырылған, бұл  шарт та бұрынғы заңда болған жоқ.

Қазақстан Республикасының  азаматтық құқығында оның негізгі  ережелері құқықтың әртүрлі салаларымен  реттелетін жағдайларда зиян келтірілгенде  жүзеге асатын толық құнды деликтілік жауапкершілікті қарастыратын ережелердің  бірге әрекет етуі анық көрінеді, сонымен  бірге келтірілген моральдық  зиян үшін өтемақы тағайындауды, құқыққа  сәйкес келетін әрекеттермен келтірілген зиянды өтеуді қарастыратын нормалар да жетілдірілуде. Өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырған тұлғаларға зиянды өтеу туралы жалпы мазмұнды нормалар пайда болды, тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудің кемістіктерінің әсерінен келтірілген зиян үшін мемлекеттің жауапкершілігі кеңейтілген.

Интеллектуалдық меншік құқығы барынша ретке келтірілген, аталған  тәуелді саланың құрамына интеллектуалдық  меншік құқығының объектілерін, соларға  құқықтар пайда болу негіздерін және оларды қалыптастыру және пайдалануға  байланысты шарттық қатынастарды, сонымен  бірге оларды құқықтық қорғауды қарастыратын нормалар енгізілген.

Мұрагерлік құқық та айтарлықтай  елеулі өзгерістерге ұшыраған, ол қазір  меншік құқығы және басқа да заттық құқықтардың тәуелді саласымен  қамтамасыз етілетін меншікке билік  ету мүмкіншіліктеріне негізделеді. Жаңа Азаматтық кодексте мұрагерлікке, мұра құрамын анықтаудың, ортақ бірлескен  мүлік болып келетін мүлікті  мұраға қабылдау, мұрагерлдік және лайықсыз мұрагерлерді мұрагерліктен  алыстату туралы және тағы басқа жалпы  ережелерге көңіл көп аударылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оралымды басқару  құқығы      

202-бап. Оралымды басқару  құқығы ұғымы мен оның мазмұны       

 Оралымды басқару құқығы  меншiк иесiнiң қаражаты есебiнен  қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеменiң,  меншiк иесiнен мүлiк алушы және  өз қызметiнiң мақсатына, меншiк  иесiнiң тапсырмаларына және мүлiктiң  мақсатына сәйкес заң құжаттарымен  белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк  ету құқығын жүзеге асырушы  қазыналық кәсiпорындардың заттық  құқығы болып табылады.  
      Ескерту. 202-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211, 1998.12.16. N 320 Заңдарымен.        

203-бап. Оралымды басқару  құқығына ие болу және тоқтату       

 Оралымды басқару құқығына  ие болу мен тоқтату, егер  заңдарда өзгеше белгiленбесе,  осы Кодекстiң 13 және 14-тарауларында  көзделген ережелер мен тәртiп  бойынша жүзеге асырылады.       

204-бап. Оралымды басқаруға  берiлген мүлiктi 
               меншiктенушiнiң құқығы      

1. Оралымды басқарудағы мүлiктi меншiктенушi заң құжаттарына сәйкес  мемлекеттiк мекеме немесе қазыналық  кәсiпорын құру, оның қызметiнiң  мәнi мен мақсаттарын белгiлеу  мәселелерiн шешедi, мемлекеттiк мекеменiң  немесе қазыналық кәсiпорынның  заң жүзiндегi тағдырын, оның қызметiнiң  мазмұнын белгiлеуге құқығы бар. 

    2. Меншiк иесi мемлекеттiк  мекеменiң немесе қазыналық кәсiпорынның  меншiк иесi берген мүлiктi тиiмдi пайдалануы мен сақтауына бақылау  жасауды жүзеге асырады. 

3. Мемлекеттiк мекеменi бiрнеше  меншiк иесi құрған жағдайда, олардың  арасындағы қатынастар мен меншiк  иелерiнiң өз мүлкiне билiк жүргiзу  құқықтары құрылтай шартымен  немесе сол сияқты келiсiммен  белгiленедi. 
      Ескерту. 204-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.12.16. N 320 Заңымен.       

205-бап. Меншiк иесiнiң  оралымды басқаруға 
               берiлген мүлiктi қайтарып алу және  қайта бөлу құқығы

Мемлекеттiк мекемеге немесе қазыналық  кәсiпорынға бекiтiлiп берiлген мүлiктi меншiктенушi, егер заң құжаттарында өзгеше белгiленбесе, ол мүлiктi қайтарып алуға, не өзi құрған басқа заңды  тұлғалар арасында өз қалауы бойынша  қайта бөлуге құқылы.

Ескерту. 205-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.12.16. N 320 Заңымен.       

206-бап. Мемлекеттiк мекеменiң  немесе қазыналық 
               кәсiпорынның мүлкiне билiк ету      

1. Мемлекеттiк мекеменiң, егер  заң актiсiнде өзгеше белгiленбесе,  өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген  қаражат есебiнен сатып алынған  мүлiктi өз бетiмен иелiктен айыруға  немесе өзгеше әдiспен оған  билiк етуге құқығы жоқ.     

2. Қазыналық кәсiпорын өзiне  бекiтiлiп берiлген мүлiктi, сол  мүлiктiң меншiк иесiнiң жазбаша  келiсiмiмен ғана иелiктен айыруға  немесе оған өзгеше әдiспен билiк етуге, сондай-ақ дебиторлық берешектi, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, беруге және есептен шығаруға құқылы.  
      Қазыналық кәсiпорын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, өзi өндiрген өнiмдi дербес сатады. Қазыналық кәсiпорынның табыстарын бөлу тәртiбiн оның мүлкiн меншiктенушi белгiлейдi.

3. Қазыналық кәсiпорынның өзiнiң  негiзгi құралдарына жататын мүлiктi сатуға және оған қатысты сыйға  беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы  жоқ.  
      Ескерту. 206-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.12.16. N 320, 2001.03.02. N 162, 2002.05.21. N 323 Заңдарымен.        

207-бап. Қазыналық кәсiпорынның, мекеменiң және 
               мемлекеттiк мекеменiң борыштары бойынша 
               құрылтайшының жауаптылығы      

1. Қазыналық кәсiпорын өзiнiң  мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Қазыналық кәсiпорынның ақшалай қаражаты жеткiлiксiз болған жағдайда, оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы орган субсидиарлық жауаптылықта болады.Шарттық мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк мемлекеттiк кәсiпорын туралы заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен туындайды.     

2. Мекеме мен мемлекеттiк мекеменiң  жауапкершiлiгi осы Кодекстiң 44-бабының  1-тармағында көзделген тәртiппен  туындайды. 
      Ескерту. 207-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 1998.03.02. N 211, 1998.12.16. N 320 Заңдарымен.        

208-бап. Мекеменi меншiктену  құқығының ауысуы      

 Мекеменi меншiктену құқығы  басқа адамға ауысқан кезде  бұл мекеме өзiне тиесiлi мүлiкке  оралымды билiк жүргiзу құқығын  сақтап қалады.

 

Жер пайдалану  құқығы

Жер пайдалану  құқығы — жеке немесе заңды тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізде мерзімсіз (тұрақты) немесе белгілі мерзім шегінде (уақытша) иелену және пайдалану құқығы. Жер пайдалану құқығының субъектілері болып азаматтар мен заңды тұлғалар есептеледі. Қазақстан Республикасының “Жер туралы” Заңына (2001) сәйкес олар төмендегі топтарға бөлінеді:

1) мемлекеттік және мемлекеттік  емес жер пайдаланушылар;

2) осы елдің азаматтары  және азаматтығы жоқ адамдар;

3) тұрақты және уақытша  жер пайдаланушылар;

4) бастапқы және кейінгі  жер пайдаланушылар;

5) жеке және заңды тұлғалар.

Тұрақты Жер пайдалану  құқығы тек қана мемлекеттік жер пайдаланушыларға беріледі, ол ешқандай мерзіммен шектелмейді. Оларға кондоминимум объектілеріндегі мүліктерді шаруашылық жүргізу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісін жүзеге асыратын, қорғалатын табиғи аумақтар жерінде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады. Уақытша Жер пайдалану құқығын қысқа мерзімді (5 жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болып бөлінеді. Уақытша Жер пайдалану құқығын беру мерзімдері жердің нысаналы мақсатын ескере отырып тағайындалады. Мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға Жер пайдалану құқығын беру жер учаскесін жалға беру шартының немесе өтеусіз уақытша жер пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жер пайдалану құқығын беру, Жер пайдалану құқығын тапсыру, Жер пайдалану құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру) ауысуы арқылы Жер пайдалану құқығы пайда болады. Жер пайдалану құқығынан айыру азаматтық құқықтық мәмілелер (сатып алу, сату, сыйға тарту, айырбастау, т.б.) негізінде жүзеге асырылады. Жер пайдалану құқығын белгілі бір мерзімге басқа тұлғаға тапсыру жалдау немесе жерді өтеусіз уақытша пайдалану шартының негізінде жүргізіледі. Жалдау — бастапқы жер пайдаланушы өзінің Жер пайдалану құқығын иелігінен шығармай, өзіне тиісті учаскені өкілетті органға хабарлай отырып, басқа тұлғаға уақытша пайдалануға беретін жағдайда, ал өтеусіз уақытша пайдалану — келісімшарт негізінде пайда болады. Кейінгі жер пайдаланушының өз құқықтарын басқа жер пайдаланушыларға беру құқығы жоқ, ол уақытша жер пайдаланушы болып есептеледі. Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың, шет ел тұлғалары қатысатын біріккен кәсіпорындардың жер учаскесін жалға алуына болады, бірақ олардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін кейінгі жер пайдаланушыға беруге құқығы жоқ.

 

Жерге заттық құқық

ҚР АК-ның 195-бабының 1-тармағына  және жылжымайтын мүлікке құқықты  мемлекеттік тіркеу туралы жарлықтың 2-бабына сәйкес, жерге құқықтың ішінен меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, сервитуттар заттық құқықтарға жатады. Заң дактринасында жер учаскісіне заттық құқықтарға, жоғарыда аталғандардың  басқа, әдебиетте кепілді, сенімгерлікпен басқару құқығын жатқызады. Біз, жер учаскілеріне оралымды басқару  құқығының туындауы мүмкін деп ойлаймыз. Мұндай құқыққа, әсіресе, ғимараттары  мен құрылыстары өздеріне оралымды басқару құқығында тиесілі мемлекеттік  емес мекемелер мұқтаж болып отыр. Жер учаскісіне шектелген өзгедей  заттық құқықтар ( тұрақты және уақытша  жер пайдалану құқығы) мемлекеттік  меншік құқығынан туынды құқықтар болып  табылады, ал мемлекеттік емес мекеме құқығы құрылтайшылардың жеке меншік құқығынан туынды болуға тиіс. Оралымды басқару құқығы осындай конструкцияға  жатады. Бірақ, қазіргі күшіндегі  жер заңнамасы жер учаскелерін  оралымды басқару құқығының обьектілері  деп танымайды.

Барлық көрсетілген құқықтардың  обьектісі- жер учаскелері. Заттық құқықтар дара белгілерімен анықталатың заттарға туындайды. Баяндалғандарға жүгінсек, жер учаскесіне заттық құқықтың туындауынын  алғы шарты-обьектіні қалыптастыру болып табылады. Жер учаскелерін  құқықтық қатынастардың обьектілері  ретінде жеке даралау қазіргі  уақытта оларға кадастірлік нөмерлерін беру,шекараларын, тұрғвн жерін анықтау, санатын және мақсатты арналымын  белгілеу және басқа параметрлер арқылы жүзеге асырылады. Жер учаскесін сәйкестендіру оның қажетті нышандарын жер және құқық кадастрларына, сонлай-ақ құқық куәландыратын құжаттарға (меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актілерге, т.б ) енгізу арқылы жүзеге асырылады.Жер учаскелеріне құқықты куәландыратын, ҚР Үкіметінің қаулыларымен бекітілетін құжаттардың қазіргі, күшіндегі формаларында, негізінен, жер учаскісінін жер және құқық кадастрын жүргізу үшін қажетті сәйкестендіруші нышандар бар.

Қазіргі кезде құқық куәландыратын  құжаттардың ( жерді өмірбақи мұралықпен иелену құқығына, тұрақты пайдалану  құқығына) ескі формалары қолданылуда, олар ҚР Жер кодексінің ( ары қарай-ҚР Жер кодексі) 170-бабының 9-тармағына  сәйкес зандық күшін жоғалтқан жоқ. Бірақ, мұндай құжаттар жер учаскесін  жылжымайтын мүлік обьектісі  ретінде толықтай сәйкестендіруге  мүмкіндік бермейді, себебі оларда кадастр нөмері, жердің санаты, жер  уяаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі туралы деректер көрсетілмеген. Соған байланысты жер және құқық  кадастрларын жүргізу жөніндегі  органдармен мұндай құжаттардағы жетіспейтін  ақпаратты не оларға қосымша ақпарат  енгізу не оларды құжаттардың жаңа формаларына алмастыру арқылы толықтыру  процедурасы келісілген. Мұндай құжаттарды алмастыру жерге орналастыру  жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Соған байланысты, актілердің ескі формаларының заңдық күшін жоғалтпағанына қарамастан, құжаттарды актілердің жаңа формасына алмастырмай онда бекімін  тапқан құқықтың кейбір жағдайларда  жүзеге асырылуы мүмкін емес.

Заңнаманың дамуының әртүрлі  кезеңдерінде оның жер учаскелерінің  параметрлерін анықтайтын құқықтық режимі өзгеріп отырды.Мүмкін,жаңа сәйкестендіруші нышандарды еңгізумен  немесе ескілерін алып тастаумен  байланысты алдағы өзгерістер бұрын  берілген құжаттардың заңдық күшіне,құқық  және жер кадастрларын толтыруға  қатысты проблемелар тудырар.Осы  баяндалғандарға байланысты жер  және құқық кадастрлары арасында әрбір жағдайда бұрын берілген құқықты  куәландыратын құжатты жаңағы алмастыруды  қажет етпейтін,ақпарат алмасудың  икемді жүйесін орнату керек.

Қ.Р заңнамасында,белгіленген  тәртіппен жер қатынастары субектілеріне  бекітіліп берілетін,тұйық шекара ішіндегі бөлінген жер бөлігі болып  табылатын «жер участігі» ұғымынан басқа (ҚР Жер кодексінің ) «жер»  деген ұғым бар. Осыған байланысты осы  ұғымдардың ара қатынасы және бұл  нысандарға заттық құқыққа ие бола алатын субьектілер туралы мәселе туындайды.Жер  кодексінде берілген анықтамаға сәйкес,Жер  дегеніміз – шегінде Қ.Р егемендігі, табиғи ресурс, жалпыға бірдей өндіріс  құралы және кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі орнатылатын аумақтық кеңістік. «Жер» және «жер учаскесі»  ұғымдарының ара қатынасы тек  пен түр сияқты деп ойлаймыз.Ал, жеке меншік құқығы мен жер пайдалану  құқығының обьектілері тек жер  учаскілері бола алады.Қалған жер,біздің пікірімізше,мемлекеттік менщік обьектісі  бола алады. Мұндай тұжырым жеке меншікте емес жерге мемлекеттік меншік құқығы презумпциясы принципінен шығады (Жер  кодексінің 26-бабының 1-тармағы). Мемлекет меншігіндегі жерлер жер учаскелеріне бөлінуі немесе бөлінбеуі мүмкін. Жерді жеке меншікке немесе жер пайдалануға беру әрқашанда жер учаскелерін құру арқылы бщлады. Осыған байланысты мынандай сұрақ туындайды – таратылып берілмеген мемлекеттік жерлер жеке дара анықталған заттар болып табыла ма, себебі оларда кадастр нөмірлері жоқ, олардың шекаралары, көлемі анықталмаған, т.б. Бұл көрсетілген жағдайларда жерді мемлекеттік меншік құқығының обьектісі ретінде жекелеу өзгедей белгілерімен анықталатыны рас. Атап айтқанда, бұл мемлекеттін шекаралары, жер кадастырынын жер – кадастрлық негізі, онда жерлер санаттар, жер бонитеті және басқа параметрлер бойынша бөлінген. Мемлекеттердің шекаралары бір мемлекеттің аумағын екінші мемлекеттің аумағынан бөлуге мүмкіндік береді. Қазақстанда, сол шекараның шегіндегі жеке меншік емес жерлердің барлығы мемлекет меншігі деп танылады.

Бұл айтылғандар заттық құқық  обьектілерінің әрқашанда жеке даралануы  тиіс екендігін растайды.

Жер учаскелеріне заттық құқыққа, жоғарыда аталып өткендей, меншік құқығы, тұрақты және уақытша жер пайдалану  құқығы жатады.Олардың әрқайсын бөлек  қарастырайық.

Қазақстан заңнамасы жерге (жер учаскесіне) меммлекеттік және жеке меншік болуына жол береді.Жеке меншік институтын ҚР конституциясы  енгізген, оған сәйкес жер заңда  белгіленген негіздерде, шарттар  мен щектерде жеке меншікте де болады. Жеке меншіктегі жер учаскілерінің  субьектілерін, обьектілерін және құқықтық режимін ҚР Жер кодексі және басқа  НҚА белгілейді.

Жер учаскесін жеке меншікке иелену мүмкіндігі жердің субьектік  құрамына, санатына және жер учаскесінің  мақсатты арналымына байланысты. ҚР азаматтары, Жер кодексіне сәйкес, жеке меншігіне  шаруа (фермер) қожалығын,өзіндік қосалқы  шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді (құрлыстарды, ғимараттарды), олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда  өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерде (құрылыстарды, ғимараттарды), олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелерін иеленуге құқылы.

Осы баптың 3-тармағына сәйкес азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін  жүргізу үшін өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үй ғимараттарын (құрылыстарын) және олардың кешендерін соғуға берілген немесе олар соғылып  қойған жер учаскелері, сол ғимараттардың (құрылыстардың) мақсаттық арналымына сәйкес оларға қызмет көрсету үшін арналған жерлер де болады.

Шетелдік азаматтардың, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды  тұлғалардың (мемлекеттік емес) жеке меншігінде, тауарлы ауыл шаруашылығы  өндірісін жүргізуге арналған жерлерді қоспағанда, ҚР Жер кодексінің көрсетілген  мақсаттар үшін жер учаскелері болуы  мүмкін.

 

Азаматтық құқық  туралы ұғым

Қазақстан Республикасының  бір тұтас құқық жүйесі бірнеше  салаға бөлінетіндігі бәрімізге  мәлім. Сол салалардың бірі болып  табылатын – азаматтық құқық. Азаматтық құқық сала ретінде елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономиканың бірден-бір негізі десек те болатын шығар. Өйткені, бұл саламен реттелінетін құқық қатынастарының шеңбері кең.

Азаматтық құқығымен реттелінетін қатынастардың түсінігін беру үшін құқық теориясында қолданылып жүрген ережелерге сүйенуіміз қажет. Яғни айтқанда, реттеу пәні мен реттеу тәсілдері. Осы  жоғарыда көрсетілген екі категорияның негізінде азаматтық құқығына   сала ретінде тек анықтама  ғана емес,  оның басқа құқық  салаларынан  ерекшелігін  де көрсетуге болады.

Азаматтық кодекстің    1-ші бабының  1-ші тармағында көрсетілгендей, азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне  негізделген  өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ м.үліңктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар  реттеледі. Сонымен қатар, мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар да азаматтық заңдармен  реттеледі, өйткені олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген, не мүліктік емес жеке  қатынастар мәнінен туындамайды.

Жоғарыда көріп отырғанымыздай, азаматық құқығымен реттелінетін қоғамдық қатынастардын негізгісі болып  табылатыны- мүліктік қатынастар. Сондықтан  да айтып кеткен жөн болар, кез  келген мүліктік қатынастар емес,  қоғамның негізін қалайтын тауар- ақша қатынастары, яғни  азаматық құқық субъектілерінің  кез келгенінің  қатысуымен  және әр түрлі көріністерде байқалатын мүліктік қатынастар.

Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ  мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың  есімі, жеуке келбет құқығы, жеке өмірдің  құпиялығы, тұрғын үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір- қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды жатқызуға болады. Қазақстан  Республикасының Конституциясының 9-шы бабында  азаматың ар- намысымен  қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық  атап көрсетілген.  

Сондай-ақ Ата Заңның 33-бабы «азаматың жеке өміріне қол сұғуға болмайтындығын» атай келе, «азаматың  жеке өміріне арласуға, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қолсұғуға  тыйым салынады» десе, осы баптың  келесі тармағында «тұрғын үйге қол  сұғуға болмайтындығы» атап көрсетілген. Жоғарыда көрсетілген мүліктік қатынастармен  байланысы жоқ жеке қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастардың екінші  тобын құрайды.

Азаматық заңдармен реттелетін қатынастар  жиынтығын анықтай  келе, бүл қатынастардың субъектілерін  де атап көрсетуге болады. Оларға жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік -  аумақтық бөлініс. 1964 жылғы Азамтық Кодекспен салыстырғанда 1994 жылы 27-ші желтоқсанда қабылданған  Азаматық Кодекстің ерекшелігі сол,  мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарға осы қатынастарға өзге қатысушыларымен  тең негізде түсетіндігі атап көрсетілген.

 

Азаматтық-құқықтық реттеу тәсілдері

Азаматтық құқық сала ретінде  толық көрінуі үшін оның реттеу тәсілдерін анықтау қажет. Көптеген ғалымдардың  тұжырымдары бойынша құқықтық қатынастарды реттеу тәсілінің бірнеше түрі бар  және ол құқық жүйесінің салаларына байланысты әрқилы болуы мүмкін. Азаматтық-құқықтық қатынастардың ерекшеліктеріне  байланысты азаматтық құқығының  реттеу тәсілі төмендегі ережелерге байланысты анықталады. Біріншіден, азаматтық-құқықтық қатынаста қатысушылардың заңи теңдігі, яғни азаматтың құқығының субъектілері азаматтық айналымға түсу прцесінде  бір-біріне тәуелсіз. Екіншіден, жеке және заңды тұлғалар азаматтық құқық  пен азаматтық міндетті өз ниеттерінің  негізінде жүзеге асыруы, азаматтық-құқықтық қатынастарды жүзеге асыру мүмкіншілігінің  теңдігі және заң алдында бір  текті қорғалуы.

Азаматтық құқық, көбінесе диспозитивтік  нормаларға негізделген.

Диспозитивтік норма дегеніміз  – тараптар араларында туындайтын қатынастарды өздерінің қалауынша, егер заңда өзгеше көзделмесе, реттеу мүмкіндігі. Осы тұрғыдан алғанда, Азаматтық  Кодекстің көптеген нормалары көрсетілген  ережелерге бағынады. Мәселен, Азаматтық  Кодекстің 238-ші бабы, яғни шарт бойынша  мүлік алушыда меншік құқығы пайда  болатын кезеңі.

Жоғарыда көрсетілгендерді қорыта келіп, азаматтық құқыққа  сала ретінде төмендегідей анықтама беруге болады.

Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген, тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық норма жиынтығы.

 

Азаматтық құқықтың әдістемесі.

Құқықтың әрбір негізгі  саласының өзіне тән құқықтық реттеу әдістемесі болады. Ал оның жеке қырлары субъектілердің құқықтық мәртебесінде (статусында), құқық қатынастарын қалыптастыру негіздерінде, олардың мазмұнын айқындау әдістерінде және заң санкцияларында топтастырыла көрсетілген.

Мүлiктiк және мүлiктiк  емес қатынастардың азаматтық -құқықтық реттеу әдiстемесi бiрқатар өзiндiк белгiлерге  ие:

а) азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың жалпы құқықтық жағдайы  олардың тауар — ақша және басқа  қатынастарьына негiзделген заңды  түрдегi теңдiгiмен сипатталады (АК-тің 1 және 2-бабы, 1-тармағы). К.Маркс “Капиталда”  былай деп жазды: заттар бiр-бiрiне тауар ретiнде қатысуы үшiн  тауар иелерi бiр-бiрiне адам ретiнде, бұл заттарды еркiмен билейтiн  адам ретiнде, қатысуға тиіс: сонымен, бір  тауар иесi  
тек екiншiнің еркi бойынша, демек олардың әрқайсысы екеуiне ортақ ерiктi акт арқылы, өз тауарын басқаға бере отырып, өзге  
тауарды өзi иемденедi. Демек, олар бiрiн бiрi жекеменшiкші деп бiлуге тиiс”.

Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың заң жүзiндегi теңдiгiне келсек, олардың азаматтық айналмда тең құқықты, тәуелсiз субъектiлер екендiгiн көремiз, әрi оның әрқайсысы мүлiктiк оқшаулыққа ие болады, сондай-ақ бiр-бiрiмен қарым-қатынаста тең дәрежеде әрекет етеді. Бұл азаматтық құқықтық субъектiлерiнiң бiрде-бiрi азаматтық құқық  
қатынасында екiншi жақа бiржақты мiндет жүктеуiне болмайды деген сөз. Сонымен қатар құқықтық қатынастағы жақтардың араларында дау туындаған жағдайда, екiншi жақ үшiн мiндетті болып табылатын шешімді қабылдай алмайды;

е) азаматтар мен заңды  тұлғалар өздерiнің азаматтық құқықтарына  өз еркiмен және өз мүддесiн көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады. Олар шарт негiзiнде өздерінің құқықтары  мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтiн  кез келген жағдайларын белгiлеуде  ерiктi (АК-тiң 2-бабы, 2-тармағы). Демек, азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушыларына өзiнiң  қалауынша және мүддесiне сай келетiн  жағдайларды таңдауына мол мүмкiндiк  жасалады;

б) тараптар азаматтық құқықтық қатынастарда тең дәрежеде қорғану  құқығына ие және қорғанудың белгiлi бiр  мүмкiндiгiн талдауға ерiктi (теңдiк  және тұлғалардың өз құқықтарын толық  пайдалану мүмкіндiгi). Азаматтық  құқықты қорғау сотпен (төрелiк сотпен немесе аралық сотпен) жүзеге асады, бұл  орайда Азаматтық кодекстiң 9-бабына сәйкес қорғанудың азаматтық iстердi жүргiзу заңдарының ерекше ережелерiн сақтай отырып ашық әдiстерi қолданылады. Егер заң құжаттарына өзгеше көзделмесе, бұзылған құқықты қорғау үшін өкiмет  билiгi немесе басқару органына өтiнiш  жасау, құқық қорғау туралы талап  арызбен сотқа шағымдануға кедергi жасамайды. Былайша айтқанда, сот  бұзылған немесе дауға түскен құқықтарды қорғауға тиiс. Егер қандай да бір құқық  әкiмшiлiк жолмен қорғалса, онда ол заңға  тiкелей сүйенуi керек. Мұндай жағдайда құқыққа байланысты дау сотқа  бiрден жiберілмей, алдымен әкiмшiлiктiң  шешiмiн күтедi. Әкiмшiлiк шешiм қабылдағаннан  кейiн ғана оны сотқа беруге болады.

Азаматтық кодекстiң 9-бабының 1-тармағына мемлекеттiк басқару  органының немесе жергiлiктi өкiлдi атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтiн  құжатын жарамсыз немесе орындауға  жатпайды деп тану туралы азаматтық  құқықтарды қорғаудың жаңа тәсiлi енгiзiлген. Азаматтық кодекс қабылданғанға  дейiн көптеген құқық қолданушы  органдар заңға сүйенiп жасаған  құжаттардың сол заңға сәйкес келмегенiмен iс жүзiнде оның қолданылып келгенiне әрi мұндай заңсыз құжаттарды ешкiмнiң де терiске шығармағанына  талай мәрте көз жеткiзген болатын, ал осындай келеңсiздiк көп қиындық  келтiрдi;

в) азаматтық-құқықтық жауапкершілiк  өзiндiк сипатымен, атап айтқанда, мүлiктiк  және өтем түрiнде айқындалады; сондай-ақ оған келтiрiлген залалды толықтай өтеу талабы да жатады; заң құжаттарында өзгеше көзделмеген жағдайда, бұл  заң бұзушының кінәсiнің қандай екендігіне де байланысты болады.

 

 

 

Азаматтық құқықтың қағидасы

1. “Принцип” (қағидат)  терминi латынның сөзi - бастау, негiз дегендi білдiредi. Азаматтық принциптерi (қағидаттары) – ол  нормативтiк сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негiз. Ол Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлiнше маңызды тұстарын көрсетедi. Демек азаматтық заңды түсiну мен оны қолдану азаматтық құқықтың тек жалпы принциптерi (қағидаттары) арқылы мүмкiн болады.

Принциптер (қағидаттар) Азаматтық  құқық жүйесiнде әрқашан  бастапқы норма болып саналады. Сондықтан  да басқа нормалар онымен жанама түрде көрiнiп, жалпы сипат алады, демек принцтер өзгелерден басым түседi. Принциптер азаматтық-құқықтық нормалардың барлық жүйесiн қамтып, басшылыққа алынады, Азаматтық кодекстiң 2-бабындағы азаматтық заңдардың жалпы негiздерi мен мәнiсi беки түсуiне байланысты, ендi принциптер нормативтiк мәнге ие болды және оны қолдану міндеттiлiкке айналды. Бұрын-соңды азаматтық принциптер заң нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырымдама ретiнде бекiтiлмеген едi, тек “азаматтық заңдардың жалпы негiздерi мен мәнiсiне байланысты” деген жалпылама тұжырымдамамен шектелетiн (Қазақ КСР АК-тiң 4-бабы).

Оралымды басқару құқығы