Осы стандарттың мақсаты мен қолданылу саласы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ……………………..4
1.1
Қызметкерлер құрамының есебі……
1.2
Қызметкерлермен еңбекақы
2. 19-ХҚЕС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ БЕРІЛЕТІН СЫЙАҚЫЛАР….7
2.1 Осы стандарттың мақсаты мен қолданылу саласы…………….......7
2.2 Қызметкерлерге
берілетін қысқа мерзімді
2.3 Қысқа мерзімді төленетін демалыстар……………………12
2.4 Еңбек қызметінің аяқталуына байланысты сыйақы: белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары және белгіленген төлемдері бар зейнеткерлік жоспарлар арасындағы айырмашылық……………………14
2.5 Қызмет кезеңдері бойынша сыйақыны бөлу…………………17
2.6 Қызметкерлерге берілетін ұзақ мерзімді сыйақылар…………………19
2.7
Күшіне ену күні………………………………………
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………25
КІРІСПЕ
1
Еңбекақы төлеуді
ұйымдастыру
1.1
Қызметкерлер құрамының
есебі
Кәсіпорын шаруашылық қызметі процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, демек жұмыс барысында әр түрлі ауыс-түйістер болып тұоады. Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадр бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субъектідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, санаттарын (категория), кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс өтілін (стажын), білімін және басқа да белгілерін есепке алады.
Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей және еңбек келісімшарттарын жасайды.
Жеке еңбек келісімшарты – жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түрдегі келісім, онда жұмыс орыны, келісімшарттың мерзімі, еңбек тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да мәселелері туралы қарастырылады.
Әдетте, жалақысының деңгейін жұмыс беруші белгілейді және ол жеке еңбек келісімшартында тіркеледі.
Жеке еңбек келісімшарты бойынша тараптардың жауапкершілігі, міндеті, құқықтары белгіленеді. Жеке еңбек келісімшарттарында өндіріс саласының ерекшеліктері, нақты міндеті, жұмыс берушінің қаржылық мүмкіндігі, бір сөзбен айтқанда, шарттың мазмұны мен сипаты ашылады. Дегенмен де, келісімшартқа Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 2-бөлім, 4-тарауы бойынша 30-бабы енгізілуі тиіс. Кез келген 16 жасқа толмаған азамат жеке еңбек шартын жасауға құқылы, ал егер ата-анасы рұхсат берсе, 15 жастан және 14 жастан да еңбек етуі мүмкін.
Жеке еңбек келісім шартында мына жайттар қарастырылады:
- белгісіз мерзімге;
- белгілі мерзімге;
- белгілі бір жұмыс орнына, белгілі уақытқа;
- еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша атқаруға.
Заңды келісімшарттың максималды және минималды мерзімі белгіленбеуі мүмкін. Егерде жеке еңбек келісімшартында мерзімі айтылмаса, онда ол белгісіз мерзімге қабылданған болып саналады. Жеке еңбек келісімшарты жазбаша түрде екі данадан жасалады және оған екі жақта қол қояды. Оның бір данасы жұмысқа тұрушы еңбеккерге беріледі. Еңбеккер өз қызметіне келісімшартта көрсетілген күннен бастап кіріседі, онда оның нақты жұмысқа шыққан күні есептелінеді.
Жеке еңбек келісімшартын жасау үшін жұмыс беруші қызметкерден еңбек кітапшасын, жеке төлқұжатын, жеке әлеуметтік кодын, зейнеткерлік келісімшартын, білімі туралы құжатын талап етуге құқылы. Жеке еңбек келісімшартына қол қойғаннан кейін, жұмыс беруші бұйрық шығаруы тиіс.
Жұмысқа жаңадан қабылданғандарды “Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен (өкіммен)” құжаттайды.
Қызметкерлерді
жұмыстан шығарғанда “Еңбек шартының
тоқтатылуы туралы бұйрық (өкім)” қолданылады.
Оны кадр бөлімінің қызметкері екі дана
етіп толтырады. Бірі кадр бөлімінде қалдырылады,
ал екіншісі бухгалтерияға беріледі. Оған
құрылымдық бөлімшенің бастығы немесе
кәсіпорын басшысы қол қояды. Бұйрықтың
негізінде кәсіпорынның бухгалтериясы
қызметкермен есеп айырысады. Жұмыстан
өз еркімен шыққанда қызметкер үлгінің
бет жағына арыз жазады.
1.2
Қызметкерлермен еңбекақы
бойынша есеп айырысу
Қызметкерлермен еңбекақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 3350 “Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу” шотында жүргізіледі. Бұл – пассивті шот.
Қызметкерлерге еңбекақы есептегенде 3350 шоты кредиттелінеді, ал мына шоттар дебетттелінеді:
2930 “Аяқталмаған құрылыс” шоты күрделі құрылыспен шұғылданатын және сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек төлемінің сомаларына;
7110 “Өнімді сату және қызмет көрсетулер бойынша шығыстар” шоты өнім өткізумен, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің еңбек төлемінің сомаларына;
7210
“Әкімшілік шығыстар” шоты
Еңбекақы есебі бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының шоттар корреспандентциясы төмендегідей болады:
1.Негізгі
өндіріс жұмысшыларына
Дт: 8110 Кт: 3350
2.Көмекші
өндіріс жұмысшыларына
Дт: 8310 Кт: 3350
3.Жұмысшы
– қызметкерлерге кассадан
Дт: 3350 Кт: 1010
4.Аванстың пайдаланылмаған қалдығы есепті тұлғаның жалақысынан ұсталды:
Дт: 3350 Кт: 1250
5.Әкімшілік
басқару қызметкерлеріне
Дт:
7210 Кт: 3350
6.Қызметкерлерге қарыз берілді: Дт: 1250 Кт: 1040,1010
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жұмыскердің еңбекақысынан: міндетті зейнетақы, жеке табыс салығы, орындаушы қағаздар бойынша, сонымен бірге жұмысшының жазбаша келісім бойынша, немесе жұмыс берушінің бастамашылдығымен жұмыскердің келісімінің еңбекақы есебінде төленген авансты қайтару үшін(артық төленген соманы қайтару үшін) және т.б. жағдайларда ұстап қалулар болады.
Жеке
табыс салығын ұстау. Салық кодексінің
145-бап ставкасына сәйкес, еңбекақы, сонымен
қатар жұмыс орындарынан төленетін төлемақылар,
натуралды төлемақыны қоса есептегендегі
қызметкерлер табыстары, материалдық,
әлеуметтік табыстарынан жеке табыс салығы
ұсталады. Жеке табыс салығын есептеу,
ұстау белгіленген заңдылықтар бойынша,
ай сайын өспелі жиынтықтан жүргізіледі.
Жеке табыс салығы еңбекақыдан ұсталатын
міндетті ұсталым болып табылады: Дт:
3350 Кт: 3120.
2. 19-ХҚЕС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ БЕРІЛЕТІН СЫЙАҚЫЛАР
2.1
Осы стандарттың
мақсаты мен қолданылу
саласы
Осы Стандарттың мақсаты есеп тәртібін орнату және қызметкерлерге берілетін сыйақы туралы ақпаратты ашу болып табылады. Стандарт компаниядан мыналарды тануды талап етеді:
(а) міндеттемені – егер қызметкер болашақта төленуі тиіс сыйақы орнына қызмет көрсеткен жағдайда; және
(b) шығысты – қызметкердің сыйақы орнына қызмет көрсету нәтижесінен шығатын компанияның экономикалық пайданы пайдаланған жағдайда.
Қолданылу саласы
1. Осы Стандарт, оларға қатысты 2-«Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер» IFRS Халықаралық стандарты қолданылатындарды қоспағанда, жұмыс беруші қызметкерлерге беретін барлық сыйақыларды есепке алу үшін қолданылуы тиіс.
2. Осы Стандарт зейнетақы жоспарлары бойынша есептілікке қатысты емес (19-«Зейнетақымен қамсыздандыруға жұмсалған шығындар» IAS қараңыз).
3. Оларға қатысты осы Стандарт қолданылатын қызметкерлерге сыйақылар мынадарды қамтиды:
(а) жасалған жоспарларға немесе компания және оның қызметкерлері немесе олардың өкілдерінің арасындағы басқа да жасалған келісімдерге сәйкес;
(b) заңнаманың талаптарына сәйкес немесе компания ұлттық, мемлекеттік, салалық немесе басқа да жұмыс берушілер тобына жарналар төлеуді жүзеге асыруға тиісті сала ішіндегі шарттарға байланысты; не
(с) жүктелген міндеттеменің шығуына әкеліп соқтыратын компания тәжірибесінің қалыптасуына сәйкес. Егер компанияның қызметкерлерге төлеулерді жүзеге асыруына нақты баламасы болмаса, қалыптасқан тәжірибе жүктелген міндеттемеге әкеліп соқтырады. Жүктелген міндеттеменің мысалы компанияның қалыптасқан тәжірибесінің өзгеруі оның қызметкерлерімен қарым-қатынасында тиімсіз зиянға әкеліп соқтыратын жағдайы болуы мүмкін.
Қызметкерлерге берілетін сыйақыға:
(а) жұмысшыларға және қызметкерлерге берілетін жалақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған жарналар, жыл сайынғы ақы төленетін демалыс және ауруына байланысты ақылы демалыс, пайда және сыйлықақыларға қатысу (егер олар кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленетін болса), сонымен қоса осы уақытта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін ақшалай емес нысандағы сыйақылар сияқты (медициналық қызмет, үймен және көлікпен қамтамасыз ету, ақысыз немесе күні белгіленген тауарлар немесе қызметтер сияқты) қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар;
(b) зейнетақы, зейнетке шыққаннан кейін берілетін басқа сыйақылар, еңбек қызметі аяқталған соң өмірді сақтандыру және медициналық қызмет көрсету сияқты еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы;
(с) жұмыс стажы ұзақ қызметкерлер үшін ақы төленетін демалыс немесе ақы төленетін шығармашылық демалыс, мерейтойларға арналған, еңбекке жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімді жәрдемақылар, сондай-ақ пайдаға және сыйлықақыға қатысуға, егер көрсетілген төлемдер кезең аяқталғаннан кейінгі 12 айдан астам кезеңде жүзеге асырылса, қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар; және
(d) шығу жәрдемақылары.
(а)-(d)
көрсетілген әрбір санаттың әр
түрлі сипаттамаға ие болуына
қарай осы Стандарт әрбір
5. Қызметкерлерге берілетін сыйақы қызметкерлерге берілетін, сол сияқты асырауындағы адамдарға берілетін сыйақы сияқты, және/не қызметкерлердің, олардың жұбайларының, балаларының немесе басқа асырауындағы адамдардың, не, мысалы, сақтандыру компаниялары сияқты басқа тұлғалардың тікелей пайдасына іске асырылатын төлем жасау (немесе тауарлар немесе қызмет көрсету үшін) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
6. Қызметкер компанияға толық жұмыс күні негізінде, тұрақты, біржолғы немесе уақытша негізде ішінара жұмыспен қамту қызметін көрсете алады. Осы Стандарттың мақсаты үшін қызметкерлер санына директорлар және басқа да басқару саласының қызметкерлері кіреді.
Мынадай терминдер осы Стандартта белгіленген мағынада қолданылады:
Қызметкерлерге берілетін сыйақы – компанияның қызметкерлерге олар көрсеткен қызметтің орнына ұсынылатын сыйақылардың және төлемдердің барлық түрлері.
Қызметкерлерге
Еңбек
қызметі аяқталған кезде
Еңбек
қызметі аяқталған кездегі
Белгіленген
жарналары бар зейнетақы
2.2
Қызметкерлерге берілетін
қысқа мерзімді сыйақылар
Қызметкерлерге берілетін сыйақы – компанияның қызметкерлерге олар көрсеткен қызметтің орнына ұсынылатын сыйақылардың және төлемдердің барлық түрлері.
Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар – қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең ішінде кезең аяқталғаннан кейін толық көлемде 12 ай ішінде төленуге тиісті, қызметкерлерге берілетін сыйақы (шығу жәрдемақылары және үлестік құралдарға өтемақы төлемдерін қоспағанда).
Еңбек
қызметі аяқталған кезде
Еңбек қызметі аяқталған кездегі сыйақылар жоспары – компанияның қызметкерлерге олардың еңбек қызметі аяқталғаннан кейін тиісінше төлейтін сыйақыларға жасалған немесе жасалмаған келісімдері.
Белгіленген
жарналары бар зейнетақы
Белгіленген
төлемдері бар зейнетақы
Жұмыс берушілер тобының зейнетақы жоспарлары – бұл:
1.жалпы бақылауда тұрмайтын әр түрлі компаниялар енгізген активтерді біріктіретін; және
2.зейнетақы жарнасы және көлемі зейнетақыны алушы қызметкердің қандай компанияда жұмыс істеуіне тәуелсіз анықталу шартымен бірнеше компаниялардың қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру үшін бұл активтер пайдаланылатын белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары (мемлекеттік зейнетақы жоспарларынан басқа) немесе белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары (мемлекеттік зейнетақы жоспарларынан басқа).
Қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар - қызметкер тиісті қызмет көрсеткен кезең ішінде төлем жасау бойынша берешек, кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде толық көлемде өтелу мүмкін болмайтын қызметкерлерге берілетін сыйақы (еңбек қызметі аяқталуы бойынша төленетін сыйақылар, шығу жәрдемақыларды және үлестік құралдармен өтемақы төлемдерін қоспағанда).
Шығу жәрдемақылары –:
1. қызметкерді зейнеткерлік жасқа толмағанға дейін компанияның шешімімен жұмыстан шығарса; не
2. қызметкердің өз еркімен осындай сыйақыға айырбастауға жұмыстан шығу салдары болып табылатын қызметкерлерге берілетін сыйақылар.
Кепілдік берілген зейнетақылар – оларды алу құқығы қызметкерлердің әрі қарайғы жұмысына тәуелді емес зейнетақылар.
Белгіленген
төлемдері бар зейнетақы
Ағымдағы
қызмет көрсету құны – ағымдағы
кезең ішінде қызметкерлерге қызмет
көрсету нәтижесінде
Пайыздарға жұмсалған шығын – зейнетақыны төлеу сәтінің бір кезеңге жақындауына байланысты шығатын кезең ішінде белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнының ұлғаюы.
Әділ
құн – жақсы хабардар, осындай
мәмілені жасауға келіскен және бір-бірінен
тәуелсіз тараптардың арасындағы мәмілені
жасау барысында активке
Жоспар активіне кіріс – іске асырылған және іске асырылмаған пайда және залалдармен бірге зейнетақы жоспарының активтерінен алынатын пайыздар, дивидендтер және өзге де түсім, минус осы активтерді басқаруға арналған кез келген шығындар және осы жоспарға қатысты төленуге жататын салықтар.
Актуарлық пайдалар және залалдар – актуарлық пайдаға және залалға мыналар кіреді:
1) тәжірибе негізіндегі түзету (болашақ жағдайларға қатысты алғашқы актуарлық жорамалдар және негізінде болған жағдайлар арасындағы айырма нәтижелері); және
2) актуарлық жорамалдағы өзгеріс нәтижесі.
Бұрынғы
көрсетілген қызметтердің құны –
төлемдер белгіленген зейнетақы
жоспарлары бойынша міндеттемелердің
дисконтталған құнын
Қысқа мерзімді сыйақыларға мынадай баптар кіреді:
1) жұмысшыларға және қызметкерлерге төленетін жалақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге салынатын жарналар;
2) қызметкерлердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде болжанатын демалыс жағдайында қысқа мерзімді төленетін демалыс (жыл сайынғы төленетін демалыс және ауруына байланысты демалыс сияқты);
3) қызметкерлердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуі тиіс табыс және сыйлықақыларға қатысу;
4) осы уақытта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін төленетін ақшалай емес нысандағы сыйақы (медициналық қызмет көрсету, үймен, автокөлікпен және ақысыз немесе күні белгіленген тауарлармен немесе қызметтермен қамтамасыз ету сияқты).
Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақыларды есепке алу әдетте оңай, себебі міндеттемелерді немесе шығыстарды бағалау үшін актуарлық жорамалдарға жол берілмейді, және компанияда актуарлық пайданың немесе залалдың пайда болуы мүмкін емес.
Қызметкерлерге төленетін барлық қысқа мерзімді сыйақылар
Есеп беру кезең ішінде қызметкер компанияға қызмет көрсеткен кезде компания осы:
- кез келген төленіп қойған соманы ұстап қалғаннан кейін міндеттемелер ретінде (есептелген шығыстың). Егер төленіп қойған сома төлеулердің дисконтталмаған шамасынан асып кетсе, компания осындай асып кету аванстық шығыстардың әкеліп соқтыратын шамасына қарай актив ретінде (аванс шығыстарының) тану керек; және
-
активтің өзіндік құнына қосуға талап
ететін немесе рұқсат беретін басқа Халықаралық
қаржы есептілігінің стандарты сол сыйақылар
сомаларын есептемегенде шығыс ретінде
(қараңыз: мысалы, 2-«Босалқылар» IAS және
16-«Негізгі құралдар» IAS) қызметтердің
орнына төленуі тиісті қызметкерлерге
берілетін қысқа мерзімді сыйақылардың
дисконтталмаған шамасын тануға тиіс.
2.3
Қысқа мерзімді төленетін
демалыстар
Компания қызметкерлерге төленетін демалыс нысанындағы қысқа мерзімді сыйақыларды төленуі күтілетін шығындарды мынадай:
1) жинақталатын ақы төленетін демалыс кезінде – болашақ ақы төленетін демалысты пайдалануға қатысты олардың құқықтарын күшейтетін қызметкерлердің қызмет көрсету кезінде;
2) жинақталмайтын ақы төленетін демалыс кезінде – тікелей демалыс басталған кезде тануы тиіс.
Қомпания қызметкерлердің әр түрлі себептермен, соның ішінде жыл сайынғы демалыс жағдайын, ауруы және қысқа мерзімді жұмыс жасауға жарамсыздығын, бала бағу кезінде, ант берген заседатель ретінде қызметке немесе әскер қызметін өтеу кезінде болмауын төлей алады. Ақы төленетін демалыс екі санатқа бөлінеді:
1) жинақталатын;
2) жинақталмайтын.
Жинақталатын ақысы төленетін демалыстар, егер ағымдағы кезең ішінде толықтай пайдаланбаған болса, олардың мерзімі кейінгіге жылжытылып және келесі кезеңдерде пайдалануға болады. Жинақталмайтын ақысы төленетін демалыстар не өтем жасалатын (басқаша айтқанда, қызметкерлердің пайдаланбаған демалыстардың орнына ақшалай төлем құқығына ие), не өтем жасалмайтын (қызметкердің пайдаланбаған демалыстардың орнына ақшалай төлеулерді алуға құқығына ие болмаса) болуы мүмкін. Міндеттеме қызметкерлердің қызметті қалай көрсеткені, болашақта олардың пайдалана алатын ақы төленетін демалыстардың ұзақтығы ненің нәтижесінен көбейетініне байланысты шығады. Қызметкерлер өтем жасалмайтын жинақталған демалыс алу құқығын пайдаланғанға дейін жұмыстан шығу мүмкіндігі осы міндеттемені бағалауға ықпал еткен жағдайда да міндеттеме ақы төленетін демалыс өтелетін болып табылатын жағдайдың өзінде де күшін жоймайды және танылады.
Компания жинақталатын ақысы төленетін демалыстарды төлеуге күтілетін шығындарды қызметкерге төлеу болжанатын қосымша сома және есеп беру күнгі жағдайға байланысты жинақталған пайдаланбаған демалыстар ретінде бағалауы тиіс.
Міндеттеме тек қана ерекшелік ретінде төлемдердің жинақталуына байланысты пайда болатын қосымша төлем шамасы бойынша бағаланады. Көпшілік жағдайда компанияда пайдаланбаған ақысы төленетін демалыстарға қатысты елеулі міндеттемелердің жоқ екендігі туралы қорытындыға келу үшін толық есептеу қажеттілігі жоқ. Мысалы, ауруына байланысты демалысқа қатысты міндеттеме ауруына байланысты пайдаланбаған демалыс ақысы төленетін демалыс ретінде алынуы мүмкін формальды немесе формальды емес болжауға негіз болған жағдайда ғана маңызды болады.
Жинақталмайтын ақысы төленетін демалыстар болашақ кезеңге ауыстырылмайды: ағымдағы жылы пайдаланылмаған немесе толық пайдаланылмаған жағдайда олар жойылады, және қызметкерлерге пайдаланбаған демалыс үшін ақшалай төлемдерді алуға құқық бермейді. Әдетте бұл ауруына байланысты демалысқа (өткен кезеңдердегі демалысты қаншалықты пайдаланбаса, болашақ кезеңдерде демалыстардың ұлғаймауы сондай дәрежеде болады), бала күтімі бойынша демалыс және ант берген отырыс төрағасы ретінде қызметке немесе әскери қызметін өтеу кезінде берілетін демалысқа қатысты. Компания қызметкер көрсеткен қызметіне сыйақы сомасының көбеюіне әкеліп соқтырмайтындықтан, демалыс кезеңі басталғанға дейін міндеттемелерді немесе шығыстарды танымайды.
Компания пайдаға қатысуға және сыйлықақыларды төлеуге жұмсалуы күтілетін шығындарды:
- компанияның ағымдағы немесе шартқа немесе заңнамаға сай туындайтын немесе өткен оқиғаларға байланысты осындай төлемдерді жүзеге асыруға міндеттемесі бар; және
- міндеттеме сенімді бағалануы мүмкін болған жағдайда ғана тануы тиіс.
Ағымдағы міндеттеме компанияның төлемдерді жасамауға нақты мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана болуы мүмкін.
Пайдаға
қатысу жоспарына сәйкес компания ағымдағы
жыл ішінде жұмыс істеген қызметкерлерге
жыл ішіндегі оның таза пайдасының белгілі
бір бөлігін беруі тиіс.
2.4
Еңбек қызметінің аяқталуына
байланысты сыйақы:
белгіленген жарналары
бар зейнетақы жоспарлары
және белгіленген төлемдері
бар зейнеткерлік жоспарлар
арасындағы айырмашылық

- Осьтік нығайтудың теңестіру тәсілі
- Отандық телеарналардағы тікелей эфир хабарлары
- Отандық телеарналардың қалыптасуы мен дамуы
- Отандық экономикада инфляция жағдайы және ерекшеліктері
- Отбасы және қарсы қылмыстың кәмелетке толмаған
- Отбасы және неке, туысқандық қатынастар
- Отбасы құқықғы
- Осуществление таможенными органами валютного контроля
- Осуществление таможенными органами валютного контроля
- Осуществление таможенными органами валютного контроля
- Осуществление финансовой политики организации
- Осуществление функции менеджмента «контроль» на примере конкретной организации
- Осуществление хозяйственной деятельности физическим лицом
- Осуществление ценовой дискриминации