Отбасы құқықғы

Мазмұны

 

І. Кіріспе....................................................................................................

 

1   1867-1868 жылдардағы реформаның түсінігі

1.1 Реформаның түсінігі ................................................................................

1.2 Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа..............................

 

2 Орал, Торғай облыстарындағы және Маңғыстаудағы толқулардың басталуы

2.1 Көтерілістің шығу себебі, уақытша ереженің енгізілуі........................

2.2 Орал, Торғай облыстарындағы және Маңғыстаудағы толқулардың басталуы ................................................................................................................

2.3 Маңғыстау көтерілісі................................................................................

 

Қорытынды................................................................................................

Пайдаланған әдебиттер тізімі.......................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Менің курстық жұмысынмның тақырыбы «Қазақстандағы реформалық жүйе». Курстық жұмыстың өзектілігі реформалық жүйенің қалыптасуы мен оның Қазақстандағы алатын орын.

Реформа(лат. reformate - қайта құру, жаңғырту) - өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту.

Реформа - қоғамның басты негіздерін қайта құру немесе мемлекет жүйесінде қалыптасқан кейбір әлементтерді жаңғырту. Олар әлеуметтік-саяси және әкон. бағыттарды қамтиды. Әлеуметтік-саяси Реформа - өзара қарым-қатынастағы әлеуметтік-саяси құрылымды өзгерту арқылы жүргізіледі. Ол өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру үшін қоғамның әлеум. және саяси жүйесін жетілдіру мақсатында іске асырылады, онда әлеум. өмірдегі объективті өзгерістер үдерісі қарастырылады, агенттіктердің мәртебелік жағдайы анықталады. Мысалы, әлеуметтік және әтно топтардың, тұрақты және уақытша қауымдастықтардың, жеке адамдардың саясат жүйесіндегі қарым-қатынастары және мемлекттік биліктің қалыптасуы мен жұмыс істеу жағдайлары ескеріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Негізгі  бөлім

2.1.  Реформаның  түсінігі

 

Әкономикалық Реформа — қоғамның әкономика негіздерін қайта құру немесе жаңғырту арқылы жағдаятты қайта қарау, яғни тауарды немесе көрсетілетін қызметті сатып алу не сату мақсатында сатып алушылар мен сатушылар арасында тығыз қарым-қатынас пен байланыс орнығатын жаңа яки жетілдірілген кеңістік жүйесін қалыптастыруды көздейді. Ол мемлекеттік әкономикалық саясат пен нарықты мемлекет, беймемлекет реттеу арқылы жүргізіледі. Әрине, әлеуметтік-саяси және әкономикалық Реформалар реформаторсыз немесе реформалаушы көш бастаушыларсыз іске аспайды. Олар белгілі бір саяси топқа сүйеніп, солардың ортақ мүддесін көздейді. Көш бастаушының үш түрі болады, олар:

  1. негіздеуші көсем (харизматик),
  2. қорғаушы көш бастаушы
  3. заң шығарушы реформатор.

Дүние жүзі таныған  реформалаушы көш бастаушы ретінде Мұстафа Кемал Ататүрікті (Түркия), Дән Сяопинді (Қытай), Ли Куан Юді (Сингапур), Махатхир Мұхамедті (Малайзия) айтуға болады. Осы қатардан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасы да заңды түрде орын алады, ол тарихи өлшем бойынша өте қысқа мерзімде Қазақстанды сілкіністер арнасынан сенімді де тұрақты өсу жолына шығара алды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік (1991) алғаннан кейін үлкен әлеуметтік-саяси реформалар жүргізді: президенттік ин-т орнықтырылып, заң шығарушы биліктің құрамына өзгерістер енгізілді, саяси партиялар мен саяси-әкономикалық қауымдастық (кедендік одақ, Еуроазия әкономикалық қауымдастығы) құрыла бастады, БҰҰ-мен және НАТО-мен ынтымақтастық орнатылды. Қазақстан халықар. қауымдастыққа демокр. сипаттағы бейбітшіл мемлекет ретінде танылды. Қазақстан орт-тандырылған әкон. жүйеден нарықтық жүйеге ауысып, нарықтық инфрақұрылымдарды біртіндеп игеріп шықты. Заңдық негіз жалпы алғанда толық қалыптастырылды, салық, бюджет және әлеуметтік Реформа, ақша Реформасы, баға мен тариф Реформасы, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау, білім беру Реформасы жүргізілді. Ел әкономикасына халықаралық капиталды тартуға маңыз беріліп, инвестицияның келуіне қолайлы ахуал жасалды. Қазақстан мұнай мен қара және түсті металдардың әлемдік рыногына берік орнықты. Осындай факторлардың арқасында Қазақстанның әкон. әлеуеті тұрақты әкон. өсімге қол жеткізді. Жүргізілген Реформалардың нәтижесінде Қазақстан Республикасы келешекте инновациялық әкономика секторларын дамытуға құлшыныс жасап, индустрия-инновациялық стратегияны жүзеге асыра бастады.

 

 

 

2.2. Қазақстандағы 1867—1868 жылдардағы реформа

Бұл реформа  Ресейде крепостниктік құқының  жойылуымен және бірқатар буржуазиялық реформалардың қабылдануымен тұстас келді. Капиталистік қатынастардың ұлт аймақтарға таралуы да осы кезден басталды. Ресейде капитализм дамуының екі жағы болды. Ол кең өріс ала бастады. 
         ХІХ ғасырдың орта шенінде іске асырылған сот, земство, халық ағарту және басқа да реформалар Ресейдің құрамында дамыған шығыстағы ұлттық аймақтарға әсер етпей қоймады. Патшалы Ресейдіқ ұлттық аймақтарды шикізат қоры және көзі ретінде сақтау саясаты Қазақстанды да қамтиды.  
       Негізінде екі генерал-губернаторлыққа бағындырылған (Орынбор, Батыс Сібір) қазақ елін билеп-төстеуді өзгерту ісі патша үкіметінің отаршылдық саясатымен тығыз байланысты еді. 1822 жылғы "Сібір қазақтарының жарғысы" мен 1824 жылғы "Орынбор қазақтарының жарғысы" жақа капиталистік қарым-қатынастар өрістей бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады 
XIX ғасырдың 60-жылдарында қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін статс-секретарь И. И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Комиссия бүкіл қазақ даласын екі облысқа — орталығы Торғай өңірінде болған — Батыс, орталығы Сергиопольде немесе Қарқаралыда ұйымдастыру көзделген Шығыс облыстарға бөлуді ұсынды. Комиссия ұсыныстары Орынбор генерал-губернаторы А. П. Безакқа тапсырылды. 1864 жылы 29-қыркүйек күні А. П. Безак Орынбор қазақтарының облыстық басқармасынан қажетті мәліметтер жинастыруды талап етті. 1865 жылы А. П. Безактық отставкаға шығуына байланысты онық орнына жаңа губернатор Н. А. Крыжановский тағайындалды. И. И. Бутков комиссиясының пікірлері мен ұсыныстары қабылданбады. Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған "Дала комиссиясына" жүктелді. Комиссия мүшелігіне Бас штабтан полковник А. К. Гейнс, Орынбор өлкесінен полковник К. К. Гутковский, Батыс Сібір генерал-губернаторлығынан капитан А. П. Проценко енді. 1865 жылдың 5 маусымындағы II Александр патшаның әмірі бойынша қазақ жерін зерттеп білу сұрақтары дайындалды. Әкімшілік басқарудың жақа жүйесіне сай келетін мәселелердің көпшілігі сонда қамтылған еді: өзіндік ауыртпалықтар, жерді иеленудің түрлері, сот істері, ағарту ісі, алым-салық, діни мәселелер, т. б. Алайда реформаны әзірлеуде бұқаралық көпшіліктің көңілі ескерілмеді.

Ғалым Шоқан  Уәлиханов Қазақстанды билеуді  халықтың өзін-өзі басқару негіздерінде қайта құруды талап еткен еді. Қазақ жерінде реформаны тезірек іске асыруды көздеген комиссия ат төбеліндей феодалдық тап өкілдерімен ақылдасып, мәліметтерді солардан жи-нады. Батыс Сібір генерал-губернаторлығында комиссия ірі бай Мұса Шорманұлынан, билеуші сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлынан, Орынбор өлкесінде билеуші аға сұлтан Сейдәліұлынан, тағы да басқа халық мүдделерінен алшақ тұрған шонжар, ауқатты ақсүйектерден жиналған мәліметтерге сенім артты.

Гирстың басшылығымен, құрамында Баллюзек, Л. Мейер, А. П. Проценко болған комиссия Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын, В. Д. Дандевиль, А. К. Гейнс және басқалар енген комиссия Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөнінде реформа жобасын дайындады. 1867 жылы шілденің 11-інде II Алек-сандр патша "Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ережені", 1868 жылғы қазанның 21-інде "Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ережені" бекітті.

Бүкіл қазақ  жері үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір. Азаматтық және әскери билікті қолдарына шоғырландырған генерал-губернаторлықтар жеке облыстарға бөлінді. Орынбор және Торғай облыстары Орынбор генерал-губернаторлығына, Жетісу, Сырдария облыстары Түркістан генерал-губернаторлығына, Ақмола және Семей облыстары Батыс Сібір генерал-губернаторлығына біріктірілді. 1872 жылдан бұрынғы Бөкей хандығының жері Астрахань губерниясына, ал Маңғыстау приставтығы 1870 жылдан Кавказ әскери округінің басқаруына, кейіннен Закаспий облысына енгізілді. Әскери және азаматтық биліктің генерал-губернатор қолында шоғырлануы 1867—1868 жылдардағы реформаның бір түйінді жері болды. Ал Түркістан генерал-губернаторлығына, сонымен қатар Қытай және Иран сияқты елдермен дипломатиялық келіссөз жүргізуге де рұқсат берілді.

Облыс басында  тұрған әскери губернатор сонымен қатар  сол облыстағы қазақ әскерінің  үкімет тағайындаған (наказной) атаманы болып есептелді. Әскери губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылды. Ол үш бөлімнен тұрды: шаруашылық, сот және жарлықты іске асыру. Облыстық басқарма істерін қадағалау вице-губернаторларға тапсырылды. Облыстық басқарма төрағасының жанында арнайы кеңесшілер болды.

Облыстар уездерге бөлінді. Сырдария облысында: Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент, Ходжент және Жизақ; Батыс Қазақстан  облысында Орал, Атырау, Калмыков, Жем (Темір); Торғай облысында Елек, Қостанай, Ырғыз және Торғай; Ақмола облысында — Көкшетау, Омбы, Петро-павл, реформа қабылдағаннан кейін бір жылдан сон, орталығы Атбасарда Сарысу уезі; Семей облысында — Баянауыл, Зайсан, Көкпекті, Қарқаралы (кейіннен Павлодар, Өскемен уездері); Жетісу облысында Сергиополь, Қапал, Верный, Ыстықкөл және Тоқмақ уездері.

Генерал-губернаторлар  тағайындап отырған уезд бастықтарына көмекші екі кісінің біреуі жергілікті шонжар топ өкілдерінен алынды. Уезд бастықтарына полиция да, әскери бөлімдері де, уездегі мекемелер де, бекіністер де бағынды. Уездер территориялық принципке негізделген болыстарға, ал болыстар 100—200 шаңырақтан тұратын ауылдарға бөлінді. Ірі ақсүйек-терден іріктеп алынатын болыс және ауылнайлар патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясатына тірек болды. Шыңғыстың тұқымдары — сұлтандар үкіметтен өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, ауыртпалықтар мен салықтардан босатылды. Реформаның таптық мазмұнын, отаршылдық бағытын осыдан да көруге болады.

Сырдарияның отырықшы елді мекендерінде полициялық және басқару билігі ақсақалдар қолына берілді. Облыстық әскери-губернаторлар бекіткен ақсақалдар сайлаушылар жиындарында үш жылға сайланатын. Ауылдық және болыстық старшындар сияқты ақсақалдарға да олардың билік көрінісі ретінде қоладан құйылған белгі және мөр тапсырылатын. Ақсақалдарды сайлау болыстарды сайлау сияқты күреспен, ру аралық таласпен өтетін.

1867—1868 жылдардағы реформалар  арқылы әскери-сот комиссиялары  мен уездік соттар құрылды.  Ашық таптық сипаты бар сот  мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды. Сырдария облысында қазылар соты сақталынса да, әскери-уездік соттардың дау-жанжалдарды шешудегі рөлі басым еді. Алайда сот істеріндегі өзгерістердің бір айта кететін жайы — ол ескі шариғаттық патриархалдық-феодалдық салттардың күнделікті өмірге әсеріне шек қойды. Әрбір болыста төрттен сегізге дейін (шаңырақ санына қарай) билер билер еді. Шын мәнінде, әскери губернаторлар бекіткен билер мен қазылар соттары патша үкіметінің Қазақстандағы отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны болды. Уездік және әскери соттар бұқараны қанауды үдетті. 1861 жылғы крепостниктік құқыны жою жөніндегі заң сияқты 1867—1868 жылдардағы реформалар қоғамның түбірлі қайшылықтарын шеше алмады. Реформа арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды. Халықты бағынышты жағдайда ұстайтын, үстем таптың саясатын бұлжытпай орындайтын әскери әміршілер Қазақстанда да өз күшіне енді. 
"Ереже-реформа" Қазақстанның әлеуметтік-әкономикалық дамуында белді орын алды. Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты. Әлеуметтік, шаруашылық өмірге ентелеп ене бастаған капиталистік құбылыстар бай патриархалды қарым-қатынастардың қауымды артқа тартатын түбірін әлсіретті. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың да күнделікті өмірінде қалыптасқан өзгерістер аз емес. Ауыл тұрғындарының өз арасында таптық жіктелудің салдары, мысалы, жатақшылықтың қалыптаса бастағанынан, яғни кедейленген қазақтардың қалаларға, оның алғашқы өндіріс орындарына тартыла бастағанынан да көрініп қалады. Осы реформа салдарының куәсі болған Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин сияқты алдыңғы қатарлы ойшылдар оның теріс жақтарын өз шығармаларында талай мысқылдаған еді. 
       1868 - 1869 жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістер.  
Әкімшілік-басқару реформалары жекелеген маңызына қарамастан, қазақ даласында отаршылдык езгіні тереңдетті. Жаңа бекіністер салуға көшпелі шаруалардың жері тартып алынды, салықтар көбейіп, патша шенеуніктері мен отаршылдық басқару қызметіне көшкен феодалдық топтар қысымы бұқараның онсыз да ауыр жағдайын шиеленістірді. Өсімқорлық саудамен айналыса бастаған ақсүйектер күнкөрісінің барысы еңбекшілерге әкімшілік басқару жағынан қысымды үдетті. Мал-жайымен көшпелі өмір сүрген кедейлерге "Уакытша Ереженің" жерді пайдаланудағы жаңа кағидалары тіпті қолайсыз еді. Қазақ даласы бойынша барлығына міндетті (әрине, ауқаттыларды қоспағанда) шаңырақ салығы енгізілді. 1 сомнан 3 сомға дейін өсірілген бұл салық әсіресе әлеуметтік корғансыз жандарға тіпті ауыр еді. Земство салығын қосқанда 3 сом 50 тиынға көтерілген салық қазақ шаруаларының басым көпшілігін ауыр жағдайға душар етті. Патша үкіметінің осы салықты бай мен кедейге бірдей дәрежеде төлетуге шешім қабылдағанын ескерсек, шаруалар халінің мүшкіл болғанына көз жеткізу қиын емес.

       Жерді патша үкіметінің мемлекеттік меншігі деп жариялап, оны аумақтық негізде пайдалану ғасырлар бойы қалыптасқан көшпенділердің көзқарасына жат болды. Қыстау мен жаздық коныстардың әр түрлі әкімшілік-аумақтық басқару органдары қарамағында қалуы рулар арасын шиеленістірді. Патша үкіметі отарлық саясатының осындай және басқа ауыртпалықтары 1868 - 1869 жылдары Орал мен Торғай облыстарын, 1870 жылы Маңғыстауды қамтыған казақ шаруалары күресінің тұтануына себепші болды.

      1868 жылдың желтоқсан айы мен 1869 жылдың қазан айы аралығындағы Орал мен Торғай өңіріндегі көтерілістер отаршылдыққа карсы бағытталды. Айта кететін бір жайт, бұл халық қозғалысын басқарғандар өз артықшылықтарынан, ежелгі жеңілдіктерінен айырылған ру басылар еді. Олардың басым көпшілігі халықтың ашу-ызасын өз мүдделеріне ұтымды пайдаланып, ел мұқтаждығына селқос қарады. 
Қаруланған казақ шаруалары патша үкіметінің отарлық саясатына, әлеуметтік қысымына қарсы бас көтерді. Әлсіз ұйымдасқан жасақтар патшаның жазалаушы бөлімдеріне тайынбай қарсы шықты. Мысалы, 1869 жылы мамырдың 6-сы күні Орынбор шебінен жіберілген, фон Штемпель басқарған 200 атты және бір рота жаяу әскерден тұратын топқа Ойыл өзенінен 20 шақырым жердегі Жамансай көлі маңында көтерілісшілердің 20 мың қолы шабуыл жасады. Жеті күн бойы шаруа жасақтары қоршауында қалған жазалаушылардың жағдайы мүшкілденіп, азық-түлігі және жемшөбі таусылған олар әскери шепке кайтып кетуге мәжбүр болды.  
Бұл көтерілістің сонымен қатар антифеодалдық сипаты да бар. 1869 жылдың наурыз, маусым айларында көтерілісшілер феодалдық топтарға қарсы 41 рет шабуыл жасады, оған жалпы саны 3 мың көтерілісші қатысты.

Торғай және Орал облыстарындағы бұқаралық сипат  алған көтеріліс жергілікті отаршыл  басқару жүйесін және Петербург сарайын шошындырды.

Орал облысындағы азаттық  күресті жаншуға бірқатар ірі әскери күш жіберілді. Подполковник Рукин, граф Комаровский және генерал-губернатор Н.А.Веревкин бастаған мұздай қаруланған жазалаушылар қазақ ауылдарын оқтың астына алып, қолға түскендерді аяусыз жазалады. Көтерілістің жеке құрамаларына басшылық еткен сұлтан Хангали Арсланұлы, билер Дәуіт Асауұлы, Мұңайтпасұлы, молдалар Рысқұлұлы, Досұлы, т.б. солқылдақтықтың салдарынан шаруалардың үмітін ақтамады. Нашар қаруланған, араларында ауыз бірлік болмаған, түпкі мақсаттарын жете түсінбеген Орал, Торғай шаруаларының қозғалысы жеңіліске, ұшырады. Маңғыстау түбегіндегі көтерілістің басты себебі де Орал, Торғай облыстарындағы қозғалыстармен мазмұндас және 1867-1868 жылдардағы "Уақытша Ереженің" қатал отаршыл талаптарымен байланысты еді. "Ережелерді" іске асырудағы алғашқы адамдардың өзі-ақ түбек тұрғындарының негізгі тобы — адайлықтардың қарсылығын туғызды. 40 мыңға жуық шаңырақтан тұратын адай елі екі жылдың ішінде 160 мың сом салық төлеуге тиісті еді.

Көтеріліске түрткі болған — патша жазалаушыларының адайлықтар көшіп-қонып жүрген аймақтарға жақындауы болды. 1870 жылғы наурыздың ортасында Маңғыстау өлкесінің приставы подполковник Рукин құрамында 36 казак, 4 офицер, тілмаш Бекметұлы, би Майұлы және 60 адамы бар топпен "Ережеге" қарсылық ретінде ел түкпіріне көшуге бел байлаған адайлықтарды күшпен тоқтатуға тырысты. Бозащы түбегінің маңайында бақташылар - Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы бастаған 200-ге жуық қазақтар жазалаушыларға тұтқиылдан тап берді. 
Шаруалар қоршауында калған жазалаушылар ұйымдасқан қарсылық көрсете алмады. Жазалаушылар талқандалды, подполковник Рукин атылып өлді. Жеңіс көшпелілерді рухтандырып, бүкіл Маңғыстауды азаттық қозғалыс жалыны шарпыды. Көтерілісшілерді басқа да әлеуметтік топтар қолдады, Николаевск станицасы мен Александровск форты слободкасының балық аулау кәсіпшілігіндегі ауқаттылардан тартып алынған қайықтардан өзінше "флотилия" құрған көтерілісшілер тобы он мыңға жетті.

1870 жылғы сәуір айының 5-і күні қазақ шаруалары мен  жалдамалы жұмысшылар тобы Александровск  фортына шабуыл жасады. Форттың сыртындағы бірнеше маяк (бекініске ұқсас бақылау пункті) өртелді. Әскери гарнизонның азық-түлігі сақталған төменгі бекініс орны талқандалды, саудагерлердің үй-жайын от шарпыды. Тек патша өкілдерінің зеңбіректерді іске қосуы ғана көтерілісшілерді шегінуге мәжбүр етті.

Маңғыстаудағы көтеріліс  Орынбор мен Оралдың отаршыл  билеушілерін шошындырды. Орыс әскерінің бас штабында үрей туды. Бұл кезде Ирандағы ағылшын әскерінің күшеюіне байланысты, патша үкіметі өзінің оңтүстік шекарасын қауіпсіздендіру мақсатында Хиуа хандығына қарсы жорыққа әзірленіп жатқан. Осыған орай Красноводск маңайында ірі әскер тобы шоғырланған еді. Маңғыстаудағы көтеріліс осы күштің тылында қалды. Көтерілісті жаныштау Кавказ билеушісіне жүктелді. 1870 жылдың мамыр айында Кавказдан Маңғыстауға Апшерон полкінің батальоны екі атқыштар ротасы, шептік батальонның бірнеше ротасы, Терек қазақтарының 2 ротасы .және 4 зеңбірек жеткізілді. Бұл осал қаруланған көшпелі қазақтарға зор кауіп еді.

Көтеріліс аяусыз жанышталды. Үш ай бойы патша әскері Маңғыстаудан кетпеді. Орынбор генерал-губернаторы Н.А.Крыжановский әскери министр Милютиннің "бұларды келістіріп жазалау" керек деген нұсқауына сай көтерілісшілерді кудалаудан аянған жок.

Осы жеңіліске байланысты қозғалыстың басшылары И.Тіленбайұлы, Д.Тәжіұлы, И.Көлұлы және басқалар 3000-ға жуық шаңырақты ертіп, жазалаушылардан ығысқан бойы Хиуа хандығына өтіп кетті. 
Маңғыстаудағы көтерілісте антифеодалдық сипат әлсіз болды. Оның себебі адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты олардың арасында рулық-патриархаттык құбылыс әлі де болса күшін мейлінше сақтап қалған еді. Көтерілістің Орал, Торғай өлкелеріндегі қозғалыстан бір ерекшелігі - қазақ жалдама жұмысшылары тұңғыш рет күреске белсене қатысты. Көтерілістің жеңілуі халықтың жағдайын бұрынғыдан да шиеленістіре түсті. Кавказ әкімшілігінің талап етуімен Маңғыстау қазақтарынан 57 901 сом қосымша салық жиналды; адайлықтар соғыс шығыны ретінде өкіметке 90 мың қой өткізуге міндеттелді

 

2.3. Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформа

 

Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформа мемлекеттiк бағдарламасын (1994 ж.) орындаудың басты нәтижесi қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап берген, адам мен азаматтың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттiк институттардың жаңа жүйесiн бекiткен Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы (1995 ж.) болды. Конституциялық нормаларды дамыту үшiн "Қазақстан Республикасының Президентi туралы", "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы", "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы", "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы", "Республикалық референдум туралы", "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заңдар, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығы және Қазақстанның ұлттық заңнамасының негiзiн құраған өзге де заң актiлерi қабылданды.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының негiзiнде жаңа конституциялық құқық түзiлдi, оған сәйкес бiздiң мемлекетiмiз үшiн неғұрлым қолайлы президенттiк басқару нысаны берiк орнықты. Мемлекеттiк бiртұтас билiктiң үш тармаққа бөлiнуi жүзеге асты. Тұрақты жұмыс iстейтiн қос палаталы Парламент күннен-күнге жемiстi жұмыс iстеуде. Атқарушы билiктi нығайту және жетiлдiру жөнiнде шаралар қолданылды. Бiртұтас сот жүйесi құрылды, судьялардың тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданды.

Жеке меншiк, азаматтық қоғам, еркiн кәсiпкерлiк  қатынастарын реттейтiн азаматтық құқық одан әрi дами түстi. Қылмыстық құқықта адамның табиғи, ажырамас құқықтары мен бостандықтарының басымдығына негiзделген, қорғалуға тиiс әлеуметтiк құндылықтардың түбегейлi жаңа сатысы айқындалды.

Құқықтық реформаның қорытындыларын талқылау нәтижесiнде қоғамда Конституцияның негiзiнде құқықтық жүйенi қарышты дамыту қажеттiгi туралы пiкiр үстемдiк алды. Қазақстан Республикасының Конституциясы қажеттi құқықтық әлеуеттi қамтиды, ол оның құқықтық нормаларында ғана емес, оның құқықтық идеялары мен принциптерiнде де тұжырымдалған.

Заңнаманы одан әрi жетiлдiру процесiнде Конституцияның үстемдiгi және төменгi деңгейдегi актiлер  нормаларының жоғарғы деңгейдегi актiлерге  сәйкес тұру принциптерiн бұлжытпай  ұстану қажет.

Қолданыстағы  заңдар нормаларын мына шараларды:

құқықтық реттеудегi ақаулықтарды толықтыруды және оны қоғамдық қатынастардың барынша маңызды салаларына тереңдетудi;

заң жобаларына, соның iшiнде олардың ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне сай болуына, ғылыми сараптама жүргiзу практикасын жалғастыруды және кеңейтудi;

заңнаманы бiр iзге келтiру мақсатында онда қолданылатын терминдердiң мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi бiрыңғай тiзбесiн қалыптастыруды;

қабылданатын  барлық заңдарды тиiмдi iске асыру үшiн жағдай жасау мақсатында оларды қаржылай қамтамасыз етудiң жеткiлiктiлiк принципiн мұқият сақтауды;

қылмыс, сыбайлас жемқорлық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға тiкелей немесе жанама түрде жағдай туғызушы алғышарттарды анықтау мақсатында нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына криминологиялық сараптама енгiзудi;

заң жобалары қызметiн жоспарлауды жақсарту мақсатында оны перспективалық  жоспарлау практикасын енгiзудi iске асыру жолымен жетiлдiру қажет.   Құқықтық мемлекет құру және жоғарыда айтылған мiндеттердi iске асыру мақсатында мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар құқықтық саясатты өздерiнiң күнделiктi қызметiнде iске асыруы тиiс. Оның негiзгi принциптерi болып:

заңдылық, яғни Конституция мен заңдардың, оларға негiзделген заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларын сақтап, орнымен қолдану;

адам мен  азамат құқықтары мен бостандықтарының ұлықтылық жағдайын бiлдiретiн адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы;

гуманизм, яғни адамның жеке тұлға ретiндегi жоғары құндылығын, оның еркiн дамуға және қабiлетiн көрсетуге деген құқықтарын тану, қоғамдық қатынастар сапасына баға берудiң өлшемi ретiндегi жеке адам игiлiгiнiң орнығуы.

Қазақстан Республикасының  Конституциясында жария етiлген, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, құқықтың үстемдiгi, бiртұтас мемлекеттiк билiктiң тармақтарға бөлiнуi және олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы келiсе қызмет iстеуi принциптерiне негiзделген демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтiк мемлекет құру бағытының заңнамада дәйектi түрде iске асырылуын қамтамасыз ету керек.

Азаматтық құқық  еңбек, отбасылық және өзге де қоғамдық қатынастарға барған сайын дендеп ене  түстi.

Сонымен қатар  сыбайлас жемқорлық қылмысы үшiн деп адамдарды негiзсiз жауапқа тартуды болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының шеңберiн заңдық тұрғыдан белгiлеп алған жөн.

Сол сияқты, сыбайлас жемқорлық үшiн жауапкершiлiктен жалтартуға жол бермеу мақсатында қолданыстағы заңдарға мұндай құқық бұзушылықтарды орау мерзiмiн ұлғайту тұрғысында тиiстi өзгерiстер енгiзу маңызды болмақ.

Қылмыстық заңнамада  заңмен қорғалатын әлеуметтiк жоғары құндылықтар ретiндегi адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы тану негiзге алынуы тиiс.

Қылмыстық заңнаманы  жетiлдiру қылмыстық құқықтың мынадай принциптерi бұлжымай сақтала отырып жүргiзiлуге тиiс:

мәнi қылмыстық құқық тұрғысында iс-қимылдың қылмыстылығы мен жазалылығы тек қылмыстық заңмен айқындалуға тиiс екендiгiне саятын заңдылық;

қылмыс жасаған  барлық азаматтардың шыққан тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына немесе кез келген басқа жағдайларға қарамастан заң мен сот алдында бiрдей екендiгiн бiлдiретiн заң мен сот алдындағы азаматтар теңдiгi;

адам тек  өзiнiң кiнәсi анықталған қоғамдық қауiптi әрекеттерi мен одан туындаған қоғамдық қауiптi салдарлар үшiн ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын айқындайтын кiнәлi жауапкершiлiгi;

қылмыстың қоғамдық қауiптiлiгiнiң сипаты мен дәрежесiн, қылмыстының жеке басының, жауапкершiлiгi мен жазасын жеңiлдететiн және ауырлататын жағдайларды ескере отырып, соттардың әдiл жаза белгiлеуi тиiс екендiгiн бiлдiретiн әдiлеттiлiк;

Қазақстан Республикасында  жүргiзiлiп отырған құқықтық саясаттың негiзгi бастауы Республика Конституциясы болып табылатындығына байланысты оның әлеуетiн мейлiнше пайдалану қажет, ал құқықтық саясаттың қозғаушы күшi орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың оны тiкелей өмiрге енгiзу жөнiндегi ұйымдық қызметi болып табылмақ. Құқықтық саясатты iске асыру үшiн заңнаманы одан әрi жетiлдiруге бағытталған тиiстi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау қажет.

Қазақстан Республикасының  Құқықтық саясат тұжырымдамасында көзделген  шараларды орындау Қазақстанда  демократиялық, зайырлы, әлеуметтiк, құқықтық мемлекет құруға ықпал етедi.

Тұжырымдаманы iске асыру дәрежесi, тиiмдiлiгi құқықтық саясаттың, құқықтық нормалардың мазмұнын, қоғам мүшелерi секiлдi мемлекеттiк органдардың да, сонымен қатар олардың лауазымды тұлғаларының қаншалықты жете түсiнуiне де, нормативтiк құқықтық актiлердiң нұсқамаларын ықыласты және адал орындау дайындығына да байланысты.

Бұл ретте: барлық iс-шаралар мен бағдарламалардың жүйелiлiгi мен нәтижелiлiгi, олардың iзгi бағыттылығы; демократиялық құқықтық дамудың әлемдiк тәжiрибесiнiң Қазақстан жағдайына бейiмделуi; республиканың дәйектi жан-жақты дамуы процесiнде туындайтын болжамды әлеуметтiк, әкономикалық және саяси аспектiлерге қатысты нормативтiк құқықтық реттейді.

 

 

 

 

 

Қазақстандағы 1867—1868 жылдардағы реформа — патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының маңызды  бөлігінің бірі болып табылады. Өйткені, ол әкімшілік қүрылыс, жер қатынастары, сот қүрылысы, халыққа білім беру, дін мәселесі сияқты қазақ қоғамының шешуші салаларының бәрін қамтыған болатын.

Қазақстанға әкімшілік басқару жүйесін енгізудегі патша үкіметінің алдына қойған басты мақсаты аймақтағы отаршылдық саясатын күшейту болды. Осыған орай, 1867 жылы 11 шілдеде патша жарлығымен империя қүрамында Түркістан генерал- губернаторлығы құрылса, ал 1868 жылы Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтары қүрылды. Реформаның ең басты және негізгі міндеті — «қазақ даласын Ресейдің басқа бөліктерімен бірте-бірте қосып жіберу» үшін Ресейге бағынышты халықтарды бір басқару жүйесінің құрамына біріктіру. Сөйтіп, жергілікті ақсүйектерді биліктен ысырып тастап, ру басшыларын әлсіретіп, ойға алған іс-шараларды оңтайлы жолмен оңай әрі тез жүзеге асырып отыру. Жалпы алғанда, реформалар патшалық үкіметтің қазақ даласының жергілікті түрғындарын және аймақтық табиғат байлықтарын еркін пайдалану үшін орыс капиталына анағүрлым тиімді жағдай қалыптастыру әрекетінен туған еді.

Әкономикалық шаралар негізінде қазақтардың қыстауы мен жайлаулық жерлерін мемлекет меншігіне кесіп, казак әскери бөлімдері мен орыс шаруаларын орналастыру үшін «артық» жер мөлшерін анықтау ісіне әкспедициялар жабдықталды. Мүның өзі қазақ жерін пайдалануынан алып, барша қазақтың жерін Ресейдің мемлекеттік меншігі деп жария ету арқылы Қазақстанның империя отарына айналғандығын дүниеге паш ету болды. Патша үкіметінің 1886 жылғы Түркістан туралы ережесі және 1891 жылғы Далалық облыстарды басқару туралы Ережесі сол орыс билігін одан ары нығайтып, қазақ даласындағы отарлық езгі мен қанаудың күшеюін тереңдете түсті.

1867-1868 жж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ даласын толық отарлауға тырысты. Сондықтан да Қазақстан аумағы облыстарға бөлініп, ал облыстар әкімшілік орталықтарына, қазақ даласымен байланыссыз жататын әртүрлі генерал-губернаторлықтарға бөлшектенеді. Мысалы, Торғай мен Орал облыстары -Орынбор; Ақмола және Семей облыстары — Батыс Сібір; Жетісу мен Сырдария-Түркістан генерал-губернаторлық-тарының қүрамына кірді. Бүрынғы ішкі Бөкей хандығының аумағы уақытша Торғай облыстық басқармасына бағынышты болып қалғанымен, ол ұзаққа созылмай, 1872 жылдан бастап Астрахань губерниясының қүрамына кірді. Ал Маңғыстау түбегінің аумағы 1870 ж. қазақтардың көтерілісіне байланысты Кавказ әскери округінің билігіне өтті. Бүлай бөлшектеулер мен басқаруға өзгерістердің енуінің өзіндік себептері болды. Бүл туралы профессор Б. Сүлейменов: «Патшалық үкіметтің ойынша, Қазақстан жерін түрлі генерал-губернаторлықтар мен әскери округтерге бөлшектеу, қазақ халқының үлттық бірлігінің қалыптасу жолына кедергі болып, қазақ халқын отарлық езгіде үстауды жеңілдетуі тиіс еді» -дейді.

1867-1868 жж. реформалардағы басты бағыттардың бірі Қазақстанда күшті әскери-бюрократиялық аппарат құру болды. Ол аппарат әртүрлі жеңілдіктерге: анағұрлым жоғары еңбекақы, екі есе толем, қызметтен босаған кездегі жоғары зейнетақыға қызығатын чиновниктерден құралды. Зерттеуші ғалым КА.Жиреншин өз еңбегінде: «Отаршылық әкімшілік аппараты қазақ даласының жағдайынан бейхабар, білімі таяз адамдардан, ең бастысы, өз қызметін өміріндегі өтпелі кезең деп санап, сол уақыт ішінде тез ауқаттанып алуды көздеген офицерлерден жасақталған болатын. Генерал-губернаторлықтардың басты басқару аппаратын генерал- губернатор, оның кеңсесі және тапсырма орындаушы чиновник- тер құрды. Генерал-губернаторлар әскери және азаматтық билікті толығымен өз қолдарына жүмылдырды, сонымен қатар қазақ даласындағы әкімшілік қүрылысының принципі - жаңа отаршы- лық реформа бойынша билікті толығымен әскери ведомствоның қолына беру болды» - деп, патшалық үкіметтің қүйтырқы сая- сатының табиғатын айқын да ашық көрсетіп береді.

Отбасы құқықғы