Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты
ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т.
РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ӘҚжБ»
факультеті
«Нарықтық инфрақұрылым»
кафедрасы
Курстық
жұмыс
Тақырыбы:
Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы
мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған
саясаты
Тексерген:
Абенова Г.А.
Орындаған: 2-курс,
201 топ студенті
Екейбаева.А
Алматы, 2011 жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе………………………………………………………..
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДА САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің
отбасы және балаларды
1.2 Отбасы
және балаларды әлеуметтік
қорғаудың маңызы мен түрлері..
2. МЕМЛЕКЕТТІҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
2.1.Отбасы және балаларды
әлеуметтік қорғау саясатының қалыптасуына
әсер ететін факторлар.....................
2.2. Отбасын қорғаудағы
жүргізілетін мемлекеттік
3. ОТБАСЫ
МЕН БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК
3.1 Халықты
әлеуметтік қорғаудың
3.2. Мемлекет
тарапынан әлеуметтік көмекті
қажет ететін отбасы мен
балалар мәселелерін шешу
жолдары.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Біз өмір сүріп жатқан қоғамда «отбасы» ең маңызды рөл атқаратындықтан әр мемлекет өз отбасы саясатын қалыптастырған.Қазақстан Республикасы әлеуметтік мемлекет болғандықтан, ондағы отбасы саясатының әлеуметтік мазмұнын ашып қарастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселелердің бірі. Мемлекеттің отбасы саясаты мәселелері дамыған елдерге тән жалпы әлемдік даму бағыты ретінде бүгінде республикамыз бастан өткеріп отырған даму кезеңінің де басты ерекшелігі ретінде айқындалады. Осы мәселеге байланысты көптеген отбасы мәселелері бүгін ғана туындап отырған жоқ, толымсыз отбасы, ажырасу, ерлі - зайыптылар жанжалы, сондай - ақ,жалғызбастылар мәселесі бұрын да болған, бірақ, оған жете мән берілмеген.
Отбасы дегеніміз – туысқандықбайланыста болатын,бірлесіп әлеуметтік тұрмыста өмір сүретін адамдартобы.Отбасы шын мәнінде тату-тәтті болса,одан рухани адамгершілік,қайырымдылық көрінісі туады.Отбасы–ол алғашқы және негізгі қоғамдық орта,онымен адамзат байланысады және ол моральдық баға жүйесін, тәртіп нормасын қалыптастырады,сонымен қатар қоршаған орта және өмір жолында кездесетін құбылыстың маңызы туралы білімді жетілдіреді және өзінен кейінгі ұрпағына жеткізеді. Отбасылық қатынас бүгінгі таңдағы аса маңызды қоғамдықсаяси мәселенің бірі.Отбасы–халықтың өсіп-өркендеуіне, өсіп келе жатқан ұрпақтар тәрбиесінде, ата-бабаларымыз мұра еткен саяси-әлеуметтік тәрбие мен мәдени құндылықтарды жеткізуде өте маңызды рөл атқаратын қоғамның құрамдас бір бөлігі. Отбасының тіршілік әрекеті экономикада, саясатта және мәдениетте жүретін үдерістермен байланысып, саяси-әлеуметтік шынайылықпен астарласып жатыр. Сол себепті, отбасы жағдайы және мемлекеттік отбасы саясатын жүзеге асыру дәл біздің қоғамымыздың дағдарыс кезеңінде өте қиындап, күрделене түсті.
Бүгінгі күні бұл мәселе мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болып отыр. 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап баланың тууына байланысты бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы 2 есе арттырылып, баланы бір жасқа толғанға дейін күтуге төленетін ай сайынғы жәрдемақыны көбейтті.Жаңа қадамдар әлі де үлкен жағымды өзгерістер әкелетініне күмәніміз жоқ. Сонымен қатар жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікті, босануды және сәбиді күтіп баққан кезінде төленетін міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді. Отбасын нығайту ешқандай да қаражатты аямастан жұмсауды қажет ететін қадірлі де игілікті мақсат. Әр жыл сайынғы халыққа жолдауында әлеуметтің әлеуетін арттыру жөніндегі Президенттің нақты тапсырмалары жоғарыдағыдай шешімін тауып, халықтың тұрмыс-тіршілігін, күн көріс қарекетін жақсартуға септігін тигізетініне сенімдіміз.
Курстық жұмыстың мақсаты– ғылыми саясаттың жүзеге асырылуында көрініс тапқан нақты материалдарға сүйене отырып, қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы мемлекеттік отбасы саясатының қалыптасу және даму ерекшеліктерін, оның мазмұны мен қарастыратын мәселелерін анықтап, талдау жасау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер белгіленеді:
- еліміздегі мемлекеттік отбасы саясатының әлеуметтік мәселелерін қарастыру;
- «отбасы және балаларды» мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғау жұмыстарын қарастыру;
- отбасы саясатының қалыптасуына әсер ететін әлеуметтік факторларды негіздеу;
- халықтың әлеуметтік «әлжуаз» топтарына қажетті көмектерін бағалау және ұйымдастыру;
- қазіргі кезеңдегі мемлекеттің тиімді отбасы саясатын Қазақстан халқы дамуының айқын жолы ретінде қарастыру.
- мемлекеттің отбасы саясатының ауыл мен қаладағы қалыптасу ерекшеліктерін негіздеу;
Қазақстан
Республикасының
Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың дәл атап көрсеткеніндей: «Егер біз адамгершілігі мол қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда-еліміз үшін алаңдамауға да болады».
Мемлекеттің ғылыми мәні бар отбасы саясаты күйзеліс пен қарама-қайшылыққа толы қазіргі отбасының өзгеріс дағдарысы саяси- экономикалық дағдарыспен астарласып, қабаттасқан қазіргі тұста ерекше маңызға ие болуда. Сондай-ақ, біздің еліміздегі отбасы саясаты мақсатты мемлекеттік жүйе ретінде әлі қалыптаспаған, қабылданған саяси-әлеуметтік тәжірибедегі шаралар мәселенің қажетті жиынтығын толық қамтымаған, сондықтан да, олар қысқа мерзімді сипатта болады. Осының нәтижесінде отбасы институтының көздеген мүддесі жеткіліксіз орындалуда деген пікір туындайды. Қазақстан Республикасындағы белсенді сипаттағы отбасы саясатын талдау, оны жүзеге асыру міндетті және өзекті мәселеге айналуы қажет.Осыған орай, мемлекеттің отбасы саясаты теориясы мен тәжірибесін терең қарастырып, оның жүзеге асырылуындағы қағидалары мен бағыттарына талдау жасалды.
Жұмыстың
құрылымы.Курстық жұмыс кіріспеден,
негізгі бөлімі үш тараудан, қорытындыдан
және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
1.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ
ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДА
САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ
ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1
Мемлекеттің отбасы
және балаларды әлеуметтік
қорғау саясатының мәні
мен анықтамасы
Қоғамның негізгі институттарының бірі, адамның саяси әлеуметтенуінің ең алғашқы сатысы ретіндегі отбасы, кез келген қоғамдық ұйым сияқты, заман қыспағына өзінше төтеп беріп, ұлттық қоғамдық мүшелерге сай қызмет ете және оларды объективті қажеттілік ретінде қалыптастыра отырып, қоғаммен бірге дамиды.
Отбасы өз мүшелерінің физиологиялық, әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін, сондай-ақ, жас балалар, қарт, науқас адамдарға қамқорлығын, балалар мен жастардың әлеуметтік жағдайларын қамтамасыз етуі қажет. Бүгінгі таңда ғылыми әдебиетте әлі де толық зерттелмеген мемлекеттің отбасы саясатының мәні мен анықтамасы тұрғысынан алғанда отбасы сүйіспеншілік, сыйластық, ынтымақтастықтың қайнар көзі болып табылады. Ол, "Неке және отбасы туралы" Заңда көрсетілгендей, XXI ғасыр басында "отбасының барлық мүшелерінің салауатты тұрмыс" құруы мен құқығы жүйесі ретінде өз қызметін атқарады.
Отбасында ұлттық, қоғамдық өмірдің негізгі жетістіктері, қиыншылықтары мен қайшылықтары өз көрінісін табады. Солай бола тұра, отбасының халық, қоғам өміріне ықпалы зор, ол адамның өзін-өзі үздіксіз дамытуында және адамзатты жалғастырушы ретінде шешуші рөл атқарады, оған "бала және жасөспірім тәрбиесіндегі, жеке тұлғаның физиологиялық әрі рухани дамуындағы үлкен міндеттеме жүктеледі"
Отбасының даму бағытын тек терең танығанда ғана мемлекеттің отбасы саясатының тиімділігін арттыруға болады. Міне, сол себептен отбасы мен мемлекеттің отбасы саясатын қалыптастырып дамыту әлеуметтік-саяси ғылымының негізгі өзекті мәселесіне айналып отыр.
Отбасы адамдар мен мемлекет және басқа саяси-әлеуметтік институт пен мекемелер арасындағы түпкілікті байланыстырушы болып саналады. Отбасының өз қызметін толық атқаруы дегеніміз – ұрпақтыңтарихи жалғасу жағдайын, бүтіндей қоғам, ұлт, жеке тұлғаның дамуын, әлеуметтік-қоғамдық тұрақтылық пен ілгері дамуын сақтау қажеттілігі. Әлеуметтік-экономикалық реформа тұсында отбасы адам мінез-құлқының қалыптынормасы мен жаңа кұндылығын қалыптастыруда негізгі институттардың бірі болады.
Қазіргі заманғы отбасы, оның ерекшеліктері еліміздің қазіргікезеңдегі ерекшеліктерімен, яғни, қоғамның реформалану және жаңару кезеңімен негізделеді. Сондықтан, ол бүгінде жаңа мәселелерге тап келіп, адам, халық, қоғам үшін қажетті көптеген өмірлікмаңызды қызметтерін атқару қабілетінен белгілі дәрежедеайырылып, елеулі жағдайларда басқа саяси-қоғамдық институттармен ұзаққа созылған үйлесімсіздікте болып, шын мәнінде, XXI ғасыр басында жаңа дағдарысқа ұшырап отыр.
Біздің еліміздегі мемлекеттің отбасы саясатының ғылыми негізін қалыптастыру үдірісіндегі негізгі мәселе "Отбасы саясаты" терминінің мәнін ашатын ұғым анықтамасы болып табылады. Бұл термин Отандық ғылыми әдебиеттерде 80-жылдар соңында ғана қолданыла бастады, бірақ, кең көлемде өз жалғасын таппады. Тек халықаралық отбасы жылының өту кезеңінде ғылыми әдебиеттерде "отбасы саясаты" терминінің жиі қолданыста болуы өзінің бекітілуінде маңызды рөл атқарады.
Отбасы саясаты, бұл мемлекеттік институт ретінде қоғамның ұзақ мерзімді мәдени-тарихи дамуында жойылған оның өзіне тән табиғи әлеуметтік қызметін қайтару, отбасы мен оның тұрмыс қалпының қайта дамуына, оны нығайтуға бағытталған топ.
Оның мәні – үздіксізалмасып отыратын отбасы мүдделерін қоғам мен мемлекеттің өздерінің жеке өзгерістеріндей қабылдап, жеке тұлға, отбасы, этнос, қоғам арасындағы жаңа тепе-теңдік ізденісіне көмегін тигізу.
Мемлекеттің отбасы саясатының мәні мен мақсаттарын негізгі отбасылық міндеттердің мейлінше дұрыс орындалуы үшін әрбір отбасын оның еркін дамуына қажет қолайлы әлеуметтік, экономикалық, өнегелік жағдайлармен камтамасыз ету деп айқындауға болатындығы баса айтылады. Олай болса, мемлекеттің отбасы саясатының объектісі – отбасыныңөзі, сондай-ақ, басқа да саяси-әлеуметтік: институттар мен қоғамдық жүйенің тармақтары (мысалы, экономикалық, саяси, т.б.), олардың әрбір жеке адамның, отбасының өмір сүруіне ықпал жасаушы қызметтері.
Бүгінгі
таңда отбасының негізгі
Отбасының
негізгі қызметтеріне (бала туу және
тәрбиелеу, шаруашылық-тұтынушылық, бос
уақытты өткізу, т.с.с.) саяси талдау жасау
біртіндеп олардың барлық мәдени-эмоционалдық
аспектісін қамти алады деп тұжырымдауға
мүмкіндік берді.
1 – СЫЗБА. Отбасы қызметтері
Көптеген
отбасыларында балалар ерекше
орында, ал, балаларды тәрбиелеуде
отбасының қызметі негізгі
Отбасының атқаратын негізгі қызметтерінің ішінде тәрбие қызметі ерекше орын алады. Ал, оның жүзеге асырылуына баланың болашағы, отбасының тағдыры және жұбайлар бақыты тікелей қатысты болады. Сол себептен де, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген еркіндіктер, құқықтар мен міндеттердің ішінде, балалардың тәрбиесіне қамқорлық жасау міндеті де қарастырылған.Конституциялық құқық әрбір адамның өзінің қабілетіне, қажеттілігіне, маңызына сай білім алуға, еңбек етуге құқықтарын белгілеп, отбасындағы тәрбиенің артуына мүмкіндік туғызып, тәрбиелік потенциалын көтеріп, тәрбие кызметіне зор мән береді.
Мемлекеттің отбасы саясаты – бұл қоғамдағы отбасы мен оның қызметіне әсер ететін саяси-әлеуметтік институттарға мақсатты бағытталған әрекет жиынтығы.
Бүгінгі таңда туып-көбеюдің төмендеуінен Қазақстанда бір балалы отбасы кеңінен таралған үлгіге айналды. 1999 жылы әлемдегі бүкіл халықтың 44%-ы тұратын 57 мемлекетте туып-көбеюшілік халықтың орташа өсіп-өну дәрежесінен де төмен болды. Ал, олардың 29мемлекетінде (51%) туып-көбеюінің өте төменгі деңгейде деп бағаланды. Бұл - көп аспектілі және көп мәнді құбылыс. Ал, бұл тығырықтан шығу үшін жаппай өріс алған аз балалықтан әрбір қазақстандық отбасында балалар санын арттыруға көшу жолы ғана қалды. Мұндай репродуктивтіккызметті орындауда қазіргі отбасы барлық уақытта жемісті нәтижеге жете бермейді. Сондықтан да, Қазақстан халқы жаңаруының сандық аспектісінің маңызы арта түсті. Аз балалықтың кеңінен таралуын отбасы институтының өзінің негізгі – репродуктивтікқызметін орындамауы деп қарастыруға болады.
Ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжалдар мен ажырасулардың басты факторларының бірі – отбасындағы басшылық рөлін бөлісушілік болып табылады.
Әйелдердің тұрмыстағы теңсіздігі сәтсіз отбасыларында жиі байқалады. Көбінесе, мұндай отбасыларында ері балағакамқорлық жасауға да, олардың тәрбиесіне де, үй шаруашылықтарын басқаруға да қатыспайды не көңіл бөлмейді.Отбасындағы ерлі-зайыптылардың міндеттерін жаңа заманға сай түсіну тенденциясы жас отбасыларында жаңа үлгідегі үй жұмыстарын бөлуде көбірек байқалады, ал, үлкен буынды және ауылдық отбасыларында төмен. Бұл мәселелердің ең бастысы – отбасытұрақтылығын көтеру, ажырасу мен толық емес отбасыларының қатарын азайту, бала туу көрсеткіштерін арттыру, отбасыларының тәрбиелік мәнін жоғарылату және т. б.
Отбасы тұрақтылығының
Жаңа үлгідегі отбасында ерлі-зайыптылардың арасындағы өзара қатынас алдыңғы жоспарға шығып, некедегі өзара үйлесімділік тұрақтылықтың ең басты шартына айналды. Бұл шартты бұзушылық ажырасу құқын негіздеуде үлкен мәнге ие.Әрине, қазақстандық отбасын тұрақтандырып, нығайту үшін экономикалық, әлеуметтік-саяси, идеологиялық және тұрмыстық бағытта белгілі мемлекеттік, қоғамдық шаралар мен жағдайлар қажет.
Отбасының
тұрақтылығы мен тұрақсыздығын
ерлі-зайыптылардың қажеттілігін қанағаттандыру
арқылы қарастырамыз. Адамдардың материалдық
қажеттілігі "саяси, рухани және еңбек
белсенділігі негізінде жатыр". Біздің
пайымдауымызша, отбасының тұрақтылығы
ерлі-зайыптылардың тек материалдық қажеттіліктерін
қанағаттандыру ғана емес, эмоционалды-психологиялық
қажеттіліктерін де қанағаттандыруға
қатысты болады. Ал, отбасының эмоционалды-психологиялық
тұрақтылығы өзара көмек пен психологиялық
қолдау, өзара түсінісу, қанағаттану, өзінің
қасиет-қабілеттерін сезіну, өзінің қажеттілігі,
маңыздылығы сезімін қанағаттандыру деңгейіне
тікелей қатысты. Сол себепті, бірге өмір
сүруде әрбір ерлі-зайыптылар қандай да
болсын қажеттілігін қанағаттандыратын
тиісті деңгейге жетуі қажет, олай болмаған
жағдайда қолайсыз жағдайларға ұшырап,
жағымсыз эмоция мен сезім қалыптасып,
нығая түседі. Отбасындағы билікті бөлісу-қазіргі
отбасыларындағы басты қайшылықтардың
бірі. Әйелдердің әлеуметтік теңдігі олардың
отбасындағы теңдігін де көрсетеді. Бірақ,
қазақстандық отбасы оның жүзеге асырылуына
кез-келген уақытта дайын бола бермейді.
Отбасындағы басқару түріне қарай отбасын
авторитарлық,авторитарлы-
Авторитарлық үлгіге отағасына барлық басқарушылық және бақылаушылық қызметтері бекітілгені анық байқалатын отбасы түрі жатады. Жаңа отбасылық қатынастар, әсіресе, ондағы әйелдер жағдайының өзгеруі отбасы басшысын мойындау мен оның қызметін түбірімен өзгертті.
Демократиялық
және авторитарлы-демократиялық
Демократиялық үлгідегі отбасыларындағы отбасы мәселелері ерлі-зайыптылардың ақылдасуымен шешіледі. Авторитарлы-демократиялық үлгідегі отбасыларында өзара қарым-қатынастың қарама-қайшылықта болу сипаты байқалады, бұл жерде демократиялық стиль авторитарлық типтің сарқыншақтарымен сәйкес келеді. Мұндай отбасыларында негізінен әйел үй шаруашылығымен айналысады және, әдеттегідей, отбасы бюджетін басқара отырып, тұрмыстық-шаруашылық мәселесін шешуде оның рөлі арта түседі.
Көшбасшылық пен отбасындағы міндеттердің бөлінуіне байланысты отбасының топтары: дәстүрлі отбасы, дәстүрлі емес отбасы және эгалитарлы отбасы болып бөлінеді. Ал, құрамына қарай нуклеарлы және кеңейтілген отбасы болып жіктеледі.
Туыстық құрылым бойынша отбасы былайша бөлінеді:
1) нуклеарлы отбасы (балалары бар ерлі-зайыпты жұп);
2)кеңейтілген отбасы (балалары бар отбасы және отбасымен бірге күйеуінің не әйелінің туысы тұрады).
Жұбайлар арасындағы билікті бөлу құрылымы бойынша келесі отбасыларды бөлуге болады.
1) эгалитарлы – тең құқықтылыққа негізделген:
2) авторитарлы – басты шешімді күйеуі (әйелі) қабылдайды.
Балалар саны бойынша – көп балалы, балалар саны орташа, аз балалы, баласы жоқ отбасы болып бөлінеді.
Бос уақытты өткізу сипаты бойынша ашық отбасы (араласуға және мәдениет индустриасына бағдар алған) және жабық отбасы (бос уақытты үй ішінде өткізуге бағдарланған) болып бөлінеді.
Үй міндеттерін бөлу сипаты бойынша – дәстүрлі отбасы (міндеттерді көбінесе әйелі атқарады) және ұжымдық отбасы (міндеттер бірлесіп не кезекпен атқарылады) болып бөлінеді.
Дәстүрлі санаттағы
Аз қамтылған отбасы – жан басына шаққандағы табыс мөлшері тұтыну қоржыны көрсеткішінен төмен болса, онда ол кедей деп саналады, әлеуметтік көмек алу құқығына ие болады.
Аз қамтылған азаматтарды
Үкімет кедейшілікпен
Жұмыссыз азаматтардың отбасылары – жұмыссыздар қатарында кәмелетке толмаған балаларын асырайтын ата – аналардың көбісі, сонымен бірге бір және бірнеше мүшелері жұмыс істемейтін отбасылар да бар. Жұмыссыздар отбасына әлеуметтік көмек көрсету үшін мыналар теңестіріледі: бірінші топты толығымен жұмыссыз отбасылары құрайды (кәмелетке толған, еңбекке жарамды мүшелерінің бәрі де жұмыссыз болып табылатын); екінші топ – ішінара жұмыссыз отбасылары (кәмелетке толған бір ғана мүшесі жұмыс істемейді).
Көп балалы отбасы – деп үштен артық балалары бар отбасы танылады. Бала көп туылатын аудандарда ол одан көп болуы мүмкін, әсіресе ауылдық жерлерде екі және одан да асатын туыстарымен бірге тұратын күрделі отбасылары да баршылық. Оның басты себебі экономикалық дәрменсіздік болып отыр.
Аз балалы отбасылар – жаңа туған балалардың санының күрт төмендеуі жиі ұдайы өндірісті қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейдің тез төмендеуімен көрініп отыр. Халықтың ұдайы өндіріс шегі бала туудың 2.1-2.2-ге тең жиынтық коэффициентік бірлігіне сәйкес келмейді (өлім деңгейіне байланысты).
Төмендегі
сызбанұсқадан отбасының
3– СЫЗБА. Отбасы түрлері
Егер өмір деңгейінің құрылымына қарайтын болсақ, онда ол мынадай көрініс береді:
кедейшіліктегі отбасылар (күнкөріс минимумы төмен) – 35 пайыз;
аз қамтылған отбасылар -27 пайыз;
жақсы қамтылған – 8 (солардың ішіндегі ауқаттылары -4-5 пайыз) (Жаназарова З.Ж. Социальная работа с семьей. – Алматы: Қазақ университеті, 2003).
Жағдайы жайсыз отбасылар- әлеуметтік - экономикалық және биологиялық себептермен пайда болатын жағдайы жайсыз отбасылар болып табылады. Оған мыналар жатады:
1) жанжалды отбасы – кеңірек тарағаны;
2) биморальды отбасы (маскүнемдік, төбелес);
3) педагогикалық дәрменсіз отбасылар – мәдениетінің жоқтығы;
4) асоциалдық отбасы – нормалар мен талаптарға сәйкеспейтін отбасы.
Айта кететін жайт, Қазақстандағы ажырасудың жоғарғы деңгейде болуы отбасының мәні мен оның құндылығының, жеке адам өмірінде де, қоғам өмірінде де төмендегенін, отбасының адамның сұраныс-талаптарын толық қанағаттандыра алмайтындығын көрсетеді. Оған қоса, қазақстандық отбасындағы некелік-отбасылық қатынаста қазіргі өмір және мәдениет үлгісі мен қарқынына сай емес қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің кері әсерін де ескермесе болмайды. Бірақ, барлық осы құбылыстар мен үрдістер орын алмай қоймайды деген пікір қалыптаспауы қажет. Оларды, біздің көзқарасымызша, танып-білуге, басқаруға (өзгертуге) болады. Міне, сол себепті, біз Қазақстандағы ажырасудың артуы мен туып-көбеюшіліктің қысқаруы сияқты жағымсыз тенденцияларға көп мән береміз.
Қазіргі жаңару кезеңіндегі Қазақстанның жағдайындағы негізгі міндет стратегиялық мақсаттың жетістіктеріне жету үшін теориялық және эмперикалық тәсілдерге сай келетін терең де кешенді жұмыстар жүргізу.

- Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың сипаттамасы және құрамдарының саралануы
- Отбасына және кәмілетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- Отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық басшылық жасаудың теориялық әдіснамалық негіздері
- Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері
- Отбеливающие свойства
- Отбельный цех сульфитцеллюлозного завода по выпуску белёной целлюлозы марки Б-I
- Отбор в волейболе
- Отандық экономикада инфляция жағдайы және ерекшеліктері
- Отбасы және қарсы қылмыстың кәмелетке толмаған
- Отбасы және неке, туысқандық қатынастар
- Отбасы құқықғы
- Отбасымен әлеуметтік жұмыс
- Отбасымен әлеуметтік жұмыс
- Отбасымен әлеуметтік жұмыс