Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері
Мазмұны
| Кіріспе | 3 | |
| 1 | Отбасындағы тәрбиенің
теориялық негіздері |
4 |
| 1.1 | Отбасы - тәрбие
факторы |
4 |
| 1.2 | Отбасы жүйесі-
баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының
негізі ретінде |
10 |
| 1.3 | Отбасындағы дағдарыстар | 15 |
| 2 | Ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын жақсарту жолдары | 19 |
| 2.1 | Отбасының қалыптасуы және оның ерте заман дәстүріне сай тәрбиелеу жолдары | 19 |
| 2.2 | Ата-аналар мен балалардың өзара татулығы | 26 |
| 2.3 | Отбасының тәрбие
жұмысын ұйымдастырудағы рөлі |
30 |
| Қорытынды | 33 | |
| Қолданылған әдебиеттер
тізімі |
34 |
Кіріспе
Зерттеу мәселесі
Қазіргі кездегі отбасындағы ата-аналар мен балалардың жақсы қарым-қатынасын қалыптастырудағы, ерте замандағы отбасы тәрбиесінің маңызы.
Зерттеу мақсаты
Отбасының қалыптасып, дамуын сипаттай отырып, ондағы тәрбиенің мазмұнын жәнеде ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасын ашып көрсету.
Зерттеу міндеттері
- қазіргі қоғамдық даму кезеңіндегі отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін ашу;
- отбасының қалыптасуын және оның тәрбие факторы ретіндегі сипатын көрсету;
- ерте замандағы және қазіргі замандағы ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу объектісі
Отбасы, ата-аналар, балалар.
Зерттеудің ғылыми болжамы
Егер
бала ең алғашқы тәрбие тетіктерін
ата-ана арқылы қабылдаса, олардың
көшірмесі ретінде іс-әрекет жасаса,
бірте-бірте өзіндік
1
Отбасындағы тәрбиенің
теориялық негіздері
1.1
Отбасы - тәрбие факторы
Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі - дүниеге келген сәбиді теңдік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты, сондықтан ол қоғам мүддесіне қызмет етуі тиіс. Отбасы ең алғашқы тұлғаны дамытатын әлеуметтік орта.
Отбасындағы
жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің
қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің
қарым-қатынасындағы
Өмір тәжірибесі көрсеткендей, екі түрлі отбасына назар аударуға болады. Біріншісі- материалдық игілікті алға қойып, оған жетуді мақсат еткендіктен, рухани құлдырауға соқтығуда. Екіншісі- материалдық игілігі жеткілікті отбасында бала мен ата-ана арасында эмоционалдық, мейірімдік қарым-қатынастың орнықпағандығы байқалады.
Отбасындағы тәрбиенің тиімді
болуы ондағы қарым-қатынас
- ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшесінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;
- ортақ мүддеге негізделген біріңғай қарым-қатынас;
- жақсы қарым-қатынасты сақтай отырып, өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;
-
түрлі себептерден туындаған
отбасындағы қайшылықты қарым-
Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.
Қазақ отбасы көбінесе көп балалы болып келген. Қазақ отбасы ата-ана, әке-шеше, балалар үш ұрпақты құрамнан тұрған. Отбасы экономикалық жағынан қамтамасыз етіліп отырған.
Рухани-адамгершілік
сезімді қалыптастыратын
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.
Балалардың отбасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінле анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды.
Отбасы - болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Нарық қатынастарының даму нәтижесінде отбасында айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті - қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен отбасы балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін түсіндіру. Ата-ананың маңызды міндеті балалармен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әр түрін орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар енгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне "өзінше" қиындық әкелді.
Өркениетті
қоғам дамыған сайын
Толық
емес отбасында, ата-анасының біреуі жоқ
болған отбасыларда тәрбиелік
Отбасы тәрбиесінің проблемасы - ананың отбасы тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрысу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.
Ата-ана құқығынан айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.
Елдегі
түбегейлі әлеуметтік-
Отбасының
жоғары материалдық ауқаттылығы(
Осылайша,
демократиялық қоғамда ата-
Отбасы тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БӘӘ Бас Ассамблеясы қабылдаған "Бала құқығы туралы ковенция" маңызды негізгі құжат. "Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, туылғанға дейінгі тиісті құқықтық қорғау керек", - деп жазылған Конвенцияда.
Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жеке тұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана "баланың мақсат-мүддесі үшін қажетін" орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.
Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы тиіс: ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім енгізу, орта және кәсіби білім алуға жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында "мектептегі тәртіп баланың адами қадір-қасиетіне құрмет көрсететін әдістер арқылы жүргізілуі тиіс" деп, ерекше аталып кеткен.
Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" заңында (07. 06. 1999ж.) елдегі білім беру-тәрбиелік процесті мемлекеттік-құқықтық реттеудің мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген Бұл құжаттың нақты жасалған құқықтық негізі бар, ол ата-аналарға және балаларға, олардың қазіргі заманның талабына сай зиялы білім алуларына, құқықтық кепіл береді. Ата-ана және басқа құқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының интеллектуалды, дене-күш және адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етулері керек. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында елдегі білім беру-тәрбие процесін жүзеге асыратын дамыған, қызмет етіп тұрған құқықтық негіз бар, отбасының дамуына кепіл беретін және отбасы өмірінің, отбасы ұжымындағы өзара байланыстың терең демократиялы қамтамасыз ететін құқықтық нормалардың жүйесі жетілген.
Отбасының тәрбие өмір салты, оның барлық құрылымдық элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат-міндеттері ортақ іс-әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар . Отбасындағы тәрбиенің субъектілері - ата-ана мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер. Осы элементтерді біріктіретін негіз - іс-әрекет.
Ұйымдастырылған
мақсатты жүзеге асыруда іс-әрекет
болмаса, тәрбие де болмайды. Отбасындағы
тәрбиенің маңыздылығы ата-
Баланың
отбасында орындайтын тапсырмалары
оларды орындауға қатынасы. Баланың
отбасындағы орындайтын тапсырмалары
оның деңгейі педагогикалық
Ата-ананың тәрбие жұмысының күн тәртібін ұйымдастыруынан көруге болады, онда отбасы тәрбиесінің маңызды ерекшеліктері көрініс табады, отбасының әдет-ғұрыптарының бір бөлігі болып табылады. Күн тәртібі баланың уақыт аралығындағы іс-әрекетінен тұрады: дене және еңбек қызметі, ой белсенділігі, бос уақыт, дер кезінде тамақтану, гигиена, ұйқы.
Олардың ара қатынасы баланың жасына, оның жеке тұлғасының психикалық ерекшеліктеріне және тілек-қалауларына байланысты өзгеріп отырады. Баланың бос уақытты оның күн тәртібінің құрамды бөлігі болып табылады. Оқушының бос уақытын пайдалануы, оның іс-әрекетінің түрлері отбасының тәрбие мүмкіндіктерінің айқын көрсеткіші.
Отбасының бос уақыттағы бірлескен іс-әрекетінің оқушы үшін маңызы өте зор. Отбасы мүшелерінің өзара әрекеттестігі ретінде, түсіну, сезім әсерлері негізіндегі бір-біріне ықпал етуі. Қарым-қатынас кезінде іс-әрекетпен, тәжірибемен, сезім әсерлері қатар жүреді. Ата-ана мен баланың ара қатынасы отбасы өмірінің айқын көрінісі., оның микроклиматын қалыптастырып, отбасының даму мүмкіндіктері. Педагогикалық мәдениеті төмен отбасыларда бос уақыттың педагогикалық мәні болмайды, ол тек көңіл көтеру мақсатында ғана пайдаланылады.
Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, көзқарастардың дамуына, балалардың мінез-құлығына, олардың адамдарға деген қатысына әсер етеді. Отбасындағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-ананың өзінің бұрынғы отбасынан алған тәрбие нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ананың балаға деген қатынасында орын алады.
Отбасындағы
бала тәрбиесінің жетілуі
Кесте
1- Отбасының педагогикалық процесі күйінің
диагностикасы
|
| 1 | 2 | 3 |
| Ата-ананың педагогикалық мәдениеті | 1) ата-ананың тәрбиенің
мақсатын, міндеттерін түсінуі;
2) тәрбиенің құралдарын, формаларын, әдістерін, тәсілдерін білу. |
Сұрақ-жауап.
Әңгіме-сұхбат. Байқап-бақылау. |
| Оқушының сипаттамасы | 1) отбасы өміріне
белсенді араласу;
2) адамгершілік, ителлектуалдық, өмірлік мақсаттар; 3) іс-әрекеттің мақсаты, себеп-салдары; 4) іс-әрекет түрлерінің алуан түрлілігі; 5) іс-әрекеттің білігі мен әдіс-тәсілдерін игеру. |
Байқап-бақылау.
Педагогикалық жағдайлар. |
Кесте 1 жалғасы
Педагогикалық
процестің сипаттамалары
Жоғары деңгей - барлық негізгі көрсеткіштер толығымен көрініс тапқан отбасылар. Ата-ананың әлеуметтік жауапкершілігі мен педагогикалық мәдениеті дамыған, олардың педагогикалық ынта-ықыластары бар. Отбасында оқушының күн тәртібі сақталады, оның өмірі әртүрлі іс-әрекетке толы. Отбасындағы ара қатынас демократиялық тұрғыда негізделген. Бұндай отбасыларда өзара түсіністік және қамқорлық рухы басым; балалардың әкесі мен анасының қызметі жайлы хабары бар, олардың қиыншылықтары мен жетістіктерін де біледі; баланың мектептегі жағдайы да отбасында еркін талқыланады; ата-ана баланы жүйелі оқу іс-әрекетіне үйретеді, күн тәртібін дұрыс құруға көмектеседі, оқуда қиыншылықтар туған кезде көмек көрсетеді; әкесі мен анасы баланың сабақтан тыс уақытына көңіл бөледі; баланың бос уақытын ұйымдастыруына қатысып, оған мақсаттылық пен тиімділік элементтерін енгізеді. Отбасыларда бірігіп істелінген еңбек, табиғатқа саяхат, спорттық шаралар, кітап оқу - күнделікті және жиі болып тұратын құбылыстар. Ата-ана баланы дұрыс педагогикалық мәдениетке бағыттап оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне әлуметтік-жауапкершілігін түсінеді. Ата-аналар отбасы айтарлықтай түзетулерді керек етпейді. Олар оның мәнін және өздерінің баланың өмірін ұйымдастырудағы алатын орнын түсінеді.
Орташа деңгейде отбасының педагогикалық процесі, жалпы алғанда, қанағаттанарлық күйде, алайда кейбір элементтері, белгілі бір мөлшерде, түзетуді қажет етеді. Ата-ана бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса да, олардың педагогикалық мәдениеті жеткіліксіз: олар көбінесе тәрбиеде аз әдістерін қолданады (насихат әңгімелер, т.б.), үй тапсырмасын тексеру анда-санда ғана жүргізіледі. Балалар белсенді, бірақ жеткілікті ұйымдаспаған және мақсаттары анық емес.Отбасындағы өзара қатынас демократиялық принциптерге негізделген, алайда авторитарлық бедел қалады.
Ата-ана
баланың оқу іс-әрекетіне
Төменгі
деңгей отбасының іс-әрекетінде ала
ауыздықпен, ата-ананың нашар педагогикалық
мәдениеті, бала тәрбиесіне деген жауапкершіліксіздік,
педагогикалық сауатсыздығымен сипатталады.
Балалардың үлгерімі төмен, олар үшін
отбасылық өмірдің қызығы жоқ, балалардың
әуестіктері кездейсоқтық сипатқа ие,
жасөспірімдер ортасының оларға кері
әсері өте үлкен. Ата-аналар өз міндеттерін
тек қана оқушыны қаржы жағынан қамтамасыз
ету және бақылаудың жалпы қызметтерін
атқару деп түсінеді. Олар мектеппен жүйелі
түрде байланыс жасамайды, педагогтар
кеңесін ескемейді. Оқушының оқудағы,
тәртібіндегі ақауларды мұғалімдердің
жаман жұмыс істеуімен түсіндіреді. Мұндай
ата-аналардың тиісті педагогикалық мәдениеті
жоқ және, ең бастысы, педагогикалық шараларға
қатысуға ынтасы жоқ.
1.2
Отбасы жүйесі - баланың
жеке бас дамуы
мен қалыптасуының
негізі ретінде
Отбасы жүйесін - біріңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады. Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы (жеке адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада - ері - әйелінен құралады; үшінші топ - сиблингті, төртінші топ - ата-ана диадасы - баладан құралады. Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады. Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері бірдей өтелетін болады. Сонымен қатар отбасы түрлі маңызды топтармен: достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт.
Отбасы
қызметі - құрылымдық ұйымдастыру және
дамумен тығыз байланысты. Отбасына
тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы
мүшелерінің өзара қарым-
Отбасы қызметінің негізі екі тұрғыда қарастырылады:
1) әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер;
2) отбасында көрініс алатын мінез - құлық феномені және процестері.
Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір - біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз ету, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір - бірімен тығыз эмоционалды байланыста болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.
Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы жүз жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір-біріне психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.
Баланың ата-ана және құрбыларымен қарым-қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез-құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәрбиесіне сүйенеді. Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс-әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін айқындайды.
Отбасы психотерапиясында қолданылатын жүйелі ықпал ету түрі - отбасының әрбір мүшесі дамудың қандай сатысында болса, онда отбасы толықтай сол деңгейде деген болжам жасайды. Мүдделі жағдайда отбасы мүшелерінің дамуы және жүйесі екеуі өзара байланысты болуы мүмкін. Алайда, көптеген жағдайда ол патологиялық сипатқа ие. Мысалы, он бес жасар жеткеншек қыз перзентті болды деп елестетіп көрейікші. Бұл жеткіншек жас кезеңі, балада әлеуметтік тәжірибе белсенді меңгеріліп, өзіндік саны қалыптасатыны бізге белгілі. Егер жеткіншекке басқа бір адамға деген жауапкершілікті алу ауыртпалығы жүктелсе, онда ол өзінің жеке мәселесін екінші орында ысырып қоятын болады. Сондай-ақ жеткіншектің ойлары мен көзқарастары амбиваленттілікпен сипатталады. Жеткіншектер үлкендер тарапынан көрсетілетін нақты қолдау мен қамқорлыққа мұқтаж, бастысы туелсіздікке ұмтылады. Осылайша, жеткіншектің басқа бір адамның жағдайын жасау қажеттілігі, оның дамуын айтарлықтай қиындататын болады.

- Отбеливающие свойства
- Отбельный цех сульфитцеллюлозного завода по выпуску белёной целлюлозы марки Б-I
- Отбор в волейболе
- Отбор в группу начальной подготовки
- Отбор в первичном семеноводстве газонных трав
- Отбор в свиноводстве
- Отбор в системе работы с персоналом
- Отбасымен әлеуметтік жұмыс
- Отбасымен әлеуметтік жұмыс
- Отбасымен әлеуметтік жұмыс
- Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты
- Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың сипаттамасы және құрамдарының саралануы
- Отбасына және кәмілетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- Отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық басшылық жасаудың теориялық әдіснамалық негіздері