Отбасымен әлеуметтік жұмыс. 2
|
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
|
«Басқару» факультеті
«Экономиканы мемлекеттік реттеу» кафедрасы
«Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы» пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Отбасымен әлеуметтік
жұмыс
Алматы 2010
Жоспар
бет
Кіріспе.......................
І тарау Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі
теориясы мен әдістемесі....................
- Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері......5
- Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні және әдістері......................
.......8
ІІ тарау Қазіргі заманғы отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмысқа
талдау......................
2.1 Отбасы – әлеуметтік
жұмыстың обьектісі ретінде.......................
2.2
Жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу
тәжірибесі....................
2.3 Қиын балалары бар отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
түрлері.......................
ІІІ тарау Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты дамытудың
жолдары.......................
3.1 Жас отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бағыттары..................23
3.2
Отбасындағы бала тәрбиесін нығайту шаралары......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: қазіргі таңда отбасындағы ажырасу, қиын бала, ұрыс-керіс сынды жайттар күннен-күнге артуына байланысты өзекті әрі ауқымды мәселеге айналып отыр. Осындай проблемалардың түйінін шешуде әлеуметтік жұмыстың алар орны ерекше. Сондықтан, отбасындағы проблемаларды шешуде әлеуметтік көмек көрсетуіміз керек.
Курстық жұмыстың мақсаты: отбасыға жалпы анықтама бере отырып, алда туындайтын мәселелерге көрсетілетін әлеуметтік жұмыстың мәні мен мазмұнын ашу, отбасымен әлеуметтік жұмысты талдау, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жетілдіру жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мәнін айқындау;
- отбасымен әлеуметтік жұмыстың маңызын анықтау;
- қазіргі заман отбасында ата-ананың тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін
ашып көрсету;
- бала мен ата-ана қарым-қатынасының педагогикалық – психологиялық
тұстарына сипаттама беру;
- ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогкалық шарттарын
айқындау;
- жас отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бағыттарын көрсету;
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Себебі: адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Кәмілеттік жасқа толғаннан кейін де өзі отбасын құрып бөлек шықпағанша, туған ата-анасының қол астында, қамқорлығында болмақ. Демек, отбасы – негізгі қамқорлық мектебі.
Отбасы – некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, сонымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды біріктіреді. Отбасы – бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы – некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.
Отбасы – адамдардың өзара
әрекеттесулерінің ежелгі институты,
бірегей құбылыс. Оның бірегейлігі
бірнеше адамның ондаған
Отбасы ұжымы - бұл тату-тәтті,
бір-бірімен байлнысты бір
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмыс мамандағы, сондай-ақ барлық пәндерінің арасынан отбасы туралы ғылым өзекті тақырып болып, отбасы, әйел, өскелең жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін жаңа мамандық маманына талап күшейді.
Курстық жұмыстың
құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен,
қорытындыды және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
І тарау Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың ғылым ретіндегі теориясы мен әдістемесі
1.1 Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері
Орыс тіліндегі «семья»
сөзінің қазақша баламасы әлімсақтан
отбасы екендігі аян. Бұқаралық ақпарат
құралдарында ғасырлар бойы тілімізде
орныққан «отбасы – ошақ қасы»
тіркесіндегі төмендету сипатында
айтылған мағынасынан алыстай алмай,
«жанұя» сөзімен ауыстырып
Отбасы және отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін педагогикалық және психологиялық, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және физиологиялық аспектіде зерттеген ғалымдар (И. Бестужев-Лада, И.В. Гребенников, В.Н. Колбановский, И. С. Кон, Э.И. Новиков, А.Г. Хрипкова т.б.) өздерінің зерттеулерінде қоғам өмірінде отбасы рөлінің маңызына тоқталып, бала тәрбиесінде халықтың этникалық, этикалық, ерекшеліктерін есептеудің қажеттілігін дәлелдейді.
Түрлі мамандық иелерінің отбасы тақырыбына деген қызығушылығы, ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, әлеуметтік ортада отбасының өмір сүруінің көп функциялы сипатына байланысты.
Жалпы алғанда, зерттеу бірнеше бағытта жүргізілді:
- отбасы мен некенің туындауын және қоғамда дамуын зерттеу (Дж.Ф.Мак-Леннан, Л.Морган, Г.И.Бахофен, Ф.Энгельс, Ю.И.Семенов, М.Мид және басқалары);
- отбасы мен некенің типтері мен түрлерінің дамуын зерттеу (И.В.Гребенников, С.В.Ковалев, В.П.Меньшутин және басқалары);
- отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы психологиясының мәселелері (С.В.Ковалев, Л.В. Ковалева, А.И.Кочетов, Л.В.Панкова, В.А.Сысенко, В.С.Торохтий, Т.А.Трапезкова, В.Сатир, Н.М.Ходаков)
- отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау, отбасылық тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жасау (Ю.П.Азаров, И.В.Гребенников, Н.К.Крупская, П.Ф.Лесгафт, А.С.Макаренко және басқалары).
Отбасына тарихи көзқрасытың басы швейцар ғалымы И. Бахофеннің «Ана құқығы» (1861ж) еңбегі деуге болады. Бұл еңбегінде ол қоғамның дамуының бастапқы салаларына жыныстық қатынастардың ретсіздігі немесе жыныстық еркіндіктің кең тарауы тән деген болжам айтты. Бұдан кейін қоғамның дамуында басты роль әйелге тиесілі болды (матриархат). Кейінірек еркектердің басымдығы бекіді (патриархат).
Отбасы туралы жаңа ілімге сын айтқан ағылшын заңгері, психолог, тарихшы Г.Мэн қоғамның дамуында матриахтың болғанын жоққа шығарды.
Американдық зерттеуші, тарихшы, этнограф Л. Морган отбасының дамуына қатысты басқа көзқарасты ұстанды. Ол 200-ден астам қоғамдық топтың неке –отбасы қатынастарын зерттеді. Л.Морган адамзаттың даму тарихын үш кезеңге бөлді: тағылық, варварлық, өркениет.
Олардың әрқайсысы өзіндік қоғамдық институттары мен өнердің түрлерін жасады. Ч.Дарвин ілімнің тікелей әсерімен ол отбасының даму теориясын сомдады. Л.Морганның іліміне сәйкес отбасы мынадай кезеңдерден өткен:
- қандас туыс отбасы;
- пуналуалды отбасы;
- полигамия (алдымен әйелдер жағынан, кейінен еркектер жағынан)
- моногамия
Отбасына деген нақты ғылыми пікірді Ф.Энгельс негіздеп берді. Ол бірінші болып мәдениеттің, яғни тағылық пен варварлықтың алғы тарихын ғылыми тұрғыдан сипаттады. Әр кезеңді ол төменгі, орташа және жоғары сатыларға бөлді. Ол өзінің «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің туындауы» атты еңбегінде отбасына оның тарихи даму барысында талдау жасайды. Алғашқыда неке топтары ұрпақтарға бөлінгенде, яғни, ата-аналар мен балалары арасында жыныстық қатынасқа жол берілмегенде, бұл қандас туыс отбасы болды. Онан кейін пуналуалдыотбасы алмастырды, ол апа мен бауырлар арасындағы жыныстық қатынасқа жол бермеді.
Ал кейініректе жұптан тұратын отбасы пайда болды, онда еркек пен әйелден бір-біріне қатысты жұбайлық адалдықты талап етті, ал көзге шөп салу қатаң жазаланды. Өркениеттің табалдырығын арттарда туындаған отбасының соңғы түрі моногомия болып табылады. . [2]
Отбасы қоғамның жеке ұйымы
ретінде зерттеу, оның даму тарихын зерттеу
ертеден орын алған. Ал, ғылыми тұрғыдан
жүйелі зерттеу тек ХІХ ғасырдың ортасында
басталған. Осы кезде көптеген ғалымдардың
еңбектері (Ф.Энгельс, Дж.Ф. Мак-Ленанн,
Л. Морган, И. Баховен ) неке түрлерін
және некенің қоғамдық дамуын зерттеуге
бағытталған еді. Ал, ХХ ғасырда батыс
ғалымдары некенің құрылымын (Боуен, Олсон,
Бэйтсон), дамуын (Соломон, Дювель, Шепард,
Беннис, Куутсар және т.б.) зерттеуге ден
қойған.Отандық психология және социология
ғылымдарында жанұяның құрылуы мәселелері
қарастырылды (А.Г. Харчев, Н.Я. Соловьев,
В.М. Медков, А.И. Антонов, И.В.Гребенников,Э.Г.
Ресейдегі отбасы психологиясына қатысты зерттеулерді бірнеше негізгі бағыуттарға жіктеуге болады:
1) ата – ана бағдарларын (А.С. Спиваковская, Т.В. Архиреева, В.В. Столин, А.Я. Варга, Е.А. Савина, О.Б. Чарова, Г.Г. Филиппова) және отбасындағы тәрбиелеу стильдерін зерттеу (С.В. Ковалев, В.В. Воронов, Е.А. Костицина, Е.Т. Соколова, Э.Вильданова);
2) Дұрыс емес тәрбиелеу түрлерін зерттеу (В.И. Гарбузов, А.С. Спикаковская, А.Е. Личко, Э.Г. Эльдемиллер);
3) ата – аналар мен балалардың өзара қатынасының әр түрлі аспектілерін зерттеу (О.В. Илларионова, В.В. Столин, А.В. Петровский, М.В. Полевая);
4) ата – аналар мен балалардың өзра қатынасындағы бұзылуларды және олардың тұлғалық дамуына әсерін зерттеу А. Захар А.С. Спикаковская ,Е.О. Смирнова, Т.А. Кошкарова, Н. Штирман, Э.Г. Эйдемиллер ).
Қазақстандық ғалымдардың еңбектері отбасындағы қатынастар педагогикасы мәселелерін, балалар мен ата – аналардың дау – жанжал жағдайларындағы мінез – құлқы, өртүрлі отбасындағы қарым – қатынас ерекшеліктерін қамтиды (С.М. Илюсизова, У.И. Ауталипова, М. Габдуллин, С. Кубеноев, Х.Т. Шерьязданова).
Көрініп тұрғандай,
отбасындвғы қатынас
Шетелдік психологиясында
жағымды және жағымсыз ата-
1) Ата - ана мен балалар арасындағы эмоционалды алшақтық, яғни жақындықтың болмауы - бала мен ата - анасы арасындағы эмоционалды қалыпты қатынас ата - ана зейіннің тек балаға шоғырлануы;
2) Ата - ананың балаға қатысты басымдылығы, үстемділігі - ата - ана мен баланың ішкі өзаратәуелсіздігі - ата - ананың балаға қатысты шектен тыс көнгіштігі;
М.Земски көрсеткен ата - аналық бағдарларды талдау келесі ерекшліктерді көрсетті. Ата - ана мен балалар арасындағы эмоционалды алшақтық, яғни жақындыұтың болмау кезінде ата - ананың баламен қарым - қатынасы жеткілікті мөлшерде болмайды, демек, баладан әке - шешелердің психикалық қашықтығы байқалды. Әдетте, эмоционалды жақындығы жоқ ата - аналар баланы қолдау тәсілін емес, балаға қарсы қатынасты ұсынады. . [3]
Жаңа қоғамдық-саяси қарым-
- Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мәні және әдістері
Отбасы бір қарағанда, әлеуметтік түсініктер танымының қарапайым ғана түрі ретінде көрінеді. Осы термин күнделікті қарым-қатынаста қолданып, әр адамның осы отбасылық өмір туралы жеке тәжіриебесі бар.Біз осы сөзді барлық партиялардың саяси қызметкерлерінің аузынан естуге үйреніп алғанбыз, олар өздерін отбасы мен отбасы қажеттілігінің жақтастарымыз деп есептейді.
Кәсіптік жұмыстардың шетелдік тарихына ондаған жылдар болған деп есептелінеді. Қазақстанда әлеуметтік жұмыстар тарихы енді қалыптасып жатыр, жоғары оқу орындарында әлеуметтік жұмыстар жөнінде мамандар даярлау жұмысы басталды, осы саладағы ғылыми зерттеулерге деген қызығушылық туып, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешумен нақты айналысатын мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық ұйымдар құрылуда. Кеңес дәуірі кезінде қолданылған «мемлекеттік және қоғамдық қолдау жүйесі» тоқтатылып, ол қолдағы қалған принцип бойынша қаржыландырылып, бұл оның тиімділігін елеулі түрде төмендетті, олардың іс-әрекеті негізінен алғанда, әлеуметтік қамтамасыз ету болды. Осы ретте, әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік мекемелеріне диплом алған мамандар қажет болмады. Қазір біз осы қызметтің жаңартпа тәсіліне қарсы келетін, мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің инерциялық ойлауымен әлі де болса кездесып қалып отырмыз.
Әлеуметтік жұмыстардың мәні әлеуметтік қайта құру дәуірінде өсіп отыр, оның иіндеті болмай қалмайтын әлеуметтік дау-жанжал салдарын төміндету болып табылады. Әлеуметтік жұмыстардың кәсібилігі, өмір сүру мүмкіншіліктері кедейшілік, денсаулығының төмендігі, дискриминация және мүгідектігі салдарынан шектелген адамдар мен отбасыларын реформаға табысты түрде бейімделуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік жұмыстардың дамуы әлеумнттік жағдайы мүдделері әр түрлі топтағы адамдар үшін өз мүмкіндіктерінтеңестеруге қол жеткезуін шамалайтын, азаматтық қоғамның құндылықтарын қалыптастырумен тығыз байланысты.Әлеуметтік жұмыс, бір жағынан алғанда, өмір сүрудің қиын жағдайында отырған адамға немесе топқа көмек көрсетуге бағытталған, ал екінші жағынан алғанда, ол жеке адам, жеке топ, қоғамдық, жеке меншік және мемлекеттік ұйымдар арасында делдалдың маңызды рөлін атқарады.
Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік қиыстырылған іс- әрекет болып табылады, онда қызмет жүйесі, жұмыс бастылықтың құрылымы мен теория жиынтығы айтылады. Оның мазмұны сол және басқа елдегі әлеуметтік көмек қажет ететін адамдармен жүргізілген жұмыстармен, әлеуметтік қызметтердің қалыптасқан түрлерімен, әлеуметтік жұмыстардың кәіптік дәрежесімен және клиенттердің әр түрлітобымен жүргізлетін әлеуметтік саясат сипатымен анықалады.Кәсіби әлеуметтік жұмыс отбасы құрамы мен клиенттің тұрмыс қалпы, әлеуметтік мәртебесі, дін, этика, мәдениет деректерімен анықталатын әр түрлі жағдайларда іске асырылады.[4]
Әлеуметтік жұмыстардың дәстүрлі тұжырымдамасы жеке, отбасылық, өндірістік және басқс да мәселелерді анықтау кезіндегі көмек көрсетудегі, адамның қоғаммен өұқықтық, экономикалық, әлеуметтік қатынастарын ретке келтіруші ретінде әлеуметтік жұмыстардың мақсатын анықтайды. Отбасы немесе оның жеке мүшелерімен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жеке сипаты бар екендігі осыдан көрінеді. Бұл әлеуеттік қызметкердің өз объектісімен жеке байланысын шамалайды.
Әлеуметтік мәдени жағдайлар үнемі өзгеріп тұратындықтан, отбасында болып жатқан өзгерістерді қадағалап отыруға мүмкіндік беретін отбасылық мониторинг орнату қажет. Осындай ақпарат ең алдымен, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізетін қызметтерге қажет. «Отбасы» терминіне практикада анықтама беру оңай нәрсе емес.
Отбасына біз
қандас немесе интимдік, жыныстық
қатынастар арқылы бір-біріне
жақын адамдардан тұратын
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың да басқа да ғылымдар сияқты теориялық және эмперикалық білімдері бірдей, оның ерекшеліктері ббілімдері мен ептіліктерінде. Осы әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік жұмыс ғылымының принципі болып табылады. Ғылым ажырамас құрамдас бөліктерден: заңдылық, приинцип және әдістерден тұрады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс қызметтің әмбебап түрі болып табылады, ол басқа ғылымдар топтамасымен байланысты, олардың бірнеше негізгі принциптерін бөліп алуға болады:жалпы философиялық принциптер: детерменизм, бейнелеу, даму. Әлеуметтік ғылымдардың жалпы принциптері: тарихи, әлеуметтік келісу, әлеуметтік мәнділік. Бұлардың ерекше белгілері: плюрализм (әр түрлі ой-пікірлер) отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар принципін түсіну.
Отбасымен
жүргізілетін әлеуметтік
Психологиялық-педагогикалық
принциптер – эмпатия (жан
ашуы); сенімді психологиялық пана,
қазіргі уақытта қиын
Отбасымен әлеуметтік
жұмыс жүргізу кезіндегі
Сондай-ақ, мақсатқа
жету үшін өз жұмыс тәсілдері
мен міндеттері игерген,
Әр ғылым
жалпы пікірлер мен жанжақты
заңдарға – методологияға
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде адамдық қызметтің саласы болып табылады, ал оның қызметі жалпы отбасы мен толық жарамды азаматтардың күнкөрісі үшін, отбасы жөніндегі білімді жүйелік, пысықтаудан тұрады. Осындай қызметтердің бапрлығын отбасымен жеке тұлғалардың мәселелерін шешетін мамандар, белсенділер, кәсіпкерлердің кәсіптік, мемлекеттік, қоғамдық әдістерімен іске асыруға болады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарын маңызды мәселелерінің бірі – қоғамның әлеуметтік-саяси жағдайлары мен отбасының өзінің ішкі үдерістеріне қатысты отбасы, отбасы қатынастары дамуының ішкі мәселелерін шешудің ұтымды әдістері мен технологияларын әзірлеу жөніндегі жұмыс әдістері мен қолданыстағы нысандарын талдау болып табылады.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс өзінің негізінде әлеуметтік (қоғамдық) ғылым бола отырып, техникалық, әсіресе, табиғи ғылымдармен байланысты. Оның білімі шегінде жүргізілетін зерттеулер пәнаралық сипатта болады: әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық т.б.,ал екінші жағынан социология, педагогика, құқықтану және басқа да әлеуметтік пәндермен байланыстары бар.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік
жұмыс жүргізу кезіндегі
байланысты ғылым ретінде бөлінеді. Сондықтан да, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу кезінде қолданалатын әдістерді сипаттай отырып, оларды экономикалық, медициналық, саяси, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік, әкімшілік, педагогикалық және т.б. түрге бөлеміз. [6]
Отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкер бұл – біздің басты маңызды ұғымарының бірі. Отбасымен жүргізетін әлеуметтік қызметкер бұл – отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу саласындағы маман, өзінің кәсіби, лауызымдық міндеттеріне қарай адамда, отбасында, топта пайда болған проблемаларды жеңе білуде әлеуметтік көмектің барлық түрін көрсететін адам.
Отбасы барлық
уақытта ежелгі философтардан
бастап қазіргі заманғы
ІІ ТАРАУ ОТБАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Отбасы – әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде
Отбасы әлеуметтік жұмыстардың маңызды салаларының бірі әрі негізгі объектісі болып табылады.
«Отбасы» объектісін жеке адамға алмастыруға бейімділік зерттеу жүргізуге ғана емес сұрыптау жасап, мәліметтерді және т.б. өңдеуге негіз болады. Әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік қамқорлық, көмек, психотерапия, яғни «медикаландыру» неке мен отбасына байланысты ұлғайып отыр. Индустриялық қоғамда пайда болған әлеуметтік жұмыс «адами қатынастарды» ең алдымен өндірісте қалпына келтіру мақсатында, отбасылық өндіріс сатысында экономика тән болған осы қатынастардың жойылып кеткен адами сапаларын қалпына келтіруге бағытталды.
Отбасы қоғамдағы негізгі
әлеуметтік институттардың бірі болып
табылады. Ол әрқашанда қоғам назарында
болады. Қазіргі уақытта кейбір ғалымдардың
айтуынша, отбасы дағдарыстан өтуде.
Оның жаңа үлгісі пайда болды. Отбасылық
қарым-қатынас өзгеруде. Әсіресе, отбасындағы
өзгерістердің көпшілігі –

- Отбасымен әлеуметтік жұмыс
- Отбасы мен балаларды әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттің қазіргі жүргізіп отырған саясаты
- Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың сипаттамасы және құрамдарының саралануы
- Отбасына және кәмілетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
- Отбасындағы бала тәрбиесіне педагогикалық басшылық жасаудың теориялық әдіснамалық негіздері
- Отбасындағы тәрбиенің теориялық негіздері
- Отбеливающие свойства
- Отандық телеарналардағы тікелей эфир хабарлары
- Отандық телеарналардың қалыптасуы мен дамуы
- Отандық экономикада инфляция жағдайы және ерекшеліктері
- Отбасы және қарсы қылмыстың кәмелетке толмаған
- Отбасы және неке, туысқандық қатынастар
- Отбасы құқықғы
- Отбасымен әлеуметтік жұмыс