Әскери қызметшілерге жалпы сипаттама

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.........................................................................................................................3

1. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ.............................4

    1.1  Әскери қызметшілерге жалпы сипаттама..................................................4

    1.1  Әскери қызметшiлердiң мәртебесi..............................................................5

    2.  ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ОТБАСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН

         ҚҰҚЫҚТАРЫ.................................................................................................7

    2.1 Әскери қызметшілердің қызмет уақыты және демалысы. .......................9

2.2  Ақшамен және материалдық жағынан қамтамасыз ету...............................11

     2.3 Меншік құқығы..................................................................................................13

2.4 Медициналық қамтамасыз ету.........................................................................15

2.5 Әскери қызметшілерге қаза тапқанда және жарақат алған жағдайда берілетін жеңілдіктер................................................................................................17

    1. Білім құқығы........................................................................................................19
    2.   Көлікте жүру.......................................................................................................20
    3. Азаматтарды әскери қызметтен босату және оларды еңбекке орналастыру .................................................................................................21
  1. ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН

ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ...............................................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................33

 

Кіріспе

 

Мемлекет  әскери қызметшілерді әлеуметтік және құқылық жағынан қорғауға кепілдік береді, оларды қажетті тұрмыс жағдайымен қамтамасыз етіп, қызметінің мемлекеттік қызметтің басқа түрлерінен ерекше сипатын ескере отырып, тиісті қызмет жағдайын жасайды.

Барлық әскери қызметшілер атқаратын қызметі мен әскери атағына қарамастан заң алдында тең. Әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттеріндегі, әскери қызметтен өту шарттарындағы, материалдық жағынан қамтамасыз етілуіндегі айырмашылықтар Қазақстан Респуб-ликасының заң актілерімен белгіленеді.

Әскери қызметшілер  мен олардың отбасы мүшелері үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды іске асыру, олардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың басшылығына және өзге де мемлекеттік органдарға жүктеледі.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру жөніндегі міндеттерін сақтамағаны үшін кінәлі басшылары, командирлер мен бастықтар, басқа лауазьмды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауап береді.

Әскери қызметшілер құқығына және ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекет жасаған бастықтардың үстінен тікелей сотқа шағым беруге құқылы.

Зерттеу мақсаты: Әскери қызметкерлерді әлеуметтік қорғауға теориялық негіздеме беру .

Зерттеу нысанасы: Әскери қызметкерлерді әлеуметтік қорғау үрдісі

Зерттеу пәні: Әскери қызметкерлерге әлеуметтік қорғау көрсетудің үкімет тарапынан қолдау алуы.

 

1. Әскери қызметкерлерді  әлеуметтік қорғау

1.1 Әскери қызметшілерге жалпы сипаттама

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, ұлттық қауiпсiздiк органдарында, Республикалық ұланында, Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерiнде, әскери-тергеу органдары мен әскери полициясында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнiң басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерiнде және әскери прокуратура органдарында (бұдан әрi - Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) мемлекеттiк әскери қызмет атқаратын адамдар әскери қызметшiлер болып табылады. Оларға офицерлер, прапорщиктер мен мичмандар, келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтен өтушi адамдар, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары, мерзiмдi қызметтегi старшиналар, сержанттар, солдаттар мен матростар жатады. Әскери қызметшiлер әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде мемлекеттiң қорғауында болады. Олар әскери жарғыларға сәйкес өздерiне бастық болып табылатын адамдарға ғана бағынады және олардың қызметтiк iсiне араласуға басқа ешкiмнiң құқығы жоқ. Әскери қызметшiлер әскери қызметтi iс жүзiнде орындаудың барлық жағдайында: ұрыс қимылдарына қатысу, бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау жөнiндегi халықаралық мiндеттемелердi орындау, әскери кезекшiлiкте (жауынгерлiк қызметте) жүргенде, жаттығуларда, жиындарда, қызмет бабындағы iссапарларда жүру кезiнде, қызметiн атқаратын жерге бара жатқанда және кейiн қайтқан кезде, әскери бөлiмде, кемеде, объектiде, мекемеде, кәсiпорында, әскери (арнаулы) оқу орнында (бұдан әрi - әскери бөлiм) болған кезде, регламентпен белгiленген қызмет уақытының iшiнде немесе егер бұл қызмет қажеттiлiгiнен туындаса, басқа жерде және басқа уақытта, ал мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi әскери қызметтен өтудiң бүкiл уaқытында әскери қызмет мiндеттерiн атқарушы болады.  Әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген, олардың жеке басы мен азаматтығын куәландыратын құжаттар, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң жеке басы мен құқықтық жағдайын куәландыратын құжаттар берiледi.

1.1  Әскери қызметшiлердiң  мәртебесi

Әскери қызметшiлердiң мәртебесi әскери қызметшiлердiң Қазақстан Республикасының азаматы ретiнде заңмен белгiленген iшiнара тыйым салу мен шектеулерi бар жалпы құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ олардың қызмет ерекшелiктерiне байланысты құқығын, мiндетi мен жауапкершiлiгiн қамтиды.  Әскери қызметшiлердiң мәртебесi олардың құқықтары мен мiндеттерiн орындауда, сондай-ақ әскери қызметтен өту кезiнде де, әскери қызметтен босатылғаннан кейiн де оларды әлеуметтiк қорғаудың мемлекеттiк кепiлдiктерiн көздейдi. Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Заңмен белгiленген құқықтары мен бостандықтарын шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.  Әскери қызметшiлердiң құқықтары мен бостандықтарына iшiнара тыйым салу және шектеу, олардың ерекше мiндетi мен жауапкершiлiгi қосымша құқықтар мен жеңiлдiктер арқылы өтiледi. Әскери қызметшiлердiң соғыс кезiндегi және төтенше жағдай уақытындағы мәртебесiнiң ерекшелiктерi соғыс уақытының заңдарымен және төтенше жағдай режимi туралы заңмен белгiленедi. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлер мен әскери құрамаларда әскери қызметтен өтушi адамдар мен әскери жиында жүрген әскери мiндеттiлер әскери қызметшi мәртебесiне ие болады. Азамат әскери қызметке белгiленген (шақырылған, кiрiскен) күннен бастап әскери қызметшi мәртебесiне ие болады және одан әскери қызметтен босатылуына байланысты әскери бөлiмнiң тiзiмiнен шығарылған күннен бастап айырылады. Әскери қызметшi мәртебесi туралы заңдардың жекелеген ережелерi мен нормалары олардың отбасы мүшелерiне, әскери қызметтен босатылған адамдарға, сондай-ақ әскери қызметтен өту кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен немесе мүгедек болған әскери қызметшiлерiнiң отбасы мүшелерiне де қолданылады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiндегi әскери қызметтен босатылған Қазақстан Республикасы азаматтарының және басқа да Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрi - ТМД) елдерiне тұрақты тұруға қоныс аударған адамдардың мәртебесi мемлекетаралық келiсiмдермен белгiленедi. Бас мемлекеттердiң армиясында әскери қызметтен өтушi Қазақстан Республикасының азаматтарына бұл Заң қолданылмайды, бұған әскери қызметтен босатылған және Қазақстан Республикасының аумағына тұрақты тұруға келген адамдар қосылмайды. Тұтқынға түскен, сондай-ақ бейтарап елдерде еркiнен айырылған әскери қызметшiлердiң әскери қызметшi мәртебесi сақталады. Әскери командование мен уәкiлдiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар аталған әскери қызметшiлердiң құқықтарын қорғау жөнiнде халықаралық құқық нормаларына сәйкес шаралар қолдануға мiндеттi.  Әскери қызметшiлер бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда олардың, сондай-ақ отбасы мүшелерiнiң әскери қызметшiлер мәртебесiнде көзделген құқықтарын жүзеге асыру уақытша тоқтатыла тұрады (тоқтатылады) немесе заңда көзделген тәртiп бойынша шектеледi.

 

 

 

 

 

 

 

2.  ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ОТБАСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ

 

Мемлекет әскери қызметшiлердi әлеуметтiк және құқылық жағынан  қорғауға кепiлдiк бередi, оларды қажеттi тұрмыс жағдайымен қамтамасыз етiп, қызметiнiң  мемлекеттiк қызметтiң басқа түрлерiнен ерекше сипатын ескере отырып, тиiстi қызмет жағдайын жасайды. Барлық әскери қызметшiлер атқаратын қызметi мен әскери атағына қарамастан заң алдында тең. Әскери қызметшiлердiң құқықтары мен мiндеттерiндегi, әскери қызметтен өту шарттарындағы, материалдық жағынан қамтамасыз етiлуiндегi айырмашылықтар Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi. Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерi үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды iске асыру, олардың заңды мүдделерiн қамтамасыз ету Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың басшылығына және өзге де мемлекеттiк органдарға жүктеледi. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру жөнiндегi мiндеттерiн сақтамағаны үшiн кiнәлi басшылары, командирлер мен бастықтар, басқа лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi. Әскери қызметшiлер құқығына және ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекет жасаған бастықтардың үстiнен тiкелей сотқа шағым беруге құқылы. Қазақстан Республикасының әскери қызметшi-азаматтары мемлекеттiк және қоғамдық өмiрге қатысуға, мемлекеттiк өкiмет органдарына сайлауға және сайлануға құқылы. Әскери қызметшiлердiң құқықтары мен мүдделерiн қоғамдық (ұжымдық) қорғау мiндетi олардың қоғамдық бiрлестiктерiне (әртүрлi категориялы әскери қызметшiлердiң жиналыстары мен кеңестерiне) жүктеледi. Әскери қызметшiлер партиялардың, кәсiптiк одақтардың қатарында тұрмауға, қандай да бiр саяси партияны жақтамауға тиiс. Әскери қызметшiлердiң ереуiлдер, тосқауылдар және әскери бөлiмнiң, мекеменiң жауынгерлiк әзiрлiгiне терiс ықпал ететiн өзге де рұқсат берiлмеген наразылық әрекеттерiн ұйымдастыруына және оларға қатысуына тыйым салынады.  Әскери қызметшiлердiң жүрiп-тұру бостандығы әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердi жауынгерлiк әзiрлiкте ұстаумен, олардың қажет болған жағдайда қызмет атқаратын орнына дер кезiнде жетуiмен ұштастырылуға тиiс. Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметке кiруде құқықтары тең. Мемлекет әскери қызметшiлерге: қызмет атқаруға, қызметi бойынша ауысуға, кәсiптiк бiлiктiлiгi мен iскерлiк сапасына сай кезектi әскери атақ құқығына кепiлдiк бередi. Әскери қызметтiң ауыр климаттық, экологиялық, физикалық немесе кәсiптiк жағынан қолайсыз жағдайда атқарылуы ақшалай үстеме қосу және қызмет еткен жылына жеңiлдiк беру арқылы өтеледi. Климаттық және экологиялық жағдайлары ауыр жерлердегi қызмет мерзiмi шектеледi және одан өту тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Офицерлердiң, прапорщиктердiң, мичмандардың әйелдерiне (күйеулерiне) мамандығы бойынша еңбекке орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде күйеулерiмен (әйелдерiмен) бiрге тұрған бүкiл кезеңi жасына байланысты зейнетақы тағайындау үшiн қажеттi жалпы жұмыс стажына қосылады және осы кезеңде оларға Қазақстан Республикасында жұмысшылар мен қызметшiлер үшiн белгiленген ең аз жалақы мөлшерiнде ай сайынға жәрдемақы төленедi. Аталған жерлердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiне жұмысқа қабылдау кезiнде және қызметкерлердiң санын немесе штатын қысқарту кезiнде жұмыста қалуға, сондай-ақ өндiрiсте қол үзiп кәсiптiк жағынан даярлауға, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға бiрiншi кезекте жiберу мен оқу кезеңiнде орташа жалақысын сақтауға артықшылық құқық берiледi. Әскери қызметшiлердiң, соның iшiнде қызметтен өту кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшiлердiң балаларына атқарушы органдар тұрғылықты жерi бойынша мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiнде кезектен тыс орын бередi, оның ақысы мемлекеттiк мектеп жасына дейiнгi мекемелер үшiн белгiленген мөлшерде алынады. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа), педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтерден басқа, кәсiпкерлiк не басқа да ақылы қызметпен айналысуға құқығы жоқ.  Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындары курсанттарының кез келген ақылы қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Әскери қызметшiлердi әскери қызметiмен байланысты емес жұмыстарды атқаруға қатыстыруға Қазақстан Республикасының заңдары белгiлейтiн тәртiппен жол берiледi. Бұл орайда осы жұмыстарды атқаратын басқа адамар үшiн көзделген жеңiлдiктер әскери қызметшiлерге де қолданылады.

2.1 Әскери қызметшілердің қызмет уақыты және демалысы. Еңбек демалысы

Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) апта сайынғы қызмет уақытының жалпы ұзақтығы жұмысшылар мен қызметшiлер үшiн заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығынан аспауға тиiс, ал мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлер үшiн ол әскери жарғылардың талаптарына сәйкес белгiленедi.Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) аптасына кемiнде бiр тәулiк, бiрақ айына кемiнде алты тәулiк демалыс берiледi. Тiзбесiн құрылымында әскери қызметшiлер әскери қызметте тұратын Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың басшылығы белгiлейтiн жауынгерлiк кезекшiлiк (жауынгерлiк қызмет), жаттығулар мен басқа шаралар қызмет уақытының жалпы ұзақтығы шектеусiз өткiзiледi. Әскери қызметшiлер апта сайынғы қызмет уақытының белгiленген ұзақтығынан тыс, сондай-ақ демалыс, мереке және жұмыс iстемейтiн күндерi әскери қызмет мiндетiн атқаруға қатыстырылған жағдайда оларға командир (бастық) аптаның басқа күндерiнде демалыс бередi. Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жыл сайынғы негiзгi еңбек демалысы берiледi, оның ұзақтығы жалпы қызмет еткен жылына, әскери қызметтiң ерекшелiктерi мен жағдайларына байланысты болады және төмендегiдей болып белгiленедi:

Әскери қызметте 10 күнтiзбе жыл  еңбек сiңiрсе - 30 тәулiк;

10 жылдан 15 жылға дейiн - 35 тәулiк; 

15 жылдан 20 жылға дейiн - 40 тәулiк; 

20 жыл және одан көп болса  - 45 тәулiк; 

жауынгерлiк кезекшiлiк атқарушы ұшу жұмысындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тiзбедегi орындарда әскери қызмет атқарушы адамдарға - 45 тәулiк.  Еңбек демалысы ұзақтығына демалысын өткiзу орнына беру мен қайтуға қажеттi уақыт кiрмейдi. Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа) демалысы әскери қызмет мүддесiн және әскери қызметшiнiң тiлегiн ескере отырып екi бөлiп берiлуi мүмкiн. Әскери қызметшiлердiң мына категорияларына: өз мiндетiн денсаулыққа зиянды (ауыр) жағдайда атқарғаны үшiн, қызметiнiң ерекше сипаты (ұзақ мерзiмдi iссапар, вахталық әдiспен жауынгерлiк кезекшiлiк атқару және олардың тұрақты орналасқан орнынан тыс жерлерге ұзақ уақытқа жiберiлген реттерi) үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде;  экологиялық апат аймақтарында қызмет атқарғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қосымша еңбек демалысы (демалыс) берiледi.  Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге көтермелеу түрiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпыәскери жарғыларында белгiленген тәртiппен қысқа мерзiмдi демалыс берiледi. Әскери қызметшiлерге қажет болған жағдайда сырқаттануына байланысты, отбасы жағдайына байланысты қысқа мерзiмдi демалыс, ал әскери (арнаулы) оқу орындарында оқитындарға каникул берiледi. Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасына) адъюнктураға, әскери докторантураға дайындалу және түсу емтихандарын тапсыру үшiн, сондай-ақ жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын тапсыру үшiн оқу демалыстары берiледi, ал ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесiне талаптанушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша шығармашылық демалыстар берiледi. Әскери қызметшiлердiң жұмыс iстейтiн зайыптарына (жұбайларына) жыл сайынғы демалыс олардың жұбайларының (зайыптарының) кезектi демалысымен бiр мезгiлде берiлуге тиiс. Бұл орайда демалыстың ұзақтығы жалақысын сақтамай қосымша демалыс беру есебiнен жұбайы (зайыбы) демалысының ұзақтығына тең болуы мүмкiн.

2.2 Ақшамен және материалдық жағынан қамтамасыз ету

Мемлекет әскери қызметшiлердi азаматтардың әскери қызметке ынта-ықыласын арттыратын мөлшерде ақша қаражатымен  қамтамасыз етедi. Әскери қызметшiлерге  ақшалай үлес Қазақстан Республикасының  Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының  мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызметтен өтудiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ерекше жағдайлары үшiн төленетiн ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды. Әскери қызметшiлердiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және әскери атағы бойынша айлықақыдан тұрады. Әскери қызметшiлердiң ақша қаражаты тiршiлiк құнының өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiпке сәйкес қайта қаралуға тиiс.Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы) бiр жерден екiншiсiне көшуiне байланысты (соның iшiнде әскери бөлiм немесе бөлiмше құрамында) қызметiн ауыстырған жағдайда оларға әскери қызметшiнiң өзiне екi айлық ақшалай үлес және онымен бiрге көшкен әрбiр отбасы мүшелерiне айлық ақшалай үлесiнiң жартысы көтерме жәрдемақы төленедi. Әскери қызметшiлер мемлекет есебiнен заттай мүлiкпен қамтамасыз етiледi. Казармалық жағдайдағы мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлердiң, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарының, сондай-ақ ұшқыштар, ұшуларды дайындау жөнiндегi инженерлiк құрамның әскери қызметшiлерiнiң қызметтен өту жағдайы ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарына демалысқа кеткен кезде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген нормалар бойынша азық-түлiк сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төленедi.  Парашютпен секiрудi әскери кемелерде (катерлерде), әскери-қосымша кемелерде теңiзде қызмет атқаратын, олардың база орындарында дауылға қарсы дайындық барысы кезiнде iс-шараларды жүзеге асыратын, маяктарда вахтада тұратын әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери қызметшiлер әскери кезекшiлiктi атқарған, әскери эшелондарға iлесiп жүрген, дала iс-қимылдары шараларына қатысқан және стационарда емделуде болған кезде осы кезеңге Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген норма бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi. Шалғайдағы аудандарда орналасқан жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа), олардың отбасы мүшелерi ақылы азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi. Азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Әскери қызметшiлердiң қалауы бойынша (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы) оларға киiм-кешек орнына ақшалай өтем төленуi мүмкiн.

 

2.3 Меншiк құқығы

Әскери қызметшi "Қазақстан  Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес меншiк иесi болуға, өз мүлкi мен басқа да меншiк объектiлерiн  иеленуге, пайдалануға және оларға билiк етуге құқылы. Әскери қызметшiлердiң  меншiгi олардың ақшалай және заттай үлес алуы (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы), жеке үй жанындағы шаруашылығын жүргiзу, әскери қызметке шақырылғанға (кiргенге, белгiлегенге) дейiн алынған кiрiсi, мұрагерлiк, сый ретiнде көшкен мүлiк, сондай-ақ осы Заңмен тыйым салынбаған басқа да қызмет есебiнен құрылады және көбейтiледi. Мемлекет әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының азаматтары ретiнде меншiктi жекешелендiру процесiнде одан басқа азаматтармен тең үлес алуға кепiлдiк бередi.

Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен  әскери (арнаулы) оқу орындарының  курсанттарынан басқа) мен олардың  отбасы мүшелерi мемлекет есебiнен тұрғын жайлармен (пәтерлермен) қамтамасыз етiледi. Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) мен олардың отбасы мүшелерiне тұрғын жаймен (пәтермен) қамтамасыз етiлгенге дейiн уақытша тұру үшiн қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлер, қызметтiк тұрғын үйлер немесе жатақханаларда тұрғын жайлар мiндеттi түрде берiледi. Әскери қызметшiлердi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жасы бойынша әскери қызметтен босатылғанға дейiн үш жыл бұрын не денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттың қысқаруына байланысты әскери қызметтен босатылатын жылы әскери қолбасшылықтың ұсынысы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары олардың таңдаған тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу кезектiлiгiнiң тiзiмiне енгiзедi. Шетелге және климат жағдайы ауыр жерлерге әскери қызметтен өту үшiн жiберiлген әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) өздерi тұратын тұрғын жайлары олардың шетелде және аталған жерлерде болған бүкiл уақытына сақталады.  Қызмет бойынша ауысқан кезде тұратын тұрғын жайы сақталатын әскери қызметшiлерге жаңа қызмет орны бойынша қызметтiк тұрғын үйлер берiледi. Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылуды қоспағанда, коммуналдық қызмет көрсету шығындарын төлеу үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген мөлшерде Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен ақшалай өтемақы төленедi. Жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы тұрғын үйлердi ұстау мен орталықтандырылған жылуды беру Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тiзбелер бойынша мемлекет есебiнен қамтамасыз етiледi. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйлерiнен тұрғын жаймен қамтамасыз етiлген әскери қызметшiлер, жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда орналасқан тұрғын жайларды қоспағанда, әскери қызметтен босатылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оны меншiгiне алуға құқылы. Әскери қызметтен босатылған және күнтiзбелiк есеппен 20 және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар әскери қызметшiлер тұратын тұрғын жайын өтеусiз меншiгiне алуға құқылы. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарын тұрғылықты жерi немесе жұмыс орны бойынша тұрғын жай (пәтер) алуға кезектiлiк тiзiмiнен шығаруға болмайды және олардың әскери қызметке шақырылғанға немесе әскери (арнаулы) оқу орнына түскенге дейiн тұрған тұрғын жайы сақталады. Тұрғын жай сатып алу үшiн немесе жеке тұрғын үй салу үшiн кредит алған әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген мөлшерде және тәртiппен кредит сомасы өтеледi. Асыраушысынан айрылған әскери қызметшiлердiң отбасыларын, оларға тұрмысқа жайлы тұрғын жайды өтеусiз бермейiнше өздерi тұратын тұрғын жайдан шығаруға болмайды.

2.4 Медициналық қамтамасыз ету

Әскери қызметшiлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға қамқорлық жасау - бастықтардың мiндетi. Оларға жаттығулар, басқа да жауынгерлiк әзiрлiк шараларын өткiзу, қызмет ету, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану кезiнде, жұмыс жүргiзген және күнделiктi қызмет кезiнде қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету жүктеледi. Әскери қызметшiлердiң әскери-медициналық бөлiмшелерде, бөлiмдер мен мекемелерде медициналық тегiн қамтамасыз етiлуге құқығы бар. Әскери қызметшiлердiң қызмет ететiн немесе тұратын жерiнде әскери-медициналық мекемелер жоқ болса, не оларда тиiстi бөлiмшелер не медициналық көрсеткiштер бойынша арнаулы жабдықтар жоқ болса, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында, жеке медициналық ұйымдарда және жеке медициналық практикамен айналысатын адамдар арқылы тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шегiнде медициналық көмек көрсетiледi. Жеке денсаулық сақтау ұйымдары мен жеке медициналық практикамен айналысатын адамдардың әскери қызметшiлерге тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шегiнде медициналық көмек көрсетуi бойынша шығындары Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен өтеледi. Әскери қызметшiлерге емделуге жұмсаған қаражатын олар құрылымында әскери қызметтен өтетiн Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар өтейдi. Офицерлердiң отбасы мүшелерi (зайыбы, жұбайы, 18 жасқа дейiнгi балалары) әскери-медициналық мекемелерде тегiн медициналық жәрдем алуға құқылы. Емханаларда емделген кезiнде отбасы мүшелерiне дәрi-дәрмек ақы төлетiп берiледi, бұған заңға сәйкес ақы алынбайтын реттер кiрмейдi. Әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасқан әскери қызметшiлердi санитарлық-эпидемиологиялық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жарақаттанған, контузия алған, зақымданған, мертiккен немесе ауруға шалдыққан әскери қызметшiлер өздерi құрылымында әскери қызметтен өткен Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың қаражаты есебiнен санаторийлерге жiберiледi. Осы баптың екiншi, үшiншi бөлiктерiнде аталған әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң құқықтары және оларға берiлетiн жеңiлдiктер әскери қызметтен жасына, денсаулық жағдайына немесе штат қысқартылуына байланысты босатылған, әскери қызметiнiң жалпы ұзақтығы 20 және одан да көп жыл болатын офицерлер мен олардың отбасы мүшелерiне де қолданылады. Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерi, соғыс қимылдарына басқа да қатысушылар, әскери қызмет мiндетiн атқару кезiнде алған жарақаты, контузиясы, мертiгуi немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып, әскери қызметтен босатылған әскери қызметшiлер, полковник атағымен және одан жоғары атақпен запасқа немесе отставкаға шыққан офицерлер медициналық және санаториялық-курорттық емделуден бiрiншi кезекте өтуге құқылы. Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлер, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары мен әскери мектеп-интернаттардың тәрбиеленушiлерi медициналық көрсеткiштерi болған жағдайда әскери санаторийлерде санаториялық-курорттық тегiн емделумен қамтамасыз етiледi. Әскери қызметшi әйелдер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген әйелдердi, ана мен баланы қорғау мәселелерi жөнiндегi барлық жеңiлдiктердi пайдаланады. Бұл жеңiлдiктер анасы жоқ балаларды (анасы қайтыс болған, аналық құқынан айрылған жағдайда және заңдарда белгiленген басқа да жағдайларда) тәрбиелеп отырған әскери қызметшiлерге де қолданады.

2.5 Әскери қызметшiлерге қаза тапқан (қайтыс болған) немесе жарақат алған жағдайда берiлетiн кепiлдiктер

Әскери қызметшi немесе әскери жиынға шақырылған әскери мiндеттi адам әскери қызметтен өту кезеңiнде  қаза тапқан (қайтыс болған), жарақат  алған жағдайда оларға бiр жолғы  өтем төленедi. Бiр жолғы өтемдi төлеу  тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Әскери қызметшi қызметiн атқару (жиын) кезiнде не қызметтен өту  кезеңiнде алған жарақат (контузия), ауру салдарынан қызметтен босағаннан кейiн қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның мұрагерлерiне (мұрагерлiкке құқығын  дәлелдейтiн куәлiгiн табыс еткеннен кейiн) соңғы атқарған қызметi бойынша қаза тапқан (қайтыс болған) күнiне дейiнгi бiр жолғы өтемдi алпыс айлық ақшалай қаражатының мөлшерiнде төлейдi. Әскери жиынға шақырылып, әскери қызметтен өту кезiнде қаза тапқан немесе мертiгу (жаралану, жарақ алу, контузия), ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлер, әскери мiндеттiлер әскери қызмет (әскери жиын) өткiзiлген жерде немесе олардың туған-туысқандарының қалауы бойынша басқа жерде жерленедi. Мәйiттi жеткiзуге әзiрлеумен, мәйiттi жеткiзумен, жерлеумен, құлпытас дайындаумен және оны орнатумен байланысты барлық шығындар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде әскери қызметшiлер, әскери қызметке шақырылған әскери қызметке мiндеттiлер әскери қызметтен өткен (жиында болған) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың есебiнен жасалады. Әскери қызметшiнiң әскери қызметтен өту кезеңiнде немесе әскери қызметтен өтуге байланысты контузия, мертiгу, ауыру салдарынан әскери қызметтен босатылғаннан кейiн бiр жыл өткенге дейiн мүгедектiгi анықталған жағдайда бiр жолғы өтем: 

I топтағы мүгедекке - отыз айлық  ақшалай қаражаты;

II топтағы мүгедекке - он сегiз  айлық ақшалай қаражаты;

III топтағы мүгедекке  - алты айлық ақшалай қаражаты  мөлшерiнде төленедi.

Әскери қызметшiлер, әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде  мүгедектiкке әкеп соқпайтындай қатты  мертiккен (жараланған, жарақат, контузия алған) ретте оларға бiр жарым  айлық ақшалай қаражаты; жеңiл жарақат алған ретте жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленедi.

Егер өлiмнiң себебi өзiне-өзi қол жұмсаудан болғаны, өзiне-өзi қол жұмсауға жеткiзген жағдайларды  қоспағанда, Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, сондай-ақ егер қаза (өлiм), жаралану, контузия, жарақат алу, мертiгу адамның заңға қайшы iс-әрекетiнен немесе алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан мас болу себебiнен немесе өзiне қандай да бiр жарақат түсiру (денесiне зиян келтiру) арқылы болса және бiр жолғы өтем алу немесе әскери қызметтен жалтару мақсатымен өз денсаулығына өзгедей зиян келтiрсе, бiр жолғы өтем төленбейдi.  Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге, оқу орындарына стипендия алатын курсанттарына (тыңдаушыларына) осы баптың үшiншi, алтыншы және жетiншi бөлiктерiнде көрсетiлген жағдайларда Қазақстан  еспубликасындағы жұмысшылар мен қызметшiлер ең төмен жалақысының тиiстi мөлшерi төленедi. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, әскери (арнайы) оқу орындарының стипендия алатын курсанттарына, әскери жиынға шақырылған әскери мiндеттiге мынадай жағдайларда: 

осы баптың үшiншi бөлiгiнде  көзделгендей жағдайда - 500 айлық есептiк  көрсеткiш мөлшерiнде;

осы баптың алтыншы бөлiгiнде  көзделгендей жағдайда:

I-топтағы мүгедекке 250 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

II-топтағы мүгедекке  150 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде; 

III-топтағы мүгедекке  50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде; 

осы баптың жетiншi бөлiгiнде  көзделгендей жағдайда: ауыр жарақат  үшiн 12 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, жеңiл жарақат үшiн 4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бiр жолғы өтемдерi төленедi. Аталған жағдайларда соттың немесе жоғары тұрған қолбасшылықтың шешiмi бойынша әскери қызметшiлердiң қызметтiк, зейнеткерлiк және басқа да жеке әрi мүлiктiк құқықтары қалпына келтiрiледi әрi келтiрiлген зиян оны келтiрген кiнәлi тұлғалардың есебiнен немесе бюджет қаражатының есебiнен қалпына келтiрiледi. Аталған жағдайларда мемлекеттiк өкiмет органдарының, жоғары тұрған командованиенiң немесе сот органдарының шешiмi бойынша әскери қызметшiлердiң қызмет, зейнеткерлiк, басқа да жеке және мүлiктiк құқықтары қалпына келтiрiлiп, кiнәлiлер немесе республикалық бюджет есебiнен зияны өтеледi.

 2.6 Бiлiм алу құқығы

Әскери қызметшiлердiң  әскери (арнаулы) оқу орындарында оқуға құқығы бар. Әскери (арнаулы) оқу орындарын бiтiрген әскери қызметшiлер қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру курстарында оқи алады. Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) өздерi құрылымында әскери қызметтен өтетiн Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар басшыларының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес сессияларды және қорытынды емтихандарды тапсыру үшiн демалыс берiлiп, орта кәсiби, жоғары кәсiби, жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби және қосымша кәсiби бiлiм беру ұйымдарында оқудың кешкi немесе сырттай түрiнде оқуға рұқсат етiледi. Оқу кезеңiнде әскери қызметке шақырылған адамдардың әскери қызметтен босағаннан кейiн өздерi шақырылғанға дейiн оқыған оқу орнындағы оқуын жалғастыруға құқығы бар.

2.7 Көлiкте жүру

Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер  мен әскери (арнаулы) оқу орындарының  курсанттарынан басқа) Қазақстан Республикасының аумағында қызмет бабымен орын ауыстырғанда және әскери қызметтен босағанда стационарда емделуге барып, қайтқанда темiр жол, әуе қатынасы, су және автомобиль көлiгiмен тегiн жүру, бұған қоса он тоннаға дейiн өз мүлкiн тегiн тасымалдауға құқығы бар. Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы) отбасыларының мүшелерiне, бiрге жүретiнiне әскери қызметшiлер қызмет бабымен Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстырған және олар әскери қызметтен босатылған кезде тегiн жүрiп-тұруға олармен бiрдей жеңiлдiктер берiледi. Аталған жағдайлардағы шығындар құрылымында әскери қызметшiлер әскери қызметте тұратын Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың қаражаты есебiнен жасалады. Жергiлiктi өкiлдi органдар мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге қала iшiнде, қала маңына және жергiлiктi жерлерде қатынайтын қоғамдық көлiктiң барлық түрiне (таксиден басқа) жол жүруге жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен жеңiлдiктер беруге құқылы. Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге, әскери (арнаулы) оқу орындарының бiрiншi және екiншi курстарының курсанттарына пошта жiберiлiмдерi үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде ақшалай өтем төленедi. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары: стационарлық емделуге барған және керi қайтқан кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, әуе, су және автомобиль көлiктерiнде; әскери қызметтен босағанда, сондай-ақ демалысқа барған және керi қайтқан кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, су және автомобиль көлiктерiнде тегiн жүруге құқылы.

Әскери қызметшілерге жалпы сипаттама