Әскерге шақырылғандарды есепке алу
Сәкен Сейфуллин
атындағы Агро-Техникалық Университет
Курстық
жұмыс
Тақырыбы: Әскерге
шақырылғандарды есепке алу
Орындаған:
Тексерген:
Астана 2011
Жоспар:
- Кіріспе
- Әскерге щақырылғандарды есепке алу
- Қазақстан Республикасының азаматтарын әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу тәртібi
- Қазақстан Республикасының әскерге шақырылушыларын есепке алу
- Әскери есепке алуды жүзеге асыру тәртібi
- Ұйымдарда азаматтарды әскери есепке алуды жүргізу тәртібi
- Әскери есепке алу құжаттары
- IIМ, ТЖМ, ҚАЖ, ҚПА мен Қаржымині КБК-да қызмет өткеретін азаматтарды есепке алу тәртібі және ерекшеліктерi
- Жұмысының сипаты мен жағдайлары тұрақты тұрғылықты жерінен шығумен байланысты немесе шалғай жерлерде жұмыс iстейтін азаматтарды әскери есепке алудың ерекшеліктерi
Кіріспе.
Әскери есепке алу
Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштер қорына
жіберілген әскери қызметтен босатылған
азаматтар жергілікті жеріне келген
соң әскери басқармаға (ЖӘБО) (қала және
район) жеті күн ішінде әскери есепке тұруы
тиіс. Өзімен бірге әскери билеті болуы
керек.Жергілікті әскери басқармаға әскери
есепке алынған азамат жаңа мекен-жайына
келген соң бұрынғы мекен-жай бойынша
әскери есептен алынғаны туралы анықтауы
қажет.Офицердің әскери билетінен, офицердің
уақытша куәлігінен, сержанттар мен солдаттардың
әскери билеттерінен, сержанттар мен солдаттардың
уақытша куәліктерінен дерексіздік, жасандылықты,
басқа да жетіспеушіліктер байқалса сәйкесінше
шаралар қолданылады.Әскери есепке алынғандағы
әскери билеті толтырудағы қате жазулар,
нақтылық болмаса сәйкесінше өзгертулер
жасалады.Барлық әскери міндеттілерге
алғашқы есепке алынғанда карточка толтырылады.
Көрсетілген құжаттарды толтыру әскери
билетпен сәйкестендіреді, сонымен бірге
білім туралы, жұмыс орны, қызметі, мекен-жайы
мен отбасылық жағдайы өзара әңгімелесу
арқылы анықталып жазылады.
Әскери есептен шығару
Жергілікті әскери басқару органдары (ЖӘБО) келесі категориядағы шақырылғандарды әскери есептен шығарады:
· шақырылған учаскеге байланысты жаңа мекен-жайға ауысқандарды;
· әскер
қатарына шақырылып әскерге
· әскери оқу орындарына курсант болып келгендер;
· шақыру
комиссиясының шешімімен
· азаматтық оқу орындарында және бекітілген емтихандарды тапсырудан өткеннен кейінгі офицер және сержант дәрежесін алғандар;
· тәрбиелеу мекемелерінде жазалануға бұйырылғандар;
· қайтыс болғандар;
· шетел азаматтығын алғандар;
Әскери есептен шығару үшін шақырылушы ЖӘБО (қала, аудан) өзі келіп, жаңа мекен-жайын көрсетіп, әскери есептентшығару себептерін нақты көрсете отырып өтініш береді.Шақырылу учаскесінің ауысуы қаңтардан наурызға дейін, шілдеден қыркүйекке дейін орындалады. Басқа уақыттарда әскерге шақыру учаскелерін ауыстыру мына жағдайда жүзеге асады, егер шақырылушы:
· әкімшіліктің
ұйғарымымен басқа жерге
· мекен-жайы өзгерсе;
· оқу орнына түсіп, оқуын жалғастыра алмаса.
Шақырылғандарды
әскери есептен шығару ЖӘБО мен немесе
оның орнындағы тұлғамен жүзеге асады.
Жазбаша түрдегі өтініштерде міндетті
түрде әскери есептен шығарылу себебі
көрсетіледі.
1.1 Әскерге шақырылғандарды есепке алу.
Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ереже Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібін реттейді.
Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы», «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңдарына және осы Ережеге сәйкес ұйымдастырылады.
Әскери есепке алу тұрақты жүзеге асырылады және мыналарды:
1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді;
2)
әскери міндетті атқарудан
3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқандарды;
4)
Қазақстан Республикасының
Әскери есепке алудың мақсаты ел қорғанысын және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскерге шақырылатын және жұмылдырылатын адами ресурстарды тиімді пайдалану мүддесінде олардың сандық және сапалық құрамын айқындау болып табылады.
Әскери есепке алудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1)
Қазақстан Республикасының
2)
азаматтарды мерзімді әскери
қызметке кезекті шақыруды
3)
Қазақстан Республикасы
Азаматтардың
әскери есепте тұру ұзақтығы «Әскери
міндеттілік және әскери қызмет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы
Әскери есепке алу жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы әскери есепте мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға жұмылдыру кезеңіне және соғыс уақытына бекітіліп қойылмаған азаматтар тұрады.
Арнайы әскери есепте органдарға немесе ұйымдарға жұмылдыру кезеңіне және соғыс уақытына белгіленген тәртіппен бекітіліп қойылатын азаматтар тұрады.
Шетелде
уақытша тұратын Қазақстан
Азаматтарды әскери есепке алуды тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдары (бұдан әрі - ЖӘБО) жүзеге асырады.
Әскери
міндеттілерге тікелей
Өздерінің ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік органдар мен ұйымдар (бұдан әрі - ұйымдар) осы Ережеге сәйкес жұмыс істейтін әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар болған кезде азаматтарды әскери есепке алуды жүргізеді.
Азаматтарды
әскери есепке алуды ұйымдастыру, жүргізу
жөніндегі жұмысқа жалпы
ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) талап етуі бойынша ұйымдар жұмыс істейтін әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың сандық құрамын растайтын құжаттаманы ұсынады.
Еркек жынысты азаматтарды
Әйел
жынысты азаматтарды бастапқы әскери
есепке қою олар әскери-есептік мамандық
алғаннан және 18 жасқа толғаннан кейін
жүзеге асырылады.
1.2 Қазақстан Республикасының азаматтарын әскерге шақыру
учаскелеріне тіркеуді жүргізу тәртібi
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жыл сайын қаңтар-наурыз аралығында тіркеуге тұратын жылы 17 жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары әскерге шақыру учаскелеріне тіркеледі.
Тіркеу азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау, жалпы білім деңгейін, алған мамандығы мен дене даярлығы деңгейін белгілеу мақсатында жүргізіледі.
Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу туралы деректер негізінде ЖӘБО (қаланың, ауданның) әскерге шақыру ресурстарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскерлерінің түрлері мен тектері бойынша алдын ала бөлуді, "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны филиалдарының оқу орындарында әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқыту үшін кандидаттарды алдын ала іріктеуді жүргізеді және әскери оқу орындарына түсуге тілек білдіретін адамдарды анықтайды.
Қазақстан
Республикасының азаматтарын
Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізер алдында ЖӘБО (қаланың, ауданның) жыл сайын мынадай дайындық жұмыстарын жүргізеді:
1) жыл сайын 1 қарашаға дейін мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары және/немесе салық органдары арқылы қаланың, ауданның ұйымдар тізбесін нақтылайды;
2)
жыл сайын 1 желтоқсанға дейін
ұйымдардан осы Ережеге 1-
3)
есепке алу жөніндегі
4) тұрғын үйлерді пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардан алынған, азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жасалған тіркелуге тиіс азаматтардың тізімдерін ұйымдардан алынған, тіркелуге тиіс азаматтардың ұқсас тізімдерімен салыстырады;
5) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес жыл сайын 25 желтоқсанға дейін салыстырылған тізімдер негізінде әскерге шақыру учаскесіне тіркелуге тиіс азаматтардың жиынтық тізімін жасайды;
6)
тіркелуге тиіс азаматтарға
емдеу-алдын алу ұйымдарынан - амбулаторлық науқастың медициналық карталарын, егулер туралы деректерді, жүйке-психикалық, наркологиялық, тері-венерологиялық, инфекциялық аурулар, туберкулез, АҚТҚ-инфекциясы (ЖҚТБ), трахома, ішкі мүшелердің созылмалы аурулары, хирургиялық бейіндегі аурулар бойынша есепте тұрған адамдардың тізімін, сырқат тарихынан көшірмені, азаматтардың денсаулық жағдайын сипаттайтын дәрігерлік тексеру мен диспансерлік қадағалау мәліметтерін;
халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарынан - мүгедек деп танылған адамдар туралы мәліметтерді;
девианттық мінез-құлықты балалар мен жасөспірімдерге арналған қосалқы мектептер мен арнайы білім беру ұйымдарынан - медициналық-педагогикалық мінездемелер;
ішкі
істер, прокуратура және сот органдарынан
- қылмыстық жауапкершілікке
денсаулық сақтау басқармаларынан - стационарлық (амбулаторлық) тексеру мен емделуге мұқтаж әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақыру жасындағы азаматтарды тексеруге, емдеуге бекітілген емдеу-алдын алу мекемелерінің тізімін сұратады.
Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу бойынша мынадай жұмыс жүргізіледі:
1)
ЖӘБО (облыстардың, республикалық
маңызы бар қаланың және
жұмыс жоспарын және ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізудің тәртібі мен мерзімі туралы ұйымдық-әдістемелік нұсқаулық әзірлейді;
ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) бастықтарымен азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және жүргізу жөнінде бір күндік нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізеді;
облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесіп, азаматтарды медициналық куәландыру үшін емдеу ұйымдарының маман дәрігерлерін тарту тәртібін айқындайды;
2) ЖӘБО (қаланың, ауданның):
- осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес ЖӘБО (қаланың, ауданның) бастығының азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы бұйрығын (бұдан әрі - ЖӘБО бастығының бұйрығы) шығарады;
- азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді дайындау және жүргізу жоспарын әзірлейді, онда мыналар көзделеді:
- әскерге шақыру учаскесіне тіркеу үшін азаматтарды хабардар ету тәртібі мен шақыру мерзімі;
- тізімдерді жасау мерзімі және азаматтардың әскерге шақыру учаскелеріне күндер бойынша келуінің есептері (күніне 50 адамнан артық емес);
- тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарының іс-шараларын өткізу;
- әскерге шақыру пункттерінің үй-жайларын қажетті жабдықпен қамтамасыз ету;
- тіркелетіндерді медициналық куәландыру үшін маман дәрігерлерді іріктеу;
- азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдасқан және сапалы түрде жүргізуді қамтамасыз ету үшін техникалық қызметкерлердің, қызмет көрсетуші персонал мен көліктің қажетті санын бөлуге арналған есеп;
- тіркеуді жүргізуге тартылатын адамдарға нұсқау өткізу мерзімі.
ЖӘБО-ның уәкілетті адамдары Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі 89-бабының 2-тармағына сәйкес Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және оларды жоюды ұйымдастыру басқармасына Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізуге байланысты қажетті шығыстарға өтінімдер ұсынады.
Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және оларды жоюды ұйымдастыру басқармасы Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды уақтылы жүргізу үшін қажетті шығыстарға өтінімдерді уақтылы және белгіленген мерзімде қабылдайды.
Азаматтарды
әскерге шақыру учаскелеріне әскери
есепке алуды жүргізу жөніндегі
қаржы шығыстарын 003 "Жалпыға бірдей
әскери міндеттілікті орындау
Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді уақтылы және сапалы жүргізу жөніндегі жоспарланған іс-шаралар, ұсыныстар туралы ЖӘБО жыл сайын 15 қарашаға дейін тиісті әкімдерді хабардар етеді.
Азаматтарға тіркелуге келу туралы хабарлау ЖӘБО (қаланың, ауданның) бастықтарының бұйрықтарымен және осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес шақыру қағаздарымен (бұдан әрі - шақыру қағазы) жүргізіледі, оларды азаматтарға тапсыруды жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың бастықтары тіркеуге келу белгіленген мерзімге дейін 5 күн қалғанда жүргізеді. ЖӘБО (қаланың, ауданның) бастықтарының тіркеуді жүргізу туралы бұйрықтары жыл сайын 25 желтоқсаннан кешіктірілмей шығарылуға тиіс. Азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу үшін азаматтардың әскерге шақыру учаскелеріне келуінің нақты мерзімдерін шақыру қағаздарында ЖӘБО (қаланың, ауданның) белгілейді.
Ауыр науқастармен ауыратын, өз бетімен қозғалу мүмкіндігінен айырылған азаматтар тіркеуге келуден босатылады, бұл тиісті емдеу-алдын алу мекемелерінің немесе дәрігерлік-еңбек сараптама комиссияларының анықтамаларымен расталады.
Қажет болған жағдайда шақыру қағаздары азаматтарға тікелей олардың мекен-жайлары бойынша табыс етіледі.
Мыналар ЖӘБО (қаланың, ауданның) белгілеген мерзімде азаматтардың әскерге шақыру учаскелеріне келмеуінің дәлелді себептері болып танылады:
- еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға байланысты ауру (жарақат);
- жақын туысының қайтыс болуы немесе ауыр науқастануы;
- азаматты өзі келу мүмкіндігінен айырған табиғи сипаттағы кедергілер немесе басқа да жағдайлар.
Келмеу себептері тиісті құжаттармен расталуға тиіс.
Тіркеуден өту үшін ЖӘБО (қаланың, ауданның) шақыртатын барлық азаматтар әскерге шақыру учаскелеріне шақыру қағаздарында көрсетілген мерзімде және құжаттарымен келеді.
Әскерге шақыру пункті бойынша кезекші тіркеуден өту үшін келген азаматтарды тіркеуден өту тәртібімен таныстырады, оларға Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) уәкілетті адамдары азаматтармен әңгімелесулер өткізеді, олар ұсынған құжаттардың болуын және толықтығын тексереді. Шақыру учаскелерінде жұмыс істеу үшін тартылған техникалық қызметкерлерге осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес әскерге шақырылушының тіркелетін есеп картасын (бұдан әрі - шақырылушының есеп картасы), осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес шақырылушының жеке ісін (бұдан әрі - жеке іс) толтыру туралы нұсқау береді. Тізім бойынша тіркелуге келген азаматтарды күнделікті есепке алуды жүргізеді.
Әрбір әскерге шақырылушының жеке ісіне мыналар тігіледі:
- әскерге шақырылушының есеп карточкасы;
- әскерге шақырылушының тууы туралы куәлігінің көшірмесі;
- неке туралы куәліктің көшірмесі;
- балаларының тууы туралы куәліктерінің көшірмесі;
- білімі туралы құжаттың көшірмесі;
- жұмыс немесе оқу орнынан анықтама;
- жұмыс немесе оқу орнынан мінездеме;
- отбасы құрамы туралы анықтама;
- әскерге шақырылушыны зерделеу парағы;
- кеуде қуысы мүшелерін рентгенологиялық зерттеу анықтамалары;
- денсаулық жағдайы туралы құжаттар;
- сот органдарынан қылмыстық жауапкершілікке тартылуы туралы хабарламалар;
- ішкі істер органдары мен анықтау және алдын ала тергеу органдарынан анықтамалар;
- азаматтық хал актілерін жазу ұйымдарынан (бұдан әрі - АХАЖ органдары) тегін, атын, әкесінің атын ауыстырғаны, туған күні мен жері туралы өзгерістер туралы, қаза табуы туралы хабарламалар.
Әскерге шақыру учаскелеріне
тіркелуге тиіс барлық
Ауыр науқасқа шалдығып, тіркеуге өздері келуге мүмкіндіктері болмаған адамдарды қоса алғанда, жиынтық тізімдерге сәйкес әскерге шақыру учаскелеріне тіркелуге тиіс барлық азаматтар осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес тіркеу жөніндегі комиссияның хаттамалар кітабына (бұдан әрі - хаттамалар кітабы) енгізіледі.
Қосымша
медициналық тексеруге
Тіркеу
жөніндегі комиссияның
Әрбір жұмыс күнінің соңында тіркеу жөніндегі комиссия мүшелері тіркеу жөніндегі комиссияның хаттамалар кітабына жазылған жазбалардың дұрыстығын тексереді, хаттамаға тіркеу жөніндегі комиссияның төрағасы және мүшелері қол қояды.
Тіркеу жөніндегі комиссия
- "Әскери қызметке жарамды";
- "Әскери қызметке жарамды, бірақ қосымша емделуге мұқтаж";
- "Емделуге (медициналық бақылауға) мұқтаж";
- "Бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі түрде жарамды";
- "Әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз".
Тіркеу жөніндегі комиссия:
- тіркелуге келмеген азаматтарды іздестіруді ұйымдастыру жөнінде;
- шет мемлекеттердің азаматтарына әскери есепке қоюдан бас тарту туралы;
- соттардың үкімдері бойынша жазасын өтеп жүрген адамдарды тіркеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды.
Емделу қажеттігі туралы шешім
мерзімді әскери қызметке
Тіркеу кезінде "әскери
І және II топтағы мүгедек болып
табылатын азаматтарға әскерге
шақыру учаскелеріне тіркеуден
өту кезінде комиссияның
Емделуге немесе медициналық
бақылауға мұқтаж әскерге
ЖӘБО (қаланың, ауданның) азаматтарды
әскерге шақыру учаскесіне
1) емдеу жоспарына сәйкес оларға осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес жолдама (бұдан әрі - жолдама) бере отырып, емделуге (медициналық бақылауға) мұқтаждарды, емдеу-алдын алу ұйымдарына бекітілгендерді;

- Әскери қызметшілерге жалпы сипаттама
- Әскери қылмыстың түсінігі
- Әуездік репертуардың жіктелуі, негізгі қағидалары
- Әуе компания деректер базасы
- Бaлықтapдың қopeктeнуiндeгi зepттeу жұмыcтapы
- Бeзробiття в Уkраїнi
- Бpачно-семейное пpаво Pоссии импеpского пеpиода: истоpико-пpавовой анализ
- Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлаудын теориялык жене методологиялык негiздерi
- Әлеуметтік-экономиялық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты
- Әль Фараби туралы
- Әншілік өнерге алғаш қадам
- Әрлеу жұмыстарының машиналары
- Әр түрлі жас аралығындағы балалардың қарым- қатынасының психикалық- педагогикалық ерекшеліктері
- Әсіпкерлік көрсеткіштер