Әншілік өнерге алғаш қадам
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ӘН АЙТУДАҒЫ РЕЗОНАТОРЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ»
Орындаған: Тұрсынбек
А.
ПИК 11-1к тобының студенті
Қабылдаған: Ағабекова
С.С.
Мазмұны
І КІРІСПЕ ………………………………………………………......... |
3 |
ІІ Негізгі бөлім |
|
2.1 Әншілік өнерге алғаш қадам......................... |
5 |
2.2 Ән айтуда дауысты дыбыстардың
ролі.......................... |
9 |
2.3 Артикуляция, қатаң және жұмсақ дыбыстарды
атакалау. Тыныс алу техникасын одан әрі
жетілдіру..................... |
13 |
2.4 Көркемдік бейнені беру үшін музыкалық
мәнерліліктің барлық құралдарын пайдалануға
дағдылану..................... |
15 |
2.5 Шығарманың жанрлық және
стильдік ерекшеліктерін ескере отырып,
көркемдік жағын ашатын дағдыларды жетілдіру..................... |
18 |
2.6 Вокализ – cтудент дауыс
диапазонына байланысты В.Зейдлердің
және Абтың вокализдік шығармалары................... |
21 |
ІІІ Қорытынды ……………………………………………………………… |
23 |
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………...... |
25 |
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік статусын алуы қоғам өмірі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен өзгерістер әкелумен қатар, ғылым мен білім беру саласына жаңа талаптар кояды.
Жас жеткіншектерді биік өнер шыңына терең талғампаздыққа ұмтылуы - эстетикалық тәрбие берудің, тұлғаны жан-жақты, кеңпейілдікке, кішіпейілдікке, мейірімділікке, имандылыққа, инабаттылыққа талпынтудың негізгі нысанасы деп түсінген жөн. Әлбетте, адамның өнерге деген ұмтылысы сана-сезімімен, көркемдік тұрғыда түйсінуі мен талғампаздығы арқылы байқалады.
Әншілер әр аймақтың, өлкенің, жүздің өзіндік әйгілі ұстаздары, әншілері композиторлары, суырып - салма ақындары өздерінің бойына сақтаған ата-бабаларымыздың музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына шәкірттеріне үйретіп, бойына сіңіріп, қалдырып отырды. Олар шәкірттерін әр шығарманың өзіндік ерекшелігін тыңдаушының сезім пернесін дәл басатындай етіп жеткізе білуге, орындау мәдениеттілігі мен дауысты меңгерудің жоғарғы шеберлігіне баулыды.
Жалпы адамзат дамуының заңдылықтарына көз жіберсек, жеке тұлғаның рухани дамуына өнер мен мәдениеттің әсері туралы мағлұматтар ерте кезден бастау алады. Бұл жөнінде ұлы ғұламалар (Әл-Фараби, Дәуріш Әли, Ибн Сина т.б) музыка өнерінің теориялык және тәжірибелік негіздерін дамытуда маңызы зор ғылыми еңбектер, тұжырымдар қалдырды.
Халыққа білім беру жүйесінің үнемі дамып, оқу және тәрбие жұмыстарының жақсы жолға қойылып, уақыт талабына сай дамуына қазіргі кезде еңгізіліп отырған мектеп реформасының маңызы зор.
Музыка сабағы үшін ең бір әдемі кең тараған музыкалық тәрбиенің түрі. Студенттер ән айтуды үйренеді, жан тәнімен беріле орындайды, мұның өзі олардың ішкі сезімдерін сыртка шығара білуге, музыканы терең түсіне білуге жол ашады.
Әсіресе студенттердің ән айту қабілетіндегі жеке музыкалық дамуын бақылау, олардың дауыстарын сақтауға жэне ең жаксы дәрежеде өсуін қамтамасыз етуге мїмкіндік туғызады. Бұл мәселелер И.И.Левидовпен, А.А.Сергеевпен, И.Малининамен, Н.Д.Орловпен, Н.Н.Добровольскаямен, Т.Н.Овчиниковамен жэне басқалармен зерттеліп, бірнеше рет қарастырылған.
Зерттеу жұмысының мақсаты - студенттер дауыстарына деген көбірек қамқорлық көрсету және олардың дауыс ережелерін қатаң сақтауына үнемі көңіл бөліп отыру.
Дұрыс ән айтуға үйрету арқылы студенттердің дауыс аппараты жақсы дамиды. Әнді өз нышанына келтіріп айту үшін көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни әннің мазмұнын тыңдаушыға жеткізу, дауыстардың бір-бірімен үйлесіп, интонациясының таза, дикциясының анық шығуын, әнді жинақы жабық дауыспен академиялық үлгіде айтып жаттықтыру керек.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауысты вокалдық – техникалық жағынан жетілдіру резонаторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдану.
студенттердің вокалды – педагогикалық білімін нығайта отырып, академиялық ән салу мәнерінің әдістемесін үйрету.
вокалдық – музыкалық оқу – тәрбие процесіндегі іс-шараларды өткізе алуға дайындау.
Зерттеу әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық, тарихи әдебиеттерді зерделеу, бақылау, әңгіме, озық педагогикалық тәжрибе, мектеп құжаттарын зерделеу.
Кез-келген әдет - ғұрыпты белгілі музыкалық мақаммен атқару ежелден келе жатқан мәдени құбылыс. Мақам бір үлгіде түрленіп қайталана береді. Мұны ғылым тілінде варианттылық немесе вариациялық деп атайды.
Кейде музыкалық мақамда өзара жақын орналасқан дыбыстардың күрделі байланыстарымен арақатынастары (хроматизм) да кезедсіп отырады. Бірақ мақамның ауқымы кең емес. Негізгі басқыштан бесінші басқышқа (примадан квинтаға) дейінгі аралықпен шектеледі. Мұның бәрі ладтық ерекшелікті құрайды.
Кәсіби маман дайындау барысында, студенттердің вокалдық өнер саласында алған білімдерін, дағдыларын мектептегі музыкалық сабақтармен түрлі көркем - өнерпаздық жұмыстарға дарыта білуінің құндылығын ескерсек, пәннің өте қажет екендігі айқындалады.
Жоғарғы оқу білім беру кешеніндегі оқу мақсатынан туындайтын аталған пәннің негізгі міндеті академиялық ән салу мәнерін қалыптастыратын вокалдық-педагогикалық біліммен қаруландыру және осы кәсіби ән салу қағидаларын алған білімдерін оның әдістемелік принциптерін бала дауысымен жұмыс барысында пайдалана алу.
Халқымыз өзінің сан
қырлы әншілік дәстүрін ғасырлар
қойнауынан аялап-сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізді. Әр аймақтың, әр өлкенің
өзіндік әйгілі ұстаздары, әншілері,
композиторлары, суырып салма ақындары
өздерінің бойына сақтаған ата- бабаларымыздың
музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына,
шәкірттеріне үйретіп, бойына сіңіріп,
қалдырып отырды. Олар шәкірттерін
әр шығарманың өзіндік ерекшелігін
тыңдаушының сезімінің пернесін
дәл басқандай етіп жеткізе
білуге, орындау мәдениеттілігі
мен дауысты жоғарғы шеберлігіне
үйретеді.
Ән айту өнері бұрыннан
келе жатқан өнер. Қазіргі уақыттарда
зерттеу жұмыстары вокалдық педагогиканың
өкілдері тарапынан да көптеп
саналады. Көптеген зерттеушілер
дұрыс ән айтуды тәрбиелеу
олардың дауыстарын сақтау болып
саналады дейді. Ал Т.Н.Овчинникова
әртүрлі жастағы балалардың ән
айту ерекшеліктерін зерттей
келе, дұрыс ән айтуды – олардың
табиғи дауыстарын сақтап, әрбір
оқушының әншілік дауыстарын
дамытуда қамтамасыз етеді деп
көрсетеді.
2.1 ӘНШІЛІК ӨНЕРГЕ АЛҒАШ ҚАДАМ
Әншілік өнерге алғаш қадам басқан адамдарды ең алдымен әншілік қабілетін жетілдіруге арналған әдебиеттер қызықтырады, вокалдық өнер туралы сұрақтарға жауап іздейді. Педагогтар қандай да бір кітапты бағыттауға қиналады.Әншілік өнерді дамытуға арналған оқулықтар, әдебиеттер бар. Бірақ , олар көбінесе тәжірибелі әдіскерлер мен әнші-орындаушыларға арналған. Жаңа бастаған әншілерге одан бағыт-бағдар алу қиынға түседі. Жалпы барлық әншілер вокал негізін игеруі тиіс.
Аспаптарды өз бетімен
үйреніп ойнайтындар болады. Оларға
арналған «Баянистің алғашқы
қадамы», «Гитаристің әліппесі», «Домбыраға
арналған оқулық» немесе « Домбыра
үйрену мектебі» сияқты көмекші
құралдар бар. Ал әншілерге арналған
ондай құрал жоқтың қасы.Жаңа
бастаған әншілерге арналған
әдістеме болса тамаша болар
еді. Әншілік өнерге бой ұрған
адамдардың табиғи музыкалық
қабілетіне қоса білімі де
болу қажет.Осы мақсатта жас
вокалистерге көмекші құрал ретінде
өз еңбегімді ұсынбақпын.
Табиғи қабілет пен
дарын. Әнші болу үшін ең алдымен
мәнерлі дауыс, әншілік қабілет,есту
және есте сақтау қабілетінің
жоғары болуы, музыкаға деген
белсенді эмоциялық сезім, жақсы
дикция, еңбекқорлық , сахналық сырт
бейне, жақсы дауыс болу керек.
Осы қабілеттердің барлығы бір
адамның бойынан табылуы мүмкін
бола бермейді. Біреуі болса, екіншісі
болмауы мүмкін. Үнемі жаттығудың
нәтижесінде олар бірін-бірі толықтырып
жатады.
Дауыстың сапалық негізі
не дегенде, мен, тембр, диапазон , таза
дауыс және дауыстың қаттылығы
дер едім. Маңыздысы тембр. Дауыс
күші аз болып, кішкене ғана
диапазон болғанда, қызығушылықты
әдемі тембр тудыруы мүмкін. Мұндай
дауыстарға ария айтпай-ақ камералық
репертуар мен халық әндерін
айтуға болады. Егер диапазон
мықты болып тембр нашар болса,
онда әншілік дауыс әдемілігі
болмай, қызықтырудан айырылады.
Тембр – дыбыс бояуы, дауыс бейнелеушісі. Дауыс бояуы – туғаннан қалыптасқан табиғи сапа, бірақ өсе келе арнайы оқу кезінде өзгеруі мүмкін. Тембрде музыкалық көңіл күй, эмоциялық сезім байқалады. Сондықтан да музыкалық мәнерлілікпен үнемі жұмыс істеу өте маңызды.
Диапазон дегеніміз төменнен жоғарыға дейінгі дауыстағы дыбыстардың жиынтығы. Ал әншілік регистр біртекті дауыс бояуының дыбыс қатарындағы дауыс тербелісінің жұмысы.
Ерлердің тазаланбаған
дауысында екі регистр болады:
кеуде және бас (фальцет). Арнайы
оқыған әншілер негізгі регистрде
фальцетпен айтпайды, тек аралас
дыбыспен (микстпен) айтады.
Әйелдер дауысы үш
регистрге бөлінеді: кеуде (төменгі),
ортаңғы (аралас) және бас (жоғарғы).
Әйелдер дауысы ерлерге қарағанда
табиғатынан аралас регистрлі
болады.
Дауыстағы өтпелі дыбыстар деп бір регистрден екінші регистрге ауысатын дыбыстарды айтады. Мұны музыка тілінде мутация деп атайды. Ерлер дауысында бір өтпелі кезең, ал әйелдер дауысында екі өтпелі кезең болады. Бұл уақытта шекара дыбыстарында ән айту қиын. Себебі өтпелі дыбыстардағы тәсіл біртекті регистрлі дыбыс жасай алмай, сыну пайда болады. Сондықтан жасанды аралас дыбыс жасау тәсілін қолдану керек.
Микст – кеуде және
бас дыбыстарының бірігуінен
жасалған аралас дыбыс. Ол жұмсақ
, кеуде дыбысына қарағанда жеңіл
әрі фальцетке қарағанда дыбыстырақ
.
Дауыс жаттығулары. Ешқандай
вокалдық дайындығы жоқ адамдармен
вокалдық жаттығуларды жасағанда
бірден кемшіліктен бастамай, алдымен
мадақтап, дауысына келетін жаттығулардан
бастау керек. Содан кейін ғана
әдемі дауысына бөгет жасап
тұрған қателіктермен жұмыс жасап,
әншілік қабілетін жетілдіретін
тәсілдерді үйрету керек. Дауыс
жаттығуларын орташа диапазонда
аз көлемде бастаған жөн. Олардың
жылдамдығы бірде баяу, бірде
жылдам болып кезектесе, ал дыбыс
биіктігі сатылап қозғалыста
болуы керек. Темпі (жылдамдығы) қозғалмалы
болуы керек. Мұндай жаттығулар
үнемі белгіленген кезекте жүргізіліп
отыруы тиіс. Осындай жұмыстардан
кейін ғана мақсатты түрде
дауысты дыбыстарға арналған
жаттығулармен ауыстырып отыру
керек. Орындаушының жеке бас
ерекшеліктерін жөндеген соң
дауысты дыбыстарды меңгеруді
қолға алған дұрыс. Дауысты дыбыстарды
таңдау және ретке келтіру
жолдары әртүрлі: ыңғайлы дауысты
дыбыстардан ыңғайсыз дауысты
дыбыстарға қарай, жақсы дауыстан
сәтсізге қарай. Дауысты дыбыстармен
жаттығуларды «ә»,«ү»,«и»,«е», «о»,«ө»,»,«у»
дыбыстарынан бастаған ыңғайлы.
Ән айту үшін ең
әуелі қалай тыныс алу керектігін
үйреніп, дыбысты шығару үшін
оны қалай пайдалануға болатынын
біліп алған жөн.
Тыныс алу. Табиғи тыныс алу мен ән салу кезіндегі тыныс алудың көп айырмашылығы
бар. Ән айту үшін
кеудеге қажетті мөлшерде ауа
толтырып, арнайы тыныс алу керек.
Әншінің міндеті – сол ішке
тартқан ауаны әннің ұзақтығы
мен мәнеріне сәйкес мөлшермен
өлшеп шығару. Гигиена бойынша
демді неғұрлым мұрын арқылы
алған дұрыс. Бірақ ,қысқа үзіліс
(пауза) кезінде ауызбен де, мұрынмен
де дем алуға тура келеді. Мұндай
аралас тыныс алу кезінде іштегі
ауа жылиды, шаңнан тазаланады, дауыс
шығару мүшелерін тітіркенуден
сақтайды. Дауыс аппаратының барлық
бөлігі бір-бірімен тығыз байланыста
болса да ән айтпай-ақ , яғни
әннен тыс тыныс алуға арналған
жаттығуларды жасауға болады.
Әншілік негіз. «Әншілік
негізде ән айту», «Әншілік негізде
дыбыстау» - бұлар нағыз әншілік
дауыстарға арналған музыкалық
мінездеме терминдері. Анығырақ
айтсақ , дауыстың сапалы шығуына
жағдай тудыратын өкпе мен
өңеш, резонаторлардың жұмыс кезіндегі
жай-күйі. Әр әншінің әншілік негізі
әртүрлі. Ол вокалдық техниканы меңгерген
сайын дамып жетіледі.
Резонаторлар – дауыс
аппаратының сыйымдылығы. Ол дауыс
қатпарында әлсіз туған дыбыстарды
тербеліске ұшыратып, өсіріп көркемдейді.
Жоғарғы (бас) резонаторлар өңештің
жоғары бөлігінде орналасқан: жұтқыншақ
бөлігі, ауыз бөлігі, мұрын бөлігі.
Төменгі резонаторлар тамақтан кейін орналасқан: өкпе, трахея, бронха.
Шабуыл (Атака). Шабуылдау
– дыбыстың туу кезеңінің басы.
Оның үш түрі бар: қатты, жұмсақ
, дем алу басы. Ән айту кезінде
жұмсақ шабуылдау негізге алынады,
қалған екеуі вокалдық техниканы
жетілдіруге арналған жаттығуларда
қажет болғанда қолданады.
Академиялық және халық
әндерін орындаушыларға вокалдық
– педагокикалық талаптардың
бірлігі бірдей. Оларға мыналар:
көркемдік және техникалық жетілдіру
бірлігі; оқу материалдарының қиындық
кезеңдері; үйренушілермен жекелеме
жұмыс; тыныс алудың аралас түрі;
әншілік негіздің керектілігі; бос,
салмақ салмайтын дыбыстың ашықтығы;
мәнерлі де әдемі дауыс; жақсы
дикция; таза интонация; әнді жүрекпен
орындау жатады.
Дауысты дыбыстардың
тілдегі және ән айтудағы ерекшелігі.
Вокалдық ән айту барысындағы
басты ерекшелік дауысты дыбыстардың
ұзартылып айтылуы, сыйымдылығы, дөңгеленіп,
әдеміленіп айтылуында.
Вокалдық дағды - үнемі
жаттығудан қалыптасқан вокалдық
ән айту рефлекстерінің жиынтығы.
Вокалдық дағды көп қайталауды
талап етеді.
Интонация тазалығы
неге байланысты болады десек,
ол әншінің табиғи дарынына, яғни
музыкалық есту қабілетінің өткір
болуына, жаттығуына, физикалық көңіл-күйіне,
дұрыс тыныс алуына, дыбысты айту
сапасына, сахнадағы қобалжуына
байланысты болады.
Вокалдық педагогикада
оқушыларды әншілік өнерді үйрету
барысында дауыспен көрсету әдістемесі
кеңінен қолданылады. Әнші болуды
армандайтын оқушылар еліктегіш
болып келеді. Мұғалімнің дауыс
ерекшелігіне еліктеген оқушы
тура солай салып алады. Бәрі еліктеуден
басталғанымен ән айту техникасын меңгерген
оқушы өзінің табиғи дауысын жоғалтып
алмай, өз дауыс ерекшелігін сақтап қалуы
тиіс.
Әншілерде дыбысты
айтуда кездесетін негізгі кемшіліктер:
интонацияның таза шықпауы, жоғарғы
немесе төменгі дыбыстарға жетпей
қалуы, дауысты дыбыстарды әртүрлі
тембрде шығаруы, тербеліс кезінде
вибрацияның жағымсыз болуы, жасанды
дауыспен айту, дауысты дыбыстардың
қысаңқы кейде тым ашық болуы,
дыбыстарды мұрынмен шығарып
айту т.с.с.
Хор мен ансамбль
әншілері. Жеке әнші мен хорда
ән айту мәнері бірдей болғанымен
өзіндік ерекшеліктері бар. Хорға
немесе ансамбльге дауыстары бір-біріне
жақын адамдарды алады. Олар бір-біріне
еліктеп, біркелкі дыуыспен айтуға жаттығады.
Өз дауыстарын сақтап қалу көркемдік жаттығулар
мен жетекшінің репертуар таңдауына байланысты.
Болашақ әншіге хорда
немесе ансамбльде жеңіл дыбыстау,
қиналмай ән айту - пайдасы зор
негіздер. Бастапқы оқуға хордағы
дағдылар мен жеке ән айту
өте бағалы болып саналады. Сонымен
бірге классикалық ансамбльдер
мен халықтық бағыттағы ән
айту әншілерге өте пайдалы. Ол
есту, ансамбльді сезіну, өзін тыңдай
білу мен өзгені тыңдауға көмектеседі
және гармониялық есту қабілетін
дамытады. Хор тәжірибесінде фальцетпен
айту жиі пайдаланылады.Ол вокалдық
орындау мүмкіншілігін кеңейтеді.
Хорда вокалдық дағдыларға
тәрбиелейтін маман- хормейстр. Ол
хорға тон береді. Көркемөнерпаздар
ұжымдарында вокалдық дайындығы
жоқ адамдар көп болады. Онда хормейстр
ән үйрететін бірінші адам болғандықтан
игерген теориялық білімін өз тәжірибесінде
ұштастыра білуі тиіс.
Репертуар. Дұрыс таңдалған
репертуар әншінің дауысын жетілдіре
түседі, қате таңдалған репертуар
әншінің дауысына кері әсерін
тигізіп, бұзады. Ұзақ уақыт жеңіл
репертуарда айтса, ол дауысты
жетілдіріп, шыңдай түседі. Репертуардың
тиімді таңдалуы өз дауысын
бағындыруға септігін тигізеді.
Вокалдық шығарманы
оқу. Бастапқы кезең орындаушының
жеке қабілетіне байланысты. Партияны
бірден толық орындауға болмайды,
шығармамен танысу керек. Автордың
ескертпелерін есте сақтау қажет.
Алдымен жеке бөлімдерді айтып
жаттығу қажет. Шығарманы мағыналық
бөлімдерге бөліп, ең басты мағынаны
тауып, қиын бөлімді айтып жаттығудан
бастаған дұрыс.
Сахна мәдениеті және
іс-қимыл. Алғаш сахнаға шыққан
әншіде қобалжу басым болады.
Одан құтылудың жолдары: үйдегі,
жұмыстағы проблемаларды ойламау;
алдын-ала қалай болар екен
деген артық ойдан аулақ болу;
концертке шығар алдында ұзақ
қыдырмау; кітап оқымау; репертуардың
қиындығын ойлап өзін тежемеу
т.б. Сахнада 2-4 рет баяу әрі терең
тыныс алған жөн. Өзін бос, еркін
ұстап, репертуарға тыңғылықты дайындалса,
сахнадағы қобалжуды жеңе алады.
Әр вокалдық жанрда
іс-қимыл әртүрлі болады. Эстрадалық
әншілердің қимылы – академиялыққа
мүлдем жат. Орындайтын шығармаға
сай іс-қимыл болу керек. Ұялшақтық,
артық қимыл сахнадағы әншілерде
көп таралған әдеттер. Мимика тыңдаушыларды
қосымша ойлануға әкеліп, дыбысқа мінездемелік
сипат қосады.
Костюм – орындаушылардың
визиткалық карточкасы. Ол шығарманың
мазмұнына кері әсерін тигізбеуі
керек. Классикалық репертуарға
эстрадалық сәндіктің керегі
жоқ.. Ескі романстарға джинсы
шалбардың керегі жоқ, ол саяхат
туралы әндерге көбірек келеді.
Дауысты күту жолдары:
үнемі дұрыс жасалған әдістемелік
оқулар, тұрмыстағы дұрыс ұйымдастырулар,
дене шынықтыру жаттығуларының
қарапайымдылығы, шынығу .
Дауысқа зиянды әдеттерден
сақтану: дауысқа сай келмейтін
қиын репертуар таңдау, айқайлап
ән айту, айқайлап сөйлеу, сыра
ішу, шылым шегу, шаң-тозаңда жүру,
өте ыстық немесе суық тағамдар
ішу, шемішке шағу т.б.
2.2 ӘН АЙТУДА ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАРДЫҢ РОЛІ
Бүгінгі таңда айтылып жүрген әндер дауысына қарай халық әні, лирикалық ән, эстрадалық, опералық орындалатын әннің түрлері және т.б. болып бөлініп жүр. Тарихтың прогрестік жолымен дамуы дүниеге алуан – алуан идеялық мазмұнды әндерінің көлемді шығармалардың тууын жеделдетті. Мысалы: «Амангельді сарбаздарының маршы», «Өндіріс», «Жас қазақ» т.б.
Әншілік өнер - қолдауды және қорғауды керек ететін, табиғаттың берген сиы. Өкінішке орай, соңғы уақыттары мектеп жасындағы балалардың дауыс аппараттарынын, бұзылу саны көбейіп барады. Ән айту жастардың орындаушылық үрдісіне белсенді қатысуына, музыкалық қабілетінін дамуына, музыкалық есту қабілетін тәрбиелеуге жағдай жасайды. Дыбысталу сапасын қалыптастыруда, дауыс аппаратының жұмысын ән айтатын жағдайға келтіруде, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе вокальды есту мәдениетін білуіне мұғалімнің арнайы білімі мен шеберлігіне байланысты іске асырылады.Әр әнші ән айту барысында дауыс аппаратын тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін негізге ала отырып, дыбыс жолдарының анатомиялық құрылысы мен физиологиялық заңдылықтарын есте ұстауы қажет. Вокал пәнінің негізгі басты шарты - жастардың музыкалық қабілеттерін дамыту, музыкалық денгейін кеңейту, музыкаға, ән айтуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту тәсілдерін үйрету болып табылады. Музыкалық бейнелер, жағымды саз арқылы патриотизмге, елін сүюге, еңбекке, тәртіпке, адамгершілікке, ынтымактастыққа, достыққа тәрбиелеу мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі.
Ән айтуда дауысты дыбыстардың ролі ерекше. Өйткені, дауысты дыбыстар созылымға бейім келеді де, ән айтудың негізін қалайды. Олар ән айту процесінде дыбыстау мүшелерінің қызметіне байланысты және ұлғайтқыш қуыс мүшелерінің ықпалымен сан құбылып, көптеген бояулар табады. Сондықтан, адам дауысы тек дауысты дыбыстардың көмегімен ғана өзінің көркемдік қасиетін әуенін барынша көрсете алады. Олай болса, дауысты дыбыстарды дұрыс айтып үйрену, олардың әрқайсысына тән артикуляциялық пішінмен, үн нақышын таба білу басты міндет. Сондықтан, сөзбен әуенге қатысты дауысты, дауыссыз дабыстардың айтылу ерекшеліктеріне жақсы мән беруіміз қажет. Бұл ән айтудың сауатты болуына көмегін тигізеді.
Әнді орындамас бұрын бір қалыпты ұстап, денені тік, басты жоғары, екі қол ыңғайлы екі жағына турғаны дұрыс. Бұл тәртіп әншінің эстетикалық көрініуіне ғана емес, ол дауыстың ашық және еркін шығуына көмектеседі.
1) жаттығулар: жабық ауыз, иекті төменге қарай түсіру, ерін еркін, жұмсақ болуы тиіс, ауз суға толы сияқты, дыбысты жоғары жіберіп “мыйға”- қарай до-ре – дыбыстарын кезек, кезек “қайық” – (бір октава ішінде).
2) дауысты дыбыстарды айту – ма, ме, ми, мо, му – ашық дыбыстарды жинақы (үш дыбыстың біктігінде).
3) дауыс аппаратын қыздыру үшін, легатоға, стоккатоға, диапозонды кеңейтуге.
Адамның тыныс алу мушелері үш салады тұрады:
І – тыныс мүшелері.
ІІ – тамақ.
ІІІ – қуыс мүшелері.
1) Тыныс мушелеріне ең басты - өкпе, екінші қолқаның, көмекейдің және жоғарғы резонаторлардың құрылысы.
2) Тамақ және дауыс шымылдығы.
Дауыс шымылдығы тамақтың ішкі
жағында кенірдектің екі
3) Қуыс мүшелеріне мұрын қуысы, ауыз қуысы жатады
а) ауыз қуысына: тіл, ерін, тіс, таңдай, кішкентай тіл, иек
б) мұрын қуысының дыбыс шығарудағы қызметі кішкене тілмен тығыз байланысты.
Тыныс алудың 3 түрі:
1. Мұрын арқылы – ол шулы естіледі – қолайлы емес
2. Ауыз қуыс арқылы – ол тамақты кептіреді – қолайлы емес
3. Аралас – мұрынмен және
ауыз қуысы арқылы “гүл
Тыныс алу ережесі
1. Тыныс алу шулы болмау керек
2. Тыныс алғанда оны бекіту
3. Тыныс шығару экономно болуы керек
Сөйлеу тілдің дыбыстары қалай болса солай тәртіпсіз, кездейсоқ жасала бермейді. Тіл дыбыстарының әрқайсысыны жасалу жолы, белгілі бір тәртібі бар. Бір-бірімен айтылуы, жасалу жағынан айырмашылығы бар тіл дыбыстары (фонемалар) белгілі дыбыстаушы мүшелердің қызметі арқылы шығады.
Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейміз. Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы адамның дыбыстаушы мүшелерінің қызметін жақсы білмейінше, белгілі тілдегі дыбыстардың артикуляциясы (дыбысталуын) дұрыс түсіну қиын.
Адамның дыбыстаушы мүшелері негізгі үш саладан тұрады:
Тыныс мүшелері.
Тамақ.
Қуыс мүшелері.
Тыныс мүшелері. Дыбыс шығаруда қатысы бар тыныс мүшелері деп аталатын мүшелердің ең бастысы - өкпе. Өкпе екі тарам қолқа арқылы кеңірдекпен жалғасады. Өкпе ауаны ішке тартқанда кеңейіп, ауаны сыртқа шығарғанда семіп отырады. Тілдегі дыбыстар өкпедегі ауаны сыртқа шығуына байланысты. Сөйлеу процесінде ауа өкпеден біртіндеп баяу шығады да, өкпеге бірден тез өнеді. Өкпенің, қолқаның, көмекейдің және жоғары резонаторлардың құрылысы.
Тамақ және дауыс шымылдығы. Тамақ деп кеңірдектің кеңейген жоғары тұсы аталады. Тамақ сыртқы жағында жұтқыншақ немесе өңеш – тамақ жүретін жол болады. Оның ішкі жағында дауыс шымылдығы болады. Дауыс шымылдығы тамақтың ішкі жағында кеңірдектің екә жағынан бір – біріне қарсы біткен жиырылмалы ет. Тамақтың ішкі жағындағы қабаттасып жатқан екі пар бүршіктің сыртқы екеуі жалған дауыс шымылдығы деп аталады. Бұлар дыбыс шығаруға қатыспайды, ал тамақ ішкенде, екі жағы қатты жымдасып, асты өңешке асырып жіберіп тұрады. Тек нағыз дауыс шымылдығы ауырған жағдайда қарлыққан, баяу дыбыс шығаруға шамасы келеді.

- Әрлеу жұмыстарының машиналары
- Әр түрлі жас аралығындағы балалардың қарым- қатынасының психикалық- педагогикалық ерекшеліктері
- Әсіпкерлік көрсеткіштер
- Әскерге шақырылғандарды есепке алу
- Әскери қызметшілерге жалпы сипаттама
- Әскери қылмыстың түсінігі
- Әуездік репертуардың жіктелуі, негізгі қағидалары
- Әлеуметтік педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары
- Әлеуметтік саясат
- Әлеуметтік, улттык, рулык, насілдік немесе діни араздықты коздыру
- Әлеуметтік – экономикалық география пәні бойынша
- Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлаудын теориялык жене методологиялык негiздерi
- Әлеуметтік-экономиялық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты
- Әль Фараби туралы