Әлеуметтік, улттык, рулык, насілдік немесе діни араздықты коздыру

ЖОСПАР 

І Кіріспе....................................................................................................................3

1. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.............................................................................................................5

ІІ Негізгі бөлім

2. БЕЙБІТШІЛІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР....................................................10

2.1. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жургізу.10

ІІІ СОҒЫС ҚЫЛМЫСТАРЫ...............................................................................15

3.1. Соғыс жүргізудің тыйым салынган күралдары мен әдістерін қолдану....15

    1. Жалдамалылық ...........................................................................................17

3.3. Геноцид ...........................................................................................................19

3.4. Экоцид.............................................................................................................21

4. ӘЛЕУМЕТТІК, НӘСІЛДІК, ҰЛТТЫҚ, ДІНИ, ТЕКТІК-ТОПТЫҚ

ЖӘНЕ  РУЛЫҚ АСТАМШЫЛДЫҚТЫ НАСИХАТТАУҒА НЕМЕСЕ ҮГІТТЕУГЕ ЖОЛ БЕРМЕУ ЖӨНІНДЕГІ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ

ПРИНЦИПКЕ ҚОЛ СҰҒУ....................................................................................23

4.1. Әлеуметтік, улттык, рулык, насілдік немесе діни араздықты коздыру....23

ІІІ Қорытынды.......................................................................................................25

IV Қолданылған әдебиеттер тізімі.......................................................................27 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     КІРІСПЕ 

     Берілген  курстық жұмыс қазіргі таңдағы  ең актуальді және маңызды ғаламдық проблемалардың бірі – бейбітшілік  пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы  қылмыстарға арналған. Өйткені бейбітшілік  пен адамзат қауіпсіздігі қазіргі өркениетті қоғам дамуының және жекелеген адамдардың тыныштығының бірден бір міндетті шарты болып табылады. Мемлекет пен халықтардың, әлеуметтік, этникалық, діни топтардың тыныш тіршілігіне қол сұғу, агрессивті соғыс, геноцид нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру халықаралық құқықпен ауыр қалмыстар қатарына жатқызылады. Соңғы кезде қылмыстардың аталған түрлерінің саны едәуір артуда. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғашқы рет геноцидпен байланысты, соғыс жүргізу ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар пайда болды. Халықаралық қылмыстармен күресуде мемлекет қызметінің құқықтық негізі болып халықаралық қылмыстық құқық табылады. Қазіргі таңда әлемде үш жүзден аса халықаралық қылмыстар және олардың жазалануы туралы халықаралық шарттар жасалған.

     Құқықтық  мемлекетті құра отырып және ұлттық қауіпсіздікті  нығайта отырып, Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастық мүшесі ретінде жоғарыда аталған қылмыстармен күресу үшін көптеген халықаралық конвенцияларға қосылуы тиіс. Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексіне бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін сақтау бойынша баптар қосылған. Өйткені Қазақстан Республикасына терроризм, діни экстремизм мәселесі жат емес. Әлемде кең тараған «Хизб-ут-Таһир» ұйымының құлаш жайып, мақсаты ислам халифатын құрып, Қазақстанның конституциялық құрылымын өзгерту болып табылатын бұл қауіпті ұйымның қолдаушылары өкінішке орай аз емес. 2004 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты «Хизб-ут-таһир», «Өзбек-Ислам халифаты» сияқты барлығы бес террористік, экстремистік ұйымның ел аумағында қызмет етуіне тыйым салу туралы шешім шығарылған болатын .

     Осыған  орай берілген курстық жұмыстың негізгі  мақсаты келесілер болып табылады:

     · бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама беру;

     · бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жекелеген түрлерін ашып көрсету;

     Осы мақсаттарды орындау үшін курстық  жұмыс келесі міндеттерді шешеді:

     · бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың объектісі мен объективтік жағын, субъектісі мен субъективтік жағын ашып көрсету;

     · бейбітшілікке қарсы, соғыс қылмыстары, адамзатқа қарсы, халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға қарсы қылмыстар деп жіктеп, әр қайсысына жеке жеке тоқталу.

     Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.

     Жұмыстың  бірінші тарауы «Бейбітшілік пен  адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы» деп аталып, онда аталған қылмыстардың мәні ашылып, толық сипаттама берілген, халықаралық  құқықтық нормалардағы алатын орны бейнеленген. Екінші тарау «Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлеріне» арналған. Қылмыстардың әр түрлері ашылып көрсетіліп, мән-мағынасы ашылған, субъектісі мен субъективтік жағы бейнеленген. Соңғы қорытынды бөлімде, осы жұмыстың барлық өзекті мәселелері түйінделіп, жинақталған, Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары көрсетілген. 
 
 
 
 

  1. БЕЙБІТШІЛІК ПЕН АДАМЗАТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ

    ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ 

     Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің 2-бабында  қылмыс-тық құқык корғау объектілерінің катарына тұңғыш рет бейбіт-шілік  пен адамзаттын, қауіпсіздігі мүдцесі  қосылып отыр. Осыған орай Қылмыстык  кодекстің Ерекше бөлімінде бейбітшілік  пен адамзаттың кауіпсіздігіне карсы қылмыстарға жеке тарау беріл-ген. Мұндай қылмыстар халыкаралық қылмыстарға жатады. Мұндай қылмыстар үшін жауаптылықтың негізгі қайнар көзі Халықаралық әскери трибунал Жарғысы (Нюрнберг, 1948) бо-лып табылады. Осы Жарғыда бейбітшілік пен адамзаттың кауіпсіздігіне карсы қылмыстардың жауаптылығыиың негіздері және олардын түрлері:

     1) бейбітшілікке қарсы кылмыстар;

      2) соғыс қылмыстары;

     3) адамзатқа қарсы кылмыстар нақты көрсетілген.

     Халықаралық Конвенция 1948 жылы геноцидті, 1974 жылы апартеидті халықаралық кылмыстар деп жариялады. БҮҮ-нын 1991 жылғы 43 сессиясы бейбітшілік пен адамзатқа қарсы қылмыстар Кодексінің жобасын қарап, оны мемлекеттердің үкіметі-нің қарауына, пысықтауына жіберді. Осы көрсетілген Кодекс жобасына сәйкес бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы кылмыстардың 12 құрамы көрсетілген.

     Халықаралык нормада осы түрғыдағы қылмыстарға нақты тұрақты анықтамалар беру мен оларды топқа белу әлі аяқталған жоқ, мұның өзі мемлекеттердің үлттық кылмыстық кодексін кабылдауда осы мәселеде белгілі бір қиындықтар туғызып отыр. Бірақта Қазақстан Республикасынын жаңа Қылмыстық кодексінін 4-тарауында халықаралык күқыктың жұрт таныған принциптері мен нормаларына негізделген осы тұрғыдағы қылмыстар үшін жауаптылық көзделген.

     Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне кдрсы қылмыстардың топтық объектісі халықаралык құқық нормаларымен белгіленген Жалпыға бірдей бейбітшілік пен халыкдралық қауіпсіздік болып табылады. Осы қылмыстардың кейбір құрамдарының міндетті белгісі қылмыстың заты (Мысалы, ҚК-тің 158-бабындағы — химиялык, биологиялық және жаппай қырып-жоятын қарулар)болады.

     Объективтік жағынан осы топқа жататын  қылмыстар коғам-ғақауіпті іс-әрекеттер  арқылы жүзеге асырылады.

     Бейбітшілік пен адамзаттың кдуіпсіздігіне қарсы  қылмыстар дені формаль-дык қүрамға жатады. Тек қана Қылмыстык кодекстің 161-бабын-дағы қылмыс — экоцид құрамы үшін коғамға кауіпті зардап — экологиялыкапаттыңболуы кажет. Субъективтік жағынан осы тараудағы барлық кылмыстар тікелей қасақаналықпен, ал қайсыбір құрамдар белгілі бір мақсатпен (160, 163-баптар) жаса-лады.

     Қылмыстың субъектісі — 16-ға толған есі дүрыс, жай адамдар. Кейбір қылмыс құрамының субъектісі — арнаулы субъект мемлекеттік жауапты кызмет аткаратын адам (157-баптың 2-тармағы), кызмет бабын пайдаланған адам (164-баптын 2-тармағы). Тікелей объектісіне байланысты талданып отырылған қылмыс құрамдары мына төмендегідей топтарға бөлінеді.

     Бейбітшілікке қарсы кылмыстар: Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (156-бап). Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде иіақыру (157-бап). Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (158-бап).

     Соғыс қылмыстары: Соғыс жүргізудіңтыйым салынған құрал-дары мен әдістерін қолдану (159-бап). Жалдамалылық(162-бап).

     Адамзатқа қарсы қылмыстар: Геноцид (160-бап). Экоцид (161-бап).

     Бейбітшілікке қарсы қылмыстарға басқыншылық  соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру  немесе жүргізу, басқыншылық соғысты  тұтандыруға насихат жүргізу  және жария түрде шақыру, жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату. Басқаншылық немесе агрессия (латыннан аударғанда «шабуыл жасау»)  халықаралық құқық көзқарасы бойынша бір мемлкеттің екіншісіне қарсы заңсыз күш қолдануы, әсіресе, басқа мемлкетке оның аумағын тартып алу, тәуелсіздігін жою, саяси және қоғамдық құрылысын өзгерту мақсатында әскери шабуыл жасау.

     ҚК 156 б 1 б көзделген қылмыстың объективтік  жағы 3 балама қоғамға қауіпті әрекеттерден тұрады:

     1. басқыншылық соғысты жоспарлау,  басқыншылық соғысқа дайындалу,  басқыншылық соғысты тұтандыру

     ҚК 156 б 2 б осы қылмыстың сараланған құрамы басқыншылық соғысты жүргізу үшін қылмыстық жауапкершілік тағайындайды. Сонымен қатар басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру үшін қылмыстық жауапкершілік ҚК 157 б 1 б көрсетілген. Бұл қылмыстық сараланған белгісі деп бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасаған немесе мемлкеттік жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам жасаған әрекет танылады. ҚК 158 б. көзделген қылмыстың заты химиялық, биологиялық және ҚР-ның халықаралық шартымен тиым салынған жаппай қырып-жою қаруы табылады. Қарастырылып отырған қылмыстың объективтік жағы:  а) жаппай қырып-жою қаруын өндіру, яғни кез-келген тәсілмен дайындау (қолдан, лаборанториялық жолмен заводта дайындау); б) жаппай қырып-жою қаруын табу (сатып алу, айырбастау, сыйға алу, ұрлау);  в) жаппай қырып-жою қаруын өткізу, яғни қылмыс затын қайтарымды немесе қайтарымсыз өзінің иелігінен басқаға беру, сату, айырбастау, сыйлау т. б.

     Келесі  қылмыс құрамы соғыс жүргізудің тиым салынған құралдары мен әдістерін  қолдану (ҚК 159 б). Әскери тұтқындарға немесе әскери емес тұрғындарға қатал қарау, әскери емес тұрғындарды күштеп көшіру, басып алынған аумақта ұлттық мүлікті тонау, ҚР-ның халықаралық шартымен тиым салынған құралдар мен әдістерді әскери жанжалда қолдану қол сұғушылықтың объективтік жағын құрайды. ҚР-ның халықырылық шартымен тиым салынған жаппай қырып-жою қаруын қолдану ҚР ҚК 159 б 2б бойынша сараланады.

     Адамзатқа қарсы қылмыстар тобын геноцид (ҚК 160 б) және экоцид (ҚК 161 б) құрайды. Геноцидтің қоғамға қауіптілігі оны құрайтын қылмыстық әрекетті жасаунәтижесінде белгілі бір ұлттық, этникалық, нәсілдік және діни топтың адамдары толық немесе ішінара құртылады немесе құртылып кетуі мүмкін  қаупінде. Бұл қылмыстың құрамы Нюрнберг және Токио әскери трибуналдарының жарлығы мен 1948 жылғы геноцид қылмысын алдын-алу және ол үшін жазалау жөніндегі Конвенциясы негізінде қалыптасқан.

     Аталған топтардың мүшелерін өлтіру, олардың  денсаулығына ауыр зардап келтіру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды  мәжбүрлеп бреуге беру осы топ мүшелерін қырып-жоюға бағытталған басқа да тіршілік жағдайларын туғызу. Субъективтік жағы тікелей қасақаналық және ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың толық немесе ішінара жойылуын көздейтін арнайы мақсаттан тұрады. Аталған мақсатты анықтау геноцидті соғыс жүргізудің тиым салынған құрамдары мен әдістерін қолданудың кейбір нысандары және кейбір жалпы қылмыстардан (кісі өлтіру және денсаулыққа ауыр зиян келтіру) ажыратуға мүмкіндік береді.

     Экоцид (ҚР ҚК 161 б) адамның өзінің өмір сүруі, қоршаған ортаға қайтарымсыз зиян келтіретін адамның табиғат ортасына қылмыстық әсері. Бұл қылмыстың заты- өсімдік және жануарлар әлемі, ауа, жер, су ресурстары.

     Халықаралық қылмыстардың объективтік жағы заңда  көзделген нысандар:

     а) өсімдік немесе жануарлар әлемін жаппай жою

     б) ауа, жер,  су ресурстарын улау

     в) экологиялық апат туғызатын әрі  туғызу қаупі бар өз ге де әрекеттер  және көрсетілген әрекеттер мен  зардаптар арасындағы себептік байланыс.

     Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы  өзге де қылмыстар: жалдамалылық (ҚК 162 б); халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға шабуыл жасау (ҚК 163 б); әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, діни араздықты қоздыру (ҚК 164 б).

     Жалдамалалақтың объективтік жағы ҚК 162 б 1б диспозициясында  көзделген әрекеттердің бірі: а) азғырып көндіру, б) оқытып-үйрету, в) жалдамалыны қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, г) оны қарулы жанжалда немесе соғыс әрекеттерінде пайдалануды жүзеге асырудан тұрады.

     ҚР  ҚК 162 б 1 б бойынша қылмыс субъектісі кез-келген есі дұрыс, 16 жасқа жеткен адам, 2 б бойынша өзінің қызметтік жағдайын пайдаланатын адам. Сараланған түрі кәмелетке толмағанға қатысты жасалған осы әрекеттер.

     Қарастырылып  отырған баптың 3 б жалдамалының әскери жанжал немесе соғыс әрекеттеріне жеке қатысуын сипаттайды. Ерекше саранған белгісі жалдамалының әрекеттері адам қазасы немесе өзге де ауыр зардап туындатса деп танылады. Халықаралық қорғау аясындағы адам немесе ұйымға жабуыл жасау (ҚР ҚК 163 б) келесі әрекеттер:

     1)Шет елдік мемлекет өкіліне немесе халықаралық қорғау алсындағы халықарылық ұйым қызметкеріне немесе онымен бірге тұратын оның отбасы мүшелеріне шабуыл жасау;

     2)Аталған адамдардың қызметтік не тұрғын үй-жайларына, көлек құралдарына шабуыл жасау;

     3)Осы адамдарды ұрлау немесе күштеу арқылы бостандығынан айыру.

     Бұл қылмыстың аяқталу уақыты-заңда  келтірілген әрекеттердің бірін  жүзеге асыру, бірақ соғысты ұшықтыру немесе халықаралық қатынастарды құлдырату  мақсатына жету ниеті жүзеге асса болғаны.

     Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (ҚР ҚК 164 б) қылмысы құрамы 1965 ж.  «Нәсілдік шектетудің барлық нысандарын жою туралы» Халықаралық Конвенция негізінде құрастырылған.  
 
 

  1. БЕЙБІТШІЛІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР
 

     2.1. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жургізу  

     Басқыншылық, агрессия — дербес мемлекеттің егемендігіне, аумақтық тұтастығына және саяси  тәуелсіздігіне қарсы басқа бір  мемлекеттің не мемлекетаралық әскери одақтастықтың қарулы күш қолдануы, өзге де өктемдік әрекеттерін жасауы.

     Халықаралық-құқықтық доктринада жанама, экономикалық және идеологиялық Басқыншылық деген де ұғымдар бар. БҰҰ Бас Ассамблеясының 29-сессиясы қабылдаған (1974) Басқыншылық туралы анықтамалары бойынша өз мүшелерін даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге, қоқан-лоқы жасап қорқытудан және күш қолданудан қалыс болуды, сақтануды міндеттейді. БҰҰ Жарғысының 51-бабы бойынша, Басқыншылық жекелей де, ұжымдасқан түрде де өзін-өзі қорғауға негіз болып табылады.

     Шапқыншылыққа тап болып, өзін-өзі қорғау бағытында  басқыншыларға қарсы қарулы тойтарыс беруші мемлекеттің әрекеті, тіпті, шабуылдық сипатта болғанда да Басқыншылық ретінде қаралмайды. Халықаралық құқықта үшін саяси, материалдық және қылмыстық жауапкершіліктер қарастырылған. Әлемнің бейбітшілік сүйгіш күштері ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жасау, жалпыға бірдей және толық қарусыздану, халықаралық шиеленістерді бәсеңдету бағытында белсенді күрес жүргізуде.

     Басқыншылықтың  жалпы жұрт мойындаған анықтамалары басқыншылардың қарулы шапқыншылығын  ойдан шығарған сылтаулар арқылы ақтауына заң жүзінде жол бермейді.

     Қылмыстыңтікелей объектісі — халықтар арасындагы бейбіт-шілік. Мемлекеттердін бейбіт қатар өмір сүруі және достығы.

     Объективтік жағынан қылмыс басқыншылык соғысты жоспарлау, әзірлеу немесе тұтандыру аркылы жүзеге асырылады. Біріккен ¥лттар Үйымынын Бас Ассамблеясы езінін 1974 жылғы 14 желтоқсандағы 3314 (XXIX) карарында тұңғыш рет басқыншылыктың (агрессияның) аныктамасын берген. Онда Біріккен Ұлттар Ұйымынын Жарғысына сай келмейтін тұрғыда бір мемлекетгің өзінің карулы күштерін екінші мемлекеттің егемен-дігіне, аумақтық тұтастығына және саяси тәуелсіздігіне карсы қолдану немесе басқадай тәсілдерді пайдалану арқылы оларға ыкдал етуі баскыншылык (агрессия) деп танылады деп көрсетілген.

     Қылмыстың объективтік жағы бірнеше балама әрекеттерден тұрады. Оның біріншісі - басқыншылық соғысты жоспарлау. Жоспарлауға халықаралык құкык нормаларына кдйшы түрде бейбіттұрғындарға қарсы соғыс әрекетгерін жүргізудің арнаулы жоспарларын жасау, соғыс өрекеттерін жүргізуге бағытталған әр түрлі әдістемелік құралдар жасау, соғыстың күрбаны бола-тын мемлекетті белгілеу, баскыншылық соғыс әрекеттерін жүргізудін мерзімін және келемін белгілеу әрекеттері жатады.

     Басқыншылық соғысты әзірлеуге жоспарланған ұрыс әрекеттерін жүзеге асыруға арналған нақты іс-қимылдарға көшулер жатады.

     Мысалы  соғыс техникасын көптеп шығара бастау; қарулы күштердін. санын күрт кебейту, азық-түлік немесе жағар-жанар май қорларын үлғайту, соғыс жағдайына сай келетін жаттығуларды жүзеге асыру, тұрғындарды соғыс ісіне моральдық тұрғыдан бейімдеп дайындау т.с.с. әрекеттер жатады.

     Басқыншылық соғысты түтандыруға осындай соғысты кез келген түрғыда бас-тау жатады. БҮҮ Бас Ассамблеясынын 1974 жылғы 4 желтоксан-дағы каулысына сәйкес басқыншылык актісіне: бір мемлекеттін қарулы күштерінің баска мемлекеттін аумағына басып кіруі не-месе соғыс жолымен басып алуы, аннексия жасауы; басқа мемлекеттің аумағын бомбалау немесе баска мемлекетке қарсы кез келген қару түрлерін колдану; басқа мемлекеттін құрылықтағы, теңіздегі немесе әуедегі күштеріне карсы шабуыл жасау,1 т.с.с. әрекеттер жатады.

     Көрсетілген қылмыс формальдық кұрамға жатады, сондык,-тан да занда көрсетілген  — басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу немесе түтандыру әрекеттерінің  біреуі іске асырылған уақыттан бастап қылмыс аякталған деп танылады.

     Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыс-тын субъектісі арнаулы. Қазақстан Республикасының жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды адамдары, оның түсінігі Кылмыстық кодекстің 307-бабының 2-тармагында берілген. Қылмыстық кодекстің 156-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ау ырлататын түрі — басқыншылык соғысты жүргізгені үшін жауаптылық белгіленген. Басқыншылық соғысты жүргізу деп тұтандырылған соғыс өртін аяғына дейін жеткізу, алға қойған мақсатка толық жету әрекеггерін жалғастыруды айтамыз.

     Басқыншылык соғысты тұтандыруға насихат  жүргізу және жария түрде шақыру (157-бап)

     Қылмыстың тікелей объектісі мемлекеттердің өзара бейбіт өмір сүру және өзара  тату карым-қатынаста болу мүддесі  болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шакыру арқылы жүзеге асырылады.

     Басқыншылық соғысты түтандыруға шақырулар  ашық немесе көмескі түрде болуы  мүмкін. Шақыруларды жүзеге асырудын нысандары сан алуан ауызша, жазбаша, белгі берулер аркылы болуы мүмкін. Ең бастысы осы шақырулар баскыншылықсоғыс-ты тұтандыруға қызмет етуі қажет. Мұндай шакырулар жария түрде болуы шарт.

     Жариялылыққа  — кінәлінің үшінші бір адам-ның  қатысқан (митингілерде, жиналыстарда, топтаскдн адамдар) алдында соғысты насихаттайтын іс-әрекетгерін жүзеге асыруы немесе байланыс құралдары, почта арқылы соғысқа шакырулар мәтінін жұртқа жіберу, листовкалар тарату, осындай мағынадағы үндеулерді, плакаттарды, суреттерді көрнекті жерлерге іліп қою сияқты әрекеттер жатады. Кылмыс құрамы жағынан формальдық құрамға жатады және осы баптын диспозициясында көрсетілген іс-әрекетті — баскыншылык соғысқа жария түрде шақырған сәттен бастап кылмыс аякталған деп танылады.

     Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған есі дұрыс кез келген адам.

     Қылмыс субъективтік жағынан тек тікелей қасақаналықпен істеледі.

     Бұқаралық акпарат күралдарын пайдаланып жасалған не мемлекеттік жауапты кызмет атқарып отырған лауазымды адам жасаған дәл сол әрекет — осы қылмыстын ауырлататын түріне жатады (157-баптың 2-тармағы).

     Бүкаралық акпарат құралдарына — баспасөз құралдары, радио, теледвдарт.с.с. жатады. Мемлекеттік жауапты қызмет атқаратын лауазымды адамға мемлекеттін міндетін және мемлекеттік органдардың өкілеттілігін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конституциялық және өзге де зандарында белгіленетін қызметтерді атқаратын адамдар, сол сияқты мемлекеттік кызметтуралы зандарда белгіленген мемлекеттік қызметшілердін жоғары, бірінші және екінші лауазым санаттарына жататын лауазымда істейтін адамдар жатады (КК-тін, 307-бабының түсіндірмесінін 2-тармағы).

     Жаппай  кырып-жою каруын өндіру немесе тарату (158-бап) қылмыстың тікелей объектісі бейбітшілік кауіпсіздігі және бейбіт қатар өмір сүру кауіпсіздігі болып табылады.

     Қылмыстың затына Қазақстан Республикасында халықаралық шарттар бойынша өндіруге тыйым салынған жаппай қырып-жоятын қарулар немесе олардың баска түрлері, химиялык, био-логиялык заттар жатады. Жаппай кырып-жоятын қаруларға — ядролык карулар жатады.

     Химиялық қаруларға — уландыратын, түншықтыратын немесе нерв жүйелеріне басқадай әсер ететін қарулар жатады. Биологиялыққа—әр түрлі бактерия, вирус, адамдарды, жануарларды, өсімдіктерді жаппай ауруға шалдықтыратын заттар жатады.

     Қылмыс  объективтік жағынан химиялык, биологиялық, сондай-ак Казақстан Республикасының халықаралык шартымен тыйым салынған жаппай кырып-жою қаруының басқа да түрін өндіру, алу немесе өткізу аркылы сипатталады. Өндіруге көрсетілген заттарды кез келген түрде дайындау, жасау әрекетгері жатады. Алуға — көрсетілген қылмыстың заттарын кез келген тәсілмен — сатып алу, айырбаскд алу, сыйға алу, қарызы үшін алу, талан-тараж жолымен алу т.с.с. жүзеге асырулар жатады. Өткізуге — көрсетілген заттарды тегін немесе ақы алып тарату әрекеттері жатады.

     Қылмыс  құрамы формальдык және ол занда көрсетілген осы әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аякталған деп танылады. Кылмыстыңсубъектісі- 16-ғатолған кез келген есі дұрыс адам.

     Кылмыс  субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  1. СОҒЫС ҚЫЛМЫСТАРЫ
 

     3.1. Соғыс жүргізудің тыйым салынган күралдары мен әдістерін қолдану  

     Соғыс жүргізуді реттейтін бірсыпыра  зандылық күші бар ха-лықаралық актілер  мен конвенциялар бар. Оларға 1856 жылы 16 сәуірде Парижде кабылданған теңіздегі соғыс туралы Декларация; 1868 жылы 11 желтоқсанда Санкт-Петербургте кабылданған жарылатын немесе күйдіретін қаруды қолдануды жою жөніңдегі Декларация, 1899және 1907жылдары Гаагада қабылданған Декларациялар, 1949 жылы Женева конвенциясы (соғыс құрбандарын қорғау туралы), 1954 жылы 14 мамырдағы Гаага конвенциясы (соғыс жағдайында мәдени күндылыктарды корғау туралы) және тағы басқалары.

     Қылмыстың тікелей объектісі халықаралык құкық нормаларымен белгіленген соғыс жүргізудің қүралдары мен әдістерін қолдануды реттейтін қоғамдық қатынастар.

     Қылмыс  объективтік жағынан әскери тұтқындарға  немесе әскери емес тұтқындарға қатыгездікпен  қарау, әскери емес түрғындарды күштеп көшіру, басып алынған аумақта үлттық мүлікті тонау, Қазакстан Республикасының халықаралык шартымен тыйым салынған құраддар мен әдістерді әскери жанжалда қолдану арқылы жүзеге асырылады.

     Әскери  тұтқындарға соғысушы жақтың карулы күштерінің қатарына жататын адамдар, партизандар, әскери жасақтарыньщ мүшелері, қарсыласу қозғалыстарының қатысушылары, азаматтық немесе ұлт-азаттык қозғалысының катысушылары, сондай-ак. қолға гүскен әскери журналистер, әскери-медициналык, әскери-заңгер қызметкерлер, интендантгык кызмет немесе басқадай қызмет көрсететін адамдар жатады. 1949 жылғы «Соғыс тұтқындарымен қатынас жөніндегі» Женева конвенциясына сәйкес со-ғыс түтқындарына ізгілікпен карау белгіленген, оларға катыгез-дікті қолдануға тыйым салынған.

     Әскери  емес тұтқындарға — соғысқа қатыспаған, бірақ жау қолына түсіп қалған бейбіт тұрғындар жатады. Женева конвенциясында бейбіт түрғындарға қатыгездікті қолдануға тыйым са-лынған.

     Әскери  емес тұрғындарды күштеп көшіруге бейбіт тұрғын-дарды өздері мекендеген жерлерден  басқа жаққа зорлықпен еріксіз  көшіру, қоныс аудартулар жатады.

     Басып алынған аумақта ұлттык мүлікті  тонауға — соғысушы жақтын, өзі басып алған мемлекеттің мүлкін жою, қирату немесе оларды талан-таражға салып, өз мемлекетінін меншігіне алу әрекетгері жатады. Ұлттық мүлікке — материалдық және рухани игіліктер жатады. Қазақстан Республикасының халықаралык шартымен тыйым салынған қүралдар мен әдістерді, әскери жан-жалды қоддануға адамзатқа касірет әкелетін және қоршаған ор-таны мақсатты түрде ұзақ уақытқа залалдавдыратын шараларды жүзеге асырулар жатады. Қазакстан Республикасының халықаралық шарттарға сәйкес күйдіретін, жарылыс жасайтын заттар-ды, зиянды газдарды, уландыратын немесе басқадай бактериологиялық заттарды, жаппай қырып-жоятын қаруларды, химиялык, биологаялық қаруларды соғыс жағдайында қодданбауға міндетті.

Әлеуметтік, улттык, рулык, насілдік немесе діни араздықты коздыру