Әлеуметтік – экономикалық география пәні бойынша

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ИНСТИТУТЫ 

Экология  және география кафедрасы 
 
 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС 
 

Әлеуметтік  – экономикалық география  пәні бойынша

( пән  атауы ) 

Тақырыбы: Ақмола облысының демографиялық анализі

Шифр, мамандық: 050116 - "География" 
 

Студент:   Турузбекова Ақмарал                                           Топ: Е - 221

    (аты-жөні)                                                                                 (шифр) 

_______________________________                               .05.2011 жыл

                          (қолы)                                                                (күні) 

Жетекші____________           Жилкишинова Динара Сайрамбековна

                     (қолы)                                          (аты-жөні) 
 

______________________________

                         (баға) 
 
 
 

Семей қаласы

2010 ж.

ЖОСПАР: 

Кіріспе   3
     
Бөлім 1. Демография ғылымы туралы жалпы түсінік  және негізгі ұғымдары    
    1. Демография  ғылымының зерттеу обьектісі  және негізгі түсініктері
  5
1.2 Халық саны және ұдайы өсуі. Халықты санау әдісі. Халықтың ұдайы өсуінің заңдылықтары   6
           
     
Бөлім 2. Қазіргі заманға  сай Қазақстан  жағдайының дамуының анализі (Ақмола облысының  мысалында)    
2.1  Демографиялық процестің дамуының  тарихы (динамикасы)   16
2.2  Ақмола облысының демографиялық жағдайы   21
   2.2.1 Халық саны   24
   2.2.2 Енбек ресурсы    
   2.2.3 Көші-қон    
2.3  Астана қаласындағы демографиялық ахуал    
     
Бөлім 3. Мектеп бағдарламасы бойынша жер бедері тақырыбын түсіндіру    
3.1 География  пәні бойынша демография тақырыбына  байланысты сабақтың өтілу барысы   27
3.2 «Халық  саны және табиғи өсімі» тақырыбы  бойынша сабақ жоспары   28
3.2 «Халық  саны және табиғи өсімі» тақырыбы  бойынша сабаққа қорытынды анализ   30
     
Қорытынды   32
     
Әдебиеттер  тізімі   34
     
Қосымша   35
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ

    Тақырыптың  өзектілігі.

    Курстық жұмыста жазған тақырыбымызды мектепте білім беру кезінде қолдануымыздың мақсаты, себебін және әрине қолдану  түрін жазу

    Курс  жұмысының мақсаты: Қазақстан Республыкасының демографиясының  дамуы және оған әсер етуші негізгі факторларына анализдеу, мазмұнын ашу. 

    Курс  жұмысының міндеттері:

  • Демография туралы және оған әсер етуші факторларға толық сипаттама беру;
  • Қазіргі Қазақстанның даму жағдайының  тарихи ерекшеліктерін қарастыру;
  • Мектеп бағдарламасы бойынша оқушыларға география пәнінен демография тақырыбын толығымен ашып,түсіндіру
  • Курстық жұмыс тақырыбына қорытынды анализ жасау.
 

    Курс  жұмысын зерттеудің әдістері: география пәні бойынша әдебиеттерді теориялық тұрғыда талдау, оқу құралдарын талдау, әңгіме, әңгімелесу, құжаттарды талдау.  

    Курс  жұмысын зерттеуде  пайдаланылған әдебиеттер: зерттеу, еңбектер, оқулықтар, мерзімді басылымдар. Оларға сілтеме жасап өтсем, география оқулықтарымен, сөздіктерді пайдалану, Қазақстанның демографиялық картасымен, кескін картасымен жұмыс жасау және мектеп оқулығы бойынша Қазақстанның халық саны мен табиғи өсімі тақырыбына толдау жасап, оқушыларға көрнекіліктер даярлап, карта, сызба – нұсқалар, тест өткізу. Олардың тізімі әдебиеттер бөлімінде көрсетілген.    
 
 
 
 

    Бөлім 1. Демография ғылымы туралы жалпы түсінік және негізгі ұғымдары

    1.1 Демография  ғылымының  зерттеу обьектісі  және негізгі түсініктері

    Халықты көптеген қоғамдық және жаратылыс тану ғылымдары зерттейді. Осылардың  ішінде демография ерекше орын алады. Демография ғылымы нені зерттейді? Демография (грек. Demos-халық, grapho- жазу) – халықтану ұғымы туралы ұғым. Демография ғылыми тұтастай Жер шарында, жекелеген мемлекеттер мен елдерде, адамдар қауымдастықтарында адамдардың ұрпақ алмасу және өсу заңдылықтарын, тұрғындардың жылжуын, көбеюін, тууы мен өлуін, елді мекендерде орналасуын, отбасын құруын, бала өсіріп тәрбиелеу жағдайларына, жасына, жынысына қарай бөлінуін, және басқада түрлі әлеуметтік топтарда жүріп жататын өзге үдерістерді зерттейді. Қоғамдық ғылымдар тобына енетін, қазір тез дамып келе жатқан демография – салыстырмалы жас ғылым.

    Тұрғындардың  өсіп - өнуі мәселелеріне қызығушылық  сонау ерте заманнан басталса да, оларды жүргізудің негізгі заңдылықтары тек XVII ғасырдың соңында қалыптаса бастады. Ал «демография » терминінің ғылыми айналысқа 1855 жылдан бастап қана енді. Айғақты мәліметтер көптеп жиналған сайын оларды жинақтау, қорыту істері де қарқынды жүре бастады. Біртіндеп  тұрғындардың сан жағынан өсу  заңдылықтары айқындалып, зерттеу жұмыстары  тереңдей берді. Өткен ғасырдың екінші жартысында демографиялық зерттеулер кең ауқымда жүргізіле бастады. Қазір демографияны қоғамдық ғылымдар ішіндегі жетекші салалардың бірі деп  атауға болады.

    Халық кең мағынасында (немесе ел-жұрт) адамдардың жиынтығын білдіреді. Ол белгілі  бір территорияда (немесе жер көлемінде) өмір сүреді, іс-әрекет, қызмет жасайды. Демография халықтың құрамын, санын  және оның өсуін, өнуін, көбеюін, азаюын зерттейді. Бұл процесте адамның  жынысы, жасы, атқаратын қызметі, жұмысы, т.б. жақтары негізге алынады, (мысалы, некелесу, туу, миграция, өндіріске  әсерін, т.б.) зерттейді. Әр қоғам халқының өзінің өсу, өнудегі ерекше даму заңдылықтары болады. Ал, мұның өзі қоғамның нақтылы  әлеуметтік – экономикалық жағдайына  байланысты. Халықтың санын, құрылымын  және оның қозғалысын, дамуын, өзгеруін демография ғылымы, дәлірегі, оның ішінде демографиялық статистика зерттейді. Кейінгінің негізін ғылыми экономикалық теориялар, тұжырымдар құрайды.

    Ғылыми  саяси экономия теориясына сәйкес әрбір  тарихи өндірістік тәсілдің өзіне тән  халықтың өсіп-өну заңы болады. Халықтың жұмыссыздығы, оның материалдық жағдайының төмен болуы сол қоғамның экономикалық даму заңдарына тікелей байланысты. Осыған орай халықтың өсуі қоғамның материалдық  жағдайының жүйесіне кіреді, бірақ, ол қоғамның негізгі қозғаушы күші бола алмайды. Сонымен,демография халықтың алуан түрлі ерекшелік сипаттамаларын зерттейді. Халықтың сан жағынан  қанша, қаншаадам белгілі бір  мамандықта, қанша адамның белгілі  бір деңгей-дәрежеде білімі бар; екінші жағынан, демография адамдардың кейбір сапалық сипаттамаларын, мысалы, белгілі  бір орындалып жатқан қызмет тұрғысынан халықтың қоғамдағы әлеуметтік жағдайын зерттейді. Демографиялық зерттеудің өлшемі-нақтылы адам. Оның өмір-тіршілігінде физиологиялық ерекшелікткрі, әсіресе, оның тұрғын орны, отбасы жағдайы, қызмет түрі, мамандығы, жұмыс орны, қоғамдық жағдайы, білімі, тілдерді білу, т.б. біртіндеп  өзгеруі мүмкін. Жеке адамдардың сипаттамасын өзгертеді. Мысалы, неке үйленушілердің қатарын көбейтіп, бойдақтардың саны кемітеді. Жеке адамдардың мекен-тұрағын  ауыстыруы – яғни миграция-халықтың құрамына,санына әсер ететін үлкен  фактор. Халықтың саны, оның құрамы туу, өлу сияқты биологиялық заңдылықтарға  сәйкес әрдайым өзгеріп отырады. Халықтың санын, құрылысын ғылыми ұйымдастырылған  статистика жолымен есептеу әдісі  қолданылады. Демографияда статистикалық  әдістердің ерекше зор маңызы бар, кейбір ғалымдар демография мен демографиялық  статистиканы ұқсас ұғымдар деп  есептеп, бір-бірімен шатастырады. Бірақ, демография лық ұғымның мазмұны  анағұрлым кең; оның өзіне міндеттері бар, ол халықтың дамуы, өсуі саласындағы  байланысты, заңдылықтықты ашуы керек, бұл үшін қоғамдағы елеулі қатынастарды ескере отырып, статистикалық деректерді негізге алуға тиіс. Демография халықты  зерттейтін барлық ғылымдарды қажетті  материалдармен қамтамасыз етеді.

    Демографиялық дүмпу – халық санының шұғыл  да қарқынды табиғи өсуі .

    Демографиялық дүмпу кезеңінде өлімнің азаюы  тууыдың азаюынан асып түсіп жатады да, ал халың санының қоғамдағы  әлеуметтік – экономикалық жағдайларға  тәуелсіз түрде – ақ жедел өсуіне алып келеді. Дүние жүзіндегі халық  санының өте тез өсуі 20 ғасырдың 2 жартысынан басталады. Мыс, жер шары халқының жыл сайынғы абсолют  өсуі 20 ғасырдың басында 40-50 млн-ға ғасырдың соңында 90 млн адамға жетті. Дүние  жүзінің түрлі аймақтарында халық  санының өсуі әр түрлі. Қазіргі кезде  Демографиялық дүмпуді басынан  өткеріп отырған елдерде бүкіл  планета халқының ¾ бөлігі тұрады. Оның ішінде Азияның хылқы жыл  сайын шамамен 55 млн адамға, Африканың  халқы 20 млн адамға, Латын Америкасында 10 млн – нан астам адамға өсіп отырады. Демографиялық дүмпудің әсері  Қазақстанда да қарқынды сипат алды. Әсіресе 20 ғасырдың 2-жартысында халық  саны тез өсті. Нәтижесінде, халық  саны 9,3 млн –нан астам (1959) 16,5 млн-ға (1989) дейін ұлғайды. Қазақ халқының саны 13 миллондық деңгейден 1945 – 74 ж  жедел өсу яғни нағыз Демографиялық  дүмпу қарқыны салғындай түсті. 2002 жылдан Қазақстанда жаңа Демографиялық  дүмпу құбылыс басталатына болжануда.                

    Демографиялық дағдарыс - әлеуметтік, экономикалық, табиғи ықпалдардың әсерінен белгілі бір  аймақтағы (елдегі, облыстағы, аудандағы) халықтың ұдайы өсуінің тежелуі  Демографиялық дағдарысқа соғыс, әлеуметтік, экономикалық жағдайлар, мемлекеттің  демографиялық саясаты т.б. тікелей  әсер етеді. Қазақ халқы 20 ғасырда (1916 - 22) бірінші Демографиялық дағдарысқа ұшырады. Қазан төңкерісі мен  Азамат соғысы жылдарында шаруашылықтың  күйзеліске, халықтың ашаршылыққа душар  болуынан елдегі халықтың 19% - і (яғни 950 мың қазақ) оапт болды. Сонымен қатар, шет елдерге (Қытай, Монғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия) 400 мың халық біржола  қоныс аударды. Екінші Демографиялық  дағдарыс 1931-32 ж басталды. 1932 жылғы  ашаршылықтың кесірінен 2 млн 300 мың  адам өлді. Осы кезде 900 мың қазақ  жан сақтау үшін шет аймаққа көшті. Ал 2 – дүниежүзілік соғыста 600 мыңдай қазақ шығын болды. Сөйтіп үш рет  соққан Демографиялық дағдарыстың  салдарынан Қазақстаннан біржолата  көшіп кеткендерді қоса есептегенде, қазақ халқы 4,5 млн адамға кеміген. Демографтардың топшылауы бойынша, егер мұндай Демографиялық дағдарыс болмаса, қазақ халқының саны бұл  күнде 25 млн-ға жеткен болар еді. 

    1. Халық саны және ұдайы өсуі. Халықты санау  әдісі. Халықтың ұдайы  өсуінің заңдылықтары

    Халықтың  саны және ұдайы өсуі.

    Адам  – планетамыздың басты баға жетпес байлығы. Адамзат факторының қоғам  өмірінің барлық саласындағы алатын орны аса маңызды. Сол себепті  оны зерттеп білудің де маңызы зор.

    Жер шары халқының көбеюі мен таралуының алғышарттары, зерттелуі. Тұрғындар  географиясы зерттейтін басты нысандар қатарына – халықтың саны, оның құрамы, таралып орналасуы, ырғақты түрдегі  ұдайы өсу режимі жатады. Бұл мәселені демография және этнография ғылымсдары да зерттейді. Осы ғылымдар негізіндегі  географияның зерттейтін шептес саласы «демография» және «этнография »  пайда болды. Ал тұрғындар географиясы  халықты кеңістікте орналасу тұрғысынан, оның ерекшеліктерін және дамуын қарастырады. Маман – географтар үшін халықтың құрамын, оның ұдайы өсуін, олардың  арасындағы айырмашылықтарын білу арқылы, еңбек ресурсының сан мөлшері  мен құрамы жайлы мәліметтерді білу өте маңызды. Сол сияқты бұл ресурстарды  зерттеу барысында әрбір халықтың этникалық тобының материалдық  және мәдени – рухани жақтары, әдет ғұрпы мен еңбек дағдылары  ескеріліп сипатталады.

    Қазіргі кезеңде адамдар тұруға жарамды  жерлерге толықтай қоныстандырылғын. Бірақ та барлық тарихи уақытта планетамыздың  мекенделуі дәл осылайша болмаған. Осы заманғы адамдар «ойлау қабілеті»  бар адам ретінде шамамен бұдан 50 мың жыл бұрын ертедегі адам тәрізді маймылдардан пайда болған. Көптеген ғалымдардың пікірінше, адамдар  белгілі бір үлкекн аумақты алатын географиялық ауданнан шыққан. Соңғы  табылған археологиялық жаңалықтарға байланысты алғашқы адам шыққан аймаққа: Солтүстік Шығыс пен Орталық  Африка және Оңтүстік – Батыс Азия мен Оңтүстік - Шығыс Еуропаны жатқызып жүр. Әрі қарай адамдар көбейе келе біртіндеп басқа да жерлерге тарала бастады. Шамамен осыдан 30 мың  жыл бұрын Еуропаның солтүстік  бөлігіне, Оңтүстік – Шығыс және Солтүстік – Шығыс Азияға таралған. Болжам бойынша, одан Беринг бұғазы арқылы Жаңа Дүниеге, ал Оңтүстік – Шығыс  Азияның жіңішке бұғаздары арқылы Австралия мен Жаңа Гвинеяға өткен. Бірақ алғашқы адамдардың санын  білу мүмкін емес. Тіптен біздің жыл  санауымызға дейінгі кезеңдегі  халықтың санын мөлшерлеп айтуға да ешбір деректер жоқ. Ғалымдар болжаммен  біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғасырларда жер шарында шамамен 10 млн. адам болған дейді. Біздің заманымызға  дейінгі төрт мыңыншы жылы егіншіліктің пайда болуы халықтың тез өсуіне әкелді. Біртіндеп егіншілікпен шұғылдану  халықтың құрлықтағы қоныстану аймақтарының, яғни «ойкумендердің» негізгі факторы  болды. Алғашқы егіншілік ошақтары пайда болған жерлері – Ніл  аңғары, Оңтүстік – Батыс және Оңтүстік Шығыс Азия, сол кезден бастап олар халықтың шоғырланып орналасу орталықтарына  айналды.

    Біздің  жыл санауымыздын бас кезінде  халықтың санын анықтауға мүмкіндік  туды. Оны сол кездегі әскер  құрамы, салық төлемі, т.б. деректерге қарап білуге болады. Осы мәліиеттерге сүйене отырып, Рим империясының, Қытай  және Үндістан халқының саны анықталды. Біздің жыл санауымыздаың басында, жер шары халқының 3/4 бөлігі осы елдерде  мекендеді. Ал халықтың жалпы саны сол  кезде дүние жүзінің шамамен 230 млн. адамға жетті. Алғашқы ғасырда  халық саны соғыстар мен жұқпалы  аурулардың таралуы салдларынан  көп өспеді. Халықтың өсу қарқыны  көбейгенімен, XVII ғасырға дейін ол тұрақсыз болды. Осы уақытқа дейінгі  кезеңді адамзаттың демографиялық  дамуының алғашқы немесе аграрлық өркениет кезеңі деп атаймыз. Бұл кезеңдегі  жалпы өсімі біршама төмендігінен сипатталады. Халықтың тұрақты өсуі XVI ғасырдың екінші жартысынан басталады. Өндіріс қолға алынған өнеркәсіптік революция кезеңінде дүние жүзі халқы жылдам өсіп, еселеніп отырды. Халықты санауда әр түрлі әдістер  қолданылғандықтан, кейбір мәліметтерде айтарлықтай айырмашылықтар бар. Тек XX ғасырдың 40-жылдарының соңында бастап қана мәліметтер бір-біріне сай келеді. Ол БҰҰ-ның жыл сайынғы демографиялық  жылнама мәліметіне байланысты мүмкін болып отыр. Халықтың саны туралы айтқанда, жаңа ғасыр басында дүние жүзі халқының жартысы келесі 7 елде тұрғандығын  білгендерің жөн. Олар: Қытай (1282 млн), Үндістан (1046 млн), АҚШ (280 млн), Индонезия (231 млн), Бразилия (176 млн), Пәкстан (148 млн) және Ресей (145 млн). Ал келесі орында: Бангладеш (133 млн), Жапония (127 млн), Нигерия (130 млн) және Мексика (103 млн) мемлекеттері тұр.

    Халықты санау әдісі. Алғашқы адамдар  санауға деген қажеттілік құл  иеленушілік құрылыста туды. Ең тұңғыш халық санағы – Мысыр жерінде, біздің заманымызға дейінгі III ғасырда  пайда болды. Біздің еліміз орналасқан Орталық Азия аймағында ол VIII ғасырда  Соғдиана мемлекетінде жүргізілді. Ал Киев Русінде санақ XI ғасырда, Мәскеуде халықтың статистикалық есебі XV ғасырда  ғана басталды. Қазақстан, Ресей империясы  және т.б. елдер КСРО құрамында болған кезеңде 7 рет жалпы халық санағы өткізілді. Олар: 1897, 1926, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жылдар. Ал 1999 жылғы ақпандағы жаңа санақ – Қазақстанның тәуелсіз мемлекет мәртебесінде жүргізілген алғашқы  халық санағы еді.

    Санақ өткізу уақыты халық қозғалысының ең аз кезі – қыс маусымына сәйкестендірілген. Санақ аяқталғаннан кейін халықтың бір бөлігіне бақылау сұрақтары  қойылады. Халықтың жалпы санағы кесімді  белгілі бір уақыт аралығында өткізіліп отырады. Мемлекеттер  органдар үшін жыл сайынғы халықтың саны, оның құрамы мен орналасуы  туралы мәліметтер аса қажет. Әрі  мұндай бір жолғы есеп – халықтың тууы, өлуі, некелесуі, т.б. осы тәрізді  мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Сондықтан бір орталыққа бағынған мемлекеттер құрыла бастағаннан  кейін халықтың күнделікті күнкөріс есебін жүргізу қажеттіліг туды. Бұл  міндетті бас кезінде діни мекемелер  жүргізді. Шіркеулердің діни салт-жораларын  іске асыруда, одан түскен пайда –  түсімдерін есептеу мақсатында , алдымен, XVI ғасырда Швецияда, кейіннен басқа  елдерде туу мен өлім, некелесу мен ажырасу сияқты рәсімдерді тізімдеу қолға алынды. Кейіннен бұл тіркеме  есептеулер міндетті түрде жүргізілетін болды.

    1940 жылдардың соңынан бастап дүние  жүзі мен оның ижеке аймақтары  тұрғын халқының есебін БҰҰ-ның  экономикалық және әлеуметтік  кеңесіне қарасты Халықтың орналасуын  зерттеу комиссиясы жүргізілді. 1949 жылдан бастап, бұл Комиссия  жыл сайын «Демографиялық жылнама»  басып шығарып отырды. Мұнда жарияланып  отыратын материалдарда дүние  жүзінің халқы туралы өте кең  мәліметтер берілді. Сол сияқты  дүние жүзі халқының өсіміне  байланысты болжамдар туралы  көп жұмыстар жүргізілді. Әрбір  елде халық санағы әр кезеңде  әр түрлі бағдарлама бойынша  жүргізілгендіктен, жарияланып отыратын  мұндағы материалдардың бәрі  бірыңғай емес. Көптеген елдерде  қазірге дейін халықтың ұлттық  немесе нәсілдік құрамы және  халықтың күнделіктері есептері  дұрыс жолға қойылмаған. Ал кейбір  елдерде халықтың жыныстық (мысалы, Жаңа Гвинея, Филиппин) немесе діни (мәселен, бұрынғы социалистік  жүйе елдерінде) құрамының есебі  жүргізілмейді. Сондықтан есептеу  мәліметтері шын мәніндегі жағдайға  дәл келмеуі де мүмкін. Комиссия  елдерді жікетеп топқа бөлгенде, олардың экономикалық - әлеуметтік  белгілеріне емес, демографиялық  негізіне, әсіресе халықтың табиғи  өсімі тұрғысынан қарап бөлуде. Соған қарамастан, БҰҰ-ның осы  Комиссияның жарияланып отыратын  материалдары – халықтар туралы  біршама толық деректер көзі  болып табылады.

    Халықтың  ұдайы өсуінің заңдылықтары. Халықтың ұдайы өсуі – адамдардың ұрпақ  ауысуы нәтижесінде жүзеге асып, оның саны жастық және жыныстық құрамы өзгереді. Халықтың ұдайы өсуін ықтималдап екі негізгі топқа бөлеміз. Оның бірінші типінде ұрпақтар ауысуы нәтижесінде халықтың санының өзгермеуі  немесе кемуі байқалады. Бұл құбылыс  көбінесе дамыған елдерге тән. Онда халықтың тууы мен оның өлімі аз болуы себепті халықтың табиғи өсу  көрсеткіштері төмен болып келеді. Халықтың ұдайы өсуінің екінші типінде  келесі ұрпақтың санының алдыңғысына  қарағанда көп болкы тән. Бұл  елдерде туу мен табиғи өсім жоғары немесе аса жоғары болып келеді. Бұндай жоғары деңгейлі көрсеткіш Африка, Азия, Оңтүстік және Оңтүстік – Батыс  Азия, Латын Америкасы мен Мұхиттық аралдар елдерінде байқалады.

    Адамзат қоғамының ілгері дамуы, дүние жүзі халқының көбеюі нәтижесінде жүзеге асып, оның саны жастық және жыныстық құрамы өзгереді.Осы кезге дейін жер  шарында халықтың ұдайы өсуіне соңғы  тип басым болып келеді. «Әрі қарай  қалай болады?» деген заңды  сұрақ туады. Дүние жүзіне халықтың шамадан тыс артық көбею қаупі  төнбей ме? Өйткені біздің планетамыздағы ресурстар шексіз емес қой! Осы саулнамалық  сұрақтарға жауап іздеу үшін тек  қана жер шарының ресурсын ғана біліп  қоймай, сонымен бірге халықтың табиғи өсуінің заңдарын да білу қажет. Халықтың ұдайы өсуі туу мен өлімінің мөлшеріне  байланысты олардың арасындағы айырма табиғи өсім деп аталады. Оның сан- мөлшері 1000 адамға шаққандағы промиле (‰) көрсеткішімен  есептеледі. Дүниежүзілік орташа есеп: туу – 28 ‰, өлім – 10 ‰, ал табиғи өсім – 18 ‰. Халақтаң ұдайы өсуіне бірнеше  факторлар әсер етеді. Бұл факторлар, негізінен, 5 топқа біріктіріледі:

    1.Табиғи  – биологиялық фактор. Адамдардың  тууы мен өлуі – 

    биологиялық құбылыс . Сол сияқты халықтың ұдайы  өсуіне әр түрлі климат және табиғат  жағдайларына үлкен әсер етеді. Ал өлімге келсек, бұл – қайтымсыз процесс. Көбінесе адамдар физиологиялық  қартаюдан емес, негізінен, олар аурудан  немесе басқа да себептерден өледі. Аурудың таралуы әрбәр жердің табиғи ортасына байланысты болуы мүмкін. Мысалы, батпақты жерлерде – безгек ауруы, тропикада – ұйқы ауруы  т.б.

    2. Әлеуметтік – экономикалық фактор. Бұған жататындар: халықтың тұрмыстық  хал-ахуал деңгейі, денсаулықтау  сақтау шараларының дамуы, әйелдердің  қоғңамдық жағдайы, халықтың мәдени  және білім деңгейі, шұғылданатын  кәсібі, т.б. Мәселен, жыл сайын  жер шарында 14 млн адам, оның  ішінде 6 млн сәби 

    3. Табиғи өнімнің мөлшеріне әсер  етуші факторлардың келесісі  – демографиялық топқа біріктіріледі.  Бұларға: халықтың жастық және  жыныстық құрамы, некелесу және  ажырасу факторлары да жатады.

    4.Табиғи  өсімге үлкен әсер етуші негізгі  факторлар тобының бірі – ол  мәдени әлеуметтік және психологиялық  факторлар. Мысалы, көп балалы  болу, әдет-ғұрыптарының сақталуы, мұндай  жағдай демографиялық дәстүр  деп аталады. Діннің әсеріне  келсек, ислам, индус, католик,  т.б. діндер көбеюді қолдайды. Кейбір діндердің тууға онша  әсері жоқ, мысалы, будда, протестант, провославие діндері. 

    5. Халықтың табиғи өсіміне әсер  етуші факторлар арасында ерекше  орынды соғыс пен стихиялық  апаттар алады. Әсіресе соңғы  екі дүниежүзілік соғыстың зардабы  аса көп. Бірінші дүниежүзілік  соғыста шамамен 10 млн—нан аса  адам көз жұмса, Екінші Дүниежүзілік  соғыста 50 млн-ға жуық адам  қаза тапты. Соғыстың зардабы  сонымен бірге адамдардың тұрмыс  ахуалының төмендеуіне, аш-жалаңаштыққа, түрлі ауруларға шалдықтырады. Әрі  қосымша шығындарға ұшырады. Мысалы, некеге тұрушылар санының азаюы,  халықтың жыныстық құрамы бұзылуы,  үеркектердің біраз бөлігінің  соғыста шығынға ұшырауы туудың  мөлшерінің азаюына алып келді.  Табиғи апаттардың – жер сілкіну,  су тасу, дауыл, құрғақшылық, температуралық  режимдердің шұғыл өзгерісі, т.б.  жыл сайын мыңдаған адам өмірін  қиюда. 

    Демографиялық саясат және халықтың өсуін реттеу. Жалпы демографиялық хал-ахуалға  кейінгі жарты ғасыр ішінде мемлекеттер  тарапынан жүргізіліп отырған демографиялық  саясат әсер етіп отыр. Бұл жүйелі түрде  – халықтың ұдайы өсу процесіне, әсіресе оның туу мөлшеріне әсерін тигізу мақсатында жүргізіледі. Ол екі  түрлі бағытта ықпал ету аясында, халықтың өсіп-өнуіне әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік, үгіт-насихат және басқа  да шаралар жүйесінде жүргізілуде. Мысалы, халықтың ұдайы өсуінің бірінші  типінде тууды қолдауға бағытталған  демографиялық саясат белсенді түрде  жүргізілсе, екінші типінде керісінше, оны шектеу саясаты қолға алынуда. Әсіресе отбасы мөлшерін жоспарлау  жөнінен,көптеген дамушы елдерге ауқымды  бағдарламалар жүзеге асырылуда.

    Біздің  елімізде де демографиялық ахуалды  тұрақтандыруға және ондағы жағымсыз тенденцияларды болдыриауға боғытталған  қолдау саясаты жүргізілуде. Осы  орайда оған үкімет тарапынан ерекше көңіл бөліп, 2000 жылғы 17 тамызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік демографиялық  концепциясы туралы», ал 2001 жылғы 30 қазанда «ҚР-ның 2001 – 2005 жылдарға арналған демографиялық даму бағдарламасы»жайлы қаулылар қабылданды. Республикамыздың демографиялық хал – ахуалын  сауықтыру барысында және оны  жүзеге асыруда, «Көші – қон және демография жөніндегі агенттік»  ауқымды іс-шаралар жүргізілуде.

    Дамушы  елдерде 1950-1990 жылдар арасында, халық  өлімінің күрт азаюы мен олардағы туудың дәстүрлі деңгейінің сақталуы нәтижесінде халықтың өсімі жоғары болады. Бұл құқбылыс «демографиялық жарылыс» деп аталды. Оның нәтижесінде , мұнда тұратын жер шары халқының 2/3 бөлігі жылына 25-30‰ шамасында  өсіп, дүние жүзі халқын соңғы 40 ждылдай  уавытта екі еседен аса өсірді. Мысалы, дүние жүзі халқы 1960 жылы 3 млрд. Шамасында болса, ал 2000 жылы оның саны 6млрд.–тан асты. Халықтың ұдайы өсуінің  екі түрлі: дамыған және дамушы елдердегі  типтерінен басқа олардың аралығында бірнеше өтпелі түрлеріде бар. Осы  халықтың ұдайы өсуінің бір типінен  екінші типіне өтуін француз демографы  А. Ландри «демографиялық төңкеріс»  деп атады. Сонымен бірге «демографиялық дағдарыс» ұғымы көптеген Еуропаның  дамыған елдеріне тән болып отыр. Бұл елдерде халықтың өсуі емес, керісінше оның кемуі байқалады. Мысалға: Германия, Чехия, Венгрия, Скандинавия  елдерінде, халықтың көбею қарқынында жеке дүние бөліктері мен елдер  арасында өзгерістерге әкелді. Мысалы, 1960-2000 жылдар арасында: Еуропа халқы 25% –ға көбейсе, ол Азияда – 114% –ға, Африкада 211%-ға, Солтүстік Америкада 147%-ға көбейді.

    Халықтың  ұдайы өсуінің өтпелі түрлеріне  келсек, олар туудың орташа мөлшерімен, өлімнің аздығымен және халықтың бірыңғай өсуімен сипатталады. Халықтың ұдайы өсуінің бір түрден екінші түрге ауысуының негізгі себебіне қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық өзгерістер жатады. Ол өз кезегінде  демографиялық процестердің нәтижесінде  тууға әсер ете отырып, халықтың құрылымын үлкен өзгерістерге ұшыратады. Мәселен, адамзат қауымдастығы өз басынан  табиғи өсімнің аса жоғары деңгейін өткерді. Ендігі жерде әлем тұрғындарының, әсіресе дамушы елдердегі халықтың күрт өсуін болдырмай тұрақтандыру қажет. Алайда планетамыздың халқы  жыл санап көбею үстінде. Осыған байланыстытұрақтандыруға жетудің  тура жолы бірінші кезекте – дамуы  кенжелеп қалған елдер халқының өмір сүруі мен мәдени деңгейін көтеру, ғылым мен білімді дамыту. Бұл  жерде осы тұрғыдағы көптеген дамушы мемлекеттердің ұстанып отырған  демографиялық саясатының маңызы зор. 

    Бөлім 2. Қазіргі заманға  сай Қазақстан  жағдайының дамуының анализі (Ақмола облысының  мысалында)

2.1  Демографиялық процестің  дамуының тарихы (динамикасы)

    Бізге жеткен мәліметтер бойынша халықты  есепке алу, осыдан төрт мың жылдан артық уақыт бұрын өткізілген Қытайға қатысты. Ежелгі Египетте, Грекияда, Римде, Иранда, Жапонияда және т.б. ежелгі мемлекеттерде халықты есепке алу  жүргізілгені жөнінде мәліметтер бар.

    Әскери  және салықпен қамтылған контингентті есепке алу біздің ежелгі бабаларымыз  Үйсіндер мен Қаңлыларда да болған. Б.з.д. ІІ ғасырда Үйсіндер халық  саны 630 мың болғанда, олар ішінде 188,8 мың адам жасақталған, ал Қаңлылардың  халық саны 600 мың болғанда 120 мың  әскерге жарамды сарбаз шығарған. Ерте ортағасырдағы мемлекеттердің халық санын шамалап шығару қиын емес. Алтын Орданың этникалық  негізін құрайтын орта ғасырдағы  қыпшақтар, бұрынғы Киевтік Русьтың  феодалды-шашыраған аумағындағы  салықпен қамтылған халқының санын  есепке алуды жүргізген.1456-1465 жылдарда Керей , Жәнібек сұлтандарымен Қазақ  хандығы құрыла бастаған кезеңінде, олардың қол астына жиналған халық  саны 200 мың адамға жетті. Замандастар  анықтамасы бойынша қуатты қазақ  хандарының бірі Қасым ханның құзырындағы  халық саны миллион адамға жеткен.

    Алайда, қазіргі Қазақстанның аумағында  біршама жүйелі түрде және орталықтандырылған статистикалық қызметтің туындауы қоғамдық құбылыстардың сандық жағын  есепке алу әрекеттері, сонымен қатар  халықты мерзімді есепке алу, ХVІІІ  ғасырдың екінші жартысына, яғни Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіру кезеңіне тиесілі.

    Ресейде І Петрдің 1718 жылғы жарлығымен әр бір адамды санаққа алуға бастама  қойылды. Соған байланысты ХVІІІ ғасырда және ХІХ ғасырдың бірінші жартысында халық туралы мәліметтер ревизия өткізу кезінде жиналған, яғни үкіметтің тағайындауы елдің халық санына кіретін шаруаларды, қолөнерлерді , саудагерлерді, мезгіл-мезгіл есепке алуды жүргізу кезінде жиналды. Мұндай ревизиялар Ресей тарихында 10 рет 1719, 1744-45, 1763, 1782, 1795, 1811, 1815, 1833, 1850 және 1857 жылдары өткізілді. Сонымен қатар әрбір ревизия бір-екі жылға созылды, ауыл көсемдерімен «ревизиялық ертегі» (Ресей империясы тұрғындарының атаулық тізімдері) помещиктермен немесе мемлекет шаруаларын басқарушылармен толтырылған, ал қалаларда – қалалық басқарма өкілдері толтырған. Әрине, мұндай жанбасылық санақ, әсіресе өткен кезеңдердегі, Қазақстанның белгілі бір аумағындағы халықтың кейбір бөлігін қамтыған. ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап, яғни басыбайлық құқықтың жойылуы кезеңінен бастап, мұндай есепке алулар тоқтатылды; оның орнына ірі, кей жерде шағын қалаларда, жергілікті халық санағы өткізіле бастады. Мұндай қалалық халық санағы 1873 жылы Астрахань губерниясында, ал 1877 жылы қазақтардың айтарлықтай бөлігі тұратын Ақмола облысында өткізілді.

Әлеуметтік – экономикалық география пәні бойынша