Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлаудын теориялык жене методологиялык негiздерi
I БӨЛІМ
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудын мақсаттары мен міндеттері. Жоспарлаудың түрлері
Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін - ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі.
Жоспарлау - экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы тұрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалык дамудың жоспарларьш ғылыми негізде дайындау мен олардың орыңдалуын ұйымдастыру процессі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - экономикада баланстык үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты камтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа кол жеткізу.
Экономикалык пропорциялар дегеніміз өндірістің әр түрлі элементтері (машиналар, құрал-саймандар, шикізат және материалдык қорлар, жұмыс күші) арасындағы, әр түрлі өндіріс салаларынын өнім көлемдері арасындағы, түптеп келгенде өндіріс құрылымдары мен өндіру көлемдері және тұтыну кұрылымдары мен тұтыну көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар.
Экономикалык пропорциялар өздігінен (стихиялық) және адамның мақсатты түрде жүргізген әрекеттері нәтижесінде құрылуы мүмкін.
Капиталистік экономикалық формацияның калыптаса бастаған алғашқы кезеңінде, пропорциялар нарықтық үйлестіру механизмі аркылы және кризнстер аркылы қалыптасады. Оған экономиканын даму заңдары үздіксіз ыкпал етіп отырады. Тауар ендірушілер экономикалык заңдардың бар-жоғын сезбесе де, сол заңдардың талабына сәйкес қызмет жасайды. Мысалы, ол өндірген тауарына баға қойған кезде, тек өзінің жұмсаған шығынын есептеп қоймай, сонымен бірге базарда калыптаскан жағдайды ескереді. Оған кұн заңы ыкпал етеді. Сонымен, бірінен-бірі туындап отыратын, бірімен-бірі тығыз байланыстағы тауар өндірушілер қызметі аркасында экономикада пропорциялар жүйесі қурылады. Яғни, экономиканың құрылымдық бөліктері арасында белгілі бір сандык қатынастар қалыптасады. Оны біз пропорционалдық дейміз.
Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде, нарықтық үйлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға жеткілікті бола алмайды.
Осы
жағдайда экономикалық пропорциялар жүйесін,
пропорционалдықты саналы түрде
құру қажеттілігі туындайды.
Жосларлау
төменде көрсетілген
1. қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын анықтау;
2. жоспарлы кезең экономикасыпың сандык жәңе сапалык сиппатамаларын белгілеу;
3. материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалык, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;
4. жекелеген салалар мен аумақтардың даму қаркыны мен пропорцияларын аныктау.
Жоспарлау
1 схемада көрсетілген
Жоспарлаудың деңгейіне (масштабына) байланысты: макроэкономикалык (халық шаруашылығының); аумақтық (облыстық, аудандық); ұйым ішінде (ішкі жоспарлау); микроэкономикалық (салалық көрсеткіштерді жоспарлау).
Жоспарлау
мерзіміне байланысты: ұзақ
мерзімге жоспарлау (5 жылдан 20 жылдан
арғы мерзімге); орта мерзімдік (1 жылдан
5 жылға дейін); ағымдағы жоспарлау (1 айға
дейін, 1 айдан 1 жылға дейін). Жоспарлау
процессінің мазмұнына (жоспарлау объектісіне)
байланысты: экономикалык жоспарлау (өндірістік
катынастардьщ даму жоспары, халық шаруашылығы
дамуының динамикасы); әлеуметтік жоспарлау
(демография процесстерін, халықтың өмір
сүру деңгейін, еңбек ресурстарының даму
болжамы); ғылыми-техникалық жоспарлау
(ғылыми-техникалық прогресстің даму болжамы);
экологиялық жоспарлау (табиғи ресурстарды
пайдалану болжамы, қоршаған ортаны қорғау).
1
схема. Жоспарлау түрлерінің
Сонымен, жоспарлаудың негізігі мақсаттарына төмендегілерді жатқызуға болады:
-
мемлекеттік экономика
саясатын және
экономиканы мемлекеттік
- экономиканың өсу қарқынын, қажетті сапасын қамту және қолдау;
- ұлттық экономиканың циклдік тепе-теңдігін орнату және қолдау;
-
барлық экономикалық
- ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамту.
Қазіргі кездегі басқару теориясы мен тәжірибесінде жалпымемлекеттік макроэкономикалық жоспарлаудың бюджеттік, стратегиялық, индикативті, директивті формалары бар. Солардың ішінде Қазақстан үшін стратегиялық және индикативті жоспарлардын маңызы зор болып отыр.
Стратегия - ұғымы ежелгі грек еліндегі ауқымды өкілеттілікке ие болатын басқарушыны, тура аудармасында "генерал шеберлігін" береді.
Стратегиялык жоспарлау - Үкіметтің, аумақ әкімшіліктерінің, мекеме және фирма басшыларының өндіріс сұрактары бойынша, кіріс және шығыс, бюджет. салық, баға және әлеуметтік қорғау бойынша ұзақ мерзімді жобалары.
Стратегиялық жоспарлау - ұйым алдындағы мақсатқа жетудегі басшылықтың қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді.
Индикативті жоспарлау - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары және индикаторлары, соны іске асыру бойынша жоспарланған мерзімге іс шаралары және мемлекеттік экономикалық реттеуіш тізімі бар құжат.
Индикативті
жоспарлаудың негізгі мақсаты - ұлттық
эконоімиканың бір қалыпты
-
республика экономикасын
-
нарық механизмдерінің әрекеті
негізінде экономиканың өзін-
- әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген және тиімділігі дәлелденген экономикалық талдау, болжау мен реттеу әдістерін пайдалану;
-
аумақтық экономикалық
1.2
Аумақтың әлеуметтік-экономикалық
дамуын жоспарлаудың
мазмұны, көрсеткіштері
мен құрылымы
Жоспарлау - басқарудың маңызды жүйесі және қазіргі экономикалық дағдарыстан шығу тәсілдерінің бірі. Нарықты экономикаға өту кезеңінде басқару жүйесін одан әрі дамыту және осы кезеңге тән жаңа қағидаларды басшылыққа ала отырып экономиканы жандандыру - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Жоспарлау - белгілі мерзімге есептелген басқару объектілерін дамытуда қолайлы альтернатива таңдауға бағытталған басқару қызметінің бір түрі. Басқару объектісінің даму қарқыны және келешекте күтілетін күйі бар жоспар - жоспарлау процесінің қорытындысы болады. Жоспарда мақсат және оларды іске асыру бойынша іс-шаралар жүйесі міндетті түрде болу қажет.
Жоспарлауға келесі ерекшеліктер тән:
1.
Жоспарлау алдын ала
2. Әр-түрлі жағдайларға байланысты жоспарға тұракты түзетулер енгізіледі, сондықтан жоспарлау жүйесі икемді және өзгерістерге бейімделуі қажет.
3.
Жоспарлау процессі
қате істерді болдырмауға
және қолданбаған
Жоспарлау
процесінің негізгі элементтері
төменде көрсетілген.
|
1
сурет. Жоспарлау процесінің
Жоспарлау төмендегі принциптерге негізделінеді:
• ЖҮЙЕЛІЛІК;
• ЖИНАҚТЫЛЫҚ;
• ҮЙЛЕСІМДІЛІК;
• ИКЕМДІЛІК:
• РЕСУРС МҮМКҮНДІКТЕРІНІҢ ШЕКТІЛІП.
ЖҮЙЕЛІЛІК - жоспар шешімін жасау және негіздеу барысында экономиканың барлык элементтерін есепке алу қажеттігін ұйғарады.
ЖИНАҚТЫЛЫҚ - жоспар шешімін жасау және негіздеу барысында, оның іске асырғанда салдарын ескеру қажеттігін ұйғарады.
ҮЙЛЕСІМДІЛІК - жоспарланған объекттің жұмыс істеуін және дамуының нәтижелі болуына жоспар шешімін бейімдеу.
ИКЕМДІЛІК - жоспар шеші.мінің тұрақты болатын өзгерістерге бейімделуін ұйғарады.
РЕСУРС МҮМКҮНДІКТЕРІНІҢ ШЕКТІЛІГІ - колда бар ресурстарды ұтымды және нәтижелі пайдалану қажеттігін ұйғарады.
Экономикалык және әлеуметтік дамудың барлык жақтары, жоспар мен болжамның максаты мен талаптары, когамдык өндірістін салалары мен құрылымдарының дамуындагы сандық және сапалык өзгерістер бірімен-бірі тығыз байланыскан көрсеткіштер аркылы беріледі. Көрсеткіштер жүйесі мынадай талаптарға сай болуы керек:
- Эконо.микалык және әлеуметтік даму процессінің заңдылықтары мен мұқтаждығын ескеруі керек.
- Болжам мен жоспардың максаты мен міндетін жеткілікті дәрежеде көрсетуі шарт.
-Атаулы
негізде. ягни жоспарлардағы
-
Кешенді негізде, яғни ұдайы
өндіріс пен әлеуметтік
- Аймақтар мен салалардың ерекшеліктерін ескеріп, көрсетуі керек.
-
Қоғамдык өндірістің жоғары
-
Жоспар көрсеткіші дегеніміз
- баскару шешімінің нактылы бір
тапсырмасын санмен көрсету
Сандық корсеткіштер жоспардағы тапсырманыңсандық белгісін көрсетеді. Олар көлемдік және сандық болып екіге бөлінеді. Көлемдік көрсеткіштер , мысалы, өндірілген өнімнің көлемін көрсетсе, тармақтык (сандық) көрсеткіштер мектептердің, кітапханалардың т.б. санын көрсетеді.
Сапалық көрсеткіштер өндіріс тиімділігі, экономикалық құбылыстар мен процесстердің сапалық белгілерін көрсетеді (еңбек өніміділігі, өзіндік кұнның азаюы, материалдық ресурстардың шығын нормасы).
Натуралдық көрсеткіштер ұдайы өндіріс процессінің физикалық өлшем бірліктерімен өлшенетін жақтарын көрсетеді. Мысалы, өндірілген өнім көлемі (салмағы, ұзындығы бойынша). Кейбір экономикалық құбылыстар шартты-натуралды бірліктермен өлшенуі мүмкін.
Құндық корсеткіштер экономикалық құбылыстарды натуралдық-заттық құрамынан басқа құндық өлшеммен көрсетеді. Олардық арқасында әр түрлі салалар өнімдерін, еңбек шығыны мен оның нәтижесін салыстыруға мүмкіндік туады. Құндық көрсеткіштердің көмегімен экономикадағы көптеген байланыстар мен пропорциялар анықталады.
Абсолюттік көрсеткіштер өнім, еңбекақы, т.б. көлемдерін көрсетеді. Ал салысшырмалық корсеткіштер салыстырмалы өлшемдермен белгіленеді (үлес салмағы).
Директивтік көрсеткіштер, жоспардағы негізігі тапсырманы, жоғарғы органның төменгі органдарға, кәсіпорындарға бекіткен тапсырманы көрсетеді. Олардың бір түрі болып нормативтік көрсеткіштер саналады, олар басқарудың барлық деңгейіне міндетті түрде орындалуы шарт көрсеткіштер. Болжаудың негізгі мақсаты экономикалық дамудың балама бағыттарын және олардың әлеуметтік-экономикалық салдарын анықтау болғандықтан ол экономиканы жоспарлаудың алғашқы сатысы болып табылады.
Қазіргі қалыптасқан нарықтық қарым-қатынас экономиканың жоспарлау түрін жоймайды, керісінше экономикалық және әлеуметтік Дағдарыстан шығудың бір тәсілі болып жаңа құндылыққа және сапаға ие болады.
Қазіргі
дүние жүзілік экономика
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі аса маңызды және күрделісі - индпкативтік жоспарлау болып табылады.
Индикативтік жоспарлаумен қамтамасыз етудің маңызды себептеріне төмендегілер жатады:
1.Ұлттық экономика индикаторларында (бюджет, қаржы, пайыздық ставка және т.б.) мемлекеттің ролі артуда. Макроэкономикалық балансты орнатуға және қолдауға мемлекет ынталы болып тұр және басқару субъектісі ретінде орын алуда. Сөзсіз, мұндай басқару - ұлттық экономика дамуының проблемалары және келешегі бойынша білімсіз және стратегиясіз мүмкін емес.
2.Нарықтык
қарым-қатынастың қажеті жоқ
3. Мемлекеттік жоспарлаудың негізгі міндеті - инфляцияны, жұмыссыздықты, бюджеттік дефицитті және т.б. жеңу.
4.
Қазіргі кезде
ұлттық экономиканың
интеграциясы мемлекеттік
5. Табиғи ресурстар азаю және экологиялық қауіпсіздік жүйесін кұру сияқты, глобальды мәселелерді шешу үшін макроэкономикалык жаспарлау қажет.
Индикативтік жоспар келесі бөлімдерден құралады:
1. Өткен
жылдың әлеуметтік-
2. Жобаланған мерзімге әлеуметтік-экономикалық даму саясатының мақсаты және міндеттері.
3. Макроэкономикалық саясат
3.1. Қаржылық-несиелік саясат;
3.2.
Салықтық-бюджеттік саясат;
4. Құрылымдылық саясат.
4.1. Сауда саясаты;
4.2. Бағасаясаты;
4.3.
Құнды қағаздар нарығының
4.4.
Инвестиция саясаты.
5. Экономика секторларын дамыту
5.1. Өнеркәсіп;
5.2. Ауыл шаруашылығы;
5.3. Құрылыс;
5.4. Көлік және бапланыс;
5.5. Қаржы саласы;
5.6. Сауда;
5.7.
Ғылым және технологиялар.
6. Әлеуметгік даму
6.1. Халык, жұмыспен қамту және еңбек ресурсының дамуы;
6.2.
Кедейшілікпен кұресу және
6.3.
Әлеуметтік-экономикалық
6.4. Білім беру;
6.5. Денсаулық сактау;
6.6.
Мәдениет, спорт және туризм;
7. Қоршаған ортаны қорғау.
Әлеумеггік-экономикалык мақсатгарды шешу мерзімінің ұзақтығына байланысты индикативтік жоспарлар жүйесі стратегиялық, орта мерзімдік, және жылдық жоспарлардан тұрады, олар макро-аумақтық, салалык деңгейді қамтиді.
Республика Президенті Н.Назарбаевтің 1997 жылғы Қазақстан халқына жолдауында жарияланған "Қазақстан-2030" - жоспары стратегиялық жоспарға жатады. Стратегиялык жоспарлар ұзақ мерзімге жасалады және ұлтық экономика дамуының ұзак мерзімдік мақсаттарын, мәселелерін, басынқыларын анықтайды және оларды жүзеге асыру кезендері мен мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың жалпы бағыттарын белгілейді.
Стратегиялык, жоспарлау - көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар сонғы кездері кеңінен колданып жүрген арнаулы білім саласы. Ол баскаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталады және тек әскери ғана емес, сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасады. Стратегиялық жоспарлар төмендегі бөлімдерден тұрады:
1.
саланың ағымдағы қал-күйіне
2.жоспарлы
кезеңдегі министрлік
3. басынқылар;
4. SWOT - максаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін талдау;
5. мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы;
6. стратегияларды жүзеге асыру кезеңдері, немесе аралық мақсаттар.
SWOT
- ағылшын әріптерінің аббревиатурасы.
Қазак тілінде күшті (ұтымды) және әлсіз
жақтар, мүмкіндіктер мен қатерлер мағынасын
береді. Ол сыртқы және ішкі жағдайларды
жүйелеу негізінде алға қойған мақсаттарға
жету стратегиясын жасау үшін қолданады.
2 схема.
Жоспарлау мазмұның схемасы
Оңтүстік-Қазақстан облысының даму жоспарынын
SWOT-талдауы
Миссия - аумақтык мүмкіндіктерді іске асыру негізінде экономиканың нақты секторын өркендету
Басты
мақсат - облыс тұрғындарының
тұрмыс деңгейі мен оның сапасын арттыру
Күшті жактар
1. Ауыл
шаруашылығының дамуына ауа
2. Облыстың жоғарғы транзиттік әлеуеті
3. Көптеген еңбек ресурстарының саны
4. Жекеменшіктің көп үлесі
5. Эспортка негізделген өндірістер (макта, талшығы)
6. Мәдени және тарихи орталықтардың саны
Әлсіз жактар
1. Өндірістік
базаның бәсекелестік
2. Облыстың субвенциялық бюджеті
3. Қаржы ресурстарының жеке секторга өту қабілетінің төмендігі
4. Накты жер нарығының болмауы
5. Қоғамда кылмыстық іс-әрекеттердің өсуі
6. Экологиялық
және эпидемиологиялык
Мүмкіндіктер
1. Үлкен өкілеттіктердің, бюджеттік қарым-катынастарды қоса орталыктан аймақтарға таралуы
2. Ауыл
шаруашылығы өнімдері мен
3. Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту
4. Дәстүрлі емес секторға инвестицияларды тарту
5. Шекаральщ сауда мен кызмет түрлерінің ұлғаюы
6. Альтернативті энергия көздерін пайдалану
Катерлер
1. Облыстың
электр тарату және сумен
2. Халықтың
заңсыз көшіп қонуы және
3. Көрші мемлекеттерден аймақта билікке бәсекелесуі
4. Сыртқы
және ішкі нарықтардың жоғалуы
импорттық тауарларға, сауда кедергілеріне
жол беруі
Күтілетін нәтижелер
- Кірісті көбейтудіц және салык салу базасын кеңейтудің есебінен бюджетпіін субвеніщясыздыгына шыгу
- Облыстың өндіріс әлсуетін диверсикацияіау уиіін негіз қалау
- Ауыл шаруашылыгын сауықтыру және оны әрі қарай дамыту және онын базасында бәсекелестікке кабілетті қайта өңдеу өндірістерді қуру
- Облыс өндірісі мен халкын эісумыспен каліту көлеліінде, орта эісәне шагын кәсіпкерліктің үлесін арттыру
- Ксізіргі замангы техпо.погияларды, басқару дагдыларып және маркетингтік қызмет көрсетуді енгізе отырып тікілей инвестициялардың агымына эісагдай эісасау
- Облыстың қурылымдық экопомикалык, реформаларын аяқтау және жергілікті өнімдердің экспортқа шыгуын кәбейту
- Транзиттік әлеуетін эісузеге асыру жәие облыстың көлік жуйесінің біртутастыгын қамтамасыз ету

- Әлеуметтік-экономиялық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты
- Әль Фараби туралы
- Әншілік өнерге алғаш қадам
- Әрлеу жұмыстарының машиналары
- Әр түрлі жас аралығындағы балалардың қарым- қатынасының психикалық- педагогикалық ерекшеліктері
- Әсіпкерлік көрсеткіштер
- Әскерге шақырылғандарды есепке алу
- Әлеуметтік мобильділік және оның түрлері
- Әлеуметтік нормалар
- Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде
- Әлеуметтік педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары
- Әлеуметтік саясат
- Әлеуметтік, улттык, рулык, насілдік немесе діни араздықты коздыру
- Әлеуметтік – экономикалық география пәні бойынша