Әлеуметтік нормалар
Кіріспе.......................
1 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі
құқықтың алатын орны мен рөлі..........................
1.1.Құқық адамзат тарихының әлеуметтік
жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі......................
1.2. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері
және олардың түрлері.......................
2. Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды
реттеуші ретінде.......................
2.1.Әлеуметтік нормалардың түсінігі,мазмұны..............
2.2. Құқықтың техникалық, корпоративтік,
діни, салт - дәстүр, әдет – ғұрып, саяси
нормалардан ерекшелігінің негіздері
..............................
2.3.Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың
арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы «Құқық әлеуметтік нормалар жүйесінде» .
Курстық жұмыс екі тараудан, төрт тараудан тұрады.
Бірінші тарауы «әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі.» деп аталады. Бұл тарауда құқық әлеуметтік нормалардын ерекше жүйесі болып табылатыны және мемлекетпен бірге өмірге келгені мен құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі туралы жазылған.
Екінші тарауы «әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде» деп аталады. Бұл тараудың бөлімдерінде әлеуметтік нормалардың қоғамдық қатынастарды реттеуші құрал ретінде қарастырған.
Курстық жұмыстың максаттары:
- құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлін анықтау.
- қоғамдық қатынастарды
-құқық әлеуметтік нормалар
Тақырыптың өзеттілігі:
Қоғам реттеусіз, яғни әр түрлі саладағы адам әрекетін тәртіпке келтірусіз өмір сүре алмайды. Адам әрекеті әлеуметтік және техникалық нормалар көмегімен ретке келтіріледі. Әлеуметтік норма – адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі.
Әлеуметтік нормалардың белгілері:
- реттеу
пәні қоғамдық қатынастар
- жалпылық
сипаты болады, олар адамдардың
саналы-ерікті әрекеті
- субъективті
құрамы әлеуметтік аяның
Курстық жұмыстың міндеттері. Жоғарыда көрсетілген курстық жұмыс мақсатына байланысты мынадай міндеттер туындайды:
- әлеуметтік нормалардын құқық жұйесіндегі мақсатын, міндеттерін қарастыру;
- әлеуметтік нормалардын құқық жүйесіндегі құрылымын зерттеу;
- әлеуметтік нормалардын құқық жұйесіндегі ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізі. Курстық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының заңдық актілері, «мемлекет және құқық теориясы» отандық және шетелдік авторлардың оқулықтары қолдандым.
1. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі.
1.1.Құқық адамзат тарихының әл
Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып,мемлекетпен бірге өмірге келіп,қоғамды реттеп-басқарып отырады. Олар қоғамның,объективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты.Құқықтың түсінігіне және мазмұнына келетін болсақ, оның сан қырлы түсінігі,санқырлы мазмұны бар деуге болады. Ол қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны санқырлы бағытта дамып,байып отырады.Ғалымдар құқықты зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап әр түрлі қорытынды тұжырым жасап отырды.Мысалы;Аристотель құқықты саяси шындық,әділеттік деді,орта ғасырдың ғалымдары құқық діни норма, Ж.Ж.Руссо құқық қоғамдық билік деп түсіндірді. Осы пікірлердің бәрі дұрыс.
Құқық адамдардың өмірі мен тығыз байланыста дамиды:олардың бостандығын қалыптастырады,мінез-құлқына, іс- әрекетіне, тәртібіне, сана сезіміне жан- жақты әсер етеді, мүдде -мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай,қамқорлық жасап қорғайды.Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп,басқарып отырады.
Құқық қоғамды реттеп
басқарудағы негізгі құрал;
Қоғамның объективтік
даму процесінде құқықтың
Заң ғылымында «құқық»
термині бірнеше мағынада
Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек.Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қару шындыққа сай келеді десек қателеспейміз. Құқықтың негізгі үш тірегі бар: имандылық, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мемлекет.Құқық имандылықтан нәр алады,неғұрлым құқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе,соғұрлым олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады.
Құқық-мемлекет шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы.
Құқықтың түсініктері бірнеше,бірақ мазмұндары біреу-ақ.Құқықтың мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау,орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп –басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси әлеуметтік, мәдениеттік бағытын дамытып, нығайту; мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін,арақатынасын реттеп басқарып отыру;
- халықаралық қатынастарды реттеп басқару.[3]
Құқықтың екі түрлі ғылыми
түсінігі болады :1)құқықтың объективтік
түсінігі объективтік дамуына
сәйкес жаңа қатынастардың
Құқықтың негізгі қағидалары:
1.Қоғамдағы әртүрлі мүдде-
2.Адамдардың,ұйымдардың ара
3.Мемлекеттік органның
Құқықтың мазмұны дегеніміз-қоғамдағы қатынастарды реттеп,басқарып отыратын нормативтік актілердің ішкі құрылысы.
Құқық-үстем таптың және қоғамның заңға айналдырылған мүддесі.Бұл мүддені заңға айналдырушы және орындаушы мемлекеттік аппарат.
Сонымен.құқық дегеніміз адам
мен қоғамның объективтік
1.Қоғамның әр саласына сәйкес
құқықтың экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік,тәрбиелік,
2.Мемлекеттік биліктің үш
Құқықтың бұл екі топтағы
функциялары мемлекеттің
Құқықтың реттеу функциясы-
1)құқықтық нормада қатынастың
орындалу жолдарын,бағытын
2)нормативтік актіде
Құқықтың қорғау функциясы-
-қоғамдағы қатынастардың
-құқықты нормада тыйым салудың себептерін көрсету;
-жауапкершіліктің түрін
-жасаған қателіктері үшін
Сонымен құқықтың функциясы
дегеніміз-адамдардың іс-
Құқықтың әлеуметтік құндылығы:
1.Құқық адамдардың іс-
2.Құқық адамдардың өзара қатынасын
дұрыс реттеп,дұрыс басқарып
3.Құқықтың құндылығы адамдардың бостандығын,теңдігін қалыптастырып, қорғауында. Құқық пен бостандық бір-бірімен тығыз байланысты.Құқық бостандықтың,теңдіктің шеңберін,шекарасын үнемі анықтап,бақылап отырады.
4.Құқық қоғамдағы
5.Құқық қоғамдағы барлық прогрестік дамудың негізгі құралы.азаматтық қоғамды,демократиялық мемлекетті құрудың бірден-бір жолы.
6.Құқық халықаралық
Құқықтың өзіне тән мынандай нышандары бар:
1.Құқық мемлекетпен норма
2.Құқық қоғамдық қатынастарға
түскен барлық субъектілерге
бірдей қолданылады.Құқық атақ,
3.Құқық қоғамдық қатынастарды
ретейтін және ең кең
4.Құқық формальды –айқын
5.Құқық бүкіл халықтың,
6.Құқық өзінің ішкі
7.Мемлекеттің күшімен
Сонымен.,құқық қоғамда зор
қызмет атқарады.Ол қоғам
1.2. Құқықтық норманың құрылымы,
жүйелері және олардың түрлері
Құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың ең күрделісі,ең көлемдісі,ең маңыздысы.Құқық адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп,көбінесе заңдарда баянды етілетін,қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. Құқықтық норма-қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясаттың іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.[4]
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді біріктіреді. Қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын тағы басқа демократиялық іс-әрекеттерді.
Құқықтық норманың құндылығы:
- құқықтық нормалар қоғамды реттеп-басқарудың құралы, сол арқылы адамдардың, заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына дұрыс беріп отырады;
- құқықтық нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс-әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп отырады;
- құқықтық нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап, қолайсыздарын қысқартып, экономиканың, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына мүмкіншілік жасап отырады;
- құқықтық нормалар халықаралық,мемлекетаралық байланысты, қатынасты жақсартудың құралы.[5]
Құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін, қоғамдық
қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтық бір кпеткасы, қоғадық қатынастарының жақсы дамуының, үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп-басқарып отырады.
Адамдардың бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырады:
бірінші – адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау – жоспарлауы (ішкі бостандық);
екінші - өз мүдде-мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің жүзеге асыруы (сыртқы бостандық).
Қоғамдағы барлық процесс, барлық қарым-қатынастар құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп қоғамның дұрыс, жағымды дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.
Құқықтық норманың негізгі сипаттары:
- Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым-қатынастарды реттеп-басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әлеуметтікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени тағы басқа даму бағыттарын қамтып, реттеп, басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Конститутцияда және заңдарда көрсетілген.
- Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс-тәсілдерін алдын-ала анықтап, көрсетіп отырады. Болашақ қатынастың, оны реттеудің, орындалуының «үлгісін» жасайды. Міне осы «үлгілерді» зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.
- Нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты әлеуметтік тұрақты процесті типизация деп аталады. Мұның маңызы өте зор. Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.
- Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың дұрыс орындалуына үлес қосады.
Сонымен құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның мазмұнын,маңызын, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп-басқаруын толық түсінуге болады.[6]
Құқықтық нормалардың белгілері:
- Норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады. өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.
- Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің өз еркінде, тек заңға нышан келтірмеулері керек.
- Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы.
- Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
- Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.
Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар, мағыналы, сапалы қарым-қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. өмірде мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі, екіншісінде-оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде-қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе бір толық норма болып шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егерде толық болмаса жетіспейтін элементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.
Сонымен құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп-басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасызетілетін ереже-қағида.[5]
Құқықтық нормаларының құрылымы, жүйелері және түрлері.
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп оның құрылымын қалыптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Салық туралы» заңында норманың элементтері 1-бабында көрсетілген.[7]
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың діңгегі, құқықтық тәртіптің үлгісі-моделі. Мысалы, қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 482 бабы. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:
- жалпылама түрі-нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері анық-айқын көрсетілмейді; мысалы жұмыссыздық туралы заңда республикалық, облыстық, аудандық органдардың міндеттері жалпылама көрсетілген;
- толық-айқын түрі – диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы, қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;
- сілтеу түрі – диспозицияның мазмұны туралыбасқа нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме қолданады.
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің – 7 бабы). Гипотезаның үш түрі болады:[2]
- егерде норманың іс-әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды;
- егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен байланысты болса ондай гипотезаны – күрделі гипотеза деп атайды;
- егерде норманың іс-әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы басталса – мұндай гипотезаны альтернативтік гипотеза деп атайды.
Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса оның жағымсыз салдары
және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Санкцияның үш түрі болады:
- абсолютті-айқын санкция: жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып төлеу тағы басқа;
- салыстырмалы айқын санкция: минимум мен максимумның арасындағы жауапкершілік (қылмыстық кодекстік баптар);
- альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркінде-құзырында.
Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз рөлін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады. Егерде нормада бір екі элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.
Нормативтік актілердің жеке баптарына норманың элементтері толық болмайды. Конститутцияның баптарында тек гипотеза мен диспозиция ғана болады. Қылмыстық кодекста тек диспозиция мен санкция ғана болады. Іс жүзінде норманың элементтері нормативтік актінің әр баптарында болуы мүмкін немесе бірнеше нормативтік актілердің баптарында болуы мүмкін. Оны тауып алуға болады.[8]
Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері.
- Тікелей норманың үш элементін (гипотеза, диспозиция, санкция) толық келтіру. Мұндай тәсіл нормативтік актілердің көбінде қолданылады. Бұл құқықтық нормалардың іске асуын, орындалуын жеңілдетеді.
- Сілтеме тәсіл норманың жетіспейтін элементі туралы осы заңның басқа бөліміне, тарауына, бабына сілтеме жасалады.
- Бланкеттік тәсіл – норманың жетіспейтін элементі туралы басқа заңға, қаулыға сілтеме жасау.
Сонымен құқықтық норма, заңның немесе нормативтік актілердің баптары бір-біріне
ұқсас емес баптарда норманың элементтері түгел болмайды, бірақ оны іздестіріп табуға болады.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
- Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл-шаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым тағы басқа бағыттағы нормалар.
- Құқықтың саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, жанұя, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-процессуалдық, қылмыстық-процессуалдық тағы басқа саладағы нормалар.
- Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар; қорғаушы нормалар.
- Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тыйым салушы нормалар; ерік беруші нормалар.
- Норманың элементтерінің құрылымына қарай нормативтік актілер үшке бөлінеді; нақты белгілі нормалар – мазмұны толық анық жазылған элементтері түгел; салыстырмалы нормалар – мазмұны, элементтері түгел емес, мәселені болған істің жағдайына қарай шешу; балама (альтернативтік) нормалар – істің орындалуының, норианың жүзеге асуының бірнеше бағыты, әдісі болуы.
- Субъектілеріне қарай нормалар екіге бөлінеді: жалпылама нормалар, арнаулы нормалар.
- Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп-басқаратын нормалар. Мысалы азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағыттағы нормалар.
Міне осы көрсетілген бағыттар бойынша құқық өзінің күнделікті қоғам өмірін реттеп, басқарып отырады. Мазмұны жағынан құқық нормалары заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы мен міндеттері, заңдарды өзгерту, жетілдіру, толықтыру жөніндегі пікіплер мен көзқарастарды жинақтап құқықтың қоғамдағы міндеттерін орындаудағы жұмысын дамытып, жақсартып отырады. Құқықтық нормалардың иүлтіксіз орындалуы азаматтарды тәрбиелеу, бақылау әдістерімен қатар әкімшілік немесе соттық жауапқа тарту арқылы қамтамасыз етіледі.
Сонымен құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі.[8]
Қазақстан Республикасының құқықтық нормалары.
Қазақстан тәуелсіздікке қолы жетіп, егеменді мемлекет құру кезінде құқықтың даму процесі басталып, аяқталмаған жағдайда нормативтік актілердің дамуын жан-жақты зерттеп жақсы түсінуге толық мүмкіншілік бар.
Құқық пен мемлекет қоғамның экономикалық, әлеуметтік даму процесін, жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын реттеп-басқару үшін өмірге келді. Бұл – объективтік процесс. Сондықтан құқықтың қоғамда қалыптасуы үш бағытта дамуда:

- Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде
- Әлеуметтік педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары
- Әлеуметтік саясат
- Әлеуметтік, улттык, рулык, насілдік немесе діни араздықты коздыру
- Әлеуметтік – экономикалық география пәні бойынша
- Әлеуметтік-экономикалық дамуды жоспарлаудын теориялык жене методологиялык негiздерi
- Әлеуметтік-экономиялық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты
- Әлеуметтік жұмыскер маман ретінде
- Әлеуметтік жұмыстағы қауымдастықпен байланыс технологиялары
- Әлеуметтік жұмыс теориясы
- әлеуметтік қатынастар аясында мемлекеттік басқару
- Әлеуметтік қызметкердің кәсіптік құндылықтары
- Әлеуметтік қызмет көрсету, іс-әрекет
- Әлеуметтік мобильділік және оның түрлері